Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Июня 2014 в 10:29, дипломная работа
Зерттеудің міндеттері:
өзін-өзі бағалау мәселесі бойынша шетелдік және Отандық психологиядағы әлеуметтік негізгі теориялық теориялық бағыттарға талдау;
бастауыш мектеп оқушыларында кездесетін қиындық түрлерін
әлеуметтік психологиялық қолдау ретінде шешу;
балалардың өзін-өзі бағалау динамикасын зерттеуге ұсыныс беру.
КІРІСПЕ……………………………………………………………..3
1 НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ ЖОЛДАРЫ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ............................................................................6
Психология ғылымындағы кеңес беру мәселелері………6
1.2 Жағымсыз әдеттердің әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерінің себептері………………………………………………16
1.2.1. Нашақорлық, қоршаған орта және жеткіншектер…………..22
1.3 Жеткіншектердің есірткі қолдануының әлеуметтік- психологиялық ерекшеліктері…………………………………………..24
1.3.1. Жеткіншектердің психикалық дамуындағы ауытқуларға (нашақорлыққа байланысты) отбасының әсері……………………….44
2 ЖЕТКІНШЕКТЕРМЕН НАШАҚОРЛЫҚПЕН ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҮРГІЗУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖӘНЕ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.............................................................................................44
2.1 Мектепте нашақорлықпен қарсы күрес жүргізудің алғашқы профилактикасы………………………………………………………….
50
2.2 Нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу бойынша жеткіншіктерге профилактика жүргізудегі отбасының рөлі…………56
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………..61
ПАДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………..63
"Адам-адам" өсуіндегі психологиялық әсер ету кеңес беру процедурасын жиі еске түсіреді, көбіне сұхбаттасу түрінде жүзеге асады. Осындай мамандықтың қатарына дәрігер, заңгер, педагог, социолог, әлеуметтік жұмыс іс-әрекеттері кіреді. Бірақ олардың сұхбаттасулары өзара әрекеттестік пәні ретінде ажыратылады, адамға әсер ету өлшемі және оған жауапкершілік. Психолог клиенттің психикалық өмірінің сапасының пайда болуына жауапкершілік тартады.
Психологиялық кеңес беруде психолог әртүрлі теориялық және әдіснамалық бағыттарға сүйенеді. Психологиялық кеңес беру практикасындағы танымалысы психоанализ (З. Фрейд), индивидуалды психология (К. Юнг), транзактылы анализ (Э. Берн) және т.б.; бихевиоризм -әлеуметтік үйрену, әлеуметтік компетенттілік тренингі, озін -өзі оқыту, когнитивті терапия (А. Бандура); рационалды - эмоциялық терапия (А. Эоллис).; гуманистік бағыт - гештальтерапия (Ф. Перлз), топтық терапия (К. Роджерс), логотерапия (В. Франкл), психодрама (Дж. Морено).
Әрбір бағыт үшін айрықша әдістемелік тәсілдер, мақсат және кеңес берудің міндеттері мен психикалық шындық аймағы тән, яғни клиент және кеңесші позициясындағы психологтың жұмысы.
Көптеген мамандықтарда өзінің принциптері және талаптары жүзеге асырылады, оның жүзеге асырылуы мамандар үшін міндетті болып табылады. Әлем елдері қатарында маманның іс-әрекетін анықтайтын психологтың этикалық кодексі қолданылады (Ethical Principles of Psychologists, 1981). Психологиялық әсер ету сферасында адамдармен тікелей жұмыс жасайтындар үшін қатал және күрделі міндет болып табылады. Психолог- кеңес беруші жүріс-тұрысында белгілі бір принциптер жүзеге асырылады және олар кәсіби іс-әрекеттің этикасын қамтамасыз етеді [6].
Клиентке мейірімді, мінсіз катынас. Мінез - құлықтың жалпы қабылданған нормасын ұстану ғана емес, ал зейін қоя тыңдау, қажетті психологиялық көмекті көрсету, сынамау, клиентті түсінуге тырысу және кім көмек сұрап келді соның бәріне көмектесу.
Кеңес беруге тыйым. Әрбір адамның өмірі бірегей және қайталанбайтын болғандықтан, кез-келген өмірлік және кәсіби тәжірибеде кепілді түрде кеңес беру мүмкін емес.
Анонимділік. Психологке клиенттің мәліметі, хабарламасы оның келісімінсіз өзгелерге таратылуы мүмкін емес. Мұндай нәрселерден клиент алдын-ала ескертіледі.
