Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2013 в 16:09, курсовая работа
Қазақстан экономикасының дамуындағы басым міндеттердің бірі ғылыми және жоғары технологиялық өндірісті құру болып табылады. Осы мақсаттың еліміздің индустриялды-инновациялық даму бағдарламасында басты орынға қойылуы, технологиялар-даму стратегиясының құрамдас бөлігі ғана емес, ол оның өміршеңдігінің шарты екендігінің мойындалуын көрсетеді. Қазақстанның технологиялық дамуының қазіргі деңгейі, көп жағдайда осының алдындағы КСРО құрамында дамығандығымен және тәуелсіздікті алғаннан кейінгі алғашқы онжылдықтағы экономиканың дағдарысты күімен анықталады. Қазақстанның Одақ құрамында дамуы бүгінгі күндегі Республикадағы барлық өндіріс түрлері бойынша аяқтаушы циклдың жоқтығына, өндірістің негізінен ескірген техникалық негізде жүргізілуіне, технологиялық және өндірістік құрылымы дамыған және жекелеген дамушы елдердің деңгейінен артта қалуына алып келді және осы ретте технологиялық әртектілігімен сипатталынады. Тәуелсіз Қазақстанның өмір сүруінің алғашқы он жылындағы міндетін, жалпы мағынада, нарықтық экономиканың институционалдық негізін орнату стратегиясы ретінде сипаттауға болады.
Осыған байланысты инновацияны әзірлеу үшін қажетті білімнің ғылыми үрдістің жүру барысындағы білімнен айырмашылығы болады. Бұл айырмашылық инновациялыққызметтегі өзара байланысты қызметтердің жиынтығынан тұрады. Ол технологиялық сынақтар, нарық мониторингін негізге алады. Әрине, бұл жерде кәсіпкерліктің рөлі жоғары.
Өнеркәсіптік кәсіпорынның инвестициялық-инновациялық әлеуеті инновациялық қызметті жүзеге асыруға қажетті санаткерлік, ғылыми, ғылыми-техникалық, материалдық, өндірістік, қаржы-инвестициялық және басқару ресурстарының жиынтығын білдіреді.
Экономикасы дамыған елдерде инновациялық қызмет кәсіпқой менеджментпен үйлестіре отырып, өнеркәсіптік өндіріс пен өндірістің басқару тиімділігін көтерудің негізгі жетелеуші күшіне айналған. Сөйтіп, олармен ғылыми-техникалық жасалымдардың иелері, инновациялық өнімдерді тұтынушылар, несие-қаржы, патенті-лицензиялық, консалтингті, оқу-әдіснамалық және тағы басқа мемлекеттік және жеке құрылымдар айналысады. [8, 33-41 б.]
Шетелдің өнеркәсіптік кәсіпорындар тәжірибесінен кәсіпорын басшыларының инновациялық үрдісті жүрзізуге, жаңалықтарды ашу мен енгізуде стратегиялық бағыт ұстануы басты мақсат болып табылады.
Иновациялық мүмкіндіктерді іздестіру және өнеркәсіптік салалар үші тиімді комбинациялар құру нақты инновациялық жобаны таңдау мен жүзеге асыруға әкеп тірейді. Кәсіпорының инновациялық әлеуетін көтеруге жалпы өнім көлеміндегі жаңа технологияның үлесі немесе еңбек сыйымдылығы жоғары өнім, қолданылатын технологиялық үрдістің орташа жасы, шикізат пен материалдарды пайдалану коэффициенті, жоғары білікті мамандар саны әсерін тигізеді.
Мемлекет қазіргі кезде пассивті түрдегі инвестициялық саясаттан белсенді саясатқакөшуде, сөйтіп инвестициялық үйлестіруші функциясын орындап отыр. Даму банкін күшейту және инвестициялық қор, инновациялық қор, экспорт пен капиталды сақтандыру. Корпорациялары, маркетингтік және аналитикалық зерттеу, инжинирингтік және технология трансферті орталықтары сияқты дамудың мемлекеттік қаржы институттары құрылды.
Қазақстанда дайын өнім өндіруге, өндірісті дамытуға салымдардың аз және несилік ресурстардың пайыздық ставкаларының жоғары болуына қарай оларды алуда жоғары шектер қойылған. Мұндай кедергілірді жою мақсатында Даму институттарының құрылтайшысы болып мемлекет табылады.
