Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Июня 2014 в 10:29, дипломная работа
Зерттеудің міндеттері:
өзін-өзі бағалау мәселесі бойынша шетелдік және Отандық психологиядағы әлеуметтік негізгі теориялық теориялық бағыттарға талдау;
бастауыш мектеп оқушыларында кездесетін қиындық түрлерін
әлеуметтік психологиялық қолдау ретінде шешу;
балалардың өзін-өзі бағалау динамикасын зерттеуге ұсыныс беру.
КІРІСПЕ……………………………………………………………..3
1 НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ ЖОЛДАРЫ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ............................................................................6
Психология ғылымындағы кеңес беру мәселелері………6
1.2 Жағымсыз әдеттердің әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерінің себептері………………………………………………16
1.2.1. Нашақорлық, қоршаған орта және жеткіншектер…………..22
1.3 Жеткіншектердің есірткі қолдануының әлеуметтік- психологиялық ерекшеліктері…………………………………………..24
1.3.1. Жеткіншектердің психикалық дамуындағы ауытқуларға (нашақорлыққа байланысты) отбасының әсері……………………….44
2 ЖЕТКІНШЕКТЕРМЕН НАШАҚОРЛЫҚПЕН ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҮРГІЗУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖӘНЕ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.............................................................................................44
2.1 Мектепте нашақорлықпен қарсы күрес жүргізудің алғашқы профилактикасы………………………………………………………….
50
2.2 Нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу бойынша жеткіншіктерге профилактика жүргізудегі отбасының рөлі…………56
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………..61
ПАДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………..63
- Бұл мен үшін болып отыр:
• мен бір нәрсе істеуім керек;
• егер мен болмасам, оларда қиналмайды.
- Қорқынышты бір жағдай болуда:
• олар мұны түсінбейді, ақылсыздар;
• ешкімге сенуге болмайды;
Есірткі пайдаланатын жеткіншектер отбасындығы бұл тәжірибелерден байқағанымыз, мұндай отбасындағы кіші балалармен жүйелі, толық бағытты коррекциялық және профилактикалық жұмыс олардың түлғалық дамуындағы негативті процесстердің динамикасын ірілеуге мүмкіндік береді. Мұндай жұмыстар жағдайға байланысты индивидуалды, балалар тобында, отбасылық психотерапия процесінде жүргізілуі мүмкін.
Біз оптимистік және бекітілген клиникалық практикадан сүйене отырып, транзактілі талдау жағдайында балада әрқашан позитивтілікті алу мақсатында трансформациялау мүмкіндігі бар, ал негативті нәтиже бойынша емес болып табылады.
Біздің тұжырымдауымызша, нашақор отбасындағы балалармен коррекциялық жұмыс оларды есірткіге баруға және девиантты жүріс-тұрыстың алдын-алуын ескертуде күшті құрал ретінде жүзеге асады.
Мектептегі нашақорлықтың алғашқы профилактикасы
Қазіргі уақытта ішімдіктің танымал атауы өше бастады және жаңа-есірткілік қалыптасты. Біздің тұрғындардың көпшілігі есірткіден тұратын заттарды пайдалануда. Олардың ішінде оқушыларда аз кездеспейді.
Медициналық аспектіде барлық есірткілер аурудың Халықаралық жіктелуі бойынша психоактивті заттар тобына біріктірілген. Олар түрлі құрылым мен қасиетке ие, бірақ барлығы ағзаға таңдамалы әрекетте орталық жүйке жүйелеріне әсерін тигізеді.
Бұл жерде өсімдіктен шығатын заттар (опий, гашиш, марихуана) жатқызылады, әртүрлі дәрілік препараттар (наркологиялық, нейролептикалық) және басқа химиялық заттар, соның ішінде тұрмыстық химия. Қазір ішімдіктер көп түрге бөлінбейді, өйткені олар өзге психотроптық заттардан ажыратылмайды. Қайталап қабылдау психотропты заттарға құмарлықты қалыптастырады, ол тәуелділік синдромы деп аталады.
