Жеткіншектер арасындағы нашақорлықтың әлеуметтік- психологиялық ерекшеліктер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Июня 2014 в 10:29, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеудің міндеттері:
өзін-өзі бағалау мәселесі бойынша шетелдік және Отандық психологиядағы әлеуметтік негізгі теориялық теориялық бағыттарға талдау;
бастауыш мектеп оқушыларында кездесетін қиындық түрлерін
әлеуметтік психологиялық қолдау ретінде шешу;
балалардың өзін-өзі бағалау динамикасын зерттеуге ұсыныс беру.

Содержание

КІРІСПЕ……………………………………………………………..3
1 НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ ЖОЛДАРЫ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ............................................................................6
Психология ғылымындағы кеңес беру мәселелері………6
1.2 Жағымсыз әдеттердің әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерінің себептері………………………………………………16
1.2.1. Нашақорлық, қоршаған орта және жеткіншектер…………..22
1.3 Жеткіншектердің есірткі қолдануының әлеуметтік- психологиялық ерекшеліктері…………………………………………..24
1.3.1. Жеткіншектердің психикалық дамуындағы ауытқуларға (нашақорлыққа байланысты) отбасының әсері……………………….44
2 ЖЕТКІНШЕКТЕРМЕН НАШАҚОРЛЫҚПЕН ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҮРГІЗУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖӘНЕ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.............................................................................................44
2.1 Мектепте нашақорлықпен қарсы күрес жүргізудің алғашқы профилактикасы………………………………………………………….
50
2.2 Нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу бойынша жеткіншіктерге профилактика жүргізудегі отбасының рөлі…………56
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………..61
ПАДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………..63

Прикрепленные файлы: 4 файла

Толеуова (исправ).doc

— 552.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Толеуова титул.doc

— 30.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Мухтарханова (исправ).doc

— 824.50 Кб (Скачать документ)

Адамға өзіндік санада ғана жоғары деңгейде, өзін қабылдау және өзін дамыту түсінігі қарастырылады. Өзіндік сана қалыптасуы өзіндік мазмұн, өзіндік жетілу қажеттілігін меңгеруден және өз өміріне жауапкершілік алудан тұрады.

Өзіндік сана дамуы өзіндік сенім, (өзіндік бақылау, өзіндік талдау) өзіндік баға (эмоционалды құндылыққа қатынас), өзіндік реттелу жатады.

В. Сатир «Өз құндылығымның декларациясы» деп, барлық адамдарды есте сақтауға шақырады, «Мен – ол мен» бар әлемде маған ұқсайтын адам жоқ. Менің барлық жеңісім менің қателігім өзімдікі. Мен өзіме жеткіліктімін, мен өзімді жасай аламын. Мен өте тамаша адаммын.

Оның тұжырымдауысынша өзіндік бағаны «Адамдағы барлық ауру, өмі сүру мәселесінен, кейде қылмысынан - өзін бағалау төмендеп, одан сапалы меңгерумен өзгертуді керек етпегендіктен.

Өзіндік реттеу өзінде шыдамдылықты дамыту, ерік – күш еркіндігі, толық жауапкершілік, ақыл – ойын сараптау, онда өмірді ашық, көңілді жеңісті ету үшін ережені сақтау:

  1. Өзіне сену – ары таза болу
  2. Жауапкершілікті қорықпай алу
  3. Өз көңілін көтеріңкі ету
  4. Өз қателігіне, құнды тәжірибе деп қарау
  5. Өзіңде болып жатқан жағдайға құрметпен қарау.

Зерттеулер негізінде жеке тұлғаның психикалық саулығына көптеген әлеуметтік жағдайлар әсер етуіне байланысты  әлеуметтік психологиялық қызмет көрсету қажет.

Негізгі бағыттары бойынша: психодиогностикалық, психокоррекциялық, психологиялық кеңес беру болып табылады. Әрбір жеке тұлғаның құндылығы ескеріліп, өмірдегі кез – келген әлуметтік жағдайда дайындау қазіргі заман талабы.

