Қазақстан Республикасыны экономикалық жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2013 в 11:44, лекция

Краткое описание

Жер шарында жыл сайын 600 миллион тоннадан астам зиянды өндіріс қалдықтары шығарылады. Ал біздің республикамызда 22 миллиард тонна өндіріс қалдықтары жиналған және оның мөлшері жыл сайын 1 миллиард тоннаға артып отыр. Оның ішінде 150 миллион тоннасы улы және 20 миллион кубометр тұтыну қалдықтары. Бұл қалдықтар елімізге, халықтық денсаулығына өте зиян келтіріп отыр.

Бүгінгі таңда қоршаған ортаны қорғау жағдайы жер-жаһанды алаңдатуда. Ал Кеңес дәуірінен «қомақты экологиялық мұраға ие болып қалған» Қазақстан үшін бұл ең өзекті мәселе.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасыны экономикалық жағдайы шырын.docx

— 25.78 Кб (Скачать документ)

                 Қазақстан Республикасыны экономикалық жағдайы.

Жер шарында жыл сайын 600 миллион  тоннадан астам зиянды өндіріс қалдықтары шығарылады. Ал біздің республикамызда 22 миллиард тонна өндіріс қалдықтары жиналған және оның мөлшері жыл сайын 1 миллиард тоннаға артып отыр. Оның ішінде 150 миллион тоннасы улы және 20 миллион кубометр тұтыну қалдықтары. Бұл қалдықтар елімізге, халықтық денсаулығына өте зиян келтіріп отыр.

 

Бүгінгі таңда қоршаған ортаны қорғау жағдайы жер-жаһанды алаңдатуда. Ал Кеңес дәуірінен «қомақты экологиялық  мұраға ие болып қалған» Қазақстан  үшін бұл ең өзекті мәселе.

 

2002 жылы Иоханнесбургте өткен  Тұрақты даму жөнінідегі әлемдік  саммиттесөз сөйлеген Елбасымыз  Кеңес Одағы тоқырауға ұшырағаннан  кейін, Қазақстанның түрлі экологиялық,  саяси, экологиялық проблемалар  ортасында жалғаздан-жалғыз қалғандығын  айта келе, бір ұрпақтың көз  алдында «ғайып болған» Аралтеңізі  мен есепсіз жасалған ядролық  сынақтардан тоз-тоз болған аумақтарға  әлем назарын аударды.

 

БҰҰ мемлекеттік хатшысы Кофи Аннен  Қазақстанға келген кезінде Президент  Аралды құтқару жөніндегі Халықаралық  қорға БҰҰ институтының мәртебесін беру туралы ұсыныс жасады. Арал аймағындағы  экологиялық проблемалардың біршама  бөлігін шешу мәселелері бүгінгі  Арал  жөніндегі халықаралық ұйымның  араласуымен жасалған 2002-2010 жылдарға арналған Арал теңізі бассейніндегі  экологиялық, әлеуметтік-экологиялық  ахуалды  жақсарту жөніндегі нақты  іс-шаралар бағдарламасына енгізілді. Бағдарламада тұрғындар денсаулығын  жақсарту, олардың тұрмыс деңгейін көтеру, суға, жерге және басқа табиғи ресурстарға деген тиесілі үлестеріне қол жеткізуін, білім мен мәдениетті дамыту үмін несиемен қамтамасыз ету  жөніндегі шараларды қарастырады.

 

Арал экологиялық апат аймағында  тұратын халықтық  денсаулығы өте  нашар. Жекелеген аудандарда, мысалы әйелдердің қаназдық ауруы 90 пайызды  құрайды, ана мен бала өлімі көп. Осыларды ескеріп, біз Қызылорда  қаласынан қоршаған ортаны қорғау және халық денсаулығы мониторингі орталығын  аштық.

 

Ал Семей ядролық сынақ айлағына қатысты айтар болсақ, осы жылы бюджет қаражаты есебінен шығыс Қазақстан  облысы Күршім ауданындағы радиоэкологиялық ахуалды бағалау жөніндегі жұмыстар аяқталады.

