Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Июня 2014 в 10:29, дипломная работа
Зерттеудің міндеттері:
өзін-өзі бағалау мәселесі бойынша шетелдік және Отандық психологиядағы әлеуметтік негізгі теориялық теориялық бағыттарға талдау;
бастауыш мектеп оқушыларында кездесетін қиындық түрлерін
әлеуметтік психологиялық қолдау ретінде шешу;
балалардың өзін-өзі бағалау динамикасын зерттеуге ұсыныс беру.
КІРІСПЕ……………………………………………………………..3
1 НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ ЖОЛДАРЫ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ............................................................................6
Психология ғылымындағы кеңес беру мәселелері………6
1.2 Жағымсыз әдеттердің әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерінің себептері………………………………………………16
1.2.1. Нашақорлық, қоршаған орта және жеткіншектер…………..22
1.3 Жеткіншектердің есірткі қолдануының әлеуметтік- психологиялық ерекшеліктері…………………………………………..24
1.3.1. Жеткіншектердің психикалық дамуындағы ауытқуларға (нашақорлыққа байланысты) отбасының әсері……………………….44
2 ЖЕТКІНШЕКТЕРМЕН НАШАҚОРЛЫҚПЕН ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҮРГІЗУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖӘНЕ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.............................................................................................44
2.1 Мектепте нашақорлықпен қарсы күрес жүргізудің алғашқы профилактикасы………………………………………………………….
50
2.2 Нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу бойынша жеткіншіктерге профилактика жүргізудегі отбасының рөлі…………56
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………..61
ПАДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………..63
Есірткіні алғашкы рет пайдалану және оны аз немесе көп жүйелі пайдалану жеткіншектердің формалды емес тобының белсенділігімен байланысты. Есірткіні пайдаланатын топты тартуда наркологтардың қызығушылықтары мейлі ол жеткіншектердің стихиялы топ ассоциалды әрекетте жол -жөнекей пайдаланса да немесе шынайы нашақор болса да ішкі топтық процесске аударылып отыр. Нашақорлар топтарының композициясы және құрылымы, олардың нормалары мен санкцияларында, динамикасы мен көрсеткіштерінде сипатталған [9; 14].
Жеткіншектерді есірткіге тартуға түсу процесінің арасында бірнеше кезеңдердің қатысуын шамалайды. Ең аз дегенде бұл: проәлуметтік топтан әлеуметтенуге түсу криминалды немесе делинквентті топқа қатысу және соңында жетекші іс-әрекеті есірткіні пайдалану болып табылатын топқа қатысу [ 9; 10; 15]. Айтылған кезеңдерге қоса жеткіншектің аддиктивті жүріс-тұрыс қозғалысы да қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар, ішкі топтық заңдылықтардың қанағаттануын топтың өмірлік іс-әрекетінің ішкі топтық аспектісіне үңілмей түсіндіру қиындық туғызады. Бұл жерде бізге белгілісі, жеткіншек-нашақорлардың тобы салыстырмалы оқшаулану және аутсайдер болып табылады, үнемі жетіспеушілікті сезінеді немесе төменгі әлеуметтік мәртебеге ие [16].
Жеткіншек- нашақорлар тобының оларды әлеуметтік қоршаған ортамен өзара әрекеттестігінің заңдылықтарын әлеуметтік-психологиялық зерттеу немесе басқаша айтқанда, жеткіншек - нашақорлардың әлеуметтік кеңістігін нақты түрде зерттеу.
Жеткіншек-нашақорлардың әлеуметтік кеңістігін зерттеу екі кезеңнен тұрды. Оның біріншісінде, жеткіншек-нашақорлардың әлеуметтік кеңістігінің құрылымдық ерекшеліктерін анықтау, ал екіншісінде -жеткіншек-нашақорлардың әлеуметтік кеңістіктік құрылымы мен тұлғалық және жүріс-тұрыстық қырлары қандай жағдайда өзара байланысты.
