Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Мая 2012 в 14:08, реферат
Біз мемлекеттік тәуелсіздіктің 13 жылын өткердік. Бұл тарихтың жаһандық сынақтарына жауаптар және жаңа экономиканы іздеудің күрделі кезеңі болды. Кідіріссіз де қысқа мерзімде біртұтас үш міндетті: тәуелсіз мемлекет құру, жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға және тоталитаризмнен демократияға көшуді жүзеге асыру міндеттерін шешу қажеттігі туындады. Біз өзімізге әлемнің көптеген жетекші державалары секілді ондаған жылдар бойы, ал жүздеген жылдар туралы тіпті сөз жоқ, біртіндеп дамып, экономикалық және демократиялық өзгерістерді біртіндеп нығайтуға жол беріп қоя алмадық. Тарих бізге басқа шарттарын көлденең тартты, біз оларға төтеп бердік, өйткені бізде асқак құлшыныс, жеңіске деген ерік-жігер және, бастысы, барша қазақстандықтардың басталған реформаларды колдауы болды.
Рынокқа берік бағдарланған фермерлер табы пайда болды. "Астық үшін айқас" кезеңдері ұмытылды. Соңғы үш жылда жұмыс ырғағындағы Қазақстан дәнді дақылдардың миллиард пұттарын өндіріп отыр. Бұл ретте егін жинау-себу науқандарына кеңестік уақытқа қарағанда жанар-жағар май материалдары 10 есе дерлік аз жұмсалады.
Алайда тұтастай алғанда жер мәселесі шешілмей қалып келді.
Аграрлық сектор мен ауыл
адамдарының проблемаларын
Жер кодексі айтарлықгай ауыр қабылданды. Бүл кездейсоқ емес еді. Жер мемлекеттің негізі болып табылады. Бүгінде ауылда қазақстандыктардың 43 пайызы тұрады. Олардың әрқайсысының жерге деген өз қатынасы бар. Бұл мәселедегі пікірлердің қарама-қайшылығы да осыдан.
Бірақ та нарық мұндай текетірестерге төзбейді. Аграрлық сектор — бұл химия кәсіпорындары, мәшине жасау, мұнай өнеркәсібі өнімдерін және қызмет саласын аса ірі тұтынушы екені көп реттеұмытыла береді. Бұл салалардың бәрі дерлік түгастай нарыққа киліктірілген. Бірақ та дәл осыны аграрлық сектор туралы айтуға әлі болмайды, өйткені ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер нарықтық қатынастарға әлі киліктірілмеген.
Жерге деген ұқыпты қатынас жоқ кезде жеке меншікке деген құрмет туралы қалай айта алмакпыз. Бұл проблеманы жерді жеке меншік иелеріне берген жағдайда ғана шешуге болады. Және де сөз жүзінде емес, іс жүзінде.
Біз жердің тозуы, жер қорының азуы дегеннің не екенін білеміз. Жер табиғи байлықтармен және жылжымайтын мүлікпен қатар экономиканы көтеріп тұрған киттердің бірі болып табылады. Егер олар айналымнан шығарылса, өндірістік шығындар мен бағалардың, активтердің нарықтық құнын негіздей отырып анықтау, тұрлаулы ақша айналымы, шетелдік инвестицияларды кеңінен тарту, ипотекалык кредиттің дамуы мүмкін емес.Осыны сезініп, түсіну бізге агроөнеркәсіптік кешен үшін, сондай-ақ бүкіл ел үшін аса маңызды Жер кодексін қабылдауға мүмкіндік берді.
Жерге деген жеке меншік және осы негізде еңбеккерлердің жаңа табын тәрбиелеу — аграрлық сектордағы өркенді өсудің негізі.
Енді ауыл шаруашылығына инвестициялар, жаңа технологиялар мен тиімді менеджмент келуі керек. Жердің сезімтал да қамқоршыл қожасы пайда болуы керек. Ал жеке меншік иелері мен инвесторлар ауылды нақтылы өзгерте алады.
Экономикалық, өндірістік қатынастар
жүйесін түбегейлі өзгерту
Нарыққа көшу кезінде мемлекеттің экономикаға араласуы кілт шектелді. Белгілі бір уақыт өткеннен кейін қай жерде дербес еркін өсу жүріп жатқаны, ал қай жерде мемлекеттің елеулі колдауынсыз, тікелей араласуынсыз болмайтыны айқын көрінді.
Нарықтық экономиканың жетекші бір факторы мемлекеттік емес сектор үлесін серпінді ұлғайту болып табылады. Мәселен, статистика мәліметтері бойынша, 2004 жылдың I жартыжылдығына тіркелген 194,8 мың заңды тұлғаның 192,7 мыңдайы жеке меншік секторға келеді. Бұл жалпы санның 98 пайызы, өндеу саласында бұл үлес — 98%-ды; ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында 97,5 пайызды құрайды.