Кәсіби және тұлгалы қатынастағы ажыратулар. Бұл принциптің әрекеті ауыстырудың пайда болуымен байланысты. Кеңес беру процесінде әрекет ете отырып, бұл феномендер оның тиімділігін төмендетеді.
Клиенттің кеңес беру процесіне қатысуы. Ашық эмоциялы күйзелулер клиентті толық түсіну шартындағы әңгімелесу рефлексиясы, психолог әрекетінің жүйелілігі және психологиялық атмосфераның сәттілігі болып табылады.
Психологиялық кеңес берудің мақсаты клиентке психологиялық көмек көрсету болып табылады. Клиенттің қанағаттануы үнемі әңгімелесудің жетістігіне байланысты болмайды. Ол талқыланатын мәселенің сипатымен анықталады. Кеңес берудің нәтижесі көбіне психолог клиентті кәсіби тыңдай алады ма деген сұраққа жауап бере отырып, оның өзі мен өзіндік ситуациялары туралы түсінігін кеңейтуі мәселесіне мән беру қажеттігі туындайды.
Г.С. Абрамова атап көрсеткендей психологиялық кеңес берудің мақсаты -мәдени - жемісті тұлға, болашақ сезімге ие, саналы әрекет ететін, мінез-құлықтың әртүрлі стратегиясын өңдеуге қабілеттілік және әртүрлі көзқарастағы ситуацияны талдауға қабілеттілік [7].
Кеңес беру процесінде келесі міндеттер шешіледі:
- оның психологиялық ерекшеліктерінің олардың барабар қолданылуынан клиентті хардар ету;
- жалпы психологиялық сауаттылық;
Кеңес берудің нәтижесі болып клиенттің эмоциялық күйін жеңілдету емес, клиенттің басқаларға қарағанда өзінің сергектік жағдайларын сезінуі.
Кеңес беру процесінде психолог әртүрлі позицияларды иеленуі мүмкін: тең позиция, жоғарыдан позиция төменнен позиция. Психологиялық кеңес берудің стратегиясы өзінің клинтін қабылдаудағы бағдарға бағытталған және өткенге жауапкершілік, түсіну, талдау және өзінің сезімін қабылдау өзін және өзгенің мінез-құлқын түсінудің жалғыз мүмкіндігі болып табылады.
Осындай стратегиялардың жүзеге асуы кеңесші жұмысының екі әртүрлі аспектісіне сүйенеді, кейде гуманистік және мінез-құлық психотерапиясының принциптерін синтездеу болып табылады: 1) жақын адамдардың қатынасы бойынша клиенттің сезіміне әсерлену, көтермелеу, талдау ептілігі; 2) клиент өмірінің өзгерістерін айқын және нақты сергектендіруге қабілеттілік, ол не істеді және айқанының бәрін құрылымдау, кері байланыс беру, айтқандарын коррекциялау.
Жіктеулердің түрлі принципіне сәйкес кеңес берудің әртүрлі түрлерін ажыратуымызға болды. Мысалы, индивидуалды және топтық кеңес беру кеңесшінің кәсіби дағдылары мен іскерліктеріне әртүрлі талаптар қояды. Көріну талаптары бойынша кеңес беру типін ажыратуға болады: мысалы, клиенттің бастан өткізетін дағдарыс жағдайына қарама-қарсы дамушы кеңес беру. Психологиялық дағдарыс өмірлік жағдайларда байқалуы мүмкін, жақын адамыңды жоғалту, өмірлік жағдайлардағы мағыналық өзгерістер, әлеуметтік рөлдің ауысуы және т.б.
Индивидуалды кеңес беру төмендегідей бөлінеді:
- психологиялық коррекция әдістерін пайдалану;
- психологиялық көмектерді өзге әдістерімен қоса пайдалану;
Кеңес беруді теориялық ықпалға байланысты әртүрлі түрлерін ажыратуға болады, Яғни психолог-кеңесші жұмыс істейтін шеңберде (когнитивтік психология, бихевиоризм, гуманистік психология, психоанализ және т.б).
Шешетін міндеттердің сипаты бойынша жас ерекшелік -психологиялық, кәсіби, психологиялық-педагогикалық, дағдарыстық және психологиялық кеңес берудің басқа да түрлерін ажыратады.
Индивидуалды кеңес берудің мазмүны клиенттің
сұранысымен анықталады. Ол психологтың
рефлексиясы психикалық даму нормасы
түсінігіне және клиентпен өзара әрекеттестік
позициясына сүйенеді.
