Қазақстандағы денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттің рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Апреля 2014 в 09:18, творческая работа

Краткое описание

Соңғы жылдары негiзгi медициналық көрсеткiштер — туу, өлiм-жiтiм, өмiр сүрудің орташа ұзақтығы тұрақтандыруға қол жеткiздi. Жұқпалы аурулармен ауыру төмендедi. Денсаулық сақтау саласында бiрқатар реформалар жүргiзiлді, олардың бір бөлiгi табысты iске асырылды, басқалары өзiнiң қисынды жалғасына жетпеді. Соңғыларына мiндеттi медициналық сақтандыру жүйесiн құруды, отбасылық медицина моделiне көшуге әрекеттенудi жатқызуға болады.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
Денсалуық сақтау жүйесі
көрсеткіштері
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Денсаулық сақтау мәселелері бойынша сектораралық кіші бағдарламалар
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы
Қорытынды
Сілтемелер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дауытбаева Асыл Экономика.ppt

— 3.67 Мб (Скачать документ)

Қарағанды мемлекеттік медица университеті

Қазақстан тарихы және әлеуметтік –саяси пәндер кафедрасы

 

 

ОӨЖ

Қазақстандағы денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттің рөлі

 

Дайындаған: 203 топ ҚДСФ

Дауытбаева А.

Қабылдаған: Сейсенгалиева Қ.М

 

 

Қарағанды 2013

 

Жоспар

 

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
  • Денсалуық сақтау жүйесі 
    көрсеткіштері
  • Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
  • Денсаулық сақтау мәселелері бойынша сектораралық кіші бағдарламалар
  • Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы
  • Қорытынды
  • Сілтемелер

Кіріспе

 

Соңғы жылдары негiзгi медициналық көрсеткiштер — туу, өлiм-жiтiм, өмiр сүрудің орташа ұзақтығы тұрақтандыруға қол жеткiздi. Жұқпалы аурулармен ауыру төмендедi. Денсаулық сақтау саласында бiрқатар реформалар жүргiзiлді, олардың бір бөлiгi табысты iске асырылды, басқалары өзiнiң қисынды жалғасына жетпеді. Соңғыларына мiндеттi медициналық сақтандыру жүйесiн құруды, отбасылық медицина моделiне көшуге әрекеттенудi жатқызуға болады. Солардың арасынан саланың нормативтiк құқықтық базасын құруды, денсаулық сақтауды қаржыландырудың елеулi ұлғаюын оң өзгерiстер ретiнде атап өткен жөн, бұл бірқатар қазiргi заманғы клиникалардың құрылысын жүзеге асыруға, медициналық ұйымдарға күрделi жөндеулер жүргiзуге және олардың материалдық-техникалық жарақтандырылуын жақсартуға, емдеу-диагностикалық процесіне жаңа медициналық технологиялар енгiзуге мүмкiндiк туғызды. 

Денсалуық сақтау жүйесі 
көрсеткіштері

  • Денсаулық сақтаудың негізгі көрсеткіштерінің серпіні денсаулық сақтау саласына бағытталған бюджет қаражатын жыл сайын көбейе түскенінің дәлелі. Мәселен, 2004 - 2009 жылдар аралығындағы кезеңде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (бұдан әрі - ТМККК) қаржыландыру көлемі 90,5-тен 273,1 млрд. теңгеге дейін көбейген. 2009 жылы Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының, ТМККК қаржыландырылуын орта республикалық деңгейге дейін кезең-кезеңмен жеткізуге республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттермен 5,4 млрд. теңге бөлінген болатын.
  • Соңғы жылдары денсаулық сақтау саласындағы жан басына шаққандағы шығыстар көлемі де айтарлықтай өскен: 2004 жылы 8 740 теңге болса, 2009 жылы 30 373 теңгеге дейін өскен. 

Қазіргі таңда 50 денсаулық сақтау ұйымына Денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - ДБАЖ) енгізілді. Қашықтықтан мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында Министрлік 2004 жылдан бастап «Ауылдық (селолық) жерлерде денсаулық сақтаудағы телемедицинаны және ұтқыр медицинаны дамыту» атты инвестициялық жобаны іске асырып келеді. Соған байланысты қазіргі таңда 14 өңірде ауылдық денсаулық сақтау саласына телемедицина кезең-кезеңмен енгізілуде. Телемедицина сеанстары түрлі бейіндегі мамандардың қатысуымен телеконференция түрінде өткізіледі: 2009 жылы 13 өңірде 10 611 телемедициналық консультация өткізілді. 