 

Біз үшін экологиялық проблемалардың жаңа нүктесіне айналып отырған  Каспий теңізіндегі техногендік  апаттар мен ластанулар көмірсулы  ресурстардың қомақты көлемде игерілуімен  байланысты. Мұнай өндіру мен оны  тасымалдауда болатын апаттар шетелдік компаниялардың жүргізілген жұмыстарының  толық экологиялық қауіпсіздігін  қамтамасыз етуге дайын еместігін  көрсетеді. Осы және бұдан басқа  да бірқатар мәселелердің алдағы уақытта  шешімін табуы үшін біз Президент  бекіткен 2003-2005 жылдарға арналған Каспий теңізі қайраңының  қазақстандық бөлігінигеру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға енгіздік.

 

Үстіміздегі жылдың қыркүйек айында Ақтау қаласында Каспий экологиясы бойынша бірінші халықаралық  конференция өткізілді. Каспий теңізінің  экологиясын қорғау жөніндегі  шектеулі конференцияның жобасы жасалып,  оны  барлық Каспий маңындағы мемлекеттермен келісу барысында алдын ала үлкен  жұмыстар жүргізілді. Бес мемлекеттің  төртеуі: Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан және Иран 14 қарашада Тегеран қаласында  аталған коференцияға қол қойды.      Ал Түркменстан кейінірек қосылмақ. Шектеулі конференцияда тараптардың  міндеттіліктері, Каспий теңізі  ресурстарын  пайдалануда қоршаған ортаға зиян тигізбеу,  оны қорғау, сақтау жөніндегі қажетті  шараларды дербес және бірлесіп қабылдау қарастырылады. Бұрынғы Кеңес одағы  кезінен мұнаы-газ кешендері, жылу электір станциялары, тау-кен және қайта өңдеу өнеркәсіптері, сондай-ақ иесіз ұңғымалар, шахталар мен кен  орындары, әскери сынақ полигондары, т.б. секілді тарихи ластанулар да өз алдына бөлек мәселе. Қазіргі уақытта  елімізде20 миллиардтан астам өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар жинақталған. Оның ішінде 237 миллионы-радиоактивтік  қалдықтар, 6,7 миллион – улы қалдықтар. Осы тарихи ластану ошақтарын  жою республикалық бюджет есебінен қазіргі күннен-ақ қолға алынуда, болашақта бұл шара дұрыс жолға  қойылады деген сенімдеміз.

 

Еліміздегі экологиялық ахуалға  әскери сынақ айлақтары да зиянды зардаптарын тигізуге. Бұрын Қазақстан  аумағында ірі-ірі 14 әскери сынақ  айлағы жұмыс істесе, қазір соның  төртеуі қалды. Сынақ жүргізу  кезінде,  ракета ұшырылған уақытта,  сондай-ақ ракеталардың жерге құлаған  түрлі бөліктерінен өте улы заттар ауаға таралатыны белгілі.

 

Үстіміздегі жылы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі «Қазақстан Республикасы территориясының ракета-космос қызметінен бүлінген учаскелерінің экологиялық ахуалының мониторингі» бюджеттік бағдарламасы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын бастады,  сондай-ақ «Капустин яр» әскери сынақ айлағының аумағын зерттеу бағдарламасы бойынша жұмыстар одан әрі жалғастырылуда.

 

Қалаларда, әсіресе, өнеркәсіп, өндіріс  орындары бар қалаларда ауа атмосферасының  ластануынан экологиялық қауіп  деңгейі артып отыр. Өскемен, Риддер, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Теміртау секілді  қалалар сол бұрынғы ластанған  күйлерінде. Ал қоршаған ортаны ластаушы-қазандықтарға  айналып отырған ең ірі өндіріс  бірлестіктері: «Балқаштүстіметалл комбинаты» , «Востокказмет» филиалының «Мыс-химия  комбинаты» және «Қазақмыс» корпорациясы. Мұндай кәсіпорындарға министрлік тарапынан  тиісті шаралар қолданылуда.

