Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Июня 2013 в 18:39, реферат
"Бос уақыт" – рекреациялық үрдістің дамуының керекті шарты. Бос уақыт белгілі бір заманның, кластың, әлеуметтік топтың ерекшеліктеріне байланысты динамикалық категория. Ол көлемі және мазмұны жағынан өзгеріп тұрады. Бос уақытты жұмыстан тыс уақытпен шатастырмау керек. Жұмыстан тыс уақыт өзінің мәні жағынан ерекшеленетін төрт топтан тұрады: 1) үйден жұмыс орнына дейін баруға және қайтуға арналған уақыт; 2) күнделікті қажеттілікті өтеуге арналған уақыт (ұйқы, тамақтану, жеке тазалық); 3) үй шаруашылығына және тұрмыстық қажеттілікті өтеуге арналған уақыт; 4) бос уақыт – демалуға, физикалық және рухани күшін қалпына келтіруге және дамытуға арналған уақыт. Сонымен, жұмыстан тыс уақыт екіге бөлінеді: міндетті түрдегі уақыт және басқа іс-әрекеттерден босатылған уақыт (1-сурет) /1/.
1 блок Туризмология
1.Рекреациялық географияның негізгі ұғымдары: бос уақыт, демалыс, рекреация, туризм, экскурсия, олардың ара-қатынасы.
Рекреациялық географияның негізгі түсініктері болып бос уақыт, демалыс, рекреация және туризм саналады.
"Бос уақыт" – рекреациялық үрдістің дамуының керекті шарты. Бос уақыт белгілі бір заманның, кластың, әлеуметтік топтың ерекшеліктеріне байланысты динамикалық категория. Ол көлемі және мазмұны жағынан өзгеріп тұрады. Бос уақытты жұмыстан тыс уақытпен шатастырмау керек. Жұмыстан тыс уақыт өзінің мәні жағынан ерекшеленетін төрт топтан тұрады: 1) үйден жұмыс орнына дейін баруға және қайтуға арналған уақыт; 2) күнделікті қажеттілікті өтеуге арналған уақыт (ұйқы, тамақтану, жеке тазалық); 3) үй шаруашылығына және тұрмыстық қажеттілікті өтеуге арналған уақыт; 4) бос уақыт – демалуға, физикалық және рухани күшін қалпына келтіруге және дамытуға арналған уақыт. Сонымен, жұмыстан тыс уақыт екіге бөлінеді: міндетті түрдегі уақыт және басқа іс-әрекеттерден босатылған уақыт (1-сурет) /1/.
ЖУ – жұмыс орнына жетуге және қайтуға арналған уақыт;
ТУ – үй шаруашылығына және тұрмыстық қажеттілікті өтеуге арналған уақыт;
БУ – бос уақыт – физикалық, интеллектуалдық, рухани күшін қалпына келтіруге және демалысқа арналған уақыт;
КУ – күнделікті қажеттілікті өтеуге арналған уақыт (ұйқы, тамақтану, жеке тазалық).
Бос уақыт адамның физикалық және рухани күш-қуатын қалпына келтіріп, дамытуға жұмсалады. Бос уақыт, басқаша айтқанда, белсенді әрекетке кетеді. Осылай десек те, бос уақыт демалуға арналған деп айтамыз.
Бос уақыттың негізгі екі функциясы бар: 1) адамның күшін қалпына келтіру функциясы; 2) физикалық және рухани даму функциясы. Қалпына келтіру (психофизиологиялық) функциясына тамақтану, ұйқы, қозғалыс жатады. Даму (рухани-интеллектуалды) функциясына сауықтыру, танымдық, қатынасу жатады.
Пайдалану сипатына қарай бос уақыт күнделікті, апталық және жыл сайынғы болып бөлінеді. Бос уақыттың осылай бөлінуі демалыс құрылымын зерттеу кезіндегі негізі болып табылады. Сондықтан бос уақыт рекреациялық іс-әрекетті мерзімділік және территориялық белгісі бойынша қарастыруға мүмкіндік береді. Күнделікті бос уақытты пайдалану немесе күнделікті рекреация қала ішіндегі күнделікті демалыспен байланысады. Апталық рекреация қала маңындағы рекреациялық объектілердің орналасуына байланысты болады. Ал жыл сайынғы рекреация негізінен курорттық рекреациялық объектілерімен байланысады. Сондықтан, бос уақыттың бөлінуі бойынша рекреацияның келесі түрлерін айырады: қала ішіндегі рекреация; демалыс күндерінде (уик-енд), қала маңында іске асатын апталық рекреация немесе жергілікті рекреация; демалыс немесе каникул кездерінде болатын жыл сайынғы рекреация.
