Жеткіншектер арасындағы нашақорлықтың әлеуметтік- психологиялық ерекшеліктер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Июня 2014 в 10:29, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеудің міндеттері:
өзін-өзі бағалау мәселесі бойынша шетелдік және Отандық психологиядағы әлеуметтік негізгі теориялық теориялық бағыттарға талдау;
бастауыш мектеп оқушыларында кездесетін қиындық түрлерін
әлеуметтік психологиялық қолдау ретінде шешу;
балалардың өзін-өзі бағалау динамикасын зерттеуге ұсыныс беру.

Содержание

КІРІСПЕ……………………………………………………………..3
1 НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ ЖОЛДАРЫ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ............................................................................6
Психология ғылымындағы кеңес беру мәселелері………6
1.2 Жағымсыз әдеттердің әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерінің себептері………………………………………………16
1.2.1. Нашақорлық, қоршаған орта және жеткіншектер…………..22
1.3 Жеткіншектердің есірткі қолдануының әлеуметтік- психологиялық ерекшеліктері…………………………………………..24
1.3.1. Жеткіншектердің психикалық дамуындағы ауытқуларға (нашақорлыққа байланысты) отбасының әсері……………………….44
2 ЖЕТКІНШЕКТЕРМЕН НАШАҚОРЛЫҚПЕН ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҮРГІЗУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖӘНЕ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.............................................................................................44
2.1 Мектепте нашақорлықпен қарсы күрес жүргізудің алғашқы профилактикасы………………………………………………………….
50
2.2 Нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу бойынша жеткіншіктерге профилактика жүргізудегі отбасының рөлі…………56
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………..61
ПАДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………..63

Прикрепленные файлы: 4 файла

Толеуова (исправ).doc

— 552.00 Кб (Скачать документ)

Сондықтан зерттеудің мақсатын жүзеге асыруда - жеткіншек- аддиктердің копингтерінің ерекшеліктерін зерттеу- зерттеушілердің мотивациялық ерекшеліктерін анықтауда қойылған мақсаттардың бірі болды: жетістікке жету және сәтсіздіктерден қашқақтаудан ұмтылудың көріністерінің арақатынасы, сонымен қатар әртүрлі өмірлік сфералардағы олардың субъективті бақылауларының локусін зерттеу. Негізгі мақсатты копинг-стратегияны таңдауда жоғары бағалауды анықтауда көруге болады.

Тағы да бір болжауға болатын химиялық тәуелділіктің дамуы мотивацияның жалпы төмендеуімен бірге жүруі тиіс, қашқақтау бағыттылығының беделі, тұлғалық бақылаудың төмен деңгейі, сонымен қатар өзін ұстаудың констуктивті емес стратегиясы бағдары және проблеманың адекватты емес типі.

Проблеманың типіне байланысты тәуелділікті жеңілдету стратегиясын пайдаланудың ерекшеліктері байланысты бес конфликтілік ситуацияны анықтауға болады. Олар: дененің бейнесі, ата-аналармен өзара қатынас, кәсіби жетістілік, ішкі топтық мәртебе, әлеуметтік бағаның үрейі, сонымен қатар копинг-стратегиялық таңдаудың аясын кеңейтіп, оларды үш категорияға бөлді: конструктивті (мәселені шешу, әлеуметтік ұстануларды іздеу, когнитивті қайта құрылым), конструктивті емес ( өзін кінәлау, басқаларды күнәлау, эмоциялық реттеу, шешімнен кету) және ситуативті (басқа іс-әрекетке көңіл аудару, әлеуметтік күту және қашқақтау).

Өзін ұстаудың қиыншылықтарының жеке тиімділігін бағалай отырып, жеткіншек - нашақорлар өзін тең дәрежелі есептейді және мәселені шешу жолын, шешімнен қашу, когнитивті қайта құрылу мен өзін немесе өзгелерді күнәлау    нашақорлану    өзін    ұстауға    адекватты    емес ұмтылудың қиыншылықтарына ие болып табылады.

Нашақорлыққа тәуелді жеткіншектердің мотивациялық сферасында мотивацияның жалпы төмендеуі тән, бірақта бағыттылықтың жетістіктері немесе қашқақтау анықталмайды.

Аддиктер үшін тұлғалық бақылау сферасында толығымен ішкі локус байқалады, кәсіби аймақта экстреналдылық, сонымен қатар денсаулық және ауруға қатынаста интерналдылықтың жоғарлау тенденциясы.

Есірткіге тәуелділер өзін ұстау стратегиясына жоғары деңгейде көңіл бөледі; таңдаған тактикалары проблеманың адекватты емес типі қиыншылықтарды жеңу жетістігін субъективті сезінуге әкеледі.

