Қазақстан Республикасының өнеркәсібінде инновациялық процестердің дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2013 в 16:09, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан экономикасының дамуындағы басым міндеттердің бірі ғылыми және жоғары технологиялық өндірісті құру болып табылады. Осы мақсаттың еліміздің индустриялды-инновациялық даму бағдарламасында басты орынға қойылуы, технологиялар-даму стратегиясының құрамдас бөлігі ғана емес, ол оның өміршеңдігінің шарты екендігінің мойындалуын көрсетеді. Қазақстанның технологиялық дамуының қазіргі деңгейі, көп жағдайда осының алдындағы КСРО құрамында дамығандығымен және тәуелсіздікті алғаннан кейінгі алғашқы онжылдықтағы экономиканың дағдарысты күімен анықталады. Қазақстанның Одақ құрамында дамуы бүгінгі күндегі Республикадағы барлық өндіріс түрлері бойынша аяқтаушы циклдың жоқтығына, өндірістің негізінен ескірген техникалық негізде жүргізілуіне, технологиялық және өндірістік құрылымы дамыған және жекелеген дамушы елдердің деңгейінен артта қалуына алып келді және осы ретте технологиялық әртектілігімен сипатталынады. Тәуелсіз Қазақстанның өмір сүруінің алғашқы он жылындағы міндетін, жалпы мағынада, нарықтық экономиканың институционалдық негізін орнату стратегиясы ретінде сипаттауға болады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасының өнеркәсібінде инновациялық процестердің дамуы.docx

— 92.40 Кб (Скачать документ)

Инновацияның екі тұрпаты ажыратылады:

  1. өнімділік;
  2. үдерістік;

Жаңа өнімді өндіріске  енгізу инновацияның түбегейлі өнімділігі ретінде анықталады. Мұндай жаңалықтар негізінде жаңа технология негізделеді, не тіршілікте қолданылып жүрген технологияның  жаңа түрінде пайдалануын ұштастырады.

Процестік инновация –  бұл жаңалықты енгізу немесе өндіріс  тәсілін және технологияны едәуір жетілдіру, жабдықтарды және өндірісті ұйымдастыруды  өзгерту.

Жаңалық дәрежедегі инновация  негізінде жаңа, яғни өткен, отандық  және шетелдік практикада ұқсастығы  жоқ және жаңа нәрсенің салыстырмалы жаңалығы болып ұсақталады. Негізінде  өнімнің жаңа түрлері, технологиясы және қызмет көрсетуі басымдық, абсолюттік жаңалықтарға ие болады және үлгінің  түп нұсқасы болып табылады.

Инновацияның өмірлік  кезеңі өзара байланысты процестердің және жаңалықтарды енгізу сатысының  жиынтығын көрсетеді. Инновацияның өмірлік кезеңі уақытаралығы ретінде  идеяның дүниеге келуінен өндірістік өткізуден алып тастағанға дейін  инновациялық өнімнің негізінде  анықталады.

Кәсіпорынның инновациялық қызметін әзірлеуде, енгізуде, жаңалықтарды пайдалануда қосылатындары:

  1. Жаңалық идеяны әзірлеу, зертханалық ғылыми жұмыстар, өнімнің жаңа зертханалық үлгілерін, техниканың жаңа түрлерін, жаңа конструкцияны және бұйымдарды дайындауда ғылыми-зерттеу және конструкциялық жұмыстарды жүргізу;
  2. Өнімнің жаңа түрлерін дайындау үшін шикізаттар мен материалдардың қажетті түрлерін таңдап алу;
  3. Жаңа өнімді дайындау технологиялық процесті әзірлеу;
  4. Қажетті өнімдерді дайындау үшін жобалау, жасау, сынақтан өткізу және жаңа техниканың үлгілерін енгізу;
  5. Жаңалықтарды іс жүзіне асыруға бағытталған ұйымдастырушылық-басқарушылық шешімдерді әзірлеу және енгізу;
  6. Қажетті ақпараттық ресурстарды және инновацияны ақпаратпен қамтамсыз етуді зерттеу және әзірлеу;
  7. Қажетті ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстарды жүргізу үшін дайындау, оқыту, жаңа мамандық беру және қызметкерлерді арнайы әдіспен іріктеу;
  8. Лицензиялау, патентеу, ноу-хау жұмыстарын жүргізу немесеқажетті құжаттарды алу;
  9. Инновацияны жетілдіруді ұйымдастыру және маркетингтік зерттеулерді жүргізу.

      Нарықтық экономика жағдайында инновациялық қызметінің тиімділігін талдау қиындайды және көп сатылылығын білдіреді. Талдаудың бірінші кезеңінде – жаңа техниканы және технологияны қолдану қажеттігін дәстүрлі қорытындылайтын техникалық деңгейдегі жеке көрсеткіштер және жаңа техника мен технологияның тиімділігі. [3, 20-24 б.]