 

Еліміздегі экологиялық нүктелердің  енді бірі-зиянды қоқыстар тастап, қалдық сулар жіберуден ластанған су көздері. Бірінші кезекте Ертіс  өзені мен Ертіс бассейнінің  басқа да өзендері тұр. Бұдан кейін  ластанған су көздерінің қатарына Іле, Елек, Нұра,Сырдария, Шу өзендері мен  Самарқанд су қоймасы кіреді. Экология саласында осы ретпен арнайы тоқталуды  талап ететін орманды, сулы-батпақты жерлерді, сондай-ақ жануарлар әлемін қорғау, т.б. секілді сан түрлі  проблемалар көп-ақ.

 

Осы ретте экономикасы, қоғамдық сананы және ұлттық заңдылықты айқындайды. Экономиканы  экологияландыруда экономиканың барлық саласындағы экологиялық фактор интеграциясының экономикалық құрал-саймандарын  енгізу ойластырылады. Бұл дегеніміз, өнеркәсіпті,ауыл шаруашылығының дамытудың  кез келген бағдарламалары мен жобаларының, өндіріс күштерін орналастыру тәсімдерін қала құрылысы жобаларды әзірлеуде  міндетті түрде олардың қоршаған орта мен тұрғындар денсаулығына әсерін бағалау мәселелері қарастырылатындығын  аңғартады.

 

Қоршаған ортаны қорғау  жөніндегі  нақты шаралар қазірдің өзінде 2010 жылға дейін Қазақстан Республикасының  индустриалдық-иновациялық дамыту стратегиясына, 2006 жылға арналған Үкімет бағдарламасына, Каспий теңізінің қазақстандық бөлігін игерудің мемлекетік бағдарламсына, 2004 және 2010 жылдарға арналған ҚР-ның  ауылдық аумағын дамытудың мемлекеттік  бағдарламасына енгізілді. Бұл бізді  қуантады, өйткені бұрын мұндай проблемалар  аталған бағдарламада мүлде болмайтын.  Қоғамды экологияландыру, немесе, басқаша  айтқанда, әлеуметтік экологияның көздейтін  мақсаты, бір жағынан , адамдардың табиғат  тазалығы үшін жауапкершілігін арттыру  болып табылады. Яғни қоршаған ортаны қорғау дегеніміз — әр азаматтың  құқықы мен міндеті.

Қоғамдық проблемаларды сараптау орталығының директоры, экономика  ғылымдарының кандидаты Меруерт  Махмутова және Қазақстан Коммунистік  партиясының серкесі, экономика  ғылымдарының докторы Серікболсын  Әбділдинмен өткізілген бұл сұхбаттарда  ұлттық экономиканың ахуалы туралы екі  сарапшы екі түрлі пікір-көзқарас білдірді.

 Басып шығару 

Пікіріңіз

Бөлісу 

 

 Мәтін көлемі

 

Сұлтан Хан АҚҚҰЛЫ

 

 Жарияланған уақыты: 27.08.2008

А

ЗАТТЫҚ: - Меруерт, күнделікті тұтыну тауарларының, азық-түліктің, электр қуатының, жанар-жағар майдың және тағы басқаның бағалары тоқтаусыз өсіп келе жатқанда, Қазақстан экономикасының қазіргі  ахуалын қалай бағалайсыз?

 

М.МАХМУТОВА: - Менің ойымша, экономиканың қазіргі жағдайын дағдарыс деп айтуға онша келмейді. Себебі, әрине, осыған дейін  экономика – жалпы ішкі өнімнің  көлемі жылына 10 пайыздай қарқынмен  дамып келген болса, биыл жалпы ішкі өнім 5 пайызға өссе де жақсы.

 

 

Әрине, экономиканың кейбір проблемасы ашылып көрінді. Банк жүйесінің, құрылыс  саласының дамуы баяулады.

Қоғамдық проблемаларды сараптау орталығының директоры Меруерт  Махмутова. 25 қараша, 2007 жыл, Алматы.

