Туризмология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Июня 2013 в 18:39, реферат

Краткое описание

"Бос уақыт" – рекреациялық үрдістің дамуының керекті шарты. Бос уақыт белгілі бір заманның, кластың, әлеуметтік топтың ерекшеліктеріне байланысты динамикалық категория. Ол көлемі және мазмұны жағынан өзгеріп тұрады. Бос уақытты жұмыстан тыс уақытпен шатастырмау керек. Жұмыстан тыс уақыт өзінің мәні жағынан ерекшеленетін төрт топтан тұрады: 1) үйден жұмыс орнына дейін баруға және қайтуға арналған уақыт; 2) күнделікті қажеттілікті өтеуге арналған уақыт (ұйқы, тамақтану, жеке тазалық); 3) үй шаруашылығына және тұрмыстық қажеттілікті өтеуге арналған уақыт; 4) бос уақыт – демалуға, физикалық және рухани күшін қалпына келтіруге және дамытуға арналған уақыт. Сонымен, жұмыстан тыс уақыт екіге бөлінеді: міндетті түрдегі уақыт және басқа іс-әрекеттерден босатылған уақыт (1-сурет) /1/.

Прикрепленные файлы: 1 файл

1блок.docx

— 978.61 Кб (Скачать документ)

 

ТРЖ-нің басты элементі (ДТ) басқа элементтерімен рекреациялық шаралардың циклдері мен ТРЖ-нің  кеңестік-уақыттық құрылымның таңдауы  арқылы байланысады.

"Демалушылар тобының" "табиғи кешенмен" байланысы  аттрактивтік (тартымдылық), сыйымдылық, тұрақтылық және комфорттық қасиеттері  арқылы жүзеге асырылады.

Табиғи кешеннің аттрактивтілігі (тартымдылығы) экзотикалық және объектілер мен құбылыстардың қайталанбайтығымен немесе пейзаждың әртүрлілігімен сипатталынады. Осыған байланысты рекреациялық географияда  табиға кешендерге баға берудің ерекше бір түрі бар – эстетикалық  баға беру.

Табиғи кешендердің сыйымдылығы  мен тұрақтылығы – бұл рекреациялық іс-әрекет кезіндегі демалушылар  тобы мен табиғи кешен арасында болатын  байланыстарды көрсетіп тұрады. Шектелген  аумақта демалушылардың мөлшерден  тыс жиналуы табиғи кешендерді рекреациялық дағдарысқа әкеледі. Сондықтан, табиғи кешендерге түсетін жіберілетін  салмақты анықтау және ландшафты  қалпына келтіру қабілетін бұзбайтын  рекреациялық шараларды ұйымдастыру  қажет.

Табиғи кешендерге технологиялық  баға бергенде, рекреациялық шараларды  өткізуге олардың сыйымдылығы мен  жарамдылығы анықталғанда, пайдалу  кезіндегі олардың тұрақтылығын ескеру қажет, сонымен қатар рекреациялық аумақтардың қабілетін көтеру үшін арнайы шараларды ұйымдастыру керек.

Табиғи кешеннің комфорттылығы  – бұл адам организміне жағымды  жағдайдың әсер ету ұзақтығы. Бұл  көрсеткішті медициналық-биологиялық  баға бергенде қолданады. Бағаланатын  объектісі климат болса, оны бағалау  субъектісі – демалыс кезіндегі  адам организмінің қал-жағдайы.

Адам организмнің қал-жағдайы  мен метеорологиялық көрсеткіштердің (ауаның температурасы, желдің жылдамдығы, күн радиациясы) байланыстарының  анализі ауа райы кластарының  рекреациялық типологиясын құрастыру  және демалуға арналған комфортты кезеңінің  ұзақтығын анықтауға мүмкіндік  береді.

