Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Июня 2014 в 10:29, дипломная работа
Зерттеудің міндеттері:
өзін-өзі бағалау мәселесі бойынша шетелдік және Отандық психологиядағы әлеуметтік негізгі теориялық теориялық бағыттарға талдау;
бастауыш мектеп оқушыларында кездесетін қиындық түрлерін
әлеуметтік психологиялық қолдау ретінде шешу;
балалардың өзін-өзі бағалау динамикасын зерттеуге ұсыныс беру.
КІРІСПЕ……………………………………………………………..3
1 НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ ЖОЛДАРЫ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ............................................................................6
Психология ғылымындағы кеңес беру мәселелері………6
1.2 Жағымсыз әдеттердің әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерінің себептері………………………………………………16
1.2.1. Нашақорлық, қоршаған орта және жеткіншектер…………..22
1.3 Жеткіншектердің есірткі қолдануының әлеуметтік- психологиялық ерекшеліктері…………………………………………..24
1.3.1. Жеткіншектердің психикалық дамуындағы ауытқуларға (нашақорлыққа байланысты) отбасының әсері……………………….44
2 ЖЕТКІНШЕКТЕРМЕН НАШАҚОРЛЫҚПЕН ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҮРГІЗУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖӘНЕ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.............................................................................................44
2.1 Мектепте нашақорлықпен қарсы күрес жүргізудің алғашқы профилактикасы………………………………………………………….
50
2.2 Нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу бойынша жеткіншіктерге профилактика жүргізудегі отбасының рөлі…………56
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………..61
ПАДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………..63
2. Балалардың ата-анасын сыйламау, дөрекі қатынасы, олармен жиі шиеленіске келу және үнемі ұрысу. Мүндай шағымдарда айтылатындар: "Ол маған үнемі дөрекі мінез-құлық танытады" т.б.
3. Ата-аналардың көзқарасы бойынша өмір сүруге көнбеген балаларға дабыл қағу. Ата-аналар мұндай жағдайда өздерінің балаларын бақытсыз, тәрбиеге көнбейтін, жалғыз деп қабылдайды. Мәселен, "менің ұлым төрт жыл оқыған институтын тастап кетті" т.б.
4. Балалардың стандартты емес, ауытқымалы мінез-құлқына байланысты проблемалар: "Менің қызым есірткі қолданады, оған қайтіп көмектесуге болады?"
Шындығында, клиенттің шағымы қандай болмасын, кеңес берушінің бірінші міндеті - проблеманың мәнісін талқылау, түсіну, ата-аналардың тілектері мен бағасы қаншалықты шындыққа сәйке келеді, проблемаға өзінің диагнозын қою. Ол үшін тура жол - шынайы фактілерді жинау. ІПынайы психологиялық диагнозды қоюдағы маңызды кезең ары қарайғы болжамды жылжытуға және қалыптастыруға мүмкіншлік беру, болып табылады:
а) бала үшін ата-анасының тынышсыздануың себебі қаншалықты қауіптілігін анықтау, басқаша айтқанда, бала "қалыпты" болып табылады ма?
б) балаға қатынасы бойынша ата-ананың позициясы қаншалықты шын екенін түсіну, кеңес беруге келуінің негізінде не жатыр - баласы үшін өзінің проблемасы және мазасыздануы, оған көмектесуге ұмтылу.
Клиенттің айтқандарын тыңдағаннан соң, психологиялық көмекті қиындататын үш сәтті психолог ең аз дегенде шоғырландыруы тиіс; 1) туындаған проблема тек баланың көзқарасымен шешіледі деуге сенімді болуға болмайды; 2) клиент өзнің беделдігін пайдаланбайды, себебі кеңес немесе көмек шындығында да ситуацияны өзгертуге көмектесуі тиіс; 3) кеңесшінің адаммен толық контактыға түсуге мүмкіндігі жоқ [41;42].
Психокоррекциялық жұмыстың негізгі мақсаты - жеткіншектерге оптималды жағдай жасауда әрбір мінез акцентуациясы типтеріне сәйкес механизмдерін жаттықтыру. Психологиялық коррекцияның тиімдірек формасы топтық психотерапияны жүргізу және девиантты жеткіншектердің ата-аналарымен жұмыс (Карварский Б.Д., 1990) болып табылады.