Даму институттарына жобаларды қаржыландыруда белгілі бір операциялар мен қызмет түрлеріне байланысты мамандырылуы тиіс. Мысалы, Даму банкі жобаларды қаржыландыруда банк несиесінің көмегімен инвестициялық қор жарғылық қордағы үлестік қатысу арқылы, инновациялық қор – ғалымдарға және ғылыми мекемелерге гранттар беру немесе капиталдағы үлестік қатысу бойынша мамандандырылады. Яғни, даму институттарының табиғаты нарықтық болғанымен, қызметі бәсекеге негізделуі тиіс.
Әрине, олар қосылған құндардың технологиялық және экономикалық тізбектілігін дамытуға бағытталған жобаларға да қатысатын болады деп көзделуде. Бұл өнімнің бәсекеге қабілетінің барлық параметрлеріне жауап бере алатын, соңғы өнімге бағытталып жұмыс істейтін көп салалы кәсіпорындар құруға да мүмкіндік береді деп ойлаймыз.
Мемлекет бюджетінен бөлінген қаржылардан құрылған институттарды қалыптастыру арқылы жалпы мемлекет тарапынан экономикадағысыңаржақ дамуға шек қоя отырып, жоғары технологиялық және ғылыми сыйымды өндірістерді өркендетуде инновациялық экономиканы қалыптастыруда күрделі проблеманы шешуге мүмкіндік береді.
Осы бағытта жүргізіліп жатқан іс-шараларды зерттей келе, Даму институттарынан қаржы алуда инновациялық және инвестициялық жобалардың негізгі кемшіліктеріне олардың сапасының төмендігін, өтініш білдіруші жоба иелерінің дайын еместігін, кепілдік беру базасының аздығын, айналым қаржыларының жеткіліксіздігін байқалады. Сонымен бірге, кәсіпорындардың бизнес – жоспар жасау тәжірибесінің жетіспеушілігін, жаңа технологияларға қол жете бермеушілік пен мемлекеттік процедураларды білмеушіліктің басым екенін көруге болады.
Мемлекеттік деңгейде инновациялық басымдылықтарды таңдау критерийлеріне:
Отандық өнеркәсіпті технологиялық тұрғыдан индустрияландыру үшін алдыңғы қатарлы ғылыми және техникалық шешімдерді жүзеге асыратын салалар мен кәсіпорындардың белсенділігін арттыру және дамыту басты мәселеге айналуы тиіс деп санаймыз. Бұл үшін өңдеу өнеркәсіп кәсіпорындары трансұлттық корпорациялармен, ірі шетелдік және отандық компаниялармен қауымдастықты күшейткен жағдайда біріккен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндігі жоғары болады.
Шетелде жаңа технологиялардың үлгісін демонстрациялау механизмі жолға қойылған, оған көптеген қаржы, тіпті бюджеттен де бөлінеді. Ондағы инвестициялық қорларды қалыптастырудың көздеріне:
Аймақтарда, ірі кәсіпорындарда инновациялық қорлар құру ғылыми-технологиялық парктер қалыптастыруға жол ашады.
Өндірістік кәсіпорындарда өндірісті техникамен жарақтандыру қосымша инвестицияларды қажет етеді. Машиналар мен құрал-жабдықтарды импорттау өндірістің технологиялық деңгейін көтеруге мүмкіндік бермей отыр. Біздің талдау нәтижелеріміз негізгі капиталға жұмсалатын инвестиция өндірісті толық жаңартуға емес, тек оны қолдау шараларын жүргізуге ғана жұмсалатынын көрсеттті. Сондықтан инвестицияны пайдалану, әсіресе өңдеу өнеркәсібінде өте төмен деңгейде деп тұжырым жасауға болады.
Қазіргі кезде технологиялық үрдістерді жаңарту мен ресурстарды үнемдеу арқылы өнімнің сапасы мен бәсекелік қабілетін көтеретін инновацияны енгізу басты мақсат болуға тиіс. Өнеркәсіп кәсіпорындардағы инновациялық белсенділіктің төмен болуы оның экономикалық көрсеткіштеріне теріс ықпалын тигізіп отыр.
Сөссіз, технологиялық инновациялар өте қымбат болғандыұтан, оларды табыс көлемі жоғары ірі компаниялардан сатып ала алады. Мемлекет ірі кәсіпорындар мен біріге отырып, қымбат бағалы ғылыми жаңалықтардан тұратын техника-технологиялық жобаларды сатып алу үшін қаржы ресурстарын шоғырландыра отырып, таңдамалы түрде жүргізілетін инновациялық саясатты жүргізуі қажет. [10, 12-17 б.]
