Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Июня 2014 в 10:29, дипломная работа
Зерттеудің міндеттері:
өзін-өзі бағалау мәселесі бойынша шетелдік және Отандық психологиядағы әлеуметтік негізгі теориялық теориялық бағыттарға талдау;
бастауыш мектеп оқушыларында кездесетін қиындық түрлерін
әлеуметтік психологиялық қолдау ретінде шешу;
балалардың өзін-өзі бағалау динамикасын зерттеуге ұсыныс беру.
КІРІСПЕ……………………………………………………………..3
1 НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ ЖОЛДАРЫ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ............................................................................6
Психология ғылымындағы кеңес беру мәселелері………6
1.2 Жағымсыз әдеттердің әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерінің себептері………………………………………………16
1.2.1. Нашақорлық, қоршаған орта және жеткіншектер…………..22
1.3 Жеткіншектердің есірткі қолдануының әлеуметтік- психологиялық ерекшеліктері…………………………………………..24
1.3.1. Жеткіншектердің психикалық дамуындағы ауытқуларға (нашақорлыққа байланысты) отбасының әсері……………………….44
2 ЖЕТКІНШЕКТЕРМЕН НАШАҚОРЛЫҚПЕН ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҮРГІЗУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖӘНЕ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.............................................................................................44
2.1 Мектепте нашақорлықпен қарсы күрес жүргізудің алғашқы профилактикасы………………………………………………………….
50
2.2 Нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу бойынша жеткіншіктерге профилактика жүргізудегі отбасының рөлі…………56
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………..61
ПАДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………..63
Тереңдік психология немесе психодинамикалық теория негізін қалаушы З. Фрейд. З. Фрейд- бейсаналылық тұжырымдамасы- негізгі бөлім. Бейсаналылық ұғымы адам өмірінің күрделілігін және бір мәнді емес екендігін суреттеуге мүмкіндік береді.
Психоанализдің негізгі міндеті адамды басқарып отыратын сана астары аймағын анықтау және меңгеру.
Психодинамикалық теория позициясында психолог клиентпен жұсмыс жасағанда өзінің санаастары процестерін түсінуге және оған ықпал етуге үйрету болып табылады.
Адам өмірі оның өткенімен анықталады. Эмоциялық және мінез-құлықтық стереотиптерді тануда тұлғаның қорғаныс механизмдерін меңгеру арқылы жүзеге асыруға болады.
Психоаналитикалық кеңес беру клиент проблемаларының қайнарын ұғынуды ортылық буынға қояды.
Тұлғалық шиеленісті З. Фрейд «Ол», «Мен», «Жоғары мен» терминінде суреттеді. Психологтың басты міндеті адамның Мені арқылы Ол мен Жоғары –Мен арасындағы қарама-қайшылықты туындататын қатынасты табу болып табылады. Ол- бұл бейсаналылық аймағы. Жоғары Мен – бұл әлеуметтену процесінде адамның игерулері. Мен - бұл Жоғары Мен және Ол арасындағы жолсерік.
Ол мен Жоғары Мен арасындағы қарым-қатынасты реттеуші күшті Мен – мақсатқа жетудің маңызды жағдайы.
Меннің басты міндеті сыртқы (әлеуметтік) күштер, адамдардағы ықпал етуші және адамның өзіндік қорғаныс механизмдері, ішкі (бейсаналық) арасындағы балансты сақтау болып табылады.
Психодинамикалық теория негізінде жұмыс жасайтын психолог интервью процесінде төмендегі тәсілдерді пайдаланады:
1) күнделікті белгілерді талдау,
мысалы, берілген сөйлемдерге
2) «Фрейдтік қателік»- клиенттің
бейсаналылық сезімдерін
3) Түс мазмұны бойынша еркін
ассоциациялар ағымы арқылы
4) Қарсыласуды талдау ығысу
Психолог кеңес берудегі бихевиористік бағыт. Бұл бағыттағы психологтың әдіснамалық позициясы клиентке өз әрекетін қадағалату және өз мінез-құлығында нақты өзгерістерді туындату.
