Қазақстан Республикасының өнеркәсібінде инновациялық процестердің дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2013 в 16:09, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан экономикасының дамуындағы басым міндеттердің бірі ғылыми және жоғары технологиялық өндірісті құру болып табылады. Осы мақсаттың еліміздің индустриялды-инновациялық даму бағдарламасында басты орынға қойылуы, технологиялар-даму стратегиясының құрамдас бөлігі ғана емес, ол оның өміршеңдігінің шарты екендігінің мойындалуын көрсетеді. Қазақстанның технологиялық дамуының қазіргі деңгейі, көп жағдайда осының алдындағы КСРО құрамында дамығандығымен және тәуелсіздікті алғаннан кейінгі алғашқы онжылдықтағы экономиканың дағдарысты күімен анықталады. Қазақстанның Одақ құрамында дамуы бүгінгі күндегі Республикадағы барлық өндіріс түрлері бойынша аяқтаушы циклдың жоқтығына, өндірістің негізінен ескірген техникалық негізде жүргізілуіне, технологиялық және өндірістік құрылымы дамыған және жекелеген дамушы елдердің деңгейінен артта қалуына алып келді және осы ретте технологиялық әртектілігімен сипатталынады. Тәуелсіз Қазақстанның өмір сүруінің алғашқы он жылындағы міндетін, жалпы мағынада, нарықтық экономиканың институционалдық негізін орнату стратегиясы ретінде сипаттауға болады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасының өнеркәсібінде инновациялық процестердің дамуы.docx

— 92.40 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. ИННОВАЦИЯЛЫҚ  ПРОЦЕСТЕРДІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

 

3.1 Индустриялық-инновациялық  даму стратегиясын одан әрі  іске асыру

       Үкіметтің басымдықтарының бірі еңбек өнімділігін арттыруды ынталандыру арқылы бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыру болады.

Бұл бағытты іске асыру  шеңберінде Үкімет елдің бәсекеге қабілетті  экономикасын арттырудың негізгі тетігі ретінде  2003–2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму стратегиясының 2-кезеңін іске асыруға топтастырады.

Мемлекеттік индустриялық-инновациялық саясат саласындағы бұрын қабылданған  бағдарламалық құжаттар идеологиялық тұрғыдан жеделдетілген экономикалық дамыту үшін серпінді секірістерді қамтамасыз ету бойынша басымдыққа сәйкес келеді. Сонымен бірге өнеркәсіп секторы  мен қызмет көрсету саласын жедел  әртараптандыру мен жаңартуға бағытталған  белсенді шараларды қабылдау қажет.

Негізгі міндет өңделетін  сектор мен қызмет көрсету саласын  жедел әртараптандыру және басым  бағыттардағы экономикалық серпінді секірістерге қол жеткізу жолымен экономиканы  орнықты дамытуды қамтамасыз етуден тұрады.

Бұл міндетті шешу үшін мынадай  бағыттар бойынша шаралар қабылданатын болады:

  1. негізгі қорларды жаңарту және экономиканың нақты секторын техникалық қайта жарақтандыру;
  2. ғылыми жетістіктер мен инновациялық әзірлемелерді енгізу есебінен еңбек өнімділігін арттыру;
  3. ресурстар мен энергия үнемдейтін технологияларды енгізу жолымен отандық өндірістердің энергияны қажетсінуін азайту;
  4. трансұлттық шетелдік компаниялардың капиталы мен технологияларын республиканың экономикасына тарту;
  5. жаңа өсу нүктесін қамтамасыз ететін және елдің технологиялық серпінді секірістер үшін негіз болатын макро-жобаларды сәйкестендіру және іске асыру;
  6. Қазақстанның өңірлік нарықта көшбасшы болуына мүмкіндік беретін қызметтер көрсету саласын дамытуға арналған күш-жігерді шоғырландыру. Бұл жерде мынадай басымдықтарды атап өткен жөн: қаржы секторы, өнеркәсіп инжинирингі, құрылыс индустриясы, туризм, ІТ-индустрия, көліктік логистика, денсаулық сақтау;
  7. мемлекеттің жәрдемдесуі кезінде ішкі сұраныстың өсуін арттыру, сонымен бірге бәсекелестік бизнес ортасын дамыту;
  8. ДСҰ-ға кіру;
  9. негізгі серіктес елдермен ықпалдастықты тереңдету және шет елдердің рыноктарын белсенді игеру;
  10. кадрлар даярлау мен қайта даярлаудың тиімді жүйесін жасау.

       Бұл міндеттерді шешу үшін Үкімет мынадай бағыттарда жұмыс жүргізуді жоспарлап отыр.