Жоғары технологиялық қызметтер секторын дамыту жалғасуда. Қазіргі уақытта «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ (бұдан әрі - Холдинг) құрамына жоғары технологиялық көмек көрсететін бес республикалық ғылыми орталық: Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы, Республикалық балаларды оңалту орталығы, Республикалық диагностикалық орталық, Нейрохирургия ғылыми орталығы, Жедел медициналық жәрдем ғылыми-зерттеу институты кіреді. 2011 жылы тағы бір объект - Кардиохирургия республикалық ғылыми орталығының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.

Медициналық қызметтерге қол жеткізудің әркелкілігі мен медициналық қызметтер сапасының нашарлығы сақталуда. Мәселен, Қазақстан халқының 40 %-дан астамын ауыл адамдарының құрайтындығына қарамастан, қазіргі таңда денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымы мегаполистерге, атап айтқанда Астана және Алматы қалаларына шоғырланған. Бұл еліміздің әртүрлі өңірлеріндегі пациенттердің сапалы  және жоғары технологиялық медициналық қызметтерге қолжетімділігін айтарлықтай қиындатады. Өңірлер бойынша ресурстарды әркелкі бөлу де байқалады. Мәселен, 2009 жылы ТМККК-ге арналған шығыстарды жұмсау бір тұрғынға шаққанда 12 964 теңгеден 21 289 теңгеге дейін құрады.

Осыған байланысты өңірлік денсаулық сақтау мәселесі аса көңіл бөлуді талап етеді, сондықтан Мембағдарламаның негізгі міндеттерінің бірі қаржыландыруды, медициналық көмекті өңірлік теңестіру, қазақстандықтардың сапалы және жоғары технологиялық медициналық көмекке әділ қол жеткізуін қамтамасыз ету болып табылады. 

Денсаулық сақтау саласын білікті кадрлармен қамтамасыз ету мәселесі өзекті проблема күйінде қалып отыр. Бүгінгі таңда салада шамамен 59 мыңнан астам дәрігер еңбек етеді. Медициналық ЖОО-ларға қабылдаудың 9,5 %-дан астам өсуі есебінен жоғары білімі бар медицина кадрлары санының жыл сайын ұлғаюына, оқу бітірушілер санының ұлғаюына қарамастан салада, әсіресе ауылдық жерлерде кадрлардың тапшылығы сақталуда. Ауыл халқының дәрігер кадрларымен қамтамасыз етілу көрсеткіші қаламен салыстырғанда шамамен 4 есе кем. Қазақстан өңірлері бойынша дәрігер кадрларды бөлудің теңсіздігі өте жоғары болып сипатталады және кейбір өңірлерде 10 мың адамға шаққанда 9,5-тен (Алматы облысы) 19,3-ке (Қарағанды облысы) дейін құрайды.

Кадрлардың «қартаю» үрдісі байқалады. Салаға жас мамандардың келуінің ұлғаюына қарамастан, олардың үлесі жеткіліксіз және дәрігер кадрлардың жалпы санының 4 %-ын құрайды. Бұрынғыша мамандыққа деген қызығушылықтың төмендігі және уәждемелік тетіктердің болмауы салдарынан ЖОО-ны бітіруші түлектерді жұмыспен қамту деңгейі 87 %-дан аспайды.

Медицина кадрларының санаттылық деңгейінің жоғары болуына (42%) қарамастан, олар көрсететін медициналық қызметтер сапасы тұтынушылар мен жұмыс берушілерді қанағаттандырмайды.

Денсаулық сақтау саласындағы жағдайды талдай отырып, жалпы саланың күшті жақтары ретінде мыналарды атауға болады: 

 

  • денсаулық сақтау саласын дамытудың нақты белгіленген басым бағыттары;
  • денсаулық сақтау саласын мемлекеттік қаржыландыруды айтарлықтай ұлғайту;
  • ел халқының негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштерінің тұрақтануы мен жақсаруы, оның ішінде әлеуметтік мәні бар аурулар бойынша сырқаттанушылықтың төмендеуі; 
    денсаулық сақтау объектілерінің қалпына келтірілуі және жаңаларының салынуы;
  • емдеу-диагностикалық үдеріске жаңа медициналық технологиялардың енгізілуі;
  • ауылдық жерлердің медициналық ұйымдарында телемедициналық пункттердің болуы;
  • елдің барлық өңірлерінде филиалдары бар республикалық медициналық ақпараттық-талдау орталығының болуы;
  • халықтың дәрілік заттарға қолжетімділігінің жақсаруы. 
       