 

Бұл, менің ойымша, ең алдымен дүниежүзлік  дағдарыстың ықпалы. Екінші жағынан  қазіргі ахуал өзіміз үшін – Қазақстан  экономикасына, республика халқына  пайдалы. Себебі, осыған дейінгі экономикалық дамудың тенденциясы жалғаса  берсе, менің ойымша, біз дағдарысқа, ерте ме кеш пе, өзіміз де душар болар  едік. Бірақ ол кезде жағдай әлдеқайда  қиын болатын еді.

 

Қазір коммерциялық банктердің шетелдерден  қаржыландыруы күрт шектелгендіктен, біздің банктеріміз өздерінің бизнес стратегияларын қайта қарап, өзгертіп, оның ішінде құрылыс саласының одан әрі дамуына негіз бар ма әлде жоқ па дегендей салмақтап жатыр. Сондықтан да біз дағдарысқа ұрындық  деп айтуға ертелеу.

 

Бүгінгі таңда мұнайдың бағасы (әлемдік) өте жоғары. Мұнай экспорты Қазақстан  бюджетіне 30 пайыздай үлес қосып келеді. Сондықтан да биыл немесе ендігі жылы біз дағдарысқа ұшыраймыз деп  айта алмаймын.Қазақстан экономикасының қазіргі ахуалы – экономикаға  да, республика халқына да пайдалы

 

АЗАТТЫҚ: - Серікболсын мырза, Қазақстан  экономикасының қазіргі ахуалын  сіз қалай бағалар едіңіз

 

С.ӘБДІЛДИН: - Жалпы Қазақстанда  ішкі өнеркәсіпке арқа сүйеген қуатты экономика жоқ. Біздің экономикамыз тұтастай шикізат өндірісі мен экспортына тәуелді.

 

Ішкі экономика болмағандықтан, сырттан импортталған бұйымдар болсын, азық-түлік болсын шетелдерден тасымалдануына, жол шығындарына байланысты және мұнайдың әлемдік бағасының қымбаттауы салдарынан ішкі бағалар да үнемі өсіп келеді. Қазақстан коммунистерінің серкесі Серікболсын Әбділдин - 2006 жылдың 14 желтоқсанында оппозицияның тәуелсіздік монументіне гүл қою рәсімінде. Алматы, орталық алаң.

 

Үкіметтің де, жеке кәсіпкерлердің де бейберекет өскен бағаны ауыздықтауға шамасы жоқ. Өзіміздің мүддемізге жұмыс  істейтін экономика болмағандықтан, ешкім экономикалық үдерістерді  дер кезінде бағалап, нарық заңдарына  қарай ықшамдауға жол таба алмай  отыр.

 

Тіпті басқаны былай қойғанда, біз  мұнай өндіруші елдердің біріміз, көктемгі жер жырту кезінде немесе күзгі  егін орағы уақытында үкімет шаруа-диқандарды арзан дизель отынымен қамтамасыз етуге  құлшынады, бірақ оны іске асыру  қолынан келмейді. Қолынан келмейтін  себебі, мұнай өңдейтін зауыттардың  барлығы шетелдік компаниялардың меншігінде.

 

Биылғы инфляция деңгейі 20-25 пайыздай болады

 

АЗАТТЫҚ: - Меруерт, сіздің пікіріңіз  бойынша, Қазақстандағы инфляцияның  шынайы деңгейі қандай?

 

М.МАХМУТОВА: - Әдетте инфляция деңгейін алдыңғы жылдармен салыстырып шығарады ғой! Өткен жылы инфляция 18-18,5 пайызды  құрады. Биыл да инфляцияның орташа жылдық деңгейі өткен жылғыдан жоғары бола қоймайды. Өйткені, өткен жылғы  инфляцияның көлемі 2006 жылғымен салыстырғаннан шығады.

 

Биыл да бағаның барлығы өсіп жатыр. Бірақ 2007 жылғыдан артық өсіп жатыр деп айтпас едім. Демек, биыл инфляцияның деңгейі өткен жылғы  көрсеткіштен жоғары бола қоймайды.

