Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2013 в 10:21, курсовая работа
Әдістемелік ұсынымдар Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы бойынша кең түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізудің қажеттілігімен талап етіледі және таяу болашақтағы партия қызметінің негізгі бағыттарымен, оның қазақстандық қоғамдағы жұмылдырушы және топтастырушы рөлінің артуымен сәйкес келеді. Президенттің Жолдауы елдің дамуының бұрын қабылданған стратегиялық құжаттарын – «Қазақстан-2030» Стратегиясын, Қазақстанның 2020 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспарын қазіргі жағдайларды ескере отырып нақтылай түседі. Жолдау «Нұр Отан» партиясының алдына, партияның 2020 жылға дейінгі Бағдарламасын және «Қазақстан. 2017 Мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» «Нұр Отан» ХДП сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асырумен қатар, жаңа міндеттер қояды.
Кіріспе
1. Қазақстан Республикасының шалғай аудандарының экономикасын нығайтудың және халықтың әл-ауқатын арттырудың жаңа міндеттері
1.1. Халықты жұмыспен қамту мәселесі
1.2. Қол жетімді баспана
1.3.Шалғай аудандық өңірлерді дамыту
2. Қазақстан Республикасының шалғай аудандық тұрғындарына мем¬ле¬кеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру
2.1. Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуі
2.2. Зейнетақы жүйесін жетілдіру
2.3. Ауыл шаруашылығын дамыту
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Әдістемелік ұсынымдар Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы бойынша кең түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізудің қажеттілігімен талап етіледі және таяу болашақтағы партия қызметінің негізгі бағыттарымен, оның қазақстандық қоғамдағы жұмылдырушы және топтастырушы рөлінің артуымен сәйкес келеді.
Президенттің Жолдауы елдің дамуының бұрын қабылданған стратегиялық құжаттарын – «Қазақстан-2030» Стратегиясын, Қазақстанның 2020 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспарын қазіргі жағдайларды ескере отырып нақтылай түседі. Жолдау «Нұр Отан» партиясының алдына, партияның 2020 жылға дейінгі Бағдарламасын және «Қазақстан. 2017 Мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» «Нұр Отан» ХДП сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асырумен қатар, жаңа міндеттер қояды.
Әдістемелік ұсынымдар партияның
иедологиялық активінің ақпараттық-
Әдістемелік ұсынымдар Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында бастамашылық еткен Қазақстанның дамуының 10 басым бағытының мазмұнын ашып көрсетеді.
1.Қазақстан Республикасының
шалғай аудандарының
Табысты экономикалық даму мен қоғамдық игілікті қамтамасыз етудің арасындағы ұтымды тепе-теңдікті таба білудің Қазақстанымыз үшін өмірлік маңызы бар.
Қазіргі әлемдегі бұл түбірлі мәселе жалпы Қазақстан аудандарын және ауылдардың әлеуметтік-экономикалық жаңғырту. Бұл әрине таяудағы онжылдықтағы Қазақстанның дамуының басты бағыты. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы дәл осы тақырыпқа арналған.
Жұмыспен қамту әлеуметтік қорғаудың негізгі түрі болып табылады. Бұл қазақстандықтардың тұрмыс сапасын арттырудың басты құралы.
Халықты жұмыспен қамту проблемасы
әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыстың
басталуымен ерекше өзекті бола түсті.
Жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу үшін
Мемлекет басшысы 2009 жылы Үкіметке қолда
бар орындарды сақтап, жаңа жұмыс
орындарын ашу жөніндегі
Халықты жұмыспен қамтудың
Жол картасын жүзеге асыру әлеуметтік
инфрақұрылымды айтарлықтай жаңартуға
мүмкіндік берді: коммуналдық шаруашылықтың
1,5 мыңнан астам объектілеріне жөндеу
жүргізілді; 400-ден астам ауылдық
елді мекендер абаттандырылды; 5 мың
шақырым шамасындағы жол
Халықты жұмыспен қамту саласындағы
мемлекеттік саясат 2020 жылға дейінгі
бизнестің Жол картасын жүзеге асыру
және Үдемелі индустриялық-
Сонымен бірге, халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты неғұрлым тиімді жүзеге асыруға мынадай проблемалар кедергі келтіреді:
Жоғарыда айтылғандарды ескере келіп, Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев 2011 жылғы 28 қаңтардағы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке 2011 жылғы 1 мамырға дейін қағидатты түрде жаңа халықты жұмыспен қамту стратегиясын әзірлеп, қабылдауды тапсырды.
