Қазақстан Республикасының өнеркәсібінде инновациялық процестердің дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2013 в 16:09, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан экономикасының дамуындағы басым міндеттердің бірі ғылыми және жоғары технологиялық өндірісті құру болып табылады. Осы мақсаттың еліміздің индустриялды-инновациялық даму бағдарламасында басты орынға қойылуы, технологиялар-даму стратегиясының құрамдас бөлігі ғана емес, ол оның өміршеңдігінің шарты екендігінің мойындалуын көрсетеді. Қазақстанның технологиялық дамуының қазіргі деңгейі, көп жағдайда осының алдындағы КСРО құрамында дамығандығымен және тәуелсіздікті алғаннан кейінгі алғашқы онжылдықтағы экономиканың дағдарысты күімен анықталады. Қазақстанның Одақ құрамында дамуы бүгінгі күндегі Республикадағы барлық өндіріс түрлері бойынша аяқтаушы циклдың жоқтығына, өндірістің негізінен ескірген техникалық негізде жүргізілуіне, технологиялық және өндірістік құрылымы дамыған және жекелеген дамушы елдердің деңгейінен артта қалуына алып келді және осы ретте технологиялық әртектілігімен сипатталынады. Тәуелсіз Қазақстанның өмір сүруінің алғашқы он жылындағы міндетін, жалпы мағынада, нарықтық экономиканың институционалдық негізін орнату стратегиясы ретінде сипаттауға болады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасының өнеркәсібінде инновациялық процестердің дамуы.docx

— 92.40 Кб (Скачать документ)

КІРІСПЕ

 
     Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан экономикасының дамуындағы басым міндеттердің бірі ғылыми және жоғары технологиялық өндірісті құру болып табылады. Осы мақсаттың еліміздің индустриялды-инновациялық даму бағдарламасында басты орынға қойылуы, технологиялар-даму стратегиясының құрамдас бөлігі ғана емес, ол оның өміршеңдігінің шарты екендігінің мойындалуын көрсетеді. Қазақстанның технологиялық дамуының қазіргі деңгейі, көп жағдайда осының алдындағы КСРО құрамында дамығандығымен және тәуелсіздікті алғаннан кейінгі алғашқы онжылдықтағы экономиканың дағдарысты күімен анықталады. Қазақстанның Одақ құрамында дамуы бүгінгі күндегі Республикадағы барлық өндіріс түрлері бойынша аяқтаушы циклдың жоқтығына, өндірістің негізінен ескірген техникалық негізде жүргізілуіне, технологиялық және өндірістік құрылымы дамыған және жекелеген дамушы елдердің деңгейінен артта қалуына алып келді және осы ретте технологиялық әртектілігімен сипатталынады. Тәуелсіз Қазақстанның өмір сүруінің алғашқы он жылындағы міндетін, жалпы мағынада, нарықтық экономиканың институционалдық негізін орнату стратегиясы ретінде сипаттауға болады. 
Қазақстандық ғалымдар қазіргі күнде еліміздің технологиялық дамуының екі жолын көрсетеді. Оның біріншісі шетелден алдыңғы қатардағы технологиялар мен ноу-хауды алу, ал екіншісі - өзіндік ғылыми-технологиялық қуаттарды дамыту. Осы орайдағы индустриалдық-инновациялық стратегияға сәйкес ғылыми-технологиялық дамудың негізгі бағыттары биотехнология, ядролық технология, космостың технологиялар және жаңа материалдарды жасау болып табылады. Қазақстандағы кәсіпорындарды модернизациялау стратегиясы технологиялық дамудың әлемдік үрдістерін ескере отыра, жоғарыда көрсетілген екі мүмкіндікті де пайдалануды ескеруі тиіс. Технологияның даму заңдыылқтарын білу модернизациялану барысындағы елдің технологиялық дамуының дұрыс стратегиясын құруға мүмкіндік береді. Осы ретте, технологиялық даму теориясы саласында ұсынылып отырған келесі материал модернизациялану барысындағы экономикалардың жаңа технологиялық кеңістікке енулеріндегі ең тиімді сәттерді анықтауға мүмкіндік береді. Технологиялық дамудың заңдылықтары туралы ой түйе отырып, оның дамуының әртүрлі сатыларындағы технологияларға бой үйретудің шарттары мен ерекшеліктерін талдауға көшейік. Осы орайда, әдетте бастапқы саты (1 саты), ерте өсім (2 саты), кеш өсім (3 саты) және жетілген (4 саты) қарастырылады. Ал технологияларға бой үйрету екі жолмен жүзеге асырылады: тәуелді тұрғыда кіру, технология иесінің ұсынысымен кіру және реципиенттің ұсынысымен дербес кіру. Енді тәуелді кірудің жолдарын қарастырайық. Реципиент бірінші сатыда салыстырмалы немесе динамикалық артықшылықтарды иеленуі тиіс, ал кіру қосалқы артықшылықтар жасау үшін альянстар немесе көп жақты келісімдер формасында болуы мүмкін. Екінші сатыда кіруге мүмкіндіктер тым шектеулі. Осы сатыдағы кіру шикізатты жеткізуші немесе коммерциялық өкіл формасында болуы мүмкін, ал ол үшін реципиент өз тауарын жеткізу географиясын ұлғайтуға мүдделі болуы керек не ресурстарға немесе нарықтарға ене білуі тиіс. Үшінші сатыда кіру мүмкіндігі айтарлықтай кеңейе түседі және реципиент донордың құрылымдық бірлігі ретінде енуі мүмкін. Технологияларға бой үйретудің ең төменгі бөгеті төртінші сатыда көрініс табады. Мұндағы іс-әрекет бірлескен кәсіпорын формасында жүзеге асады, ал оның негізі – шығындардың салыстырмалы төмендігі және қаржылық көздерге мүмкіндіктің болуы. Курстық жұмысымның тақырыбын Қазақстан Республикасының өнеркісңбңнде инновациялық процестердің даму мәселелеріне арнап отырмын. Бұл тақырыпты алу себебім тәуелсіз еліміздің болашағына апарар жол осы инновациямен тығыз байланысты деп ойлаймын. Қазіргі жаһандану процесінде әлемдегі дамыған елдерден қалып қоймас үшін ұлттық экономиканың бәсекелестік қабілеттілігі жоғары деңгейде болуы шарт. Ал ұлттық экономиканы көтеретін мемлекеттік саясат пен отандық кәсіпорындардар. Мемлекеттік саясат дұрыс бағытпен келеді, ал отандық кәсіпорындардың саясаты дәстүрлі сипат алған. Саясаттың дәстүрлі емес жолы да бар, ол – жаңашылдық, яғни ғылыми тілмен айтқанда инновация. Міне, осы инновациялық саясатты қалай қалыптастыру керек, оның мазмұны неде, қандай жолдар мен тәсілдер бар, инновациялық саясатты қалай тиімді қалыптастыру қажет деген сипаттағы сұрақтарға жауап іздеп көреміз.

