Қазақстан Республикасының Президенті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Мая 2012 в 14:08, реферат

Краткое описание

Біз мемлекеттік тәуелсіздіктің 13 жылын өткердік. Бұл тарихтың жаһандық сынақтарына жауаптар және жаңа экономиканы іздеудің күрделі кезеңі болды. Кідіріссіз де қысқа мерзімде біртұтас үш міндетті: тәуелсіз мемлекет құру, жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға және тоталитаризмнен демократияға көшуді жүзеге асыру міндеттерін шешу қажеттігі туындады. Біз өзімізге әлемнің көптеген жетекші державалары секілді ондаған жылдар бойы, ал жүздеген жылдар туралы тіпті сөз жоқ, біртіндеп дамып, экономикалық және демократиялық өзгерістерді біртіндеп нығайтуға жол беріп қоя алмадық. Тарих бізге басқа шарттарын көлденең тартты, біз оларға төтеп бердік, өйткені бізде асқак құлшыныс, жеңіске деген ерік-жігер және, бастысы, барша қазақстандықтардың басталған реформаларды колдауы болды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ.docx

— 56.55 Кб (Скачать документ)

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ

 

Қазақстан Республикасының  Президенті

 

 

1. Есептеу нүктесі

 

 

Біз мемлекеттік тәуелсіздіктің 13 жылын өткердік. Бұл тарихтың жаһандық сынақтарына жауаптар және жаңа экономиканы  іздеудің күрделі кезеңі болды. Кідіріссіз де қысқа мерзімде біртұтас үш міндетті: тәуелсіз мемлекет құру, жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға және тоталитаризмнен  демократияға көшуді жүзеге асыру міндеттерін  шешу қажеттігі туындады. Біз өзімізге әлемнің көптеген жетекші державалары  секілді ондаған жылдар бойы, ал жүздеген жылдар туралы тіпті сөз  жоқ, біртіндеп дамып, экономикалық және демократиялық өзгерістерді біртіндеп  нығайтуға жол беріп қоя алмадық. Тарих бізге басқа шарттарын  көлденең тартты, біз оларға төтеп  бердік, өйткені бізде асқак құлшыныс, жеңіске деген ерік-жігер және, бастысы, барша қазақстандықтардың басталған реформаларды колдауы  болды.

 

 

Ал бүгін өткен жылдарды еске түсіріп және біздің күш-жігеріміз  бен жетістіктерімізді талдай отырып, нық сеніммен былай деуге болады: біз стратегиялық тұрғыда дұрыс  жолды тандадық. Экономикалық, құқықтық және әлеуметтік-саяси реформалар кейде  қаншалықты қиын жүргеніне қарамастан, күткен нәтижелерге жеткізді: ел экономикасы  мен демократиялық процестер  серпінді даму үстінде. Қазақстан орынды түрде өңір лидері саналады және барынша  бәсекеге қабілетті экономикасы  бар 50 мемлекеттің қатарынан лайықты  орын алуға ұмтылуда.Әлбетте, біз  мінсіз экономикалық модель жасап, өте  оңды қоғам құрып қойдық деп айта алмаймыз. Бұлай ету жүйенің тоқырап, іріп-шіруін білдірер еді. Реформалардың  өзі де біз үшін тар өрісті мақсат болған жоқ. Біз оларды өз замандастарымызға  жақсы өмір тілеп, қазақстандықтардың келесі ұрпақтарының болашақтылығын қамтамасыз ету үшін жүргіздік.

 

 

Біздің стратегиялық мақсатымыз ел Конституциясымен бекітілген: "Қазақстан  Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде  орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары  мен бостандықтары". Және айту керек, біз өз мақсатымызға қол жеткізуде  дәйекті боп қалып отырмыз.

