Жеткіншектер арасындағы нашақорлықтың әлеуметтік- психологиялық ерекшеліктер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Июня 2014 в 10:29, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеудің міндеттері:
өзін-өзі бағалау мәселесі бойынша шетелдік және Отандық психологиядағы әлеуметтік негізгі теориялық теориялық бағыттарға талдау;
бастауыш мектеп оқушыларында кездесетін қиындық түрлерін
әлеуметтік психологиялық қолдау ретінде шешу;
балалардың өзін-өзі бағалау динамикасын зерттеуге ұсыныс беру.

Содержание

КІРІСПЕ……………………………………………………………..3
1 НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ ЖОЛДАРЫ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ............................................................................6
Психология ғылымындағы кеңес беру мәселелері………6
1.2 Жағымсыз әдеттердің әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерінің себептері………………………………………………16
1.2.1. Нашақорлық, қоршаған орта және жеткіншектер…………..22
1.3 Жеткіншектердің есірткі қолдануының әлеуметтік- психологиялық ерекшеліктері…………………………………………..24
1.3.1. Жеткіншектердің психикалық дамуындағы ауытқуларға (нашақорлыққа байланысты) отбасының әсері……………………….44
2 ЖЕТКІНШЕКТЕРМЕН НАШАҚОРЛЫҚПЕН ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҮРГІЗУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖӘНЕ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.............................................................................................44
2.1 Мектепте нашақорлықпен қарсы күрес жүргізудің алғашқы профилактикасы………………………………………………………….
50
2.2 Нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу бойынша жеткіншіктерге профилактика жүргізудегі отбасының рөлі…………56
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………..61
ПАДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………..63

Прикрепленные файлы: 4 файла

Толеуова (исправ).doc

— 552.00 Кб (Скачать документ)

 

Диагностика нәтижелері көрсеткендей анкетаны жүргізу барысында мынадай жағдайлар анықталады.

Қырық сыналушының бірінші сұрақ бойынша иә деген жауаптары 26 сыналушы, яғни 65% баланың нашақорлық жайлы хабары бар. Екінші сұрақ бойынша иә жауабы 14 бала, яғни 35% сонымен қазақ отбасыларында өз балаларымен нашақорлық туралы әңгімелесу өте аз жүргізілетін көреміз.

Үшінші сұрақ бойынша иә деген жауап 25 бала, яғни 62,5% балалар мектепте отбасына қарағанда мәліметті БАҚ жолдарымен, радио және теледидар арқылы көп алатынын байқауға болады. Төртінші сұрақ бойынша иә деген жауапты 17 бала айтты, яғни 42,5% мектепте отбасына қарағанда көбірек мәлімет алады, алайда бұл көрсеткіш өте аз болғаны көп ойландырады; бесінші сұрақ бойынша 20 бала иә деп жауап берді, яғни 50% жеткіншектер нашақорлықтың зияндығы туралы өте аз білетіндігі қиын жағдай туғызады, осы бағытта көп жұмыс жүргізуі керек.

Зерттеу диагностикасының 2-кезеңіндегі міндеті жеткіншек тұлғасының дамуындағы индивидуалды ерекшеліктерін анықтау, яғни осының негізінде олардың психикалық ауытқуы (нашақорлыққа байланысты) жатыр.

Ал зерттеудің диагностикалық 2 кезеңінде отбасында жеткіншектердің бірлескен іс-әрекет ерекшеліктері, яғни отбасында ата-ананың жеткіншектерге ерекше көңіл аударуы өзінің жемісті нәижесін беретіні белгілі.

Зерттеудің екінші сатысында сыналушылармен «Отбасылық сұхбаттасу» деп аталатын әңгімелесу жүргізілді. Осы зерттеулердің нәтижелері 2 кестеде берілген.

 

Кесте 2 - «Отбасылық сұхбаттасу» көрсеткіштері

 

                                 Сипаттамалар

Жеткіншектер саны

1.Отбасының құрамы:

  а) толық (ата-ананың екеуіде)

  ә) толық емес (ата-аналарының біреуі)

  б) қамқорлыққа алғандарда  тәрбиеленуде

 

25

12

3

2.Отбасының құрылымы (бірге тұратын отбасы мүшелері):

  а) үшұрпақты (ата-әжесі, ата-анасы, балалары)

  ә) екіұрпақты (ата-ана, балалары)

 

 

23

17

3. Ата-аналарының білімдері (ата-анасының біреуінікі болсада)

  а) жоғары

  ә) орта арнаулы 

  б) орта

 

 

13

18

9


 

2- кестенің жалғасы.

