Қазақстан Республикасындағы Ұлттық валютаның қалыптасу және бекітілу мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2012 в 08:31, курсовая работа

Краткое описание

Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт өнім болып табылады. Тауар – бұл сату айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі, оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналлуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды.

Содержание

Кіріспе .....................................................................................................3-6

І тарау: Валюталық қатынастардың теориялық негіздері
1.1 Ақшаның шығу тегі............................................................................7-11
1.2 Валюталық жүйелер және валюталық қатынастардың
механизмі...................................................................................................12-15
1.3 Валюта ресурстарын қалыптастыру және пайдалану................16-21
ІІ тарау: .
2.1 Теңгенің қалыптасу кезеңдері мен даму мәселелері......................22-31
2.3 Ақшаның түрлер................................................................................32-41
Қорытынды ....................................................................................42-43

Қолданылған әдебиеттер .................................................................44

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қ.Р.ұлтық валютаның қалыптасуы және бекіту мәселелері.doc

— 230.00 Кб (Скачать документ)

Кейін келе металдардың арасында басты роль алтын мен күміске өте бастады, өйткені олар жалпы эквивалент үшін аса қажетті сапаға ие.

Әрине, металдар бұған  дейінгі ақша формаларын бірден ығыстырып  шығарып тастаған жоқ. Ұзақ уақыт  бойы металл ақшалар тауар формасын сақтап келді. Темір ақшалар күрек, таға, шеге, шынжыр және т.б. формаларда  ұзақ уақыт бойына сақталынды. Грек ақшасының атауы «драхма» «бір уыс шеге» деген мағынаны білдіреді. Мыс ақшалар қазандық, құмыра, қалқан түрлерінде айналыста болды. Күміс және алтын ақшалар жүзік, сырға, білезік түрінде пайдаланылды.

Бірақ б.э. дейін  ХІІІ ғасырда салмағы көрсетілген құймалар пайда бола бастаған. Осындай себепке байланысты көптеген ақша бірліктері фунт стерлинг, ливр (жарты фунт), марка (жарты фунт) салмақ бірліктері атауымен аталады. Алғашқыдағы белгілі массасы бар формасыз металл ақшаларды кейін келе әр түрлі массадағы біркелкі формасы бар металл ақшалар ауыстыра бастады.

Монеталардың пайда  болуы – ақшаның құрылуындағы соңғы кезең болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Валюталық жүйелер және валюталық қатынастардың механизмдері

 

Халықаралық валюталық  қатынастар – бұл ұлттық шаруашылық қызметтерінің нәтижелері мен өзара алмасуына қызмет ететін және дүниежүзілік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.

Валюталық қатынастардың  жекелеген элементтері – вексель  ісі түрінде Ертедегі Грецияда пайда болған. Олардың келесі даму кезеңдері Лиондағы «вексель жәрмеңкелері» мен басқа да Орта ғасырлық Еуропадағы сауда орталықтары болды, онда есеп айырысулар вексель арқылы жүргізілді. Халықаралық қатынастардың одан әрі дамуы өндіргіш күштерінің өсуімен, дүниежүзілік нарықтардың құрылуымен, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуімен байланысты болды.

Халықаралық валюталық  қатынастар материалдық өндіріс  саласына, сондай-ақ бөлу, айырбас және тұтыну салаларына қатысты халықаралық  экономикалық қатынастарға делдал болады.

Валюталық қатынастар жағдайы  ұлттық және дүниежүзілік экономиканың дамуына, саяси жағдайға, елдер арасындағы күштердің арақатынасына тәуелді.

Халықаралық шаруашылық байланыстардың дамуы шамасына байланысты валюталық жүйе құрылды. Экономикалық тұрғыдан қарағанда – бұл шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан валюталық – экономикалық қатынастар жиынтығы; ұйымдық – заңдық тұрғысынан қарағанда – белгілі бір қоғамдық – экономикалық формация шегіндегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекеттік – құқықтық формасы.

Тарихта мынадай валюталық  жүйенің типтері қалыптасқан: ұлттық, дүниежүзілік, аймақтық.

