Жеткіншектер арасындағы нашақорлықтың әлеуметтік- психологиялық ерекшеліктер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Июня 2014 в 10:29, дипломная работа

Краткое описание

Зерттеудің міндеттері:
өзін-өзі бағалау мәселесі бойынша шетелдік және Отандық психологиядағы әлеуметтік негізгі теориялық теориялық бағыттарға талдау;
бастауыш мектеп оқушыларында кездесетін қиындық түрлерін
әлеуметтік психологиялық қолдау ретінде шешу;
балалардың өзін-өзі бағалау динамикасын зерттеуге ұсыныс беру.

Содержание

КІРІСПЕ……………………………………………………………..3
1 НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ ЖОЛДАРЫ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ............................................................................6
Психология ғылымындағы кеңес беру мәселелері………6
1.2 Жағымсыз әдеттердің әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерінің себептері………………………………………………16
1.2.1. Нашақорлық, қоршаған орта және жеткіншектер…………..22
1.3 Жеткіншектердің есірткі қолдануының әлеуметтік- психологиялық ерекшеліктері…………………………………………..24
1.3.1. Жеткіншектердің психикалық дамуындағы ауытқуларға (нашақорлыққа байланысты) отбасының әсері……………………….44
2 ЖЕТКІНШЕКТЕРМЕН НАШАҚОРЛЫҚПЕН ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҮРГІЗУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖӘНЕ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.............................................................................................44
2.1 Мектепте нашақорлықпен қарсы күрес жүргізудің алғашқы профилактикасы………………………………………………………….
50
2.2 Нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу бойынша жеткіншіктерге профилактика жүргізудегі отбасының рөлі…………56
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………..61
ПАДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………..63

Прикрепленные файлы: 4 файла

Толеуова (исправ).doc

— 552.00 Кб (Скачать документ)

3. Жаңа оқу бағдарламасын енгізу, құндылық бағдарды қайта бағалау, «не үшін және қалай оқу»  естеріне түсіріп отырмау.

4. Мектепке келетін балалардың  даму және оқу мотивациясының  төмен деңгейі.

Аталған тәуекел факторы сыртқы, объективті факторға ие. Бірақ та балаға негативті, сыртқы объективті әсерден басқа ішкі тәуекел факторлары да әсер етеді, оны педагогтар айыра алуы тиіс [36].

Жеткіншектер мінез-құлқындағы тұлға дамуының ауытқуы оларды психологиялық сақтандыруды талап етеді, яғни мінез-құлықтың психогигеналық дағдысымен оқыту, әлеуметтік-білікті адам болу үшін дұрыс таңдауды жасау ептілігі. Осы міндеттерді шешу үшін әлеуметтік-педагогикалық жағдайды құруға бағытталған, қоғамдық дағдарыстардың әсерін бейтараптау және коррекциялауда мектеп саясатын өңдеу қажет. Ол келесі бағыттарға бөлінеді:

1) жеткіншектің мінез-құлқының  ауытқуындағы әртүрлі типтер  мен формаларын таратуды анықтау, сонымен қатар оқушылардың және  олардың ата-аналарының білім беру мен тәрбиедегі қажеттілігін зерттеу;

2) оқушылардың, ата-аналардың, мұғалімдердің  пікірлерін зерттеу нәтижесін  талдау және соның негізінде  тұлға дамуының ауытқуы мен  оқушылардың анықталған ерекшеліктерін  есепке ала отырып, профилактика  және коррекция бойынша бағдарлама жасау.

3) тұлға дамуы мен оқушылардың  мінез-құлқындағы ауытқулардың алдын  алу және коррекция жұмыстарын, балалардың қалыптасуына бағытталған: тиімді араласуға қабілеттілік, жауапкершілік шешімін қабылдау, шиеленісті шешу, стрессті жеңу  т.б. психотехникалық тәсілдерді меңгерген педагог кадрларын дайындау.

4) мектепте психологиялық-педагогикалық  жағдайды құру, оқушы отбасымен  тиімді өзара әрекеттестікті  дамыту, қосымша білімдерді ұйымдастыру.

