Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Июня 2014 в 10:29, дипломная работа
Зерттеудің міндеттері:
өзін-өзі бағалау мәселесі бойынша шетелдік және Отандық психологиядағы әлеуметтік негізгі теориялық теориялық бағыттарға талдау;
бастауыш мектеп оқушыларында кездесетін қиындық түрлерін
әлеуметтік психологиялық қолдау ретінде шешу;
балалардың өзін-өзі бағалау динамикасын зерттеуге ұсыныс беру.
КІРІСПЕ……………………………………………………………..3
1 НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ ЖОЛДАРЫ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ............................................................................6
Психология ғылымындағы кеңес беру мәселелері………6
1.2 Жағымсыз әдеттердің әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерінің себептері………………………………………………16
1.2.1. Нашақорлық, қоршаған орта және жеткіншектер…………..22
1.3 Жеткіншектердің есірткі қолдануының әлеуметтік- психологиялық ерекшеліктері…………………………………………..24
1.3.1. Жеткіншектердің психикалық дамуындағы ауытқуларға (нашақорлыққа байланысты) отбасының әсері……………………….44
2 ЖЕТКІНШЕКТЕРМЕН НАШАҚОРЛЫҚПЕН ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҮРГІЗУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖӘНЕ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.............................................................................................44
2.1 Мектепте нашақорлықпен қарсы күрес жүргізудің алғашқы профилактикасы………………………………………………………….
50
2.2 Нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу бойынша жеткіншіктерге профилактика жүргізудегі отбасының рөлі…………56
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………..61
ПАДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………..63
Ұйқысыздық: ұйқтай алмау - әсерлендіретін құралдарды қабылдағаннан барып жанама әсерленудің қауіпті түрлерінің бірі болып табылады. Оларды теріс пайдаланушы адамдар бірнеше күн бойы ұйқыдан қалады. Егер бұл жағдайды тез арада жөндемесе психикалық бұзылу пайда болады.
Тыйым салынған есірткілер олардың химиялық формуласының негізінде анықталады. Сондықтан да жасырын лабораториялар заңның шектеулерін айналып өту үшін кейбір тыйым салынған есірткілердің молекулярлық құрылымын өзгертеді және синтетикалық есірткілер деп аталатын түрлерін және ұқсастарын жасайды. Бұл заттар өз әрекеті бойынша негізгі заттардан жүз есе асып түседі. Синтетикалық есірткілердің көпшілігі амфетаминдер тобына жатады және ұқсас әсер береді, кейде тіпті оданда рахат сезімді туғызады. Синтетикалық есірткілерді қолдану түрлі ауруларға ұшыратады.
Психоактивті заттарды теріс пайдалану - бұл оларды медициналық емес мақсатпен пайдалану. Егер теріс пайдалану өзінен ауратын күйді туғызса, онда біз ауруға ұшыраймыз. Нашақорлық және токсикомания- бұл "химиялық тәуелділік" жалпы атауына бірігетін ауру. Олар өздерінің арасында ауруға және құмарлықтың затымен ажыратылады [10].
Есірткілердің арасында ең кең тараған түрі: опий, көкнәр, морфин және оның өнімі героин, омнопон- бұл есірткілер ұйқтататын көкнәрдан дайындалады.
Коноплядан дайындалатын есірткілер: марихуана (каннабис), гашиш (анаша), гашишті май.
Соңғы уақытта Қазақстанда есірткінің тағы бір түрі кеңінен тарала бастады - эфедрон, эфедраның жапырағынан дайындалады. Эфедронды нашақорлық үйреншікті есірткі абстинентті аштық кезеңінде қажеттілікке байланысты орнына келді. Эфедриннің жоғарғы дозасын пайдалану ауызда құрғақтық, жүректің қатты қағуы және көз алдындағылардың екіге бөлінуі көрініс береді.
Жеткіншектер ортасында кең таралғаны- марихуана және гашиш, олардың дайындалуы және пайдаланылуы қиын емес.