Топтық психотерапия келесі міндеттерді шешеді: өзін-өзі бағалауды жетілдіру; мінез акцентуациясы қарсыласу орнында өтетін патогенді әсер ету механизмдерін меңгеретін жаттықтыру; өзінің мінез-құлқына жауапкершілік сезімін жоғарлату; отбасылық реадаптацияның жолын іздеу; уақытша перспективаларды кеңейту; инфантиалды психологиялық қорғаныстардың бұзылуы; жеткіншектердің деәлеуметтенуін жою. Басқаша айтсақ, топтық психотерапияның мақсаты - жеткіншектерге қоршаған өмірді ересектерше қабылдауға және өзінің дамуының жолын көрсету үйрету [43].
2 ЖЕТКІНШЕКТЕРМЕН НАШАҚОРЛЫҚПЕН ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҮРГІЗУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖӘНЕ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1 Мектепте нашақорлықпен қарсы күрес жүргізудің алғашқы профилактикасы
Психокоррекциялық бағдарламаның маңызды компоненті жеткіншектің отбасымен жұмыс болып табылады. Аддиктивті мінез-құлық отбасында қолдау табуы мүмкін: отбасының тұрақтану қызметтерін орындау; жеткіншекке эмансипациялық тенденция әсерімен ену; шектетілген қажеттіліктің орнын толтыру; ең соңында, инфантилді түлғаның писхологиялық қорғанысы болып табылады. Психологтың міндеті - отбасы ішіндегі "симптом" мәнін анықтау және оның қызметтерін белсендендіруге ұмтылу (Эйдемиллер Э.Г., 1990,1998).
С.А. Кулакова әдістемесі жеткіншектердің
аддиктиві мінез-құлқының қазіргі
когнитивті-мінез-құлықтық
1. Қиын мәселе туғызатын мінез-құлықты анықтау
1.1.Клиентпен анықталатын проблеманың шығуы: "мен сіздің келгеніңізді қалай түсінемін...Сіздің толығымен айтқаныңызды мен қалап едім. Бұл проблеманы сіз қалай бағалайсыз?"
1.2. Проблеманың аурлығының деңгейі:
а) бұл проблема сіз үшін қаншалықты қиындық туғызады ?
б) сіз қаншалықты жиі... ?
Психоактивті заттарды пайдаланудың идентификациясы: әрбір затты пайдаланудың жиілігі, саны, препаратты енгізудің жолдары мен тәсілдері, соңғы пайдаланғанның мерзімі, алатын эффект; қабылдаудың мотивациясы, индивидуалды немесе топтық пайдалану; тәуелділік синдромының пайда болуы; пайдаланудың кезеңдігі [44;45;46].
Ата-аналар сұрағанда келесі сәттерге көңіл аударғаны тиіс: Соңғы уақытта үлгерімінің төмендеуі болған жоқ па? Жеткіншектің әдеттері мен мінез-кұлқы өзгерген жоқ па? Тұлғаның өзгеруі, көңіл-күйдің тербелуі болған жоқ па? Жеткіншектің физикалық күйі нашарлаған жоқ па?
Жеткіңшектерде нашақорлыққа жақындататын жолдар анықталуда:
1. Стреске адекватты емес реакция: "Шиеленіс кезінде мен жоғарғы мазасыздануды сезінемін".
2. Өзін емдеуге ұмтылу: "Менде дәрі қабылдауға және өлімге деген тілек".
3. Алғыс айтудың қысқа мерзімдігі: " Рахаттануды (кайфты ) алғанан соң
жаным жай тапты".
4. Обсессия: "маған есірткі туралы ойламау қиын".
5. Компульсии: "есірткіні қабылдауда қолайсыз жағдайды айту үшін менде күшті тілек туындайды".
6. Рацинолизация: "өткенді ұмыту үшін есірткі қабылдануға тілек".
7. Жоққа шығару: "Есірткімен байланысты проблемаларды ойламауға тырысамын".
8. Басқа проблемалардың қатысуы: "маған мектептен шығару қауіп туғызып тұр".
9. Бақылауды жоғалту "Есірткіні қабылдауды тастауға мен дайын емеспін".
10. Бағдарлардың аддиктиві: "Мен баскада есірткілерді".
1.3. Проблеманың жалпы сипагтамасы:
А) ұзақтығы (бұл қашаннан өтеді?), Б) таралуы "бұл қандай жағдайда жүзеге асырылады.
Мәселе туғызатын мінез-құлық детерминанттары
2.1. Мәселе туғызатын мінез-қлықтың күшейетін шарттары: "қандай жағдайда, қай тұрғыда осы мінез-құлық жиі көрінеді?"
