Жеткіншектер арасындағы нашақорлықтың әлеуметтік- психологиялық ерекшеліктер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Июня 2014 в 10:29, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеудің міндеттері:
өзін-өзі бағалау мәселесі бойынша шетелдік және Отандық психологиядағы әлеуметтік негізгі теориялық теориялық бағыттарға талдау;
бастауыш мектеп оқушыларында кездесетін қиындық түрлерін
әлеуметтік психологиялық қолдау ретінде шешу;
балалардың өзін-өзі бағалау динамикасын зерттеуге ұсыныс беру.

Содержание

КІРІСПЕ……………………………………………………………..3
1 НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ ЖОЛДАРЫ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ............................................................................6
Психология ғылымындағы кеңес беру мәселелері………6
1.2 Жағымсыз әдеттердің әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерінің себептері………………………………………………16
1.2.1. Нашақорлық, қоршаған орта және жеткіншектер…………..22
1.3 Жеткіншектердің есірткі қолдануының әлеуметтік- психологиялық ерекшеліктері…………………………………………..24
1.3.1. Жеткіншектердің психикалық дамуындағы ауытқуларға (нашақорлыққа байланысты) отбасының әсері……………………….44
2 ЖЕТКІНШЕКТЕРМЕН НАШАҚОРЛЫҚПЕН ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҮРГІЗУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖӘНЕ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.............................................................................................44
2.1 Мектепте нашақорлықпен қарсы күрес жүргізудің алғашқы профилактикасы………………………………………………………….
50
2.2 Нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу бойынша жеткіншіктерге профилактика жүргізудегі отбасының рөлі…………56
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………..61
ПАДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………..63

Прикрепленные файлы: 4 файла

Толеуова (исправ).doc

— 552.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Толеуова титул.doc

— 30.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Мухтарханова (исправ).doc

— 824.50 Кб (Скачать документ)

Түрлі көзқарастарды қорыта келе, мектептегі оқуға әлеуметтік психологиялық дайындықтың компоненттеріне психомоторлық (функционалдық), интеллектуалдық, эмоционалды-еріктік, тұлғалық (соның ішінде мотивациялық), әлеуметтік психологиялық (коммуникативтік) дайындықты жатқызуға болады деген пікірлер бар. Сондықтан «әлеуметтік психологиялық дайындық және бастауыш мектеп жасының бірізді байланысының феномені» - деп көрсетіледі. Осы тұстағы проблемалар мыналар:

Біріншіден, екі жас кезінде (мектепке дейінгі, бастауыш мектеп) әлеуметтік психологиялық бірлікте қарастыруға ықпал ететін интегративтік сипаттаманың әлі де аз жасалуы екі жас бір кезеңге-балалық шаққа жатады, сондықтан бірінен-біріне өткендегі кризис, Д.Б. Элькониннің терминологиясымен айтқанда аз. Сол өтпелі кезең секірмелі болмай, баланың дамуына ыңғайлы, оңтайлы жолмен өту керек. Осы жағдай тәжірибеде дұрыс өтіп жатыр ма, міне зерттелетін мәселе-осы. Екі жас кезеңнің байланысы бала дамуында үздіксіз болатын екі жақты үрдіс екендігі ескерілуі керек.

Екінші мәселе баланың мектепке әлеуметтік психологиялық дайындығының бірыңғай тұжырымдамасының болмауын атайды.

Үшінші мектепке дайындықтың психодиагностикасын жүргізудегі мәселелер.

Төртіншіден, баланы мектепке әлеуметтік психологиялық дайындау жұмысына психолог, әлеуметтік педагог қана емес, ата-ана да, тәрбиеші де қатысады. Ал оларды мектеп психологы мен әлеуметтік педагогы дайындау керек. Ол да үлкен мәселе. Яғни, «Мектепке баланы әлеуметтік психологиялық дайындау» тақырыбы теориялық та, практикалық та жағынан терең, нәтижесінде  тәрбиеші де, мұғалім де, әлеуметтік психологта, әлеуметтік педагогта бұл мәселемен айналыса алатын дәрежеде даярлануына назар аудару керек.