2.2 Қазақстан Республикасының мұнай саласындағы инновациялардың қазіргі жағдайы
Жоғарғы қосылған құнды өнім шығаруды қамтамасыз ететін өнеркәсіптің басымдылық (приоритетті) салаларының инновациялық дамуы ел экономикасы бәсекелестігінің жоғарылауының маңызды алғы шарты болып табылады. Табиғи-ресурсты әлеует, мамандандырылған жұмыс күші, қолда бар өндірістік инфрақұрылым мұнай саласының дамуының келешегін анықтап, арықарай мұнай өнімдерінің әлемдік нарығына алып шығуды көздейді. Бұл үшін мемлекетіміз мұнайды қайта өңдейтін және мұнайхимиялық кешендерінің дамуын ынталандыратын, Қазақстан Республикасы экономикасының мұнай кешенінің өндірістік кәсіпорындарының және ғылыми, оқу ұйымдарының өзара тиімді қатынасуын икемдендіретін бір қатар шаралар жүргізуі қажет. Тақырыпты зерттеудің маңыздылығы көрсетілген мәселенің жеткіліксіз қарастырылғанын ғана дәлелдеп қоймай, сонымен қатар Қазақстан Республикасының мұнай саласының динамикалық дамуына қарамастан, мұнай операцияларын жүргізуде осы саланың әлем жетістіктерінен техника-технологиялық жағынан қалып қоюына байланысты бірқатар мәселелерінің болуы. Оған себеп салық салу және мұнай операцияларын несиелеу сұрақтарына қатысты заңдарының жеткіліксіз, саланы жаңғырту деңгейінің төмендігі; мұнай өндірудегі, өңдеудегі және тасымалдаудағы қолданылатын негізгі капиталдың тозуы; сала кәсіпорындарының өндірістік күштерінің толық емес жұмысбастылығы; инвестицияларды тарту механизімінің болмауы және т.б. болып келеді.
Тәуелсiздiк алғаннан кейiн Қазақстан жаhандық экономикада әлемдiк тауар рыноктарына мұнай, газ, қара, түстi, жерде сирек кездесетiн және қымбат металдар мен уран өнiмдерiн шығаратын ел ретiнде қарастырылады. Ауыл шаруашылық өнiмдерiнен астық экспортының келешегi бар. Қазақстанда пайдалы қазбалардың iрi қорларының болуы оның салыстырмалы экономикалық артықшылығы болып табылатындықтан, ол қазiргi уақытта классикалық экономика сценарийi бойынша дамуда. Өндiрiстiң және шикiзат ресурстары экспортының қарқынды дамуы экономикаға экономикалық дағдарыстан шығып, соңғы үш жылда экономикалық өсудiң жоғары қарқынын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бердi. Өнеркәсiптiң шикiзат салаларына шетелдiк инвестицияларды тарту және қаржы саласында құрылымдық-институционалдық өзгерiстердi жүзеге асыру жөнiнде мемлекеттiк саясаттан жүргiзiлуiне байланысты Қазақстан экономикасының дамуында iлгерiлеу байқалуда, елде өмiр cүру деңгейi жоғарылауда және ұзақ мерзiмдi кезеңде индустриялық сервистiк-технологиялық даму сатысына өтуге мүмкiндiк беретiн қаржы ресурстары жинақталуда. Бүгiнгi таңда Қазақстанды әлемдiк қоғамдастық нарықтық экономикадағы мемлекет ретiнде мойындап отырғанын атап өту керек, ол ТМД елдерiнiң iшiнде бiрiншi болып инвестициялық ел рейтингiне ие болды. Дүниежүзiлiк Банк Қазақстанды әлемдегi инвестиция салуға ең тартымды 20 елдiң қатарына қосты. Тәуелсiздiк жылдары Қазақстан экономикасына 21 млрд. астам АҚШ долл. тартылды. Стратегиялық тұрғыдан алғанда қабылданған үлгiге сәйкес Қазақстан бәсекелестiкке және әлемнiң барлық елдерiмен өзара тиiмдi ынтымақтастық орнатуға негізделген тауарларды, қызметтердi, капиталды және жұмыс күшiн экспорттауға бағдарланған ашық экономикалы ел ретiнде қалыптасады. 