     Курстық жұмыстың мақсаты: әлемдегі дамыған елдерден қалып қоймас үшін ұлттық экономиканың бәсекелестік қабілеттілігін жоғарлату жолының бірі – инновацияны дамытуды қарастыру.

     Курстық жұмыстың міндеті: инновациялық саясатты қалыптастыру, тиімді жолдар мен тәсілдерді іздестіру.

     Осы тақырыпты зерттеген ғалымдар: Й.Шумпетер, Ж.Деллор, К.Менгер, Л.Вольрас, У.Джеванс, Е.Ф., Жуков, Л.Н. Красавина, О.И.Лаврушин, О.Б. Баймұратов, Г.Т.Қалиева, Қ.Қ.Ілиясов, Н.Қ.Мамыров, Ғ.С.Сейітқасымов, М.С.Саниев, Н.Н.Хамитов, Б.С.Саубетова және т.б.

     Құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Негізгі бөлім үш тарауға бөлінеді; бірінші, инновацияның теориялық негізі; екінші, ҚР өнеркәсібіндегі инновациялық процестердің ерекшелігін талдау; үшінші, инновациялық процестерді мемлекеттік реттеу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 ИННОВАЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

 

1.1 Инновацияның мәні, түрлері және қасиеттері

Әлемдік даму үрдісі қазіргі ғылыми-техникалық серпілісті түбегейлі жаңа даму деңгейіне шығыруға сбепші болып отыр. 90-шы жылдардың басында экономикалық даму парагдимасы өзгерді де, батыстың алдынғы қатарлы елдері шаруашылық іс-ірекеттің материалдық емес саласын жеделдетіп дамытуымен ерекшеленетін «жаңа экономикаға» көшті. «Жаңа экономика» аясында шынайы  түрде білімге, яғни экономикалық өркендеудің жаңа сапалық түрін өамтамасыз етуші жаңартулар мен инновацияға негізделген нарықтың жаңа шаруашылық субъектілері (кәсіпорындар) құрылды.

