Қазақстан Республикасыны экономикалық жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2013 в 11:44, лекция

Краткое описание

Жер шарында жыл сайын 600 миллион тоннадан астам зиянды өндіріс қалдықтары шығарылады. Ал біздің республикамызда 22 миллиард тонна өндіріс қалдықтары жиналған және оның мөлшері жыл сайын 1 миллиард тоннаға артып отыр. Оның ішінде 150 миллион тоннасы улы және 20 миллион кубометр тұтыну қалдықтары. Бұл қалдықтар елімізге, халықтық денсаулығына өте зиян келтіріп отыр.

Бүгінгі таңда қоршаған ортаны қорғау жағдайы жер-жаһанды алаңдатуда. Ал Кеңес дәуірінен «қомақты экологиялық мұраға ие болып қалған» Қазақстан үшін бұл ең өзекті мәселе.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасыны экономикалық жағдайы шырын.docx

— 25.78 Кб (Скачать документ)

 

Ұлттық банк пен қаржылық бақылау  Агенттігінің қазіргі саясаты –  ең төменгі қаржылық қор мөлшері  туралы банктерге қоятын талабын, мөлшерін өзгертті. Демек, егер біздің банктер  өздерінің стратегиясын өзгертсе, сыртқы қарыздарын өтеу мүмкіндігін де табады.

 

Қазақстанның банк жүйесі әлемдік  құбылысқа тәуелді емес

 

АЗАТТЫҚ: - Қаржыдан тапшылық көрген екінші сатыдағы банктерге Ұлттық мұнай  қорының есебінен қаржылай көмек  көрсету керек деген ұсыныс айтыла бастады. Меруерт, сіз осындай ұсынысқа қалай қарайсыз?

 

М.МАХМУТОВА: - Өз басым ондай ұсынысты қабылдамайтын едім. Менің ойымша, Ұлттық қордың міндеті тіпті басқа. Ұлттық қор, ең алдымен, ертеңгі күні мұнайдың бағасы төмендеп жатса, Қазақстан  бюджетінің әлеуметтік саясатын жүзеге асыруға мүмкіндік беруге тиіс.

Ұлттық қорды пайдалансақ, бірінші  кезекте азаматтық қоғам институттарын  дамытуға болады.

 

Бірақ біздің банк жүйеміз соңғы  жылда бірнеше рет Ұлттық қордың қаржысын пайдаланудың мүмкіндігін  қарастырып көрді, президентке де хат  жолдады.

 

Менің ойымша, банк саласы – жеке-меншікті бизнес. Сондықтан да қазіргі қиын жағдайдан шығудың жолын өздері табуы керек. Қазақстан Ұлттық қорының  қаржысын басқа игі істерге пайдалана  алады.

 

АЗАТТЫҚ: - Серікболсын мырза, сарапшылардың  болжамы бойынша, күзде Қазақстанның қаржы-банк жүйесі жаппай қаржылық дағдарысқа ұрынады, қозғалмайтын мүліктің бағасы күрт құлдырайды, бүкіл банк жүйесі күйреп, Қазақстан терең экономикалық дағдарысқа батады. Сіз осындай болжаммен  келісесіз бе?

 

С.ӘБДІЛДИН: - Менің ойымша, жаппай құлдырап, күйреу бола қоймас, бірақ  әлсіреуі ықтимал.

 

Біздің банк жүйеміз ең үздік, бүкіл  ТМД кеңістігінде де біздікіндей  жетік банк жүйесі жоқ дегенді, мысалға, Елбасы талай сөйлеген сөзінде ұмытпай  айтып келеді.

 

Бірақ міне банктердің мүшкіл халге  түскеніне 1 жылдай болды. Қазірдің өзінде де сол халінен оңалған жоқ. Екінші сатыдағы банктердің жағдайы қиын деп  айтса, артық болмайды. Сол себепті  банктердің санын да реттеу керек, сапасын  да жетілдіру керек.

 

Ал сарапшылардың айтып жүрген болжамдарының біразы расталып жатады. Менің өз ойым – Қазақстанның экономикасы  да, банк жүйесі де дүние жүзіндегі  экономикалық құбылысқа тікелей  тәуелді емес.                                          Қазақстандағы банктердің санын  да реттеу керек, сапасын да жетілдіру  керек

 

Біз шағын елміз. Егер біздің саяси  басқару жүйеміз экономикалық сындарлы, көреген саясат жүргізсе, шағын елдің  дүниежүзілік дағдарыстың ықпалына түсуі шарт емес.

 

Қазақстан банктері инвестицияларын  Грузияға емес, елге салуы тиіс

 

АЗАТТЫҚ: - Меруерт, сіздің көзқарасыңыз бойынша, Ресей-Грузия жанжалы Қазақстанның экономикасына қаншалықты әсер етті?

 

М.МАХМУТОВА: - Негізі соңғы жылдары  Грузияға біздің мемлекеттік инвестициямыз  да, жеке меншікті бизнестің де инвестициялары ағылды.

 

Соңғы жылдары халықаралық рейтинг  агенттіктері, Standard&Purs агентігінің  сөзі әлі есімізде, қазақстандық банктердің тәуекелге тым көп барып жатқанына  көңіл аударып еді. Дәл сол  кезде біздің жеке меншікті банк жүйесін  басқарып отырған азаматтар сол  ескертуге құлақ аспай, келіспеген еді. Сол ескертудің расталғанына бүгін  көзіміді жеткізіп отырмыз.

 

Әрине, Грузияның Батуми порты арқылы экспортқа жөнелтіліп жатқан мұнайды, премьер-министрдің нұсқауы бойынша, Қазақстанның ішкі сұранысына қарай  бұратындай болды.                                                                        Банктер инвестицияларын Грузияға емес, елге салуы тиіс

 

Бұл, бәлкім, дәл өзіміз үшін, Қазақстанның қарапайым тұтынушылары үшін жақсы  да шығар. Себебі, соңғы жылдары мұнайдың әлемдік бағасы күрт өскен соң, бар  мұнай экспортқа шығарылып, елдің  ішкі сұранысына, мұнай өңдеу зауыттарына  шикізаттың жетпей жатқаны байқалды.

 

Жалпы алғанда, грузин-орыс жанжалы  Қазақстан экономикасына қатты  әсер етті деп айта алмаймын. Грузияға мол инвестициясын салған жеке бизнес институттары, оның ішінде біздің ірі  банкіміздің бірі сол инвестициясын  бір күнде кейін алып шыға алмайды. Демек, әрине, бірқатар проблема болатын  да шығар.

 

Осы күні Қазақстан экономикасында инвестициялар жетпей жатқан салалар  баршылық, мысалға ауылшаруашылығын айтса да болады. Ендігі жерде Қазақстан үкіметі де, Қазақстаның бизнес құрылымдары да отансүйгіштік көңілмен сол инвестицияларын елге жұмсағаны жөн болар еді.

 

АЗАТТЫҚ: - Меруерт, әңгімеңізге көп  рахмет! Серікболсын мырза, сіздің көзқарасыңыз бойынша, Ресей-Грузия жанжалы Қазақстанның экономикасына қаншалықты әсер етті?

 

С.ӘБДІЛДИН: - Мұны да көпшілік асыра  айтады. Бірақ менің өз ойым –  біздің мұнайымызды экспортқа шығартпай  ұстауға екі жағы да (Грузия мен  Ресей) мүдделі емес. Қалай болмасын, біздің мұнайымыз бен газымыз  Грузия арқылы да, Ресей жерімен  де үзілмей тасымалдана береді.

 

 


Информация о работе Қазақстан Республикасыны экономикалық жағдайы