Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Июня 2013 в 18:39, реферат
"Бос уақыт" – рекреациялық үрдістің дамуының керекті шарты. Бос уақыт белгілі бір заманның, кластың, әлеуметтік топтың ерекшеліктеріне байланысты динамикалық категория. Ол көлемі және мазмұны жағынан өзгеріп тұрады. Бос уақытты жұмыстан тыс уақытпен шатастырмау керек. Жұмыстан тыс уақыт өзінің мәні жағынан ерекшеленетін төрт топтан тұрады: 1) үйден жұмыс орнына дейін баруға және қайтуға арналған уақыт; 2) күнделікті қажеттілікті өтеуге арналған уақыт (ұйқы, тамақтану, жеке тазалық); 3) үй шаруашылығына және тұрмыстық қажеттілікті өтеуге арналған уақыт; 4) бос уақыт – демалуға, физикалық және рухани күшін қалпына келтіруге және дамытуға арналған уақыт. Сонымен, жұмыстан тыс уақыт екіге бөлінеді: міндетті түрдегі уақыт және басқа іс-әрекеттерден босатылған уақыт (1-сурет) /1/.
Рекреациялық қажеттіліктің
әлеуметтік-психологиялық
Рекреациялық іс-әрекет процесінде түрлі әлеуметтік топ немесе түрлі жастағы адамдар тобы арнайы талаптар қоя бастайды. Әрине, олардың барлық талаптарын ескеру мүмкін емес. Бірақ та рекреациялық әрекетті ұйымдастырғанда демалушылардың әр алуан талаптарына ғылыми көзқарас болу тиіс.
Рекреациялық қажеттіліктің
1. Демалыстың қазіргі шақтағы тенденцияларын статистикалық деректердің негізінде зерттеу;
2. Рекреацияның мәні мен оның болашақта дамуы туралы алдын ала болжамдар жасау;
3. Халық арасында анкеталық жауап алуды жүргізу;
4. Рекреацияның даму болашағына ғылыми болжам жасау;
5. Репрезентативтік деректерді тексеру негізінде теориялық ережелерді құрастыру.
Рекреациялық
қажеттілікті зерттеу үшін таңдау зондаж
әдісі қолданылады, яғни бүкіл халықты
емес, халықтың бір бөлігін ғана
сұрап шығу. Сауалнама жүргізу
аумақ бойынша бөлінеді: адамның
жұмыс орнында және демалыс орнында.
Жұмыс орында жүргізілетін сауалнамалар
рекреацияның жиілігін, ұзақтығын, маусымдылығын,
құрылымын анықтайды. Рекреациялық
аудандағы сауалнамалар реркеацияның
мазмұнын, демалушылардың бюджетін, олардың
қанағаттандыру дәрежесін анықтайды.
Осындай зерттеулердің
Социологиялық зерттеулердің нәтижелері медицина жұмысшылары, экономист, эколог, курортолог және басқа да мамандардың кепілдіктерімен толықтырылуы керек.
Халықтың
сұранысы ұсынылатын туристік қызметтердің
көлемі мен құрылымына, рекреациялық
шаруашылықтың дамуына
Рекреациялық
қажеттіліктерге болжам жасағанда
бір жағынан туризмнің қазіргі
құрылымын, ал екінші жағынан тез
өзгеріп тұратын өмірдің
4.Рекреациялық іс-әрекет әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде, оның мәні, құрылымы және классификациясы.
Рекреациялық қажеттілік рекреациялық іс-әрекеттің белгілі бір түрлерінде ғана іске асады, ондай әрекеттер тек бос уақытта ғана ұйымдастырылып, адамның физикалық, психологиялық және рухани күшін қалпына келтіруге және дамытуға бағытталады.
2 кесте
РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТІҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ
(Н.С. Мироненко, И.Т.