Ендеше қазіргі кезеңде бастауыш мектепте жай ғана мұғалім емес әлеуметтік педагог қажет. Яғни жеке бастың әрекетінің жылдамдығымен тиімділігін ынталандыратын және белсендіретін әлеуметтік педагог. Ол қандай сәтте болмасын, өз беделі туралы емес тек қана бала туралы ойлайды, беделдік стилді қолданбайды. Жаңа білім парадигмасындағы жаңа формация ұстазы міне, нағыз әлеуметтік педагог болуы тиіс. Ол мұғалімнің жаңа әлеуметтік педагогикалық ойлауын, тұлғалық жеке ұстанымын, құндылықтарын бейнелейді әрі соған негіздейді.

Тұлғаның өзіндік құрылысында мағына-мақсаттар, мағына-қызығушылықтар, мағына-мотивтер, мағына-күйзелістер, мағына-қатынастар жүреді. А.Н. Леонтьев бойынша тұлғалық мағыналар жүйесі байланысының қалыптасуы дегеніміз тұлғаның қалыптасуын білдіреді.Г.Н.Сибирцова бойынша баланың оқушы ретінде табысты қалыптасуының белгілеріне:

- білімге деген қажеттілік, адам  мәдениетінің белгілі бір саласын  терең меңгеруге ұмтылысы;

- білім ордасымен, сыныбы, мұғаліммен  мақтану сезімінің болуы;

- білім мекемесінде, сыныпта өздерін  жайлы сезінуі, қауіпсіздіктерін  сезінуі;

- сыныбының дәстүріне қамқорлық  білдіруі;

- ересектердің тәжірибесімен білімін  сыйлайтын оқушы болу білігі.

 

2.2 Бастауыш  сынып оқушыларының өзін-өзі бағалаудың ерекшеліктері

 

Өзін-өзі бағалауды тұлғаның әлеуметтік дамудың басты көрсеткіштерінің бірі деп санаймыз. Өйткені жас ұлғайған сайын  әлеуметтік тұлғаның   өзін-өзі танудың басқада құраушылары сияқты жылдам орныға бастайды.

Б. Ананьев [5] өзін-өзі бағалауды оқыту үрдісінде жүзеге асатын тұлғалық білім алу, белсенді қалыптасу ретінде қарастырады, оның оқушының оқу-танымдық әрекетіне маңызды ықпалы бар екендігін айтады. Оның пікірінше, оқу үрдісінде өзін-өзі бағалаудың қалыптасуы, педагогтердіщ сыныптағы және отбасы тұрмыстық ортаның ықпалымен жүзеге асады.

Бұл ұстанымдардың А. Липкина [49] зерттеулерінде әрі қарай 
дамытылғанын көреміз. Автор бастауыш мектеп оқушысының өзін-өзі бағалауының қалыптасуына ықпал ету оқу пәндерінің мазмұны мен оқыту әдістерімен, оқыту» үрдісінде оқушылар арасында орнатылған қарым-қатынастар жүйесімеңі анықталатындығын   айтады. Бастауыш мектеп  оқушысының  өзін-өзі  бағалауың қалыптастыру негізіне оқушының әрекетке қосылуы ғана емес, сондай-ақ, оның нэтижелерінің бағалануы қажет деп есептейді.

Ш. Амоношвилидің [3] пікірінше, өзін-өзі бағалауды қалыптастыру үшін жеке бағалаушылық пайымдауда оқушы бетке үстайтын ерекше бағалау өлшемдері құрылуы қажет. Ол «белгілі бір үлгі өлшемдерді, олармен жұмыс істеу жолдарын меңгерген бағалаушылық пікірлер үлгілерін, жолдастарынык жұмыстарына қатысты мазмүнды бағалау тәжірибесін игерген оқушы өзінің жеке оқу-танымдық әрекетіне бағалау бөлігін белсенді енгізе алатындығын атап көрсетеді.