Бала үнемі жақсы әлеуметтік психологиялық жағдайда тәрбиеленуі, оқуы,  өсуі қажет. Сонда балада жағымды «мен» бейнесі қалыптасады, өзіне деген сенімділігі, өзіндік сезімі туады. Мұндай «мен» бейнесі кез келген баланың жақсы жағдайға, нәтижеге жетуіне, дұрыс дамуына мүмкіндік береді. И.Кон «Мен» бейнесі элементтерінің когнетивтік күрделілігі мен жіктелуі кіші жастан ересек жасқа қарай біріншіден, елеулі үзіліссіз және дағдарыссыз артады. Ересектер жасөспірімдерге, ал жасөспірімдер жеткіншектерге қарағанда өзіндегі қасиеттерді көбірек ажыратады. «Мен» бейнесінің тізбектілігінің және тұтастығының даму үрдісі артатындығын, бірақ мұнымен бірге тартымдылық деңгейінің және сыртқы бағалаудан өзін - өзі бағалауға қайта бағдарланудың қиындықтарының белгісі болмауы кейінгі дамудың көзі болып табылатын өзін - өзі білудің бірқатар ішкі мазмұндық қайшылықтарын туғызады деп тұжырымдайды.

Кез-келген   мәдениетті   ортада   адам   өзін   «Мен»-тұжырымдамасының негізінде басқарады, яғни оның өзі туралы көрінісіне сәйкес.

Ішкі бейімделу ішкі өзгерістермен байланысты. ішкі өзгерістер «Мен» түжырымдамасының өзгеруі немесе өзіне деген қарым-қатынасыныі қондырғысының нэтижесінен болады.

«Мен»-тұжырымдамасы - бұл адамның өзі туралы немесе өз бейнесі яғни өзінің денсаулығы, сыртқы көрінісі, мінезі, айналасындағыларға әсері, қабілеттері мен кемшіліктері туралы көзқарасы. «Мен»-тұжырымдамасының ең негізгі аспектілерінің бірі — өзін-өзі бағалау: өзін жоғары бағалайтын адам өзі жағымды түрде қабылдайды, «Мен»- тұжырымдамасы төмен өзіндік келеңсі: теріс мінез көрсетеді.

«Мен» түсінігінің мықты екпіні тек батыс-европалық жэне солтүсті американдық мәдениетке тән. Көптеген елдердің мәдениетерінде (сондай-ақ Азия, Латын Америкасында және т.б. Европаның оңтүстігіндегі елдер) топть және жалпы құндылықтарға басты көңіл аударылады. Бұл елдердің мәдениеттерінде адам үшін оның отбасы мүшелері немесе әріптесте қамқорлық жасау керек деп есептелінген. Бұл мәдениеттердің өкілде американдақтардың   көзқарастарын   үнемі   өзімшілдік  деп   санайды.   Батыс мәдениетінің  негізінде,  реттеуді  зерттеген  кезде,  оларда адамның «Мен»-тұжырымдамасының мықты біржақтылығы байқалды.

Сыртқы көрініс - бағалау қиынға түспейтін, «Мен»-тұжырымдамасының аспектісі. Өзінің сыртқы көрінісіне әр адам әртүрлі қарайды.

