Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2013 в 10:21, курсовая работа
Әдістемелік ұсынымдар Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы бойынша кең түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізудің қажеттілігімен талап етіледі және таяу болашақтағы партия қызметінің негізгі бағыттарымен, оның қазақстандық қоғамдағы жұмылдырушы және топтастырушы рөлінің артуымен сәйкес келеді. Президенттің Жолдауы елдің дамуының бұрын қабылданған стратегиялық құжаттарын – «Қазақстан-2030» Стратегиясын, Қазақстанның 2020 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспарын қазіргі жағдайларды ескере отырып нақтылай түседі. Жолдау «Нұр Отан» партиясының алдына, партияның 2020 жылға дейінгі Бағдарламасын және «Қазақстан. 2017 Мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» «Нұр Отан» ХДП сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асырумен қатар, жаңа міндеттер қояды.
Кіріспе
1. Қазақстан Республикасының шалғай аудандарының экономикасын нығайтудың және халықтың әл-ауқатын арттырудың жаңа міндеттері
1.1. Халықты жұмыспен қамту мәселесі
1.2. Қол жетімді баспана
1.3.Шалғай аудандық өңірлерді дамыту
2. Қазақстан Республикасының шалғай аудандық тұрғындарына мем¬ле¬кеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру
2.1. Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуі
2.2. Зейнетақы жүйесін жетілдіру
2.3. Ауыл шаруашылығын дамыту
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Осы сызбаны іске асыру нәтижесінде 2012 жылы 1,7 млн. шаршы метр коммерциялық баспана салу көзделуде.
Үшінші бағыт – бұл инженерлік - коммуникациялық инфрақұрылымдар құрылысы. Инженерлік желілер құрылысы тұрғын үй салу ауданында, соның ішінде жеке тұрғын үй салу ауданында да жүзеге асырылады.
Одан басқа, 20 жылдың ішінде бірінші рет Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Студенттік тұрғын үй» бағдарламасы іске қосылады. Ол студенттерді жатақханамен қамтамасыз етудің байырғы мәселесін шешуге арналған. 2012 жылдың өзінде Астана мен Алматыда тиісінше 10 және 20 мың орынға лайықталған студенттер қалашықтарының құрылысы басталады.
Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына арналған осы Жолдауында жарты миллиондық жастар отбасының тұрғын үй проблемаларын шешу қажеттігіне ерекше назар аударды. Осыған байланысты ол 2012 жылғы 1 шілдеге дейін «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасын әзірлеп, қабылдау міндетін қойып отыр. Аталған Бағдарлама шеңберінде жыл сайын 1 миллион шаршы метрден кем емес жалға берілетін тұрғын үй құрылысын жүргізу көзделеді. Ұзақ мерзімді жалға алудың екі бірдей тетігі қарастырылған – мүмкіндігі барлар сатып алады, және сатып алмай-ақ тұра береді. Жалға алғаны үшін төлем әл-ауқаты орташа отбасының кірісіне сай болады.
Бағдарламаны жүзеге асырудың маңызды шарттары қазіргі заманғы жоғары сапалы құрылыс материалдары мен конструкцияларын шығару жөніндегі жаңа кәсіпорындарды құру болып табылады.
Қазақстан құрылыс материалдарын шығаратын шикізаттың үлкен қорына ие. Аталған сала инвесторлар үшін тартымды. Мамандардың пікірі бойынша, 2015 жылдың өзінде ішкі нарықтың құрылыс материалдарына мұқтаждығы 80 пайыздан кем болмайды.
Мысалы, оңтүстік корей бизнесмендерінің қатысуымен Павлодар облысында «Қазақстан Алюминиі» АҚ және Ақсу ферро қоспалар зауытының қалдықтарынан бетон, тұрба және құрылыс материалдарын шығару жөніндегі зауыттың құрылысы жоспарланған. Қытай бизнесмендерінің қатысумен гипс-қатырма табақтарын шығару жөніндегі зауыт салынады. Маңғыстау облысында екі ірі цемент зауытын салудың («Каспий Цемент» ЖШС және «Ақтау Цемент Продакт» ЖШС) өзі ғана 920 жаңа жұмыс орынын ашуға мүмкіндік береді. Бұл тізбені жалғастыра беруге болады.
1.3.Шалғай аудандық өңірлерді дамыту
Өңірлік саясаттың міндеттері инфрақұрылымдық және институттанулық шектелулерді еңсеру, Қазақстан азаматтарына өздерінің әлеуметтік және экономикалық құқықтарын жүзеге асыруда тең мүмкіндіктер жасау және адами капиталдың дамуына жәрдемдесу, мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару жүйелерін реформалау болып табылады.
Президент өз Жолдауында Үкіметке
бір саланы тірек еткен шағын
қалаларды дамыту бағдарламасын
дайындауды тапсырды, олар, әдеттегідей,
бір ірі кәсіпорынға немесе салаға
тәуелді болады. Бұл ретте бір
салалы шағын қалаларды дамыту бағдарламасында
әрбір нақты қаланың
Қазақстанда 60 шақты шағын қала бар, оларға 50 мың адамнан аспайтын тұрғындары бар қалалар жатқызылады. Олардың ішінде 41 шағын қала тиісті ауылдық аудандардың әкімшілік орталықтары болып табылады, бұлар шағын қалалардың 68 % және ауылдық аудандардың 25 % құрайды.