Көптеген экономикалық процестердің
нақты қатысушысы жеке меншік иесі
болып отыр, тұрғын халықтың өзі
де белсенді рөл атқарады. Оның мүмкін
болатын барлық әлеуметтік формалар
мен нарықтық қатынас салаларына
кеңінен қатысуы айрықша
Әсіресе шағын кәсіпкерліктің дамуы атап көрсетуге тұрарлық. Нақ осының дамуы, бірінші кезекте, осы заманғы нарықтық шаруашылық барған сайын өзі дамитын ашық жүйеге айналып, өзін-өзі реттейтін қабілетке ие болуда деп санауға негіз береді. Экономикалық қатынастардың жаңғыртылуы жалғасып жатқаны сөзсіз және жетілдіріле түсетін болады.
Әлемдік шаруашылық байланыстарына кірігуге қабілетті жаңа нақты экономиканы құру аса маңызды тағы бір міндетке айналды. Экономиканы құрылымдық өзгертудің айтарлықтай жан қинайтын проблемасы бар болмысымен бой көтеріп түр.
Оның бұрынғы құрылымы деформацияланған болатын, өңдеу өнеркәсібіндегі көптеген бұйымдардың бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі сақталып қалды. Көптеген өндірістердің қалыптан тыс монополиялануы да тежеуішке айналды, мұның өзі олардың жинақылығына, шығаратын өнімдердің сапасына және өндірістің тиімділігіне, оның рентабельділігіне келеңсіз әсер етті.
Қазақстан экономикасы мембюджет пен ірі кәсіпорындарды қаржылай қолдау үшін елеулі, ауқымды ресурстарға мұқтаж болды. Сыртқы байланыстарды өрістету бағыты және шетелдік инвестицияларды кең ауқымды тарту экспортқа бағдарланған салаларды көтеруге, шикізат өндіруді ұлғайтуға ғана емес, сонымен қатар бір мезгілде валюта қорын толықтыруға, теңгені нығайтуға, оның айырбастылығын күшейтуге мүмкіндік берді. Осылайша импорттық тауарлар үшін, шетелдік инвесторлар үшін қызықтырғыш ішкі рыноктың тартымдылығы артты, экономиканы тұрақтандыру үшін жағдайлар жасалды.
Шетелдік инвесторлар мен біздің мемлекеттің мүдделерін ұштастыру оңай міндет емес. Негізінен олар өнеркәсіптің барынша тартымды салалары бойынша үйлеседі.
Мақсатты шаралардың нәтижесінде
шетелдік күрделі қаржыны тарту
жөнінде қолайлы ахуал
Негізгі капиталға инвестициялардың өсуі нәтижесінде қорлар ескіруінің келеңсіз үрдісін еңсеру мүмкін болды. Жаңару коэффициенті мұнай-газ өндіруде — 10,9 пайызға, металлургиялык, рудалар өндіруде, металлургияда 6,6 пайызға жетті. Отын саласының, түсті және қара металлургияның үлесі үстем бола түсті.
Шетелдік инвесторларды, соның ішінде әлемдегі аса ірі компанияларды да тарту мынадай бірқатар маңызды міндеттерді шешіп берді:
1. Ауқымды инвестицияларды
тарту жөніндегі, олардың
2. Әлемдік деңгейдегі менеджмент
қызметі құлдырау жағдайында
болған аса ірі кәсіпорындарды
қысқа мерзімде қайта
3. Әлемдік рынокка шығу
жоне әлемдік шаруашылық
3. Ескі экономикадан —
жаңа экономикаға: жолды
Мемлекеттің таяудағы он жылдыққа
арналған стратегиялық міндеттерінде
табиғи байлықтар қоры мен минералдық-шикізаттық
ресурстар ескеріле отырып, республиканың
экономикадағы дәстүрлі артыкшылығын
барынша пайдалану қажеттігі
көрсетілген. Қазақстан олардың
кейбірінің абсолюттік қоры бойынша
да, сондай-ақ өндіру, соның ішінде жан
басына шаққандағы өндіру бойынша да
әлемдік біріншілікке ие екені белгілі.
Республика бүгінде вольфрам, ванадий
рудаларының қоры бойынша — әлемде
бірінші орын, құрамында хром бар
рудалар қоры бойынша — екінші
(23 пайыз), марганец рудаларының коры
бойынша үшінші орын алады. Қазақстанның
үлесіне уранның әлемдік
Сарапшылар атап көрсеткеніндей, табиғи ресурстарды сату мемлекеттің мешеулігінің немесе оның үкіметінің білікті еместігінің тіпті де дәлелі емес. Көптеген шикізаттық елдерде экономикалық дамудың жоғары деңгейіне өндіруді интенсивтендіру және өз табиғи ресурстарын өңдеу есебінен қол жеткізілген. Канада мен Австралия секілді бірқатар жетекші минералдық-шикізаттық мемлекеттердің тәжірибесі осы әлеуеттің ІЖӨ өндіру көлеміне елеулі ықпалын дәлелдейді.Қазақстанда минералдық-шикізаттық кешен әлемдік рыноктың талаптарына барынша жедел бейімделді және бұл экспорт құрылымынан да көрінеді.
