Жеткіншектер арасындағы нашақорлықтың әлеуметтік- психологиялық ерекшеліктер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Июня 2014 в 10:29, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеудің міндеттері:
өзін-өзі бағалау мәселесі бойынша шетелдік және Отандық психологиядағы әлеуметтік негізгі теориялық теориялық бағыттарға талдау;
бастауыш мектеп оқушыларында кездесетін қиындық түрлерін
әлеуметтік психологиялық қолдау ретінде шешу;
балалардың өзін-өзі бағалау динамикасын зерттеуге ұсыныс беру.

Содержание

КІРІСПЕ……………………………………………………………..3
1 НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ ЖОЛДАРЫ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ............................................................................6
Психология ғылымындағы кеңес беру мәселелері………6
1.2 Жағымсыз әдеттердің әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерінің себептері………………………………………………16
1.2.1. Нашақорлық, қоршаған орта және жеткіншектер…………..22
1.3 Жеткіншектердің есірткі қолдануының әлеуметтік- психологиялық ерекшеліктері…………………………………………..24
1.3.1. Жеткіншектердің психикалық дамуындағы ауытқуларға (нашақорлыққа байланысты) отбасының әсері……………………….44
2 ЖЕТКІНШЕКТЕРМЕН НАШАҚОРЛЫҚПЕН ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҮРГІЗУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖӘНЕ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.............................................................................................44
2.1 Мектепте нашақорлықпен қарсы күрес жүргізудің алғашқы профилактикасы………………………………………………………….
50
2.2 Нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу бойынша жеткіншіктерге профилактика жүргізудегі отбасының рөлі…………56
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………..61
ПАДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………..63

Прикрепленные файлы: 4 файла

Толеуова (исправ).doc

— 552.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Толеуова титул.doc

— 30.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Мухтарханова (исправ).doc

— 824.50 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………3

 

1 ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕСІ...........................................................................................5

 

  • 1.1 Әлеуметтік жұмыстың мәні...........................................................................5
  • 1.2 Әлеуметтік аспектісіндегі «мен» тұжырымдамасының дамуы................8
  • 1.3 Тұлғаның әлеуметтенуін зерттеу................................................................12
  • 1.4 Оқушылардың әлеуметтік белсенділігі және өзіндік баға беру теориялары.....................................................................................................................13
  •  

    2  БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ................................................16

     

       2.1 Бастауыш сынып оқушыларында кездесетін әлеуметтік психологиялық қиындық түрлері және оларды шешу жолдары.........................................................16

      2.2 Бастауыш сынып оқушыларының өзін-өзі бағалауындағы

    ерекшеліктері………………………………………………………………………..19

      2.3 Бастауыш сынып оқушысының өзін-өзі бағалауының экспериментальдық зерттеуі………………………………………………………..24

     

    ҚОРЫТЫНДЫ .....................................................................................................39

     

    ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................41

     

    ҚОСЫМША..........................................................................................................44

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    КІРІСПЕ

     

    Жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасында қазіргі таңда жүріп жатқан әлеуметтік, экономикалық, мәдени өзгерістер жас ұрпақ өмірінің барлық жақтарын әлеуметтендіру үрдісіне ықпал етеді. Бұл мәселеге байланысты елбасымыз Н. Назарбаев: «... жаңа жағдайларға сай біздің бәрімізді алаңдататын мәселе - білімді, кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында үлттық жэне дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті, рухани және әлеуметтік -адамгершілік мүмкіндігі мол тұлғаны қалыптастыру болып табылады», - деп атап көрсетті. Осыған байланысты бұл күндері жалпы білім беретін мектептердегі әлеуметтік тәрбие ісінің мазмұнын Отандық және әлемдік өркениетті елдердегі психология, педагогика және физиология ғылымдарының жетістіктерін пайдалана отырып жетілдірудің қажеттілігі туындауда. Әлеуметтендірудің сыншылдық тұжырымдасының басты теоретиктері (Карл Роджерс, Д. Гербертмид, А. Маслоу, Жан Пиаже, Лоуренс Колберг, Н. Миллер, Дж. Доллард, Альберт Бандура, Ури Бронфенбреннер) өз еңбектерінде тұлғаның қоғамда орын алған тәртіпке саналы және тіпті сыни тұрғыда қарауын қалыптастыру, қоғамда өз орнын табуға ұмтылуын дамыту міндеттерін алға қойды. Тұлғаның өзіндік бағалау ерекшеліктерін қарастырған жұмыстарда тұлғаның әртүрлі даму жақтары нақты қарастырылған (Б.Г. Ананьев, Л.И. Божович, А.И. Липкина, И.И. Чеснакова т.б.) Өзіндік бағалауды адамның мінез-құлқын реттеуші, жеке бастық феномен ретінде сипатталған көптеген эксперименттік жұмыстар бар. (В.Д. Демина, З.В. Сафин, С.Ф. Спичак т.б.) Сонымен қатар, Қазақстанда жүргізілген зерттеулердің ішінде профессор Ж.Ы. Намазбаеваның жетекшілігімен Р.С. Сабырова, С.Ж. Өмірбекова жэне Л.С. Пилипчуктың жұмысында балалардың өзіндік сана-сезімдері, өзіндік бағалау ерекшеліктері зерттелінді. Қазіргі қоғамда бастауыш сынып оқушыларының өзіндік бағалауын әлеуметтік тұрғыда зерттеудің психология ғылымы мен педагогика ғылымы үшін қажеттілігі эрқашан да зор. Сондықтан да, біздің зерттеуіміз өзін-өзі бағалау оқытудың табыстылығына әсер ететінін негіздей отырып, бастауыш сынып оқушыларының өзіндік бағасын анықтауға арналады. Өзінің әртүрлі тұрғыларында бағалау Отандық және шетелдік психологтар мен педагогтар (Қ.К. Жампеисова, Жарықбаев, Р.Т. Мендалеева, А.К. Рыспекова,  А.Е. Берікханова. Б.Г. Ананьев, Ю.К. Бабанский, П.П. Блонский, Дж. Брунер, Л.И. Божович, Л.С. Выготский, Э.Ф. Голубева, А.Н Леонтьев, И.Я. Лернер, А.Ф. Лурия, М.Н. Скатин, Д.Б. Эльконин, А.И. Липкин) еңбектерінен көрініс тапты. Сонымен бірге, әлеуметтік педагогикалық бағалаудың мэнін анықтайтын бағалау әрекетінің құрылымы мен жүйесі тұжырымдалған қағида бойынша бағалау әрі үрдіс [24], әрі іс-әрекет [27], әрі әлеуметтік біліктілік жиынтығы [30] және қызмет ету аясы [66] ретінде қызмет көрсетеді.  Мектептің келешекке  жылысуы үшін  одан да маңызды мәселелер, әлеуметтік психологиялық қиындықтар туындайды. Яғни, біріншіден, баланың жеке басы мен жас ерекшелігіне, екіншіден, оқу үрдісіндегі қиындықтар мен оқу мәліметінің ерекшелігіне байланысты. Сол қиындықтарды әлеуметтік педагог, психологпен мұғалім бірлесе отырып, шешу жолдарын тауып, жеке тұлганың жеке бас ерекшелігі ескеріліп, оқытудағы кемшілік жеке түлганың қандай кешенді қасиеттеріне байланысты екенін анықтау керек. Сондықтан да, жалпы орта білім беретін мектептен жеткіншек үрпаққа білім беру сапасын, оқыту әдістемелерін, элеуметтік тэрбиелерін жетілдірумен бірге оқушыларға жан-жақты тәлім-тәрбие берудің әлеуметтік мазмұнын, әдістемелік іс-шараларын қоғамдық талаптарға негізделіп, үнемі жаңартып отыруды талап етеді.

    Зерттеу нысанасы: Әлеуметтік психологиялық, әлеуметтік педагогикалық қолдау барысында баланың өзін-өзі бағалай отырып, білімді игере алуы.

    Зерттеу объектісі: Оқу іс-әрекеті контекстіндегі бастауыш оқушыларының жеке тұлғаның дамуы.

    Зерттеудің пәні: Әлеуметтік психологиялық аспектісіндегі «Мен» тұжырымдамасының дамуының ерекшеліктері.

    Зерттеудің мақсаты: Әлеуметтік психологиялық бағалауы мен динамикасын анықтау.

    Зерттеудің міндеттері:

    • өзін-өзі бағалау мәселесі бойынша шетелдік және Отандық психологиядағы әлеуметтік негізгі теориялық теориялық бағыттарға талдау;
    • бастауыш     мектеп      оқушыларында     кездесетін қиындық түрлерін 
      әлеуметтік    психологиялық қолдау ретінде шешу;
    • балалардың өзін-өзі бағалау динамикасын зерттеуге ұсыныс беру.

    Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер де, әлеуметтік психологиялық және әлеуметтік педагогикалық қолдауды көрсетсе, онда бастауыш сынып оқушыларының жас кезеңдерінде өзін-өзі бағалау дамуында өсу байқалады, өйткені баланың әлеуметтік мәртебесі өзгереді.

    Зерттеудің   теориялық-әдіснамалық   негізі: Л.С. Выготскийдің   тарихи-мәдени концепциясы; түлғалық іс-әрекеттік бағыт (А.И. Леонтьев, К.А. Абульханова-Славская); Ж.И. Намазбаеваның жеке тұлғаға және оның өзіндік санасының дамуына деген кешенді бағыты. 

    Зерттеу базасы: Семей қаласы, 38 орта мектебі.

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    1 ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕСІ

     

     

      1. Әлеуметтік жұмыстың мәні

     

    Білім беру жүйесі әлеуметтік жұмыстардың маңызды салаларының бірі әрі негізгі объектісіболып табылады.

    Әлеуметтік түсініктер танымының қарапайым ғана түрі ретінде көрінеді. Осы термин күнделікті қарым-қатынаста қолданылып, әр адамның осы отбасылық өмір туралы жеке тәжірибесі бар. Біз осы сөзді барлық партиялардың саяси қызметкерлерінің ауызынан естуге үйреніп алғанбыз, олар өздерін отбасы мен отбасы қажеттілігінің жақтастарымыз деп есептейді.

    Кәсіптік жұмыстардың шетелдіқ тарихына ондаған жылдар болған деп есептеледі. Қазақстанда әлеуметтік жұмыстар тарихы енді қалыптасып жатыр, жоғарғы оқу орындарында әлеуметтік жұмыстар жөнінде мамандар даярлау жұмыстары басталды, осы саладағы ғылыми зерттеулерге деген қызығушылық туып, халықтың әлеуметгік мәселелерін шешумен нақты айналысатын мемлекеттік, жеке меншік, қоғамдық ұйымдар құрылуда. Кеңес дәуірі кезінде қолданылған «мемлекеттік және қоғамдық қолдау жүйесі» тоқтатылып, ол қолдағы қалған принцип бойынша қаржыландырылып, бұл оның тиімділігін елеулі түрде төмендетті, олардың іс-әрекеті негізінен алғанда, әлеуметтік қамтамасыз ету болды. Осы ретте, әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік мекемелеріне диплом алған мамандар қажет болмады. Қазір біз осы қызметтің жаңартпа тәсіліне қарсы келетін, мелекеттік әлеуметтік қызметтердің инерциялық ойлауымен элі де болса кездесіп қалып отырмыз.

    Әлеуметтік жұмыстардың дамуы әлеуметтік жағдайы мен мүдделері әр түрлі топтағы адамдар үшін өз мүмкіндіктерін теңестіруге қол жеткізуін шамалайтын, азаматтық қоғамның құндылықтарын қалыптастырумен тығыз байланысты.Г Әлеуметтік жұмыс, бір жағынан алғанда, өмір сүрудің қиын жағдайында отырған адамға немесе топқа көмек көрсетуге бағытталған, ал екінші жағынан алғанда, ол жеке адам, жеке топ, қоғамдық, жеке меншік жэне мемлекеттік ұйымдар арасында делдалдың маңызды роль атқарады.

    Әлеуметтік жұмыс әлеуметтік қиыстырылған іс-әрекет болып табылады, онда қызмет жүйесі, жұмысбастылықтың құрылымы мен теория жиынтығы айтылады. Оның мазмұны сол және басқа елдегі әлеуметтік көмек қажет ететін адамдармен жүргізілген жұмыстармен, әлеуметтік қызметтердің қалыптасқан түрлерімен, әлеуметтік жұмыстардың кәсіптік дәрежесімен және клиенттердің әр түрлі тобымен жүргізілетін әлеуметтік саясат сипатымен анықталады. Кәсіби әлеуметтік жұмыс отбасы құрамы мен клиенттің тұрмыс қалпы, әлеуметтік мәртебесі, дін, этника, мәдениет деректерімен анықталатын әр түрлі жағдайларда іске асырылады.

    Білім беру жүйесіндегі жүргізетін әлеуметтік жұмыстың ролі өте маңызды. Ең алдымен, бұл әлеуметтік жұмыс объектісі -социологиялық зерттеулер жүргізу. Бұл жерде адамның өмір сүру кезеңінің түрлі сатысында тұратын және әр түріне жатқызылатын нақты қажеттіліктері мен мүдделерінің пайда болуы туралы сөз болатындықтан, бұл қарапайым тапсырма емес. Мұның күрделілігі адамда кездесетін мәселені олардың түрліше түсінуінде. Сондай-ақ, әлеуметтік қызметтердің білім беру жүйесіндегі жүргізетін жүмыстарының қаншалықты тиімділігін анықтайтын зерттеу жүргізу талап етіледі.