Нашақорлыққа баратындар мінезінен ауытқыған жеткіншектер, сәтсіз отбасы жағдайында тұратындар, әуестік сезімімен пайдаланғандар, еліктеу, рахат алу, күнделікті өмірді жалыққандар т.б.
Егер әңгіме есірткі туралы болса, онда есірткіге тәуелділік немесе нашақор деп аталады. Егер токсикалық құралдарға тәуелді болса, онда ол токсикомания деп аталады.
Нашақорлық немесе токсикомания белгілі сатыларға ие. Бұл сатылардың ұзақтығы қолданған заттарға байланысты (оның улылығына және наркогендігінің деңгейіне), аурудың жасына, оның ағзасының ерекшелігіне және денсаулығының жағдайына. Әдетте аурудың 3 сатысы анықталады.
1 саты. Наркогенді заттарды пайдаланғаннан кейін бірнеше уақыттан соң, кейде оны ағзаға бір-екі енгізгеннен кейін психикалық тәуелділік дамиды. Психикалық тәуелділік пайда болуының сипаттамалық белгісі затты жалғыз өзі пайдалану болып табылады, жеткіншек есірткіні "серіктері үшін" емес, ал жеке қажеттілігін қанағаттандыру үшін пайдаланады.
2 саты. Психикалық тәуелділіктен басқа, сонымен қатар физикалық тәуелдікте қалыптасады. Бұл сатыда затқа толеранттылық жоғарылайды. Ағзаның қызметтерінің нашарлау белгілері жоғарлайды - тұлғалық (әлеуметтік), индивидуалды-психикалық (интеллект, ерік, жүктемелерге шыдамдылық, эмоцияны бақылау), физикалық.
3 саты. Психикалық және физикалық деградация, ағзадағы ауыр және қайталанбайтын өзгерістер болып, адам мүгедек болып қалады. Затты ағзаға енгізуден күткен нәтиженің болмауы, оған тұрақтылықтың төмендеуі, тіпті кейде шектен тыс дозадан өліп кетуде кездеседі.
Алғашқыда жеткіншек әртүрлі препараттарды эксперимент жасаудан бастайды. Түрлі әрекеттерге тәуекел ететін құрдастардың тобы жиналады. Есірткіні пайдалану тілегі құрдастары ортасында пайда болады, яғни бұл іс үйреншікті бола бастайды.
Бүгінгі күні нашақорлық барлық континентте кездесетін әлемдік мәселе болып отыр. Сонымен қатар, ол ұдайы өсу тенденциясын тудырады, ал оның қолайсыздық салдары нашақорлардың өзінде көпқырлы.
Нашақорлық барлық әлемде дамып отырған медико-әлеуметтік құбылыс ретінде карастыруға болады. Нашақорлық мәселесі көпқырлы және адамның денсаулығын ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік, құқықтық, этикалық және мәдени сферасын қамтиды. Барлығы үшбүрыштың шектерінде қиылысады: адам - қоғам - есірткі. Бұл үш құраушылар өзара байланысты, ал олардың мағынасы ішкі және сыртқы факторлардың арақатынасының тәуелділігінде өзгеріп отырады.
Егер нашақорлықтың пайда болуының себептерінің арасында адам тұлғасының мәселесі және кешенді анықтау басым болса, онда есірткіні пайдалануды индивидуалды психопатология ретінде қарастыруға болады. Егер әлеуметтік өзінің негативті жақтарымен жекелеген тұлға немесе адамдардың белгілі бір категориясы үшін мәселе тудырып жатса, онда социопатологиялық құбылыс ретінде қарастыруға болады. Мүндай жағдайда нашақорлық жеке бақытсыз жағдай болып табылмайды, ал жалпы әлеуметтік тенденцияның көрсеткіші болып табылады.