Әлсіз жақтары:

 

  • денсаулық сақтау ұйымдарының, әсіресе ауылдық аумақтарда қанағаттанарлықсыз материалдық-техникалық базасы;
  • мемлекеттің, жұмыс берушінің және азаматтың денсаулық сақтау үшін ортақ жауапкершілігінің жоқтығы;
  • азаматтардың дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге құқықтарын іске асырудың нақты тетіктерінің болмауы;
  • өңірлерде және республикалық маңызы бар қалаларда ұсынылатын медициналық қызметтердің сапасындағы үлкен айырмашылық;
  • медицина кадрларын даярлау сапасының жеткіліксіздігі;денсаулық сақтау менеджерлерін даярлау институты нашар дамыған;
  • кардиохирургия, нейрохирургия, трансплантология, травматология, басқа да бірқатар мамандықтар, сондай-ақ менеджмент саласында арнаулы біліктіліктің жекелеген бағыттары бойынша кадрлар тапшылығы;
  • денсаулық сақтау жүйесінің, әсіресе ауылдық өңірлерде білікті кадрлармен нашар қамтамасыз етілуі;
  • пациенттің және медицина қызметкерінің құқықтарын қорғау жүйесі нашар дамыған;
  • ауылдық жерлердегі шалғай орналасқан елді мекендердегі, әсіресе халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтарының медициналық қызметтерге қолжетімділігінің төмендігі;
  • денсаулық сақтау ұйымдарында әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандардың болмауы. 
         

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Бағдарлама жетістіктері

 

  • «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі қабылданды;
  • тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша ең төменгі стандарттар белгіленді;
  • Қазақстан Республикасында ана мен бала өлім-жітімін төмендету жөніндегі 2008 - 2010 жылдарға арналған, Қазақстан Республикасында қан қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы 2008 - 2010 жылдарға арналған, Қазақстан Республикасында ЖҚТБ індетіне қарсы іс-қимыл жөніндегі 2006 - 2010 жылдарға арналған, Қазақстан Республикасында кардиологиялық және кардиохирургиялық көмекті дамытудың 2008 - 2016 жылдарға арналған, «Саламатты өмір салты» жөніндегі 2008 - 2016 жылдарға арналған салалық бағдарламалары әзірленді және енгізілді;
  • шекараны санитариялық қорғау жүйесі қалыптасты: мемлекеттік шекарада ел аумағын аса қауіпті инфекциялық аурулардың әкелінуінен және таралуынан қорғауды қамтамасыз ететін санитариялық-карантиндік пункттер желісі кеңейтілді;
  • дәрі-дәрмекпен тегін және жеңілдікті түрде қамтамасыз ету енгізілді;
  • мемлекеттік медициналық ұйымдар желісін типтеу және стандарттау жүргізілді, денсаулық сақтау ұйымдары желілерінің мемлекеттік нормативі бекітілді;
  • денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту жөніндегі іс-шаралар жүргізілді;
  • тәуелсіз медициналық сараптама жүйесі құрылды;
  • туберкулез, психикалық және инфекциялық ауруларды емдеуді қоспағанда, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсетуге арналған бюджетті облыстық деңгейде, ал 2010 жылдан бастап республикалық деңгейде шоғырландыру жүргізілді;
  • Дәрілік заттар дистрибуциясының бірыңғай жүйесі енгізілді;
  • денсаулық сақтау саласына ақпараттық технологиялар енгізілуде: барлық өңірлерде филиалдары бар республикалық ақпараттық-талдау орталығы құрылды;
  • санитариялық-эпидемиологиялық қызметті қайта құрылымдау жүргізілді, тігінен басқару құрылды; 

Денсаулық сақтау мәселелері бойынша сектораралық кіші бағдарламалар

  • Саламатты өмір салты және мінез-құлық факторларына негізделген әлеуметтік мәні бар аурулардың деңгейін төмендету
  • Дұрыс тамақтану
  • Мектеп оқушылары мен жасөспірімдердің денсаулығы
  • Жол-көлік қауіпсіздігі
  • Төтенше жағдайлар кезіндегі шұғыл медициналық-құтқару көмегі
  • Пенитенциарлық жүйеде туберкулез бен АИТВ/ЖИТС профилактикасы
  • Аса қауіпті инфекциялардың (конго-қырым геморрагиялық қызбасы (бұдан әрі - КҚГҚ) профилактикасы

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы

Бағдарламаны іске асыруға жауапты органдар      

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі 
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрлігі

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

 

 

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Қазақстан РеспубликасыТөтенше жағдайлар министрлігі

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі

Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері

 

Бағдарламаның мақсаты     

 

Еліміздің орнықты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту

Міндеттері

 

  • Азаматтардың денсаулығын сақтау және санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту;
  • Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін дамыту және жетілдіру;
  • медициналық және фармацевтикалық білімді жетілдіру, медицина ғылымын және фармацевтикалық қызметті дамыту

Информация о работе Қазақстандағы денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттің рөлі