Аталған тапсырмаға сәйкес 2020 жылға дейінгі жұмыспен қамту бағдарламасы әзірленді, оның қанатқақты нұсқасы 2011 жылғы 1 шілдеден бастап іске асырыла бастады. Бағдарламаны іске қосудың сынақтан өту кезеңінің өзінде 60 мыңнан астам адамды жұмысқа орналастыруға қол жеткізілді. Ендігі жерде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясын кең ауқымда жүзеге асыру басталады. Бағдарламамен 1,5 миллионға дейін адамды қамту көзделген. Бұл елдегі кедейлік деңгейін 6 пайызға дейін төмендетуге және жұмыссыздықты 5,5 пайыз деңгейінде ұстап тұруға мүмкіндік береді.
Президент өз Жолдауында атап
көрсеткендей, Бағдарлама, алдымен
оқыту мен жұмысқа
Бағдарламаға қатысушылар
техникалық немесе кәсіби білім беру
мекемелерінде өзі үшін жаңа мамандықты
игеру мүмкіндігіне ие болады. Одан
басқа, 6 айға дейін оқыту мерзімімен
кадрларды қайта дайындау курстары
және 3 айлық бағдарламамен
Тегін оқытудан басқа, Бағдарламаға қатысушылардың оқу орнына дейінгі және кері қайтатын жолының шығындарына, жатақханада тұрғаны немесе тұрғын үй жалдағаны үшін өтемақы төленеді. Олар ай сайын шәкіртақы алып тұрады.
Бағдарламаға қатысушыларды
жұмысқа орналастыруды
Мемлекет жұмыс берушіге
кадрларды дайындауға кеткен шығындарына
70 пайызға дейін өтемақы төлеу
арқылы Бағдарламаға қатысушыларды
оқыту мен жұмысқа
Өз бетінше жұмыс
Аталған бағытты жүзеге асырудың
негізгі тетіктері шағын
Шағын несиелеу шағын несие ұйымдары немесе конкурстық іріктеуден өткен несие серіктестіктері арқылы іске асырылатын болады. Жұмыспен қамту органдарымен келісім бойынша олар Бағдарламаға қатысушылардың жобаларын қаржыландыру туралы мәселені шешеді.
Шағын несие ұйымдары мен несие серіктестіктеріне қаржы, несиені беру сәтіндегі мемлекеттік құнды қағаздардың орташа кірістілігі ескеріле отырып, жоғары емес өлшеммен бөлінеді.
Бағдарламаның осы бағытына қатысуға тілек білдіргендерге консультативтік көмек, бизнес-жоспарды жасау көмегі, кәсіпкерлік негізіне міндетті тегін оқу жәрдемі көрсетіледі.
Ауылдық жерде шағын бизнесті
дамыту үшін басқа да көмек көзделген,
ол – кәсіпкерлік объектілерін құру
үшін қажетті инфрақұрылымның
Жұмысқа орналасуға немесе
өз ісімен айналысуға нақты мүмкіндігі
болмаған алғашқы екі бағытқа
қатысушыларға Бағдарлама бойынша
басқа өңірден жұмыс ұсынылады.
Бұл ретте жұмыссыз немесе өз бетінше жұмыс істейтін үміткер қоныс аудару үшін экономикалық әлеуеті төмен елді мекенде тұруға тиіс, ал оның кірісі бірге тұратын әрбір отбасы мүшесіне бөлгенде ең төменгі күнкөріс мөлшерінен аспауы керек. Алғашқы екі бағыттағы сияқты ауылдық жерде тұратын жас отбасыларын басымдық беріледі.
Бағдарлама бойынша әзірге бір ауданның немесе облыстың шегінде қоныс аудару мүмкіндігі бар. Бұл орайда бағдарламада қоныс аударуды субсидиялау және тұрпатты тұрғын үйді сатып алу құқығымен жалға беру көзделген. Бұл тұрғын үй мемлекет есебінен салынатын болады.
Іс жүзінде қоныс аударғаннан кейін қатысушылар жаңа тұрғылықты жерінде оқудан және психологиялық бейімделуден өте алады. Содан кейін олар жаңа тұрғылықты жері бойынша бағдарламаның бірінші және екінші бағыттарына қосыла алады.