       Қазіргі кезде белгілі болып отырған өнеркәсіп секторы мен қызмет көрсету саласы өсуінің баяу қарқыны жүйелі проблемалардың бар екендігін көрсетеді. Соңғы жылдарда қабылданып жатқан күш-жігер мен шаралар өнеркәсіп секторы мен қызмет көрсетутер саласының құрылымдық өзгеруінің қажетті қарқынын бере алмады.

       Бұл айтарлықтай дәрежеде отандық өндірушілер қанағаттандыра алатын сапалы тауарлар мен қызметтерге ішкі төлеуге қабілетті сұраныстың болмауына негізделген.

       Елге инвестицияларды тарту жөніндегі жұмыс тәжірибесі де ішкі нарықтың бір жақтылығында Қазақстан аумағындағы өндірістерді құруда шетелдік инвесторлардың қызығушылығының төмендігін көрсетіп отыр.

       Тұтастай алғанда, бұл жалпы ұдайы өндірісті және оның кеңеюін тежейді, жаңа тұтыну өнімдері мен өндіріс құралдарының пайда болуы, олардың сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ынталандырмайды.

       Әлемдік тәжірибені талдау мемлекеттің экономикалық дамуының жедел қарқынына қол жеткізуде елеулі рөл бірінші кезекте оны жергілікті өндіріс есебінен қанағаттандыруға бағытталған ішкі сұранысты реттеуге (ынталандыруға) берілетінін көрсетіп отыр. Отандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған нақты айтылған саясатпен бірге бұл экономикалық серпінді секірістер үшін қолайлы жағдай жасайды.

       Қазақстандық кластерлік бастаманы іске асыру жалғасатын болады. Бұл ретте кластерлік бастаманы дамыту мен қолданудағы негізгі бағдар бизнеспен тікелей қарым-қатынастағы және туындаған жүйесіз проблемаларды шешу үшін жеткілікті өкілеттіктер мен құзыреті бар орган ретінде әкімдіктердің көбірек қатысу жағына ауысатын болады.

       Үкіметтің күш-жігері ірі кластерлерге, ТНК тарту проблемаларын шешуге, экспорттық стратегияларды қалыптастыру мен кластерлік жобаларды инфрақұрылымдық қамтамасыз етуге шоғырландырылатын болады [8, 9-14].

       Үкімет аграрлық саясат саласында оның салаларының өнімділігінің өсуі мен табыстылығы және отандық өнімдердің ұлттық бәсекелестік артықшылықтарын дамыту негізінде агроөнеркәсіп кешенін орнықты дамытуды қамтамасыз етуді басты міндет деп санайды. Бұл үшін Үкімет өзінің жұмысын бірнеше бағыттарда құруды жоспарлап отыр.

       Біріншіден, күш-жігер АӨК ұлттық бәсекелестік артықшылықтарын дамытуға бағытталатын болады. Біздің аграрлық сектордың бәсекелестік күресте табысты пайдаланылуы мүмкін бірқатар артықшылықтары мен елеулі іске асырылмаған әлеуеті бар. Бұл – шикізат өндіру мен оны өңдеуге арналған салыстырмалы жоғары емес шығындар; өндірістің ішкі тұтыну көлемінен айтарлықтай асып түсуі; әр түрлі табиғи-климаттық аймақтардың болуына негізделген алуан түрлі өнім өндіру әлеуеті; өндірістік қуаттың, мүмкіндіктері, шикізат өндіру саласындағы бизнестің белсенділігі. Ықпалдасу резервтерін пайдалану негізінде өнімнің өнімділігі мен сапасы өсуінің, технологияларды жетілдірудің және жабдықтарды жаңғыртудың катализаторы кластерлік өзара қарым-қатынастарды дамыту болады.

       Екіншіден, АӨК-ті индустрияландыруды жүзеге асыру қажет. Бұл АӨК салаларын техникалық және технологиялық жаңғырту, егу алаңдарының құрылымында өтімділігі жоғары дақылдардың үлесін арттыру, мал шаруашылығын өнеркәсіптік негізге көшіру, ғылыми қамтамасыз етуді күшейту және инновациялық әзірлемелерді енгізу арқылы қамтамасыз етілетін болады. АӨК-ті индустирияландыруды жүргізу үшін дайындық кезеңі ретінде Үкімет ауылдық кооперацияны ынталандыру және ірі фермерлік шаруашылықтар құру жөнінде жұмыс жүргізуді жоспарлап отыр.