Бірінші кезеңнің жұмысының нақты міндеті мынадан тұрды:
1) жеткіншек-нашақорлардың және әртүрлі топтарлың арасындағы психологиялық алшақтықты .бағалау, оның әлеуметтік кеңістігін құрайтын жағдайлар (отбасы, сынып, достар, таныс- нашақорлар);
2) осы топтардың әрбіріне сәйкестендіру деңгейін орнату.
Қойылған міндеттердің ішінен біріншісін шешу үшін басқалардан маңызды субъектінің әлеуметтік арақатынасын зерттеудің модификацияланған әдістемесі пайдаланылды [17]. Модификациялау былай жасалды, зерттелуші өзі және әртүрлі топтар расындағы алшақтықты тура кесіндідегі нүкте түрінде графикалық бейнеледі. Нәтижелерді талдау процесінде зерттелушіден арақашықтықты оның топтағы әлеуметтік кеңістігінің әртүрлі құрайтындар есептелді.
Бақылау тобында зерттелушілер отбасына қарағанда, достарына жақын табылды, яғни жеткіншек жасына тән қасиет.
Зерттелген деректерден байқағанымыз жеткіншек-нашақорлардың әлеуметтік кеңістігінің құрылымдық өзгерістерін бейнелейді. Ол жерден ерекше топтың пайда болуы - таныс-нашақорлар тобы – жеткіншектердің әлеуметтік кеңістіктегі типтік проәлеуметтік элементін өзгертеді. Жеткіншек- нашақорлардың жас ерекшелік әлеуметтік байланысының деструкциясы идентификацияның ерекшеліктерінде бейнеленеді.
Жеткіншек-нашақорлардың әлеуметтік кеңістігін зерттеу нәтижесінің қортындысы бойынша, олардың айналасындағы таныс - нашақорлардың пайда болуы араларындағы психологиялық дистанцияның минималды фактісі көрінеді, соның нәтижесінде бұл жаста әлеуметтік байланыстың құрылымының өзгеруіне әкеледі. Таныс - нашақорлар тобы идентификация -шеттету механизмі арқылы жеткіншектерде нашақорлық субмәдениетінің құндылықтарын иеленуіне мүмкіндік береді.
1.3 Жеткіншектердің есірткі қолдануының әлеуметтік- психологиялық ерекшеліктері
Есірткі құралдарын пайдалануға қатысты физикалық дамудың акселерациясы және психофизикалық инфантилизмнің рөліне қатысты екені айқын. Психикалық инфантилизмге гедонистік ыңғайлану тән, яғни аддиктивті жүріс-тұрысты бейімдейді ( А.Ф. Радченко., 1989).
Токсикалық заттардың қолайсыз әрекеттері әсіресе дамуда байқалады, олардың зиянды пайдаланулары кіші және орта жеткіншек жасында басталады да 16 жасқа дейін созылады.
АҚШ-та және батыс елдеріндегі нашақорлық және токсикомания жеткіншектердің жұқпалысы, ертедегі алкоголизм сияқты бірінші кезекте ер жынысты жеткіншектерді қамтыды. Бұл жерде ерте алкоголизм, нашақорлық және токсикомания сиректікті құрады. Бірақ жылдан жылға алдымен деликвентті компанияларда лоне хиппи қозғалыстарында әйел жынысының жеткіншектері аддиктивті жүріс-тұрыспен үлкен пайызды құрай бастады.
1989 жылы Қиыр Шығыста жеткіншектер
арасында гашишті нашақорлықтың 15 пайызын қыздар құрайды, яғни гашишті
шегу үлкен сексуалды партнерларды қызықтырады
деген мәліметтер жарияланды
(А.А. Коломеец, 1989). Бұданда ертеректе бұл
әйелдер жынысының жеткіншектері арасында зиянды пайдалануға қатынасы
анықтылған
Келесі маңызды фактор, яғни қарастыруға тұратын - жеткіншек жүріс-тұрысындағы - жасерекшелік, әлеуметтік психологиялық ерекшеліктердің мәні.