  1. Балаларының саны:

а) бір ғана бала

ә) екі бала

б) үш бала

в) көпбалалы отбасы

 

 

15

8

7

10

  1. Ұлты:

а) қазақ

 

40

1. Сенің ата-анаңның нашақорлық  жайлы хабары бар ма?

 

 

 

2. Сенің туысқандарың  нашақорлық туралы біле ме?

Иә-25

Жоқ-

Білмеймін-15

 

Иә-15

Жоқ-8

Білмеймін-30

3. Сенің достарың нашақорлық жайлы  біле ме?

 

 

 

4. Нашақорлықтың зияны  жайында ақпарат білгің келе  ме?

Иә-30

Жоқ-0

Білмеймін-10

 

Иә-33

Жоқ-0

Білмеймін-7


 

Сыналушылармен әңгімелесу барысында мынадай жағдайлар анықталды: әлеуметтік жағдайлары дұрыс, ал нашақорлыққа байланысты 1 сұраққа иә деген жауап 25 бала, яғни 65%, өз ата-аналарының нашақорлық туралы түсініктері бар екенін байқаймыз, 2 сұрақ бойынша иә деген жауап 15 бала, яғни 37,5 %, 3 сұрақ бойынша иә деген жауап 30 бала, яғни 75%, 4 сұрақ бойынша 33 бала, яғни 85 % көрсеткішті берді.

Сонымен диагностиканың екінші сатысын қорытсақ нашақорлықпен күреске байланысты қазақ отбасыларында және қазақ мектептерінде балалар көп білгілері келеді (85%), яғни олар нашақорлықтың зиян екенін түсінеді. Сондықтан мектепте, отбасында олармен көп жұмыс жасап, уақытысында психологиялық кеңес беру жолдарын қамтамасыз ету керек.

 

2 бөлім бойынша қорытынды.

Біздің зерттеуміздің екінші бөлімінде эксперитментті екі кезеңде ұйымдастырдық. Бірінші кезеңде жеткіншектертердің нашақорлық туралы түсініктері анықталып, олардың пікірлерінің пайыздық көрсеткіштері талданды.

Екінші кезеңде «Отбасылық сұқбат» әдістемесі арқылы отбасы құрамын, бала санын, ата-аналардың нашақорлық мәселесі туралы хабардарлығын анықтады.

Эксперименттік зерттеуге қатысқан респонденттер эксперименттің нәтижесінің сенімді болуына өз жауапкершілігін танытты. Сондай –ақ, біздің тарапымыздан оларға жағымды жағдайлар жасалды.

Бұл зерттеуде есірткіге тәуелділердің психокоррекцияның индивидуалды формасын қолданумен қатар топтық әлеуметтік-психологиялық тренингтер, рөлдік ойындар, ұжымдық релаксация, аутогенді жаттығу қолдану қажеттігі мәселесі де қарастырылады. Бұл шаралардың мақсаты әртүрлі өмірлік ситуацияларда мінез-құлықтың дағдыларын дамыту, құндылық бағдар мен жүріс-тұрыс мотивациясын өзгертуден тұрады. Тренингтердің моделі өмірлік ситуацияларды шешуге, әлеуметтік дезаптация, салауатты өмір сүруге бағдарланады.

Эксперимент қортындысында біз жеткіншектердің жағымсыз әдеттер туралы хабардар болса да, олармен ағартушылық, профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру маңызды болып табылады деген шешімге келдік. Себебі, жеткіншектер түрлі әлеуметтік жағдайларға, әсерлерге өтпелі жас кезеңінде сезімтал болып келеді. Сондықтан, мектеп педагогтары мен психологтары жағымсыз әдеттердің салдары мен зиянын әрдайым жеткілікті түрде уағыздап отыруы қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Бұл жұмыстың негізгі мақсаты нашақорлыққа қарсы жеткіншектермен жұмыс жасау, соның ішінде ата-аналармен, мұғалімдер және психологтар профилактикалық жұмыс пен диагностикалық әдістемелерді дұрыс пайдалана алуына көмектеседі.

