Жеткіншектер арасындағы нашақорлықтың әлеуметтік- психологиялық ерекшеліктер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Июня 2014 в 10:29, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеудің міндеттері:
өзін-өзі бағалау мәселесі бойынша шетелдік және Отандық психологиядағы әлеуметтік негізгі теориялық теориялық бағыттарға талдау;
бастауыш мектеп оқушыларында кездесетін қиындық түрлерін
әлеуметтік психологиялық қолдау ретінде шешу;
балалардың өзін-өзі бағалау динамикасын зерттеуге ұсыныс беру.

Содержание

КІРІСПЕ……………………………………………………………..3
1 НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ ЖОЛДАРЫ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ............................................................................6
Психология ғылымындағы кеңес беру мәселелері………6
1.2 Жағымсыз әдеттердің әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерінің себептері………………………………………………16
1.2.1. Нашақорлық, қоршаған орта және жеткіншектер…………..22
1.3 Жеткіншектердің есірткі қолдануының әлеуметтік- психологиялық ерекшеліктері…………………………………………..24
1.3.1. Жеткіншектердің психикалық дамуындағы ауытқуларға (нашақорлыққа байланысты) отбасының әсері……………………….44
2 ЖЕТКІНШЕКТЕРМЕН НАШАҚОРЛЫҚПЕН ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҮРГІЗУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖӘНЕ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.............................................................................................44
2.1 Мектепте нашақорлықпен қарсы күрес жүргізудің алғашқы профилактикасы………………………………………………………….
50
2.2 Нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу бойынша жеткіншіктерге профилактика жүргізудегі отбасының рөлі…………56
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………..61
ПАДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………..63

Прикрепленные файлы: 4 файла

Толеуова (исправ).doc

— 552.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Толеуова титул.doc

— 30.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Мухтарханова (исправ).doc

— 824.50 Кб (Скачать документ)

Белсенділік адамның қарым – қатынасына айналады, бұл-адам жеке тұлға ретінде көрінгенде және белсенді әрекет қарым –қатынас иесі болған жағдайда болады.

Ақыл-ой белсенділігі элементарлы іс-әрекеттен бастап шығармашылықтың күрделі түріне дейінгі барлық деңгейдегі нағыз әмбебап іс - әрекет шарты болып  табылады. Н.С. Лейтес : ақыл – ой белсенділігі кез келген дені сау балаға тән, бірақ әр түрлі деңгейде болады «балалық шақтың әр кезеңі- белсенділік дамуының өзіндік сапалы сатысы» деген қорытындыға келеді.

Интеллектуалды белсенділік өзіндік шарттарға сай ой әрекеті ретінде түсіндіреледі. Д.Б. Боголвинскаяның пікірі бойынша, интеллектуалды белсенділік интеллектуалды және интелектуалды емес (мотивациялық) факторлардан көрінетін жүйенің интегралды қасиеті болып табылады.

Таным белсенділігінің мәселесін педагогикалық зерттеуге маңызды үлес қосқандар: М.Н. Скаткин, И.Ф. Харламов, М.А. Данилов, И.Л. Лернер, М.Н. Махмутов, Т.Ш. Шамова, Г.И. Щукина т.б. маңызды әлеуметтік күшіне байланысты бұл қазіргі диалектикада, білім беру тәжірбиесі мен тәрбиеде негізгі болып саналып отыр. Әлеуметтік педагогикалық – психологиялық әдебиеттерге белсенділіктің анықтамалары:

  • Адам зейін белсенділігінің таңдаулы бағытталған (Н.Ф. Добрынин, Т. Рибо);
  • Таным субьектісінің ақыл –ой қабілеттерінің көрінуі (С.Л. Рубинштейн);
  • Әр түрлі сезімдерді белсендіргіш (Д. Фрейер);
  • Адамның іс -әрекеті мен санасының деңгейін жоғарылататын эмоционалды-еріктің және ақыл – ой үрдісінің ерекше  қорытындысы (А.Р. Коволев);
  • Білімді қарқынды меңгеруге әзірлік, яғни қабілет пен ұмтылыс (Н.Ф. Половников);
  • Тұлғаның күшейтілген танымдық жұмысымен сипатталатын еріктік жағдай (Р.А. Низамов);
  • Оқушының өмірлік күшінің әсерлігі (Г.Н. Щукина);
  • Таным мақсатына жетудегі құлықтық-еріктік әрекеттерді жоюға ұмтылумен және білім беру сипатына, мазмұнына қатысты тәрбиеленуші тұлғасының айқындалуы, әрекет сапасы (Т.И. Шамова);

Яғни, адамның барлық жоғарғы таным процестерін өзінің даму деңгейінен  белсендіруде танымдық белсенділік тұлғаның шындықты қайта құру әрекеті нәтижесінде ұдайы ізденіске жетелейді.