Жеткіншектерде тұлғалық және әлеуметтік біліктілікті қалыптастыру, олардың негативті мінез-құлқының коррекциясын олардағы позитивті «Мен» бейнесін, өзін сыйлау сезімі, сыни ойлау қабілеттілігін дамыту, әлеуметтік маңызды мақсат қоя білу мен жауапкершілік шешімін қабылдауға ептілікті дамытудан бастау маңызды. Жеткіншектің дұрыс таңдау жасай алуы үшін оны эмоцияларына ие болуға, стресс, мазасыздану, шиеленісті жеңу ептілігіне оқыту сынды агрессиялы емес түрде қабылдау, басқа адамдардың тарапынан жасалған қысымға қарсылық және өзін қорғау, дұрыс таңдауға мүмкіндік беретін және әлеуметтік-позитивті құралдарда пайда болған мәселелерді шешуге үйрету.

Тұлға дамуы мен жеткіншек мінез-құлқындағы ауытқулар профилактикасы бойынша жұмыс егер мына негізде жүзеге асса тиімді:

  1. оқу іс-әрекетінің жетістіктігі (оқыту);

2) оқушыны қанағаттандыратын өзара қатынас жүйесінің эмоциялық жағымдылығы (құрдастарымен, мұғалімдерімен, ата-аналарымен);

  1. психологиялық қорғану; 

Соңғы жағдай нағыз тікелей жағдайда әлеуметтік қорғануды кепілдік ете отырып, өзіне мыналарды жатқызады:

  1. оқушылар өздерінің құқықтары мен міндеттерін білуі;

2) оларды оқу және тәрбие процесінде  мұғалімдер мен басқа субъектілермен  сақтауы;

3) оқушылардың әлеуметтік және  психологиялық теңдігі, кез-келген  белгі бойынша дискриминацияны  жою.

4) Оқушылардың дара өзгешелігі және өзін-өзі анықтау құқығын мадақтау.

Осы талаптарды орындай отырып, педагогикалық ықпал дифференциясы жолымен жеткіншектердің барлық топтары және типтерімен оқу-тәрбие жұмысын жүргізуге мүмкіншілік бар.

Жоғарыда аталған тұлғаның үйлесімді дамуын қамтамасыз ететін талаптар мен шарттарды сақтау жағдайында жеткіншектерге көмек көрсетудің жиынтығы, оның базистік құрылымын және мінез-құлық іс-әрекетте пайда болуын, жеке дамудың дара темпі мен вариантын есепке алады.

Сол жұмыстың жемісті және толыққанды жүргізілуі жалпы және арнайы көмекті қажет ететін, осы көмекті жүргізуде әдістер мен тәсілдерді өңдеу, әр түрлі мектеп жасындағы оқушылардың тұлға дамуында, мінез-құлқында, іс-әрекетінде түзетуге (коррекция) ие, олар үшін функциялық және толық жинақты ортаны құру, тұлғаның үйлесімді индивидуалды дамуы мен мінез-құлқындағы ауытқуды жетекші шарт және фактор ретінде жеткіншектерді анықтаудағы әдістерді құрастыру.

Жеткіншектердің тұлғалық қалыптасуының басты шарты көп жағдайда отбасындағы сәтсіз жағдайлар болып келеді. Мысалы, ата-аналар арасындағы жиі ұрысулар, ата-ананың балаға ұрысуы, балаларды физикалық жазалау олардың тежелу процесінің бұзылуына, тез ашуланғыштың пайда болуына, жоғарғы қозғыштық ұстамсыздыққа әкеледі. Көбінесе, келесі жағымсыз күйлер кездеседі; зұлымдық, қанағатсыздық, қорқыныш, сенімсіздік, жалғыздық, немқұрайлылық. Осы психикалық күйдің әрқайсысы сәтсіз ішкі алғышарттармен қосылып (жоғарғы қозғыштық, ойдың дамуындағы үзілулер, еріктің жетіспеуі т.б.) жағымсыз сыртқы әсердің жеткіншектің рухани әлеміне енуіне көмектесетін ішкі ортаны қамтиды. 