Ішімдікке Э. Эриксонның көзқарасы қызықты [23]. Оның пікірінше, көңіл көтеру үшін пайдаланатын бар мүмкіншілігі бар есірткілік құралдардың кеңінен тарауы, соның ішінде ең көп тарағаны ішімдік, жеткіншектердің пайдалануы қандай факторға әкеліп соғады немесе ішімдікке және есірткіге тәуелділік бұған жай ғана түсіндіру мүмкін емес екенін көрсетеді.

Кез-келген есірткінің тікелей және ұзақ уақыт әсері оны пайдаланатын адам тұлғасының белгілі бір деңгейіне байланысты. Оны пайдаланғанда оның көңіл-күйіне, есірткіні пайдаланғанда алдыңғы мотивациясына, дененің күшіне және физиологиялық ерекшеліктеріне, есірткі әсерінің дозасына және күшіне, оны пайдаланудың тәсілі және жағдай болып табылады. Есірткінің эффектісі тек әртүрлі адамдарда ажыратылмайды, сол адамның өзінде әртүрлі ситуацияларға байланысты.

Нақты адамға және нақты есірткіге байланысты есірткіні алғашқы пайдаланудың мотиві, сонымен қатар оларды пайдаланудың ұзақтығы әртүрлі болуы мүмкін: құмарлықтан, күшті сезімдерді іздеу, құрдастарының қысымы және олардың сеніміне кіруге тілек, стрестен қашу және философиялық негіздегі беделділерге қарсы күрес ( өзін-өзі тануға ұмтылу, өзін-өзі жетілдіру, творчество, рухани ағартушылық және таным шекарасын кеңейту).

Жеткіншек наркологиясында профилактиканың үш негізгі типін ажыратады:

Біріншілік профилактика - аурудың пайда болуын ескерту. Жеткіншектердің аддиктивті жүріс-тұрысмен күресті кіргізеді.

Екіншілік профилактика - аурудың таралуын болдырмаудың шаралары. Ерте алкоголизм, нашақорлық, токсикомания емдегеннен кейін, болдырмау үшін шаралардың жиынтығы.

Үшіншілік профилактика - реабилитациялық шаралардың жолымен мүгедектікті болдырмау.

С.К. Нартова- Бочавер алғашқы профилактика шынайы болып табылады деп атап көрсетті. Сонда ол радикалды,  оған тұрғындар өмірінің әлеуметтік - мәдени шарттарынының өзгеруін  енгізеді (өмір сүру салауатын, спорт, санитарлық ағартуларды насихаттау), сонымен қатар теріс пайдаланушылықтың анықтау тәуелділіксіз қарсы тұратын және бақылаушы, өлшемдерін және оның дамуын ескерту [24 ].

Іс-әрекет өрісіне тәуелді біріншілік, екіншілік, үшіншілік профилактикасын басқаша да ажыратуға болады  (В.Ф. Егоров,                             А.Г. Врублевский және т.б). Біріншілікке барлық тұрғындарға арналған жатады (тиым салу жүйелерінен бастап санитарлық ағартуға дейін), екіншілік - тәуекелге баратын топты анықтау, үшіншілікке - кім зиянды пайдалануға баратындар жатады.

Жеткіншектерде аддиктивті жүріс-тұрысты психопрофилактикалаудың тірек сәті оның мотивациясын зерттеу болып табылады. Мақсаты теріс пайдаланушылардың іздестіру жолы және құралы, шынайы мотивін алшақтату мен коррекциялау. Сонымен қатар, аддиктивті жүріс-тұрысқа икемдейтін әлеуметтік-психологиялық фактор.

Соңғы жылдары тұрғындардың нашақорлыққа әуестенуі апатқа ұшырату сипатына ие, әр мемлекеттің ең терең түкпіріне ақырындап еніп, енді тұрғындардың басым бөлігін өзіне бұрып алып отыр.

Нашақорлануға бірінші кезекте жастар ұшырады. Есірткіні пайдаланушылардың үшеуінің екеуі - 30 жасқа дейінгі жастар. Нашақорлардың жасаруы өзінің интелекттік және физикалық потенциялының үлкен бөлігін жоғалтуға тура келіп отыр. Сонымен қатар, бұл процесс "ақырын әрекеттің өзі демографиялық жарылысын байқатып отыр". Тұрғандардың осындай бөлігінің есірткі пайдалануының өзі Қазақстанды жақын арадағы 15-20 жылда демографиялық проблемамен шынайы үрейлендіріп отыр.

Сондықтан, нашақорлықты жалпы мемлекеттік проблема деп тануға негіз бар және ұлттық қауіпсіздікке төнген мәліметтер де бар.

Осындай жағдайда аддиктивті жүріс-тұрыстың факторларын және әртүрлі этникалық және әлеуметтік топтардың нашақорлану мәдениетіне қатынасын зерттеу. Мұндай мәліметтер нашақорларды емдеу аймағында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда маңызды.

