Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Июня 2014 в 10:29, дипломная работа
Зерттеудің міндеттері:
өзін-өзі бағалау мәселесі бойынша шетелдік және Отандық психологиядағы әлеуметтік негізгі теориялық теориялық бағыттарға талдау;
бастауыш мектеп оқушыларында кездесетін қиындық түрлерін
әлеуметтік психологиялық қолдау ретінде шешу;
балалардың өзін-өзі бағалау динамикасын зерттеуге ұсыныс беру.
КІРІСПЕ……………………………………………………………..3
1 НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ ЖОЛДАРЫ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ............................................................................6
Психология ғылымындағы кеңес беру мәселелері………6
1.2 Жағымсыз әдеттердің әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерінің себептері………………………………………………16
1.2.1. Нашақорлық, қоршаған орта және жеткіншектер…………..22
1.3 Жеткіншектердің есірткі қолдануының әлеуметтік- психологиялық ерекшеліктері…………………………………………..24
1.3.1. Жеткіншектердің психикалық дамуындағы ауытқуларға (нашақорлыққа байланысты) отбасының әсері……………………….44
2 ЖЕТКІНШЕКТЕРМЕН НАШАҚОРЛЫҚПЕН ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҮРГІЗУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖӘНЕ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.............................................................................................44
2.1 Мектепте нашақорлықпен қарсы күрес жүргізудің алғашқы профилактикасы………………………………………………………….
50
2.2 Нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу бойынша жеткіншіктерге профилактика жүргізудегі отбасының рөлі…………56
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………..61
ПАДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………..63
2. реалды, адекватты - бейнеленген шарттарда субъектінің әрекетінің
механизмі;
Аталған механизмдердің әрқайсында тілдік жанама және ес механизмдері қызмет етеді. Мінез-құлық деңгейлік ұйымдастыруда қабылдау, ойлауды түйсіну; дағды түріндегі бейнелеу механизмдері; бағдарлама, стратегия түріндегі әрекет механизмдері; тура уайымдау және сезім түріндегі эмоциялық реттеу механизмі.
Адаптивті мінез-құлық психикалық деңгейде кең мағынада өзін-өзі реттейтін процестердің туа немесе жүре пайда болатын психофизиологиялық және психикалық механизмдерді қамтамасыз ететін жиынтығы ретінде анықтауға болады. Осы процестердің өтуі детерминді объективті (ортаның сипаттамасы) және субъективті (субъектінің индивидуалды-психологиялық ерекшеліктері) шарттарда; бұл процестер іс-әрекет негізіне жатады.
Адаптивті мінез-құлық құрылымының негізгі принциптерін психологиялық талдау.
Бірінші принцип - адаптивті мінез-құлықты деңгейлік ұйымдастыру, мінез-құлық әртүрлі деңгейде жүзеге асады және әрбір деңгей өзіндік ерекшелікке ие.
Екінші принцип - мінез-құлықтың полифункционалды құрылымы, әрбір деңгейде бейнелеу, әрекет ету, эмоциялық реттеу функциялары жүзеге асады.
Үшінші принцип – мінез-құлық құрылымының оптималдылығы, адаптивті мінез-құлық оптималды жағдайда қалыптасады.
Осы принциптерге орай адаптивті мінез-құлық түрлерінің негізінде әртүрлі функциялық жүйелер және соған сәйкес әртүрлі шарттар мен факторлар.
Ауытқулы (девиантты) мінез-құлықты әлеуметтік мінез-құлық деп атау қабылданған, сол қоғамның нормаларына сәйкес емес орналасу болып табылады (И.А. Невский) [28]. Атақты социолог И.С. Кон девиантты мінез-құлық анықтамасын нақтылайды, оны қылық жүйесі ретінде қарастыра отырып, жалпы қабылданған немесе белгіленген нормалардан ауытқу, бұл нормалар психикалық денсаулық, құқық, мәдениет және мораль деп есептеді. Адаптивті мінез-құлық тұжырымдамасына сәйкес кез-келген девианттылық адаптацияның бұзылуына әкеледі (психикалық, әлеуметтік-психологиялық, орта) [29].
Девиантты мінез-құлық екі үлкен категорияға бөлінеді. Біріншіден, бұл психикалық денсаулық нормасынан ауытқыған мінез-құлық, ашық немесе жасырын психопатологияның (патология) қатысуымен түсіну. Екіншіден, бұл әлеуметтік, мәдени және ерекше құқықтық нормаларды бұзушы антиәлеуметік мінез-құлық.