"Демалушылар тобының" "техникалық құрылыстар" шағын  жүйесімен байланысы сыйымдылық, әртүрлілік және комфорттылық  сияқты жүйелі қасиеттер арқылы  көрсетіледі. Рекреациялық ағым  өзінің құрылымы жағынан әртекті  болғандықтан, рекреациялық шаралар  жүргізу үшін арнайы мекемелер  мен аумақтарды қажет етеді.  Сонымен қатар орналастыру орындарының  сыйымдылық және комфорт жағынан  бірдей еместігі рекреациялық мекемелерді кластарға (люкс, жоғарғы, бірінші және т. б.) бөлуді қажет етеді.

"Демалушылар тобы" "қызмет көрсетушілерден" жоғары  сапада қызмет көрсетуін талап  етеді, олардың өз ісін терең  білетін, мұқиятты және әдепті  болғанын қалайды және олардан  демалушылардың сұранысына ықыласпен  қарауын күтеді. Өз ісін жоғары  дәрежеде білу кәсіптік (профессионализм)  ұғыммен анықталады. Тұтынушылардың  қызмет көрсету сапасына баға  беру арқылы қызметшілердің кәсіби  деңгейін анықтауға болады. Ол  үшін анкетирование жүргізеді  немесе шағым және ұсыныстар  кітапшасына талдау жасайды.

Туристік саяхатқа дайындық және өткізу кезінде демалушылар  тобы ақпарат қызметтерін талап  етеді. Мысалға ТРЖ-нің жеке шағын  жүйелерінің жағдайы, туристік қызметтің  түрлері, демалатын жерлердегі көрсетілетін қызметтердің технологиялық ерекшеліктері  туралы толық ақпарат алғысы келеді. Бұндай ақпараттарды рекреациялық жүйенің "басқару органы" беріп тұруы  қажет. ТРЖ-нің бұл қасиетін ақпараттық деп сипаттауға болады. Жарнама-ақпараттық қызметтер баспа құралдарын, кино, теле, радио жарнамаларын пайдаланып рекреациялық қызмет түрлері туралы мәліметтерді ұсынып тұрады. Жоғары дәрежеде хабардар болу рекреациялық ағымдарды  реттеп тұруына үлкен әсерін тигізеді.

"Табиғи кешен", табиғат  процестерінің қайталанып тұру  себебінде "демалушылар тобына" бірқатар шектеулер жасайды. Кейбір рекреациялық шаралардың түрі жыл мерзімінің белгілі бір кезеңінде ғана іске асырылады (суға түсу мерзімі – жазда, шаңғы туризмі – қыста). Табиғат процестерінің мауысымдылық сипаты рекреациялық ағымдардың ырғақтылығын талап етеді. ТРЖ-нің бұл қасиеті белгілі бір мауысымда жүріп тұратын рекреациялық шаралар мен олардың ұзақтығы туралы мәліметтер  беріп тұрады.

"Табиғи кешеннің" "инженерлік-техникалық" шағын жүйесімен өзара байланысы  туризмнің материалдық-техникалық  базасының (орналастыру орындары, көлік) экологиялық қасиетімен  сипатталынады. Рекреациялық қызмет  көрсетудің технологиялық процестері  экология жағынан таза болуы  қажет және табиғи кешендердің  құнды рекреациялық қасиеттерінің  азғындап кетуіне жол бермеуі  керек.

Табиғи кешенді пайдалану  барысында оның тұрақтылығы мен  құнды рекреациялық қасиеттерін  сақтап қалу үшін, қалдықтарды жою  үшін арнайы шаралар жүргізу қажет. Табиғи кешеннің жерін өңдеу мен  суғару жұмыстарын "қызмет көрсетушілер" жүргізеді. Реттеушілік табиғи кешен  мен қызмет көрсетушілер арасындағы өзара байланыстардың жүйелі қасиеті  ретінде, қайта өңдеу шараларының  кезектігін (рекультивация) және оның бағасын айқындайды.