Норма түсінігі психологтан психикалық дамудың кезеңдерін, оның әрбір нақты мерзімдегі механизмдерін қажет етеді. Мұндай жағдайда индивидуалды кеңес беру схемасы психологтың (клиенттің) көзқарасы бойынша келесі жағдайда көрсетіледі: өзара әрекеттестік міндеттерінің мазмұны (сұраныс мәтіні)- психикалық даму механизмдері (психологиялық міндет), психикалық даму кезеңі (өзгеру мүмкіншілігі)-психикалық даму нормасының мазмұны (өзгерудің бағытын таңдау).
Клиенттің өзгеру мүмкіндіктерін талдай отырып, сол адамның даму мүмкіншіліктерімен және міндеттерімен жұмыс жасайды. Психикалық даму нормасының түсінігі мазмұнынының рефлексиясынсыз клиентпен өзара әрекеттестікті тұрмыстық психология шеңберінде ғана шеше алады.
Клиентпен индивидуалды жұмыс процесінде психологқа адамның мәнін клиент үшін психологиялық міндеттердің, адамның өмірінің мәні туралы сұрақтар, психолог-кеңесшінің философиялық және адамгаершілік-этикалық өзін-өзі анықталу қажет етілетінін қарастыруға тура келеді.
Топтық кеңес беру адамдар арасындағы нақты жүзеге асатын қарым-қатынас арақатынасын анықтау мақсатын көздейді. Бұл қатынастың мазмұны әртүрлі болуы мүмкін, бірақ психолог үшін маңыздысы оны әрбір топ мүшесінің субъективті модалдық тіліне (ол не ойлайды, сезінеді, қажет етеді) ауыстыру болып табылады. Топтың кеңес беруде психологтың міндеті топ мүшелерінің өзара әрекеттестігінің пәнін табу болып табылады, яғни топ мүшелерінің субъективті модалдығын байланыстыру. Кеңес беру барысында қатынас типтері анықталады (теориялық түжырымдамалар енгізінде), мысалы Э. Берн, З. Фрейд, В. Сатир, А.Е. Личко және т.б., олардың мазмұны және тұрақтылығы, иерархия, әсер ету типтері.
Әсер етудің мазмұны психологтың мәліметтік- ағартушылық жұмысы болуы мүмкін немесе сол топтың мәселесі бойынша басқа мамандармен бірлескен іс-әрекет арқылы жүзеге асады.
Әрбір топқа кеңес берудің ерекшелігі (отбасы, балалар тобы) өзара әрекеттестік пәнінінің мазмұнымен анықталады.
Жас ерекшелік-психологиялық кеңес беру баланың психикалык дамуының барысындағы нормативті мазмұнның түсініктері және осы процестің кезеңдңк негізінде бақылаудың негізгі мақсатына ие (Г.В. Бурменская, Р.А. Карабанова, А.Г. Лидерс, 1990) [8].
Оның міндеттері психологиялық-педагогикалық мазмұнда бейнеленеді:
1. Баланың психикалық дамуындағы жас және индивидуалды ерекшеліктері мәселесіне қатысатын ата-ана, мұғалім және басқалардың бағдары.
2. Балаларда әртүрлі ауытқулар және психикалық дамудың бұзылуларын өз уақтысында бірінші рет анықтау, оларды мамандарға жіберу.
5. Отбасында баланы тәрбиелеу бойынша
ұсыныстар құрастыру.
6. Балалар, ата-аналар,
педагогтардың арнайы
топтарындағы коррекциялық
жұмысты ұйымдастыру. Адамдарға
психологиялық-педагогикалық
1.2 Жағымсыз әдеттердің әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерінің себептері
Нашақорлықтың тарихы үшін 1938 жыл өте маңызды. Бұл жылы швейцар химигі Альберт Хоффман лизерлі қышқылды синтездеуге мүмкін болды және есірткіні жаппай пайдаланудың бастауын алды, яғни бұған дейін адамзат тарихында мұндай болып көрмеген еді.
Бірнеше жыл өткен соң 1943 жылы Хоффман мүлде кездейсоқ өзіне жаңа заттың әсерін сынаған алғашқы адам болды. Хоффманның тәжірибесінен кейін психосамотикалық қүралды пайдаланған топ пайда болды және анықталғаны адамда сананың ерекше күйін тудыратындығы байқалды.
