Жеткіншектер арасындағы нашақорлықтың әлеуметтік- психологиялық ерекшеліктер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Июня 2014 в 10:29, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеудің міндеттері:
өзін-өзі бағалау мәселесі бойынша шетелдік және Отандық психологиядағы әлеуметтік негізгі теориялық теориялық бағыттарға талдау;
бастауыш мектеп оқушыларында кездесетін қиындық түрлерін
әлеуметтік психологиялық қолдау ретінде шешу;
балалардың өзін-өзі бағалау динамикасын зерттеуге ұсыныс беру.

Содержание

КІРІСПЕ……………………………………………………………..3
1 НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ ЖОЛДАРЫ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ............................................................................6
Психология ғылымындағы кеңес беру мәселелері………6
1.2 Жағымсыз әдеттердің әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерінің себептері………………………………………………16
1.2.1. Нашақорлық, қоршаған орта және жеткіншектер…………..22
1.3 Жеткіншектердің есірткі қолдануының әлеуметтік- психологиялық ерекшеліктері…………………………………………..24
1.3.1. Жеткіншектердің психикалық дамуындағы ауытқуларға (нашақорлыққа байланысты) отбасының әсері……………………….44
2 ЖЕТКІНШЕКТЕРМЕН НАШАҚОРЛЫҚПЕН ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҮРГІЗУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖӘНЕ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.............................................................................................44
2.1 Мектепте нашақорлықпен қарсы күрес жүргізудің алғашқы профилактикасы………………………………………………………….
50
2.2 Нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу бойынша жеткіншіктерге профилактика жүргізудегі отбасының рөлі…………56
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………..61
ПАДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………..63

Прикрепленные файлы: 4 файла

Толеуова (исправ).doc

— 552.00 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ……………………………………………………………..

3

1 НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӘНЕ  ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ ЖОЛДАРЫ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ  ТАЛДАУ............................................................................

 

 

6

    1. Психология ғылымындағы кеңес беру мәселелері…………

6

1.2  Жағымсыз әдеттердің әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерінің себептері……………………………………………….

 

16  

1.2.1. Нашақорлық, қоршаған орта және жеткіншектер…………..

22

1.3 Жеткіншектердің есірткі қолдануының әлеуметтік- психологиялық ерекшеліктері…………………………………………..

 

24  

1.3.1. Жеткіншектердің психикалық дамуындағы  ауытқуларға (нашақорлыққа байланысты) отбасының әсері……………………….

 

44

2 ЖЕТКІНШЕКТЕРМЕН НАШАҚОРЛЫҚПЕН ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҮРГІЗУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖӘНЕ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.............................................................................................

 

 

 

44

2.1    Мектепте нашақорлықпен қарсы күрес жүргізудің алғашқы профилактикасы………………………………………………………….

 

50

2.2 Нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу бойынша жеткіншіктерге профилактика жүргізудегі отбасының рөлі…………

 

56

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………..

61

ПАДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………..

63


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасы нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес қазақ қоғамының гүлденуі мен ҚР азаматтарының құқықтық кепілдігінің еркіндеуі мен заңды мүдделерінің негізінде жасалған.

Негізі 1997 жылы 10 қазанда еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақ халқына жолдаған жазбаша Үндеу хатында ең бастысы ішкі және саяси негізгі нашақорлық пен есірткіге қарсы күресті нығайтудың қажетті екендігіне баға беруі және бұл берілген мәселенің шешілуі 2030ж. Республиканың өркендеу стратегиясындағы мемлекеттің деңгейіндегі беделіне ие болды.

Нашақорлыққа қарсы саясаттың қалыптасуының негізгі шарты ретінде, оның іске асатындығы, уақыттың барлығы және жағдайға бейімделуі болуы тиіс, сондай-ақ басқа да саладағы жалпы мемлекеттік саясаттың байланыстылығының болуы. Сонымен, қандай да болмасын есірткімен байланысты барлық жағдайларда бақылаушылықты күшейту керек. Себебі, нашақорлық, яғни жағымсыз әдеттердің алдын-алу басты міндет бола отырып, оның қоғамның дамуына кері әсері зор болатынын айта кетеміз.

Есірткіні заңсыз айналдыруға қарсы күрестің аймағындағы саясаттың ерекшелігі оның мемлекеттік статусына негізделген. Ол алдымен қоғамдағы есірткілік құралдарын және психотроптық заттардың таралу процесі адамзаттың рухани құндылығына кері әсерін тигізеді.