Бірақ екі жағдайда да есірткі қоғамнан жеке немесе ұжымдық қашқақтау үшін қолданылады. Дегенмен, бұл қашқақтау абсолютті болып табылмайды. Көп жағдайларда ол ұқсас мәселеге ие топ адамдардың бірлесуімен жүзеге асады. Әсіресе бұл жас нашақорлардың алғашқы кезеңінде жиі кездеседі. Сонымен, индивидуум мен қоғам арасындағы қарама-қайшылық " микро топ-қоғам" шиеленіс түрінде пайда болады.
Нашақорлықтың мәнін тереңірек түсіну үшін психикалық және физикалық тәуелділік және соларға байланысты түсініктерге анықтама берейік.
Психикалық (эмоциялық) тәуелділік есірткі мен тұлға арасындағы қатынастың формасы болып табылады, ал оның деңгейі есірткінің эффектісінің ерекшелігіне және осы есірткі қанағат ететін тұлғаның қажеттілігіне тәуелді. Есірткі неғұрлым осындай қажеттілікті қанағаттандырса және күткен эмоциялық күйді тудырса, соғұрлым бұл есірткіні пайдаланудың әдетінен қиын арылады. Күшті психикалық тәуелділіктің шартынан тұлғаның жағымды эмоциялық күйі есірткінің қолда болуына тәуелді болып қалады. Ең соңында нашақордың қалыпты өзін сезінуіне бұл қажетті шарт болып қалады.
Есірткіге мұқтаждық маңызды деңгейде көріне бастайды, тіпті нашақор өзінің міндеттерін орындаудан қалады, отбасын және достарын жоғалтады, жұмысын тастап және тек нашақорлардың ортасында қоректенеді, өзінің қызығушылықтарын тек есірткі табу мен пайдалануға жұмсайды.
Физикалық тәуелділік - бұл есірткіні пайдалануды азайту жағдайында физиологияның нақты бұзылуларында көрінетін бейімделудің күйі немесе сәйкес препараттарды қолдануда олардың эффектісін нейтралдау жағдайында болады. Бұл құбылыс тірі клеткаға есірткінің фармакологиялық әрекетімен тікелей байланысты.
Физикалық тәуелділік мазмұны бойынша есірткі мен ағза арасындағы биохимиялық өзара әрекеттің пайда болу құбылысы болып қалады. Сондықтан физикалық тәуелділік индивидтің есірткіге үйрену деңгейін көрсетеді. Физикалық тәуелділіктің пайда болуының классикалық белгісі абстинентті синдромның туындауымен байланысты.
Абстинентті синдром есірткінің әрбір жекеленген түрі үшін қолайсыз көрінулерде ерекше сипатталады. Бұл синдром зиянды пайдалану кезінде қалыптасады.
Барлық есірткілер олардың шығу тарихына байланысты екі топқа бөлінеді - табиғи және синтетиклық. Кейбір өсімдіктерді және олардың шырынын пайдалану ем, эйфороген үшін немесе магиялық мақсатта адамның қорғануға физикалық және рухани ұмтылуы болып табылады. Жеке тобын сананың күйін өзгертетін және галлюцинацияны шақыратын өсімдіктер құрайды.
"Синтетикалық есірткі" атауы 1939 жылдан кейін пайда болған тәуелділіктің әртүрлі түрін шақыратын толып жатқан заттарға жатады. Бұл топтың негізгі препараттары - петидин, метадон және т.б., ал сонымен қатар мұнай мен шайырды қайта өңдеу.
Есірткі деп өсімдік немесе синтетикалық заттардан шыққан кез-келгені есептеледі, яғни ағзаға енгенде бір немесе бірнеше қызметтерін өзгертуі тиіс және де бірнеше рет пайдаланудың салдарынан психикалық немесе физикалық тәуелділік пайда болуына әкеліп соғады.
Бұдан байқайтынымыз, "нашақорлық"-бұл есірткінің әртүрлері тәуеділігінің түрлеріне байланысты қолданылатын жалпы термин. Бірақ, кәсіби медициналық терминдерде тәуелділіктің келесі түрлерін ажыратады.