 

 

Маған Қазақстандағы өзгерістер тәжірибесіне байланысты сұрақтар жиі  қойылады. Оларға жауап кешенді де жүйелі болуы тиіс деп ойлаймын.Өткен  жүзжылдықтың аяғы адамзат тарихындағы  ең бір ауқымды өзгерістер кезеңі болды: қоскіндікті дүниенің негіздері  қиратылды. Бізге, егер тиісінше шаралар  қабылдамасақ, экономикалық күйреуден  де қашып құтылу мүмкін еместей көрінген. Біз экономиканы ырықтандыруға  әзір едік, бірақ та бізде нарықшылар командасы болмай шықты. Қазақстан  жауапты таңдау жасады жөне бәсекелестікке, меншіктің әрқилы формаларын дамытуға негізделген экономикаға әлеуметтік бағдарлануды белгіледі.

 

 

Алайда мақсатты жариялау және елді сапалық тұрғыда басқа  жағдайға көшіру — бұл мәні бірдей емес міндеттер. Тұтас ұрпақтар тіршілік әрекетінің мүлдем басқа жағдайларына бейімделген ел үшін өздігінен икемделетін  және әлеуметтік бағдарланған нарық  тетігін қалыптастыру тарихи тұрғыда  жүйелік көшу жөніндегі күрделі  міндеттердің тұтас кешенінен тұратын  айрықша, ауқымды проблемаларды  шешуді өз-өзінен көздейді. 

Өткен өзгерістердің басты  қорытындыларын бағалай отырып, мынаны сөзсіз мойындаған жөн: біз нарық  тетігін іске қосып, сұраныс пен  ұсыныс бағаны реттейтін, тауар ағымдарының  қозғалысын, бәсекелестіктің табиғатын, инвестиция арналарын айқындайтын  ахуал жасай алдық.

 

 

Елеулі экономикалық табыс  біз таңдаған экономикалық даму моделінің  дұрыстығын долелдейді. Мұны нақты  ІЖӨ өзгерісінің динамикасы айқын  көрсетеді. Мәселен, 2003 жылы 1991 жылмен салыстырғанда ІЖӨ-нің артуы 106,3 пайызды құрады, бірақ бастысы  — бүл көрсеткіш бойынша біз  дағдарысқа дейінгі 1990 жылдың психологиялық  тұрғыда маңызды шебіне әбден  жакындай түссек, 2004 жылдың қорытындылары  бойынша бұл шепті еңсереміз.КСРО экономикасы әр республикаға, нақты  қажеттіліктерді ескерместен, өз рөлі мен даму стратегиясы берілетіндей түзілген болатын. Украинада — технологиялық  өндіріс, Белоруссияда мәшине жасау  шоғырланды, Өзбекстан мақта өндірді. Қазакстанға аграрлық-шикізаттық шылау  рөлі берілді. Бұл оның орасан табиғи ресурстарымен айқындалған еді.

 

 

Біздің еліміз әлемдік  темір рудасы қорының шамамен 8 пайызына, әлемдік уран қорының 25 пайызға жуығына  иелік етеді. Мұнайдың барланған  қоры бойынша Қазақстан әлемде 12-орын алады және болжам бойынша 2015 жылы мұнай  өндірудің көлемі жағынан алғашқы  ондық елдерінің қатарына кіреді.

 

 

Қазақстан көмір өндіретін  ел ретінде әлдеқашан танылған. Республикадағы көмір қоры 35,8 миллиард тоннаны құрайды. Бұл жалпы әлемдік қордың 3,6 пайызы. ТМД елдерінің арасында көмір  қоры мен оны өндіру бойынша Қазақстан  Ресей мен Украинадан кейін үшінші орын алады.

 

 

Біздің республиканың  міндетіне үлкен бөлігі тасып  әкетілетін табиғи ресурстарды өндіру кірді. Қазақстанда өндірілетін  мұнайдың — 70, темір рудасының — 55, қара металдың — 46, көмірдің 28 пайызы сыртқа кетіп жатты.

 

 

Біздің өнеркәсіп жоғары қосымша құны бар өнімдерді жеткілікті шығармады, онда 4 жөне 5 қайта бөлісулер  болмады. Жерімізде ресурстардың барлық түрі бола тұра, біз ақырғы өнімді шығармадық. Ауыл шаруашылығына экстенсивтік жөне шығындық сипат тән еді. Біздегі  қажетгі селекциясыз және кымбат тұратын жемшөптегі мал шаруашылығы  тиімсіз болды. Түсімі өте төмен  ұлан-ғайыр егіс алқаптары елдің  астыққа деген қажетін жабуға мүмкіндік берді, бірақ экономикалық тұрғыда өзін ақтамады.