Демалыс адамның жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіреді, жүйке жүйесіне және психологиясына тиетін қысымды бәсеңдетеді, ал ауыр жұмыспен айналысатын адамдардың физикалық қысымын да азайтады. Н.С. Мироненко мен И.Т. Твердохлебовтың айтуынша (1981), демалыс – бұл күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталмаған қандай да бір болмасын адамның іс-әрекеті. Демалыс халықтың қоғамдық өмірінің бір бөлігі, сондықтан ол әлеуметтік категорияға ие болады. Демалыс кезіндегі адамның іс-әрекеті келесідей жіктеледі (классификациясы) /1/:
1. Белгілі бір физикалық ауырлықпен байланысты іс-әрекет (серуендеу, спортпен шұғылдану);
2. Әуесқой шұғылдану – аңшылық, балық аулау, саңырау-құлақ пен жеміс-жидек жинау және т. б.;
3. Өнер әлеміне бейімделу (театрға, концертке, мұражайларға бару), өнер саласындағы шығармашылық (көркем өнер, ағашты зерделеу және т. б.);
4. Интеллектуалдық іс-әрекет (көркем әдебиет, газет, журналдарды оқу, теледидарды көру);
5. Еркін тақырыпқа әңгімелесу, сұхбаттасу, өз таңдауына байланысты сөз табысу;
6. Белсенді (ойнау, билеу) немесе пассивті түрде көңіл көтеріп, сергу;
7. Көңіл көтеру үшін саяхат жасау.
Жақсы демалыс – бұл жай жатып, тынығу емес, ол – адамның іс-әрекет түрлерінің ауысып тұруы. Шынында да, адам өзінің бос уақыттын сауықтыру немесе спорттық, мәдени, танымдық мақсат үшін жұмсайды. Мысалы, санаторийлерде, демалыс үйлерінде, пансионаттар мен демалыс базаларында болған кезде адам жиі белсенді жорыққа және экскурсияларға шығып тұру жөн. Осындай саяхаттар адамның тұрғылықты жерінен тыс жерде арнайы аумақтарда іске асады, яғни рекреация арқылы адам өзінің физикалық және рухани күшін қалпына келтіреді.
Рекреация дегеніміз этиологиялық мәндердің жинағы: recreatіo (латынша) – қайта қалпына келу, recreatіon (французша) – демалыс, көңіл көтеру, іс-әрекеттің өзгеруі.
"Рекреация – бұл халықтың тұрақты жерінен тыс жердегі арнайы мамандандырылған аумақтарда тәуліктік, апталық және жылдық өмір циклдеріндегі, адамның бос уақытын пайдалану кезінде іске асатын сауықтыру, танымдық, спорттық және мәдени-көңіл көтеру үшін қатынастар мен құбылыстар жиынтығы" (Н.С. Мироненко, И.Т. Твердохлебов, 1981) /1/.
Ұзақтығы жағынан рекреация қысқа және ұзақ (1 тәуліктен аса) мерзімді болып бөлінеді. Қысқа мерзімді рекреацияда демалушы өзінің тұрақты жеріне түнеуге қайтып келеді, ал ұзақ мерзімді кезінде адамдар өзінің тұрақты жерінен тыс жерде түнейді. Қысқа мерзімді рекреация аумақтың табиғи зоналарымен (бір-екі сағат қашықтықта) шектелсе, ал ұзақ мерзімді рекреация тек қана аумақпен шектелмейді, функционалдық зонадан басталып, ғаламдық масштабқа дейін қамтылады. Ұзақ мерзімді рекреация өзінің мәні жағынан туризм сияқты терең ұғыммен сәйкес келеді.
Туризм – (француз сөзі tuorіsme – серуендеу, саяхат жасау) – бос уақытты тұрақты жерінен тыс жерде өткізудің бір түрі. Рекреацияға немесе демалысқа қарағанда, туризм – өте тар түсінік. Қазіргі ғылыми әдебиеттер бойынша "туризм" – бұл адамдардың тұрғылықты жерінен тыс жерге саяхаттау және тұрақтау барысында пайда болатын қатынастар мен құбылыстар жиынтығы. Әрине, егер де бұл тұрақтау ұзақ уақыттық қоныстану немесе ақша табу мақсатымен уақытша қоныстануға айналып кетпесе. Сонымен, туризм – бұл тұрақты жерінен тыс жерде 24 сағат немесе одан артық уақыт ішінде болатын рекреацияның барлық түрі /1/.
"Экскурсия" латын тілінен келген сөз – жол жүру, серуендеу, көрікті көз тартарлық объектілерді аралап көру деген мағынаны білдіреді (мәдени ескерткіштер, мұражайлар, және т. б.).