Жеткіншек жасында жыныстық жетілу кезеңінде өмірдің бұл кезеңіне тән сипаттама эмансипация, құрбыларымен топтасу, сексуалды құмарлықтарына әуестену және қалыптастыру (А.Е. Личко.,1978, 1985). Мұндай реакция алкаголді, есірткіні және басқада токсикалық заттарды теріс пайдалануға бейімдейтін фарторларда болуы мүмкін, аддиктивті жүріс-тұрысқа кедергі -азғырушылыққа тұрақтылық жоғарлайды [14].
Эмансипация реакциясы туыстардың, мұғалімдердің, жас үлкендердің жақтарының қамқорлығынан, бақылауынан, басқаруынан, жалпы олармен орнатылған тәртіптер және құндылықтар, ереже, заңдылықтарынан босатылуға ұмтылудан пайда болады. Бұл реакция жақын қоршағандарына қамқоршылары мен тәрбишілеріне тікелей бағытталуы мүмкін. Эмансипация реакциясы құрдастарымен топтасу реакциясында нығайған жағдайда жүріс-тұрыс жастардың бүлікшілік деңгейіне жетіп антиәлеуметтік болып қалыптасуы мүмкін.
Әуестену реакциясы, керінше, аддиктивті жүріс-тұрысқа қарсы әсер етуші күшті фактор болып табылады. Лонгитюдті зерттеудің көрсеткішінде (Ю.В. Попов, 1987), тұрақты әуестенудің пайда болуы жеткіншектік және жеткіншектік кезеңнен кейінгі жастарда спирттік ішімдікті пайдалануды кенеттен қысқартуға әкелді. Әсіресе, А.Е. Личко (1973) және Ю.А. Скроцкий жіктеулері бойынша интелекттік-эстетикалық хобби қарсы әсер етуші фактор болып табылады.
Сексуалды кумарлықты калыптастыруга себепші реакция белгілі бір деңгейде токсикалық заттарды таңдауға әсерін тигізеді және оларды теріс пайдалануға бейімдейді. Көптеген авторлардың пікірінше құрдастарымен топтасу реакциясы осы жастағы жетекші социопсихологиялық фактор болып табылады.
Жеткіншектердің жұқпалы нашақорлық және оның пайда болуының бастамасы алғашқыда батыс елдерінде пайда болса, біздің елімізде де айқындалды жеткіншектерді алкоголге, есірткіге тарту құрдастардың серіктіктерінен шығады, яғни олармен топтасу реакциясымен тығыз байланысты. Осыған байланысты олардың аддиктивті жүріс-тұрысының мәнін анықтау мақсатында жүргізілген социопсихологиялық зерттеулер қолданылды.
Территориялық топтар- құрдастарды оқу немесе тұратын орындары бойынша біріктіреді. Теріс пайдаланушылықтың негізгі қайнар көзі тек алкогль емес, басқада мас ететін заттар, әсіресе гашиштер. Гашишке темекі құмарлар оқу немесе тұратын орындарындағы құрдастар тобында тарта бастады.
Деликвентті және криминалды топтар - алкоголді және т.б. улағыш заттардың теріс пайдаланудың жекелеген белгілерімен аяқталады. Тәуелдідік осы топтардың мүшелерінің бәрінде бірдей дамымайды.
Нашақор топтар- есірткіге тәуелділік қалыптасқан нашақорлардан тұрады. Мүндай топтың мүшелері теріс пайдалануға жаңаларды тартуға және ұстауға ұмтылады. Қатаң белгіленген тәртіп көрініс береді.
Контактылы (кайф) рахаттану- нашақорлар тобында кездесетін, әсіресе опиум және гашиш препараттарын теріс пайдаланатындарда ерекше кездесетін өздеріне тән құбылыс. Әдетте, нашақор өзінің серіктеріне алғашқы қосылғанда пайда болады. Мұндай жағдайда контактілі кайф негізінде шартты-рефлекторлы механизм жатыр.
