Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2014 в 16:10, курсовая работа
Екінші тарауым «Қазақстанда шағын және орта бизнестің деңгейі және дамытудың мәселелері» деп аталады. Бұнда мен еліміздегі бизнестің дамуындағы басты кедергілер мен оларды жою жолдарына тоқталдым. Бірінші сұрақта шағын бизнестің алдында тұрған басты кедергілерге назар аудардым. Осыған орай, екінші сұрағым өрбіді, яғни бұл жерде бизнес дамуының қалай жүзеге асатындығын тереңірек зерттедім. Мемлекетімізде шағын және орта бизнесті дамыту үшін Үкімет қолдау шараларын жүзеге асыруда. Бұл, әсіресе, қабылданған Заңдардан және индустриалды-инновациялық Бағдарламадан өзінің айқын көрінісін табады.
Ал үшінші сұрағында тағы да қандай осы бизнесті дамытатын бағдарламалар, яғни «Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жеделдетілген шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын» қарастырамын.
Кіріспе...................................................................................................................3
І тарау. Нарықтық экономикадағы шағын және орта бизнестің мәні
мен мазмұны
1.1 Шағын және орта бизнестің түсінігі және оның түрлері ...........................5
1.2 Шағын кәсіпкерліктің артықшылықтары мен кемшіліктері......................7
ІІ тарау. Қазақстанда шағын және орта бизнестің деңгейі,
даму мәселелері
2.1 Қазақстандағы шағын бизнестің және орта бизнестің
дамуындағы кедергілер.................................................................................9
2.2 Шағын бизнесті және орта бизнестің даму шаралары, оларды
іске асырудың жолдары..............................................................................12
2.3 Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамыту
жолындағы болашақ бағдарламалар................................................................17
Қорытынды.......................................................................................................22
Пайдаланған әдебиеттер тізімі...............
Мазмұны
Кіріспе.......................
І тарау. Нарықтық экономикадағы шағын және орта бизнестің мәні
мен мазмұны
1.1 Шағын және орта бизнестің түсінігі және оның түрлері ...........................5
1.2 Шағын кәсіпкерліктің артықшылықтары
мен кемшіліктері..................
ІІ тарау. Қазақстанда шағын және орта бизнестің деңгейі,
даму мәселелері
2.1 Қазақстандағы шағын бизнестің және орта бизнестің
дамуындағы кедергілер....................
2.2 Шағын бизнесті және орта бизнестің даму шаралары, оларды
іске асырудың жолдары.......................
2.3 Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамыту
жолындағы болашақ бағдарламалар.................
Қорытынды.....................
Пайдаланған әдебиеттер тізімі........................
Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алғанына, міне, 15 жыл болды. Осы жылдар ішінде экономикамыз әлемдік нарықта жоғарғы деңгейге көтеріліп, Қазақстан әлемнің бүкіл ұлы державаларына нарықтық экономикалы ел ретінде танылды. Нарықтық экономиканың негізі жеке меншік институты екені белгілі. Сондықтан нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезеңінен бастап Үкіметтің де, зерттеушілердің де назарында жеке меншіктің, соның ішінде шағын және орта бизнестің қалыптасуы мен даму мәселелері болды.
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту – ел экономикасының қайнар көзі. Осы бағытта атқарылып отырған істер аз емес. Қазақстан Республикасында жүргізіліп отырған реформалар, басты мақсаты азаматтардың жоғарғы өмір стандарттары мен еркін дамуын қамтамасыз ету болып табылатын, әлеуметтік негіздегі экономиканы қалыптастыруға бағытталған. Бұл жағдай елдің негізгі Заңы – Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген. Осы мақсатқа қол жеткізуге айтарлықтай үлес қосатын маңызды факторлардың бірі шағын кәсіпкерліктің дамуы екені анық.
Нарықтық экономика жағдайында Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің қызмет ету процесінің күрделілігі, оның ғылыми негіздерін, бағытталу беталыстарын, қазіргі жағдайына бөлшектік талдау жасау, даму формаларын анықтау қажеттілігі, даму барысында туындайтын мәселелерді шешудің жоғарғы тәжірибелік маңызы зерттеудің өзектілігін айқындап, тақырыпты таңдаудағы негіз болды.