       Үшіншіден, АӨК инфрақұрылымы одан әрі дамытылатын болады. Азық-түлік тауарларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін  ұтымды жүйе құру жоспарланып отыр, бұл ДСҰ-ға кірудің басты шарттарының бірі болып табылады. Бұл ретте бірінші жоспарға елдің толық ветеринарлық және фитосанитарлық салауаттылығын қамтамасыз ету мәселесі көтеріледі. АӨК өнімдерінің сапасын бақылау және қауіпсіздігінің тәуекелдерін бағалау жүйесін жаңғырту аса маңызды сәт болып табылады. Оны шешу үшін қазіргі заманғы техникалық регламенттер мен стандарттарды әзірлеу және енгізу, АӨК субъектілерінің сапа мен қауіпсіздік менеджментінің халықаралық жүйесіне көшуін қамтамасыз ету, мамандандырылған зертханалар желісін құру және оларды халықаралық нормалардың талаптарына сәйкес қажетті жабдықпен жарақтандыру ұсынылып отыр. Сондай-ақ АӨК-тің қаржылық және сақтандыру инфрақұрылымын дамыту алда тұр. Ауыл шаруашылығы өндірісіне кредит беру, кепілдік беру және оны сақтандыру көлемін, сондай-ақ ауыл тұрғындарына көрсетілетін қаржылық қызметтердің түрлерін кеңейту көзделуде. Ауылдық ақпараттық-консультациялық орталықтар желісі арқылы маркетингілік ақпарат беру жөніндегі тегін қызметтер тізбесін кеңейту, ауыл шаруашылығы білімдерін, алдыңғы қатарлы технологиялар, ғылым жетістіктері мен инновациялар туралы ақпаратты тарату және беру жүйесін дамыту, ауылдық тауар өндірушілердің қаржылық-техникалық консалтингі жүйесін қалыптастыру жолымен АӨК субъектілерін ақпараттық-маркетингілік және консультациялық қамтамасыз етуді жақсартуды қамтамасыз ету қажет. Бұдан басқа, арнайы жабдықталған дайындау-сатып алу кооперативтерінің тармақталған желісін құру арқылы тауарларды өндірушіден тұтынушыға дейін жылжытудың айқын жүйесін түзу қажет.

       Төртіншіден, бұл АӨК өнімдерінің нарығын мемлекеттік реттеу және елдің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Мұндай шаралардың қажеттігін ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі көлемінің маусымдық ауытқуы және тиісінше азық-түлік тауарларының ішкі нарыққа әрқилы жеткізілуі көрсетіп отыр, бұл өз кезегінде, бағалардың күрт ауытқуының және инфляциялық процестердің себебі болып табылады. Бұдан басқа, өндіріс көлемінің және қолданыстағы өткізу нарықтарының теңгерімсіздігі орын алып отыр. Бұл факторларды ниверлеу үшін Үкімет әлемдік практикада таралған сатып алу және баға интервенцияларының тетіктерін пайдаланады, ауыл шаруашылығы өнімдерінің дамыған көлік-логистикалық және ақпараттық инфрақұрылымы бар коммуналдық көтерме нарықтарын құрады, биржалық сауданы дамытады. Бұл шараларады іске асыру агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің ішкі, сол сияқты халықаралық нарықтарда да бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

       Технологиялар мен инновациялар саласындағы тиімді мемлекеттік саясат елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың түйінді факторларының біріне айналуы тиіс. Үкімет отандық, сондай-ақ шетелдік ғылыми әлеует пен технологияларды пайдалану негізінде бәсекеге қабілетті соңғы өнім жасауды қамтамасыз ететін ашық үлгідегі инновациялық жүйені одан әрі қалыптастыру үшін шаралар қабылдайтын болады.

       Технологиялар мен инновациялар саласындағы мемлекеттік саясат қысқа мерзімді кезеңде мынадай ережелерге негізделе отырып жоспарлануы тиіс:

1.       Мемлекет «озық технологиялар импортын» қолдау есебінен, сондай-ақ Қазақстанда операция жасайтын ірі корпорациялармен ынтымақтастық арқылы экономиканың нақты секторы салаларының технологиялық базасын жаңғыртуды қамтамасыз етуге тиіс, бұл болашақта инновациялық бағдарламалар үшін негізге айналуы тиіс.

2.       Мемлекет жеке сектордың бастамаларын қолдайтын инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыруға белсенді қатысуға тиіс.

3.       «Инновациялар импортын» қолдау әлемдегі қазіргі заманғы жоғары технологиялы бағыттардың дамуын оларды Қазақстанға енгізу нысанына егжей-тегжейлі талдау және мониторингілеу нәтижелеріне негізделетін болады, өйткені Қазақстанның артта қалуы бірқатар объективті себептерге байланысты экспоненциальды түрде өсіп келе жатқан бағыттар бар және бүгінгі таңда қазақстандық технологиялық және ғылыми әлеуеттің оларға қатысуы мүмкін емес.