2.2. Мінез-құлықтың нашарлайтын шарттары: "Мұндай мінез-құлық қандай уақытта болмайды? Мұнда қандай факторлар көмектеседі?"
2.3. Мәселе туғызатын жағдайлардың алғы шарттары: "Сіз қалай ойлайсыз, бұл туралы ойлауға не итермелейді?"
АВСДЕ - парадигмасын қолдану:
А - мінез-құлықтың алдында не түрткі болды.
В - мінез-құлық және оның варианттары.
С - Жеткіншек және айналасындағылар үшін мінез-құлықтың салдары.
Д -дискуссия.
Е- эффект.
а) микроәлеуметтік әсер: "Олардың қатынасында, қандай адамдар болды?;
б) жеке әсер: "Сіз не ойладыңыз, сіз өзіңізді қалай сезіндіңіз?";
в) әлеуметтік салдары: "Не істедіңдер..?";
г) жекелік салдар: "Осыдан соң сіз өзіңізді қалай сезіндіңіз?". Аддиктивті мінез-құлық позитивті (жағымды бекітулер) және негативті (жағымсыз бекітулер) терминдерімен бағалануы мүмкін. Есіркі заттарын бірінші рет пайдаланған кейінгі рахат алу, сонымен байланысты әсер қалдыру, абсистенция симтомының қолайсыз болуы, құрдастарымен әлеуметтік контактіні есірткі арқылы қолдау, үлкен рөлінің шартты түрде болуы.
Қолайлы болуы. Психолог орнын басатын мінез-құлықты табуы керек, оның құрылуы әлеуметтік дағдылардың когнитивті дефицитті ысыру және бұзылулармен байланысты.
2.4. Негативті салдары - маманға қаралуының үлкен себебі. Жеткіншек үшін мұндай критерии толеранттылық, тәуелділік синдромының қатысуы, аз есірткілік тәжірибеде аз мәні болады. Үлкен рөлді клиникалық биографиялық талдаумен байланысты синдромдар ойнайды.
2.5. Ұйғарылған өзгерістер: "Сіз бұл туралы көп ойландыңыз ба? Ситуацияны өзгерту үшін не істеуге болады?"
2.6. Зерттеуді ары қарай жүргізудің ұйғарылған жолдары: "Сіздің пікіріңізше проблеманы шешу үшін көмектесуге болады?"
2.7. Дезадаптивті мінез-құлықты алдын алатын спецификалық автоматты ойларды анықтау: "Адам қолайсыз ситуациялардан қашқақтау керек", "Белгілі бір қиындықтарға жолыққаннан гөрі қашқақтау керек".
Аддиктивті мінез-құлықтың баяндаушысы психопатология, психикалық бұзылулармен бірге жүретіндер болып табылады. Антиәлеуметтік және делинквентті мінез-құлық аддиктивтілікпен сәйкес келеді. Сондықтан баланың психикалық дамуының тарихи бағасы және оның психикалық статусы қажет.
Психокоррекциялық жұмыс үшін нысанасы тұлғаның дамымаған қырлары болып табылады:
А. Мінез-құлық сферасында: эгоцентризм, проблеманы шешуден қашқақтау, фрустрация және қиыншылықтарға жауап қайтаруда біртипті тәсіл, өзіне сенімсіздік, талаптанудың жоғарғы деңгейі, өзіне сыни қараудың төмендігі.
Б. Аффективі сферада: эмоциялық лабилділік, төменгі фрустрациялық толеранттылық, үрей және дерпрессиягың жылдам пайда болуы, өзін-өзі бағалаудың төмендігі немесе тұрақсыздығы, социофобианың пайда болуы, агрессивтілік.
В. Мотивациялық -қажеттілік сфераның бұзылуы: қорғануға қажеттілік, өзін-өзі тұрақтандыру, еркіндік, уақытша перспектива.
Г. Тұлғаның дисгормониясының үлкеюіне когнитивті бұзылулардың қатысы, "аффективті логика": - ерікті бейнелеулер: "Мен-бақытсызбын", ''мен -батырмын"; -жоғары таратылу: "Кім дәрі қолданады, соның бәрі нашақорлар"; -абсолютті ойлау. "Бәрі немес мүлде", "әлем қара немесе түрлі-түсті" [47; 48].