"Табиғи кешен" мен  "басқару органының" арасындағы  қарым-қатынас нормативтік құжаттарды  қамтамасыз ету арқылы орындалады  – актілер мен стандарттар ережелерінің жүйесі, табиғи рекреациялық аумақтар мен мәдени-тарихи объектілерді тиімді пайдалану мен оларды сақтау. Сонымен қатар бұған жататындар: курорт пен демалыс зоналар туралы заңдар мен ережелер, рекреациялық аудандарда табиғи ортаның жағдайы туралы ережелер (ауа, су, жер), жобалау және құрылыс туралы нормалар, рекреациялық салмаққа табиғаттың тұрақтылығы туралы нормалар және т.б.

Шағын жүйе "техникалық құрылыс  және инфрақұрылым" ТРЖ-нің басқа  да элементтерімен өзара байланысы  жоғарыдағыдай ерекшеліктермен  сипатталады. Рекреациялық мекемелер  туристік ағымның біртұтастылығын  қажет етеді, себебі олар туристерге қызмет көрсетуге мамандандырылады. Ағымның біртектестігі орналастыруға  ыңғайлы және барлық техникалық циклді өткізуге қолайлы. Ағымда әр түрлі топтардың  болуы (осы циклде қызмет көрсетуге  сәйкес келмейтін), қызмет көрсетудің технологиялық тізбегін бұзады.

"Техникалық құрылыстың" "табиғи кешен" шағын жүйесімен  байланысы сенімділік және ресурспен  қамтамасыз ету арқылы сипатталады.  Әсерлі жұмыс істеу үшін рекреациялық  мекеменің ресурстық базасы болуы  қажет. Оған жағажай орындары, серуендейтін жерлер, тұзды су  көздері, экскурсиялық объектілердің  саны және т.б. жатады. Ресурспен  қамтамасыз етілу пайдаланатын  қорлардың көлемімен, аумақ пен  объектілердің өткізу қабілетімен  сипатталынады. Қолайсыз аумақтарды  мелиорациядан кейін пайдаланады, сонда олар ресурстарды көбейтіп, жүйелердің сенімділігін арттырады.

Рекреациялық қызметтің  технологиясына сәйкес техникалық құрылыстар жұмыс күшімен қамтамасыз етілуі қажет. Еңбекпен қамтамасыз ету техникалық шағын жүйе мен қызмет көрсетушілердің  өзара байланысының сипаттамасы  ретінде рекреациялық шаруашылықтың  дамуына әсерін тигізеді. Еңбек ресурстарының  жетіспеушілігі жаңа аудандарды игеруді  тежейді.

"Техникалық құрылыстар" шағын жүйенің "басқару органымен"  байланысы қордың қамтамасыз  етілуімен сипатталынып тұрады. Қордың қамтамасыз етілу көрсеткіштеріне  рекреациялық мекеменің нормативті  және айналымындағы құралдардың  көлемі, сонымен қатар материалдық  базасыны кеңейтуге арналған  қаражаттың мөлшері жатады.

Қызмет көрсетушілердің  ТРЖ-нің басқа да элементтерімен өзара байланысы өз алдына бір  күрделі жүйе болып есептеледі. Қызмет көрсететін адамдардың саны туристердің (рекреанттардың) жылдық ағым санына байланысты, салалық мөлшер бойынша демалушылардың санымен немесе қызмет көрсететін орынның  санымен анықталады. Технологиялық  үрдістің ерекшелігіне демалушылар  тобының сәйкес болуын қызмет көрсетушілер талап етеді. Рекреациялық мекемелер  біртекті әлеуметтік-демографиялық  топтарға қызмет көрсетуге ұмтылады, себебі гомогендік ағымдардың технологиясы жоғары болып келеді. Осыған байланысты рекреациялық мекемелер белгілі бір топқа қызмет көрсетуге мамандандырылады. Мәдени-білім деңгейінің және рекреациялық ағымның әлеуметтік-демографиялық құрылымның көрсеткіштері рекреациялық ағымға қызмет көрсету дайындығын (технологиялық дәрежесін) ашып көрсетеді.