Балалар және жеткіншектер мінез-құлықының ауытқулары түсінігіне оның ерекшеліктері және оның пайда болуы, тек өзіне көңіл аудартып қана қоймайды, сонымен қатар тәрбиешілерді (ата-ана, мұғалім, қоғамдық жауаптылар) сақтандырады. Бұл мінез-құлықтың ерекшеліктері жалпы қабылданған нормалардан, заң талаптарынан, дәлелдеп қана қоймайды, сонымен қатар болашақ тәртіпсіздіктің пайда болуын, жүзеге асуына жауапты, адамгершілік, әлеуметтік, құқықтық норма, заң талаптарының бұзылуы субъектінің мінез-құлқына, оның тұлғасының дамуына, оның айналасындағы адамдарға, қоғамға тұтасымен потенциалды қауіп төндіргенін көрсетеді.
Жеткіншектің мінез-құлқының қылықтарын аңғара отырып, бағыттылық, мазмұнын, осы процестердің дамуына ерікті, толықбағытталған әсер көрсетеміз немесе баланың жеке қасиеттері мен сапасында жатқан адамгершілік негізінде аңғарамыз. Немесе керісінше, сол қылықтарына, мінез-құлықтарына қарсылық жасай отырып, жеткіншектің тұлғасының сәйкес қасиеттері мен сапасының дамуына кедергі жасаймыз (Невский И.А., 1993).
Сонымен, мінез-құлықтың ауытқуы, біржағынан баланың сәйкес ерекшеліктерінің симптомы, сигналы, туу және даму белгісі (тенденция) ретінде қарастырылуы мүмкін, келесі бір жағынан, тұлға дамуына тәрбие әсерінің таратушы сипатында, оның қалыптасуының құралы немесе оның қалыптасуына толық бағытталған әсер (тәрбие құралы) ретінде көрінуі мүмкін.
Мінез-құлықты тұлғаның күйінен, оның даму тенденциясынан мәлімет беретін феномен ретінде қарастыра отырып, сонымен қатар мінез-құлықтың ұқсас ерекшеліктерінің өзі индивид психикасында өтетін әртүрлі процестерде мәлімет беретінін еске ұстауымыз қажет [30].
Сондықтан, оқушының мінез-құлқының кез-келген ерекшелігін жіктей отырып, біз оның пайда болуының шартын, тұрақтылығын, жиілігін және тұлғаның ерекшелігін, мінезін, оқушының жасын т.б. ескеруіміз қажет.
Жеткіншектердің мінез-құлқының ауытқуының пайда болуы олардың адамгершілік және әлеуметтік дамуы индивидуалды ерекшелік және тұлғалық көрінулерге, өмір мен іс-әрекет жағдайларының нақты шарттарына байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Ережеге сәйкес, оларды келесі топқа біріктіруге болады: ситуативті, уақытша факторлар мен жағдайларын итермелеуге шақыратын реакция. Тұрақты мінез-құлықтың ауытқуындағы форма, өмірдің сәтсіз жағдайларына және жалпы іс-әрекетке негізделген.
Мінез-құлық реакциялары бір мезетте немесе жүйелі әсер ететін сәтсіз жағдайларда және өмірдің шарттарында байқалады. Егер ситуация жиі қайталанып отырса, жинақтала бастаса реакция тұрақтанады, сол мінез-құлық типінің дамуына әкеледі.
Сөйтіп, белсенді-сәйкестенген немесе енжар-сәйкестенген мінез-құлық қалыптасады: деструктивті-агрессивтілі қоғамдағы қайта құруларға, топтағы іс-әрекеттің өзгеруіне, сол жердегі өзінің жеке мінез-құлқына бағытталған; деструктивті-компенсаторлы, топтың іс-әрекетінің қайта құрылуы және өзінің мінез-құлқы қосы жүретін және оның талаптарына жол берумен бекітіледі. Айрықша орында компенсаторлы-иллюзорлы мінез-құлықтың формасы, қанағаттанбаған қажеттілік және талаптану, жеткіншектің тұрақты психологиялық дискомфорт жасанды қозулардан жол тапқанда мастану, қарым-қатынастан есеңгіреу, әуен, би, никотин, ішімдік, есірткі, улағыш және дәрілік заттар жатады [31].
Девиантты мінез-құлықты екіге бөледі.
1. Девиантты мінез-құлық: аффективті, депривировті, аутикалы, суицидалды, аддиктивті. Осылардың негізінде: психикалық және тұлғалық дамудың бұзылулары, психикалық депривация, психологиялық дискомфорт жатады.