Тәуелділік синдромына физиологиялық және психологиялық құбылыстардың қосылуы жатқызылады, ол жерде психоактивті заттарды пайдалануды біртіндеп бастау өмірде сол адамның құндылыктар жүйесін, жетекші мәнді иеленеді. Көпқырлы сиптомның негізгі сипаттамасы - бұл қажеттілік, өте күшті және ажырамас болып келеді. Бұл импулсивті құмарлық сана асты бақылауына кіреді. Мотивтер үғынылмайды, адам есірткілік заттарды қабылдап рахат алмайынша құмарлықпен қарсыласпайды. Ұғыну психоактивті заттарды пайдалануды қысқартқанда кешірек келе бастайды. Бұл көбіне жұмысты жоғалтуға, отбасы қатынастарын бұзуға және отбасын жоғалтуға әкеліп соғады [51].
Есірткіні пайдалануды тоқтату тілегі нашақорлықтың келесі маңызды белгісінің пайда болуымен байланысты- тәуелділік синдромы және абстиененция. Абстиененция ауырлығы психикалық сферада әртүрлі- жеңіл мазасызданудан психиканың бұзылуынан сананың бұзылуына әкеледі.
Нашақорлықтың себептерін түсіндіретін көптеген теориялар жүзеге асырылады:
1. психоактивті заттардың қатары ағзаға енуі, аз ғана дозаның өзі әртүрлі жасушалар мен ұлпаларда араласады. Дофаминнің жинақталуы абстиененцияның психоактивті заттар зат алмасудың қажетті комоненті болып табылады;
2. қалыптасуы үшін алғы шарты.
3. әлеуметтік психологтар наркологиялық тәуелділік негізінде архаикалық ойлаудың қалдықтарын және психологиялық дайындықпен байланысты, қорғану иллюзиясы мен психологиялық комфортты байқайды.
Қазіргі әлеуметтік жағдайда ерекше мәнге балалармен жеткіншектердің есірткіге құмартуы ие болып отыр. Нашақорлардың қатарында 12-13 жастағы кездесуі аз емес. Жас ұрпақтың - алкоголды емес психотропты заттар. Оған жататындар есірткілік емес дәрілік шөптер (транкввилизаторлар, циклодол, эфедрин т.б.), тұрмыстық химия.
Психотропты заттарды пайдалану үшін маңызды себептер отбасындағы, мектептегі әлеуметтік қиындықтар және ұйымдастырылмаған бос уақыт жағдайлар болып табылады. Кез-келген психотропты заттарды пайдалануды алғашқы кезде жағымды деп атауға болмайды- жүрек айниды, құсқысы келеді, басы айналады, жалпы өзін-өзі сезіну төмен. Бірақта "үлкен жолдастардың" ұсынғаны бұл таңдау жасаудың қажетті элементі ретінде табылады. Екі-үш рет пайдаланғаннан кейін әліде құмарту жоқ, бірақ әр ретте ағза тітіркенуді сезінеді, нашар ұйқы мен тәбет, қарапайым әлеуметтік ережелердің бұзылуы көрініс береді. Оқушы сабақты жібере бастайды, тәртіпсіздікке бой алдырады, тұйық, өз айтқанымен жүреді.
Байлану - дамудың келесі фазасы, психоактивті заттар рахат сеізмін бергенде- (рахаттану) "кайф" жағдайын сезінеді. Оның қатысуында жеткіншек көп сөйлемейді, көңілсіз болып келеді. Сол уақытта ол үшін есірткі туралы айтылғандар жағымды, өзінің препаратын табу үшін барлығын істеуге ұмтылыс туады. Бұл кезеңде құмарлық сол адамның ерік күшіне бағынуы мүмкін.
Келесі кезек - абстиененция эпилептиформды құлауға дейін созылады. Тұлғалық қасиеттер, асоциалды жүріс-тұрыс "өз серіктестігінде" уақыт өткізгенді қалайды.
Нашақор бірнеше аптаның ішінде -бірден азады, ұйқы мен тәбеті қашады. Өмірдің ұзактығы күшті есірткіге ауысқанда көп емес - аурудың басталғаннан 2- ден 5 жылға дейінгі уақытты қамтиды. Аурулар есірткілік заттарды шектен тыс пайдаланғаннан кейін де өледі, бақытсыз жағдайлар, суицидтер қалыптасады. Орта есеппен өмір 20-25 жаска қысқарады.
Қорыта келе, профилактиканың превентивті деңгейінде балалар, жеткіншектер, ата-аналар, мұғалімдер үшін есірткінің қаншалықты зиянын, салауатты өмір сүру бейнесінің нәтижесін, салдарын түсіндіру қажет.