Еңбекке қабілетті азаматтарға нысаналы әлеуметтік көмек, тек олар жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бағдарламаларына қатысқан жағдайларда ғана берілетін болады, нысаналы әлеуметтік көмек берудің шарттары мен мерзімділігі әлеуметтік келісім-шартта көрсетіледі.
Әлеуметтік келісім-шарт
екі жақтың құқықтары мен міндеттемелерін
заңды түрде бекітеді. Еңбекке
қабілетті азаматтар жұмыспен қамтуға
жәрдемдесу бағдарламаларына қатысудан
бас тартқан немесе келісім-шарт
бойынша міндеттемелерін
1.2. Қол жетімді баспана
Соңғы 11 жылдың ішінде ғана Қазақстанның тұрғын үй қоры 36 миллион шаршы метрге ұлғайды. 1 миллионнан астам азаматтар өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартты.
Дағдарысқа қарсы бағдарламаны жүзеге асырудың арқасында Үкімет 2009-2011 жылдары елімізде тұрғын үйді іске қосудың айтарлықтай жоғары қарқынын сақтап қала алды (жылына орташа 6 миллион шаршы метр шамасында).
Тұрғын үй құрылысын мемлекеттік қолдау практикасы жалғасын табатын болады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес республикада бұрынғыша жыл сайын 6 миллион шаршы метр жаңа тұрғын үйді іске қосу жоспарланып отыр.
Қазіргі кезде тұрғын үй құрылысын мемлекеттік қолдаудың 3 негізгі бағыттары айқындалған:
- жергілікті атқарушы органдардың арзан баспаналар құрылысын салуы, ол тұрғын үй құрылыс жинақтау жүйесін пайдалану арқылы сатылады;
- құрылысты және ипотекалық
несиелеуді қаржыландыру үшін
екінші деңгейлі банктерді
- инженерлік коммуникациялар құрылысы.
Бірінші бағыт бойынша іс-шараларды қамтамасыз ету үшін Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2011-2013 жылдары бастапқыда 20 миллион теңге бөлу жоспарланған. Бұл сома одан әрі айтарлықтай ұлғайтылды.
Осы сызба бойынша Тұрғын үй құрылысжинақбанкі белгілі бір баға мен жайлы да ыңғайлылық класында баспана сатып алуға тілек білдірген салымшылардың пулін қалыптастырып, тұрғын үй құрылысын салу үшін жергілікті органдарға тапсырыс береді.
Жергілікті атқарушы орган республикалық
бюджеттен түсетін кредиттер
есебінен тұрғын үй құрылысын салуды
ұйымдастырады. Ол үшін тендер өткізіп,
мердігерді анықтайды және инженерлік
инфрақұрылымдар жүргізілген
Тұрғын үйді пайдалануға бергеннен кейін жергілікті атқарушы орган Банкі салымшысымен сату-сатып алу келісім-шартын жасасады.
Тұрғын үй құрылыс жинақбанкі салымшы қабылдау-тапсыру актісі бойынша пәтерді қабылдап алғаннан кейін, өз кезегінде жергілікті атқарушы органға тұрғын үйді салғаны үшін қаржы аударады. Жергілікті атқарушы орган республикалық бюджеттен алған кредитін өтейді. Салымшы қарызын толық өтегенше келісім-шартқа сәйкес 4 пайыздық тиімді ставкамен Тұрғын үй құрылыс жинақбанкіне пәтерін кепілдікке береді.
Екінші бағыт бойынша екінші
деңгейлі банктер арқылы коммерциялық
тұрғын үй құрылысы мен ипотекалық
несиелуді қаржыландырудың
Банк құрылысты салушылардың өтінімі негізінде қаржыландыру үшін құрылыс жобаларының тізбесін жасайды, оны әкімшілікпен келіседі. Одан кейін тиісті өтінімді Үкіметте бекіту үшін «Самұрық-Қазына» қорына жібереді. Тізімді және банктің қаржыландыру шарттарын бекіту туралы Үкіметтің қаулысы шыққаннан кейін «Самұрық-Қазына» қоры келісілген депозитті объектілердің «нөлдік циклының» құрылысын (құнының 50 %) қоса қаржыландыру үшін банкке орналастырады. «Нөлдік циклының» құрылысы аяқталған соң банк сатып алушылардың пулін қалыптастырады және объектінің құрылысын және сатып алушылардың пуліне бара-бар ипотеканы аяқтау үшін «Самұрық-Қазына» қорына өтінім беріледі.