 

 

Қазакстанның ауылдарына тыңайтқыштар, гербицидтер, ауылшаруашылық мәшинелерін сатып алу, егін орағын, астық, ет пен сүт тасу мен өңдеуді  каржыландыру үшін орталықгандырылған түрде жыл сайын одактық орталыкган 1985 жылдың бағаларымен 4 миллиард рубльге  жуық сомада дотация берілетін.

 

 

Қазақстан экономикасының дербестігі туралы сөз бола алмайтын. Барлық ірі  кәсіпорындардың 80 пайызы одақтық бағыныста  болды. Республикаға тек тамақ және жеңіл өнеркәсіпке билік ету  құқығы қалатын.

 

 

90-шы жылдардың басында  "саясат экономиканың алдында  жүретін", бірақ уақыт бөрін  өз орындарына қойды. Егемендік  алдық деп есі кете қуанудан  кейін жаңа мемлекеттерге дербес  экономикалық жүйелерін құруға  тура келді. Нарыққа өту алдын  ала айқындалды, алайда көшу моделін  таңдау күн тәртібінде түрған  ең қиын мәселе болды.

 

 

Экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Дж.Стиглиц атап көрсеткеніндей, "бұл елдер коммунизмнен бас тартуын қандайлық шүғылдықпен  жарияласа, батыс кеңесшілері өздерінің  нарық экономикасына жедел көшудің "мүлтіксіз" рецептерін сондайлық  шұғылдықпен айтып бақты". Сол  кезде біз кейбір шетелдік кеңес  берушілердің теориялық ізденімдері  нақтылықтан қандайлық алшақ  екенін түсіндік. 

Экономикалық, көп ретті  жасанды байланыстардың үзілуі алғашқы  жылдары келеңсіз ұласпалы әрекет туғызды. Кәсіпорындар тоқтап жат өнімдер  өтпей тұрғандықтан, коймаға жұмыс  істеді. Ондаған мың адамдар жұмыссыз және тірлік ету қаражатынсыз қалды.

 

 

Ауыл шаруашылығы тірек  еткен дотациялар мен субсидияларды  төлеу тоқтатылды. Орталықтандырылған жоспарлы сатып алуға бағдарланған колхоздар мен совхоздар бір  сәтте бәрінен айырылып тынды. Осынау келеңсіз процестердің салдары ретінде  бюджетке салықтар түспей қалды. Жалақы мен зейнетақыға каражат болмады. Қазына қаңырап, қаржы резервтері түгесілді.

 

 

1991 жылға қарай Қазақстандағы  әлеуметтік-экономикалық ахуал әлдеқайда  қиындады. ІЖӨ 12 пайызға төмендеп  кетті. Рынокта тауар жетімсіздігі  байқала бастады. Бұрынғы жылдары  тұмшаланып келген инфляция сыртқа  сыпырыла шығуға әзір тұрды.

 

 

Сол жағдайда бізге бір  мезетте аса маңызды міндетті шешуге тура келді. Осы дағдарысты еңсеру ғана емес, сонымен бірге өзіміздің  дербес экономикалық жүйемізді құра бастау қажет болды.

 

 

Ол кезде ырғалып-жырғалуға  уақыт берілмейтін. Әлемдік экономикалық жүйені жақсы білетін отандық  кәсіпқойлар да болмады. Реформалау тәжірибесі және қажетті заңнамалық база жоқ еді. Өзгерістер бағдарламасының  өзі де жоқ болатын. Ал жаңа жүйеге өтуді өте қысқа мерзімде жүзеге асыру қажет еді. Сондықтан да біз стратегиялық шешімдерді жедел  қабылдай отырып, алға қарай жүрдік. Әрине, біз басқа елдердің тәжірибесін  ескеруге тырыстық, бірақ та, белгілі  болғанындай, олардың бірде бірі біздегіге ұқсас жағдайда нарыққа  жылдамдата көшуді жүзеге асырмаған  екен.