Ғылым дәлелдеп отырғандай, бастауыш мектеп жауапкершілік сезімдерін тәрбиелеудегі өте қолайлы кезең. Себебі, алты-жеті жастағы баланың санасының дамуы адамдар әрекетінің адамгершілік қатынасын тәрбиелейтін деңгейге жеткен. Л.И. Божович, А.А. Люблинская, Д.Б. Эльконин т.б. бұл кезеңді баланың адамгершілік қасиеттерінің белсенді қалыптасуы кезеңі деп қарастырады. Бастауыш сынып оқушыларын үлгірім деңгейіне сай мынадай топтарға бөліп қарастырады.

Бірінші топ – үлгірімі жақсы оқушылар.

Екінші топ – қабілеті төмен, бірақ көнгіштер тобы.

Үшінші топ – оқушыларының іс-әрекеттерінде талпыныс байқалмағанымен, орнықтылық, жүйелілік жетіспейді, тиянақсыз болады.

Төртінші топ- қабілетсіз емес, үнемі ескертуді қалайды, үздіксіз бақылауды талап ететін топ.      

 «Жеке адам», «Тұлға» деген  түсініктерді қарастыратын әлеуметтік психологиялық білімдердің бірі - өзіндік баға. Кең мағынада бұл – адамның өз мүмкіндіктері мен өзіне баға беруі.

Өзіндік баға, П.П. Чеснакованың  [58] айтуынша, өзіндік сананың бір компаненті болып табылады. Өзін-өзі бағалау сондай-ақ талаптану, яғни адамның алдына қойған масат-міндетінің деңгейін және оны шешуге өзінің қабілетін айқындайды. Өзін-өзі бағалаудың алғашқы зерттеулерін 30-жылдары алғаш рет К. Левин жүргізген. Қазіргі таңда да бұл мәселе аз зерттелінген. Осы уақытта өзін-өзі бағалауды оқып үйрену және оның жеке тұлғаның дамуына ықпалы өзектілігімен қалып отыр.

Бұл бірінші кезекте, білім берудегі алға басумен, өзгерістермен байланысты болса, қоғаммен де соншалықты байланысты. Қазіргі кездегі мектептер үшін оқушыларға ақпарат, мәлімет беріп қана қоймай, оларды өздігінен білім алуға, өздігінен жетіліп-кемелденуіне дайындау өте маңызды. Ол үшін балада өзінің жеке басының ерекшеліктерін жан-жақты, әсіресе, әділ бағалай білетін белсенді ұстанымын, позициясын, яғни өзіндік бағасының белгілі бір деңгейін қалыптастыру қажет.

Өзін-өзі бағалау – ойлау әрекеті өлшемдерінің бірі, күрделі динамикалық, жеке тұлғалық құрылым. Өзін-өзі бағалау ең алдымен реттегіштік қызметті атқарады.

Өзін-өзі тәрбиелеу өзі-өзі бағалаудан басталады. Адам өзін тәрбиенің қандай сапаларына тәрбиелеу керектігін нақты білуі керек. Өзіндік баға - өзін басқа адамдармен салыстыру арқылы және өзінің талаптану деңгейін өзінің іс-әрекетінің нәтижесімен салыстыру арқылы қалыптасады. Тепе – тең өзіндік баға өзін - өзі тәрбиелеудің мақсат-міндеттерін дұрыс қалыптастыруға ықпал етеді.