Алайда, жеткіншектің айналасында тежелген адамгершілік атмосфераны жақсы көретін, педагогикалық мәдениеті жетіспейтін ата-ананы да көруге болады.

Көп балалы отбасына қарағанда жалғыз өскен бала өзімшіл және жалқау болып өсуі әбден мүмкін. Кейбір отбасында балаларға жасалатын жылы жағдай, кез-келген белсенді әрекеттен шектеу инфантилдікке және сыни ситуациядағы қиындықтарына қарсы тұра алмауына әкеледі. Қазіргі жеткіншектердің қажеттіліктерінің өсуі олардың мүмкіндіктерінің қанағаттандырылуының өсуінен әлдеқайда алда келе жатыр. Мәселен, сән, туризм (шет елге шығу), машина, ұялы телефондар, зәулім үйлер, темекі, ішімдік, есірткі- осының барлығы жеткіншектердің қажеттіліктерінің қатарына кіріп тек "маған осы керек" деген ұранмен жалғасын тауып келеді.

Баланың қалыпты дамуы үшін жеткіншектің нені қажетсінетіні, неге қол созатыны және неге қабілетті осылардың арасында үйлесімді қатынас болуы керек.

Жеткіншектің шиеленістік   жағдайларға   ұшырауы,   сыйыспаушылық көбіне өзін-өзі бағалауының дұрыс еместігінен туындайды. Өзін-өзі жоғары бағалайтын жеткіншектер өзіне сыни қарау мүмкіншілігін қалыпты дамуына кедергі жасайды.

Антиқоғамдық жүріс-түрыс біріншіден әлеуметтік ортамен , сонымен қатар, әртүрлі "өмірлік сәтсіздікке", оның жеке реакциясын шарттандыратын жеткіншек түлғасының индивидуалды ерекшелігі өзара шарттандырылған [37,38].

Жеткіншектердің девиантты мінез-құлқы барлығына тән девиантты себептерден көрінуі мүмкін. Ең бастысы бұл біркелкі таралған және көбейе бастаған құндылықтар мен оларды нақты қанағаттандыру арасындағы қарсыластық болып табылады. Р. Мертон терминологиясы бойынша әлеуметтік құндылықтар, талпыныстар мен оларды қанағаттандыратын әлеуметтік ұйымдасқан құралдың сай келмеуі. Басқаша айтқанда девиантты мінез-құлықтың кайнар көзі болып әр түрлі әлеуметтік топтарға жататын әлеуметтік теңсіздігі, мүмкіндіктерінің теңсіздігі болып табылады. Осы мәселені екі деңгейде бөліп қарастыруға болады.

Біріншіден, барлық қоғамда    "үлкен" және "кіші" түсініктері тек жас    ерекшелік мәселесінде ғана емес, сонымен қатар тәрбиелік болып келеді.

"Үлкен" түсінігі құқық пен міндеттер ассиметриясына ие. Барлық жерде  "кіші"  түсінігі  тек  жасын  ғана  көрсетпейді,  сонымен  қатар  бағынушы мәртебесін көрсетеді. Жастық айырмашылық әлеуметтік теңсіздік болып табылады. Жағдайдың теңсіздігі үлкендер тарапынан үй алу, жұмысқа түру мүмкіндігі аз, бүгінгі жастар жұмыссыздыққа бірінші кандидат екені белгілі. Екіншіден, жастарға қарсы күшті жұмсау мәселесі тұр. Қоғамдық белсенділік қоғаммен жақталынуы қажет, сонымен қатар жастар өзін бекітуді керек етеді, негативті әрекетте, қылмыста көрінуі мүмкін, немесе пассивті қарсылық формасы ретінде көрінуі мүмкін (ішімдік, нашақорлык, суицид). Девиантты мінез-құлық себептерімен қатар, кейбір ауытқуға әкелетін мүмкіндіктері бар бірнеше факторлар бар. Өзін -өзі тұрақтандыру қажеттіліктерінің қанағаттанбауы көбіне зорлық қылмысына әкеледі.   Жеткіншектерді ішімдікке итермелейтін және девиантты мінез-құлықтың дәл осы формасын "таңдауды" түсіндіретін факторлар бар. Егер ішімдік адамдар арасындағы қатынасты жеңілдетсе, ал жеткіншектерде оның қасиеті ерекше болады: әлеуметтік тәжірибенің жетіспеушілігінен кейбірулер ішімдіктің арқасында өзіне сенімді болуға тырысады және өзінің жетілмеген сезімін жеңу үшін ішімдікті қолданады. Ішімдікті ішіп жеткіншектер өзінің үлкен екендігін, үлкендер әлеміне жататындығын көрсеткісі келеді.