"Экскурсия – бұл танымдық, ағартушылық, ғылыми, спорттық немесе ойын-сауық мақсатты көздейтін, 24 сағаттан аспайтын және түнеуге тоқтамай саяхаттау немесе серуендеу" /1/. "Туризм" және "экскурсия" түсініктері өзара өте тығыз байланыста болады. Экскурсия барлық маршруттарда туристерге көрсетілетін қызмет. Автобус, поез немесе кемемен саяхат жасағанда, әрбір аялдамасында туристерді экскурсоводтар күтіп тұрады. Олар туристерге қызықты жерлер туралы толық мәлімет береді, олай болмаған жағдайда саяхат өзінің мәнін жоғалтар еді. Экскурсиялардың тақырыптары қызықты, мазмұнды және әр түрлі болып келеді.
Жоғарыда айтылғандардың барлығына қорытынды жасасақ, мынаны аңғаруға болады: адамның бос уақытындағы әрекеттерінің барлығы да "демалыс" деген кең түсінікке жатады, ал қалғандары соған кіреді. Демалысқа адамның үйде де, үйден тыс жерде де айналысатын барлық рекреациялық іс-әрекеттері кіреді. Төменгі сатыға "рекреация" немесе үйден тыс жердегі демалысты қосуға болады. Оған "туризм" де, "экскурсия" да кіреді. Рекреация туризмнен кеңірек түсінік, өйткені оған экскурсия, сая бақтағы демалыс және басқа да рекреация түрлері енеді. Ал туризм дегеніміз, демалыс пен рекреацияға қарағанда, тар мағынадағы өте қысқа түсінік (2-сурет) /1/.
|
|||||||||||||||
Демалыстың басқа түрлері |
Белгілі бір физикалық ауырлыққа байланысты іс-әрекет (серуендеу, спортпен шұғылдану) |
Әуесқой шұғылдану – аңшылық, балық аулау, саңырауқұлақ пен жеміс-жидек жинау және т. б. |
Өнер әлеміне бейімделу (театрға, концертке, мұражай-ларға бару), өнер саласындағы шығармашылық, т. б. | ||||||||||||
РЕКРЕАЦИЯ | |||||||||||||||
Басқа түрлері |
Санаторлық-курорттық емделу |
Туристік-экскурсиялық қызмет көрсету |
Дене шынықтыру |
||||||||||||
ТУРИЗМ | |||||||||||||||
Емдік |
Спорттық-сауықтыру |
||||||||||||||
Көңіл көтеру үшін саяхат жасау |
Саяжайлық демалыс |
Танымдық |
Сауықтыру демалысы |
Интеллектуалдық іс-әрекеттер (көркем әдебиет, газет, журналдарды оқу, теледидарды көру және т. б.) | |||||||||||
Экскурсия |
Әуесқойлық кәсіп немесе білім алу |
ТехникалықШығарма-шылық |
Көркемөнерпаз-дық |
Спортпен айналысу | |||||||||||
Белсенді (ойнау, билеу) немесе пассивті түрде көңіл көтеріп сергу |
Еркін тақырыпқа әңгімелесу, сұхбаттасу, өз таңдауына байланысты сөз табысу | ||||||||||||||
2-сурет. Негізгі түсініктердің қатынасы
2.Адамның физикалық және психикалық күштерін қалпына келтіру және дамыту қажеттілігі. ҒТР, оның оң және теріс көріністері, туризм дамуындағы ролі.
Туризм арқылы сауықтыру –адамның өндірісте физикалық және психикалық шаршауын басудың бірден-бір жолы болып саналады. Туризмнің бұл фунуциясының әлеум-экномикалық түпкі мәні өте жоғарғы, себебі ол миллиондаған адамдардың денсаулығын шынықтруға бағытталған, олай болса, ол адамның еңбек қабілетін көтереді. Туристік жорықтарда адамда өзгеше бір психо-физиологиялық қасиеттер және пайдалы біліктіліктер қалыптасады. Туризмнің ондай қасиетінің практикалық маңызы зор. Туризм ұйымшылыққа, бір-біріне өзара көмек көрсетуге алған мақсатты орындауға тәрбиелейді.
Рекреациялық қажеттілік рекреациялық іс-әрекеттің белгілі бір түрлеріне ғана іске асырылады, ондай іс-әрекеттер тек бос уақытта ғана жүзеге асып, ол адамның физикалық, психологиялық және рухани күшін қалпына келтіруге және дамытуға бағытталған.
ҒТР болғанан кейін әлемдік туризм индустриясында өзгерістер басталды. Компютерлік ақпараттық технологияның арқасында туристік нарық қызметтері субъектілерінің арасындағы қатынастар мүлдем өзгерді. Аз уақыттың ішінде электронды жүйелер дамудың ұзақ жолынан өтті:сонау шағын операцияларды автоматтандырудан бастап, соңғы кездегі интернет желілеріне дейін жетті. 1960 жылы құрылған АҚШ-тың қорғаныс кешені АРПАНЕТ деген байланыс жүйесінен бастады, кейін интернет желілері кеңейтілді. Дүниежүзілік ақпараттық торда туризм индустриясы толық көрсетілген. Ірі компаниялар интернетті жақсы түсініп қабылдады, олар өздерінің жеке сайттарын ашты, ақпарат көзі кеңейтілді.
