Жалпыға ортақ қолжетімділік
пен қоғамға қолайлы маңызды
әлеуметтік игіліктерді қамтамасыз
ету мақсатында реформалау барысында
пайда болған. Және қазіргі кезде
колданылып жүрген мемлекеттік ең төменгі
әлеуметтік стандарттар: күнкөріс деңгейі,
еңбекақы мен зейнетақының ең төменгі
мөлшері, еңбек шарты мен төлем
стандарттары, әлеуметтік қызметтерді
ұсынудың нормативтері және басқалар
орнықтырылды.
Елімізде реформалау нәтижесінде
аралас әрі ерікті жинақтаушы зейнетақы
жүйесі құрылып, ол өзінің тиімділігін
көрсетті. Бір жарым миллионнан астам
зейнеткер ынтымақты негізде
зейнетақы төлемдерімен қамтамасыз
етілді. Жыл сайын зейнетақы мөлшері
көбейтілуде, соңғы жылдары зейнетақы
төлеудің номиналды өсімі тұтыну
бағасы индексінен алда келеді.Зейнетақыны
индексациялаумен бірге 2003 жылы оны
саралап өсіру жүзеге асырылды. Маусымның
бірінен бастап 1 миллионнан астам
адамның зейнетақысы көтерілді,
төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлердің
саны үш есеге қысқарды, 0,5 миллионға
жуық адам көбейтілген зейнетақы
ала бастады. Соның нәтижесінде 2004
жылдың каңтарынан төменгі зейнетақы
мөлшері 5800 теңгені, ал орташа зейнетакы
мөлшері — 8335 теңгені құрады. Жеке
жинақ принциптеріне негізделген
қамтамасыз етудің бір ғана түрі —
жинақтаушы зейнетақы жүйесі ойдағыдай
дамытылуда. Қазіргі кезде бір
мемлекеттік және 15 жекеменшік жинақтаушы
зейнетақы қорларындағы 6,5 миллион
азаматтың жеке есеп-шоттарында 415,2
миллиард теңге зейнетақы жинақталған.
Оның ішінде 115,7 миллиард теңгесі инвестициялық
кірістен түскен. "Мемлекеттік атаулы
әлеуметтік көмек туралы" Заңды
жүзеге асыру нәтижесінде кедейшілік
шегінен орташа табыс табатын
аз қамтылған азаматтардың қатары (2002
жылдың басындағы 10,2 пайыздан 2004 жылдың
1 қаңтарында 6,6 пайызға дейін немесе
859,8 мың адамға) азая түсуде. Ұлттың
күші жасының келуіне немесе денсаулығына
байланысты жұмыс істеп, өз бетінше
табыс таба алмайтындарға қамқорлық
көрсетуде жатыр. Әлемнің барлық
елдерінде экономиканың артуы әлеуметтік
қорғау мөселелеріне баса көңіл бөлуге
бастап отыр. Осыған орай алдағы уақытта
2007 жылға дейінгі әлеуметтік реформаларды
тереңдету бағдарламасы дайындалды.Жақын
жылдары біз қаржы тұрақтылығын,
экономиканың тиімділігін, әлеуметтік
қамтамасыз етудің үш деңгейлі — мемлекет,
жұмыс беруші және жұмысшы арасындағы
әлеуметтік жауапкершілікті бөлу міндетін
құруға тиіспіз. Бұл әлеуметтік қорғау
жүйесі үздік саналатын әлем елдерінің
төжірибесі. Егер орта мерзімді кезеңге
арналған міндеттер жөнінде айтатын болсақ,
ол бірінші кезекте казақстандыктардың
білім беру және кәсіптік деңгейін сапалық
тұрғыдан көтеруді қамтамасыз етуде жатыр.
Біз бәсекелестікке қабілетті экономика
үлгісін тандадық және елімізді индустриялық-инновациялық
дамытуға бағыт ұстадық. Бұл — болашақтың
стратегиясы. Өсіп келе жатқан ұрпақка
әлемдік стандарттарға сай келетін сапалы
білім беруіміз керек, сонымен қатар қазіргі
мамандардың біліктілік деңгейін көтеруді
де ұмытпауға тиіспіз.Парламенттің үшінші
шакырылымдағы депутаттары алдында сөйлеген
сөзімде мен таяудағы бес жыл ішінде шешуге
тура келетін міндеттерді түйіндеп айтқан
болатынмын. Бұлар — мүғалімдердің мәртебесін
көтеруге, ұлттың денсаулығын қорғауды
қамтамасыз етуге жалпыға танылған рыноктық
тиімді тетіктерге (ипотекалық несие,
құрылыс жинақ жүйесі) негізделген тұрғын
үй бағдарламасы, сондай-ақ тұрғындар
үшін қолайлы және жұртшылықтың қолы жететіндей
үйлер салуда мемлекеттік ынталандыруға
қатысты шаралар. Бағдарлама үш жылға
есептелген. Осы кезең ішінде біз 12 миллион
шаршы метрге жуық тұрғын үй салуымыз
керек. Бүл — 195 мың отбасының жаңа пәтер
алуына мүмкіндік береді.Осы жылдары түрғындардың
әлеуметтік жағынан қорғалуға тиісті
бөлігіне арнап 5 мың жаңа пөтер салуымыз
қажет. Әлеуметтік қамтамасыз етудің перспективалары
туралы айтқанда, экономиканың күретамырындай
қаржы жүйесін дамытуды да естен шығармауымыз
керек.Біздің осы бағытта алдымен қолға
алатынымыз — қор рыногының жаңа заман
талабына сәйкестілігін қамтамасыз ету.