Қоғамның экономикасына және оның рухани бастауларына материалдық және рухани-адамгершіліктеріне зиян келтіреді. Есірткіні қиянаттық қолдану өлімнің көбеюіне алып келеді, әсіресе жастардың арасында қылмысқа барушылықтың көбеюі, ол нашақорлардың күйреуі жағдайына әкеліп соғады.

Бүгінгі таңда кәмілетке толмағандардың арасындағы есірткі жағдайы Қазақстанда, ТМД елдерінде және бүкіл әлемнің көкейкесті мәселесі болып отыр. Жеткіншектер нашақорлығы мәселесімен тікелей айналысатын наркологтар мен мамандар  "Нашақорлық ауруы жылдан жылға жасарып келеді" деп дабыл қағуда. Өкінішке орай бұл бағытпен күресті есірткіге тәуелділік қалыптаса бастағанда емдей бастаса, оның салдары жеңілірек болады. Сол уақытта алғашқы профилактика жұмысына көбірек көңіл аударылады.

Нашақорлықпен байланысты сұрақтарда ақпараттар мен психологиялық көмекті негізінен қажет ететін буын - жалпы білім беретін мектеп, колледж, лицей орта және үлкен буындары, яғни "өтпелі" кезеңде тұрған жеткіншектер болып табылады. Жеткіншектердің ең басты ерекшелігі - тұлғалық тұрақсыздығы. Қарама-қарсы қырларға ұмтылу, мінездегі қарама-қайшылықты анықтау мен өсіп келе жатқан баланың мінез-құлқы. Үлкендерге тән сезімнің қалыптасуы және "Мен тұжырымдамасын" ерекше ажыратуға болады [1].

Үлкендерге еліктеу мінез-құлықпен, киіммен шектелмейді. Еліктеу көңіл көтеру, сезімге толы қатынас бойынша жүреді және осы қатынастардың мазмұнын тікелей үлгі етіп алады.

Жеткіншектер үшін үлкендер өмірінің негізгі атрибуттарының бірі есірткі құралдарын пайдалану болып табылады. Бірақ та пайдалану мотивациясы әртүрлі болып келеді. Құрдастарымен қарым-қатынас жеткіншектер өмірі үшін ерекше орын алады және барлық өмірлік сферасында айрықша ізін қалдырады. Ол үшін маңыздысы референтті топқа ену, яғни, ол жерде кімнің кұндылықтарын қабылдайды және кімнің мінез-құлық нормасы мен бағалауына бағдарланады. Сол уақытта жеткіншектер үшін жақын адамдардың эмоциясына ұмтылу да тән. Ата-аналарды, олардың махаббаты мен қамқорын, олардың пікірін қажетсіне отырып, олар дербестікке ұмтылуды сезінеді және олармен тең құқықта болғысы келеді.

Тұлғалық дағдарысты алып жүретін бұл кезең пайдаланудың тәуекел бастамасына қақтығысады, ал оның салдары есірткіні теріс пайдалануға әкеліп соқтырады. Бірақ, пубертатты кезеңнен өтетін барлық адамдар нашақор болып қалыптаспайды. Бұл отбасындағы тәрбие уақтысында ұзақ уақыт бойы калыптасатын психологиялық қорғаныс механизмі арқасында жүреді. Неліктен біздің қоғамымызда жеткіншектер нашақорлығы сияқты құбылыс жүзеге асады?

Осы кезеңдегі жеткіншектердің салауатты өмір сүруі немесе "есірткілік сандырақты" таңдауына маңызды әсер етуші фактор, отбасының өзара катынасының құрылымы, оның жүзеге асуының нәтижесі құндылықтар мен иландыруды қалыптастыру болып табылады. Соның ішінде өзіндік "Мен" кұндылығы, өзіндік денсаулық пен өмір енеді. Өзіне қатынасы бойынша негативті бағдарда "өзін-өзі бұзу" бағдарламасы жүзеге асады, яғни көбіне есірткілік кұралдарды пайдалануда байқалады.

Есірткіге тәуелділіктің арақатынасы мәселесімен және отбасындағы эмоциялық өзара қатынас факторларымен айналысқандар Н.С. Курек, А.Е. Личко, В.К. Мягер, В. Буриан, Т.И. Петракова, Д.Л. Лимонава, Е.С. Меньшикова, Е. Джеликен.