Көптеген шағын қалаларды дамыту экономиканың белгілібір саласымен тікелей байланысты болды, сондықтан нақты қаладағы ахуал да осы салалардың жай-күйі мен үрдістеріне байланысты қалыптасты.
Бірсыпыра шағын қалалардың
ең өткір проблемасы жұмыссыздық
болып табылады. Ұзақ уақыт жұмысқа
орналаспағандықтан өзінің біліктілігін
жоғалтқан азаматтар
Шағын қалалар тұрғындарының жан басына шаққандағы ақшалай кірістері орташа облыстық деңгейдің 30-80 % ғана құрайды. Ең төменгі кіріс АӨК орталығы – қалаларда, ондағы тұрғындар негізінен өздерінің жеке шаруашылығының есебінен өмір сүреді. 53 шағын қаладағы жалақы мөлшері республика бойынша орташа көрсеткіштерден төмен.
Шағын қалалардағы өнеркәсіп
өндірісі бір-екі саладағы белгілі
мамандану бағытымен
Шағын қалалардың ең маңызды проблемасы тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін (қазандықтар, жылу, кәріз және су құбырлары тораптары, электрмен жабдықтау, тұрғын үй қоры және әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілер) ұсап тұру мәселесі болып табылады.
Су құбырлары мен кәріз тораптарының тозуы мәселені шегіне жеткізеді. Шағын қалалардың басым көпшілігінде су құбырлары мен кәріз жүйелері, тазалау құрылыстары жарамсыз болып қалған және қоршаған ортаны ластаудың, тұрғындарды дертке шалдықтырудың көзі болып табылады.
Шағын қалалардың коммуналдық
кәсіпорындары негізінен зиянды
болып табылады. Шағын қалаларға
жылыту маусымын өткізу үшін жанармай,
көмір, газ сатып алуға бюджеттен
жыл сайын айтарлықтай
Шағын қалаларда қираған
және тұрғындары тастап кеткен тұрғын
үйлердің үлкен пайызы орын алады. Халықтың
өсіміне және оралмандардың келуіне
байланысты оңтүстік өңірлердегі шағын
қалаларда жаңа жалпы білім беретін
мектептер, медициналық мекемелер
салудың қажеттілігі туындайды.
Дәрігерлердің, мұғалімдердің, әлеуметтік
қызметкерлердің жетіспеуі
Көбінесе қала құраушы
кәсіпорынға байланысты болатын
шағын қалаларға қатысты осы
проблемалардың барлығы Үкімет дайындайтын
арнаулы бағдарламаның
Бағдарламаны жүзеге асыру шағын қалаларға одан арғы экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуы, халықтың тұрмыс кешуі мен кәсіпкерлікті дамыту үшін тең жағдайлар жасауға жәрдемдесетін болады. Бұл Бағдарламаның аясында шағын қалалардың кәсіпорындарында жаңа техникалық және технологиялық негізде құрылымдық қайта құрулар жүргізілуге тиіс, бұл өндіретін өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын болады. Шағын қалалардың жұмыс істеуінің экономикалық негізі нығаяды, тұрғындарды жұмыспен қамту артады, олардың кірістері ұлғаяды.
Өңірлік дамудың басқа да маңызды бағыты еңбек ресурстарын оларға қажеттілік болатын экономикалық өсудің үлкен әлеуеті бар өңірлерге ауыстыру болып табылады. Олардың қатарында Астана, Алматы Ақтөбе, Ақтау және Шымкент қалалары аталады. Бұл қалаларда ғылымды да, білім беруді де, құрылысты да дамыту қажет. Мемлекет азаматтардың мұндай өңірлерге қоныс аударуына жәрдемдесуі керек. Еңбек ресурстарының ұтымдылығын арттыру азаматтардың экономикалық әлеуеті төмен шалғайдағы ауылдық өңірлерден көшіп барудың жәрдемақы төлемін ала отырып экономикалық өсу нүктесіне қоныс аударуын көздейді.
Экономикалық әлеуеті төмен шалғайдағы ауылдық өңірлерден экономикалық өсу нүктесіне қоныс аударатын адамдар үшін жұмыспен қамту бағдарламасына сәйкес қоныс аударғаннан кейінгі алғашқы екі жылда жаңа тұрғылықты жерде жеңілдікті шарттармен жалға алатын тұрғын үй берілетін болады.