Рекреацияның басты себебі бойынша |
Рекреациялық ресурстардың пайдалану сипаты бойынша |
Құқықтық статусы бойынша |
Мерзіміи бойынша |
Территориялық белгісі бойынша |
Маусымдық бойынша |
Ұйымдастыру сипаты бойынша |
Жас белгісі бойынша |
Қатысушылар саны бойынша |
Әлеуметтік қатыстардың ұзақтығы бойынша |
Жылдамдық дәрежесі бойынша |
Көлік пайдалану сипаты бойынша |
Емдеу
Спорттық-сауықтыру
Танымдық |
Климатпен емдеу(теңіз жағалауы, таулы, жазық жерлер, бальнеологиялық және батпақпен емдеу)
Белгілі бір бағыттық(маршруттық), қыдыру, спорттық, су астымен жүзу, аң мен балық аулау, тауда шаңғы тебу, альпинизм
Табиғи, мәдени-тарихи ескеткіштер |
Ұлттық (ішкі) Халықаралық(шетелдік) |
Қысқа мерзімді Ұзақ мерзімді |
Қала маңы(жергілікті), ішкі аудандық(жалпы мемлекеттік), халықаралық |
Жыл бойы және мерзімдік (жазғы, қысқы) |
Белгіленген(жоспарлы), өз бетінше (ұйымдастырылған, ұйымдастырылмаған |
Балалар үшін, ересектер үшін және аралас |
Жеке және топтық |
Ортадан тепкіш және ортаға тартқыш |
Стационарлық(тұрақты), көшпелі |
Автомобильдік(жеке), автобустық,авиациялық, теміржолдық, теңіздік, өзендік, круиздік |
Емдеу рекреациясы негізгі емдік табиғи факторларына қарай бөлінеді: климат, минералды су көздері, емдік балшықтар және тағы басқалар. Осындай ресурстарға байланысты ол үш негізгі топқа бөлінеді: климатпен емдеу, бальнеологиялық емдеу және балшықпен емдеу емдеу. Олардың үйлесіп келуіне қарай бальнео-батпақпен емдеу, бальнео-климатпен емдеу, климат-бальнео-батпақпен емдеу топтары болып та бөліне алады. Емдік-курортық рекреация жайлары медициналық-биологиялық нормаларға мұқият сәйкес болулары қажет. Жұртты емдеуге арналған курорт аумақтары белгілі шарттарға ие болуы керек.
Мысалы, бұрынғы КСРО-да табиғи ландшафтық зонларға сәйкес курорттар мынадай типтерге болінген: 1) теңіз жағалаулық жазықтық, көбінесе жерортатеңіздік климаты, дала, шөл, ылғалды суптропиктер ормандардың климаты, қоңыржай ендіктерінің орман климты, шөлейт климаты тән курорттар; 2) жазықтық континенталдық курорттар қоңыржай белдеуінің тайга, орман зоналарында, қоңыржай белдеуінің муссондық ормандар климатының зонасында, дала мен орманды дала, субтропиктік ормандар мен шөлейт зоналарында орналасқан; 3) Тау курортты тау етегіндегі, аласа таудағы(500-1000м), орта таулардың төменгі белдеуіндегі (1000-1500м), орта таулардың жоғарғы белдеуіндегі (1000-1500м) және биік таулы (2000 м-ден астам) курорттарына бөлінген.
Спорттық-сауықтыру рекреациясы да алуан түрлі. Әлем бойынша кең тараған түрлеріне суға түсіп, жағажайда демалу жатады. Суда немесе су жағасында демалу түрлі рекреациялық шараларды қамтиды: суға түсу, күн ваннасы, жағалау бойымен серуендеу, жағалауда доп ойнау, су шаңғысы және т. б.
Серуендеу және кәсіби-серуен демалысына мынадай шаралар кіреді: ашық-таза ауада демалу, көрікті - көз тартатын жерлерді көру, саңырау-құлақ пен жидек, теңіз моллюскаларын және басқа да табиғат «сыйлықтарын» теру.