Зерттеудің мақсаты республикамыздағы шағын және орта бизнестің дамуындағы қалыптасуы мен даму жүйесін теориялық және тәжірибелік негіздеу мен еліміздің стратегиялық даму бағыттарының бірі – индустриалды-инновациялық Бағдарламаны жүзеге асыру механизмі жөнінде ұсыныстар жасау болып табылады.
Курстық жұмысымның бірінші тарауы «Нарықтық экономикадағы шағын және орта бизнестің мәні және мазмұны» деп аталады. Осы жерде мен шағын және орта бизнес дегеніміз не? деген сұраққа толық жауап беруге, оның қанша түсінігі және түрлері бар екендігіне және оның республикамызда қалай орын алғандығы туралы баршамызды толғандырып жүрген сұрақтарға жауап беруге тырыстым.
Екінші тарауым «Қазақстанда шағын және орта бизнестің деңгейі және дамытудың мәселелері» деп аталады. Бұнда мен еліміздегі бизнестің дамуындағы басты кедергілер мен оларды жою жолдарына тоқталдым. Бірінші сұрақта шағын бизнестің алдында тұрған басты кедергілерге назар аудардым. Осыған орай, екінші сұрағым өрбіді, яғни бұл жерде бизнес дамуының қалай жүзеге асатындығын тереңірек зерттедім. Мемлекетімізде шағын және орта бизнесті дамыту үшін Үкімет қолдау шараларын жүзеге асыруда. Бұл, әсіресе, қабылданған Заңдардан және индустриалды-инновациялық Бағдарламадан өзінің айқын көрінісін табады.
Ал үшінші сұрағында тағы да қандай осы бизнесті дамытатын бағдарламалар, яғни «Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жеделдетілген шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын» қарастырамын.
Қазақстандықтардың бастамашылығына кең өріс ашу үшін жағдай жасалуда, кәсіпкерлер ендігі жерде осы мүмкіндіктерді пайдалана алатындарына сенімім мол!
І. Нарықтық экономикадағы шағын және орта бизнестің мәні мен мазмұны
Индивидуалды немесе шағын кәсіпкерліктің мәні мен мағынасын нақтылы түсіну үшін оның қызметтік функцияларына сипаттама бергеніміз жөн.
Кәсіпкерліктің негізгі функциялары және олардың сипаттамасы:
Шағын кәсіпкерліктің өзі үш түрге бөлінетіндіктен, ал бұл бөліну тікелей атқаратын функцияларымен байланысты болғандықтан, шағын кәсіпкерліктің түрлеріне қысқаша сипаттама берейік.
Дәстүрлі түрдегі шағын фирмалар (отбасылық, фирмалар, микро өндірістер, үлкен немесе зауыттар, қызмет көрсету компаниялары және т. б.);
Өз саласындағы «мини-монополистер». Мысалы, норвеждік «Ка Не Ва» компаниясы әлемдегі әскери кемелердің құрал-саймандарына деген сұраныстың 30%-ы қана қанағаттандырады.
Тәуекелі бар шағын өзгерістер, олардың ерекшеліктері туралы американ экономисі Дж. Вильсон былай деп жазған болатын: «Бұл әке-шешенің отбасылық пиццериясы немесе автоматты өнертапқыштың гаражындағы шеберханасы емес. Көп жағдайда, бұл – өндіріс, оның өте жақсы мамандырылған қызметкерлері, құрал-жабдықтары және қаржылық қолдауы бар».
Сонымен, шағын кәсіпкерлік – ел экономикасындағы үлесі аз, жұмыскерлер саны шектелген, жұмыс бағыты кәсіпорынға сәйкес меншіктің кез келген түріндегі экономикалық категория болып келіп, орта және ірі бизнестің, сондай-ақ қоғамдастықтар мен серіктестіктердің одан әрі дамуына ықпалын тигізеді, бастаудың «бастауы» болып табылады.
1.2 Шағын кәсіпкерліктің
артықшылықтары мен
Нарықтық экономикада шағын және орта бизнестің іс-әрекет барысында артықшылықтары мен кемшіліктері байқалады. Қазақстан Республикасының нарығындағы шағын бизнестің экономикалық артықшылықтары:
- Нарықтық экономикаға өту барысында кәсіпкерлік процесінің тез арада өтуі, яғни халықтық кәсіпкерлікке қызығуы және онымен айналысуы.
- Кәсіпорынды басқаруда қызметкерлер санының аздығы менеджмент жүйесінің артуына алып келеді.