Алкоголь, есірткі және басқада улағыш заттардың теріс пайдаланудың басталуының мотивациясы және одан кейінгі теріс пайдаланушының мотивациясы жоғарыда атап өткендей әртүрлі болуы мүмкін.
Біздің зерттеуіміз үшін Т.И. Петракова, Д.Л. Лимонова, Е.С. Меньшикова жеткіншектердің есірткіні пайдалануының әлеуметтік мотивациясы туралы жұмыстарының нәтижесі қызықты [18].
Зерттеудің әдістемелік тәсілі ретінде 15 қиын ситуацияны сипаттайтын және нақты шешімді қажет ететін проективті техника өңделді және мақұлданды. Әрбір ситуация қоршаған ортада жеткіншектердің біреуінің есірткінің дәмін татуға байланысты сөйлемнен тұрды. Әдістеме қыздар және ұлдарға арналған варианттарда жасалды. Біздің зерттеуімізде бұл әдістеме есірткі құралын пайдаланудың мотивациясын зерттеу үшін қолданылды.
Нәтижесінде жеткіншектер есірткіні жиі пайдалануға сәйкес ситуациясының үш типін баяндады:
1. Есірткі күшті эмоциялық әсерленулерге "дәрі" ретінде ұсынылғанда: қорқыныш, көреалмаушылық, өкпе, өкініш, әлсіздік, жалғыздық сияқты сезімдер пайда болады. Бұл сәтсіз отбасылық жағдаймен және отбасылық қатынасты жарақаттандыратын отбасында көңілдесінің болуы, ата-ананың ішімдікке салынуы, бақылаусыздық, жеткіншекпен мейрімсіз қатынас жағдайымен байланысты.
2. Егер есірткілік құралды қабылдау мақсатыңды ақтайды ма деген сұрақ болса, онда жеткіншектің жағдайды таңдауы үшін маңыздысы құндылық және тұлғалық мағынаны анықтау болып табылады. Сонымен қатар, зерттелушінің топтың қысымына немесе беделіне қарсы тұру қабілеттілігі, өзінің күшіне сену, өз бетінше шешім қабылдау, өзінің жүріс-тұрысына жауапкершілікпен қарау.
3. Есірткіні қабылдауға ниеттенгенде, мынандай факторлар тууы мүмкін конформизм, үлкендердің пікіріне демонстративті қарсылық білдіру, тәуекелдікке икемділік, құрдастарының арасында өзінің пікірін мойындатуға ұмтылу, эмоциялық күйзелісті шешу.
Жеткіншектердің жүріс-тұрысын эксперименттік жағдайда зерттеудің нәтижесінде, есірткі заттарын пайдалануға түрткі болатын келесі заңдылықтар анықталды.
Эксперименттік жағдайда есірткіні байқап көруге келіскен жеткіншектердің мотивациясы көптеген жағдайларда импульсивті, қозуға деген реакциямен сипатталады. Екінші тип пайдаланылатын заттар мен әдістердің артықшылығы туралы мәліметтердің қатысуын пайдаланудың жағымды мотивациясын кіргізеді. Соңғысы, сыни талдаудың қатыспауында ойлауды жанама шешу және бағалау элементтерінің қатысуымен бейнеленетін ситуациялық мотивация.
Есірткіні пайдаланудың спонтанды шешімін ішкі тәжірибенің және кедергілердің болмауының әсерінің үйлесуімен түсіндіріледі, есірткіні зиянды пайдалануға бейімділік. Есірткіні пайдаланатын тәжірибесі жоқ жеткіншектер тобында, бірақ оны байқап көруге келіскендердің көп бөлігі гедонистік күтуді және есірткінің көмегімен негативті уайымдаулардан құтылуға, қиын жағдайларды жеңуге және болашаққа жағымды әсер етуге болады деген пікірде. Осыған және нақты жағдайларға байланысты мотивация негативті аффективті уаймдарды тарататын есірткі заттарын пайдалануға "дайындық күйі" ерекше белсенділік және қалыптастыруды маңызды рөл атқарады.
