Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2013 в 15:21, реферат
ҚазақстанХХІғасырдыңбаспалдағынданарықтықэконономикағабейімделіп, көптегенжетістіктергеқолжеткізіпдүениежүзінетанылабастады. Жақын арада Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауында өтпелі кезеңде жетістіктерімізді атап, осы уақыттағы және болашақтағы ұстанатын жолымызды, яғни экономика салаласындағы атқаратын қызметінің негізгі мақсаттары мен міндеттерін айқындап көрсетті.
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1. ҚР-ғы экономикалық өсу және өндірістің тиімділігін арттырудың негіздері
2.Экономикалық өсу, мәні және оның факторлары
3. ҚР-ның экономикалық өсуді қамтамасыз ететін индустриялы-инновациялық саясаты
4. Жаңа технологиялық өндірістердің дамуы мен өндірілуінің тиімділігі
III.Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
М.Оспанов атындағы
Батыс Қазақстан Мемлекеттік
Студенттің өзіндік жұмысы
Мамандығы: Жалпы медицина
Дисциплина: Экономика
Кафедра: Қоғамдық ізгілендіру психология-педогогика
Курс: 1
Тақырыбы: Қазіргі экономикалық өсудің маңызды факторы
Орындаған: Шапихова А
Ақтөбе 2013
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1. ҚР-ғы экономикалық өсу және өндірістің тиімділігін арттырудың негіздері
2.Экономикалық өсу, мәні және оның факторлары
3. ҚР-ның экономикалық өсуді қамтамасыз ететін индустриялы-инновациялық саясаты
4. Жаңа технологиялық өндірістердің дамуы мен өндірілуінің тиімділігі
III.Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
КіріспеҚазақстанХХІғасырдыңбас
Бүгін экономикалық өсудің негізгі көзі елдің шикізат әлеуетін пайдалану болып отыр. Өткен шақпен салыстырғанда өндіру көлесмін екі-үш есе ұлғайтуға қол жеткіздік. Бүгінгі Қазақстан тұрақты, тиімді әрі сенімді әріптес екеніне барша әлемге аян, ақиқат.
Экономикалық өсудің жолдары – бұл ұлғаймалы ұдайы өндірістің тарихи қалыптасқан бастапқы жолы. Әрине өзінің біріншілігінің нәтижесінде ол экономиканың бірқатар салаларын қамтитын көптеген мәселелерімен соқтығысты. Ал бұл мәселелерді атап өту экономикалық қатынастардың кейінгі дамуында болдырмау үшін маңызды. Экономикалық жағдайы боынаша алдыңғы қатарлы елдермен салыстырғанда жан басына шаққандағы табыс деңгейі төмен, нашар дамыған елдер әлемнің үлкен бөлігін құрайды. Бұл елдер дами алады, бірақ қазіргі кезде экономикалық дамығандардан артта қалып отыр. Бұл жерде экономикалық өсудің экстенсивті жолы басым және олардың даму мәселелері үлкен қызығушылықты тудырады.
Даму кілті басты төрт факторларға негізделген:
1. Халық
2. Табиғи ресурстар
3. Капитал жинақтау
4. Техника
Сондықтан экономикалық даму
жағдайында осы факторлармен байланысты
сұрақтарды қарастыру қажет. Олар: табиғи
ресурстарды пайдалануды жақсарту және
оны анықтау, халықтың жұмысбастылығы
жайлы мәселелер, капитал салымының техника
экономикалық прогресі туралы негізін
қамтиды. Экономикалық өсудің категориясы
кез-келген шаруашылық жүйелер кезінде
қоғамдық өндірістің маңызды сипаттамасы
болып табылады. Экономикалық өсу
– уақыттың белгілі бір кезеңіндегі қоғамды
өнімді сандық және сапалық жетілдіру
болып табылады. Экономикалық өсу уақыттың
әрбір берілген бөлігінде ресурстар шектеулігінің
мәселелерін шешуді белгілі бір дәрежеде
жеңілдетуді және адам қажеттіліктерінің
неғұрлым кең шеңберін қанағатттандыру
мүмкіндігін білдіреді. Экономикалық
өсу бір-бірімен тығыз байланысты екі
әдіспен анықталып, өлшенеді: белгілі
бір уақыт аралығындағы айнымалы, не болмаса
потенциалды ЖҰӨ-нің көбеюі ретінде және
белгілі бір уақыт аралығындағы кезеңнің
жан басына шаққандағы нақты ЖҰӨ-нің көбеюі
ретінде екі анықтама да қолданыла береді.
Мысалы, егер басты назар саяси әскери
потенциалының мәселелеріне арналса,
онда бірінші анықтама сәйкес келеді.