1. Алкоголді тип;
2. Амфеатаминді тип;
3. Кокайнді тип;
4. Галлюциногенді тип;
5. Опиатді тип және т.б.
Нашақорлыққа медициналық бағыттарда төтенше диагностика маңызды рөлді ойнайды. Оның нақтылығына емдеудің соңғы нәтижесі тәуелді және соның салдары пациенттің тағдыры. Нашақорлықтың диагнозы көптеген факторларға тәуелді және оларды қоюда оңайға түспейді. Нашақорлықтың негізгі көрсеткіштері:
1. Жүріс-тұрыстың өзгеруі.
Бірден үшке дейінгі пункттер адам_өмірінде кездесетін есірткіні теріс пайдаланудың нәтижесінен көрініп жатады. Ал төрт пен бес арнайы мамандандырылған стационарларда тексеріледі.
Есірткі әсерінің басты эффектісі, яғни нашақорды зиянды пайдаланудың бірінші кезеңінде қызықтыратын эйфория - сананың өзгеруінің күйі, комфорымдылық, қанағаттану сезімі, өмірдегі барлық жағдайлардан шектетілген және т.б. бұл осы нашақорлықтың бастамасы - қолайлы психикалық және физикалық өзін сезіну, ләззат алу. Дәл осыны нашақорлардың өзі мақұлдайды. Бірақ бұданда басқа объективті фактолары да болады.
Есірткіге тәуелділіктің дамуының келесі кезеңі есірткіні таңдау болып табылады, яғни жаңа бастаған нашақор өзі үшін қалай оптималды болатынын бағалайды. Бұл жерде парадоксалды құбылыстар байқалады. Нашақорланудың үшінші кезеңі- есірткіні үнемі пайдалану. Қабылдағандағы қолайсыз эффектілер біртіндеп жойыла бастайды және нашақор препаратты пайдалануды үнемі қайталап отырады.
Нашақорланудың төртінші кезеңі- алғашқы толерантылықты дамыту болып табылады, яғни препаратты үнемі пайдаланудың жағымды эффектісі жоғарылайды.
Ең бірінші рет бастаған нашақор осы төрт кезеңнен өту барысында, нашақорлық басталады - ол есірткіге эмоциялық құмарлық, оны пайдаланудың жүйелілігі және ары қарай толеранттылықтың жоғарылауы болып табылады.
Есірткіге тәуелділіктің сатылары.
Бірінші саты есірткіні қабылдаудың жүйелілігі. Қабылдау үнемі немесе кезеңді болуы мүмкін. Бірақ екі жағдайда да пайдаланылатын есірткінің саны жоғары. Жүйке жүйесі жағынан қорғаныс реакциясы ретінде қоқыныш сезімін көруге болады, яғни гашишті және стимуляторды алғашқы кезеңде пайдалануда пайда болады. Оларда әлі де құмарлық басым болады. Бірақ нашақордың санасында есірткіні қайдан табуға болады және соны тезірек пайдалану ойы тұрады. Айта кететін тағы бір жәйт тәуеділіктің бірінші сатысында нашақор қолайсыз жағдайлардан қорғана отырып, осы ойлармен күресуге тырысады. Бірақ бұл ішкі күрес өшіп, есірткінің есебіне шешіледі. Есірткінің масаңысыз нашақор әрдайым психикалық дискомфортта жүреді.
Екінші саты есірткіні пайдаланудың тіпті жоғары жиілігімен сипатталады, сау жүру кезеңі қысқарады. Бұл саты үшін бір ретке және тәулік бойына жоғарғы доза тән. Нашақор есірткінің қаншасын, қандай уақытта және қандай жиілікте пайдалану керектігін өзі біледі. Сонымен қатар, бұл сатыда бір реттік доза мағынасыз болады - қайткен жағдайда эйфория әлсізденеді. Сондықтан нашақор есірткіні жиі пайдалануға тура келеді.