Біздің зерттеуіміздің өзекті тақырыбы болып психологиялық кеңес беру жағдайында психодиагностикалық зерттеулердің мазмұны мен ұйымдастыру болып табылады.

Зерттеудің мақсаты – жағымсыз әдеттерге қарсы күрес жүргізуге байланысты жеткіншектердің психикалық дамуындағы ауытқу себептерін (нашақорлықпен байланысты) зерттеу және оларға психологиялық кеңес беру жолдарын жетілдіру.

Зерттеу объектісі – жағымсыз әдеттердің туындау (нашақорлармен күрес) себептері бойынша жеткіншектерге психологиялық кеңес беруді ұйымдастыру жолдары.

Зерттеудің пәні – Жағымсыз әдеттерге қарсы күреске байланысты жеткіншектерге психологиялық кеңес беру.

Жоғарыда айтылған жағдайларға байланысты зерттеудің негізгі болжамы төмендегідей тұжырымдалды:

Егер, жеткіншектерге жағымсыз әдеттер туралы жүйелі кеңестер ұйымдастырылып отырса, онда,  оны (нашақорлықпен байланысты) болдырмау жолдары өз тиімділігін береді.

Зерттеудің болжамы - жеткіншектерге нашақорлық жайлы терең психологиялық сауаттылықты беру психикалық дамуындағы ауытқудың (нашақорлықпен байланысты) алдын алады.

Зерттеудің теориялық негізі - жеткіншек тұлғасының дамуындағы жағымсыз әдеттерді (нашақорлықпен күрес) зерттейтін жұмыстарға бағытталған. Жас ерекшелік-психологиялық кеңес беру баланың психикалық дамуының барысындағы нормативті мазмұнның түсініктері және осы процестің кезеңдік негізінде бақылаудың мақсатын Г.В. Бурменская, Р.А. Карабанова,       А.Г. Лидерс зерттеулерінде қарастырылады.

Жұмыстың теориялық мәнділігі - зерттеу барысында жеткіншектердің психикалық даму ерекшеліктеріне байланысты  Л.С. Выготский, Б.Г. Ананьев, Л.И. Божович, Д.Б. Эльконин, Г.В. Дрогунова, И.С. Кон және басқалардың да теориялық зерттеулері нысанаға алынды.

Жұмыстың практикалық мәнділігі: жүргізілген зерттеулердің негізінде жеткіншектерге жағымсыз әдеттерге қарсы күрес жүргізуде алғашқы психологиялық кеңес беруге ұсынылған бағдарламалар жұмыстың сапасын жоғарылатады.

Зерттеу әдістері: Сауалнама, анкета, проективті әдіс «Отбасы суреті», «Отбасылық сұхбаттасу»

Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер мен қосымшадан тұрады.

Зерттеу жұмысының базасы: 38

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӘНЕ  ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ ЖОЛДАРЫ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ  ТАЛДАУ

 

 

    1. Психология ғылымындағы кеңес беру мәселелері

 

Психологияның практикаға кеңінен енгізілуі оның сол аймақтың дамуына заңды түрде әкеліп соғады, яғни дәстүрлі түрде психологиялық әсер етудің танымал әдісі ретінде белгіленеді. Соның ішінде маңыздыларының бірі болып психологиялық кеңес беру болып табылады. Бұл іс-әрекеттің түріне тура анықтама беру және оның қолданылу сферасын бір жақты көрсету қиын. Психологиялық білімдердің қолданылатын кез-келген сферасында кеңес беру жұмыс формасының бір түрі ретінде қолданылады. Кеңес беру өзіне кәсіби кеңес беруді, педагогикалық, өндірістік кеңес беруді және тағы басқаларды қамтиды [2].

Психологиялық кеңес беру тұлғаның үйлесімді дамуына ықпал етуге бағытталған. Ол практик-психолог жұмысының бір бөлігі болып табылады (психодиагностика және тренингтің жұмыстарының жүргізілуімен қатар). "Кеңес беру" сөзі латынның consultare, яғни кеңесу, ақылдасу деген мағынаны білдіреді. Психологиялық кеңес берудің мақсаты тұлғаға қамқорлық жасау,  яғни қалыптасу мен өсудің үздіксіз процесі болып табылады. Кеңес беру адамның қабілетінің дамуына адекватты көмек береді және өзі мен басқаларды толығымен қабылдайды, ішкі тұлғалық және тұлғааралық қатынастар жүйесін өзгертеді. Кеңес беруші психолог тұлғаның ішкі күйлерін түсінуге бағыттап, шешім жасауға көмектеседі. Дәлірек айтсақ, азды немесе көпті клиентті өз мінез-құлығы мен іс-әрекетін жүйелі реттеуге және оның ішкі проблемаларын шешуде көмек үшін шақырылуы мүмкін.