Басында елдегі ұдайы  өндіріс процесіне қажетті валюталық  ресурстарды қалыптастыруға және пайдалануға, халықаралық айналымды жүзеге асыруға көмектесетін валюталық – экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде ұлттық жүйе пайда болды. Ұйымдық – заңдық тұрғысынан қарағанда – бұл шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан және халықаралық құқық нормаларын ескере отырып ұлттық заңдылықтармен бекітілген, елдегі валюталық қатынастарды  ұйымдастырудың мемлекеттік – құқықтық формасы. Ұлттық валюталық жүйе елдің ақша жүйесінің бір бөлігі бола отырып, өзінше дербес және ұлттық шекарадан шыға алады. Ұлттық валюталық жүйенің ерекшелігі ел экономикасындағы сыртқы экономикалық байланыстардың даму дәрежесімен анықталады.

Ұлттық валюталық жүйе мен дүниежүзілік шаруашылықтың  даму негізінде қалыптасқан және мемлекетаралық келісім - шарттармен бекітілген халықаралық валюталық қатынастарды ұйымдасттыру формасы – дүниежүзілік валюталық жүйе өзара ажырамастай байланысты. Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйелердің  мұндай байланыстылығы олардың біртұтас екендігін білдірмейді, себебі олардың міндеттері, қызмет етуі және реттеу шарттары, жекелеген елдер экономикасын және дүниежүзілік шаруашылыққа ықпал етуі әр түрлі болып келеді. Дүниежүзілік валюталық жүйені ұлттық жүйемен байланыстыратын, яғни валюталық қатынастарға қызмет көрсететін және реттейтін, мемлекетаралық валюталық реттеулерде және валюталық саясатты шоғырландыруда негіз болатын ұлттық банктер болып табылады.

Дүниежүзілік валюталық  жүйені мемлекеттік – құқықтық ұйымдастыру  формасы жетекші елдердің мүдделігімен және дүниежүзілік аренадағы күштердің орналастырылуымен, өндірістің және дүниежүзілік сауданың дамуымен анықталады.

Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйе арасындағы байланыс пен айырмашылықтар, олардың элементтерінен байқалады (1-кесте).

1 – кесте

Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйелердің

негізгі элементтері

Ұлттық валюталық жүйе

Дүниежүзілік валюталық  жүйе

1. Ұлттық валюта

 

2. Ұлттық валютаның  айналым дәрежесі

 

3. Ұлттық валютаның  паритеті

4. Ұлттық валюта бағамының  тәртібі

 

5. Халықаралық валюталық  өтімділік

 

6. Валюталық шектеудің  болуы немесе болмауы

7. Халықаралық несиелік  айналыс құралдары, оларды пайдалану  ережелерінің регламентациясы

8. Елдің халықаралық  есеп айырысу регламентациясы

9. Ұлттық валюталық  нарық пен алтын нарығының  режимі

10. Елдің валюталық қатынастарын реттеуші және қызмет көрсетуші ұлттық органдар

1. Халықаралық есептесу  бірлігі, резервтік валюталар

2. Валюталардың өзара  айналымдылығының шарты

3. Валюталық паритеттердің  біртұтас режимі

4. Валюталық бағамдардың  режимдерінің регламентациясы

5. Халықаралық валюталық  өтімділікті мемлекетаралық реттеу

6. Валюталық шектеуді  мемлекетаралық реттеу

 

7. Халықаралық несиелік  айналыс құралдарын пайдаланудың  біртұтас ережесі

 

8. Халықаралық есеп  айырысулардың негізгі формаларының  біртұтастығы

9. Дүниежүзілік валюталық нарықтар және алтын нарықтарының режимі

10. Мемлекетаралық валюталық  реттеуді жүзеге асырушы халықаралық  ұйымдар


 

Егер ұлттық валюталық  жүйе ұлттық валютаға – елдің ақша бірлігіне негізделген болса, ал дүниежүзілік валюталық жүйе – бір  немесе бірнеше резервтік валюталарға немесе халықаралық есептесу бірліктеріне негізделеді.

Резервтік валюта – халықаралық төлем және резерв құралы функциясын орындайды, басқа елдер үшін валюталық бағамды анықтауға базалық қызмет ететін, валюталар бағамын реттеу мақсатында валюталық интервенция жүргізуде пайдаланылатын алдыңғы қатарлы елдердің айырбасталған ұлттық валюталарының ерекше категориясы.

Резервтік валюта мәртебесін алудағы алғышарттар:

    • дүниежүзілік өндірісте, тауарлар мен капитал экспорттарында елдердің билік ету позициясы;
    • жоғары тиімді байланыс жүйесі бар несиелік – банктік мекемелердің дамыған торабы;
    • басқа елдерде оған деген сұранысты қамтамасыз ететін, халықаралық айналымдағы валютаның еркін айналымдығы және валюталық шектеуліктің болмауы.