Егер кейбір жеткіншектерге өзін бекіту үшін қылмыс жасау қажет болса, енді біреулер оны түсінбейтін әлемнен ішімдікке, нашақорлыққа немесе ерікті өмірден қалауы болады.

Жеткіншектердің аддиктиві мінез-құлқы - бұл психоактивті заттар арқылы қажеттілікті қанағаттандыруға деформалды қалыптасқан формасының сана күйінің өзгеруімен байланысты мінез-құлықтың ауытқуы болып табылады.

Аддиктивті мінез-құлық-жеткіншек жасындағы адаптацияның бұзылуының бір түрі, яғни мінез-құлықтың басқада бұзылуларымен сәйкестікте индивидуалды психикалық немесе физикалық тәуелділіктің белгілерінсіз бір немесе бірнеше психоактивті заттарды теріс падйаланумен сипатталады. Бірақта аддиктивті мінез-құлық пен нашақорлық арасындағы шекара ауру ретінде тұрақсыз сипаттаманы көрсетеді [31,39].

Психологиялық мақсатта аддиктивті мінез-құлық - психологиялық қорғаныстың өзіндік регрессивті формасы, ал кең мағынада дамудың бұзылу типі бойынша психикалық дизонтегенез құбылысына жатқызылады.

Жеткіншектердегі аддиктивті мінез-құлықына итермелейтін фактор жүкелік-психикалық тұрақсыздық, гипертимді, тұрақсыз, конформды, истероидты типтер бойынша міенз акцентуациясы, топтасудың жүріс-тұрыстық реакциясы (формалды емес жастар тобы); хобби-реакция және эмансипация реакциясы.

Нашақорлық ауру ретінде және аддиктивті мінез-құлық емдеуге және коррекциялауға өте қиын беріледі. Ережеге сәйкес, олар әлеуметтік қолдау мен реаблитация жүйелі қолдауларымен жүргізілуі тиіс. Сондықтан жемісті жүзеге асыру және түрлі сипаттамадағы мемлекеттік көмектерді жүзеге асыру.

Нашақорлық тұлға - бұл адамның денсаулық күйінің салыстырмалары бойынша және аутоагрессивті мінез-құлықтың басқа түрлерінің көбірек деңгейде құлдырауы.

Медициналық көзқараста нашақорлық - бұл есірткі тізіміне тиісті, препараттарды қолдануда пайда болған өте қиын ауру.

Психологиялық мағынада нашақорлық сананың субъективті кеңістікте қандай-да бір өзгерістеріне қажеттілік болып табылады. Бұл талаптар арнайы психофарма кологиялық қасиеттерге ие сол есірткілік заттарды қанағаттандыруы мүмкін. Есірткінің әсерінен сананың күйі өзгереді, физикалық және психологиялық тәуелділік қалыптасады, тұлға бұзылады.

Нашақорлықтың салдары болып табылатындар

1.  Есірткілік заттардан улануға негізделген өлімнің жоғары болуы, нашақорлық мастық күйіндегі бақытсыз оқиғалар және осы контингенттердің арасындағы өзін-өзі өлтіру.

2.  Соматикалық және неврологиялық күшею түрінен медициналық салдардың көрінуі, денсаулықтағы дөрекі деградация және өмір сүру ұзақтығының біршама қысқаруы.