Бірақ жеке елдермен аймақтардағы халықтың
өмір сүру деңгейін салыстыру кезінде
екінші анықтама сәйкес келеді. Сөйтіп
Үндістанның ЖҰӨ-і Швейцарияның ЖҰӨ-інен
70%-нан асады, әйтсе де Үндістан Швецариядан
халықтың өмір сүру деңгейі бойынша 60
есеге артта қалып отыр. Әдетте бұл анықтамалардың
кез келгенінен экономикалық өсу пайызбен,
өсудің жылдық қарқындарымен өлшенетіндігі
шығады. Ең жалпылама түрдегі экономикалық
өһсу өндіріс пен оның факторларының (өнімділігінің)
нәтижелерінің сандық және сапалық өзгеруін
білдіреді. Қазіргі кезде әртүрлі ұлттар,
халықтар мен олардың үкіметтерімен жүргізілетін
экономикалық талқылаулар мен пікір сайыстарда
экономикалық өсу мәселелері алдыңғы
қатарларда тұр. Нақты өндірістің өсіп
келе жатқан көлемі кез-келген шаруашылық
жүйе соқтығысатын мәселелерді: адамдардың
шексіз қажеттіліктерін шектеулі ресурстар
жағдайында қанағаттандыруды белгілі
– бір дәрежеде шешуге мүмкіндік туғызады.
Экономикалық өсудің эксиенсивті және
интенсивті түрлерін ажыратуға болады.
Бірінші жағдайда қоғамдық өнімнің көбеюі
өндіріс факторларының сандық көбеюінің:
өндіріске еңбек, капитал (өндіріс құралдарын),
жердің қосымша ресурстарын жұмылдырудың
нәтижесінде жүзеге асады. Бұл кезде өндірістің
технологиялық базасы өзгермейді. Өйткені
дәнді дақылдардың неғұрлым үлкен көлемін
алу мақсатында тың жерлерді жырту, электр
станцияларын құру мен сатық жинайтын
комбайындарды үлкен көлемде шығару үшін
жұмысшылардың неғұрлым үлкен көлемін
тарта беру – осының бәрі қоғамдық өнімді
көбейтудің экстенсивті жолдарының мысалы.
Экономикалық өсудің бұл типі кезінде
өнімнің өсіміне жұмысшылар санын мен
олардың мамандану құрамының сандық өсуінің
және кәсіпорын қуаттылығының көбеюінің
арқасында, сонымен қатар орнатылған жабдықтың
көбеюінің арқасында қол жеткізуге болады.
Нәтижесінде бір жұмысшыға есептегендегі
өнім шығару бұрынғыдай қала береді. Ал
экономикалық өсудің интенсивті түрі
кезінде қолданылатын еңбек, капитал мен
басқалардың көлемі өзгеріссіз қала берсе
де бастысы өнімділік тиімдлігінің жоғарлауы
мен өндірістің барлық факторларын пайдаланудан
түскен кері қайтарылымдықтың өсуі болып
табылады. Мұнда негізгісі болып өндіріс
технологияларының жетілуі, өндірістің
негізгі факторларының сапасының жоғарлауы
табылады. Интенсивті экономикалық өсудің
маңызды факторы – еңбек өнімділігінің
жоғарлауы. Бұл көрсеткішті бөлшек түрінде
белгілеуге болады: ЕӨ= Е/Ө, мұндағы ЕӨ
- еңбек өнімділігі, Е- натуралды немесе
ақша түрінде өрнектелген жасалынған
өнім, Ө - еңбек бірлігінің шығындары (
мысалы, адам – сағат).
Экономикалық өсуді сипаттау үшін бірқатар көрсеткіштер қолданылады. Олардың көмегімен өн.дірістің жекелеген факторларын қолданудың нәтижелілігі өлшенеді.Экономикалық теорияда жиынтық ұсыныс жағындағы факторларды бөліп көрсетеді. Оларға:
А) табиғи ресурстардың көлемі
мен сапасы
Жиынтық сұраныс факторларынан жоғарланған ұлттық өнімді сатуға байланысты және жиынтық сұраныстың барлық элементтері барлық көбейіп жатқан ресурстардың толық жұмсалуын қамтамасыз етілуі керек. Бұдан басқа жиынтық сұраныспен байланысты факторларға ресурстарды тиімді бөлу де жатады.
Факторлардың маңыздыларының
бірі еңбек шығындары табылады. Бұл фактор
біріншіден ел халқының санымен анықталады.