2. Асоциалды мінез-құлық: агрессивті, делинквентті (құқықпен тең), криминогенді (қылмыстық). Осылардың негізінде: әлеуметтенудің бұзылуы, әлеуметтік-педагогикалық қараусыздық, мінез-құлықты реттеудің деформациясы, әлеуметтік дезадаптация, деәлеуметтену жатады.
Жеткіншек мінез-құлқындағы ауытқулар келесі себеп топтарымен байланыстырылады:
а) әлеуметтік-топтық қараусыздық, жеткіншектің өзінің тәрбиесіздігін дұрыс емес көрсеткенде, оның қажетті позитивті білімдерінің, ептіліктерінің, дағдыларының болмауы немесе дұрыс емес тәрбиенің бұзылу күшінде, оның мінез-құлқының негативті стереотиптерінің қалыптасуы;
б) терең психикалық дискомфорт, сәтсіз отбасы өзара қатынастарынан туындаған, отбасындағы жағымсыз психологиялық микроклимат, оқу жетістіксіздерінің жүйелігі, сынып ұжымындағы құрдастармен өзара қатынастың дұрыс болмауы, ата-ана, мұғалім, сыныптағы жолдастарының тарапынан қатынастың дұрыс болмауы (өктем, қатал, әділетсіз);
в) психикалық және физикалық денсаулығы мен дамуы жағдайындағы ауытқулар, жас ерекшелік дағдарыс, мінез акцентуациясы физиологиялық және психоневрологиялық қасиеттердің басқа да себептері;
г) өзін көрсету шарттардың болмауы, ішкі және сыртқы белсенділіктің пайда болуы, іс-әрекеттің тиімді түрімен айналыспау, позитивті және мәнді әлеуметтік және жеке өмірлік мақсаттар мен жоспарлардың болмауы;
д) қадағалаудың болмауы, қоршаған ортаның жағымсыз әсері және осының негізінде әлеуметтік-психологиялық дезадаптацияның дамуы, әлеуметтік және жеке құндылықтардың позитивтіден негативтіге ауысуы.
Осы себептердің тізбегінде мәнділікті және маңызды рөлді жеткіншектердің әлеуметтік-педагогикалық қадағаламаушылық ойнайды, оларды қоршаған ортаға қатынасының немқұрайлық, зейінсіздік түрінде дамиды. Нәтижесінде жалғыздық, қараусыздық, өзіне керексіздік, қорғансыздық сезімі туындайды. Қарсылық, шектелу, үлкендерге қатынасы бойынша жек көру, бірлесуге ұмтылу сезімі пайда болады [32].
Әлеуметтік тәжірибенің позитивті жетіспеушілігі, дүниеге көзқарастың, құндылық бағдарлар жүйесінің, этикалық норма және эстетикалық талғамның дамымауы және қалыптаспауы жеткіншектерде негативті таңдауды, өзінің белсенділігіне қарсы сфера олардың мінез-құлқында, тұлғасының қалыптасуында, әлеуметтік кескінінде бейнеленеді. Бұл процесте өз уақытында, жеткіншектерге қажетті педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік және медициналық көмектің болмауы маңызды рөлді ойнайды.
Қазіргі жеткіншектер өсіп келе жатқан микроорта мүлде қолайсыз. Ол мінез-құлық ауытқуларының түрлі формаларымен және мектепке барар жолда, есік алдында, қоғамдық орындарда, тіпті үйде (отбасында) және мектепте соқтығысады. Әсіресе адамгершілік және мінез-құлық сферасындағы ауытқудың пайда болуы үшін қолайлы жағдайды қалалық орта жасайды, оның жасырын, адамдар арасындағы өзара қатынаста немқұрайлы сипаттама, еркіндіктің жоғарғы деңгейі, экономикалық, әлеуметтік және мәдени факторларға жағымсыз әсер ету. Дәстүрлі нормалардан, құндылықтардан босау, мінез-құлық және адамгершілік шектерінің қатаң үлгісінің болмауы, әлеуметтік бақылаудың босаңдығы жеткіншек ортасында ауытқу және өзін-өзі бұзушылықтың дамуына икемдейді.
Құндылықтар жүйесіндегі бақыланған дағдарыс, мінез-құлықтың жалпы қабылданған нормалары мен ережелерінде анықталғаны қоғам жетістік белгісі ретінде жинақтай бастады. Дәл осы бағытта өсіп келе жатқан ұрпақтың сәйкес қажеттіліктері, құндылық бағдарларының қалыптасуы және дамуы жүргізіледі.