Есірткі және уландыратын заттар адамның ағзасын құртатын әрекет жасайды. Олармен қаншалықты ерте таныстық басталса, соншалықты оларды қолданудың салдары қиын және қайталанбас болады. Көптеген есірткілер шөптен жасалған қауіпті құрамнан тұрады. Химико-аналитикалық зертханаларға әкелінген экспертизаларда не қажет соның барлығын табуға болады.

Үнемі, ал кейбір жағдайда есірткіні көп мөлшерде қабылдау ішкі ағзаның ауыр жарақаттануына әкеледі. Бүл нашақорлар мен токсикомандардың ерте өлімінің себебі болып табылады.

Жастардың арасында пікір тараған (мүмкін біреулер әдейі істейді) есірткілер, егер олар "таза" болса және қоспасы аз болса , онда олар өте улы емес. Бұл дұрыс емес, қауіпті шатасу. Мұндай препараттарды пайдаланғанда олардың қауіпті және зиян эффектілерін екіге бөлуге болады: созылмалы -ұзақ қабылдағаннан пайда болған, өткір - бір рет пайдаланғанның өзінде –ақ өз зардабын тигізеді.

Психикалық және физикалық сау адамдар кездейсоқ, әсіресе шындығында ол бір рет қана дәмін татқан болуы мүмкін соның өзі оның өмірін бұзды. Индивидуалды шыдамсыздық препараттың әсеріне сезгіштіктің жоғарылауы - осы және тағы басқа факторлар трагедияға әкеліп соғуы мүмкін. Есірткі және улы заттарды күшті және әлсіз жыныс өкілдері қолдануда. Әлі бұл құбылыс мамандар үшін жұмбақ болып отыр.

Есірткі және токсикант – жүрек үшін у болып табылады. Ол оған шыдай алмай жиі тоқтауда. Осындай жағдайға байланысты нашақорларда толып жатқан проблема көп.

Нашақорлық және таксикомания профилактикасы.

Кәмелетке жетпеген ұйымдасқан ұжымда психоактивті заттарды пайдаланудың профилактикасының мәселесі қазіргі наркологтар мен психологтардың өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. қазіргі уақытта осы іс-әрекетті психиатр-наркологтардың, ішкі істер ұжымдарының стихиалы ұйымдастырылған жұмыстарынан көруге болады. Мектеп және орта арнаулы оқу орындарының оқушыларын өз уақытысында және үнемі есірткінің және токсиканттардың зияны туралы мәлімет беріп отыру педагог және мектеп психологтарының міндетіне кіреді. Сонымен қатар, кәмілетке толмаған жастармен үнемі және тікелей байланыстағы мамандарға байланысты.

Балғын және жеткіншек шақта тұлғаның қалыптасуы, мінездің орнығуы жүреді. Адамның өмірінің осы кезеңі қалай қалыптасады, оның ары қарай өмірі осыған байланысты. Кәмілетке толмаған жастардың ағзасы есірткі және улы заттардың негативті әсеріне жоғары сезгіштікпен қабылдайды.

Есірткіні және токсиканттарды пайдаланудың алғы шарттары мен мотивтері

  1. Әлеуметтік: 

  - сәтсіз отбасы (ата-анасының  ішімдік ішуі немесе нашақорлық, төменгі     материалды деңгей, эмоциялық байланыстың болмауы, толық емес отбасы);

      - тұратын жеріндегі  теріс пайдаланылатын психоактивті  заттардың кеңінен таралуы;

      - жастар субмәдениетіне бағытталған бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) белсенді таралуы, кейбір әуен стильдері т.б.

       - жастар саясатының  адеватты болмауы, мәліметтердің  нақты бағдарламасының жоқ болуы;

        - төменгі жағдайдағы  аудандарды тұрақтану;

2. Конституционалды – биологиялық:

- психикалық және наркологиялық  аурулардың ұрпаққа таралуы;

3. Дәстүрлі:

- нақты тұратын жерінде психоактивті  заттарды пайдалану мәдениетінің  элементі ретінде.

4. Индивидуалды – психологиялық:

- үлкен немесе беделді құрдастарына еліктеу;

- жағымсыз эмоциялық күйзелулерін  нейтралдауға қадам;

- тұлғаның аномальді қасиеттері (гедонизм, авантюризм, өзін-өзі бағалаудың  жоғары немесе төмендігі, конформдылықтың  жоғары болуы, мінездің тұрақсыздығы);

- қарсылық реакциясы, үлкендерге қарсы бағытталған (ата-ана, мұғалім);

- деструктивті мінез-құлық;

- қысым мен қорқытуға бағыну.