М. Львов   зерттеулерінде - бастауыш мектеп   оқушысының   өзіндік   бағалауын қалыптастырудың маңызды қыры ашылады. Оның пікірінше, оқушыны әрекер субьектісі   ретінде   қалыптастырудың   келесі   міндеті   мынадай   шарттармен  қамтамасыз етіледі:

  • сыныптағы еркін хал ахуал;
  • мұғалім тарапынан оқушыларға сенім білдіру және құрмет;
  • жаңа білім алуда оқушыларға дербестік берілуі;
  • мұғалімнің әрбір оқушының оқуға көңіл-күйін, қызығуын, қабілеттеріі назарға алуы;
  • жалпы мәдени жағдай, мұғалім мен оқушылар дамуының жоғары деңгейі.

Н.Калашникова [36] мен Ю. Иванов [35] өзіндік жұмыс үрдісінде және мектеп оқушыларының оқытуда жеке компьютерлерді қолданып, оқу әрекеті қалыптастыруды зерттей келе, өзіне-өзі баға беруді күрделі ерекше 6қ әрекетіне айналдыру үшін мұғалімнің оқу міндеттерін белгілеу жеткіліксі деген тұжырымға келген.

Сонымен, психологиялық-педагогикалық әдебиетке талдау жасай келе тұжырымға келуге негіз болады, өзін-өзі бағалау оның бастауыш мектеп оқушысының оқу-танымдық рөлі тұрғысынан екі аспектіде қарастырылады.

1. Өзін-өзі бағалау оқыту  үрдісінде белсенді қалыптасатын  тұлғалық білім алу ретінде алға шығады және ігіші мектеп оқушысының оқ танымдық әрекетінде маңызды ықпал жасайды.

2. Өзін-өзі бағалау - оқу  әрекеті тұтастай құрылымының  ерекше бөлігУ оның қызметі. мектеп оқушысы осы әрекет субьектісі ретінде оқу міндеттерін шешуде оның қаншалықты алға жылжығанын анықтай білу болып табылады.

Баланың жеке тұлғасы қалыптасуында өзін-өзі бағалаудың пайда болуы мен дамуы мәселесі негізгі мәселенің бірі болып табылады. өзін-өзі бағалау -өзін-өзі тануды дамуда қажетті құрамдас бөлік, яғни адамның өзін, өзінің дене күшін, ойлау қабілетін, қылықтары мен дәлелдерін, мінез-құлық мақсатын сезінуі, қоршаған ортаға, адамдарға және өзіне деген көзқарасын, қатынасын білдіреді.

Өзін-өзі бағалау отандық психологияда өзін-өзі танудың қалыптасуы мен дамуы мәселелеріне байланысты оқытылды. Бұл зерттеулер екі топтағы сұрақтар төңірегінде 
топтастырылған. Бір жағынан, жеке тұлғаның дамуындағь 
жалпы мәселелерді қарайтын контексте өзін-өзі танудың қалыптасуын байланысты сұрақ жалпытеориялық және методологиялық алғышарттард; 
талқыланды. Аталған сұрақ бойынша Б.Г. Ананьев [5], А.Н. Леонтьев [45] 
С.С. Рубинштейн, М.Н. Скаткин секілді педагог-психологтар еңбектерін бөліп 
көрсетуге болады.

Келесі топтағы зерттеулерде, өзін-өзі бағалау ерекшелігі мен оның қоршаған ортаның бағалауымен өзара байланысы қаралатын арнайы сұрақтар айтылды. Соның ішінде А.И. Липкина [50], Е.И. Савонько, Е.А. Серебрякова, В.А. Горбачевалардың [29] жарияланымдарын бөліп көрсетуге болады.