2001-2002 жылдары iшiнде ЖIӨ-нiң орташа жылдық өсу қарқыны 11,5 % құрады. 2010 жылы ЖIӨ екi есе ұлғайту үшiн оның орташа жылдық өсу қарқыны 7,2 % болуы керек. Стратегиялық жоспарды iске асыру саласында ел экономикасының жақсы қарқын алғанын атап өту керек. Орта мерзiмдi кезеңде қарқынды дамуды жалғастыру және сонымен қатар экономика мен әлеуметтiк салада сапалы өзгерiстер жүргiзу керек. Сонымен қатар Қазақстан отын және минерал шикiзатының iрi әлеуетiн шоғырландырған шағын экономика ретiнде өндiрiстiң өңдеушi салаларына инвестициялар үшiн тартымсыз. Бұл шикiзат ресурстарына жағдаяттың өзгеруiне қатысты ел экономикасын осал әрi тәуелдi етедi. Әлемдiк тәжiрибе көрсеткендей, шикiзат ресурстарына бай кейбiр дамушы елдер тұрақты экономикалық дамуға қол жеткiзбей, шикiзаттың әлемдiк тауар рыноктарында жағдаяттың өзгерiстерiне тым тәуелдi болып қала бередi. Экономиканың шикiзат секторларынан едәуiр табысқа иe болып, мемлекет пен жекe сектор экономиканың жаңа салаларын дамытуға ынталанбайды. Сонымен бiрге ресурстар қоры мардымсыз немесе тапшы елдер ілдебайлап күн кешу шегiнде болатындықтан, экономиканың жаңа секторларын дамытуға үнемi әрекет жасайды. Алайда ұзақ мерзiмдi келешекте шикiзат қоры сарқылады, бұл пайдалы қазбалардың кен орындары толықтай пайдаланылғаннан кейiн тұрақты даму тұрғысынан алғанда елеулi проблемалар туғызады.
Экономиканың шикiзат секторынан алынатын iрi кiрiстерден шектен тыс толығу қаупiн ескере отырып және мұнай бағасының күрт төмендеуiнiң зардаптарын болжау негiзiнде Қазақстанда Ұлттық қор құрылды, онда мұнай мен түстi металдарға әлемдiк баға деңгейiнiң белгiленген қалыпты шектен асып кетуiнен түсетiн кiрiстер жинақталады. Бұл шара, сондай-ақ қазақстандық қаржы жүйесiне түсетiн валюта қысымын жоюға және экспортты ынталандыратын және дайын өнiмнiң импортын тежейтiн теңгенiң айырбас бағамын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Құрылымдық-институционалдық реформалар саласындағы жетiстiктердi, қаржы секторы сенiмдiлiгiнiң артуын және елдiң экспорттық әлеуетiнiң жедел қарқынмен өсуiн айта отырып, өнеркәсiптiң өңдеушi салалары, сондай-ақ өндiрiстiк сипаттағы қызметтер көрсететiн салалар тиiсiнше дамымай отырғанын атап өту керек. Өңдеушi өнеркәсiпте металлургия өнеркәсiбi ғана сыртқы рынокта бәсекеге түсе алады. Тамақ өнеркәсiбiнiң кейбiр өнiмдерi осыған ұқсас шетелдiк өнiмдермен iшкi рынокта ғана бәсекеге түсе алады, ал өңдеушi өнеркәсiптiң қалған өнiмдерi бүгiнгi таңда тiкелей және жанама субсидиялардың есебiнен ғана ұсталып отыр. Бұл электр энергиясына, ЖЖМ, өнiмдi тасымалдауға төмен және экономикалық тұрғыдан негiзделмеген тарифтiң белгiленуiнен, кедендiк қорғау баждарын белгiлеуден көрiнiс беруде. 2003 жылға дейiн өнеркәсiптiң кейбiр (машина жасау, тоқыма, тiгiн, былғары аяқ киiм, резина және пластмасса бұйымдарын өндiру, химия өнеркәсiбi) салаларына бюджет алдында жол берiлген бұрынғы берешектерiн төлеу өсiмi есептелмей кейiнге қалдырылды. Тоқыма, тiгiн, былғары аяқ киiм өнеркәсiбi салаларының өзi өндiрген өнiмдi өткiзуге 2002 жылға дейiн ҚҚС нөлдiк cтaвкa бойынша салынды. [11, 20-28 б.]
