Қазақстан Республикасындағы Ұлттық валютаның қалыптасу және бекітілу мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2012 в 08:31, курсовая работа

Краткое описание

Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт өнім болып табылады. Тауар – бұл сату айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі, оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналлуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды.

Содержание

Кіріспе .....................................................................................................3-6

І тарау: Валюталық қатынастардың теориялық негіздері
1.1 Ақшаның шығу тегі............................................................................7-11
1.2 Валюталық жүйелер және валюталық қатынастардың
механизмі...................................................................................................12-15
1.3 Валюта ресурстарын қалыптастыру және пайдалану................16-21
ІІ тарау: .
2.1 Теңгенің қалыптасу кезеңдері мен даму мәселелері......................22-31
2.3 Ақшаның түрлер................................................................................32-41
Қорытынды ....................................................................................42-43

Қолданылған әдебиеттер .................................................................44

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қ.Р.ұлтық валютаның қалыптасуы және бекіту мәселелері.doc

— 230.00 Кб (Скачать документ)

Трассат тратта бойынша  төлеуге ткелісімін бергеннен бастап, борышқор болып табылады. Аудармалы  вексель келесі бетіндегі индоссамент (басқа біреуге аударып жазу) көмегімен  айналыста жүре береді. Аудару туралы қолдардың көбеюіне байланысты вексель айналысы ұлғая түседі және мұндағы әр индоссант вексель бойынша міндеттемеге бірлесіп жауап береді.

Жай және аудармалы вексель  – коммерциялық вексельдің түрлері  ретінде қарастырады.

Сонымен қатар, экономикалық әдибиеттерде вексельдімыныдай түрлерге бөледі: қаржылық, қазыналық, достық, бронзалық.

Қаржылық (банктік) вексель – белгілі бір ақша сомасын қарызға беруден туындайтын қарыздық міндеттеме.

Қазыналық вексель – бюджет тапшылығын жабу мақсатында мемлекет тарапынан шығарылатын оның міндеттемесі. Қазыналық вексель бойынша мемлекет борышқор мемлекет болып саналады.

Достық вексель кейіннен банкте оларды есепке алу мақсатында бір-біріне беріледі.

Бронзалық вексель нақты қамтамасыз етілмеген қарыздық міндеттемені білдіреді.

Вексельдің мынадай  өзіне тән қасиеттері бар:

    • деркесіздік, яғни вексельде мәміленің нақты түрінің көрсетілмеуі;
    • дауысыздық, яғни протест туралы актіні нотариуспен жасағаннан кейін тиісті шара қолданылғанға дейінгі қарыздың міндетті түрде төленуге тиісті;
    • айналымдылық, яғни басқа бір тұлғаларға аударып жазу арқылы (индоссамент) төлем құралы ретінде вексельдің берілуі.

Қазақстанда жоғарыда аталған  заң қабалдағанға дейін және онан кейін де вексель айналысы дамып  келеді.

Вексель айналысын бірінші болып қолдаушылардың қатарында Казкомерцбанк тәжірбиесін атап кетуге болады. Бұл банк 1996 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің астық жинау бағдарламасына сәкес өзінің 500, 1000 және 5000 АҚШ долларындағы «астық» вексельдерін айналымға шығарып, оларды несие құралы ретінде клиенттеріне берді. Сол клиенттерінің ішінде атап айтсақ, сыртқа астық сатумен айналысатын «Астық» акционерлік компаниясы 5000 АҚШ долларындағы векселді тендер бойынша жеңіп алып, оны өзінің жабдықтаушылары арасында төлем құралы ретінде пайдаланды.

Сонымен қатар, осы банк 2003 жылы домицилиант ретінде «Қазақстан темір жолы» ҰК-ның 200,0 млн теңгеге  бағаланған векселдерін өтеді.

Мұндағы, «домицилиант» - вексельде көрсетілген төлемді жүзеге асыратын, вексельде делдал ретінде қатысатын банк.