 

АЗАТТЫҚ: - Серікболсын мырза, сіздің есебіңіз бойынша, Қазақстандағы инфляцияның  шынайы деңгейі қандай? Сарапшылардың  болжамына сай күзде Қазақстанның қаржы-банк жүйесі жаппай қаржылық дағдарысқа ұшырайды, қозғалмайтын мүліктің бағасы күрт құлдырайды, соның салдарынан – бүкіл банк жүйесі күйреп, Қазақстан  терең экономикалық дағдарысқа батады, егер үкімет, Ұлттық банк және қаржылық бақылау агентігі шұғыл әрі төтенше  шаралар қабылдамаса? Сіз осындай  болжаммен келісесіз бе?

 

С.ӘБДІЛДИН: - Менің өз ойым бойынша, инфляция деңгейі 20-25 пайыздан кем емес. Бірақ инфляциядан қорқу да дұрыс  емес.

 

Бұқара халықтың сатып алу қабілетін, төлем қабілетін арттыруымыз  керек. Соны арттырсақ, біріншіден, өзіміздің  елде шығып жатқан өнімді сатып алуға  деген халықтың мүмкіндігін өсіреміз. Сол арқылы алдымызға қойған мақсатымыз – ұлттық экономикамызды шынайы нарық  жолына бұруға мүмкіндік аламыз.

 

Мысалға, қазір зейнетақылар мен  айлық жалақыларды және әлеуметтік өтемақыларды 2 есеге көтерсек...

 

Әйткенмен де, біздің билік зейнетақы  мен айлық жалақының көлеміне инфляцияның өсуіне байланысты қасықтап қана қосады. Ал ол тоқтаусыз өскен  бағаны жаба алмайды.

 

Қазақстан банктері жаппай банкротқа  ұшырамайды

АЗАТТЫҚ: - Меруерт, банк жүйесінің  қазіргі халін қалай бағалайсыз және оның таяу келешектегі ахуалы туралы сіздің жорамалыңыз қандай? Сарапшылардың болжамы бойынша, күзде Қазақстанның қаржы-банк жүйесі жаппай қаржылық дағдарысқа ұрынады, қозғалмайтын мүліктің бағасы күрт құлдырайды, соның салдарынан – бүкіл банк жүйесі күйреп, Қазақстан терең экономикалық дағдарысқа батады, егер үкімет, Ұлттық банк және қаржылық бақылау агенттігі шұғыл әрі төтенше шаралар қабылдамаса? Сіз осындай болжаммен келісесіз бе?

 

М.МАХМУТОВА: - Бүгінгі күні банк жүйесінің  дамуы баяулады және қазір біздің банктер өздеріне не стратегиялық инвесторлар  іздестіріп жатыр, не өздерінің активтерін жаман, қатерлі қарыздардан тазартып жатыр.

 

Біздің коммерциялық банктер биыл - 2008 жылы $19 миллиардтай қарызын  қайтаруға тиіс. Бұл Ұлттық банктің  есебі бойынша.

 

Сол себепті біздің екінші сатыдағы банктеріміз өздерінің қосалқы  бизнестерінен бас тартып, сыртқы қарыздарынан құтылудың жолдарын қарастыруы керек.

 

Біздің банктер осы күнге  дейін құрылыс саласы мен сауда  компанияларын несиелендіріп келді. Ендігі жерде құрылыс пен сауда  саласын қаржыландыру күрт қысқарады.                                                                                

 

Сондықтан да біздің банктер бүгін-ертең  жаппай банкротқа ұшырайды деп айта алмаймын. Олай деуге ешқандай негіз  жоқ.                                                      Қазақстан банктері 2008 жылы $19 миллиардтай  қарызын қайтаруға тиіс

 

Әрине, біздің банктер өздерінің  активтерін тазартқанда ипотекаға  бағыттаған мол қаржысын қайтарып алуға  тырысады. Ол үшін өзінің кепілдігіндегі баспана-пәтерлерді жаппай саудаға  қояды. Нәтижесінде, әрине, пәтер-үйлердің бағасы әлі де төмендейді.

 

Ипотекалық несиелендірудің күрт қысқаруына байланысты пәтерлердің  бағасы, менің ойымша, 2009 жылдың соңына дейін (!) әлі ең төменгі деңгейіне  дейін арзандайды.

Информация о работе Қазақстан Республикасыны экономикалық жағдайы