Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2014 в 16:10, курсовая работа
Екінші тарауым «Қазақстанда шағын және орта бизнестің деңгейі және дамытудың мәселелері» деп аталады. Бұнда мен еліміздегі бизнестің дамуындағы басты кедергілер мен оларды жою жолдарына тоқталдым. Бірінші сұрақта шағын бизнестің алдында тұрған басты кедергілерге назар аудардым. Осыған орай, екінші сұрағым өрбіді, яғни бұл жерде бизнес дамуының қалай жүзеге асатындығын тереңірек зерттедім. Мемлекетімізде шағын және орта бизнесті дамыту үшін Үкімет қолдау шараларын жүзеге асыруда. Бұл, әсіресе, қабылданған Заңдардан және индустриалды-инновациялық Бағдарламадан өзінің айқын көрінісін табады.
Ал үшінші сұрағында тағы да қандай осы бизнесті дамытатын бағдарламалар, яғни «Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жеделдетілген шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын» қарастырамын.
Кіріспе...................................................................................................................3
І тарау. Нарықтық экономикадағы шағын және орта бизнестің мәні
мен мазмұны
1.1 Шағын және орта бизнестің түсінігі және оның түрлері ...........................5
1.2 Шағын кәсіпкерліктің артықшылықтары мен кемшіліктері......................7
ІІ тарау. Қазақстанда шағын және орта бизнестің деңгейі,
даму мәселелері
2.1 Қазақстандағы шағын бизнестің және орта бизнестің
дамуындағы кедергілер.................................................................................9
2.2 Шағын бизнесті және орта бизнестің даму шаралары, оларды
іске асырудың жолдары..............................................................................12
2.3 Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамыту
жолындағы болашақ бағдарламалар................................................................17
Қорытынды.......................................................................................................22
Пайдаланған әдебиеттер тізімі...............
Жою жолдары:
Жою жолдары:
Жою жолдары:
2.2 Шағын және бизнестік даму шаралары, оларды іске
асырудың жолдары
Шағын кәсіпкерлікте «тез жараланатын» жерлері бар. Олар әлсіз стратегиялық басқаруда, яғни басшының ұзақ мерзімді шешімдері қабылдауда нақтылықсызбен, өзін-өзі қамтамасыз етуде ақпараттық жетіспеушілігі, қаржылық ресурстардың, өзіндік және жарналық тапшылығы, тәуекелділіктің жоғарғы деңгейі және әрекеттің тұрақсыздығы, сыртқы ортадан – банктер, мемлекеттік басқару органдары, ірі кәсіпорындары, ғылыми ұйымдарынан – қатты тәуекелділікте болуымен байланысты болады.
Соңғы уақытта республикада шағын кәсіпкерлік әлеуметтік функциялардан жиі-жиі босатылады. Әлеуметсіздендіру процесі стратегиялық жоспарлауда шағын кәсіпкерліктің өзінің жұмыскерлерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы үшін қоғам алдындағы жауапкершіліктің азаюымен және олардың жалпымемлекеттік, муниципалды және әлеуметтік мәселелерді шешуде аз қатысуында айқын көрініс табады.
Кәсіпкерлік бостандық және әлеуметтік жауапкершілік принциптердің байланысы тек нарық мезанизмі арқылы ғана мүмкін емес. Ол үшін мемлекеттің сәйкес саясаты да қажет. Мемлекетке қатысты шағын кәсіпкерлікте екі негізгі функцияларды атап өтуге болады: реттеушілік және қолдау. Біріншісі шағын кәсіпкерлікте құқылы ортаны құруда, ұйымдастырушылық-әкімшілік сұрақтарды шешуде және сәйкес есептерді орындауда, бақылауда көрініс тапты. Қолдау функциясында шағын кәсіпкерліктерге дейін материалды, ақшалай, ақпараттық ресурстарды, мемлекеттік тапсырыстарды, оларға қызмет көрсетулерді жеткізумен байланысты әрекеттер орындалады.
Шағын кәсіпкерлік тек «астынан» әсер ету еркінен өмір сүргіш. Мемлекеттің басты мақсаты кәсіпкерлікті қысып-жаңшуда емес, оның әрекет етуі үшін экономикалық ортаны қалыптасытыру. Ашық көрсетілген түрде шағын кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік саясаты заңды және нормативті базаны құру мен жетілдірумен, іскерлік белсенділікті ынталандырумен, кәсіпкерлік әрекетті қамтамасыз ететін нарықтық инфрақұрылымын қалыптастырумен тікелей байланысты. Жағымды экономикалық ортаны қалыптастыруда позитивті қоғамдық ойларды жетілдіруге ерекше орын бөлінеді.