Профилактика мәселесі бойынша ата-аналардың ұстанымы, негізгі стратегиялары мен олардың жетістіктеріне қол жеткізеді. Қазіргі кезде жеткіншектер ата-аналарға қарағанда, есірткіге қарсы сұрақтар төңірегінде біршама біліктірек, тіпті есірткіні пайдалануда жеке тәжірибесі болмаса да, сондай тәжірибесі бар құрдастарынан біледі және солармен қатынасқа түсе алады. Біздің пікірімізше, ата-аналардың жеткіншектермен профилактикалық жұмысты өз уақытында жүргізе алса, онда баласының нашақорлыққа баруына жол бермейді.

Әдебиеттерден жеткіншек жастағы балалардың психикалық дамуы және соған сәйкес олардың ортаның әсеріне тез бейімделуге дайын тұратындығы туралы көптеген зерттеушілердің жұмыстары қарастырылады. Нашақорлықты профилактикалаудағы зерттеудің мәні мен ұйымдастыру әдіснамалық аспектісі психологиялық қызметті ұйымдастыру мен іс-әрекетін жан-жақты ғылыми талдаумен тығыз байланысты.

Жеткіншектермен психологиялық жұмыстың негізгі міндеті олардың әлеуметтік адаптациясының мақсатында әлеуметтік-психологиялық дағдыларды иеленудің мәнін сезіну, рөлдік репертуарларды кеңейту, коммуникацияны жақсартудың қамтамассыз етуді және әлеуметтік өзін-өзі анықтау процесін жетілдіру мүмкіндіктерін көрсету деп айтуға болады.

Жеткіншек кезеңіндегі оған жауаптылардың (ата-ана, мұғалім, психолог) рөлі ерекше байқалады. Осыған байланысты олардың жемісті жұмыс жасауы үшін бірнеше бағдарламалар ұсынылады. Сол бағдарламалардың негізінде жеткіншектермен арнайы алдын-ала профилактикалық жұмыстың барысында жетістіктерге жетуге болады.

