Қазақстан Республикасының шалғай аудандарының экономикасын нығайтудың және халықтың әл-ауқатын арттырудың жаңа міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2013 в 10:21, курсовая работа

Краткое описание

Әдістемелік ұсынымдар Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы бойынша кең түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізудің қажеттілігімен талап етіледі және таяу болашақтағы партия қызметінің негізгі бағыттарымен, оның қазақстандық қоғамдағы жұмылдырушы және топтастырушы рөлінің артуымен сәйкес келеді. Президенттің Жолдауы елдің дамуының бұрын қабылданған стратегиялық құжаттарын – «Қазақстан-2030» Стратегиясын, Қазақстанның 2020 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспарын қазіргі жағдайларды ескере отырып нақтылай түседі. Жолдау «Нұр Отан» партиясының алдына, партияның 2020 жылға дейінгі Бағдарламасын және «Қазақстан. 2017 Мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» «Нұр Отан» ХДП сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асырумен қатар, жаңа міндеттер қояды.

Содержание

Кіріспе
1. Қазақстан Республикасының шалғай аудандарының экономикасын нығайтудың және халықтың әл-ауқатын арттырудың жаңа міндеттері
1.1. Халықты жұмыспен қамту мәселесі
1.2. Қол жетімді баспана
1.3.Шалғай аудандық өңірлерді дамыту
2. Қазақстан Республикасының шалғай аудандық тұрғындарына мем¬ле¬кеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру
2.1. Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуі
2.2. Зейнетақы жүйесін жетілдіру
2.3. Ауыл шаруашылығын дамыту
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовая.docx

— 49.60 Кб (Скачать документ)

Шалғай өңірлерде тұратын  ауыл тұрғындарына медициналық көмекті  қажетті медициналық құралдармен  жабдықталған және дәрігерлер бригадаларымен толықтырылған поездар екінші жыл  қатарынан көмек көрсетуде. Сонымен  қатар өңірлерде жылжымалы медициналық  кешендер сатып алынып, құрылған. Олардың  көмегімен жүз мыңдаған адамдар  медициналық тексеруден өтті. Өңірлерде  диагностика жасау және емдеудің жоғары технологиялары мен жаңа әдістері дамытылуда.

Қазақстан халқының 6 %-дан  астамы онкологиялық ауруларға шалдыққан. Сонымен қатар онкологиялық ауру салдарынан қайтыс болғандардың саны жүрек қан-тамыр ауруларынан кейін  екінші орында тұр. Сондықтан Елбасы өз Жолдауында басымдықтар қатарында  онкология ауруына шалдыққандар саны мен осы аурудан қайтыс болатындар санын азайтуды айтты. Қазір Үкіметке Қазақстанда онкологиялық көмекті дамыту Бағдарламасын жасау тапсырылды, оның негізінде Астанада Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық салынатын болады.

Шынында, жүрек қан-тамыр  ауруларына медициналық көмек көрсетуді  дамыту бойынша былтырғы жылғы бағдарлама сәтті болды. Жүрек қан-тамыр ауруларынан  көз жұмғандар көрсеткіші 1,7 есеге  төмендеді. Барлық облыс орталықтарында жүрек клапанында коронарлық жалғаулар сияқты операцияларды жасауға қабілетті кардиохирургиялық орталықтар құрылды.

2015 жылда денсаулық сақтау  саласының тиімділігі артып, Бірыңғай  ұлттық денсаулық сақтау жүйесі (БҰДСЖ) сияқты табысты болып, сапалы медициналық қызметті қолжетімді етуі керек. БҰДСЖ 2010 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап жүзеге асырылуда. Оның мақсаты медициналық қызмет көрсету үдерісінде пациентке дәрігер мен медициналық ұйымды еркін таңдау, бәсекелестік орта мен транспаренттілікті қалыптастыру қағидаларына негізделген денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыру болып табылады.