Кеңес берудің түрлері клиент немесе топтың өміріне кеңесшінің араласу деңгейіне байланысты. Практикалық психологияда кеңес берудің келесі деңгейлері мен түрлерін ажыратады:

1. Индивидуалды даму немесе өзгеру, өзгеру объектісіне жеке адам түскен кезде, өмірлік іс-әрекеттің әртүрлі сферасының жүзеге асу белсенділігі мақсатында: кәсіби, коммуникативті, тұлғалық және тұрмыстық. Осы деңгейде психодиагностика және коррекциямен индивидуалды кеңес жүргізіледі.

2. Тұлгааралық қатынасты белсендіру өмірлік іс-әрекеттің әртүрлі сферасында: бұл жерде тренингтің элементтерімен топтық кеңес жүргізілуі мүмкін.

3. Ұйымдастырылган даму ұйымдасқан құрылым және басқарудың жүзеге асуын ұйғарады. Бұл деңгейде күрделі басқарудағы кеңес беру жүзеге асады [3].

 

 

 

 

Сурет 1 -  Кеңес берушінің іс-әрекеті

 

Психологиялық көмек көрсету туралы көзқарастар екі жақты болып отыр: біріншісі психологиялық кеңес берудің өзінің пәні жоқ және тек психологиядағы басқа теориялық өңдеулердің  қолданбалы саласы болып табылады; екіншісі психолог-кеңес беруші кез-келген клиенттің тұжырымдық құрылымдарының теориясына сүйенеді.

Психологиялық кеңесті дұрыс ұйымдастыру клиентке өзіне және өз өмірлік ситуациясына жаңа көқараспен қарауға, өз әрекетінің шынайы мотивін ұғынуға, тұлғаішілік және тұлғааралық шиеленісті тұтастай көруге, ең бастысы- жаңа жеке тәжірибе алуға, шиеленісті шешу тәсілін меңгеруге және проблемалық ситуацияны жаңуге мүмкіндік береді.

Кеңес беру барысында сенімді атмосфера құру үшін төмендегідей жағдайларды сақтау қажет:

    • кеңес беру барысында басқа іске көңіл бөлмей, барлық зейінді клиентке аудару қажет (телефонмен сөйлесу, басқа адамның араласуы);
    • клиентке толық жеткізуге мүмкіндік беру, оның өміріне қызығушылық таныту, шектен тыс білуге құмартпау, жауап алмай, сұрау қажет;
    • әдептілік таныту, шекара сақтау;
    • психологтың этикалық кодексін сақтау;
    • клиентті күнәламау және бағаламау;
    • ақыл-айту керек емес, өмірлік маңызды шешімді өз бетінше жасау үшін жағдай құру;
    • достық, табиғилық, адалдық таныту;
    • жекелік және кәсіби қатынастарды шектеу;
    • тыныш, дыбыссыз, шусыз жерлерде, бір жерде кеңес беру, өте ашық түстің қажеті жоқ.

Психологиялық кеңес берудегі тарихи негізгі бағыттары:

  • тереңдік психология- психоанализ (З.Фрейд), индивидуальді психология (А.Адлер), аналитикалық психология (К.Г. Юнг), трансактілі талдау (Э. Берн);
  • бихевиоральді бағыт- әлеуметтік үйрену, әлеуметтік құзіреттілік тренингтері;
  • өзіндік үйрету;
  • когнитивті терапия;
  • рациональді- эмоциялық терапия (А. Эоллис);
  • гуманистік бағыт- гештальтерапия (Р. Перлз), топтық терапия (К. Роджерс), логотерапия (В. Франкл), психодрама (Мрено).

Толеуова титул.doc

— 30.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Мухтарханова (исправ).doc

— 824.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Мухтарханова титул.doc

— 27.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Информация о работе Жеткіншектер арасындағы нашақорлықтың әлеуметтік- психологиялық ерекшеліктер