      Техникалық-ұйымдастырушылық деңгейінің экономикалық тиімділігін арттыру көрсеткіштері және өз деңгейінің көрсеткіштері, яғни техниканың, технологияның, ұйымдастырудың, басшылықтың және ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстар жөніндегі көрсеткіштерді әдіснамалық тұлға айыру қажет. Ең ақырында өндірістің техникалық-ұйымдастыру деңгейі өндірістік процестің негізгі элементтерін пайдалану деңгейінде байқалады: еңбек, еңбек құралдары, еңбек заттары. Міне, сондықтан да, мұндай экономикалық көрсеткіштер, еңбек өнімділігі, қор қайтарымы, материалды қажетсіну,айналым қаражатының айналымдылығы ретінде өндірістің қарқынды ресурстарын пайдалануды қамтитын жаңа техника мен технологияның экономикалық деңгейін арттыру көрсеткіші болып табылады. Жоғарыда аталған көрсеткіштер қарқындатудың жеке көрсеткіштері деп аталады. Бұларды талдау техникалық-ұйымдастырушылық деңгейінің нысаны бойынша жүргізу қажет. Жеке көрсеткіштермен қатар қорытындылайтын көрсеткіштер де пайдаланылады.

      Техникалық және ұйымдық дамудың экономикалық тиімділігін арттыру шаралары мына төмендегі топтарға бірігеді:

  • Еңбек өнімділігінің үстелуі, жұмыс істеушілердің саны және еңбекақы қорының салыстырмалы ауытқуы;
  • Материалдық қайтарымның үстелуі, материалдық ресурстардың шығындарының салыстырмалы ауытқуы;
  • Негізгі өндірістік қорлардың қор қайтарымының үстелуі, негізгі өндірістік қорлардың салыстырмалы ауытқуы;
  • Айналым қаражатының айналым жылдамдығының үстелуі, айналым қаражатының салыстырмалы ауытқуы;
  • Қарқындату есебінен еңбек, материалдық және қаржы ресурстарын тиімді пайдалануда қнімді шығару мөлшерінің үстелуі;
  • Пайданың немесе өнімнің өзіндік құнының үстелуі;
  • Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі және қаржы жағдайының көрсеткіштерінің үстелуі.

      Қолданылатын техникалық және технологиялық шешімдердің үдемелігі өндірістің мүмкіншілігімен тығыз байланысты. Өндірістің технологиялық деңгейінің ең үлкен дәрежесі технологиялық әдістік заттарға технологиялық қарқындылық және технологиялық басқарылатын процестерге, оның бейімделу-ұйымдық деңгейіне әсер етуіне байланысты болады.

      Жобалауда, әзірлеуде және жаңа техника мен технологияны өндіріске енгізуде бұл шаралардың экономикалық тиімділігін анықтау төрт кезеңнен тұрады:

Бірінші кезең – бұл  инновациялық шараларды іске асыру  үшін қажетті шығындарды анықтау;

Екінші кезең – бұл  қаржыландырудың мүмкіншілік көздерін анықтау;

Үшінші кезең – бұл  жаңа техника мен технологияны өндіріске  енгізудегі экономикалық тиімділікті  бағалау;

Төртінші кезең – бұл  экономикалық көрсеткіштерді салыстыру  арқылы салыстырмалы жаңалықтардың тиімділігін бағалау. [4, 71-74 б.]

       Өндіріс жағдайында экономикалық тиімділікті анықтау кезінде мыналар пайдаланылады:

  • Өнімде және қызмет көрсетуде қолданыстағы көтерме сауда, бөлшек сауда бағалары және тарифтер;
  • Қолданыста заңды түрде белгіленген өндірістік ресурстар үшін нормативтік төлемдер;
  • Қолданыстағы кәсіпорынның пайдадан нормативтік аударымы және орталықтандырылған салалық қорлар және резервтерді қалыптастыру үшін жоғары ұйымдардың, мемлекеттік және жергілікті бюджеттердің бірігуі;
  • Банкілердің несие берудегі немесе жеке қаржыларын сақтау жөніндегі кәсіпорынның тәртібі мен есеп ажырасу мөлшері;
  • Валюталық түсімдерді қайта есептеу нормативтері, т.б.

      Жалпы түрінде ғылыми- техникалық прогресті жеделдету тиімділіктің бірнеше түрін жасайды: экономикалық, ресурстық, техникалық және әлеуметтік.

      Экономикалық нәтижелік – бүл еңбек өнімділігінің артуы, еңбек және материалдық сиымдылықтарды төмендету, өнімнің өзіндік құнын кеміту, пайданы өсіру және пайдалылықты одан әрі арттыру.

      Ресурстық нәтижелік – бұл кәсіпорында ресурстарды босатып алу: материалдық, еңбек және қаржы.