Бұл бағыт тарихи түрде Д. Уотсон және Б. Скиндер жұмыстарынан бастау алады: психолог клиенттің өмірлік жағдайларын өзгерту мақсатында араласады. Бұл төмендегі негізгі жағдай бойынша құрылады: 1) психолог пен клиенттің қатынасы; 2) мінез-құлықты операциялау арқылы проблеманы анықтау; 3) функциялық анализ арқылы проблема жағдайын түсіну; 4) клиент үшін әлеуметтік маңызды мақсаттарды анықтау.
Бихевиористік анализ- бұл адам нақты әрекет және қылықтарға екпін жасайды.
Психолог- бихевиорист әрекет туралы ойларына емес, адам іс-әрекетіне баса назар аударады (тұрақтылық жаттығулар- сұрақтар рөлдер).
Гуманистік бағыт.
Мұнда клиент тұлғасы орталық буында болады. Психолог шешімін қабылдаудың бақылаушы орталығы болып табылады. Психодинамикалық бұл буынның қазіргіге ықпал етуіне; бихевиористік тұлғаға сыртқы ортаның ықпалына екпін жасалады.
Адамның өмір сүруі мен әрекет етуінде өз тағдырын анықтау, шешімдер адамның өз ішкі күйінде болады, қоршаған ортаның қатыссыздығы анықталды. Психолог клиенттің психикалық денсаулығына талдау жасап, өз ішкі дүниесімен жанасуға мүмкіндік береді. Негізгі ұғымдар- нақты клиенттің дүниесін түсіну.
Клиент әлемімен жұмыс онымен өзара әрекеттестікті орната отрып, шынайы және идеалды «Мен» бейнесіндегі қарама-қайшылқпен жұмыс жасауы қажет. Клиенттің даралық дамуына бағдарланады.
Психологиялық кеңес беру мақсаттары- перспективті сезімдері бар, саналы түрде әрекет ететін, мінез-құлықтың түрлі стратегиясын жүзеге асыруға қабілетті, түрлі көзқараста ситуацияны талдай алатын мәдени -өнімді тұлға қалыптастыру.
Психолог –кеңес берушінің басты міндеті мәдениет мүмкіндіктеріне сәйкес әрекет етуге мүмкіндік беретін, психикалық дені сау, қалыпты клиентке жағдай құру болып табылады.
Психолог –кеңес беруші клиентпен өз әрекеттесуін жаңа тәсілдер, жаңа әсерленулер, жаңа ойлар, жаңа мақсаттар табуға бағыттай алуы тиіс.
Бұл жағдайда психологқа, оның теориялық бағдарларына тәуелсіз, өмір, өмір мазмұны, өмірдегі адам орны, құндылық, даралық сияқты ұғымдарды пайдалану талап етіледі.
Психологиялық кеңес беру диагностикалық (зерттеушілік) әңгімелесуден басталады. Осы жағдайда психолог өзінің алдындағы клиенттің қиыншылықтарын, жеке ерекшеліктерін (психологиялық күйін, қасиетін, психикалық процестерін) байқай алады. Кеңес беру клиент әңгімесінен бастау алады, яғни, әңгімелер мазмұынына көңіл бөлу, сөйлеу тәсілін бақылау, көңіл- күйін және т.б. ерекшеліктерін байқап, сынап отыру.
Кеңес алуға келген клиенттің белгілі бір нақты қиыншылығы көрінбесе, түрлі көңіл-күйінің төмендігін айтатын болса, психолог отбасы, достары, жұмысы немесе махаббат жөнінде сөз қозғауы қажет. Бұл арқылы клиентті мазалайтын сұрақтар, тақырыптар айқындалады.
Психологиялық кеңес берудің алғашқы кезеңі- клиентпен кездескенде алғашқы сұрақ төмендегідей болуы қажет: «Сізді мұқият тыңдап отырмын», «Айтыңызшы, Сіздің бізге келуіңіздің себебі не?».
Алғашқы келгенде клиентке қандай көмек алатындығы, неге үміттене алатындығы жөнінде алдын –ала ескертіп, психикалық кеңес берудің не екенін түсіндіру қажет.
Егер клиент: «Сіз маған көмектесе алатындығыңызға сенімдісіз бе?» деген сұрақтар қойса, Сіз 100 % кепілдік білдірмей, жай ғана «Екеуміз бірге шешіп көрейік» деген ұсыныс тастаңыз.