Негізінде, адамның өзі туралы пікірі басқа адамдардың оған деген қарым-қатынасынан   негіз   алады.    «Мен»-тұжырымдамасының   қалыптасу   үрдісі балалық шақтан басталады. Мәселен, ата-анасы баласына ат қойғанда, баланың болашағынан үлкен үміт күтіп, соны тосуына байланыстырады. Бір нәрсе белгілі,    баланың    ата-анасы    қойған    аты    ғана    емес,    қолдау    көрсету; сүйіспеншілік,      мадақтаулар      және      ата-анасының      баласына      деген қызығушылықтары, балада жағымды «Мен»-түжырымдамасы мен жоғары өзін -өзі бағалауын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады. Егер балаға үнемі үрсып оған   кейде   ғана   жылы   сезім   білдірсе,   онда   балада   жағымсыз   «Мен» түжырымдамасы мен төмен өзіндік баға қалыптасады. Темен өзіндік бағадағь балалар өзіне сенімді емес және оларда өзіндік ар-намысы, қадір -қасиеті әлсЬ нашар дамыған. Олар басқа балалармен тіл табысуда, қарым-қатынас жасауд қиналады. «Мен»-тұжырымдамасы жағымсыз қалыптағы балалардың міне: құлқында,   достарымен,   мұғалімдермен   басқа   да   топтардың мүшелерімен қарым-қатынасында үнемі тауқымет болып отырады. Бұл жағдайлар мұндай балаларда өзіндік бағасына одан сайын кері әсер етеді. Баланың бірінші сыныптағы «Мен»-тұжырымдамасының тауқыметінен өмір бойы зардап шег келген жағдайлар да кездеседі.

Өсе келе, дами келе, балалар өздерін басқалармен салыстырып, «Мен, Әлия сияқты әдемімін емес пе?» немесе «Мен Дина сияқты жақсы қызбын «Мен де Ғабит сияқты жақсы жұмыс істей аламын» - деген пікір білдіреді. Бозбалалық кезеңге жақындай келе, балаға ата-анасының көзқарасынан гөрі достарының ой-пікірлері шешуші мәнге ие болады.

Әрбір адам өзінің қандай болғысы келетініне байланысты, арман-мүратындағы «Мен» бейнесін тудырады. Ереже бойынша, армандағы «Мен» ата-аналары, мұғалімдері, достары мен абыройлы адамдардың көзіндегі қүндылық сапаларына ие болады. Адамның «Мен» бейнесі айналадағылардың әсерінен өзгеруі мүмкін.

Лавануэя мен Уалидің зерттеулері жағымды «Мен»-тұжырымдамасы баш адамдардың  айналасындағыларға  шыдамдылықпен  қарауға  бейім  екендігіа көрсетіп берді. Олар өздерінің сэтсіздіктерін де жеңіл қабылдайды, олардьщ сәтсіздікке  үшыраулары  өзіндік  бағасы  темен  адамдарға  қарағанда  сирек кездеседі. Жоғары өзіндік баға, әдетте, өз бетімен, дербес және адалдық сияқты сапалармен сәйкес келеді. Өзі туралы жағымды пікірдегі адамдар ең алдымен өз дегеніне сүйеніп,  содан барып қана басқалардың кеңестері мен сындарын қабылдайды [30].

Кей-кездерде «Мен»-тұжырымдамасы жағымды адамдарға да өзін  басқару қиынға түседі. Бейімделу үшін критерийлерді табу қиынға түскенімен, «Мен»-тұжырымдамасы жағымды адамдар «Мен»-тұжырымдамасы жағымсыз адамдарға қарағанда, тез бейімделеді. Реттегіштің амал-тәсілдері мәдениет ортасы мен нақты жағдайға байланысты. Адамға қолданылған бейімделудің жекеше әдістері оның жеке тұлғасының бөлігі болып табылады. Жеке тұлға, жеке адамға берілетін анықтамалардың көптігіне қарамастан, соның ішінде көбі қоршаған орта жағдайына бейімделу аспектісін сызып көрсетеді. Жеке тұлға адамның мінез-құлық, ойлау, сезім, қажеттіліктерін қоса алғанда, яғни сыртқы көрінісі жоқ аспектілерінің барлық жиынтығын көрсетеді. Кейбір мінез-құлы және сезім түрлері жиі қайталанады, ал енді біреулері - сирек қайталанады.

«Өзім», «ұқсастық, бірлестік» сияқты терминдер жалпы қолданысқа ене бастады: бұл ұғымдардың астарында жеке адамның өз-өзіне деген қарым-қатынасы туралы нұсқама, түсініктер жатыр. Бұл нұсқамалардың пайда болуына не көмектеседі?, деген сұрақтар туындайды. Олар қалай сақталадьад Осыған байланысты көптеген күрделі теориялар бар.