- Кәсіпорынның ақща айырьасу жүйесінің айқын болуы.
- Кәсіпорының басқа да кәсіпкерлермен келісімдік қарым- қатынас жасауға ыңғайлығы.
- Кәсіпорының есептік жүйесінің нақтылығы да айқын көрсетілуі.
- Кәсіпорының өнім өндіру барысында қаржылық және табиғи ресурстардың тиімді қолдануы.
- Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінен бизнесті қолдауға арналған несиелерді алуға жеңілдігі.
Қазақстан Республикасынын нарығындағы шағын бизнестің экономикалық кемшіліктері:
- Шағын кәсіпкерлік қызметтің бәсекелістіктен қорғалмауы.
- Кәсіпорының өңдірістік процесіндегі өнім өңдірудің шығындығы.
- Кәсіпорындардың өңдірістік маштабтардың ұлғайтудағы шетелдік инвестиция көздерінің тартымсыздығы.
Қазақстан Республикасының нарығындағы орта бизнестің артықшылықтары:
Қазақстан Республикасының нарығындағы орта бизнестің кемшіліктері:
- Кәсіпорындардың арасындағы қаржылық қатынастардың төмен денгейде болуы.
- Кәсіпорынның ақша айырысуы процестерінің төмен деңгейде болуы.
- Өндірістік және еңбек
- Өңдірісті ұжымдастыру, оны шикізатпен, материалдармен, жартылай фабрикаттармен жабдықтау және өңдірістік, несие-қаржылық және жобалау мекемелерінің біріне-бірі әсер етуі.
- Бәсекеге төзімді өнім өңдіру.
-өнімді сату.
- Пайда есебінен инвестициялық қор
Шағын және орта бизнестің даму мәселелерін қарастыру барысында артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастырып алғанымыз дұрыс.
Одан курстық жұмыстың екінші тарауында осы артықшылықтар мен кемшіліктерді реттеудің мемлекеттік шараларымен бағдарламалар туралы жазамын.
Бірақта кәсіпорынның дамуын тікелей кәсіпкерге байланысты. Кәсіпкерлікті басқара білу, оны жетілдіріп, дамыту нарық жағдайында басты талап.
ІІ . Қазақстанда шағын және орта бизнестің деңгейі, даму мәселелері
2.1 Қазақстандағы шағын
бизнестің дамуындағы
Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының деректеріне назар аударсақ, әлемдегі дамыған елдерде шағын кәсіпорындардың саны сол мемлекеттегі барлық өндірістік кәсіпорындардың жалпы санының 95 пайызынан асады. Бұл көрсеткіш біздің Қазақстанда биылғы жылдың басында ғана 90,1 пайызға жетті. Тек әлемдік экономикада барлық жұмыс істейтін адамдардың 60 пайызынан астамы осы шағын кәсіпорындардың үлесіне тисе, Қазақстанда ол 19 пайыз ғана. Биыл жыл басында Республикамыз бойынша 626187 шағын кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өтсе, оның 481623-і ғана жұмыс істейді екен.
Қазақстан Республикасында болып жатқан оңды өзгерістердің бірі – адамдардың нарықты қабылдауы, түсінуі, одан өз орнын табуы. Солардың бір көрінісі ретінде адамдардың шағын кәсіпкерлікпен шұғылдануы. Бірақ тәуелсіз Қазақстанның нарықтық экономиканы қалыптастыру жолына түскеніне он бес жыл ғана болғандықтан, кәсіпкерліктің де өз кедергілері бар. Әсіресе, бизнесте бәсекелестік жетіспейді, олардың өз жұмысын жандандыруына жергілікті жерлерде әдейі қолдан жасалынып отырған кедергілер көп. Шетелдік сарапшылардың, экономист-ғалымдардың пікірінше қазақстандық компания, фирмалардың жұмысты үйлестіру, бизнестік ортамен байланыс жасау, бизнес жүргізудің тиімді әдістерін меңгеру жағынан іс-тәжірибесі аз. Қазақстандық бизнесмендерге салық тәртібі, бюрократия, сыбайлас жемқорлық та үлкен кедергілердің бірі.
Олардың барлығын бес ірі топқа бөле отырып, мүмкін жою жолдарын ұсынып отырмын.
Жою жолдары:
Жою жолдары:
Информация о работе Қазақстанда шағын және орта бизнестің деңгейі, даму мәселелері