Банкнота (ағылылшын сөзінде «Bank-note» аударғанда «банк билеті») – орталық банктің айналысқа шығарған әр түрлі номинальдағы ақша бірліктері.

Ол вексельден және қағаз  ақшалардан өзара ажыратылады. Банкнотаның  вексельден мынадай айырмашылығы бар:

мерзімділігіне  қарай, егер де вексель мерзімді қарыздық міндеттеме болса (3-6 айлық), ал банкнота – мерзімсіз қарыздық міндеттеме;

кепілдігіне қарай, вексельді айналысқа жеке кәсілкерлер шығарады және оның жеке кепілдігі болады, ал банкнотаны қазіргі кезде орталық банк шығаратындықтан, оған мемлекет кепілдік береді.

Экономикалық әдебиеттерде банкнотаны екі түрге бөледі: классикалық және жай.

Классикалық банкнота – бүл банкнотаның алғашқы пайда болған формасы ретінде алтынға еркін алмастырылатын, яғни алтынмен қамтамасыз етілген Орталық банктің билеті.

Классикалық банкнотаның  қағаз ақшалардан өзіндік айырмашылығы бар:

    • жаратылысына қарай – қағаз ақшалар ақшаның айналыс құралы ретінде қызметінен туындаса, ал банкнота ақшаның төлем құралы қызметінен пайда болған;
    • эмиссиялау әдісі бойынша – қағаз ақшаларды айналысқа қазынашылық шығараса, ал банкнота Орталық банк шығарады;
    • қайтарылуына қарай – классикалық банкноттар вексель мерзімінің аяқталуына байланысты Орталық банкке қайтарылса, ал қағаз ақшалар қайтарылмайды, яғни олар айналыста қала береді;
    • ауыстырылуына қарай – классикалық банкноталар банкке қайтуына байланысты алтынға немесе күміске ауыстырылып отырса, қағаз ақшалар қашаннан ауыстырылмайтын болған.

Банкноталардың алтынға  ауыстырылуы тоқталғаннан бастап, банкнота алтынмен қамтамасыз етілуі қысқарып, оның вексельдік қамтамасыз етілуі де күрт нашарлай түсті, себебі орталық  банктің

вексельдік портфелі көбірек қазыналық вексельдер мен міндеттемелерге толықты.

Жай банкнота – бұл қазіргі кездегі айналысқа шығарылған Орталық банк билеті.

Олар металға алмастырылмайды, тек қана Орталық банктің барлық активтерімен қамтамасыз етіледі. Ендеше қазіргі айналыста жүрген орталық банктен шығатын жай банкноталар алтынмен қамтамасыз етілмейді, бірақ олардың белгілі бір дәрежеде тауарлық немесе несиелік негізі сақталған, сондай-ақ олар қағаз-ақша айналысының заңдылықтарына бағынады.

Қазіргі кезде Қазақстан  Республикасының Ұлттық банкісінің жай банкноталардың эмиссиялануының мынадай үш жолын бөліп көрсетуге болады:

  • Шаруашылықты несиелеу жолымен;
    • Мемлекетті (үкіметті) несиелеу, яғни мемлекеттік қарыздық міндеттемелердің орнына банкноттардың шығарылуы барысында. Шынында да, еліміз тәуелсіздік алған жылдардың басында экономикадағы тұрақсыздықтың нәтижесінде 1993-1998 жж. мұндай көріністің куәсі болдық. Айталық, 1995-1996 жылдары бюджет тапшылығы ЖІӨ-нің 5,5%-на дейін жетті, ендеше сол уақыттары республикалық бюджет тапшылығының 80%-ға жуығы Ұлттық банктің Үкіметке берген несиелері есебінен жабылғаны белгілі. Әрине бұл жолдың теріс жақтары да болды, оның бірі елімізде гиперинфляцияның орын алуы;
    • ұлттық валюта бағамының тұрақтылығын қамтамасыз ету және еліміздің сыртқы қарыздары өтеу үшін мемлекеттің валюталық резервтерін арттыру мақсатында айналысқа қосымша ақша эмиссиялау жолымен.