Нәрестелер басында өзі мен қоршаған ортаның арасындағы қырларың анықтауға қабілетсіз. Бірақ, оларда біртіндеп өзіндік «Мен» дамып, дене бітімінің, денесінің тек өзіне ғана тэн екенін, оның қоршаған ортадан тәуелсіздігін сезіне бастайды. Нәрестелік кезеңнің үлкен бөлігі балада тек осымен ғана шектеледі.

Кейіннен кішкентай балалар өздерін ата-аналарымен, достары мен туған-туыстарымен салыстыра бастайды. Олар өздерінің аға,әпкелерінен кішкентаі екенін, олардың шаштарының түсі ашық немесе қоюлығын біле бастайды.

Олар біртіндеп өздерінің неге қабілетті, сондай-ақ, өздерінің жеке меншік ұйғарымы мен құқықтарының бар екендігінен қыр көрсете бастайды (Наrtеr 1988). Бастауыш мектеп жасы кезеңіне қарай олардың өздері туралы білімдері кеңейіп, өзінің жеке сапаларына баға бере бастайды. 5-сынып оқушысі достарының арасында сыйлы, көмегін аямайтын, мектепте, спортта үлгеріъ жақсы сияқты қасиеттердің өзіне тэн екендігін жеткізіп бере алады. Бұл өзінді ерекше белгілер бір жүйеге негізделіп, ұйымдастырылған.

«Мен»-тұжырымдамасы бүтін мәнді жеке адамның қалыптасуында өте маңызды рөл атқарады.  Адамның өзі туралы жеке көрінісі тіпті балаль шақтың өзінде-ақ (өмірдің ересектер кезеңін айтпағанда) келісімді түрде болу керек, әйтпеген күнде, жеке адам рөлдердің араласуынан зардап шегеді. «Мен тұжырымдамасы шындықтағы жэне арман-мұраттағы «Мен» бейнесін қамтид шындығында адам өзі қандай жэне қандай болуы керек туралы көрініст (Меаd,1934).   Осы   2-түрдегі   «Мен»   бейнесін   қабылдаған   адам,   өзін шындықтағы «Мен» бейнесін армандағы «Мен» бейнесінен әлдеқайда тем ұстайтын адамдарға қарағанда олардан бұрын өмірге ыңғайланып, толысь кемелденеді [30].

 «Мен»-тұжырымдамасы соншалықты  кең болып, адамның мінез-құлқы  анықтай бастағанда, ол әлеуметтендірудің  факторына, сондай-ақ, оның өніміне айналады.(1-қосымша)

 «Мен»-тұжырымдамасы   өзіне   өзін-өзі   кінәлау   тенденциясын   қосуы мүмкін. Өздерін жолы болмайтындар қатарына жатқызатын адамдар, бүрынғы бейнесін сақтау үшін өз күштерін жағдайды жөндеуге, түзетуге жұмсауы мүмкін. Бейненің бірден тез өзгеруі-жақсы жаққа өзгерген күнде де- адам оньі өте ауыртпашылықпен қабылдайды.

Балалар өскен сайын, жасы есейген сайын, оларда өздерінің және басқа адамдардың жеке басының физиологиялық, интеллектуалдық сапа, қасиеттер туралы нақты, толық көріністері қалыптасады. Олар өздерінің және басқа адамдардың «Мен» бейнесінің ерекшеленетін барлық қасиеттерін өздерін алады. «Мен» бейнесінің кемелденуі, аяқталуы 2-деңгейде өтеді - жалпы жән өзгешелік - яғни, күш жүмсалатын, әлеуметтік жэне оқу облыстарында (Маrsh, Craven, g Debus, 1991) [18].