 

1.3.1. Жеткіншектердің психикалық  дамуындағы ауытқуларға (нашақорлыққа  байланысты) отбасының әсері

 

Бүгінгі күні экономикалық-әлеуметтік реформаның дамуында өзекті болып жеткіншектердің адекватты өзін-өзі бағалауы және мазасыздану деңгейінің қалыптасуы болып отыр. Осы мәселені зерттеулермен И.С. Кон [11], И. Фельдштейн, М. Тышкова [25;26] және т.б. кеңестік және шетелдік психологтар айналысып келеді.

Жеткіншек шақ әлеуметтік-психолоиялық құбылыс, қоғам дамуының нақты – тарихи жағдайларының шартталған, бір жағынан негізгі сипаттамалардың терең психолоиялық мәнінің тұрақтылығымен ажыратылады. Тағы бір жағы әлеуметтік-психологиялық өмірдің өзгерістері өсіп келе жатқан жастардың санасын, сана-сезімін, тұлғалық қалыптасуын сапалы айырмашылықтарын қамтамасыз етеді.

Жеткіншектің әлеуметтік дамуындағы мағыналық жылжулары ретроспективті талдаудың ұзақ созылуында ғана емес, тарихи қысқаша қашықтықта да байқалады. Қазіргі көзге қызығушылығын туғыза отырып, жеткіншек өзінің орнын айналасынан, іс-әрекеттің ауытқушылықтары мен жетіспеушіліктерін, белгілі адамдардың жүріс-тұрысын және қоғамдық институттарды іздейді. Сондықтан қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы жеткіншектің тұлғалық қалыптасуында байқалады.

Сонымен, қазіргі жеткішектер өзінің индивидуалдылығын байытуда қоғам үшін өзінің пайдалы перспективасын көреді. Бұл сөзсіз, оның тұлғалық дамуы үшін маңызды және қызмет етеді.

Бірақ ол үшін жеткіншекке біріншіден, үлкендердің сенімі, сыйлауы жетіспейді, еіншіден, өзін-өзі жетілдіруде қажеттілікті дамыту үшін әрқашан мүмкіндіктер бола бармейді.

Жеткіншектердің әлеуметтік-психологиялық дамуындағы айрықша көңіл аударатын құбылыс үлкендердің әсеріне қоғамдық құрылым ретінде назар аудару.

Бұл мынандай жағдайларда күшейтіледі:

- біріншіден, барлық әлеуметтік  институттарда балаларға деген  позитивті әсердің тапшылығы  байқалады: отбасы, мәдениет орындары, бұқаралық ақпарат құралдары, білім беру-тәрбие мекемелері. Теориялық және практикалық педагогиканың құралдары мен мақсаттарынының дағдарыстары. Тәрбие процесіндегі көптеген компонеттері мен құрылымдары жойылып кетті. Осының нәтижесінде мектептегі идеологиялық ұйымдардан ата-аналарда бас тартты, тіпті балалардың көркем өнерпаздар үйірмесінің жұмыстары да тоқтатылды.

- екіншіден, бұл ең бастысы балалармен  қоғамдас үлкендердің жауапкершілік  қатынасының ұстанымдарының бұзылулары. Біздің қоғамда барлық идеялар ысырылған жоқ, бірақ мәндік қоғамдық күштер байқалмайды, адамдардың және өсіп келе жатқан жастардың сенімін шақыратын жаңа нормалар мен принциптерді бекітуге жауапкершілік.

Қазіргі ситуацияда жеткіншектер қиын жағдайда қалып отыр, себебі, қатынасқа түсуге деген қажеттілік, қоғамға қатыстылығы, өзін-өзі жетілдіруге, өзін өзі бекітуге ұмтылыс қазіргі өтіп жатқан процестермен бірге жүріп отыр.

Жеткіншектің есею шамасына қарай мінезі және өзін қоғамда көрінуінің ерекшеліктері өзгереді, қоғамды қабылдау, қоғамдық қатынастарды иреархиясы, қоғам қажеттілігінің адекваттылығының мотиві мен деңгейі өзгереді [27].

Мінез-құлық іс-әрекеттің нақты, қазіргі кезде дамуының жиынтығы болып табылады. Егер ол арқылы толық мағыналы, қажетті нәтиже алсақ адаптивті деп аталуы мүмкін. Мұндай нәтижеге жету іс-әрекетті құрайтын мінез-құлық, яғни мінез-құлық жүзеге асатын шарттарға сәйкес болса мүмкін болады. Мінез-құлық – көптеген әртүрлі механизмдерді қамтамасыз ететін және жүзеге асыратын көп деңгейлі процесс. Оның ішінде негізгі болып мыналар табылады:

Толеуова титул.doc

— 30.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Мухтарханова (исправ).doc

— 824.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Мухтарханова титул.doc

— 27.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Информация о работе Жеткіншектер арасындағы нашақорлықтың әлеуметтік- психологиялық ерекшеліктер