Чек вексель мен банкнотаға қарағанда коммерциялық банктердің құрылып, олардағы ағымдық шоттарда бос ақшалай қаражаттардың

жинақталуына байланысты несиелік және айналыс құралы ретінде біршама кеш пайда болды.

Алғашқы чектер 1983 ж. Англияда пайда болды.

Чек – ағымдағы шот иесінің чекті ұстаушыға белгілі бір ақшалай соманы төлеу туралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы өзінің банкісіне берген жазбаша бұйрығы.

Чектің мынадай түрлері  бар:

ақшалай чек – банктен қолма-қол ақша алуға арналған төлем құралы;

атаулы чек – аударуға құқысыз белгілі бір тұлғаның атына жазылады;

ордерлі чек – бір тұлғаның атына толтырылған, бірақ индоссамент бойынша басқа бір тұлғаға беруге құқық береді;

мәлімдеуші  чек – чекті мәлімдеушіге ондағы көрсетілген сомасы төленеді;

есеп айырысу  чегі – заңды тұлғалар арасында қолма-қолсыз есеп айырысуларда қолданылады;

жол чегі – туристік сапарларға арналған төлем құралы;

кепілдендірілген  чек – банктің чекте көрсетілген соманы төлеуге кепілдендіруін сипаттайтын төлем құралы.

Чектің экономикалық сипаттайтын жаратылысы мынадай:

  • біріншіден, ол банктен нақты ақшаны алуға қызмет етеді;
    • екіншіден, ол айналыс және төлем құралы қызметін атқарады;
    • үшіншіден, ол қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу құралы.

Электрондық ақшалар – компьютер торабының, ақпарттарды автоматты түрде өңдеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы төлемдер жиынтығы.

Электронды ақшалар  пластикалық карточка формасында болады. Олар екі түрлі болып келнді:

Дебеттік (төлем) карточка – банкте арнайы карточкалық қаражаты бар, клиент арасындағы келісімшартқа сәйкес шоттағы қаражатты пайдалануға, банкомат арқылы қолма-қол ақша алуға, сондай-ақ тауарлар мен қызметтер үшін төлуге арналған төлем құралы.

Кредиттік карточка – оның эмитенті мен карточка иесі арасындағы келісімшартқа сәкес, несиелік көлемінде тауарлар мен қызметтер үшін төлемді жасауға, не қолма-қол ақша алуға арналған карточка.

Қазақстан Республикасындағы  екінші деңгейдегі банктер дебеттік және кредиттік карточкалардың отандық  және халықаралық түрлерін кеңінен  қолдануда. Оларға «Eurokard», «Master Card», «Visa», «ALTYN», «Maestro» және тағы басқалар жатады.

Қазіргі кезде жалақы алуға арналған дебеттік карточкалар  да кеңінен қолданылуда. Мұндай карточкалардың шоттары көбіне теңгемен ашылады.

Несиелік карточкалар  бөлшек сауда айналымында және қызмет сферасында қолданылады. Қазіргі уақытта  несиелік карточкалардың мынадай түрлері қолданылады: банктік, саудаға арналған, бензин сатып алуға арналған, туризм және ойын-сауық шараларын төлеуге арналған. Біршама кеңінен таралған түріне сауда карточкаларын жатқызуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                          Қорытынды.

     1993 жылдың наурызында «Қазақстан РеспубликасыныңҰлттық Банкі туралы» жаңа Заңы қабылданды. Соған сәйкес ҚР Ұлттық Банкінің басқару құрылымдары терең өзгерістерге ұшырады. Сонымен, Қазақстан Ұлттық Банк заңды түрде танылды, ал шын мәнісінде ол 1992 жылдың бас кезінен нақты жұмыс істей бастаған болатын.