Дамыған елдерде шағын кәсіпкерліктерге байланысты мемлекеттік саясаттың негізгі кәсіпкерлік кішірейтілген үлгі болып табылмайтындығында және ірі фирманың дамуындағы аралық саты емес екендігіне қарамай, өзіндік ерекшеліктері және даму заңдылықтары бар ерекше модель ретінде қарау жатыр. Сол себептен, шағын кәсіпкерлікке ерекше қарау және оның әлсіз құрылымына сәйкес қолдау үшін арнаулы шараларды ұйымдастыру керек.
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауы елдің мүмкіншілігіне, сол сияқты перспективалық және ағымдық мемлекеттік есептерді шешуге орай, жаңа жұмыс орындарының құрылуы немесе экономикасы артта қалып қойған аудандарды көтеруі, ғылымды көп қажет ететін өндірісті дамытуы немесе сыртқы экономикалық қызығушылықты көтеруі, кәсіпкерліктің араласуымен байланысты.
Мемлекеттің белсенді қолдауы жаңа шағын кәсіпкерліктің пайда болуын ынталандырады. Шағын кәсіпкерліктің дамуындағы мемлекеттің ықпал етуін көруге болады. Көп мемлекеттер экономикалық дамудың кәсіпкерлік моделі деп аталатын модельді ұстанады. Ол бойынша шағын кәсіпкерліктің балсенділігін арттырудың әсерлі, әрі иілгіш тәсілдерін қолдануы жатыр. Кәсіпорынның даму сатысы мен дәрежесіне орай қолдау дифференциалды болуы тиіс.
Қазақстан Республикасының «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауы туралы» заңында келесілер қарастырылады:
Шағын кәсіпкерліктің дамуын белсендету үшін шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Орындалуы үшін жалпы басқарушылық Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеудің, шағын бизнесті қолдау мен бәсекелестікті қорғаудың Агенттігіне жүктелді. Бағдарлама құрастырушылары шағын кәсіпкерліктің ЖІӨ-ге екі жылдан кейін қосатын үлесі 22%-ға дейін артуына сенім білдірді.
Шағын кәсіпкерлікті несиелеудің басты қиыншылығы көп кәсіпкерлерде кепілге қалдыратын материалдардың болмауы болып табылады. Сол себептен коммуналды меншіктің объектілерінен аймақтық ликвидті кепілдеме фондтары құрылуда. Олар Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында қалыптасты.
Шағын кәсіпкерлікті дамыту Фондтың жұмыс әрекетіне облыс әкімдері тартылады. Олардың көмегі қалтырап тұрған әкімшілік ғимараттарды (жалға беру, қайтарымсыз, т. б.) кәсіпкерлерге пайдалануға беруінде жатыр. Мысалы, 2000 жылдың 1 қаңтарында республика аумағы бойынша 4394 пайдаланбайтын объектілер және ғимараттар анықталды. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне сатылғаны – 1835, жалға берілгені – 1778, өнімділік басқаруы – 700, қайтарымсыз төлемге – 432 объектілер болып табылады.
Басқарушылық органдардың көрсетілетін қолдауы таңдаулы екендігі бүгін ешкімге де құпия емес. Тендерлерді өткізгенде, несиелерді үйлестіргенде жеңістің үлкен бөлігін не қалыптасқан шағын кәсіпорындар, не сәйкес құрылымдарда жақсы қолдауы бар кәсіпкерліктер құрайды.
Ақпаратпен қамтамасыз ететін ұйымдар мен кәсіпкерлерді үйретуі бойынша Алматы облысында үлкен жұмыстар жүргізілуде. Ол үшін «Бірлескен әрекет туралы» республикалық мекетептер мен бизнес орталықтары арасында, «Екі жақты байланыс туралы» БҰҰ/ПРООН (UNIDO) жобасы мен Алматылық кәсіпкерлер Ассоциациясы арасында, Алматылық және Талдықорғандық стандарттау орталықтарымен, Алматылық сауда-өнеркәсіптік палатасымен келісім шарттарға сәйкес Талдықорған, Саркенд, Қапшағай, Алматы қалаларында, Шүнджі аулында «Кәсіпкерлікті дамытудың сұрақтары» атты семинарлар өткізілді.