    Мектеп бітіргеннен кейін де бізге ұйымдарға баруға тура келеді. Ер жеткеннен кейін біз солардың біріне жұмысқа кіреміз. Сондай-ақ, қаржы басқармасы, армия, полиция, сот, банк, дүкен және т.б. жұмыс жасаймыз. Зейнетке шыққаннан кейін біздің әлеуметтік қамсыздандыру жэне денсаулық қорғау жүйесі үйымдарымен кездесуімізге тура келеді, біздің аурухана немесе қарттар үйінде де болмай қалуымыз мүмкін емес» әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік, әкімшілік, педагогикалық және т.б. түрге бөлеміз.

    Сондай-ақ мақсатқа жету үшін өз жұмыс тәсілдері мен міндеттерін игерген, жүргізілетін жұмыс технологиясының өзіндік ерекшелігі бар маман ретінде әлеуметтік қызметкердің мамандығымен де анықталады.

    Біздің    еліміздегі    білім    беру    жүйесіндегі    жасалатын әлеуметтік жұмыс ғылым ретінде бүгінге дейін қалыптасу үстінде.

    Ғылыми пәннің сипатты белгілері ұйым, оқу кафедралары мен жарияланымдар болып табылады. Әлеуметтік жұмыстардың ғылыми-зерттеу институттары ашылып, кәсіби мамандар даярланатын тиісті бөлім, кафедралар ашылған.

    Білім беру жүйесінде жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар ғылымының келесі принциптері оларды топтастыруға байланысты: мазмұнды принциптер: қоғамдык-топтық және жеке мүдделерінің үйлесімі; өзін-өзі және отбасы мүшелерін қамтамасыз ету, отбасы мүшелерінің күнкөрісі үшін өзінің күнелтуі және толық жарамды азамат тәрбиелеу.

    - психологиялық-педагогикалық принциптер- эмпатия (жан ашуы); сенімді психологиялық пана, қазіргі уақытта қиын жағдайларда адамға күнелтуге көмектесу және т.б.;

    - әдістемелік принциптер: мирасқорлық, бірізділік, үздіксіздік, құзырлылық;

    - ұйымдастырушылық- жинақтылық, делдалдық (психология, құқық, медицина және т.б. ғалымдар арасында);

    - нормативті актілер мен заңдарда әлеуметтік жұмыс тәжірибесі мен талдап қорытындылаудың нақты принциптері, атап айтқанда, өзінің мүшелеріне экономикалық, әлеуметтік және дене қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдар мен азаматтардың құқығын сақтау, отбасындағы жас балалар, қартайған және науқас адамдарға мемлекеттің қамқорлық кепілдігі, балалар мен жастарды әлеуметтендіру шарты; отбасында, жұмыста құпиялылықты, махаббатқа деген сезімін, өмірге деген құштарлығын сақтау және т.б. Мектеп оқушыларымен әлеуметтік жұмыс жүргізу кезіндегі операциялар мен тәсілдер жиынтығын, қандайда бір мақсатқа жету жолдарын, нақты мәселені шешуді әдіс деп түсінеміз. Білім беру жүйесіндегі әлеуметтік жұмыс жүргізу кезіндегі көптеген әдістер пәнаралық болып саналады, өйткені өз қызметімен және ауқымды міндеттеріне байланысты ғылым ретінде бөлінеді. Сондықтан да, әлеуметтік жұмыс жүргізу кезінде қолданылатын әдістерді сипаттай отырып, оларды экономикалық, құқықтық, медициналық, саяси, сүйеніп, «өз» құбылыстарын зерттеу және де ғылыми үрдістер білімді практикада қолдану әдістерін жетілдіреді, яғни мэселені шешу әдісі.

    Жеке тұлғаның тәрбиесі бала-бақшадан бастап, жанұя мектептегі оқу-тәрбие жұмыстары барысында қалыптаса, қоғамдық сана дэрежесіне көтерілгенге дейін дамып отырады.