Нашақорларға қарсы психологиялық кеңес беру мәселесі өз орнын тапқанда және онымен жұмыс жасайтын арнайы мамандар жан-жақты біліктілігін көрсете алатын болса, онда біздің елімізде нашақорлыққа жол бермеуге болады деп сенімді айтуымызға болады. Осы жұмыс сол сенімімізден шығуға өзінің көмегін тигізеді. Диагностикалық зерттеу нәтижелері көрсеткендей нашақорлықпен күрес жолдары бойынша психологиялық кеңес беру, жалпы психологиялық жұмыс жасау жолдарын қазақ отбасыларында және қазақ мектептерінде өте дұрыс жолға қою қажет деп тұжырымдаймыз, себебі зерттеу нәтижелері көрсеткендей нашақорлық жайлы психологиялық сауаттылық, ақпараттылық қазақ отбасыларында өте кең жүргізуді талап етіп, дұрыс жолға қою қажеттігін көреміз, осыған байланысты келешек зерттеуде нашақорлыққа қарсы психологиялық кеңес беру жолдарын қазақ отбасында арнайы жүргізіп, оның этникалық аспектісін ашу керек деп санаймыз. Осы айтылған жағдайларға байланысты зерттеулердің болжамы өз шешімін тапты деп бекітуге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Кон ИС. Психология юнешеского возраста. М.,1979. С. 87-93.
  2. Алешина Ю. Индивидуальное и семейное психолгическое консультирование. М., Класс.; 2000.С.1о-25.
  3. Психологическая помощь и консултирование. Под ред. МЖ. Тутушкина.,
  4. Санкт-Петербург, 1999.С.7-35.
  5. Неrbert М. Рsychology tо sосiаl work. Lоndon, 1986.
  6. Абрамова Г.С. Практическая психология. М., 1997.
  7. Овчарова Р.В. технологии практического психолога образования. М.,
  8. Творческой Центр., 2001.С54-78.
  9. Абрамова Г.С. Практикум по психологическому консультированию. М.,
  10. Асаdem А.,1996.
  11. Бурменская 1.В, Карабанова СА., Лидерс АГ. Возрастно-психологическое
  12. консультирование /1 проблемы психического развития детей. М., 1990.
  13. Наркомания: Избавление от зависимости, лечение, профилактика /Авт.-сост.В.И. Петров. — Мя.: Современ. Литератор,1999.
  14. Наркомания: дорога в бездну: Кн для учителей и родителей .- М.: Просвещение,2000.
  15. Битенский В.С. и др. Наркомания у подростков. Киев, 1989.
  16. Кондрашенко ЕТ. Девиантное поведение у подростков. Минск, 1988.
  17. Коломеец А.А. Об этиологических факторов наркоманий / Вопросы
  18. наркологии. 1989. 
  19. Личко А.Е., Битенский В.С. Подростковая наркология. Л.,1991.
  20. Лукачер Г.Я., Макшанцева Н.В.. Особенности формиравания наркоманий
  21. и таксикоманий у подростков II Журнал невропатологии и психиатрии.1988.Вып.9.
  22. Кон И.С. Психология ранней юности. М.,1989.
  23. Полонский И.С. Внешкольное общение как фактор формиравание личности и юношей 1/ Прикладные проблемы социальной психологии / Отв.ред. Е.В. Шорохова, ВП. Левкович. М.,1983.
  24. Личко Е. Подростковая психотрия. М.,1985.
  25. Методы иследования межличностного восприятия / Под ред. Г.М. Андревой, В.С. Агеева. М.,1984.
  26. Агеев В.С. Межгрупповое взаймодействие: социально-психологические проблемы. М.) 1990.
  27. Сирота НА. Клинико-психологические критерий ранней диагностики
  28. наркоманий в подростково- юнешеском возрасте: Канд. Дис. Фрунзе, 1990.
  29. Петракова ТМ., Лимонова Д.Л., Меньшикова ЕС. Ситуационная
  30. мотивация употребления наркотиков у подростков. /1 Вопр. Психологии.1999.
  31. Практическая психодиагностика.  Под ред. ДЯ. Райгородского. Самара,
  32. 1998.
  33. Нартова- Бочавер С.К. «Coping behavior» в системе понятий личности //Психол. Журнал.1997. Т. 18.
  34. Василюк Ф. Психология переживанния М.Исследования устойчивости детей и подростков в трудных ситуациях//Вопр. Психол. 1987. Т.1.
  35. Хьел Л., Д.Зиглер. Теория личности. СП6., 1997.
  36. Бабаян Э.А., Гонопольский М.Х. Наркология.- М.,1987.
  37. Невский НА. Учителью о детях с отклоненями в поведении.М., 1993.
  38. Кон И.С. Содиология личности. М., 1988.
  39. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. СП6., 2000.
  40. Фельдштейн Д.Л. Психология взросления. М., 1999.
  41. Психология подростка. Под ред. АА. Реана . М., “Олма-Пресс”., 2003.
  42. Бернс Р. Развитие «Я-концепции» и воспитание.М., 1986.
  43. Захаров А.М. Отклонения в поведении ребенка. М.,1993.
  44. Невский КА., Колесова Л.С. Подростки группы риска в школе.М.,1997.
  45. Асеев В.Т. Мотивация поведения и формы поведения личности. М., 1976.
  46. Анохин П.К. Избранные труды. М., 1979.
  47. Асмолов А.Г.Психология личности. М.,1990.
  48. Беличова С.А. Основы превентивной психологии. М., 1993.С.51-83.
  49. Бэрон Р., Ричардсон д. Агрессия. СПб.,1997.
  50. Бютенер К. Жить с агрессивными детьми.М.,1991.
  51. Фурманов И.А. детская агрессивность:Психодиагностика и
  52. психокоррекция. Минск,1996. с.78-130.
  53. Айви А., Айви М.Б. Сайсег- Даунинг Л. Консультирование и психотерапия. Сочетание методов, теории и практики., 2000
  54. Лебединская КС., Райская ММ., Грибанова Г.В. Подростки с нарушениями в аффективной сфере.М.,1988. С.47-63.
  55. Кулаков СА. Психотерапия и психопрофилактика аддиктивного поведения у подростков.М., 1996.С.89- 124.
  56. Кравцова Е.Е., Нурахонова А.А. Как помочь детям преодолеть трудности в поведении. Минск,1990. С.24-57.
  57. Горская МВ. диагностика суицидального поведения // Вестник психосоциальной и коррекционно-реаблитационной работы. 1994А С.44-44.
  58. Рабочая книга шклольного психолога / Под ред. ИЛ. Дубровиной.М.,1992.
  59. Фурманов И.А. Детская агрессивность: психодиагностика и коррекция. Минск,1996. С.27-51.
  60. Берн Э. Игры, который играют люди. 1969.
  61. Жағымсыз әдеттердің алдын алу мәселесі. Жантану негіздері №5., 2010.-  Б.3-6

 

           

 

 

 

 

 


 



Толеуова титул.doc

— 30.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Мухтарханова (исправ).doc

— 824.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Мухтарханова титул.doc

— 27.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Информация о работе Жеткіншектер арасындағы нашақорлықтың әлеуметтік- психологиялық ерекшеліктер