2.2 Нашақорлыққа қарсы
күрес жүргізу бойынша
Отбасы әлеуметтену институты ретінде жеткіншектің өмірдегі қиын әсерлерге бейімделуін қамтамассыз етуге және дамудың деструктивті стимулынан қорғауға жұмылдырылады. Жеткіншек нашақорлығын емдеу сферасында бүгінгі күні отбасының рөлі мемлекет құрылымдарының қандай да бір жетістіктерге қол жеткізе алмауымен тікелей байланысты. Бірақ та бұл мақсаттағы отбасының рөлі жеткілікті зерттелген жоқ. Профилактика проблемасы бойынша ата-аналардың позициясы мен бағдарларының шеңбері түсініксіз, ата-аналардың негізгі стратегиялары мен олардың жетістіктері, отбасының протективті ресурстарының мазмұны, олар қандай көмекті қажетсінеді және бұл көмекті қалай ұйымдастыруға болады.
Зерттеуді бастай отырып, біз мына болжамдарға сүйенеміз:
Байқалғаны бұл болжамдардың әр қайсысы сынға шыдай алмайды және ата-аналар есірткіге қарсы профилактиканы қалай түсінеді деген сұрақтан бастау керек. Осы терминдермен алғашқы таныстықтан бастап-ақ мынадай тақырыпқа «Есірткі дегеніміз не, және оны пайдалануға болмайды» әңгімелесуден бастау керек. Бұл жерде ата-аналардың өзі нашақорлықпен клиникалық-әлеуметтік құбылыс ретінде аз таныс және психоактивті заттарды теріс пайдаланудың салдары туралы әңгімелесуді қалайды. Осы уақытта жеткіншек-жоғары сыныптар, ата-аналармен есірткіге қарсы сұрақтар төңірегінде біршама біліктірек, тіпті есірткіні пайдалануда жеке тәжірибесі болмаса да, сондай тәжірибесі бар құрдастарынан біледі және қатынасқа түсе алады.
Көптеген отбасылар сыртқы наркогенді қауіптерден нәтижелі қорғанады (есірткінің жеткізілуі, наша тарататындардың белсенділігі, есірткіге қарсы адекватты емес насихаттау, жақын айналасындағыларға есіркінің жұғуы) және жас ерекшелік пен әлеуметтік, шартталған өмірлік тәжірибе, жеткіншектерде тәуекелділікке баруы болып табылады.
Әдетте, девиантты емес және тіпті сәтті отбасылардың өзі өздерінің протекторлы қызметтерін әртүрлі жүзеге асырады, түрлі профилактикалық потенциялға ие болады. Олардың ішінде жеткіншектерді сыртқы наркогенді сыртқы қауіптен қорғау ғана емес, тіпті сол үшін өтірік айтуға дейін барады.
Жеткіншекті есірткіден қорғау деңгейі бойынша, басқаша айтсақ, профилактикалық потенциялының көріну деңгейі бойынша шартты түрде, отбасын бес типке бөлуге болады:
Осы типтердің әр қайсысына сәйкес отбасы жеткіншек және есірткі құралдарына қатынасын түрліше көрсетеді, есірткіге қарсы стратегияларын әр түрлі қолданады.
Жеткіншекке нашақорлық жалпы отбасылық шындыққа айналғанда, нашақор және оның аға-қарындасы арасындағы өзара қатынас сипаты өзгереді. Нашақорға қарсы қатынасы бойынша ағасы, бақылаушы ата-ана позициясына енеді, ал қарындастары мен інілеріне ерекше көңіл аударуы керек. Өйткені нашақор отбасында үлкен қауіп төнуі мүмкін, алдындағы баланың нашақорлығының салдарынан оны жарақаттауы ықтимал: оның тұлғасының қалыптасуының нағыз жауапкершілік кезеңінде отбасы өмірінің потогенді кезеңіне тура келеді. Біз психокоррекциялық және психологиялық жұмыс нашақор отбасындағы барлық кіші балаларына да қажет деп есептейміз.