Л.С. Выготский [23] баланың өзіне жеке тұрғыдан көзқарасы қалыптасуы жеті жастағы кезеңнен басталады, өзін-өзі бағалау жағдайға тәуелсіз, орнықты деп есептейді. өзін-өзі бағалау баланың өзіне көзқарасын қалыптастырад басқа адамдармен қарым-қатынас әрекетінің тәжірибесін біріктіреді. Бұл өзінің жалпы мінез-құлқын әлеуметтік қалыптарға сай құратын, өз әрекетін қалыптарға өлшем тұрғысынан бақылауға мүмкіндік беретін маңызды тұлғалық саты Р. Бернс [10] американдық авторлардың көптеген зерттеулерін талдай кел мектепке дейін жэне мектеп жасы шегінде өзін-өзі бағалаудың дамуыщ сапалы секіріс болатынын айтады.

Д.Б. Эльконин мен оның тобы жүргізген ғылыми-тәжірибелік зерттеулер темендегідей ғылыми болжамдарға сүйенеді:

1. Ерте «мен бейнесі» «жеті жастағы дағдарыспен» байланысты пайда болады осы жаста баланың қалыптасуының когнитивті алғышарттары жетіледі. Нақ осы жасындағы бала өзін біртұтас тұлға ретінде сезінеді. Оның өзіне деген көзқарасы өз-өзінен сол оратаға қалыптасып кетеді.

2. Ерте  «Мен  бейнесі»  танымдық  айқындаушылық  түрден  гөрі  таңқалу, сүйсінуге жақын.

Балаларда оқу жылы бойы өзін-өзі бағалаудың қалыптасуы байқалады. Өзі туралы мағыналы түсінікке қатысы жоқ өзін-өзі бағалау «Мен тұжырымдамасынан» ерте пайда болады. Алайда, өзін-өзі бағалау «Мен тұжырымдамамен» байланысты болғанда әлдеқайда орнықты бола бастайды әрі олардың арасындағы мағыналық үйлеспеушілік те байқалмайды. Оқу жыл бойында «Мен бейне» екі есеге ұлғаяды.

Өзін-өзі бағалау өлшемі мағыналас емес. Жеке тұлға өзін екі түрлі тәсіл арқылы бағалайды. Бірінші, өз ісінің объективті нәтижесін өзінің үміт ету деңгейімен салыстыру арқылы, екінші, өзін басқалармен салыстыру арқылы. үміттену деңгейі жоғары болған сайын, оны қанағаттандыру қиындай түседі.

Жеке тұлғаның өз қабілетін бағалауында іс-қимылдарына сәттілік пен сәтсіздік айтарлықтай әсер етеді. Сәтсіздік үміттену деңгейін төмендетсе, табысты болу оны көрсетеді. Салыстыру сәтінің маңызы да айтарлықтай: өзін бағалау отырып, жеке тұлға өзінің дара табыстарын ғана ескермей, сонымен бірге барлық әлеуметтік жағдайды ескере отырып, ерікті немесе еріксіз түрде өзін басқалармен салыстырады. Жеке тұлғаның жалпы өзін-өзі бағалауына оның жеке басының ерекшеліктерімен бағаланатын белгі әрекеттің ол үшін қаншалықты күшті әсер етеді. Өзін-өзі бағалаудың жекеше түрі шексіз көп. Адамның жеке құндылығының жүйесін білмей тұрып, ол туралы шешімге келу оның ісінің қандай саласы ол үшін негізгі болып есептелетінін айту мүмкін емес [41].

Өзін-өзі бағалауы жоғары балалар белсенді, сергек, тапқыр, қателіктерін өз бетімен таба алады, мүмкіндіктерін сай тапсырмаларды таңдай алады, дұрыс шығарылған есептен соң, дәл сондайын немесе одан қиынын таңдайды, сәтсіз орындалса, өзін тексереді немесе орындалуы оңай тапсырманы алады. Бұл балалар өзін-өзі бағалауын көтеруге болатынын қолпаштауға тағы басқа әрекеттерге өте сезімтал.

Өзін-өзі бағалауда балада оның болашаққа құрған жобасы, мейлі ол іске аспаған болса да, бірақ оның жалпы мінез-құлқының дұрыс қалыптасуында және соның ішінде жекелей оқу әрекетінде маңызды рөл атқаратын ұсыныс көрініс табады.