"Қызмет көрсетушілер" мен "табиғи кешеннің" өзара  қатынасын табиғи ортаның адам  өмірі үшін қолайлы комфорттылық  қасиеті анықтайды. Табиғи ортаға  еңбек ету және тұрғылықты  мекендеу үшін берілген баға  демалуға арналған бағалармен  әрқашан сәйкес келе бермейді. Мысалға, биік таулар мен аз  қонысталған аудандар – спорттық  туризм үшін қолайлы болса,  қызмет көрсетушілердің өміріне  (нұсқаушылар, бақылау-құтқару қызметтерінің  жұмысшылары және т. б.) және олардың еңбек етуіне бұл аудандар қолайсыз болып есептеледі.

"Қызмет көрсетушілер"  мен "техникалық құрылыстардың"  өзара байланысы еңбек әрекетінің  қормен жарақталу қасиетімен  сипатталады. Сонымен қатар қызмет  көрсетушілер рекреациялық инфрақұрылымның  кешенділігін талап етеді.

Рекреациялық мекемелердің жұмысшылары мен олардың жанұя  мүшелеріне қызмет көрсету үшін техникалық жүйенің жеткілікті түрде әлеуметтік-тұрмыстық  және мәдени-ағартушылық мекемелер  желісі болуы қажет.

"Қызмет көрсетушілер" "басқару органына" жұмыс кезінде  денсаулығын сақтауына және қауіпсіздіктің  қамтамасыз етілуіне өз талаптарын  қояды. Кәсіптік аурулар мен  өндірістік жарақаттарға қарсы  бағытталған шаралар ТРЖ-нің профилактикалық  деңгейін анықтайды. 

"Басқару органы" мен  "демалушылар тобының" өзара  байланысының ішінде рекреациялық  ағымға қойылатын ең негізгі  талабы – бірқалыптылық. Өйткені,  тұрақты және бір қалыпты демалушылар  ағымы ТРЖ-нің барлық элементтерінің  біркелкі жұмыс істеуіне жағдай  туғызады.

Демалыс ауданының медициналық-географиялық жағдайына байланысты "басқару  органы" "табиғи кешенге" бірқатар талаптар қояды. Жұқпалы аурулар  мен улы өсімдіктер мен жәндіктердің болмауы, сондай-ақ табиғи кешеннің санитарлық нормаларға сәйкестігі гигиена қасиеті (гигиеналық) арқылы анықталады. Физиологиялық  және технологиялық баға бергенде, табиғатты пайдалану кезінде  санитарлық нормаларды құрастырғанда  табиғи кешеннің медициналық-биологиялық  қасиеттеріне талдау жасау қажет.

"Басқару органының" "техникалық құрылыспен" байланысы  инфрақұрылымды (орналастыру,  тамақтандыру  орындары, туристік көлік және  т.б.) толығымен пайдалану арқылы  сипатталады. Технологиялық дайындық  пайдаланатын орын санының тізім  құрамының қатынасымен анықталады. Егер де кейбір себептермен  (бұзылып қалу, техникалық жұмыстар  жүргізу кезінде, кейбір бір  бөлшектердің жетіспеуі) эксплуатациялық қоры жұмысқа пайдаланбаса, жүйенің жалпы көрсеткіштері төмендейді. Басқару органының міндеті – жоспарланған сыйымдылыққа сәйкес материалдық-техникалық базаны алдын ала дайындап, толығымен пайдалану.

"Басқару органы" "қызмет  көрсетушілердің" білім деңгейіне  үнемі талдау жасап, мамандарды  оқытып, олардың білімін көтеруге  арнайы шараларды ұйымдастырып  тұруы қажет. 