Бірақ халықтың белгілі бір бөлігі еңбекке
жарамдылар санына енгізілмейді және
еңбек нарығына шықпайды, оларға оқушылар,
зейнеткерлер, әскерілер, т.б. жатады. Ал
жұмыс істегісі келетіндер еңбек күшін
құрайды. Бұдан басқа еңбек күшінің құрамында
жұмыссыздар, сонымен қатар жұмыс істегісі
келіп, бірақ оны таба алмай жүргендер
көрсетіледі. Сөйтіп 1999 ж. АҚШ-та бүкіл
халықтың жұмыс бастылары 52% құраған.
Экономикалық өсудің келесі
маңызды факторы болып капитал табылады.
Ол – құрылғылар, ғимараттар мен тауар
қорлары. Негізгі капитал тұрғын қорды
да енгізеді. Өйткенде үйлерде тұратын
адамдар үйлер көрсететін қызметтерден
пайда болады. Фабрикалық ғимараттар мен
конторлар өз жабдықтарымен өндіріс факторлары
болып табылады. Өйткені машиналардың
үлкен санымен қаруланған жұмысшылар
тауарларды көбірек шығарады. Экономикалық
өсу, мәні және оның факторлары
Қажеттіліктердің жоғарлауы, дәстүрлі
ресурстарды пайдалану, халық санының
өсуі екі бірегей міндетті: экономикалық
өсу мен экономиканың тиімділікті шешуді
көздейді. Экономикалық өсу жасалынатын
пайдалылықтардың көлемінің көбеюі, яғни
халықтың өмір сүру деңгейінің жоғарлауы
болып табылады. Өздігінен экономикалық
өсу қарама-қайшылықтарға толы. Сөйтіп
өндірістің және материалды игіліктердің
тұтынуының ұлғаюын олардың сапасы мен
өмір сүру жағдайының нашарлануының, тазартқыш
құрылғыларды үнемдеудің арқасында жүзеге
асыруға болады, ал өндірістің уақытша
өсуіне ресуртарды жемқорлықты пайдаланудың
нәтижесінде жетуге болады. Мұндай өсу
не тұрақсыз, не мүлдем мәнсіз болып келеді.
Сондықтан экономикалық өсу әлеуметтік
тұрақтылық пен оптимизммен үйлескенде
мән-мағынаға толы болады. Мұндай өсу бірқатар
салмақталған мақсаттарға жетуді көздейді:
өмір сүрі ұзақтығын көбейту, ауыруға
шалдығу мен жарақаттану, мертігуге ұшырауды
төмендету, білім беру менмәдениет деңгейін
жоғарлату, қажеттіліктерді толық қанағаттандыру
мен тұтынудың рационалдылығы, әлеуметтік
тұрақтылық пен өз келешегіне деген сенімділікті
арттыру, кедейшілік пен өмір сүру деңгейлеріндегі
айырмашалықтарды жеңу, максималды жұмысбастылыққа
жету, қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық
қауіпсіздікті жоғарлату, қылиысты төмендету,
т.с.с.
1. Кейнсиандықтар экономикалық өсуді сұраныс факторларының көзқарасы жағынан ғана қарастырады. Олар әдетте өсу қарқындарының төмендігін ЖҰӨ-нің қажетті өсімін қамтамасыз етпейтін жиынтық шығындардың болжанбайтын деңгейімен түсіндіреді. Сондықтан олар капи –тал салымды ынталандыратын құрал ретінде пайыздың төмен ставкаларын («арзан ақшалар» саясатын) насихаттайды. Ал қажет болған жағдайда капитал салымның жоғарғы деңгейі инфляцияға әкелмес үшін үкіметтік шығындар мен тұтынуды шектеу үшін бюджетті-қаржылық саясат қолданылуы мүмкін.
2. Кейнсиандарға қарама-қайшы «ұсыныс экономикасының» жақтаушылары экономикалық жүйенің өндірістік потенциалын көтеретін факторларға сүйенеді. Әсіресе, олар жинақтау мен капитал салымдарға ынталандыратын, еңбек сіңіру мен кәсіпкерлік тәуекелділікті мадақтайтын құрал ретіндегі салықтардың төмендетілуіне шақырады. Кейнсиандықтар көбінесе қысқа мерзімді мақсаттарға, атап айтқанда нақты ЖҰӨ-нің жоғарғы деңгейін сақтап отыруға, жиынтық шығындарға әсер етуге назар аударса, «ұсыныс экономикасының» жақтаушылары толық жұмысбастылық пен өндірістік қуаттардың толық қамтылуы кезінде қоғамдық өнімнің өсуін қамтамасыз ететін факторларға сүйене отырып, ұзақ мерзімді мәселелерді қарастырады.