       Озық шетелдік технологиялар трансфертін ынталандырудың мемлекет тарапынан тікелей қаржылық (гранттар, жеңілдікті қаржыландыру, лизинг және т.б.) және жанама (салықтық жеңілдіктер мен инвестициялық преференциялар) қолдауды қамтитын кешенді жүйесі мемлекеттік саясатты іске асырудағы негізгі құралдардың біріне айналуға тиіс. Бұл ретте озық технологиялар трансфертіне мемлекеттік ұстаным экономика қажеттіліктеріне және қазіргі ресурстарға негізделуге, технологиялық шектеулерді ескеруге, сондай-ақ құрылған және көшірілген технологияларды одан әрі дамытуды қамтамасыз етуге бағытталуға тиіс. Осылайша, Үкіметтің технологиялар мен инновациялар саласындағы жұмысы төрт бағыттағы міндеттерді шешуге бағытталады:

1.    Экономиканың нақты секторы үшін озық шетелдік технологиялар импортын басқару тетігін құру.

2.   Телекоммуникациялар және технологиялық сервис саласында инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру.

3.   Әлемнің технологиялық жағынан неғұрлым дамыған өңірлерінде қазіргі заманғы үрдістердің тұрақты мониторингінің тетіктері арқылы серпінді секірісті инновациялық технологиялар импорты жүйесін қалыптастыру.

4.   Технологиялар мен инновациялар импортын қолдаудың нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру.

          Бұдан басқа, Үкіметтің жұмысы жаңа өсу нүктелерін қамтамасыз ететін және елдің технологиялық серпінді секіріс жасауы үшін негіз болатын макро-жобаларды іске асыруға шоғырландырылатын болады. Бұл мақсаттар үшін мұндай жобаларды сәйкестендіру әдістемесі әзірленеді және оларды мемлекет тарапынан қолдау шараларының жүйесі айқындалады.

       Инновациялық жүйе элементтерін ақпараттық қамтамасыз ету үшін «Ауани технопарк» инновациялық дамудың бірыңғай ақпараттық  жүйесін құру болжанып отыр.

       Инвестициялаудың басым бағыттары ақпараттық технологиялар, энергияның баламалы көздері, биотехнологиялар мен фармацевтика, жаңа материалдар мен нанотехнологиялар, көмірсутекті сектор мен онымен байланысты сервистік салалар үшін жаңа технологиялар болып табылады.

       «Ұлттық инновациялық қор» АҚ тиісті халықаралық сараптамалық қолдау жағдайында шетелдік компаниялардың активтерін сатып алу жолымен шетелде перспективалы жобаларды қаржыландыру жөніндегі жүйелі жұмысты бастайтын болады.

          Қазақстан Республикасының аумағында  отандық және шетелдік инвесторлармен бірлесіп, венчурлік қорлар құру және шетелдік венчурлік қорларға инвестициялау жолымен венчурлік қаржыландыру инфрақұрылымын қалыптастыру жалғасады.

       Үкімет индустриялық-инновациялық дамуды басқару, даму институттарының жұмыс істеуі, заңнамаға қажетті өзгерістер енгізе отырып, мемлекеттік-жеке серіктестік салаларындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру жөнінде шаралар қабылдайтын болады.

        Жеделдетілген экономикалық дамуды қамтамасыз ету үшін экономиканы жаңғырту жөніндегі  іс-шараларды ғана іске асыру жеткіліксіз. Бұл үшін мемлекеттің күш-жігерін жаңа өсу нүктелерін қамтамасыз ететін және елдің технологиялық серпінді секіріс жасауы үшін негіз болатын макро-жобаларды іске асыруға шоғырландыру қажет. Сервистік-инфрақұрылымдық сипаттағы жобалар, жоғары технологиялық  өңдейтін ірі кәсіпорындар, Қазақстан үшін жаңа салалар құру және т.б. қолдау табуға тиіс.

        Мысал ретінде мынадай жобаларды атауға болады:  «Бәйтерек» зымыран-ғарыш кешені, Мойнақ СЭС-ін, алюминий шығару жөніндегі электролиз зауытын салу, ақпараттық және ядролық технологиялардың ұлттық парктері, мұнай-химия паркі және басқалары.

       Осыған байланысты Үкімет таяудағы уақытта серпінді секіріс жобаларының тізбесін сәйкестендіруі және қалыптастыруы, сондай-ақ тікелей қаржыландыруды қоса алғанда, оларды мемлекет тарапынан қолдаудың кешенді жүйесін құруы қажет. [13, 18-22 б.]

Информация о работе Қазақстан Республикасының өнеркәсібінде инновациялық процестердің дамуы