Өзін-өзі бағалау – субьект отбасында, оқу орындарында, басқа да жерлерде адамдармен қарым-қатынасқа түскен жағдайда және өзгелер өзі туралы көзқарастарын білдірген кезде қалыптасады. Ол өзін айналасындағылармен салыстырады, егер бұл байланыстардың нәтижесі төмен өзіндік бағаны көрсетсе, адам өзінің әрбір ісінен кедергілер мен тосқауылдар тауып отырады. Ол өз-өзіне деген сенімін жоғалтады. Оған жұмыс істеу қиындай түседі, айналасындағы адамдармен байланыс жасау да қиындық туғызады.

Өзін-өзі бағалауы төмен адамдар ақылды, жолы болғыш адамдармен әділетсіз сипатта болады.

Ұлғайған немесе өзгерген өзіндік баға адамды достарынан, ұжымынан бөлектеп, алыстатып, айналасындағылармен қалыпты әрекеттік байланысқа түсуіне, жағымды моральдық-психологиялық климат құруына кедергі жасайды. Барабар өзіндік баға өзін-өзі тәрбиелеуде қажеттілік туғызады. Басқадай болуы мүмкін емес, себебі, егер адам шыншыл болса, ол ешқашанда өзіне көңілі толмас еді. Адам өзінің мүмкіндіктерін білген кезде, өзін-өзі тәрбиелеудегі қажеттілік ерекше ұлғаяды. Олар шындығында шектеусіз.

Өзіндік бағалау – жеке бастық қатынастардың өмірлік құрылымдарын таратудағы белсенділікті шарттандыратын тұлғаның сипаттамасы. Өзіндік бағалау - әлеуметтік құбылыс, яғни ол тұлғаның өмір сүретін әлеуметтік орта ерекшеліктерімен, талаптарымен байланысты. Жалпы өзіндік бағалаудың жеткілікті жоғарғы деңгейі – еңбек пен қоғамдағы белсенділіктің маңызды шарты. Өзіне деген жағымды қатынас тұлғаның рухани жағымды белгісі болып табылатын өзіндік бағалауды зерттеу маңыздылығы осында. Әлеуметтік психологиялық зерттеулер көрсеткендей, тұлғаның өзі жайлы пікірі оның іс-әрекеті мен істерін реттеудің негізі болып табылады [30].

 

 

 

 

 

 

 

 

2 БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ

 

 

2.1 Бастауыш сынып оқушыларында кездесетін әлеуметтік психологиялық қиындық түрлері және оларды шешу жолдары

 

Біздің қоғам дамуының күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайларға және нақты қоғамдық тығырыққа тірелуі, адам ағзасына қауіпті экологиялық орта, дәрігерлік қызметтің нашарлығы, балалардың денсаулығына, мінез-құлқына, оқытуға байланысты әлеуметтік психологиялық бейімделуге қатысты қиын мәселелерді тудырып отыр. Баланың жеке қасиеттерінің, әлеуметтік психологиясының дұрыс дамып кетуі үшін педагогтік ұжымдардың кәсіптік білгірлігі, ата-аналардың саналы көзқарасы және осы принциптерге негізделген мектеп пен отбасы арасындағы тығыз одақ, нәтижелі жұмыс қажет. Әл-Фарабидің пікірінше баланың жасы өскен сайын оның ақылы да, яғни тәнімен бірге жаны да өсіп отырады. Бала өмірінің ерекше бір кезеңі, оның мектепке дейінгі тәрбиеден өтіп, мектеп оқушысы атты әлеуметтік рөлді қабылдауы. Бұл кезеңнің (6-7-ден, 10-11жасқа дейін) өзіне тән негізгі белгілеріне қосымша әлеуметтік рөл қосылады. Мұндай белгілер оның мінез-құлқында, санасында қайшылықтар мен үйлесім түрінде қатар жүреді. Бастауыш сыныпта адамның тума қасиеттеріне қоса, өсе қалыптасатын адам бойындағы психикалық қасиеттердің негізі қаланып, даму барысында әдетке айналуы анық.                

Сондықтанда ғалымдарды бастауыш сынып оқушыларының потенциалдық мүмкіндіктерін анықтау және дамытудың тиімді бағытын таңдау мәселесі толғандырады. 6-7 жасқа дейін баланың заттарды, дүниені, қоршаған ортаны қабылдау ерекшелігі репродуктивті бейнелі-елес күйінде болса, 7-8 жастағы баланың қабылдауы оқытудың нәтижесінде родуктивті бейнелі- елес түріндегі қабылдауға қарай өзгереді.