Корпоративтік басқаруды жетілдіру мен
компаниялар қызметінің мөлдірлігін арттыру
жөніндегі шаралар қабылдануы тиіс.Бұған
қоса мен Үкіметке мемлекеттік ірі компанияларды
жеке блоктарға бөліп, олардың акция пакеттерін
арнайы мемлекеттік холдингтік компаниялардың
басқаруына беруді тапсырдым. Егер осы
холдингке кіретін ұлттық компаниялар
мемлекеттік акция пакеттерінің бір бөлігін
қор рыногында сатса, дұрыс болар еді деп
ойлаймын. Бұл құнды қағаздарды зейнетақылық,
инвестициялық қорлар мен брокерлік компаниялар
сатып ала алар еді. Яғни, институттық,
сондай-ак жеке инвесторлар олардың акционерлері
бола алар еді.Осының нәтижесінде рынокта
биік деңгейлі эмитенттердің үлестік
қағаздары айналымға түсіп, біздің ұлттық
компаниялардың директорлар кеңестерінің
құрамында тәуелсіз директорлар институты
пайда болады, ал бұл корпоративтік басқарудың
сапасын айтарлықтай жақсартады.
Бүгінде біздің банктеріміз
өз каржыларын көршілес елдердің рыногына
салуда, зейнетақы қорлары шетелдік
құнды қағаздарға лимитті арттыруға
қол жеткізді, енді олар алыс шетелдердің
құнды қағаздарына инвестиция салуға
рұқсат беруді сұрауда.
Зейнетақы қорларының активтерін
басқарушылар қандай да бір құнды
қағаздарды сатып алуға шешім
қабылдағанда жауапкершілік өздеріне
жүктелетінін ұмытпаулары керек.Сондықтан
тек банктер ғана емес, зейнетақы
қорлары да басқару тәуекелі жөніндегі
талаптарды қатайта түсуге тиіс. Оған
қоса зейнетақы активтерін инвестициялау
жөнінде қабылдаған шешімдердің
толықтай мөлдір болуын қамтамасыз етуі
керек Сонымен қатар, несиелік серіктестіктер
мен шағын несиелеуді дамытуды қамтамасыз
еткен жөн. Республикада жалпы сомасы
2,8 миллиард теңгенің несиесін берген
157 шағын несиелік ұйымдар жұмыс істейді.
Бұл жүйеге басты қатысушылардың бірі
Шағын көсіпкерлікті қолдау қоры болып
табылады.
Несие қызметін дамытудың
негізгі бағыттарын белгілейтін
Мемлекеттік шағын несие бағдарламасын
жасау, сондай-ақ шағын несиеге мониторинг
жүргізудің тиімді жүйесін қалыптастыру
кажет деп білемін. Біз еліміздің
әлеуметтік секторын реформалау барысында
кез келген ұлтты ұлт етіп ұстап
тұратын ең басты-мәселе — оның мәдениеті
мен төлтумалығын да естен шығармадық.
Сондықтан да "Мәдени мұра" мемлекеттік
бағдарламасын қабылдадық. Ол біздің
тарихи жадымыз, мәдениетіміз бен руханиятымыз
жалпыұлттық ауқымда қасиет тұтар
ұстанымдарымызды тазартуда негізгі
факторға айналуына, ұлттық және мемлекеттік
сананы калыптастыруда. қоғамның одан
орі ықпалдастыққа түсуіне және
өзіндік теңестіруінің құрамдас
тетіктері болуына бағытталған.
Жалпы дүниетанымдық тұрғыдан қайта
қарауға орай бағыт-бағдарлардың біршама
айырылып қалған қоғамымызға қарамай,
мәдениеттің өзіне тән гуманистік
мұрат-мақсатына қайтадан ие бола бастағаны
қуантады.
"Жібек жолы тарихи
орталықтарын жандандыру, түркі
тілдес мемлекеттердің мәдени
мұраларын сақтау мен дәстүр
жалғастығын дамыту, туризм инфрақұрылымын
құру" бағдарламасының негізіне
іргелі зерттеулер, тарихи қалаларды
әлеуметтік-экономикалық дамытудың
перпективалы бағыттарын талдау
мен есептеулер жатқызылды. Жібек
жолының қазақстандық учаскесіндегі
басқа да елді мекендердін
тарихи және мәдени ескерткіштерін
қорғау жөніндегі шаралар дайындалды.
Іргелі ғылыми, кадрлық, ұйымдастырушылық,
қаржылық және басқа да дайындыктарды
қажет ететін осындай ауқымды
мемлекеттік бағдарламадан жедел
нәтиже күтіп қажеті жоқ. Біз оны
түсінеміз, сондықтан оны жүзеге
асыруды тек белгіленген жылдармен
ғана шектемейміз. Бүл ұлттық мәдениетті
жаңғырту және оны әлемдік мәдениет
кеңістігіне кіріктіру ауқымды
жүмыстардың басы ғана. Өйткені ұлттық
мәдени мұралардың бәрі бірдей әлемдік
қазынаның бөлшегі болып табылады.Қазақстан
өзінің ұзақ мерзімдік және орта мерзімдік
міндеттерін нақты айқындап алды.
Мұның нақты іс-әрекет жоспары
бар, оны жүзеге асыру үшін көп
және қажырлы жұмыс істеп қана
қоймай, қоғамның жұмылуын, халықтың ынтымағын,
тұрақтылық пен тыныштықты сақтай білуіміз
керек. Мен Қазақстанның өз азаматтары
үшін өмірдің жоғары стандарттарын
құру жолымен тиімді дамып келе жаткан
елдер қатарына шын мәнінде кіреді
және әлемдік қоғамдастыққа тең
құқықты негізде интеграциялана
алады деп сенемін.