    Дегенмен жеке тұлғаға тәрбие беруде мектептің орны аса маңызды. Өйткені мектеп өскелең ұрпақтың бойында ғылым негіздерін сіңірумен бірге, өз ұлтына тән этикалық, эстетикалық қүндылықтармен қауышуын қамтамасыз етеді.Р.Т. Мендалиева Қазіргі кезде білім беру жүйесінде баланың жеке тұлғасына жүйелі және жан-жақты зерттеу жүргізбей тұрып, бірінші олардың әрқайсысына жеке-жеке көңіл бөлінеді.

    Жас ұрпақтың жан-жақты дамуына, олардың бойында, қоғамдық талаптар алдындағы жауапкершілігін, білім алуға, ғылымға, техникаға, өнерге ұмтылысын, ұлттық дәстүрге деген құштарлық сенімін қалыптастыру арқылы, адамгершілік, эстетикалық құндылықтарды игерту нэтижесінде, олардың жеке тұлғасын әлеуметтендіру арқылы қоғамдық өмірге даярлау, мектептің оқу-тәрбие процесінің басты міндеті болып табылады.

    Әлеуметтік психология отбасының, ұжымның, ұлттың, тағы да басқа адамдардың тұрған жеріне, кәсібіне, қоғамдағы алатын орныны қарай жіктелетін топтарының психологиясын зерттейді. Әлеуметтік психологияның негізгі бөлімдеріне: әлеуметтік топтардың психологиялық мінездемесі, тұлға психологиясы, ақпарат алмасу заңдылықтары бірлескенқызмет үстіндегі адамдардың өзара әрекеттесуі, тұлғааралық қатынастар жатады. Әлеуметтік психология өзге ғылымдардан – социологиямен, педагогикамен, философиямен, саясаттанумен тығыз байланыста болады.

    "Тәжірибелік әлеуметтік  жұмыстары" 1970 жылдан бері қолданымда. Алғашқыда бұл жұмыс түрі әрқилы түсіндіріліп, әдіснамалық тұрғыдан клиентгермен (қорғаушыларға ісі түскен, алыс-беріс жүргізуші мекемелерге қатысты жұмысы барлар) жұмыс, топтар мен қауымдардағы істер; бағыт-бағдар тұрғысынан - балаларды әлеуметтік қамсыздандыру, отбасылық көмек қызметтер, дәрігерлік әлеуметтік жәрдем, тәрбиелік түзету мекемелеріндегі жұмыстар; әлеуметтік қызмет аясына түскен адамдар мен проблемді топтар тұрғысынан - кедейлер, мүгедектер, есі ауысқандар, ақылы кемдер, қараусыз қалған балалар, маскүнем және нашақорлармен жұмыстар мэні берілді. Әлеуметтік қызметтер мән-мағынасы біртіндеп аталған тар бағыттағы істерден кең қоғамдық проблемаға айналған мәселелерді қамти бастады. Олардың ішінде бастылары: жеке меншік құқықтарының бұзылысы, балаларға қастандық, ерлі-зайыптылар жанжалы, психикалық және тән сырқаттары, қаңғыбастық, қоғамнан аласталу, оқу жасындағылардың мектептен тыс қалуы, балалардың отбасынан қашуы ж.т.б. Бұдан былай аталған проблемалар тобы бойынша арнайы мамандандыру қажеттігі туындап отыр, себебі әлеуметтік қызметтердің байыпты да терең дайындығы үшін бұл өте қажет.

     

      1. Әлеуметтік психология аспектісіндегі «Мен» тұжырымдамасының дамуы

     

    Қазіргі таңда әлеуметтік – психологиялық белгіде «сана» психикалық саулық деп қаралуда. Психикалық саулық дегеніміз – субъект ретінде адамның бастапқы қабілетімен қоршаған ортаға өзара қатынасын санасы түрде меңгеруі, сол арқылы ортадағы ақпараттан ішкі қасиеттерін дамытуда тұрақты және үйлесімді мүмкіндіктерін жекелік және қоғамдық деңгейде қолдану. Адамға қажетті психикалық саулық өзіндік әлеуметтік психологиялық көмектен қалыптасады. Оның өзіне көңіл бөлуі, жеке тұлғаның жетілуі толғандырады. Оны өзіндік сапасын дамыту арқылы өзін бейнелейді, әр түрлі білім алады, өзінің қайталанбас ерекшелігіне уайымдайды.

    Әлеуметтік психологиялық контексте өзіндік сана «Мен» қасиетіне қатынасында, оған ниеті, ойы, сезімі және қимылы жатады.

    Мухтарханова титул.doc

    — 27.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

    Информация о работе Жеткіншектер арасындағы нашақорлықтың әлеуметтік- психологиялық ерекшеліктер