3. Әртүрлі теориялық бағыттардың
экономистері экономикалық өсуді ынталандырудың
басқа да мүмкін болатын әдістерін ұсынады.
Мысалы, кейбір ғалымдар экономикалық
өсуді ынталандыру үшін өнеркәсіп құрылымындарының
қалыптасуында үкімет өзіне тікелей белсенді
қатысушы рөлін алатын индустриалды саясатты
үгіттейді.Сонымен қатар үкімет жоғары
өнімділікті салалардың дамуын тездететін
және төмен өнімділікті салалардан ресурстардың
қозғалысын жылжытатын шараларды жүзеге
асыруға жол береді. Білім беруге бағытталған
шығындар да жұмыс күші сапасының жоғарлауы
мен еңбек өнімділігінің өсуіне де ықпал
ете алады. Экономикалық өсуді ынталандырудың
мүмкін болатын әдістерінің көптігі мен
қиыншылықтарына қарамастан экономистердің
барлығы экономикалық өсу қарқындарының
көбеюі оңай мәселе еместігі мен капитал
сыйымдылықпен жинақтарға бейімділік
реттеу шараларына оңай берілмейтіндігі
туралы ортақ ой – пікірді бөліседі.
Жоғарыдғы мәселелерді қарастыра келе дамудың экстенсивті жолы өзін сарқып бітті. Жаңа, әлі даму үстіндегі экономикалық қатынастар жағдайында экономикалық жаңа өрлеуге жол бермей тек қайшылықтарға әкеледі. Сондықтан объективті түрде экономикалық өсудің үлгісін ауыстырып, халық шаруашылығын интенсивті даму жолына қою керек. Бірақ интенсивті жолдың өзі экстенсивтіден туындағанын ұмытпау керек. Жаңа экономикалық қатынастардың дамуына негіз құрып, экстенсивті өсу жолы бүкіл әлемнің ұлттық шаруашылықтарының дамуына үлкен үлесін енгізді.
Қорытынды: Дамыған елдер тәжірибесі бойынша тек қана нарықтық принциптер негізінде материалдық-техникалық базаның қалыптасуы мүмкін емес. Елдегі инновациялық даму мемлекеттің араласуынсыз оң нәтиже бермейді, сондықтан инновация мен инвестиция мемлекеттік реттеудің объектісі болып табылады. Көптеген дамушы елдер табиғи ресурстарға бай бола тұра, тұрақты дамуға қол жеткізе алмады. Қысқа мерзімде шикізат экспорты бұл елдердің мемлекттік қазынасына табыс әкеліп, тұрғындардың әл-ауқатын көтереді. Алайда, уақыт өте келе жоғары табыс экономиканы құлдыратады, яғни мемлекетті шикізат экспортынан және оның нарықтағы жағдайынан тәуелді етіп, шикізатты аз қажет ететін жаңа саланың дамуын ынталандырмайды және шикізатты күндердің күнінде таусылатынын еске алсақ, бұл мәселенің қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. Дәл осы жағдайдан шығудың бірақ жолы бар, ол – жоғары технологиялық өндірісті дамыту.
Қазіргі таңда ел экономикасы дамудың шешуші факторлары – ғылым мен инновациялық технологиялар екеніне күннен-күнге көз жеткізіп келеміз.
Дүниежүзілік
экономиканың ғаламдануы
-экономиканың бір жақты шикізатты бағыттылығы;
-әлемдік экономикаға ықпалдасудың әлсіздігі;
-ел ішіндегі салааралық және өңіраралық ықпалдасудың босаңдығы;
-ішкі нарықта тауарлар мен қызметтерге тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика);
-өндірістік және әлеуметттік инфрақұрылымның жеткілікті дәрежеде дамымауы;
-кластерлік желілердің дамымауы, яғни кәсіпорындардың бір орталыққа шоғырланбауы;
Осы мәселелерді шешу қызметі барысында стратегияның келесі міндеттерін атап өтсе болады. Стратегияның міндеттері: -өңдешуі өнеркәсіпте орташа жылдық өсу қарқынының 8 – 8 ,4 % мөлшерінде қамтамасыз ету, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнімділігін кемінде 3 есе арттыру және ЖІӨ энергия сыйымдылығын 2 есе төмендету;-өңдеуші өнеркәсіптің негізгі қорларының өнімділігін арттыру;-кәсіпкерлік құрылымды қалыптастыру, бәсекелестік артықшылықты жетілдіретін қоғамдық институттарды қамту, қосылған құнға барынша қол жеткізе отырып, нақты өндірістерде қосылған құн тізбегіндегі элементтерді игеру;