Бастауыш сынып оқушысының жетекші іс-әрекеті оның мінез-құлық түрткілерін елеулі түрде өзгертетін, оның танымдық және адамгершілік күштерін дамытудың жаңа көздерін ашатын оқу болып табылады. Бірінші сынып оқушылары бастан кешіретін негізгі үш түрлі қиындық жиі байқалады.

Қиындықтың екінші түрі мұғаліммен, сыныптағы жолдастарымен, отбасында болатын қарым-қатынастардың сипатынан туындайды. Бірінші сынып оқушысы көбінесе жаңа ортаға үйренісе алмай, балалармен бірден таныса алмай, өзін жалғыз сезінеді. Тәжірибелі ұстаз барлық балаға бірдей талап қояды, бірақ әр баланың бұл талаптарды орындауының өзіндік жеке дара ерекшеліктерін мұқият бақылайды. Бұл олардың мінез-құлықтарының «астарына» көз жүгіртіп, олардың шын мәніндегі әлеуметтік психологиялық қасиеттерін түсінуге көмектеседі.

Қиындықтың үшінші түрін оқушылар оқу жылының ортасына таман сезіне бастайды. Алғашқыда олар сабаққа қуана барды, кез келген жаттығуларға ықыласпен кірісті. Бірақ бірінші сыныпта оқу үрдісі әдетте балалар белгілі бір даяр білім мен анықтамалар алып, оларды есте сақтап, қажетті жағдайларда қолданатындай етіп жасалған. Әрине, мұндай жағдайларда баланың ақыл-ой ізденісінің өрісі тар, таным дербестігі шектеулі болады. Мектептің сыртқы атрибуттарына үйрену дәрежесіне қарай балада оқуға деген құштарлық өте бастайды да нәтижесінде селқостық пен немқұрайлыққа салынады.

Шынымен де қазіргі оқу үдерісі мектепке жаңа келген балаға көп талап қоятындықтан, мектептен қорқу мен үрейлену пайда болады. Қорқыныш пен үрейді біріктіретін негізгі бастау ол мазасыздану сезімі.

Жауапкершілік, парыз міндеттер сезімін тудыратын оқушының әлеуметтік ұстанымы, «ондай бола алмау» қорқынышының пайда болуына алып келеді. Яғни бала үлгермей қалуға, кешігуге, дұрыс жасамай қоюына, айыпталуға және жазаланудан қорқады. Бастауыш сынып жасында «ондай бола алмау» қорқынышы шарықтау шегіне жетеді. Себебі балалар жаңа білімді игеруге тырысады, өзінің оқушылық міндеттеріне салмақпен қарайды және баға алу жөнінде уайымдайды. Мектепке бейімделуде қорқыныш сезінеді.

Бастауыш мектеп жасындағы бағалау іс-әрекеттің нақты нәтижесін ғана бағалау емес. Оны бала өзінің тұлғасын бағалау деп түсінеді. Әсіресе, бұл-эмоционалды сезімтал, әлеуметтік-мәдени және педагогикалық олқылығы бар балаларға тән. Жас өсе келе осы тәрізді қорқыныштар өзінің сипатын өзгертеді, кейде мүлдем жоғалып кетеді.

Мектептік қорқыныш баланың әлеуметтік психологиялық жайлылығын ғана емес, сонымен қоса балалар неврозының дамуына да ықпал етеді. Бастауыш сынып оқушыларының қорқыныштарын аяқталмаған сөйлемдер мен бала суреттерін зерттеу әдістерімен анықтауға болады. Суреттерді зерттеу баланың қызығушылықтарын, әуестіктерін, темпераменттерінің ерекшеліктерін, көңіл-күйін және ішкі әлемін жақсы түсінуге мүмкіндік береді.

Мектептегі үрейлену – бұл баланың эмоционалдық жайсыздығының ең жеңіл көріністері. Мектептегі үрейленудің жоғары деңгейі, өзін-өзі бағалаудың төмендеуі, мектепке келу мен оқудың алғашқы айлары кезеңіне тән. (Р.Тэмм, М.Доркин, В.Амен). Бұл қиындықтарды жеңу үшін, баланы жан-жақты зерттей отырып, әлеуметтік психологиялық, педагогикалық көмек көрсету қажет.