XIX ғасырдың аяғында қоғам нашақорлыққа халықаралық медицина мәселесінде қарай бастады, ол өзіне назар аударуды талап етті [9].
Есеңгірететін заттарды қолдану тәжірибесі ерте тарихқа ие. Бірақ XX ғасырда дәрілік препараттардың ішкі бұлшық етке енгізу үшін шприцтер жасалды, ал химияның жетістіктері таза заттарды (кокаин, морфий және т.б.) алуға мүмкіндік берді. Осындай жағдайда есірткілерді пайдалану өркениетті елдің қоғамын мазаландыра бастады. Сонымен қатар адамдар қоғам және адам үшін есірткі әкелетін қауіпті сезіне бастады. Сондықтан әрбір адам қандай препарат есірткі деп есептеледі және неліктен екенін білуі тиіс.
Бүгінгі күні нашақорлық барлық континенттерге тиісті әлемдік проблема болып отыр. Сонымен қатар ол ұдайы өсіп отыратын тенденцияны туындатып, ал оның жағымсыз салдары нашақорлардың өзін, қоғам үшін көп қырлы етіп көрсетіп отыр.
Адамның психикалық күйінің өзгеруінде басты болып табылатын табиғи немесе жасанды синтезделген химиялық қосылыс психоактивті деп аталады. Олардың әсері ағзаға енгенннен кейін бірден байқалады. Кейбір психоактивті заттарды теріс пайдаланудың заты болып табылатындар болады. Бұл заттар сананың қолайлы немесе ерекше күйін туындатады. Олардың ішінде құмарлықты қалыптастырудың жоғарғы қабілеттілігімен ажыратылатындары да бар. Бұл заттар туралы айтқанда оларды наркогенді потенциалдары жоғары, яғни олар наркогенді болып табылады. Наркогенді потенциалдары жоғарыға ие болғандар адамның денсаулығы және қоғам үшін үлкен қауіп төндіреді, Экономикалық, биологиялық, интелекттік және адамгершілікке зиян келтіреді. Бұл заттардың толық ағзадағы арнайы нормалары есірткінің тізіміне кіреді және есірткілік бақылауларға жатады. Олардың тізімі үнемі жаңартылып тұрады және әртүрлі химиялық топқа жатқызылатын препараттар енгізіледі.
"Есірткі" - тек медициналық түсінік емес, сонымен қатар заң түсінгі болып табылады. Есірткі заттарын пайдалану, өндіру, тарату, сақтау қылмыс ретінде арнайы қарастырылады, жауапқа тартылады.
Есірткіге жатпайтын заттарда бар, бірақ оларда адамдардың психикалық күйіне әсер етуге қабілетті және құмарлықты тудырады. Олар есірткіге арналған заңдарға жатқызылмайды, яғни сәйкес бақылауға жатпайды. Оларды таксикоманиялық заттар деп атайды, оларға құмарлықты токсикомандар деп атайды. Бұл препараттарға жататындар кейбір дәрілер, тұрмыстық химиялық заттары, ішімдік, никотин және т.б.
Есірткілер бас мидың қызметін бұзады және қанағат сезімін, күші мен артықшылығын сезінуге әкеліп соғады, одан соң селқостық, үйқышылдық, жүрек қызметі мен тыныс алуының әлсіреуі пайда болады. "Есірткі" термині деп әдетте оның негізінде әзірленген апиын мен ауруды азайтатын құралдарды айтады. Медициналық емес заң тұрғысынан қарағанда есірткілік препарат ретінде сипатталады. Түрі ақ ұнтаққа ұқсаған героин тыйым салынған есірткілік препарат болып табылады. Есірткіні қабылдауға байланысты асқынулар мен ауруларға мыналар жатады:
Психоз: қоздыру әрекеттері бар препараттарада күшті психоздар тудыра алады, оларға шизофрения сияқты басқа да психикалық аурулардың симптомдары тән.
Депрессия: ынталандыратын әрекеті аяқталған кезде қоздырушы құралдарды қолданған адам әдетте қозуға жауап болып табылатын депрессиядан зардап шегеді. Оның өзіне-өзі қол жұмсауына дейін апаратындай күші жеткілікті болып табылады. Қоздырушы препараттарға психологиялық тұрғыдан үйренеді, бірақ зерттеулер олардың кейбіреулерінің физикалық тұрғыдан да үйренуге әкелетінін көрсетіп отыр.
Информация о работе Жеткіншектер арасындағы нашақорлықтың әлеуметтік- психологиялық ерекшеліктер