ТРЖ-нің барлық сипаттамаларын оқып, оларға талдау жасау – рекреациялық географияның маңызды міндеті болып  саналады.

 

11.Рекреациялық  география мен туризм географиясы  ұғымдарының ара-қатынасы: зерттеу  нысаны мен зерттеу пәні арасындағы  ұқсастығы мен айырмашылығы.

 

Соғыстан кейінгі кезеңде, әсіресе 60-70-ші жылдарында рекреациялық география мен демалыс географиясы  атаулары кең атарады, осы атаулар  кейбір елдерде бұрын жиі қолданылатын туризм географиясының орнына қолданыла  бастады. Өте жиі бұл атаулар, кеәбір авторлардың пікірінше теңдес болмаса да, тең мағынада қолданыла  берген. Ал, ГФР-да бос уақыт географиясы  түснігі жиі пайдалануына жол  ашылды.

Осыдан кейінгі жылдары  көптеген ғалымдар туризм географиясы, рекреациялық география мен демалыс  география пәндерінің бір мағынада болуына қарсы келді. Осы пәндерді бір-бірінен бөліп түсіндірген ғалымдар П. Жорж (Франция), В. С. Преображенский мен Ю.А.Веденин (КСРО), и. Матцнеттер (ГФР), б. Барбье (Франция), Ф. Хеллайнер (Каанада) және т.б.

Бұрынғы Кеңес Одағында «рекреациялық  география» мен «туризм географиясы» ұғымдар әр түрлі ғылым пәні сияқты қабылданды. Уақыты жағынан ТМД елдерінде  ең алдымен рекреациялық география (В.С. Преображенскийдің теориясы бойынша, 1975) пайда болды. Туризм географиясы  кейінірек дами бастады. Бұл екеуінің ара қатынасы мынадай: рекреациялық география – бұл мәні жағынан  демалыс пен туризм географиясы. География ғылымдарының ішінде де бұлардың алатын орны туралы пікірлер әр түрлі  болып табылды. Кейбірлеулері оларды пәнаралық ғылымдарға жатқызса, ал басқалары оларды қоғамдық-география  ғылымына жатқызды. Бұл мәселені шешу үшін талғау жасаумыз қажет. Біріншіден, ғылымдардың зерттеу объектісі  мен пәнің қарастырайық.

Көп ғалымдар ол екеуін бір  мағыналы емес десе де, бір-бірімен  тығыз байланысып тұратын екі  түрлі ғылыми пән деп айтады. Олар бұл екі ғылымды қоғамдық география (әлеуметтік-экономикалық) пәнінің  саласына жатқызады. Олардың айтуынша, аталмыш ғылымдар халық шаруашылығының екі саласын – рекреациялық сала мен туризм жүйесін оқытып түсіндіреді. Өйткені, бұл екі сала өндірістік заттар шығармайтын сфераға жатады. Олардың негізгі өнімі – рекреациялық және туристік қызметтер. Олар халықтың әлеуметтік-мәдени қажеттіліктерін демалыс кезінде өтей отырып, елге әлеуметтік және экономикалық табыс әкеледі. Осыған орай, бұл ғылымдардың объектісі мен пәндерін қоғамдық географияның зерттеу объектісі мен пәнінен бастаған жөн. Э.Б. Алаевтың айтуынша (1983), «Қоғамдық географияның объектісі ретінде қарастырылатын «ойкумена» – қоныстанған, игерілген немесе, басқаша айтқанда, қоғамдық өмірдің орбитасына қаратылған жердің географиялық қабығының бір бөлігі». Ойкумена деген ұғым қоғамды ғана емес, қоршаған ортаны да қамтиды. Қоғамдық географияның объектісі ретінде ол қоғамдық өмір мен оның айналасындағы барлық экономикалық (өндірістік), әлеуметтік, саяси, демографиялық, рекреациялық және басқа да сфераларды қамтиды.

Информация о работе Туризмология