Жұмыс кезеңі- жұмыс барысында, диагностикалық әңгіме жүргізуде практик- психолог әдістемлерді қолдана білуі қажет. Мысалы, Розенцвейг, Люшер әдістемесі. Егер кеңес беру барысында әңгімеңізге тестілік материалдарды қолдана білсеңіз, клиенттің. Сізге деген сенімі артып, әңгімелесу өз нәтижесін береді. Әр клиент жұмыс жасай отырып, психолог жеке бағдарлама дайындайды, кеңес беру кезеңдеріндегі ерекшеліктер, мақсаттар мен міндеті, практикасы міндеттері, ұсыныстары жазылады (аптасына 1-2 рет, 50-60 мин. аспайды).
Қорытынды кезең- психолог кездесулер жиілігін анықтап отырады. Соңғы кезеңде видео және аудио кассеталарды сыйға тартуға болады. Мұнда кеңес беру барсы көрсетіледі.
Жалпы психологқа кеңес алу үшін келген клиенттердің негізгі мотивтер, себептері бұл: қарым-қатынасқа түсу қиыншылығы, стресстік күй, қорқыныш, депрессиялық жағдайлар, дағдарыстық күй, отбасы жағдайлары, кемшіліктер болуы мүмкін.
Бір жолғы кеңес беру жүргізілуі немесе психотерапевтік жұмыстық жүргізілуіне қарамастан, кеңес беру диалектикалық процесс ретінде және бірнеше сатыда қарастырылуы мүмкін:
Клиентке кеңес беру процесінде оның тұлғасына және өміріне толығымен әсер ететін өзгерістер жүреді. Қандай жағдайда болмасын клиентке жаңа тәжірибе және оны ол қаншалықты терең сезінсе, соншалықты кеңес берудің нәтижесі жоғары болуы мүмкін.
Кеңес беру жұмысының клиентте өтетін өзгеру деңгейіне байланысты шамамен төмендегідей салдарларын бөлуге болады:
- өзіндік қажеттіліктерге, әсерленулерге және ойларға зейінді күшейту;
- өзін тануға және жаңа тәжірибені үғынуға қабілеттілікті дамыту;
- өзіне және қоршаған ортасына қатынасын өзгерту,
- өзіне қамқорлық жасауға, өзінің проблемасын өз бетінше шешуге, таңдау жасай алуға, шешім қабылдай отырып, соған жауапкершілікпен қарауға икемдеу.
Кеңес беру адамдарға көмек беруде олардың проблемасын шешудің бір түрі болып табылады және әрине барлық сұрақтарға жауап беруі мүмкін емес. Бұл басқаларды түсінуге, олардың жеке мақсатына жетуде көрінуі мүмкін. Кеңес берумен қатар басқа да көмек берудің түрлері бар: кеңес, хабарлар жасау, тікелей әрекет, оқыту, жүйелі өзгерістер.
Кеңесші нақты жұмысында осы стратегияларды жағдайдың ерекшеліктеріне және оның динамикасына байланысты сөзсіз пайдалануы мүмкін. Стратегияны ыңғайлы таңдау және оны ауыстыру қабілеттілігі оның шешім жасауға көмектесуі және айналасындағылармен тұлғааралық қарам-қатынасын ретке келтіруі тиіс. Бірақ сұраққа бір жақты психологиялық көмек қалай көрінуі мүмкін екеніне жауап беру оңай емес.
Индивидуалды кеңес жүргізудің алғашқы шарты сол уақытта клиент үшін қауіпсіздігі мен жағдайын жасау қажет, оған: кеңес алуға өз еркімен келісім беру, өзіне және өзінің проблемасына сол адамның белсенді, зерттеу және творчестволық қатынасы; кеңесшіге сенімді қатынас.
Психологиялық кеңес беру әрқашан тұлғаның сана-сезіміне, адамның өзінің даралық ерекшеліктеріне, сезінуіне, тілек, мақсат, қабілеттілік, сезім, ой және әрекетіне бағытталады. Сана-сезім индивидуалды "Мен" әртүрлі аспектілерін тереңдеуіне ықпал етеді, тұлғаның мотивациялық, эмоциялық және интеллекттік компоненттерін кеңейтеді. Сана-сезім біруақытта тұлғаның өсуінің алғы шартын және нәтижесін, оның, қалыптасу процесінің жемісін, құндылықтарының қалыптасуын, оның жүріс-тұрыста жеке түрде жүзеге асуының өмірлік жоспарлары мен тәсілдерін көрсетеді.