      Техникалық нәтижелік – бұл жаңа техника мен технологияның, ашу, өнертабыс және оңтайландыру ұсынысы, ноу-хау және басқа да жаңа енгізілімнің пайда болуы.

      Әлеуметтік нәтижелік – бұл халықты материалдық және мәдени-тұрмыстық деңгейінің артуы, олардың тауарлар және қызмет көрсетуде мұқтаждарын қанағаттандыру, жағдай және техниканың еңбек қауіпсіздігін жақсарту, ауыр қол еңбегінің үлесін төмендету, т.б.

      Бұл нәтижелерге қол жеткізуге болады, егер де үкімет тарапынан ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуге толық жағдай жасалса.

[5, 11-15 б.]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨНЕРКӘСІБІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТАЛДАУ

 

2.1 Қазақстанда инновациялық дамудың жаңа бағыттары

      Жаһандану жағдайында әлемдегі қаржы дағдарысының, яғни құлдырау мен рецессиясының ұлттық экономикаға ықпал күрт өсті. Көптеген мемлекеттер интеграциялық үрдіске қосылуына байланысты сыртқы жағдайлар ел экономикасына қатты әсер ете бастады. Қазіргі жағдайда және болашақта болатын құбылыстарға сәйкес келетін әс-шаралар жүйесін құрастыру және дағдарыс салдарынан болатын жағымсыз құбылыстарға қарсы тұра алатын шараларды ұйымдастыру қажет. Сыртқы тәуекелділікті және қазіргі жағдайдағы қауіпті мәселелерге көңіл аудармауға, елемеуге  болмайды.

      Дағдарыс әлемдік деңгейде болғандықтан, Қазақстанда өаржылық және экономикалық қиындықтар кездесіп отыр. 2007-2008 жылдардағы ұлттық экономиканың жоғрғы өсу қарқынына қарамастан, экономиканың кейбір секторларында атап айтқанда, қаржы және құрылыс салаларында едәуір құлдырау байқалды. Әлемдік қаржы нарығындағы өтемділік дағдарысының орын алуы, шикізат өнімдеріне сұраныстың төмендеуі, бағаның күрт төмендеуі, жұмыссыздық деңгейінің өсуі және тағы басқалар жалпы дағдарыстың әсерін күшейтті. Соңғы жылдары жалпы экономикалық өсу қарқынының едәуір төмендеуі байқалады. 2000-2006 жылдары жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) орташа жылдық қарқыны ең жоғарғы көрсеткішке ие болды, яғни 10,2%, ал 2007 жылы жалпы ішкі өнім – 8,5% деңгейінде, 2008 жылы - 3%-ға төмендеуі байқалды. 2009-2010 жылдардағы болжаулар бұрынғы көрсеткіштерден де төмен. Үкіметтің, Ұлттық банктің, Қаржы нарығын бақылау және реттеу агенттігінің және қаржы ұйымдарының бірігіп жасаған жоспарларында тұрақтандыруға қажетті қаржы көлемі  2 172 млрд. теңге, 18,1 млрд. долларды құрайды. Ұлттық қор қаражатынан қаржыландыратын негізгі блок бес бағытты қамтиды:

  1. Қаржы секторын тұрақтандыруға – 4 млрд. доллар;
  2. Тұрғын үй секторын дамытуға – 3 млрд. доллар;
  3. Шағын және орта бизнесті демеуге – 1 млрд. доллар;
  4. Агроөнеркәсіптік сектор – 1 млрд. доллар;
  5. Инновациялық-индустриялық жобаларды жүзеге асыруға – 1 млрд. доллар жұмсалды. [6, 64-72 б.]

      2003-2015 жылдарға Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру мақсатында Үкімет мемлекеттің 2003 жылдың тамызында 100 пайыздық қатысуымен «Инжиниринг және технология трансферті орталығын» акционерлік қоғам түрінде құрды. Ол Республикада инновациялық қызметпен инновациялық инфрақұрылымды дамытуға жауапты орталық сервистік даму институты ретінде құрылды. Осы акционерлік қоғам 2004 жылдың басында Алматыда, Қарағандыда және Оралда технопарктер ұйымдастырды. Ал 2008 жылдың ақпан айында «Ұлттық инновациялық қор» акционерлік қоғамның шешімімен «ИИТО» акциоерлік қоғамымен «Ақпараттық технология паркі» арнаулы экономикалық аймақтың және Қазақ Ұлттық техникалық университет техно паркінің активтері берілді. Қазіргі кезде технопарк қызметінің басым бағыттары анықталған. Аймақтарда технопарктерді ұйымдастыру жөнінде іс-шаралар жүргізілуде. Жаңаша кеңселік және лабораториялық жабдықтары бар ғимараттарда табиғи инфрақұрылымдар пайда болды.