Балалар    осылай    өзін    достарымен,    жолдастарымен    салыстырып қорытынды шығарады: «Мен спортта Нұрболдан мықтымын, бірақ математикадан Ғалым сияқты мықты емеспін» немесе «Мен Ғалия сияқты жақсы емес шығармын, бірақ менің достарым өте көп».Түсіндірілген «Мен»-түжырымдамасы, өз кезегінде, балалард айналадағылардың элеуметтік мінез-қүлқы мен өзінің әлеуметтік қалпынь мінез-құлқы арқылы бағалайтын «сүзгі» ретінде жабдықтайды (Наrter, 1982). Бастауыш мектеп жасы кезеңіндегі «Мен»-тұжырымдамасы ылғи да дәлдігімен айрықшалана бермейді. Мысалы: бірінші сынып оқушылары бозбалалар қарағанда, спортта делік, өздерінің қабілеттерін жағымды түрде қабылдау бейім келеді (Ессlеs еt аl., 1993) [18].

 

    1. Тұлғаның әлеуметтенуін зерттеу

 

Қазіргі кезде орта білім берудің мақсаты – жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін - өзі іске асыруға, өзін - өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Белгілі ғалым Н.А. Ахмерова тұлға ұғымына жетпістен астам анықтама берілгендігін, оның құрылымының жиырма бестен астам анықтамасы бар екендігін, алайда тұлға ұғымының бір мағыналы түсіндірмесіне жалпы негіздеме осы күнге дейін берілмегенін айтады.

Н.Х. Вессель баланы «субьект» және «обьект» ретінде тұқым қуалаушылық үлкен мағынаға ие екендігін, ал екінші жағдайда тәрбиенің рөлі басым екендігін айтады.

Ж. Әбиев, С. Бабаев және А. Құдиярова: «Жеке адам» ұғымын қолданып, оған төмендегідей анықтама береді: «Жеке адам»-адамның қоғамдық сипатын танытып, оның өмір барысында өзіне топтаған әлеуметтік сапалар мен қасиеттер жиынтығын білдіреді.

«Тұлға» деп қоғамдық дамудың өнімін, еңбек, қарым – қатынас және таным субьектісін, қоғамдық өмірдің нақты тарихи жағдайында анықталған адамды айтуға болады.

 

 

 

 

    1. Оқушылардың әлеуметтік белсенділігі және өзіндік баға беру теориялары

 

Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қазіргі даму кезеңіндегі қоғамның түрлі сфераларының құрылыуы мен тұлғаның белсенділігінің жоғарлауы арасында байланыс айқындала түсуде. Осыған байланысты балалардың әлеуметтік белсенділігін тәрбиелеу, оны тиімді басқару және дамыту, әдістемелік, ұйымдастырушылық және моральдік – психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету күрделі педагогоикалық мәселе ғана емес, маңызды әлеументтік міндет болып табылады. Әлеументтік психологиялық – педагогоикалық әдебиеттердегі «танымдық белсенділік» әр түрлі салада талдауды талап етуші көп аспектілі  феномен ретінде көрінеді:

  • биологиялық (П.К. Анохин, В.М. Бехтерев, Н.А. Бернштейн, А. Илиади, И.М. Сеченок);
  • психологиялық (Б. Г. Ананьев, М.Я. Басов, Л.С. Выготский, Б.Ф. Номов, В.С. Мухина, В.А. Мясищев);
  • педогогикалық (Ш.А. Амоношвили Я.А. Каменский, Д. Локк, Ж.Ж. Руссо, К.Д. Ушинский, Г.И. Щукина, Т.И. Шамова т.б);

Белсенділік бейне  белгісін тұрақтандырушы сапа болып табылады, бұл пікір іс- әрекетінің бір түрі болып табылады. (В.З. Коган). Адам өзіндік табиғи саналарының күшімен, әлеуметтік мәнділік күшімен де белсенді келеді.

Психологиялық аспект – тұрғысынан белсенділік С.Л Рубинштейн көзқарасындағы жалпы психика детеринистік түсініктің бір бөлігі  ретінде қарастырылады. Белсенділік субьектінің обьектіге қатынасын қарастырады.

Мухтарханова титул.doc

— 27.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Информация о работе Жеткіншектер арасындағы нашақорлықтың әлеуметтік- психологиялық ерекшеліктер