Келтірілген деректер қазақстандық
экспорттың рейтингінде шикізаттар
мен жартылай фабрикаттардың көшбасшылық
жағдайын дәлелдейді. Және де бағалардың
әрлі-берлі ауытқушылығы сатылу сомасына
ықпал ететін әлемдік конъюнктураға
қарамастан, бұл рынок айтарлықтай
тұрлаулы болып қалып отыр. Өндіріс
пен экспорт құрылымын
Шетелдік инвестициялардың экономикалық қайта жарақтандыруға қатысуына үлкен үміт артылды. Кей жағдайда олар ақталды да, мұның өзі өндіруші салалардың артуына, экономиканың жалпы өсуіне жеткізді. Солай болса-дағы экспортқа бағдарланған және ішкі рынокқа жұмыс істейтін салалардың келісімді, ілеспелі, өзара байланысты дамуын қамтамасыз ету қажет.
Қазақстанның экономикалық саясаты жаһандану процесінің талаптарына бағынуға мәжбүр сыртқы экономикалық қызмет пен ішкі рынокқа, отандық өндірісшіге бағдарланудың, ұлттық қолдау саясатын жүргізу қажеттігінің арасында болып, айтарлықтай күрделі жағдайда қалды. Егер де сыртқы бағдарлану шикізат салаларының серпінді дамуына жеткізіп, мұның өзі басқа салалар үшін мүмкіндік туғызуға жердемдессе, кайта өңдеу және өндеуші салалардың үлесі айтарлықтай жоғары болмай қалуда жөне оларды көтеру жөнінде елеулі күш-жігер қажет.
Ел экономикасындағы өзгерген жағдай (экономикалық өсу, қорлану мен жинақталудың ұлғаюы, инвестициялык ахуалдың жақсаруы) құрылымдық өзгерістер проблемасын елеулі түрде өзекті етіп отыр. Көп елдердің экономика, әсіресе өнеркәсіп құрылымын жетілдіруге ұмтылысы кедергілерге аз тап болған жоқ.
Жаһандану жағдайында халықаралық бәсекелестік барлық жерге кіріккіш қана емес, сонымен бірге азулы да болып отыр. Тіпті АҚШ-та сан миллиардтаған айналымы бар аса ірі трансұлттық корпорациялар өрши түскен бәсекелестікке шыдас бермей, күйреп түсуде.
Жаңа өсу аймақтарының пайда болуы сонымен бірге өткізу рыногы үшін күрестің күшейгенін, бәсекенің жаңа орамдары шиеленісіп, пайда болғанын білдіреді. Бірақ та дүние ұтылып қана қоймайды, сонымен бірге ауыртпалықсыз болмаса да, жаңа технологияларды жедел ендіру, сауда-саттық көлемінің өсуі мен жаңа экономиканың қалыптасуы есебінен ұтысқа да шығып жатыр. Сайып келгенде, сапалы және салыстырмалы түрде арзан тауар сатып алатын тұтынушы ұтыста болады. Жаңа экономика кең тұрғыда — бұл жоғары технологиялар, ғылымды көп қажет ететін, барлық салалар мен сегменттерде инновациялармен каныққан экономика. Шикізаттық және индустриялық экономикадан интеллектуалдық ресурстарға, ғылымды көп қажет ететін және ақпараттық технологияларға негізделген осынау сапалық басқа құбылысқа көшу әлемдік шаруашылықтың барынша маңызды үрдістерінің біріне айналды.
Дамығған елдерде тауар
өндіруші экономикадан білім өндіру
мен қолдануға негізделген
Дамушы елдердің жаңа экономикаға интеграциялану үлгісін Үндістан танытып отыр, оның өнеркәсібінде 280 мыңнан астам адам жұмыс істейді. 2000 жылы бағдарламалық өнімдердің экспортынан түскен табыс 4 миллиард доллардан асса, 2008 жылға қарай ол 50 миллиардка дейін өсуі тиіс.
Прогресшіл өзгерістерге
ұмтылған Қазақстан да осынау тым
тығыз экономикалық дүниеде өз орнын
табуы керек. Оны ерікті түрде
және "ұрыссыз" ешкімнің бере қоймасы
анық.Республиканың өзара
Қазақстанға өзінің жаңа индустриялық-инновациялык бағдарламасын іске асыруға барынша байыптылықпен және жауаптылықпен қарағаны жөн болып көрінеді. Ең алдымен, барынша мұқият талдаудан кейін бәсекелестігі жоғары өндіріс қалыптастыру мақсатында интеллектуалдық, ғылыми-ағартушылық, инженерлік, өндірістік әлеуетті, жинақталған елеулі қаржы ресурстарын біріктіру керек.
Ел құрылымдық өзгерістердің қатаң басымдықтарына, әсіресе барынша нақты да қол жетімді басымдықтарға ие болуы тиіс.