Қазақстан Президенті ұсынған  «Болашақ госпиталі» жобасы ең алдымен  аурухананы басқаруда әлемдік тәжірибені тарту, сондай-ақ инновацияларды енгізу мен шетелде кадрларды дайындауды көздейді. Денсаулық сақтау министрлігі  осы кездің өзінде екі мың адамды заманауи менеджментке оқытты. Кіріктірілген  академиялық денсаулық сақтау жүйесі қазіргі кезде Назарбаев университетінің  негізінде қалыптастырылуда.

Үкіметке ағымдағы жылдың 1-ші шілдесіне дейін азаматтардың өз денсаулығы үшiн жауапкершiлiгiн  арттыру механизмін енгізу ескерілген денсаулық сақтау жүйесін дамыту бойынша ұсыныстар жасау тапсырылды. Президенттің айтуы бойынша, адам науқастану оның өзіне тиімсіз екенін түсінуі керек. Бізде денсаулық сақтау ісі тегін, бірақ, бүгінде зейнетақы қорларында жасалып жатқандай, болашақ – медицинадағы сақтандыруда. Адамның өзі, оған жұмыс беруші және мемлекет жауапкершілікте болады. Адамның денсаулығы неғұрлым нашар болса, ол соғұрлым аз сақтандырылады, неғұрлым жақсы болса, сақтандыру сомасы да соғұрлым көп болмақ.

Денсаулық сақтау жүйесінде  күтілетін нәтижелер:

  • 2013 жылға қарай Қазақстан Республикасының Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі қалыптастырылады;
  • 2015 жылға қарай өмір сүру ұзақтығы 70 жасқа дейін ұлғаяды; ана мен бала өлiм-жiтiмi 1,5 есеге төмендейді, жалпы өлiм-жiтiм 15 %-ға төмендейді; өкпе ауруына шалдыққандар саны 10 %-ға азаяды; халықтың қажеттілігіне сай бәсекеге қабiлеттi денсаулық сақтау жүйесі жасалады.

Саламатты өмір салты мәдениетін дамытуға ерекше назар аудару керек. Әкімдер спорт нысандарының халық  үшін қолжетімділігін арттыру туралы Президенттің тапсырмасын орындауы оң ықпал етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Зейнетақы жүйесін  жетілдіру

 

Қазақстан 1997 жылдың маусым айында посткеңестік кеңістікте алғаш  болып зейнеткерлік қамсыздандырудың жинақтау жүйесін сәтті енгізді. Н. Ә. Назарбаев Жолдауында айтқандай, қазіргі кезде «салымшылар саны 8 миллион адамды құрайды. Жинақ көлемі          17 миллиард доллардан асады».

Сонымен қатар бүгінгі  таңда зейнетақы қорлардың қаражаттарын тиімсіз басқару бойынша айғақтар аз емес. Жекелеген зейнетақы қорлардың  басшылығы қорлардың қаражаттарын жеке қаражаттарындай пайдаланып, арасында акционерлердің шығындарын көтерін, олардың  мүдделеріне қамтамасыз етеді. Негізсіз үлкен бонустар беріледі. Көбінде  жекелеген зейнетақы қорларының кірістілік деңгейі инфляция деңгейінен төмен, сондықтан жинақталған қаражаттың төмендеуі орын алады. Ал қорлардың  салымшылары олардың инвестициялық  саясатына әсер етуге мүмкіндіктері  жоқ. Сондықтан Президент Үкімет пен Ұлттық Банк алдына осы жылдың     1 шілдесінен кешіктірмей зейнетақы  жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды  дайындау міндетін жүктеді.

Зейнетақы жүйесін жетілдіруде  ерекше ролді мемлекет атқарады, ол қоғамның барлық мүшелеріне лайықты  зейнетақы алу үшін табыс тауып, қаражат жинауға, сондай-ақ мүмкіндіктері  шектеулі азаматтардың әлеуметтік қамсыздандырылуының  сенімді негіздерін жасау үшін жағдай жасау керек.

Партияның сайлауалды тұғырнамасында 2017 жылға қарай зейнетақы төлемдерін өмір сүру минимумы көлемінен 60 % дейін  жеткізу көзделген.