Балалар үрейленуін жеңудің екі тәсілі бар:

1.Қиын  жағдайға түскен баланың конструктивтік  мінез-құлық тәсілдерін қалыптастыру, сондай-ақ шектен тыс мазасыздануды, үрейленуді жеңетін әдістерді  игеру.

2.Өзіне-өзі  сенімділігін нығайту, өзіндік баға  мен өзі туралы ойын дамыту, адамның «тұлғалық өсуіне» қамқорлық ету.

Бірінші сынып оқушыларының мектептен үрейленуін жеңу үшін мыналар қажет: оқушының ішкі ұстанымымен байланысты қажеттіліктердің күшін жеңілдету, азайту. Жаңа неғұрлым жоғары біліктер балаларға түрткілерді жүзеге асырылуының қате қалыптасқан тәсілдерінен бас тарту үшін мінез-құлықтың, іс-әрекеттің, қарым-қатынастың үнемі қолданыстағы біліктерін дамыту және байыту қажет. Жеке адамда үрейдің конфронтациялық сипатта пайда болуын ескере отырып, оған бәсекелес басқа біліктерді барынша «нығайту» керек. Мектептегі шектен тыс қысымды азайту жөнінде жұмыстар жүргізу.

Үрейі бар балалармен жұмыс істегенде, олардың сәттілікке, сәтсіздікке, бағалауға және нәтижеге қатынасын ескеру қажет. Бір нәрсені дұрыс және бұрыс істегені жөнінде шешім шығара алмайды, бағаны ол үлкендерден күтеді. Бала іс-әрекетінің, мінез-құлқының берекесіздігіне, қатты қысымға әкелетін мектеп талаптарының жоғары мәнділігі әр түрлі әдістер арқылы төмендетіледі. Бұл жұмыстың маңызды бағытының бірі болып, оқудың негізгі түрткілерінің бірі болып, біліктілік түрткісін дамыту, басқалардан кем болмауға тырысу, өзінің «толымсыздығымен» келіспеу болып табылады.

 «Баланы  мектепке әлеуметтік психологиялық  дайындау» ұғымының нақты анықтамасы  әзір жоқ және мектептегі жүйелі  оқытуға дайындықтың сенімді, кең ақпаратты өлшемдері де әлі құрылмаған. Шетелдік психологтар «мектептік кәмелеттікті» баланың мектептегі оқуға қатысуға қабілеттілігі дамыған кезең немесе «мектеп бағдарламасын меңгеруге қажетті білім, дағды, қабілет, мотивация және басқа деңгейлерді игеру» - деп атайды. Бірінші анықтама жалпы айтылса, екіншісінде әлеуметтік психологиялық пен педагогикалық дайындық араласып кеткен. Ал ресейлік психологтар баланы мектепке әлеуметтік психологиялық дайындауды ұжымда мектеп бағдарламасын меңгеруге қажетті психикалық даму деңгейінің болуы деп түсінеді. Яғни оқу бағдарламасы баланың «таяудағы даму зонасына сәйкес» (Л.С. Выготский) келуі керек. Кейінгі кезде психологтар Л.А. Венгер мен С.В. Мухинаның көзқарасын қолдауда, «мектепке дейінгі жастағы балада «мектептік» қасиеттер таза күйінде, яғни оқушыға лайықты әлеуметтік психологиялық белгілер болуы мүмкін емес, өйткені олар оқу әрекеті барысында ғана қалыптасады» - дейді. Осыдан келіп, Л.А. Венгер мектептегі оқуға әлеуметтік психологиялық дайындық балада «мектептік қасиеттердің қалыптасуында деп есептейді. Психологияда осылайша бір ұғымның болмауынан баланы мектепке әлеуметтік психологиялық дайындау туралы әртүрлі авторлар (Л.И. Божович, И.В. Дубровина, Н.Г. Салмина, И. Шванцара т.б) оның түрлері құрылымдарын ұсынады.

Мухтарханова титул.doc

— 27.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Информация о работе Жеткіншектер арасындағы нашақорлықтың әлеуметтік- психологиялық ерекшеліктер