Индивидуалды психологиялық кеңес беруді жүргізу арнаулы тұлғалық қасиеттер мен бағдарды қажет етеді. Тиімді кеңес беру жұмысы үшін тұлғаның басқа адамға (клиентке) жағымды бағдары болуы тиіс.
Психологтың және басқа адамның өзара әрекеттестігі мақсатының арасында келесі мақсаттың тобын ажыратуға болады: әлеуметтік, этикалық, адамгершілік және өзіндік психологиялық. Әлеуметтік мақсат адамның өзіне белгілі жалпы нормаларға сәйкес әрекетін және бастан кешіруін ұсынады, мысалы, жас ерекшелік, жыныстық, кәсіби, құқықтық және т.б. Бұл мақсаттар әрекеттердің және бастан кешірудің эталондарының қатысуын ұсынады, яғни соған сәйкес болуы тиіс. Этикалық мақсат "жақсы-жаман" критериінің клиенттің әрекетіне сәйкес келуі және адам соған сәйкес бағалауды өзі таңдауы тиіс.
Тұлғаның ең басты психологиялық мақсаты адамның өзінің қажеттіліктері мен әрекеттің сәйкес келуін ұсынады, яғни бұл қажеттіліктердің жүзеге асуы психологиялық жағдаймен байланысты.
Біздің еліміздегі психологиялық кеңес беру жағдайы бұдан жиырма жыл бұрын еуропа мемлекетінің бастан кешіргендеріне ұқсас болып отыр, алғашқыда әлеуметтік процестерде терең өзгерістерге ұшырады және қоғамдық құрылымдардың әртүрлі сфераларында қажетті бөлігінің бірі болып табылды. Белгілі Британ психологы М. Хорберт бұл жағдайды былай сипаттайды: "кеңес берушілер барлық жерде... сіз оларды мектепте, өндіріс орындарында, ауруханаларда, әлеуметтік қызметтерден кездестіруіңіз мүмкін... неке, ажырасу, карьераны жоғарлату, жақыныңды жоғалту сұрақтары бойынша кеңесшілер бар, ата-аналарды, студенттерді, зейнеткерлерге және т.б. кеңес беру. Осыған сәйкес кеңесшінің міндеті клиентті зерттеуге толығымен мүмкүндік беру және оның ары қарай толық құнды өмір сүруіне қайнар көзін анықтау мен жолын табу. Бұл өте ауқымды анықтама кеңес беру әртүрлі бағыттардың қолданылуға болатынына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тіпті психологиялық кеңес беру бір бағыттың өзінде қолданылу аймағына байланысты әртүрлі пайдаланылуы мүмкін. Жалпы психологтардың кеңес беруі кәсіби біліктілігіне тәуелді болып табылады [4].
Психологиялық кеңес беру - адамдармен тікелей жұмыс, психологиялық проблемалардың әртүрін шешуге бағытталған, тұлғааралық қатынастардың қиыншылығына байланысты, негізгі әсер етудің құралы ұйымдасқан әңгімелесу болып табылады [2]. Психологиялық кеңес берудің мәні психолог арнайы кәсіби ғылыми білімін пайдалана отырып, басқа адам үшін жағдай жасайды, яғни ол оның психологиялық міндеттерін шешуде өзінің жаңа мүмкіндіктерін ойластырады [5].
Психологтың кәсіби іс-әрекетінің бұл түрінің тиімділігінің көрсеткіші басқа адамда өзінің міндеттері бойынша жаңа әсерленулердің пайда болуы болып табылады. Психологтың өзінің көзқарасы бойынша іс-әрекеттің бұл түрінің тиімділігінің көрсеткіші басқа адамның міндеттерімен оның жұмысының сәйкес көрсеткіштері болып табылуы мүмкін. Мұндай сәйкестілік (сәйкестілік емес) шкала бойынша тексеріледі:
1. Психолог зейінді болуға қабілетті емес, клиенттің көңілін бөледі, маңызды ақпаратты жіберіп қояды.
Информация о работе Жеткіншектер арасындағы нашақорлықтың әлеуметтік- психологиялық ерекшеліктер