Еңбек ресурстарының орын ауыстыруы еңбек нарығындағы, әсіресе жастардың, мектеп және ЖОО-лар түлектерінің арасындағы шиеленісті төмендетуге, тұрғындарды халық тығыз орналасқан өңірлерден ел сирек орналасқан өңірлерге, тұруға экологиялық қауіпті өңірлерден өмір сүруге қолайлы жағдайы бар өңірлерге орналастырудың ұтымды сызбасын айқындауға мүмкіндік беретін болады. Ақыр аяғында бұл еңбек ресурстарын аумақ аралық бөлуді теңдестіреді және халықтың жұмыспен қамтылуын арттырады.
Өкілеттік тізбесін одан әрі
кеңейту жергілікті өзін-өзі басқарудың
барлық жүйесін дамытумен, қаржылық-экономикалық
дербестікті арттырумен, қалалық
және ауылдық елдімекендердің
Жергілікті өзін-өзі басқарудың
қаржылық-экономикалық негізінің нығаюымен
бір мезгілде қазіргі кезеңнің өзекті
міндеттері – жергілікті өзін-өзі
басқарудың олардың жергілікті маңызы
бар мәселелерді шешу жөніндегі
өкілеттіктерін жүзеге асыруы жөніндегі
қызметінің тиімділігін және осыған
арналған ресурстарды пайдалануының
тиімділігін бағалау жүйесін
жасау болып табылады. Тиісті ақпарат
мемлекеттік органдарға ғана емес,
сонымен бірге мамандарға, сарапшыларға,
қоғамдық ұйымдардың өкілдеріне және
елдің әрбір азаматына
2. Қазақстан Республикасының шалғай аудандық тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру
Мемлекеттік қызметтің сапасы
мен қолжетімділігін арттыру
Қазақстандағы әкімшілік
Президент Қазақстан халқына арналған өзінің Жолдауында мынаны ерекше атап көрсетеді, Үкіметтің бұл бағыттағы жұмысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және мемлекеттік органдардың қызметіне азаматтардың сенімін арттырудың маңызды қыры болып табылады.
Шенеуніктер мен азаматтардың
мінез-құлқын өзгертуге, олардың жұмысының
жауапкершілігі мен тиімділігін
арттыруға мемлекеттік
Соңғы жылдары бүкіл әлемде
мемлекеттік органдардың
«Электрондық үкімет», бұл
– интернет-портал түріндегі біртұтас
ресурс (көрсетілетін қызметтері мен
сервистері санының үлкендігімен, пайдаланушылардың
көп санының кіруімен танылатын
веб-сайттар), одан кез келген тілек
білдіруші мемлекеттік органдар
мен заңнамалар туралы қажетті ресми
ақпаратты таба алады, сондай-ақ мемлекеттік
органдардың қызметтерін
«Электрондық үкімет» порталында әртүрлі тақырыптық бөлімдерде (экономика, білім беру, денсаулық сақтау бойынша, және басқа) берілген барлығы 2 мыңнан астам ақпараттық қызмет жалпыға қолжетімді болып табылады.
Сонымен бірге, портал, бұған
дейін айтылғандай, тек ақпараттық
ресурс қана емес. Оны пайдаланушыларға
мемлекеттік органдардың
Мысалы, виртуальды режимде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын және өз қызметiн үлгiлiк жарғы негiзiнде жүзеге асыратын заңды тұлғаларды тіркеуге болады. Мемлекеттік алымдарды төлеу үшін банкке барып, кезекте тұрудың қажеттілігі жоқ. Қызметке ақы төлеуді төлем кәртішкесімен бірден порталдан жүргізуге болады. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті бір күнде алуға болса, ал өтінім беру рәсімін портал арқылы ұсыну санаулы минуттарды ғана алады.
on-line режимінде бұқаралық
ақпарат құралын тіркеуге, мұрағат
анықтамасын алуға,
Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес 2012 жылдың соңына дейін әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтердің 60 пайызы, соның ішінде лицензиялардың барлық түрлері, тек қана электронды түрде болуға тиіс.
2013 жылдан бастап мемлекеттен
барлық рұқсат етушілік
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының
қарауына автокөлікті тіркеу және жүргізуші
куәліктерін тапсыру мәселелері де беріледі.
«Электрондық үкімет» Қазақстанда барған сайын кең таралып отыр, оның қызметтері мен сервистеріне сұраныс артып келеді. БҰҰ-ның рейтінгісіне сәйкес «Электрондық үкіметтің» даму индексі бойынша зерттеулер жүргізілген 192 елдің ішінде біздің еліміз 46-шы орынды алады (2010 жылғы дерек).
Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттырудың және экономиканы жаңғыртудың тағы бір маңызды қыры тұтастай алғанда әкімшілік рәсімдерді қысқарту болып табылады.
Президенттің тапсырмасы бойынша рұқсат алу құжаттарының тізбесі қазірдің өзінде 30 пайызға қысқартылды. Үкімет тарапынан лицензиялар мен рұқсат алулардың барлық түрлерін үштен бірге қысқартатын заң жобасы әзірленді.
Атап айтқанда, 2011 жылғы 15
шілдедегі «Рұқсат алу жүйесін
жетілдіру жөніндегі Қазақстан
Республикасының кейбір заңнамалық
актілеріне өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы» Қазақстан