Мемлекет шағын кәсіпкерлерге конкурстық негізде белгілі бір тауар түрлерін, жұмыстарды, қызмет көрсетуіне мемлекеттік тапсырыстарды орналастырғанда жеңілдіктер беруі тиіс. Ол мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдардың күнделікті сұранысын шағын кәсіпкерліктің субъектілерінің өнімін мен қызметін бірінші кезекте сатып алынуы арқылы қамтамасыз етуі керек. Мемлекеттік шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001-2002 жылдардағы бағдарламасында бюджеттік ұйымдардың Қазақстандық шағын кәсіпкерлердің шығаратын өнімдерімен бірдей импорттық тауарларды сатып алуына тиым салынады. Ірі компанияларға берілетін мемлекеттік тапсырыстардың бір бөлігін шағын кәсіпкерлерге конкурстық негізде үйлестіріліп берілуі тиіс.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің инвестициялық әрекетінің мемлекеттік қолдауы мыналар арқылы жүзеге асырылады:
Қазақстанда 2030 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарының контексінде ең басты мақсаттарының арасында – ауылдың және кедейлік пен жұмыссыздықпен күресу мәселелерін шешу. Бұл мәселелерді шешу шағын және орта бизнесті дамыту арқылы, Қазақстан тұрғындарын көбірек кәсіпкерлікке кірістіру арқылы жүзеге асады.
Кәсіпкерлер үшін, сәйкес саясатты жүргізу мен шағын және орта бизнесті қоддау бағдарламаларын жасау арқылы шағын және орта бизнесті дамыту үшін жағдай жасауда ең басты рольді үкімет атқарады. Нарықтық экономиканы дамыту жолына түскен елдердің алдында мақсат тұр – өсім мен прогрестің тұрақтануына жағдай жасау.
Табысты кәсіпкерліктің шарттары осы негізгі принциптерге сүйенген:
Осы принциптерге сүйеніп, келесі 4 облыстарда мемлекеттік саясат жасалып өңделуі тиіс:
Шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған үкіметтік саясаттың басты сфералары:
Кәсіпкерлікті дамыту үшін мемлекет көптеген жобаларды, заңнамаларды қолдануда. Оның септігін бүгінгі күндері бәріміз де көріп отырмыз.
2.3 Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамыту жолындағы болашақ бағдарламалар
Қазақстанда шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту қашанда мемлекет қамқорлығында. Ол 1992 жылы «Шағын кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы», 1997 жылы «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» және «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңдардың қабылдануынан, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың 1997 жылғы наурызда «Шағын кәсіпкерлікті дамытуда мемлкеттік қолдауды күшейту және оны жандандыру шаралары туралы» Жарлыққа қол қойып, арнайы бағыт-бағдар беруінен айқын аңғарылады. Сондай-ақ 1999 жылдан бастап Қазақстанда шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның негізгі мақсаты мен міндеттері белгіленіп, ел экономикасының басымдық салаларында оның үлесін арттыруға ерекше көңіл бөліне бастады.
Қазіргі таңда жаңа бағдарлама қабылданды. Ол - «Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жеделдетілген шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы».
Оны әзірлеу үшін негіздемелер: ҚР Президентінің «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауы, «Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау мәселелері жөніндегі жұмыс топтарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 8 желтоқсанындағы №358-і өкімі қолданылды.
Әзірлеуші: Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі.
Бағдарламаның негізгі мақсаты: Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер қызметі саласын барынша кеңейтуге және оларды жандандыруға бағытталған институционалдық жағдайларды жетілдіру есебінен Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Бағдарламаның міндеттері: Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін барынша ашық заңнамалық негіз құру; экономиканы бюрократиясыздандыру және әкімшілік кедергілерді жою; шағын және орта кәсіпкерлікте көлеңкелі айналымды қысқарту; мемлекетке бейінді емес функцияларды рыноктық ортаға, бірінші кезекте, шағын және орта кәсіпкерлікке беру; кластерлік-желілік ұстаным негізінде өмір сүруге қабілетті инфрақұрылымдық жүйе құру және қамтамасыз ету; инновациялық экономикада кәсіпкерліктің қатысуы.
Информация о работе Қазақстанда шағын және орта бизнестің деңгейі, даму мәселелері