Бәрінен бұрын балалар отбасының жабықтығымен ұшырасады, яғни балаларының біреуінің нашақорлық фактысын туысқандарының балаларынан, көршілерінен, қызметтестерінен көбірек жасыруға тырысады. Туысқандарымен немесе достарымен кездескенде, отбасы мүшелері өздерін үнемі бақылауда ұстап отыруы тиіс, өйткені олардың «отбасылық ұрысы» кездейсоқ таратылмауы тиіс. Бұл үйреншікті әлеуметтік байланыстардың және отбасындағы әлеуметтік және эмоциялық өмірінің қысқаруына және үзілуіне әкеледі. Үйде қонақ болу азаяды, балалар өздеріне достарын шақыра алмайды.
Ата-аналардың нашақор баласымен күресі ішкі отбасылық шиеленістің күрт өсуіне әкеледі, яғни тұйықтық, күмәндану және басқа адамдардың эмоциялық күйін түсінуге қабілетсіздік балада әлеуметтік жүріс-тұрыстың кездейсоқ проблемалық стилін қалыптастырады. Болуы мүмкін шиеленісті күтуге байланысты мазасыздану уақыт келе болашақ алданда үрейді туындатады.
Уақыт өте келе бұл тенденциялар күшеюі мүмкін. Олар өздерін ұмытылған және еріксіз қатарында сезінеді. Өздерінің сезімдерін жасыруға үйренген және шектетілуден қорыққан балалар, өздерінің күйзелулерін айтпайды, бірақ та олардың мазасыздануы сурет салғанда ашық көрінеді.
Үлкен балаға ата-ананың белсенділігі және зейінінің аударылуы, кішілерінің қараусыз қалуына әкеледі. Баланың терең қайғыруы ата-ана тарапынан көңіл аударылмауына және оларда төмен өзін-өзі бағалау қалыптасады.
Жалпы отбасылық жағдайда кіші балаларға тигізетін негативті және деструктивті әсерден басқа, олар тікелей күш көрсетуге және қорлау көрсетуге әкеледі. Осы айтылғандардың барлығы, нашақоры бар отбасының балаларында тұлғаның өте проблемалық типі қалыптасады, мыналар негізгі параметрі болып табылады:
Нашақордаң отбасы кіші балаларға негативті әсерін тигізеді. Олар өмір сүруі үшін балалар отбасының өміріне тек бейімделу ғана емес, сонымен қатар компенсаторлы механизімді пайдаланады, соның ішінде өмірге фантазиясы мен аңыз қабілеті арқылы ерекше көрінеді. Мұндай фантазиялар баланың жан дүниесі үшін өзіндік ерекшелігі бар.
Нашақор отбасындағы кіші балаларға профилактикалық жұмыс үшін диагностикалық пен терапиялық жұмыстар бойынша әдістерге бай, проекцияның механизмдеріне негізделген:
Есірткі пайдаланатын жеткіншектер отбасындағы бұл тәжірибелерден байқағанымыз, мұндай отбасындағы кіші балалармен жүйелі, толықбағытты коррекциялық және профилактикалық жұмыс олардың тұлғалық дамуындағы негативті процестерді динамикасын ірілеуге мүмкіндік береді. Мұндай жұмыстар жағдайға байланысты индивидуалды, балалар тобында, отбасылық психотерапия процесінде жүргізілуі мүмкін.
Біз оптимистік және бекітілген клиникалық практикаға сүйене отырып, транзакты талдау жағдайында балада әрқашан позитивтілікті алу мақсатында трансформациялау мүмкіндігі бар, ал негативті нәтиже бойынша емес.
Біздің тұжырымдауымызша, нашақор отбасындағы балалармен коррекциялық жұмыс оларды есірткіге баруға және девиантты жүріс-тұрыстың алдын алуын ескертуде күшті құрал ретінде жүзеге асады.
Есірткіні алғашқы профилактикалау орталықтарын ұйымдастырудағы тәжірибені талдау
Әдебиеттердің қайнар көзін талдау, сонымен қатар интернет жүйесінен қорытынды шығара отырып бүгінгі күні ауру және тәуелдікке баратын топтардағы есірткіні пайдаланушы жұмысына бағытталған профилактикалық шаралар жүйесін өңдеуге барлық көңілді аударып отыр. Барлық елде есірткіге қарсы кеңес беру орталықтарында мамандар, жаңа емдеу әдістері мен бағдарламаларынан нашақорларға хабарлар тарататын, есірткіге қарсы акцияларды және әртүрлі ұйымдар іс-әрекетін орталықтандырады.
Информация о работе Жеткіншектер арасындағы нашақорлықтың әлеуметтік- психологиялық ерекшеліктер