Жеткіншек арнайы орналасқан тұрғындардың заңсыз және жазасыз басқалардың есебінен өмір сүріп жатуын, олардың кейбіреуі тек материалды жетістіктерге ғана емес, сонымен бірге айналасындағылардың сенімен және ешқандай қарсылықсыз қоғамдағы билік құрылымдарына кіруін жиі көруі немесе естуі мүмкін. Мұның барлығы жеткіншектердің өмірлік қалыптасуына және әлеуметтік бағдары мен идеалдарына әсерін тигізеді.
Мінеки, неліктен бүгінгі күні мектепте ортаны құру, мінез-құлық ауытқуларының туындайтын жеткіншектер санасын қайта қалыптастыру. Жеткіншек тұлғасының дамуы үшін мектеп мынадай үлкендермен араласуға, өзіне оның жағымды жақтарын алуға, олардың позитивті әлеуметтік тәжірибесін ұсына алуы мүмкін. Өзінің ішкі әлеміне сыйлы және қадірлі адамдардың нормасын, құндылықтарын және бағдарларын енгізе отырып, жеткіншек осы еліктеу элементтерінен өзінің идеалын қалыптастырады. Жоғарғы адамгершілік принциптеріне ие, гуманистік құндылықтар мен идеалдарды бөлісетін адамдармен қарым-қатынас жеткіншектердің өзінің мінез-құлқына қатынасын өзгертеді [33,34].
«Тәуекел тобы» балаларымен жұмыс үшін жемісті ауытқудың әртүрлі формасынан туындайтын факторды анықтау қажет, оларды ары қарай жүргізуде немесе корррекциялау бойынша жасалған бағдарламаның мақсаты болып табылады. И.А. Невский, Л.С. Колесова кейбір мектептердің жұмысшыларына экспертті сұрақтама жүргізді, онда жеткіншектердің мінез-құлқының ауытқуындағы тәуекелдің сыртқы факторы туралы өздерінің пікірлерін айтуын сұрады [35].
Сауалнамаға қатысқан педагогтардың пікірі бойынша, жеткіншектердің мінез-құлқына негативті әсер ететін сыртқы факторлар, яғни мектеп мүмкіншіліктерінің барынша түзетулері тиіс болып табылатын:
- қоғамдық құндылықтар
- құқық қорғау органдары
- жұмыссыздық (ашық және жасырын);
- экономикалық жағдайы жоқ
- өскелең ұрпақтың дәстүрлі әлеуметтік институттарының (балалар мен жасөспірімдер ұйымдары, отбасы, мектеп) бұзылулары және дағдарыстары;
- бұқаралық ақпарат құралдары
арқылы зорлық пен
- балаларға өз уақытысында және білікті диспансерлік көмектің болмауы, жеткіншектердің денсаулығының физикалық және психикалық бұзылуларын анықтауға мүмкіншілік береді;
- балалар үшін ақысыз сапалы білімнің (үйірме, секция т.б.) болмауы;
- темекі, ішімдік, есірткінің оңай табылуы.
2. Отбасының жағдайы, оның атмосферасы:
- толық емес отбасы;
- отбасының материалды жағдайы (кедейлік сияқты байлық);
- ата-аналардың төмен
- отбасы дәстүрлерінің болмауы;
- отбасындағы тәрбиенің стилі (балаға біркелкі талаптың болмауы, ата-аналардың қатігездігі, олардың жазаламауы);
- бала өз құндылығын
- балалардың қажеттілігін
- ата-аналардың ішімдікті, есірткіні теріс пайдалануы;
- ата-аналар балалардың психоактивті заттарды пайдалануына өз бетімен жіберуі;
3. Тәуекел факторын табу, мектептегі өмірінің ұйымдастырылуынан шығады. Мұғалімдердің пікірлерін талдау, осындай жағдайдың жиі кездесетінін көрсетеді:
1. Оқыту мен тәрбие процесін басқаруды ұйымдастырудың жетілмегендігі, мектептің нашар материалды қамтамасыз етуі, оқушылардың отбасымен, мектептің жүйелі және қалыптасқан байланысының болмауы, пән мұғалімдерінің жетіспеушілігі, сабақтың жиі болмауы, сыныптан тыс жұмыстың қанағаттанарлықсыздығы, мектепте балалар ұйымдарының болмауы.
2. Мұғалімдердің біразының
Информация о работе Жеткіншектер арасындағы нашақорлықтың әлеуметтік- психологиялық ерекшеліктер