Психикалық тәуелділік қалыптасқанда, онда негізгі мотивация құмарлық болып табылады - қажеттілік белгілі бір жағдайда өзінің психикалық күйін өзгертеді. Егер физикалық тәуелділік пайда болып жатса, онда теріс пайдаланушылықтың мотиві азапты абстиненция қорқынышы пайда болады.
Жеткіншектердегі инициалды мотивация. Әртүрлі заттарды теріс пайдаланушылықта бірінші орынға біркелкі емес мотив жүзеге асады.
Ішімдікті алғашқы пайдалану үшін мас күйіндегі дозада мотив, әдетте, құрдастарымен топтасу реакциясы жатады.
Мотивация арнайы бір деңгейде жеткіншектердің мінез акцентуацияларының типтеріне тәуелді. Тұрақсыз типтегі жеткіншек көңіл көтеру тәсілдерінің бірін іздейді. Гипертимді және истероид қайғырудың үйреншікті еместігі қызықтырады және серіктестікте мәртебені иемдену мүмкіндігі. Шизоидтерді ішкі қарама-қайшылық маңызды, құрдастарымен контактіні жеңілдетеді немесе аутистикалық фантазияны белсендендіреді. Эмоциялық- лабилді жеткіншекке релаксация, қиындықтан және азаптан қашу маңыздырақ.
Біздің елімізде қазіргі кезде қалыптасқан химиялық тәуелділікке таралу ситуациясы, медико-психологиялық қызметкерлердің алдына бірінші кезекте және жылдам шешетін нашақорлықтың профилактикасы және емдеу шарасын өңдеу міндеттерін қойып отыр. Осыған байланысты көрсетілген міндеттерді шешу үшін аддиктивтіліктің қалыптасуының өсу факторларын, жастардың тұлғалық және жүріс-тұрыстық ерекшеліктерін, психобелсенді заттарға тәуелділіктерін қоғамның алдына қоя білу қажет.
Көптеген зерттеушілер нашақорлану жасөспірім және жеткіншек жасында өтеді, сонымен қатар жеткіншек үшін полинашақорлыққа тән әртүрлі препараттарды сынау, мұнда химиялық тәуелділіктің қалыптасуы негізінен - 17-19 жас аралығында өтеді. Дәл осы жас кезеңінде жеңудің даму механизмі қарқынды жүреді [19]. Сондықтан қазіргі жастардың өзін ұстау механизмі қалай қалыптасады және ол аддиктивті жүріс-тұрыс ситуациясының дамуында қалай сыналады.
Мінез-құлықтың өзін ұстау проблемасы бұдан он жылдар бұрын батыс психологтарында белсенді өнделе бастаған. Копингтің әртүрлі стратегияларын ажыратуға, олардың тиімділігінің бағасы, өзін ұстау стилі және ерекшеліктері туралы әртүрлі әлеуметтік және психологиялық категория өкілдерінің түсініктерінің қалыптасуына айрықша көңіл бөлінді [20]. Кеңестік психологияда бұл мәселе Ф. Василюк еңбектеріндегі (қайғыру психологиясы) іс-әрекет теориясы контекісінде қарастырылды [21], М. Тышкова (қиын ситуациялардығы жүріс-тұрыс ерекшеліктері) [22] және т.б.
Біз батыс психологиясынан келген копингтің дәстүрлі түсінігіне сүйендік, оны қиын ситуациядағы өзара әрекеттестіктің индивидуалды тәсілі ретінде, яғни сол ситуацияның логикасына шартталған, оның адам үшін және оның өзіндік психологиялық мүмкіндіктері мәні анықталды [20] . Сірә, мұндай бағыт психологиялық жеңуге индивидтің мотивациялық және эмоциялы-тұлғалық сферасының ерекшеліктерін өзін ұстау прцесінің байланысын ұсынады.
Информация о работе Жеткіншектер арасындағы нашақорлықтың әлеуметтік- психологиялық ерекшеліктер