Қазіргі уақытта технология, құрал-жабдықтар, кадрлар даярлау, өндірісті  ұйымдастыру сипатында іске асқан  «жаңа білім» үлесіне экономикасы  дамыған елдерде жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) өсімінің 70-тен 84 пайызына келді. Жанадаң қалыптасқан жағдайда кәсіпорын акционерлеріне негізгі құнды құрайтын дәл осы зияткерлік капитал, ал оның маңызды құраушылары (ҒЗТКЖ, патенттерлер мен лийензиялар, сауда таңбасы, персоналдың ғылыми білімі мен біліктілігі, кәсіпорынішілік мідениет және т.б., яғни табиғи-заттай түрі жоқ нысандар) нарықтық бағалау мен беделге ие болып отыр. Экономиканың инновациялық белсенділігі басым сипатқа ие болуда, бұл, өз кезегінде, кәсіпорынлардың өз стратегиясын тұбегейлі өзгертуіне, жаңа бісекелестік ортада және тіршілік етудің негізі ретінде зиякерлік әлеуетін қарқынды түрде арттыруға желейді.

Жаңалық, жаңарту және инновация. Ғылыми-техникалық серпіліс заңдылықтарының  мәселесі, әсіресе, негізгі ұғым-түсініктер бойынша пікірталас тудырады. Сонымен, кейбір авторлардың пікірінше, «жаңалық», «жаңарту» және «инновация» ұгымдары синоним болып табылады және ол ғылыми-техникалық серпілістің нәтижесін білдіреді  деп түсіндіріледі. Екінші пікір  бойынша, бұл ұғымдардың арасында белгілі  бір айырмашылықтар бар деп көрсетіледі. Егер жаңалық деп жаңа әдіс, өнертабыс  және жаңалық табуды айтатын болсақ, ал осы жаңалықты іс жүзінде пайдалану  жаңарту (инновация) деген ұғымды білдіреді.

Жаңалық - бұл қандай да бір  іс-әрекет аясында жүргізілген іргетасы, қолданбалы зерттеулер мен талдамалардың  рәсімделген нәтижесі және ол осы  іс-әрекеттің ғылыми әрі техника  жетістіктерін тәжірибелі, нарықтық тргыда пайдаланудың аралық қорытындысы  болып табылады. Жаңалық нарықта  тұтынылатын жаңа өнімге айналған соң, соңғысы жаңарту (инновация) болады. Осылайша, қазіргі заманғы инновация  теориясындағы «жаңарту» және «инновация»  терминдерін бір-бірінен ерекшелеп  бөлмейді, олар - синоним сөздер. Егер жаңарту деп жаңалықтың алғашқы рет қолдануын айтатын болсақ, инновация деп жаңалықты жаппай қолдануға кірісуді айтамыз.

Заңнама бойынша «инновация - нарықта сатылатын жаңа немесе жетілдірілген өнім, іс жүзіде пайдаланылатын жаңа немесе жетілдірілген технологиялық үдеріс түрідегі ең соңғы нәтижесі». Алайда кез келген жаңарту серпіліске әкеле бермейді. Ол орынды түрде таралған жағдайда ғана бұл жаңалықтың қоғамдық өндіріс пен даму үшін инновациялық мәні бар деп айтуға болады. Әлемдік экономикалық әдебиеттерде де инновацияға ғылыми-техникалық серпелістің жаңа өнімдер мен технологияларда шынайы көрініс тапқан түрленуі деген анықтама берілуі де кездейсоқ емес.

Инновацияның ерекше мазмұнын өзгертулер құрайды, ал инновациялық іс-әрекеттің  басты функциясы – өзгеру функциясы  болып табылады. Австрия ғалымы Й. Шумпетер 1911 жылы бес түрлі өзгерулерді  бөліп көрсеткен:

  1. Жаңа техника, жаңа технологиялық үдерістерді пайдалану немесе өндірісті жаңадан нарықтық қамсыздандыру (сатып алу-сату);
  2. Жаңа қасиеттері бар өнімді өндіру;
  3. Жаңа шикізат түрін пайдалану;
  4. Техникалық қасыздандыруды ұйымдастырудағы өзгерістер;
  5. Өнімді сатуда жаңа нарықтың пайда болуы.