Есірткіге үнемі физикалық қажеттілік дамиды. Нашақор өзін және айналасындағыларды алдауға тырысады, ол тіпті есірткісіз өмір сүре алмайды.
Үшінші саты нашақорланудың бұл сатысын бір сөзбен - әлсіреу деп атайды. Бұл жерде көзбен көретін нашақордың физикалық әлсіреуі емес, оның ағзасының барлық жүйелерінің қызметтерінің әлсіреуі. Есірткі енді жағымды эйфориялық күйзелудің тірегі болып табылмайды - ол енді жалғыз ғана реттейтін және сергектендіретін фактор.
Осы мәселеге байланысты зерттеушілердің көпшілігі мынандай корытындыға келіп отыр, есірткіні пайдалану (героин және марихуана), сонымен қатар басқада психоактивтік заттар (темекі және алкоголь) нақты аурудың белгісі болып табылмайды, ал мәдениеттің белгісі, қоғамның психологиялық жағдайының белгісі.
1.2.1. Нашақорлық, қоршаған орта және жеткіншектер
Жеткіншектердің арасында: егер есірткіні дәмін көру үшін тек бір рет қолданса, онда бұл жерде "қорқынышты" ештеңе жоқ деген түсініктер аз кездеспейді. Бірақта бұл қауіпті қателесу. Тіпті бірінші пайдаланғанның өзінде-ақ аллергиялық реакция дамиды, жасырын жүрек талмасы ушығады, ми жасушаларында және жүрек тамырларында оттегі жетіспеушілігі басталады.
Адам ағзасы күйінің жағдайына байланысты есірткіге мұқтаждық бірінші рет пайдаланғаннан соң туады. Нашақордың бірінші кездесетіні -рахатқа бөлену үшін үнемі дозаны көбейтуге мұқтаждық. Бұл мәселе әсіресе, есірткіні пайдаланғаннан кейін- ақ үлкейе бастайды.
Нашақорлар көбіне уақытты жалғыз өткізеді, өзінің айналасындағылармен араласпайды. Естің, зейіннің, ойлаудың, эмоцияның бұзылулары байқалады, яғни тұлғада дөрекі өзгрістер пайда болады - оның деградациясы.
Адам неғұрлым жасырақ болса, соғұрлым оның ағзасына есірткінің әсері күшті. Есірткімен улану жеткіншектің бойын, физикалық және психикалық дамуын тежейді.
Жеткіншек жасындағы аддиктивті жүріс-тұрыстың қалыптасуына тұлғалық қасиеттердің және әлеуметтік-психологиялық факторлардың әртүрлі көзқарастары бар. Кейбір авторлар тұлға тұжырымдамасын және тіпті нашақорлыққа психопатологиялық икемделуді ұстанады, ал басқалары реалистік ұсыныстарды, яғни аддиктивті жүріс-тұрыс жеткіншектердің топтық белсенділігінің негативті құбылыстарының жиынтығы болып табылады, әртүрлі тұлғалық бұзылуларға ие [11;12] .
Жеткіншектердің про- немесе ассоциалды жүріс-тұрысында оның тек қаншалықты темпераменті, мінезі, интеллектісі ғана емес, соншалықты әлеуметтік кеңістікке енуі анықталады. Әлеуметтік кеңістік деп шағын топтың субъектінің санасының түсінігінде баға және құндылық жүйесі арқылы оның жүріс -тұрысының мотивациясын әсер ететін жағымды немесе жағымсыз валенттілікке ие болуын атаймыз. Бұл жерден байқайтынымыз жеткіншек жастағы жүріс-тұрыстың мотивациясы топқа енгенде анықталуы аса маңызды болып табылады [13].
Информация о работе Жеткіншектер арасындағы нашақорлықтың әлеуметтік- психологиялық ерекшеліктер