Қазақстан Республикасының өнеркәсібінде инновациялық процестердің дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2013 в 16:09, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан экономикасының дамуындағы басым міндеттердің бірі ғылыми және жоғары технологиялық өндірісті құру болып табылады. Осы мақсаттың еліміздің индустриялды-инновациялық даму бағдарламасында басты орынға қойылуы, технологиялар-даму стратегиясының құрамдас бөлігі ғана емес, ол оның өміршеңдігінің шарты екендігінің мойындалуын көрсетеді. Қазақстанның технологиялық дамуының қазіргі деңгейі, көп жағдайда осының алдындағы КСРО құрамында дамығандығымен және тәуелсіздікті алғаннан кейінгі алғашқы онжылдықтағы экономиканың дағдарысты күімен анықталады. Қазақстанның Одақ құрамында дамуы бүгінгі күндегі Республикадағы барлық өндіріс түрлері бойынша аяқтаушы циклдың жоқтығына, өндірістің негізінен ескірген техникалық негізде жүргізілуіне, технологиялық және өндірістік құрылымы дамыған және жекелеген дамушы елдердің деңгейінен артта қалуына алып келді және осы ретте технологиялық әртектілігімен сипатталынады. Тәуелсіз Қазақстанның өмір сүруінің алғашқы он жылындағы міндетін, жалпы мағынада, нарықтық экономиканың институционалдық негізін орнату стратегиясы ретінде сипаттауға болады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасының өнеркәсібінде инновациялық процестердің дамуы.docx

— 92.40 Кб (Скачать документ)

      Мемлекеттік бюджет пен борыштық құралдар есебінен емес, тікелей шетелдік инвестициялар есебінен қаржыландырудың артықшылығы бар. Бұл міндет мемлекеттік биліктің барлық деңгейі үшін жоғары басымдық болуы тиіс. Жай ғана тиімді өнеркәсіптік алаңдарды емес, индустриялы дамыған сауда орталығын салу. Тиімді экспортер болмай, дамыған индустриялы экономиканы құру мүмкін емес. Үкімет негізгі проблеманы – ҚР инвестициялық тартымдылығын төмендететін ішкі рыноктың шектеулі потенциалы проблемасын шешуге басты назар аударуы тиіс. Бұл үшін, ҚР Еуразиядағы бірегей геосаяси потенциалын толықтай жүзеге асыру арқылы, ҚР халықаралық саудаға қатысуын белсендіру және елдің ғаламдық еңбек бөлінісі жүйесіне тартылуын күшейту қажет.

      Жаңа инновациялық-технологиялық саясат. Ұлттық экономиканың жаңартылуын және ауқымды жетілдірілуін қамтамасыз ету үшін, инновациялық саясаттың назарын сайлаушылық қолдау мен ұлттық ғылыми зерттеулердің нәтижелерін коммерцияландырудан заманауи және мақұлданған технологиялар трансфертіне түбегейлі өзгерту қажет. Мемлекет ресурстарымен ғана емес, сондай-ақ дарындарымен де бәсекелестікке түседі. Білікті кадрлар тапшылығы проблемасын шешу экономиканы әртараптандыру міндеті үшін де, болашақтағы экономика потенциалын қалыптастыру үшін де ауыр сын болып отыр. Мұндайда білім беру жүйесін түбегейлі реформалауға ғана емес, сондай-ақ дарындарды ұстап қалу және оларды ҚР аумағына тарту бойынша тиімді саясат жасауға көңіл бөлген жөн. Барлық жағдайлар мен болып жатқан өзгерістерді ескеруге әрқашан мүмкіндік бола бермейтін, үлкен қателіктерге әкеп соқтыруы мүмкін «қатаң» жоспарлау тәуекелінен алшақ болған жөн. Қатаң жоспарланған шектеулер салдарынан аймақтар мен салаларды дамыту жолында «кедергі» болмайтын «жеңіл» индикативті тәсіл қажет.

      Экономиканы әртараптандыру – бұл салалық құрылымды өзгерту ғана емес, сондай-ақ оның шоғырлану деңгейін едәуір төмендету. Даму басымдығы өнеркәсіп алпауыттарына емес, 200-300 адам жұмыспен қамтылған және айналымы шамамен 20-30 млн. АҚШ долларын құрайтын мыңдаған шағын және жүздеген орта өнеркәсіптік кәсіпорындарға берілуі тиіс. Осыншама күрделі міндеттерді шешу үшін мемлекеттік басқаруды жаңа сапалы деңгейге көшіру қажет. [27, 62-63 б.]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

    1. 2003 ж. №1096 «2003-2015 жж. арналған ҚР ИНДУСТРИЯЛДЫ- ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ ТУРАЛЫ» ҚР  Президентінің Жарлығы.
    2. 2000 ж. 12 шілдедегі №1059 «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ   ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ САЯСАТЫ КОНЦЕПЦИЯСЫ ТУРАЛЫ» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.
    3. 2003 ж. 21 қаңтардағы №66 «МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ СУБЪЕКТІЛЕРІН ҚҰРУ ЖӘНЕ АККРЕДИТАЦИЯЛАУ ЕРЕЖЕЛЕРІН БЕКІТУ ТУРАЛЫ» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.
    4. 2003 ж. 18 наурыздағы №263 «2003-2005 жылдарға ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӨНДІРІСТЕРДІ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БАҒАДАРЛАМАСЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.
    5. Назарбаев Н.А. Новый Казахстан в новом мире. Астана, 2007. – С. 85-86.
    6. 2002 ж. 3 шілдедегі №333 «ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ» Қазақстан Республикасының Заңы.
    7. Ералы А.Қ., Қабылбеков М.Г. Кәсіпорын экономикасы, КазҰТУ, 2004.
    8. Оразалин К.Ж. Кәсіпорын экономикасы, 2007.
    9. Инновационная экономика. 2 изд. Исправленное и дополненое – М: Наука, 2004.
    10. Инновационная деятельность в Республике Казахстан, 2001г.
    11. Мамыров Н.К. Тілеужанова М.А. Микроэкономика: Оқулық – Алматы: «Экономика», 2003.
    12. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы – Алматы: Экономика, 2003.
    13. Сейтказиева А.М. и др. Инновационная деятельность предприятия. – Алматы: Экономика, 1998.
    14. Төлегенов Б.Т. Ішкі фирмалық жоспарлау: АТУ баспасы, 2003.
    15. Дауренбекова А.Н. Қазақстан өнеркәсібінің индустриялық деңгейін көтерудің экономикалық механизмі: монография. Алматы: Экономика, 2005.
    16. Инновационная экономика. 2 изд. Исправленное и дополненное – М: <span class="Normal__Char" style=" font-family: '

Информация о работе Қазақстан Республикасының өнеркәсібінде инновациялық процестердің дамуы