      Кейінірек, 1930-жылдары, ол инновация тұтыну тауарларының жаңа түрлерін, жаңа өндірістік және көлік құралдарын, жаңа нарықтар мен өнеркәсіпті ұйымдастырудың жаңа түрін ендіру мен пайдалану мақсатында жасалған өзгерістер деген ұғымды енгізді. [1, 51-55 б.]

     Мұндай көзқарасқа халықаралық стандарттарға негізделген нарықтық экономика жағдайында инновацияның жүйелік суреттеу әдістемелігі де сәйкес келеді. Ол бойынша инновациялық іс-әрекеті деп идеяларды (әдетте ол ғылыми зерттеулер мен талдамалар немесе өзге ғылыми-техникалық жетістіктер нәтижесі) ұластыру және оны жүзеге асырумен байланысты іс-әрекет түрі деп түсіндіріледі:

  1. Жаңа немесе жетілдірілген технологиялық үдерістерде;
  2. Нарықта ендірілген технологиялық жаңа немесе жетілдірілген тауарлар мен қызметтерде;
  3. Іс жүзінде пайдаланылған өндіріс тәсілдері мен оны ұйымдастыру түрінде.

      Сонымен, «инновация» - бұл бір мезгіде екі бірдей әлемнің, атап айтқанда, техника әлемі мен бизнес әлемінің көрініс табуы. Өзгеріс тек технология деңгейінде қатысты болғанда Шумпетер оны өнертабыс деп, ал өзгеруге бизнес араласса, онда ол инновация болып табылады дейді.

      Инновацияның түрлері. Инновациялық іс-әрекетті басқару оны ұзақ уақыт бойы зерттеген жағдайда ғана табысты болмақ, бұл оларды іріктеп, керегін пайдалану үшін қажет. Сол себепті, инновация жайлы айта отырып, оны ең алдымен дұрыстап саралап алу қажет. Инновацияны саралаудың сан алуан дәістері бар. 1-кестеде кеңінен таралған саралау түрлері келтірілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Кесте 1- Инновациялық саралау.

 

Белгілері

Инновация тұрлері

1. Енгізілген өзгертулердің  тереңдігіне қарай

Радикалдық. Жақсартушы. Жалған инновация

2. Технологиялық көрсеткіштері  бойынша

Өнімдік. Үдерістік

3. Нарық үшін жаңалық  түрлері бойынша

Әлемдік сала үшін жаңа. Ел ішіндегі сала үшін жаңа. Осы кәсіпорын үшін жаңа

4. Орнын басушылығы бойынша

Орнын басушы. Күнін жоюшы. Кеңейтуші

5. Қамту аймағы бойынша

Жергілікті. Жүйелік. Стратегиялық

6. Нарыққа шыққан уақыты

Көшбасшы-инновациялар. Ізбасар-инновациялар

Қайнар көзі:


 

      Олардың ішінде ең маңыздысын сипаттайық. Ең алдымен инновацияның түрлерін енгізілетін өзгертулердің тереңдігіне қарай ажыратып алайық. Радикалдық, жақсартушы және жалған инновациялар. Радикалдық инновация – бұл бұрын-соңды белгісіз болған немесе мәлім болатын, алайда өнімділігі, бағасы жағынан алғанда сипаттамасы едәуір жақсарған қасиеттерге ие өнімдер, үдерістер немесе қызмет түрлері. Аталған радикалдық инновация үдерістері, өнім және қызмт көрсету саласында жасайтын өзгерістер соншалықты болғандықтан, оның нәтижесі қалыптасқан нарықтар мен салалардың ұластыруына, ұшырауына немесе жаңа нарық және сала қалыптвсуына алып келеді. Жақсартушы инновация аса қомақты емес төңкеріс жасай қоймайтын, көп ретте, тіпті, белгілі білім, өнім және технологиялардан туындайтын болжанған өзгерістерді білдіреді. Мұндай инновациялар көбінесе өткен уақытқа өте тәуелді болады, технологиялық парадигма бойынша қалыптасады. Мардымсыз түрлерінің өзгеруіне келесілер әсер етеді:

  1. өнім құрылымы өзгеріссіз қалдыратын, бұйымның көрсеткіштеріне, қасиетіне және құнына, сонымен қатар өнімнің материалына және құрамдасына айтарлықтай ықпал етпейтін өнімдерге енгізілген мардымсыз техникалық немесе сыртқы өзгерістер;
  2. кәсіпорынның табысын ұлғайту және ағымдық сұранысты қанағаттандыру мақсатында бұрын осы кәсіпорында өндірілмегеніне қарамастан, бірақ нарықта белгілі өндірісті игеру есебінен  өнім қатарын кеңейту. Инновацияның маңызды сипаттамасы – оны технологиялық көрсеткіштеріне сәйкес өнімдік немесе үдерістік деп ажырату.

      Өнімдік инновация. Өнімдік инновация өндіріске немесе нарыққа технология жағынан жаңа немесе жетілдірілген өнімдерді ендіруді қамтиды. Технологиялық жаңа өнім – бұл технологиялық сипаттамалары немесе пайдалану ұсынысы мүлдем жаңа немесе бұрын шығарылған ұқсас өнімдерден едәуір айырмашылығ бар өнім. Мұндай инновация мүлдем жаңа технологиямен немесе бұрынғы технологияны жаңа қырынан пайдалануға негізделеді. Технологиялық жетілдірілген өнім – сапалық немесе құндық сипаты біршама тиімдірек болатын құрамдастар мен материалдар пайдалану есебінен бір немесе бірқатар техникалық ішкі жүйелерін ішінара өзгерту есебінен айтарлықтай түскен қолданыстағы өнім.

      Үдерістік инновация. Үдерістік инновация технолгиялық жаңа немесе едәуір жетілдірілген өндірістік әдістерді әзірлеп, ендіруді қамтиды. Инновацияның бұл түрі жаңа өндірістік құрал-жабдықты, өндірістік үдерісті ұйымдастырудың жаңа әдістерін немесе олардың жиынтығын пайдалнуға, сондай-ақ зертеулер мен әзірлеу нәтижелерінпайдалануға негізделуі мүмкін. Мұндай инновациялар, әдетте, өндіріс тиімділігін арттыруға немесе өндіріске шығарылып жатқан өнімді беру, ал кей жағдайда қарапайым өндірістік әдістермен өндірілуі мүмкін болмайтын технологиялық жаңа немесе жетілдірілген өнім өндіруге немесе беруге бағытталады.

      Инновация қасиеттері. Инновация нарықта немесе өндірістік үдерісте ендірілген жағдайда ғана іске асырылған деп есептеледі. Берілген сипаттамаларға сәйкес ғылыми-техникалық инновациялар мынадай қасиеттерге ие болуы тиіс:

  1. жаңалығы болуы керек;
  2. нарық сұранысын қанағаттандыруы керек;
  3. өндірушіге пайда әкелуі керек.

      Демек, инновация – белгілі бір тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру үшін коммерциялық түрде жүзеге асыру мақсатымен жаңа идеялар мен білімдері, жаңалықтар, өнертабыстар мен ғылыми-техникалық жобаларды өндірістік үдеріс барысында пайдалану. Сол себепті, инновацияныңміндетті қасиеттері қатарына оның ғылыми-техникалық жаңалығымен қатар өндірістік қолданбалығы да жатады. Инновацияның коммерциялық іске асырылымдығы – оның әлеуеті, қасиеті, сол үшін оған қол жеткізуге белгілі бір күш салу қажет. Инновация үшін жоғарыда аталған барлық қасиеттері де бірдей дәрежеде маңызды екенін айта кеткен жөн. Оның қайсы бірінің болмауы инновациялық үдеріске кері әсер етеді.

[2, 71-76 б.]

 

1.2 Ғылыми-технологиялық  прогресстің мәні мен жалпы  тенденциялары

      Кәсіпорынның инновациялық қызметі – бұл жаңа немесе өнімнің жақсаруы, не қызмет көрсетуі, оларды өндірудің жаңа әдістерін қолдану мақсатындағы ғылыми техникалық зияткерлік әлуеттік шаралар жүйесі. Бұл жеке сұранысты, сонымен бірге жалпы пайдалы жаңалықтарға қоғамның мұқтажын қанағаттандыруы үшін пайдаланылады.

Информация о работе Қазақстан Республикасының өнеркәсібінде инновациялық процестердің дамуы