Мемлекеттің егемендігін және республика банк жүйесінің  дербестігін нығайту мақсатында 1993 жылдың екінші жартысында қазіргі  техникамен жарақтандырылған мәнет  сарайы іске қосылды, ол металл  тиындарын (бағалы металдардан жасалғандарын қоса отырып).

Ұлттық  валютаны жасау еліміздің Президенті Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаевтің жеке басшылығымен жүргізілді және осы  мәселе бойынша барлық шаралар қатаң  құпияда сақьалынды әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Сонымен бірге, ол қысқа мерзіде – бір жыл, екі ай ішінде Англияда аяқталды.

Дайындық  жұмыстары бітер кезеңде сол  кездегі Премьер-министр С.А. Трещенконың  төрағалығымен мемлекеттік комиссия құрылып, «теңгені енгізу тұжырымдамасы» әзірленді. Ал, 1993 жылдың орта шенінде РФ Үкіметі мен РФ Орталық Банкі айналыстан 1961-1991 жылдары шығарылған рубльдік банкноттарды алып тастап, бұрынғы КСРО нышанынсыз жаңа рессейлік ұлттық валютаны енгізу арқылы өзінің ақша реформасына кіріскен еді, демек, жаңа рубльдің іс-қимыл аймағы бұрынғыдағы ТМД елдерінің жеке бюджеті кезіндегідей кең бола алмады.ҚР Президенті ұлттық валютаның 1993 жылы 15 қарашасынан айналысқа енгізілетіні туралы Жарлыққа қол қойды.

Осылайша 1993 жылдың 15 қарашасы ұлттық валютаның туған күні деп саналады. Ұлттық валютаны тұрақтандыру жөнінде қадамдар есептелді, теңгенің бағамы сол кезде бір АҚШ доллары үшін 4,6 теңге деңгейінде белгіленді. АҚШ долларына қатысындағы теңге бағамы еліміздің алтын қорының тұрақтануы мен мүмкіндіктерін, экономикалық әлеуетті, ақша айналымын ескере отырып есептелінді. Бірақ ол ұзақ сақталмады, тағыда құлдырай берді. Ал теңгені біз ерекше шиеленістерсіз негіздік

Бүгінгі күні, міне, Қазақстан  өз егемендігінің 12 жылдық мүшелтойын атаған кезеңде, біз ұлттық валютамыз теңге енгізгелі он жыл ішінде бүткіл өркениетті әлем секілді өзіміздің дербес экономикалық саясатымызды жүргізудеміз. Мемлекеттер бір-бірімен санасып, өзара тиімді мүдделерде іс-қимыл жасасуы тиіс. Қазіргі кезде Қазақстан экономикасы дәйекті түрде көтерліп келеді.Бұл ішінара өнеркәсіп өндірісінің, жалпы өнімнің өсуімен дәлелденуде. Валюталық түсімдер негізінде республиканың келешегі үшін «Ұлттық Даму» қоры құрылды. Ойластырған бюджет тамақ, жеңіл өнеркәсіп, машина жасаудың өркендеуіне көмектеседі. Яғни, қазіргі таңда біз дербес саясатты жүргіземіз және біршама мезгіл өткеннен соң көртеген елдердің АҚШ долларына байланғаны секілді, біріңғай валютаға келуіміз ғажап емес...                                           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     

          Қолданған әдебиеттер:

 

Әкімбеков С. – «Экономикалық  теория», Астана- 2002ж.

Әубәкіров Ә.Я., Б.Б.Байжұмаев, Ф.Н.Жақыпова, Т.П.Табеев – «», Алматы «Қазақ университеті», 1999ж.

Осипова Г.М. – «Экономикалық  теория негіздері», /192-бет/

«Егемен Қазақстан» газеті, 15 қараша, 2003 жыл. /1 – 2 беттер/

 

 




Информация о работе Қазақстан Республикасындағы Ұлттық валютаның қалыптасу және бекітілу мәселелері