Дамыған және тиімді қызмет ететін зейнетақымен қамсыздандыру  жүйесі бір қаржылық қаражатты қолдау есебімен екі аса маңызды мәселелерді  шешуге мүмкіндік береді: халықты  қосымша әлеуметтік қорғаумен қамсыздандыру  және мемлекеттің инвестициялық  мүмкіндіктерін едәуір кеңейту.

 

 

 

 

 

 

2.3. Ауыл шаруашылығын  дамыту 

 

Қазақстанның аграрлық секторының экспортқа тауар шығаруға мүмкіндіктері  көп және инновацияларды енгізу әлеуеті  мол. Индустриаландыру картасының жүзеге асырылған жобаларының үштен  бір бөлігінен көбі АШК-ға тиесілі. Ауыл шаруашылық экспортының шикізатқа  бағытталу үдерісі бәсеңдеп келеді. Ұнды экспортқа шығару бойынша Қазақстан  әлемдік көшбасшыға айналды. 2010-2014 жылдарға арналған АШК дамыту бағдарламасы 8 негізгі бағыт бойынша технологиялық  жетістікке жетуді көздейді. Елдің  азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі оңтайлы  шешілуде.

Президент Жолдауында келесі басым бағыттарға ерекше назар аударды:

- астық саласында мемлекеттік  серіктестікке негізделген біртұтас  астық холдингін құру арқылы  және астық өндірісі мақсатына  жетуде біртұтас операторының  міндеттерін анықтау. (Соның ішінде, бұл орталықтандырылған түрде  астықты экспортқа жіберуге және  оны демпингілік бағамен сатудан  қорғайды);

- ет өндірісін экпортқа  шығару әлеуетін өсіру («Ірі  қара мал ет өнімінің экспорттық  әлеуетін дамыту» жобасы 5 жылдан  кейін 60 мың тонна етті өндіруді  көздейді);

- мал өндірісінің басқа  салаларының белсенділігін арттыру,  соның ішінде қой шаруашылығы,  жем өндірісі және шалғайдағы мал шаруашылығы.

Ауыл кәсіпкерлеріне қолдау көрсету мақсатында ауыл шаруашылық өндірісіне салынған жеке инвестициялардың тәуекелдерін төмендету үшін заемдерға  кепілдеме беру және сақтандырудың  мемлекеттік жүйесі жасалып, іске асырылады. Шаруалардың қаржыландыруға қолжетімділігін  кеңейту мақсатында басқа да амалдар  қарастырылуда.

Үкіметке ауыл шаруашылық өнімдерінің делдалдарсыз жеке саудасын мемлекеттік қолдау тетігін жасап, іске қосу тапсырылды.

Елімізде ауыл шаруашылық өндірісінің жалғасы ретінде  қайта өңдеу жүйесін қалыптастыру керек. Осылайша «қосылған құн тізбегі» ұзартылмақ.

АШК-да жасалған нысандардың  тиімділігіне және ауыл шаруашылық өндірісінің  өнімділігін көтеруге ерекше назар  аударылды.

Қорытынды

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы                   Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан аудандарын әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына Жолдауы мемлекеттің дамуының тек қана тактикалық емес, сонымен қатар стратегиялық міндеттерін анықтайды. Сондықтан партия және мемлекет еліміздің болашақ дамуының идеологиясын тек үстіміздегі жылда ғана емес, сонымен қатар кем дегенде алдағы онжылдықта насихаттауы керек.

Аталмыш Жолдаудың сөзсіз басымдығы – ұлттық басымдықтар  құрылымында аудандардың және ауылдардың экономикалық және әлеуметтік мәселелер өзара тиімді үйлестірілген.

Елбасы осы Жолдауында үстіміздегі онжылдықтың негізгі  міндеттерін халықтың әл-ауқатын  арттыру мәселесімен ұштастыру  керек екенін айтты. Яғни экономика  дамуының тиімділігінің белгісі  қазақстандықтардың әлеуметтік әл-ауқатының  деңгейінің өсуі болуы керек.

               


Информация о работе Қазақстан Республикасының шалғай аудандарының экономикасын нығайтудың және халықтың әл-ауқатын арттырудың жаңа міндеттері