 

 

2.Макроэкономикалық тұрақтандыру

 

 

Нарық экономикасына көшу мынадай компоненттердің: сұраныс  пен ұсыныстың; табыстар мен шығындардың; ақша массасы, айналым қаражаты мен  инвестициялық ресурстардың белгілі  бір келісілуін білдіреді. Бұған  мемлекет иелігінен алу және жекешелендіруді  жүргізу, яғни жеке меншік институтын енгізу жолымен ғана қол жеткізуге  болатын еді.Мемлекеттік экономикалық саясат ақша-кредит, салық-бюджет, баға және антимонополиялык, инвестициялық, технологиялық саясат кіруі тиіс болды. Бұл екі деңгейлі банк жүйесін  құруды, алтын-валюта резервінің қорлануын, қор биржасы, салық, кеден және басқа  органдар  секілді жаңа мемлекеттік  институттарды қалыпта дамытуды талап етті.

 

 

Бірінші кезеңде өзекті міндет басқарудың әміршіл-әкімшіл әдістерін  алмастыру болды. Өйтпеген жағдайда туындаған проблемаларды шеш  алмас едік. Ал олар анық көрініс  берді. 

Тұтыну тауарларын өндіру барынша азайды. Қаңыраған сөрелер  сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігін көрсетіп тұрды. Тек бағаны өсіру  есебінен пайда қуушылықтың жалпыға  ортақ жарысы басталып кетті.

 

 

Тауар тапшылығы, өсіп бара жатқан гиперинфляция жағдайына тап  болған біз бірінші кезекте бағаның  ырықтандырылуын жарияладық, ол нарықка  өтудің табанды қадамы болды. Сұраныс  ұсынысты туғызады деген классикалық  кестені іске косу керек болды. Бірақ  та адамдар бұл шараны, бағалар  кілт аспандап кеткендіктен, ауыр қабылдады.

 

 

Кеңестік экономикада  бағалар сұраныс пен ұсынысты ескеріп емес, саяси және идеологиялық себептер бойынша белгіленетін. Сондықтан  да экономика әрдайым тапшылыкты және инфляциялық болды. Оның үстіне тауарлармен және қызметтермен қамтамасыз етілмеген артық ақша проблемасын  жоспарлы экономика әдістерімен  шешу мүмкін емес. Бұл жағдайдан  бірден-бір шығу жолы тұмшаланған  инфляцияны ашық инфляцияға айналдыру  болып табылатындықтан, кесімді  бағалардан еркін бағаларға біртіндеп  көшу сәтсіздікке ұшырайтын еді, сондықтан да онымен классикалык, әдістер  бойынша күресу көмектеспеді.

 

 

Алайда рынокты тұтыну тауарларымен толтыру айтарлықтай  тез жүрді, кезектер жоғалды, карточкалық  жүйе алып тасталды. Адамдар өз бизнесін ұйымдастыра бастады, белгілі бір  дәрежеде кәсіпкерлік бастамашылық көрініс берді. Бұл сұраныс пен ұсыныс экономикасының алғашқы нәтижесі болды.

 

 

Бірақ та өндіріс тоқтап, байланыстар үзілген ретт біздің біртұтас рубль аймағында тұрып  жатуымыздан жағдай күрделі болып  қала берді. Мұндағы келеңсіз үрдістер Мәскеу жүргізіп отырған жүйесіз  ақша эмиссиясымен айқындалды. Ресейден Қазақстанға ескі рубльдер вагондап жөнелтілді, мұның өзі инфляция үшін нәрлі топырақ болды. Біз таңдау алдында тұрдық — не ақша массасын қысу керек, не бағаға қатаң мемлекеттік  бақылау орнату керек. Екінші нұсқа  ескі кезеңдерден әлдеқайда қалыпты  болып көрінетін, бірақ та әу бастан-ақ реформалар қисынына қайшы келетін.