Отбасылық анамнез. Орта (әлеуметтік) фактор жеткіншектердегі аддиктивті мінез-құлықтың күшті баяндаушысы. Бұл мәселе бойынша ең жоғары орынды отбасы контексінің бұзылуы иеленеді. Отбасылық талдауды жинағанда отбасы қызметтеріне, ата-аналардың психоактивті заттарды пайланғандығының тарихы, сол уақыттағы дағдарыстардың қатысуы, ерте бала-ата-ана шиеленісіне көңіл аудару керек. Отбасының дисфункциясының қатысуы аддиктивті мінез-құлықтың психопрафилактикасы және коррекциялық жұмыстың нәтижесі үшін қажет. Аддиктивті мінез-құлыққа итермелейтін факторлар: эмоциялық байланыстың және ата-ана арасындағы интеракцияның бұзылуы; қауіпсіздікке, өзін тағайындау, уақытша перспектива қажеттіліктерінен қоршау; бала идентификацияланатын ата-ана моделінің болмауы немесе бұзылуы; стрессті игеруде дисфункциялықтың қатысуы; тәртіпті техникалардың қатыспауы немесе жоқ болуы; ішкі және сыртқы коммуникацияның болмауы немесе бұзылуы.
Бұл жеткіншектер тобының ата-аналарының типтік проблемалары:
- бала кезінен жеткіншек үшін көптеген міндеттерді орындауға ұмтылу және жеткіншек жасында дербестікті талап ету;
- жеткіншекке жауакершілікті берудің үрейі, "Мен-басқа" арасындағы шектің қосылуы;
- өзін сыйлауды талап ету бұған жеткіншектің қарсылық танытуы;
- "үлкендер мінез-құлқына" жеткіншектерді бағындыруға өзіндік эталон;
- өзінің ұнатпайтын қасиеттерін балаға проекциялау, оны өзінің өмір жолымен салыстыру;
- білмейтіннің үрейі;
- бала тұлғасының негізгі құқықтарын сезінбеу;
- "ата-ана -бала" типі бойынша стеротипті қарым-қатынас;
- балаға өзінің мақсатын жүзеге асыруға ұмтылу;
- отбасында ереже жүйелерінң қатыспауы;
- жеткіншек әкелген құрбандыққа күнә сезімін орнату. Мектеп ортасында кеңінен тараған мінез-құлықтың бұзылуларының түрі тұлғаның қалыптасуы үшін оның салдары мен бұзылулары әлеуметтік қауіп болып табылады. Олар девиантты мінез-құлықты және оның пайда болуының себептерін жиі түсінбегендіктен педагогтар мен ата-аналарда үлкен қиындықты туғызады. Сондықтан психологтың міндеті мінез-құлықтың ауытқуында балалар мен жеткіншектерге тек психологиялық көмек беруден ғана тұрмайды, сонымен қатар олардың әлеуметтік микро ортасына, тәрбиелік микро социумына қайта бағдар жатады [49].
Нашақордың отбасы кіші балаларға негативті әсерін тигізеді. Ол жерде өмір сүру үшін балалар отбасының өміріне тек бейімделу ғана емес, сонымен қатар коменсаторлы механизмді пайдаланады, соның ішінде өмірге фантазиясы мен аңыз қабілеті арқылы ерекше көрінеді. Мұндай фантазиялар баланың жан дүниесі үшін өзіндік ерекшелігі бар.
Нашақор отбасындағы кіші балаларға профилактикалық жұмыс үшін диагностикалық пен терапиялық жұмыстар бойынша әдістерге бай, проекцияның механизмдеріне негізделген:
1. Диагностикалық: "Отбасы суреті", "Үй, адам, ағаш", "Аяқталмаған сөйлем", балалар апперцепциялық тесті, Рене Жиль тесті, түсті талдау.
2. Коррекциялық: ертегітерапия, қуыршақ психодрамасы, творчестволық өзін бейнелеу әдістемесі, музыкотерапия, ойын терапиясы.
Нашақор отбасынан шыққан кіші балалармен жұмыс барысында маңызды көңілді ерте шенгуді коррекциялауға бөлінуі тиіс (Э. Берн), өйткені олар осы балалардың өмірінің жан-жақты ашылуына сәйкес келетін өмірлік сценариді құрайды [50].
Сценарилік шешімдер "нашақор отбасында" баланың өмір сүруінің тиімді стратегиясын қысқаша сипаттайды және эмоция мен шындықты түсіну тәсілдеріне сәйкес қабылданады. Біздің зерттеулеріміз, мұндай шешімдердің негізінде келесі сенулер болуы мүмкін.
Информация о работе Жеткіншектер арасындағы нашақорлықтың әлеуметтік- психологиялық ерекшеліктер