3.  Әсіресе жастардың арасында нашақорлық пен токсикоманияның жоғарға әлеуметтік "жүғуы".

4. Тұлғаның деструктивті өзгеруі мен моралды-психологиялық деградациясының нашақорларда криминогенді мінез-құлықтың пайда болуы.

5.     Тұлғаның физикалық, психологиялық, әлеуметтік жоспарда бұзылуы. Түрлі зерттеушілер нашақорлардың себептерін әр түрлі талдайды [40].

 

1 бөлім бойынша қорытынды.

Нашақорлықты әлеуметтік ауру ретінде интерпретациялаудың ұсыныстары бар (П.И. Сидоров, 1996): қоғамның әлеуметтік әлсіздігі, рухсыз, қылмыстың өсуі, жұмыссыздық, әлеуметтік жетімдік, отбасының құлдырауы, коррупция, есірткінің қылмыстық бизнесі және т.б. Көптеген зерттеушілер мінез-құлықтың ауытқуының мұндай түріне "тәуекел тобын" психологиялық жақындастыруға ұмтылады. Нашақорлардың тұлғалық ерекшелігін талдай отырып, олар эгоизмнің жоғарғы деңгейін (тұлғаның жоғарғы мотиві- жеке тілегі) тапты, эмоциялық әсерленулердің аздығы, қажеттіліктің дамымауы, адамгершілік идеалдарының болмауы және аралас тұлғалық бағдар; өзін-өзі сынау және объективтіліктің болмауы; ішкі бақылау локусы; қозу мен әрекет арасындағы алшақтық; еліктеуге бейімділіктің жоғарлылығы; ауыспалы күйлерге (мазасыздық) жақын болуы; мінез-құлықтың ипульсивтігі және толеранттылықтың төмендігі.

Отбасы - бұл әлеуметтенудің маңызды институты, баланың бірінші әлеуметтік әлемі, яғни ол әлеуметтік өзара әрекеттесудің тәжірибесін алатын, мінез-кұлық дағдылары мен тұлғааралық қатынасқа ие.

Жеткіншек жаста ата-анамен қатынас сапалы жаңа кезеңге өтеді. "Отбасы-жеткіншек" өзара әрекеттестігінің ерекшелігі жеткіншектердің өзінің идентификациясын, мотивациялық сфераның қайта құрылуын сезімдерін және қалыптасуын негіздейді. Жеткіншектерде бір уақытта екі қажеттілік типі жүзеге асады.

Кеңес беру жұмысында жекелеген проблемалармен қақтығысуға тура келеді, - өзінің ересек баласымен өзара қатынастағы қиындықтырға ата-ананың шағымы. Әдетте мұндай шағымдармен аналары келеді, кейде бірақ екеуі де немесе әкесінің өзі ғана келетін жағдай болады. Мұндай жағдайда көбіне өзінің көмек сұрауын құпия сақтағысы келеді. Бұл дегеніміз, әңгімелесудің басынан бастап-ақ психолог шиеленісті шешуге бағытталуы тиіс.

Ата-аналардың балаларына деген шағымын шартты түрді төрт топқа бөлуімізге болады (олар бірін-бірі толықтырып отырады).

1. Балалармен байланыстың болмауы: олар қалай өмір сүріп жатыр, немен қызығады, олармен шын жүрекпен сөйлесудің мүмкін еместігі, өзінің ата-аналық қажеттсіздігін сезіну, баланың бөлектенуі   т.б. Мұндай проблемадағы клиенттер үшін мынандай баяндау типі тән: "Мен оны тіпті түсінбеймін" немесе "Ол маған өзі туралы ештеңе айтпайды, маған сенбейді" т.б.

Толеуова титул.doc

— 30.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Мухтарханова (исправ).doc

— 824.50 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Мухтарханова титул.doc

— 27.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать документ)

Информация о работе Жеткіншектер арасындағы нашақорлықтың әлеуметтік- психологиялық ерекшеліктер