Өзін-өзі бағалауда баланың басқалардан өзі туралы білуі және оның өз қимылы арқылы жеке қасиеттерін білуге бағытталған белсенділігінің өсуі байқалады.

Балалардың өздері жіберген қателіктерге әртүрлі қарайтыны белгілі.

Жеке тұлғаның өзін-өзі бағалауындағы көрсеткіш тек оқуда жіберілген ғана емес мінез-құлқындағы жіберілген кемшіліктеріне де көзқарас.

Бұрын айтылғандай, баланың өзін-өзі бағалауында оның тек жеткенжетістіктерге көзқарасы ғана емес, сонымен бірге оның қандай болғысыкелетіні, алға үмтылуы, үміті де көрінеді. Өзін-өзі бағалау - адамның нет талаптануымен тығыз байланысты.

Баланың өзін-өзі бағалауынан ғана емес, сонымен бірге ол басқалардыд жетістігіне қалай қарайтындығынан да байқалады. Өзін-өзі бағалауы жоғары оқушылар байқау көрсеткендей, өз істеріне мақтанбайды, есесіне басқалардың істерінің бәрінен кемшілік тауып отырады, керісінше, өзін-өзі бағалауы төмен оқушылар жолдастырының жетістігін артық бағалауға бейім.

Өзіне сынмен қарамайтын балалар, әдетте, басқаларға сынмен қарайды. Өзін-өзі бағалауы жоғары балалар оқуда, қоғамдық тапсырмаларды орындауда, ойында да табысқа жетуге ұмтылуда белсенділіктерімен ерекшеленеді.

Өзін-өзі бағалауы төмен балалар өздерін мүлде басқаша ұстайды. Олардың негізгі ерекшелігі-өздеріне сенімсіздік. Олар барлық бастамалар, істерінен тек қана сәтсіздікті күтеді.

Баланың өзін-өзі бағалауы мен отбасының материалдық қамтамасыз етілуі арасында ешқандай байланыс жоқтығы байқалды. Есесіне отбасының беріктігінің маңызы зор, себебі бүлінген отбасындағы балалардың өзін-өзі төмен бағалайтыны кездесті.

Баланың өзін-өзі бағалауы мен ата-анасының онымен бірге өткізген уақытының арасындағы байланыс айқындалмады. Өзін-өзі: бағалауы жоғары балалар тәрбиеленген отбасыларында ата-аналар отбасының әртүрлі мэселелерін шешуде балаларын да кірістіріп тартып отырған. Баланың пікірін мұқият тыңдап, үлкендердікімен сәйкес болғанда оған құрметпен қарап отырған.

Өзін-өзі бағалауы темен балалар тұратын отбасында мүлдем басқаша жағдайлар қалыптасқан. Мұғалім өзін-өзі бағалауы төмен оқушы оған кері түсінік бермейді деп, қорғанбастан пайдалана алатын әрекет элі қалыптаспаған. Бұл әрекеттің басқа балалар көзінде дұрыс бағытта қалай көрінетіні бұған мұғалім қаншалықты шын пейілін жұмсайтыны маңызды емес, бала қай жағдайда болсын кері қабылдауы мүмкін. Міне, сол себепті баланың өзі туралы жақсы пікірлері өте ерте кезден қалыптасуының маңыздылығы өте қажет[42].

Бастауыш мектеп оқушысының өзіндік сана-сезімінің дамуы баланың өзіне талар қоя білуі, өзіне сын көзбен қарай бастауының біртіндеп өсуі арқылы байқалады. Бірінші сынып оқушылары өздерінің оқу әрекетін оң бағалайды, сәтсіздіктерін объектілік жағдайлармен байланысты деп есептейді. Ал, екінші - үшінші сынып оқушылары оқудағы табыстарын ғана емес, сәтсіздіктерін бағалауда да әлдеқайда сыни көзқараспен қарайды.

Мухтарханова титул.doc

— 27.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Информация о работе Жеткіншектер арасындағы нашақорлықтың әлеуметтік- психологиялық ерекшеліктер