      Аймақтық технопарктердің негізгі мақсатына аймақтардың әлеуметтік-экономикалық және технологиялық дамуын қамтамасыз ететін ғылым, өнеркәсіп және аймақтық биліктердің арасындағы тығыз қауымдастықты қамтамасыз ету жатады. Технопарктер ғылыми-зерттеу, инновациялық қызмет және ғылыми-техникалық аяда жаңашыл нарықты мен инновациялық қызметті, ғылыми зерттеулерді байланыстыратын құрылымдардың қызметін атқарады. Олар білім, ғылым, өндіріс, билік тұтынушылар, ғылыми зерттеулердің ғалымдар мен мамандардың жаңалықтары меншығармашылықтарының нәтижелерін коммерциялау арқылы интеграциялауға ықпал етеді.

      Технопарктердің инновациялық инфрақұрылымды ұйымдастырудан айырмашылығы ғылыми сыйымды кәсіпкерлікті қолдаудың әмбебап құрылымын құруда болып отыр. Сондықтан да оның құрамына  инжинирингтік қызметті көрсеттетін бизнес-инкубаторларды құру, эксперттеу, кеңес беру және ақпараттық қолдау көрсету, инвестициялау көздерін іздестіру, кәсіпорын-клиенттер қызметкерлерін оқыту, өнім өткізуге көмектесу жұмыстарын жүргізуде болып отыр.

      Өкінішке орай, қазіргі ұйымдастырылып жатқан технопарк үлгісі аталған қызмет түрлерінің толық кешенін орындай алмай отыр. Сондықтанда индустриялық-инновациялық үрдіске қатысушы ұйымдар республика ішінде де, шетелде де аймақтық технопарктерге қызығушылық тудырмай отыр. Соның салдарынан 2004-2007 жылдар аралығында технопарктер үлкен шығынға ұшырады.

      Тек, 2007 жылдың екінші жарты жылдығынан бастап қана, ұлттық инновациялық жүйеде нақты стратегиялық бағытты анықтау, инновациялық жобаларды іздестіру, шағын инновациялық компаниялар мен инжинирингтік компаниялар құру, инжинирингтік базаны күшейту, технологияны трансферттеу, оларға жұмсалатын қаржы ресурстарын бақылау жұмыстары оң өзгерістерге ұшырады.

      Бұл мәселелер және бұрынғы жіберілген кемшіліктер аймақтың технопарктерді дамытудың жаңа үлгісінде көрініс тапты. Үлгінің жобасы жасалып, онда бүгінгі күннің, яғни әлемдік дағдарыстың әсері ескерілді.

      2009 жылдың 2 сәуірінде «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» ҚР заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Гранттың қаржыландыру тұрғысында технопарктерге технология сатып алу үшін ғылыми-зерттеу-тәжірибе конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру және техника экономикалық негіздеме қайтарылмайтын қаржылар болуды қарастырған. [7, 22-28 б.]

      Шетел тәжірибесін зерттейтін болсақ, АҚШ-та технопарктер құрудың ерекшелігіне олардың унивеситеттермен, мемлекеттік зерттеу орталықтарымен тығыз байланыста жұмыс жүргізетінін аңғаруға болады. Мысалы, технопарктер мен оның құрылымдарының 20 пайызын университеттер ұйымдастыған, 10 пайызы – жеке меншік иелері, 28 пайызы инновациялық жобаны жасаушылармен келісімшартқа отыру арқылы, 38 пайызын бірлескен кәсіпорындар түрінде, тек 4 пайызы мемлекеттік құрылымдардығ қатысуымен құрған.

      Сондықтан да технопарктерді құру мен дамытудың негізгі критерийлері ретінде жақсы ұйымдастырылған менеджмент, технопарктің орналасу орнын дұрыс анықтау, оның инфрақұрылым сапалы түрде жоспарлау, маркетинг жұмыстары мен қаржыландыру көздерін дұрыс анықтай білу жатады.

     Көптеген ғылыми ізденістерде, соның ішінде еліміздегі экономикалық әдебиеттерде инновация ғылыми-зерттеу үрдісінің тікелей жалғасы ретінде қарастырылған. Бірақ, экономикасы инновацияға қарай бет құрған көптген елдер тәжірибесінен инновацияның ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарды жүргізумен ғана емес, сонымен қатар оның нәтижелерін пайдалануда қол жеткен табыстармен анықталатынын байқауға болады. Инновациялық жаңалықтар ғылыми жетістіктерге сүйене отырып, тауар өндірушілердің тұтынушылармен, жабдықтаушылармен және бәсеклестермен нарық коньюнктурасына сәйкес ақпараттардың болуын қажет етеді.

Информация о работе Қазақстан Республикасының өнеркәсібінде инновациялық процестердің дамуы