Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Мая 2012 в 14:08, реферат
Біз мемлекеттік тәуелсіздіктің 13 жылын өткердік. Бұл тарихтың жаһандық сынақтарына жауаптар және жаңа экономиканы іздеудің күрделі кезеңі болды. Кідіріссіз де қысқа мерзімде біртұтас үш міндетті: тәуелсіз мемлекет құру, жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға және тоталитаризмнен демократияға көшуді жүзеге асыру міндеттерін шешу қажеттігі туындады. Біз өзімізге әлемнің көптеген жетекші державалары секілді ондаған жылдар бойы, ал жүздеген жылдар туралы тіпті сөз жоқ, біртіндеп дамып, экономикалық және демократиялық өзгерістерді біртіндеп нығайтуға жол беріп қоя алмадық. Тарих бізге басқа шарттарын көлденең тартты, біз оларға төтеп бердік, өйткені бізде асқак құлшыныс, жеңіске деген ерік-жігер және, бастысы, барша қазақстандықтардың басталған реформаларды колдауы болды.
Қазақстанда жаңа экономика категориясына жататын салалар бар. Бұл — түсті металлургия, уран өнеркәсібі.Республика бүкіл әлемде мойындалған бірқатар бірегей технологияларға ие болып отыр. Бұл әлеует әлі де өзінің мәнділігін сақтап отырғанын Қытайдың Қазақстаннан сульфидтік қорғасын концентраттарын қайта өңдеу жөніндегі технологияны сатып алу ниеті дәлелдейді. Бұл технологияға 14 елден патент алынып, ГФР-да, Италияда, Канадада, Боливияда зауыттар салынғаны белгілі.
Жаңа материалдарды игеруде "Қазатомпром" кәсіпорындары көшбасшы болып отыр, бүларда жаңа және аса жаңа технологиялар негізінде табиғи уранның ұнтағы, уран таблеткалары, оксидтік керамика, бериллийлік қола секілді бұйымдар игерілген және игеріле басталған.
Уранды жер астында
сілтісіздендіру жөніндегі жаңа
технологияларды қолдану оны
өндіруді 3 700 тоннаға дейін ұлғайтуға
жөне республикаға әлемдік уран рейтингінде
3-орынды қамтамасыз етуге мүмкіндік
берді.Қазақстанда жоғары сапалы болат
пен арнаулы қорытпалардың
Болат пен қорытпалар динамикасы алдағы кезде де дамитын болады. Оларды өндіру үшін барлық компоненттерге ие Қазақстан әлемдік рыноктың осы сегментінде елеулі түлғаға айналуына болады, бірақ әзірше басқа елдер үшін жеткізіп беруші ғана болып отыр. Мұқият есептеу жағдайында байыпты ресурстық, өндірістік, кадрлық әлеуеті және дәстүрлері бар республика әлемдік болат рейтингінде әлдеқайда лайықты орын алып, 10-15 пунктке жоғары көтеріле алады.Республикада бериллийдің, ренийдің, цирконийдің, молибденнің, кобальттің, ванадийдің, вольфрамның, бордың негізінде арнаулы қорытпалар шығаруды ұлғайту мүмкіндігі бар. Тұтастай алғанда металлургияның дамуы, арнаулы қорытпалар, жоғары сапалы болаттар мен олардан жасалған бұйымдар өндірісі 13-14 миллиардтан астам доллар келтіре алады.Басқа жобалардан ерекшелігі, осы саланы дамыту жұмыс істеп түрған кәсіпорындарға, қолда бар ғылыми-техникалық әлеуетке, инженер кадрларына және жаңа технологиялардың берік қорына арқа сүйейді.
Жаһандану, әлемдік экономиканың интернационалдануы, өршіп тұрған халықаралық бәсекелестік жағдайында өз орныңды табу өте маңызды. Егер шикізат өндіру жөне өңдеу салаларында Қазақстанның көптеген ұстанымдар бойынша бәсекелесі болмаса, жоғары деңгейде өңделген өнімге байланысты жағдай мүлдем басқаша. Көптеген елдердің, соның ішінде дамушы елдердің тәжірибесі табанды күш-жігер болса, әлемдік рынокта өз орныңды табуға болатынын көрсетеді.