Артықшылығы: жаңа техникалар пайда болғалы адамдардың жұмысы жеңілдеді, қол жетімділік жоғарлады, қызмет көрсету сапасы жоғарлады, яғни уақыт үнемделді халықаралық байланыс арта түсті.
Кемшілігі: жұмыссыздық артты, адам орнына техника жұмыс істейтін болды.
3.Рекреациялық қажеттілік ұғымы. Рекреациялық қажеттіліктер – рекреациялық іс-әрекетінің ұйымдастыру негізі.
Рекреациялық қажеттіліктер адамның өмір сүру іс-әрекеті кезіндегі жоғалтатын физикалық және рухани күшін, денсаулығын және еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру үшін қажет. Рекреациялық кажеттіліктер қоршаған ортаның факторларына байланысты болады. Рекреациялық кажеттіліктер – қоғамдық, топтық және жеке-дара болып бөлінеді /1/.
Қоғамдық рекреациялық қажеттіліктер – қоғамның барлық мүшелерінің денсаулығын және еңбекке жарамдылығын, физикалық және рухани күшін қалпына келтіруін анықтайтын қажеттіліктер. Олар рекреациялық шаруашылықтың құрылымын, оның территориялық ұйымдастыру түрлерін анықтайды. Қоғамдық рекреациялық қажеттіліктер негізгі болып саналады.
Топтық рекреациялық қажеттіліктер – белгілі бір топтың әлеуметтік-демографиялық, кәсіптік немесе белгілі бір жастағы топтың қажеттілігін, мәнін анықтайтын қажеттіліктер. Рекреациялық қызметтерді тұтынатын арнайы тобына жанұяны жатқызуға болады. Олар емдеу, сауықтыру және танымдық қызметтерді кең түрде пайдаланады. Қазіргі кезде жастар туризмі де әлеуметтік топ ретінде қарқынды дамып келе жатыр.
Жеке-дара рекреациялық кажеттіліктер – жеке адамның денсаулығын қалпына келтіруге, танымдық, рухани дамуына арналған рекреациялық шараларға сұраныс туғызады. Қоғамдық, топтық және жеке-дара рекреациялық қажеттіліктер диалектикалық өзара байланыста болады. Жеке-дара рекреациялық кажеттіліктер әлеуметтік топтың рекреациялық қажеттілік құрылымына әсер етеді, олар арқылы жалпы қоғамдық қажеттіліктер іске асады.
Рекреациялық қажеттіліктің
әлеуметтік-психологиялық
Рекреациялық кажеттіліктің қалыптасуына әсер ететін факторлар:
1. Әлеуметтік-экономикалық факторлар: өндіріс күшінің даму деңгейі; туризм мен демалыс сферасының даму деңгейі; халықтың табысы; қызмет пен заттардың жеке бағалары (оның ішінде - рекреациялық); көлік инфрақұрылымының даму деңгейі; демалыстың ұзақтығы; рекреациялық аудандар мен маршруттар туралы жарнама және ақпарат беру; халықтың әлеуметтік және кәсіптік құрамы; мәдени өмір деңгейі; халықтың көшіп-қонуы; ұлттық дәстүрлер.
2. Демографиялық факторлар: қала мен ауыл халқының қатынасы (урбандалу дәрежесі); халықтың жыныстық құрылымы; отбасының құрамы мен мөлшері; орналасуының ерекшеліктері.
3. Әлеуметтік-психологиялық факторлар: іскерлік және мәдени байланыстардың тығыздығы, мәдени өмірдің түрі; сәннің әсері; жеке тұлғаның құндылық бағыты.
4. Медико-биологиялық факторлар: халық денсаулығының жағдайы.
5. Табиғи факторлар: адам тұратын табиғи аумақ; аумақтың географиялық ерекшеліктері.
Рекреациялық қажеттіліктерге экономикалық баға беру халықтың рекреациялық қажеттіліктерін қанағаттандыру дәрежесі арқылы анықталады. Рекреациялық қажеттіліктерге экономикалық баға бергенде қоғамның мүмкіншілігін, рекреациялық қажеттілікті өтеуге жіберетін қаржысын ескереді.
Рекреациялық қажеттіліктер – бұл күнделікті өмірдегі қажеттіліктер. Оларды қанағаттандыру рекреациялық тауарлар мен қызметті өндірудің мүмкіншілігіне байланысты.
Рекреациялық
қажеттіліктердің медико-биологиялық
аспектісі санаторлық-