Резервтік валюта мәртебесі эмитент – елдің экономикасын белгілі бір міндеттемелерді жүктейді: осы валютаның тұрақтылығын қолдап отыру қажеттігі, сауда және валюталық шектеулердің болмауы, девальвация жүргізбеу. Сонымен қатар, ұлттық валютаны резервтік дәрежеге көтеру ұлттық шаруашылық үшін төлем балансының тапшылығын ұлттық валютамен автоматты түрде пайызсыз және мерзімсіз халықаралық несие алу жолымен жабу мүмкіндіктері түрінде бірқатар артықшылықтар береді.

Халықаралық есептік  ақша бірлігі – валюталық паритет пен валюталық бағамды белгілеу, халықаралық талаптар мен міндеттемелерді өлшеу үшін шартты бірлік ретінде пайдаланылатын валюталық бірлік. Қазіргі уақытта халықаралық экономикалық қатынастарға қызмет ету үшін қажетті дүниежүзілік несиелік ақша типтері ретінде СДР

 

 

 

 

 

 

 

       1.3 Валюта ресурстарын қалыптастыру және пайдалану

 

Қазақстан Республикасының  халықаралық экономикалық қатынастарын дамытуда орталықтандырылған валюта қорларын қалыптастыру және пайдалану арқылы сыртқы экономикалық байланыстарды  қаржылық реттеу маңызды рөл атқарады. Сыртқы экономикалық қызметтің ырықтануы жағдайында валюта түсімдерінің негізгі көлемі кәсіпорындардың меншігінде болады. Алайда халықаралық қатынастарға мемлекеттің қатысуы және ұлттық валюта – теңгені нығайту үшін бүкіл ел ауқымында да, сондай-ақ Қазақстан Республикасы құрамындағы әкімшілік – аумақтық құрылымдар деңгейінде де ортақтандырылған валюта қорлары құрылады.

Мемлекеттің мемлекеттік  емес сектордың валюта ресурстары валюталық  операциялар жасалынған кезде қалыптасып, пайдаланылады. Валюталық операциялар бұл: меншік құқығының және өзге құқықтардың валюталық құндықтарға өтуіне байланысты, соның ішінде шетел валютасы төлем құралдарын қаражат ретінде пайдалануға байланысты мәмілелер; валюталық құндылықтарды кез келген тәсілмен елге немесе елден әкелу/әкету және жөнелту; ұлттық валютаға, сондай-ақ номиналды мен (немесе) құны ұлттық валютада көрсетілген бағалы қағаздар мен төлем құралдарына меншік құқығы мен басқа құқықтардың ауысуына байланысты резиденттер мен бейрезиденттердің арасындағы мәмілелер.

Валюталық операциялар  ағымдағы және капитал қозғалысына  байланысты операцияларға бөлінеді.

Ағымдағы операцияларға  мыналар жатады:

  • тауарлар мен қызметтерге төлем мерзімі ұзартылмаған есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін ақша аудару;
  • экспорт – импорт мәмілелері бойынша 180 күннен аспайтын мерзімге кредит беруге байланысты есеп айырысуларды жүзеге асыру;
  • 180 күннен аспайтын мерзімге кредиттер беру және кредиттер алу;
  • депозиттер, инвестициялар, қарыз және өзге де операциялар бойынша ақша аудару және дивиденттер, пайыздар, тағы басқа кірістер алу;
  • сауда түріне жатпайтын ақша аударымдары, оған қоса гранттар, мұрагерлік сомалардың аударымдары, жалақы, зейнетақылар, алименттер және өзге операциялар.

Капитал қозғалысына  байланысты операциялар мыналарды

қамтиды:

инвестициялар;

жылжымайтын мүліктің және басқа да құқықтарына төленетін  ақша аударымдары;

180 күннен астам мерзімге  экспорттық – импорттық мәмілелер  бойынша кредит беру және алу.

Валюталық операциялар: экспорт, импорт, қызметтер көрсету, капиталды инвестициялау, халықаралық, мемлекеттік және коммерциялық кредит, экономикалық көмек көрсету, елдің алтын – валюта резервтерінің қозғалысы, дипломатиялық және басқа органдарды ұстау, шетелдік іссапарлар, туризм, халықтың миграциясы, мемлекетаралық трансферттер, мәдени, ғылыми, техникалық ынтымақтастық және сыртқы экономикалық қызметтің басқа түрлері кезінде жасалады.