Iрi инвестициялық жобалар өзiнде шоғырланған және өнiмнiң әрбiр өзгерту сатысында қосылған құны мөлшерiн арттыру арқылы технологиялық тұрғыдан бiрнеше қайтара өзгертуге болатын өнiмдер шығаратын өндiрiс орындары ҚҚТ әдiсi бойынша бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа бағдарланған өндiрiстердi дамыту мен қалыптастыру алаңына немесе базасына айналуы тиiс. Iс жүзiнде барлық мұнай экспорттаушы елдердi дерлiк өз экономикасын әртараптандыру проблемасы алаңдатады. Дүние жүзiнде осы бағытта бiраз тәжiрибе жинақталған. Мұнай және мұнай өнiмдерiне конъюнктура өзгерiстерiнiң әсерiн төмендету мақсатында аса iрi мұнай экспорттаушы елдер соңғы он жылдықта мұнай экспорттаудан алынатын табысты қайта бөлу есебiнен экономиканың өндiрiстiк құрылымын жетiлдiру жөнiндегi шараларды iске асыруда. Осымен бiр мезгiлде дамыған елдер экономикасынан кiрiс алу мақсатында басқа елдерге капитал экспорттау жұмысы жүргiзiлуде. Қазақстанда мұнай-газ өнеркәсiбiне жылдан жылға көбейiп келе жатқан инвестициялар көлемi экономика құрылымын әртараптандыруға қолайлы орта болып табылады. Осыған байланысты, Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторын (КТҚС) игеру индустрияны дамытудың негiзгi қозғаушы "локомотивтерiнiң" бiрi болып табылады, онда күнiлгерi бағалау бойынша көмiрсутектердiң жалпы қоры 8,0 млрд. тоннаны құрайды, ол күтiлiп отырғандай, Қазақстанда көмiрсутектер өндiрудiң неғұрлым елеулi өсiмiн қамтамасыз етедi. Перспективада қайраңдағы кен орындарынан мұнай өндiру жылына 150-200 млн. тоннаға жетiп, 25-30 жыл бойы осы деңгейде тұруы мүмкiн. Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiндегi тұзды кен орындары мұнайда сұйылған газдың құрамы жоғары - шамамен 60% көлемiнде болуымен сипатталады. Қашаған кен орнының мұнайында ғана алынатын газдың қоры Қарашығанақ кен орнының қорымен ғана теңесуi мүмкiн деп күтiлуде. Тұтастай алғанда Қазақстанның орта және ұзақ мерзiмдi перспективасында ОЭК-iнiң КТҚС-ның дамуымен айқындалатын болады, өйткенi 2006 жылдан кейiн оншорлық кен орындарында өндiрудiң өсуi шамалы болады. Каспий өңiрi көмiрсутегiн өндiрудiң өсуiне, магистральдық, оның iшiнде экспорттық мұнай және газ құбырларын, жүктердi сақтау және ауыстырып тиеу үшiн теңiз порттары мен порт құрылыстарын, мұнай құятын және газ толтыратын темiр жол терминалдарын салуға, электр энергетикасында және телекоммуникациялық инфрақұрылымда жаңа қуаттарды енгiзуге байланысты Қазақстанның жалпы экономикалық қарқынына едәуiр көлемде әсер ететiн инвестициялық және өндiрiстiк белсендiлiктiң қуатты өсуiн бастан кешiретiн болады. Каспийде көмiрсутегiн өндiрудiң мұнай-химия индустриясы үшiн отандық шикiзат базасының қалыптасуына жағдай жасайды. Iрi инвесторларды тарта отырып, Қашаған кен орнының өнеркәсiп аймағының маңында iлеспе табиғи газды ұқсату жөнiндегi мұнай-химия кешенiн салу жоспарлануда. Кешен мұнай-химия өнiмдерiнiң сұйық және бастапқы компоненттерiнiң ауқымды бөлiгiн - этан, пропан, бутан, гексан, этилен, пропилен, ацетилен, бензол, ксилол және басқаларын, олардың негiзiнде пластикалық массалар мен эластомерлер алуға мүмкiндiк бередi. Алдағы он бес жылда Қазақстан мұнайын өндiрудi дамытуға инвесторлар 80 млрд. AҚШ долларынан астам қаржы салуға ниет бiлдiруде. Бұл қаражат iске қосылатын кәсiпорындардың жұмысын қамтамасыз ететiн