Солай болса-дағы, жоғары әзірлік
деңгейіндегі өнім шығаруды ұйымдастыру
жөніндегі біздің ниетіміз елеулі қиындықтарға
тап болады, сондықтан, мұқият дайындық
жасалмаса, сәтсіздік болуы мүмкін,
соның ішінде отандық ғылымның жетістіктері
де солай болмақ. Республика жоғары
оқу орындары мен ҒЗИ-лерінде
өнімнің тұтынушылық сапасын
айтарлықтай арттыратын бәсекеге қабілетті
талдамалар мен технологиялар бар.
Әлемдік рынокқа жоғары әзірлік
деңгейіндегі өнімнің жарып өту
стратегиясын талдап жасай отырып,
Қазақстан өзінің көзге айқын
артықшылықтарын барынша
Республиканың жаңа экономикасы
оның әлемдік шаруашылыққа қайта
интеграциялану жөніндегі белсенді
күш-жігерінің нәтижесінде
Нақ ақпараттық құрамдастық
жаңа экономикаға жаһандық барлык жерге
кірігушілік сипат бере отырып, оның
жеделдеткішіне айналды. Интернет-технологияларды
қолдану жетекші фактор болды. Әсіресе
электрондық сауда-саттықтың
Соңғы 10 жылда ғылымды көп қажет ететін өнімнің өсімі 80 миллиард долларды құрағанына қарамастан, бұл салаға инвестициялар көлемі артуда. Осы факторды жете бағаламаушылық келеңсіз салдарға соқтыруы мүмкін. Мәселен, Жапония 1990-шы жылдары ақпараттық технологияларда артта қалғандықтан әлемдік экономикалық көшбасшы жағдайынан айырылды. Әу баста үлкен табыстарға байланысты нағыз шулыған туғызған бүл бизнес енді калыпты арнаға түсіп отыр.Осы процеске кіретін Қазақстанға дамыған елдердің тәжірибесін ескеріп, оған белсене интеграциялануы қажет. Бұл бағыттағы алғашқы қадамдар жасалды да. Мәселен, 1998 жылы интернетке 885 абонент косылса, 2003 жылы 184,9 мың қосылған — 209 есе орасан қауырт артқан. Бұған қоса интернетті пайдаланушылар көбеюіне қарай оның трафигі де ұлғайған. Мысалы, егер 2001 жылы ол 359,5 миллион минөтпен есептелсе, 2002 жылы 684,9 миллион минөтке жеткен. Қазір бүл көрсеткіштер әлдеқайда өскен.
Электрондық пошта көлемі
шұғыл ұлғайды. Бүл мүмкіндіктер
әлі әлдекдйда өседі. Мәселен, қазірдің
өзінде "Шанхай-Франкфурт" шыны-талшықты
супермагистральдің казақстандық бөлігі
жөне оның Орал арқылы Ресейге кететін
тармағы іске қосылған. Елдің барлық
өңірінің интернетке жоғары жеделдікпен
қолжетімділігін қамтамасыз етуге
мүмкіндік беретін жалпы
Қазақстанда "Электрондық
Үкіметтің" негіздері қалануда, салық,
кеден қызметтерінің ақпараттық
жүйесі жұмыс істеуде. Көптеген компанияларда,
ұйымдарда, оқу орындарында ішкі
тұйық желі енгізілген, мұның өзі
көп ретте олардың қызметінің
тиімділігін арттырады. Ақпараттык,
технологияларды талдап-
Республикада Алатау кентінде
үндістандық Бангалорға ұқсас ақпараттық
технологиялар паркі құрылуда, Бангалорда
230 көпұлтгы компаниялар орын теуіп,
қала зертханаларында 25 мың инженер
жүмыс істейді. Мұндай парктердің кұрылуы
түсімдердің елеулі көзіне айнала алады.
Үндістандык, хайтектің экспортқа
шығарылатын өнімі 2005 жылға қарай
50 миллиард долларға жететінін айтудың
өзі жеткілікті.Қазақстанда
2003 жылдың мамырында "
"Ғылым туралы", "Инновациялар
туралы" қолданыстағы заңдармен
қатар жаңа заңнамалық
Осы заманғы қазақстандык ақпараттык. саясат жаңа инновациялық-технологиялық экономиканы елеулі түрде күшейтіп, жаңа индустриялык, прогресшіл құрылымы бар экономиканы құруы керек. Бұл процеске қатысушы барлық тараптардың жиі де тиімді өзара ықпалдасуы күткен нәтижені береді.