Елдегі пайдаланылатын барлық валюталық ресурстардың түсу көздері болуы тиіс, сондықтан  сыртқы экономикалық қызметтің аталған  түрлерінің көбісі ваюталық ресурстардың орнын толтырады, одан қаржыланады.

Валюталық ресурстар  қаржы ресурстарының құрамды  бөлігі болып табылады және ұқсас  орталықтандырылған (мемлекеттік) және орталықтандырылмаған (шаруашылық жүргізуші  субъектілердің ресурстары) болып бөлінеді.

Мемлекеттік валюта ресурстары мыналардың есебінен қалыптасады:

экономиканың мемлекеттік  секторының – кәсіпорындарының, ұйымдардың, компаниялардың, фирмалардың, қоғамдардың  және т.т. өнімін, тауарларын және қызметін экспортқа шығарудан түскен түсім  – ақшадан;

тауарлар мен жүктердің кеден баждарынан, басқа төлемдерінен;

келісімшарттардың, мәмілелердің, контракттардың шетелдік қатысушылары төлейтін салықтардан, бонустардан, роялтилерден түсетін түсімдерден;

валюталық заңды бұзғаны  үшін шетелдік валютада төленген айыппұлдар мен өсімнен;

шетел банктерінде және басқа қаржы ұйымдарына депозиттерді орналастырудан түсетін түсімдерден, сондай-ақ шетелдегі мүлік пен активтерді пайдаланудан алынған табыстардан;

шетел мемлекеттерінің, банктерінің, халықаралық және мемлекетаралық қаржы ұйымдарының кредиттері мен қарыздарынан;

валютадағы гранттар мен тегін көмек түріндегі  түсімдерден.

Валюталық ресурстар  көбінесе мемлекеттің қарамағына шоғырландырылады. Басым мәселелерді орындау үшін немесе жалпы мемлекеттік ресурстардың бір бөлігі жергілікті органдарға берілуі мүмкін. Бұдан басқа, биліктің жергілікті органдары валютаны валюта рыногінде сатып ала алады. Мемлекеттің уәкілетті органдары мен оның қаржы агенттері де банкаралық биржадағы валютаны сатып алушылар бола алады.

Мемлекеттің валюта ресурстары былайша пайдаланылады:

1. Ұлттық банк: «валюталық  басқыншылықтарды» - елдегі тұрақты  ақша айналысын қамтамасыз ету  жөніндегі мемлекеттің стратегиялық  жоспарларымен анықталатын, реттелетін  деңгейде ұлттық бағамын қолдап  отыру мақсатында валютаны сатуды жүзеге асыру үшін;

2. Қаржы министрлігі:  қарыздар туралы келісімшартпен  белгіленген уақытта сыртқы берешекті  өтеу графигі бойынша жабу  үшін; халықаралық ұйымдардағы мүшелік  үшін жарналар төлеу; елшіліктердің,  консулдықтардың, өкілдіктердің  және басқа елдердегі осындай органдардың жұмысын қаржыландыру үшін;

3. Үкімет органдары:  мемлекеттік қажеттерді – тауарлар  мен көпшілік қолды бұйымдарды  импорттау жөніндегі орталықтандырылған  сатып алуды қанағаттандыру үшін;

4. Басқарудың жергілікті  органдары – коммуналдық шаруашылықтың, өндірістік емес сфераның қажеттіліктерін, аймақтардың жергілікті инфрақұрылымын дамытуды, халықтың түрлі елеулі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін.

Меншіктің барлық нысандары  компанияларының, фирмаларының және ұйымдарының  валюта ресурстарының негізгі көзі экспортталатын өнімнен алынған валюталық түсім – ақша болып табылады. Бұрын валюталық түсім – ақшаның бір бөлігін кәсіпорын салықтар мен кеден баждарын төлегеннен кейін Ұлттық банкке оның белгілейтін бағамы бойынша сатуға, ал бір бөлігін уәкілетті банктер арқылы Ұлттық банк белгілейтін тәртіпке сәйкес ішкі валюта рыногінде сатуға міндетті болатын. Қазіргі кезде заң жүзінде белгіленген салықтар мен баждарды төлегеннен кейін қалған валюта заңды тұлғалардың қарамағында қалады және иегердің немесе құрылтайшының қарап шешуі бойынша жұмсалады.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы Ұлттық валютаның қалыптасу және бекітілу мәселелері