 

 

Біз өз жолымызды таңдадық, ол ұлттык. валюта енгізуді көздеді. Қазақстан  бұған бұрынғы Одақ елдерінің  ішінде соңғысы болып барды, өйткені  басқаларға қарағанда Ресеймен экономикалық байланыстары әлдеқайда берік еді. Бірақ біздің шыдамымыз шегіне жетті. Сөйтіп 1993 жылғы 15 қарашадан бастап біз экономикалық тәуелсіздіктің аса  маңызды нышаны — ұлттық валютамыз  теңгеге ие болдық. Жуырда біз аса  маңызды жетістігіміз болып, одан кейінгі  ауқымды өзгерістерге кеңістік ашқан  сол оқиғаның 10 жылдығын атап өттік. Бұл бізге 1994 жылы-ақ гиперинфляцияны  бәсеңдетуге, ал 1995 жылы оны екі таңбалы  көлемге дейін түсіріп, инфляция процесін ауыздықтауға мүмкіндік берді.

 

 

Тікелей тәуелсіздік алғаннан кейін бірінші кезекке дербес бюджет, салық және кеден жүйелерін  құру мәселелері де шықты. Іс жүзінде  оларды тақыр жерден түзуге тура келді. Бірінші кезеңде сәйкес нормативтік-құқықтық базаны жасау талап етілді.

 

 

Ескі жүйені қирату алғашқы  жылдары мемлекеттік бюджеттің  өте үлкен сәйкессіздіктеріне соқтырды, өйткені әлеуметтік кепілдіктер  мөлшері нақты экономикалық мүмкіндіктерден  асып тұрды. Мысалға, 1991 жылдың бюджет тапшылығы 20 пайыздан артық болды.

 

 

Теориялық тұрғыда бюджет тапшылығын төмендетуге кәсіпорындардан  алынатын салықтарды кілт ұлғайту және әлеуметтік бағдарламаларды сондайлық  кілт қысқарту есебінен жетуге болады. Алайда салық ауыртпалығын үнемі  ұлғайту орынды емес, өйткені бүл  іскерлік белсенділіктің төмендеуіне және экономиканың көлеңкеге кетуіне соқтыратын еді. Сондай-ақ кәсіпорындарда да үлкен салықтарды төлеуге жеткілікті каражат болмады. 

Қазақстан ТМД елдерінің  ішінде бірінші болып салық реформасын жүргізді. 1995 жылы Президенттің "Салық  және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" заң күші бар Жарлығы шықты. Соған сәйкес салықтардың саны 3 еседен астамға  қысқарды. Салық органының қызметі  принципті түрдегі басқа сипатқа  ие болды. Салықтар мембюджетті толықтырудың әдісі ретінде ғана емес, сонымен  бірге инвестициялық-өндірістік қызметті ынталандырудың кұралы ретінде де қарастырыла  бастады.

 

 

Енді экономикалық тұрақтану  кезеңі басталғаннан кейін салық  жүйесінде біз екпінді өндіріс  саласынан айналым саласына көшірдік. 2002 жылы ҚҚС ставкасын 16 пайызға  дейін, әлеуметтік салықты 26-дан 21 пайызға  дейін төмендеттік. 2004 жылғы 1 каңтардан  бастап ҚҚС ставкасы 15 пайызға дейін  төмендеді, ал әлеуметтік салықты есептеу  кезінде 20-дан 7 пайызға дейінгі регрестік  ставка әрекет етеді.

 

 

Қазақстанда принципті тұрғыдағы  жаңа және осы заманғы екі деңгейлі банк жүйесі құрылды, оны халықаралық  барша қаржы ұйымдары ТМД-дағы үздік  жүйе деп атайды. Ұлттық банк тәуелсіз болды. Бұл мемлекеттік ақша-кредит саясатының тиімділігін кілт арттырды. Екінші деңгейдегі банктер даму серпініне  ие болды. Өз кезегінде банк саласындағы  реформалар бағалы қағаздар рыногын  қалыптастыру жөніндегі белсенді күш-жігермен нығайтылды.

Информация о работе Қазақстан Республикасының Президенті