Тәуелсіздіктің он үш жылында
жүргізілген реформалар экономиканың
жедел де сапалы дамуын іске асыру
мүмкіндіктерін туғызды. Оның басты
құрамдасы елдің индустриялық-
Бекітілген Индустриялық-
Стратегия белсенді мемлекеттік
ғылыми және инновациялық саясат жүргізуді
көздейді. Алға қойылған мақсаттарға
жету үшін қаржы рыногының одан әрі
дамуы және фискалдық, ағартушылық,
антимонополиялық, инфрақұрылымдық
саясаттың жетілдірілуі белгіленеді.
Стандарттау саясатының шеңберінде
экономика мен басқарудың барлық
салаларында әлемдік
Стратегияның өзіндік
қосылған құны бар өнім шығару мен
экспорттаудың тұрақты өсуін
және бәсекеге қабілетті әрі белсенді
етілген өнеркәсіп құруды қамтамасыз
етуге бағытталуы оның айрықша ерекшелігі
болып табылады. Сондықтан ғылымды
көп қажет ететін, жоғары технологиялык
өндіріс құруды ынталандырудың, "ғылым-өндіріс-рынок"
циклының, нақты және қаржы секторының
бұрынғыдан тиімді байланысын орнықтырудың
аса маңызды міндеті қойылды.
Осыған байланысты қолда бар әлеуетті
ұтымды, тиімді пайдалануды қамтамасыз
ету керек, мұның өзі халықтың
тұрмыс деңгейіне, республика дамуының
тұрақтылығына әсер ететіні сөзсіз.
Біз ұстанған индустрияландыру бағыты
бүгінде бұрынғыдан жоғары бөліністерді
енгізуге және жаңа индустриялық кластерлерді
қалыптастыруға салмақ салатын, елдің
экономикалық әлеуетін айқындайтын
экономика секторларын (мұнай-газ
және металлургия секторлары) дамытуға
мүмкіндік береді. Мәселен, бізде
мәшине жасауда, химия және мұнай
химиясында, қүрылыс индустриясы
мен жеңіл өнеркәсіпте дамудың
елеулі әлеуеті бар. Ауылшаруашылық
өнімдерін қайта өндеу және агроиндустриялық
кластерлерді, атап айтқанда Оңтүстік
Қазақстанда мақталық және шарап
жасау кластерлерін қалыптастыру перспективалық
бағыт болып табылады.
Біздің бүгінгі әлеует
— бұл экспортқа бағдарланған
қаржылық телекоммуникациялық, көліктік,
сауда және ақпараттық қызметтер.Индустриялық
саясатты іске асырумен бір мезгілде
біз елдің аграрлық секторын нығайтуға
бет бұрдық. Қазақстандағы экономикалық
өзгерістердің қисыны ауылшаруашылық
салада агробизнестің оңтайлы
Сондықтан жаңа нақтылықтар
мен ауылшаруашылық кешені қызметінің
ерекшелігін ескере отырып, біз 2003-2005
жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық
азық-түлік бағдарламасын
Қазірдің өзінде біз бағдарламада
белгіленген мақсаттарға қол
жеткізгенімізді айтуға болады. Мәселен,
ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің
көлемі біртіндеп ұлғайып келеді.
Осының барлығы 2005 жылдың
соңында еліміздің
Мемлекет халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерін орындап келеді. Мемлекеттік бюджет есебінен зейнеткерлерді, мүгедектерді, асыраушысынан айырылған және басқа да санаттағы тұрғындарды әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету жүзеге асырылуда. Олардың барлығы 3,5 миллион (немесе барлық тұрғындардың 23,6 %) адамнан асады. 2004 жылы 1999 жылмен салыстырғанда әлеуметтік қамтамасыз ету шығындары бір жарым есе көбейді. Бұл қазақстандыктардың кірісін айтарлықтай арттырды, оған мынадай өсім индикаторлары дәлел болады. 1999-2004 жылдары ең төменгі жалақы көлемі 2,5 есе (2605 теңгеден 6600 теңгеге дейін); төменгі зейнетақы көлемі — 1,9 есе (3000-нан 5800 теңгеге дейін); орташа жалақы — 2 есе (11864-тен 26048 теңгеге дейін); орташа зейнетақы көлемі — 2 есе (4104-тен 8529 теңгеге дейін); күнкөріс шегі — 1,5 есе (3394-тен 5394 теңгеге дейін); орташа мемлекетгік әлеуметтік жәрдемақы көлемі — 1,3 есе (3441-ден 4670 теңгеге дейін) өсті.