өндiрiстiк, инфрақұрылымдық және әлеуметтiк объектiлер салуға жұмсалатын болады. Аталған инвестициялық жұмсалымдар тауарлар мен қызметтер көрсетулердiң ауқымды түрiне сұраныс тудырады, олардың бiр бөлiгi Қазақстан жағдайы үшiн уақытша сипатта болады, ал басқа бөлiгi мұнай қорлары сарқылғаннан кейiн де сыртқы және iшкi рыноктарда қажет болатын өндiрiстер құруға бағытталатын болады. Мысалы, Каспий жағалауының инфрақұрылымын дамыту демалыс және ойын-сауық индустриясын құру үшiн, теңiз порттары - жүктердi тасымалдаудағы көлiк шығыстарын азайту үшiн, машина жасау зауыттары баржалар, жүк, кәсiпшiлiк және әскери кемелер, жабдық пен тұрмыстық техниканың мол ассортиментiн шығару және т.б үшiн алғышарт жасайды. Мұнай мен газды ұқсатуды кеңейте түсу iс жүзiнде экономиканың барлық салалары мен тұрмыста пайдаланылатын полимерлiк бұйымдардың шамамен 200 түрiн шығаруға мүмкiндiк жасайды. Осы бағытта ҚҚТ-ны дамыту көп салалы трансұлттық корпорация құруға жағдай жасайды. ҚҚТ-ны дамыту үшiн металлургия өнеркәсiбiнде жақсы перспективалар бар. Қазақстанда Д.Менделеевтiң периодтық жүйесiнiң 100-ге жуық элементiн қамтитын минералдық рудалардың қорлары бар КСРО тұсында оның 74 элементi өнiмiнiң алуан түрiне пайдаланылады. Қазақстанның түстi металлургия өнiмi ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялы тауарларды - ғарыш аппараттарын, қару-жарақ, электр техникасын жасауда пайдаланылды. Қазақстанда түстi, асыл және сирек кездесетiн жер металдарының кең ауқымды мөлшерiн күрделi және қоры аз рудалардан, руда үйiндiлерiнен, металлургиялық шлактар мен қайта өңдеу қалдықтарынан алу жөнiндегi ғылыми-инновациялық әзiрлемелердi түстi металлургия кәсiпорындарында енгiзудiң осы саласында да зор ғылыми әлеуетi мен тәжiрибесi бар. Металлургиялық қалдықтар мен руда үйiндiлерiн ұқсату жөнiндегi жаңа технологияларды енгiзу орта мерзiмдi перспективада қосылған құны жоғары өнiм алуға мүмкiндiк бередi. Қазақстанға iрi инвестициялардың ағылуы түстi металлургия, химия және жиhаз өнеркәсiбiнiң өнiмдерiне және т.б. сұраныс тудырады. Осының бәрiн мұнай мен газды және металдарды өңдеудi кеңейте түсу есебiнен Қазақстанда шығаруға болады әрi болашақта бұл өнiм әлемдiк рынокта өз орнын табады. Қазақстан әлемдегi iрi астық өндiрушiлердiң бiрi болып табылады. Астық өңдеу процесiн тереңдету көп салалы ҚҚT-ны құрудың негiзгi базасы болуы мүмкiн. Осындай тiзбектi дамытудың бағыттары астық өңдеудiң технологиялық процесiн кеңейтуден де, жемшөп өндiру, мал шаруашылығы, ет пен сүт өнiмiн шығаруды дамытудан да көрiнедi. ҚҚТ-ға, сондай-ақ элеваторлар да, ауыл шаруашылығы техникасы мен минералдық тыңайтқыштарды шығару жөнiндегi зауыттар да, табиғи тағам бояғыштарын, фармацевтикалық бұйымдарды, биотехнология өнiмдерi мен басқаларын шығару жөнiндегi кәсiпорындар да кiредi. Экономика құрылымын және қазақстандық экономиканың экспорттық бағытын әртараптандырудың аталған бағыттары әлеуеттi тұрғыдан басым бағыт болып табылады. Алайда ұсынылып отырған жобаларды iске асыруға мемлекеттiк қолдау көрсету жөнiндегi түпкiлiктi шешiмдi ҚҚT әдiсi бойынша аталған өнiмдердi барынша қайта өңдеу бөлiнiсiнде дамыту мүмкiн болатын бәсекелестiк артықшылықтарды егжей-тегжейлi талдаудан кейiн ғана қабылдау қажет. [12, 36-42 б.]
Информация о работе Қазақстан Республикасының өнеркәсібінде инновациялық процестердің дамуы