Соңғы жылдары типті асыл тастар мен минералды, құпия қоймаларды іздестіру сияқты туризм түрі дамуда. Мысалы, «Панамерикен» әуе компаниясы құнды минералдарды іздестіру мақсатында Аустралия мен Жаңа Зеландияға 24 күндік саяхат ұйымдастырады. 3 миллионнан астам американдықтар бос уақытында теңіз түбіндегі құпияларды іздеумен айналысады.
Танымдық рекреациясы. Танымдық аспектісі рекреациялық шаралардың едәуір бөлігіне тән. Бірақ тереңірек тануды қажет ететін рекреациялық шаралар да болады, яғни мәдени-тарихи ескерткіштерді, сәулетті ансамбльдерді көру, сонымен қатар жаңа аудандармен, елдермен, этнографиямен, фольклормен, табиғи құбылыстарымен және шаруашылық объектілерімен танысу.
Мысалы, Ресейде танымдық туризм объектісі – Камчаткадағы Гейзерлер Алабы. АҚШ-та – Йоллоустонның табиғи кереметтері, Қазақстанда – Шарын каньоны, Шетен орманы, Тұйықсу мұздықтары және т.с.с. Рекреаңиялық іс-әрекеттің танымдық түрлерінің бірі – жануарлар өмірін бақылау. Мысалы, таңіз жануарларының отарларын бақылау үшін көптеген туристер келеді. Қасиетті Павел аралында (АҚШ) котик жануарларының оң қонысы бар. Біреуінде туристер үшін кәдімгі галерея мен бақылау мұнарасы салынған.
Рекреацияның көптеген түрі табиғи және әлеуметттік – экономикалық себептерден маусымдық сипатына ие. Рекреацияның осындай маусымдылығы көтпеген әлеуметтік және экономикалық мәселелерді тудырады. Ең алдымен рекреациялық инфрақұрлымның пайдалану тиімділігі төмендейді, еңбекпен қамтылу мен қызмет көрсету және көлік жұмысында «шыңдар» мен «шұңғымалар» пайда болады. Мысалы, теңіз жағалаулық рекреациялық аудандарда қысты күні шілде-тамызға қарағанда еңбекпен қамтылу 3-4 есе төмендейді. Жұрттың көбі жазда, шұрайлы күн көзінде демалғысы келеді. Сөйтіп, күн көзі маусымдықтың маңызды факторы екені анық. Сонымен қатар, маусымдылықтың тағы бір себебі өнеркәсіп орындары мен мекемелердің жұмыс тәртібі бойынша олар қызметкерлерге жүйелі демалысты жазды күні беруге тырысады. Білім беру жүйесінде де жұмыс тәртібі осындай.
Рекреацияның кейбір түрлері, әсіресе емдік – курорттық түріне жататын түрлері жыл бойы істейді, дегенмен, мұнда да рекреациялық ағымның толқындары болады. Материалдық-техникалық қамтамасыздандыру және басқалары толығымен сәйкес болу қажет. Жәнеде, маусымдық құйқылжуларды азайту үшін туристік ағым қарқындылығының маусымдылығы мен оған себеп болатын факторлар арасындағы байланыстарын зеттеу қажет
5 Рекреациялық іс-әрекеттің қоғамдық функцияларының негізгі топтарының сипаттамасы: 1)медико–биологиялық; 2)әлеуметтік-мәдени; 3) экономикалық; 4) саяси; 5) экологиялық
Қазір рекреация іс-әрекеттің таңдаулы түріне жатады, ол адамның күнделіеті дұрыс өмір сүру жағдайына айналып отыр. Қоғамдық көзқарас жағынан оның негізгі мақсаты- қоғамның әрбір мүшесінің физикалық және психологиялық күш-қуатын қалпына келтіру, оның рухани дүниесін жан-жақты дамыту. Рекреация дегеніміз - дамыған қоғамның айырылмас бір бөлігі, қазіргі өмір салтының элементтері.
Рекреациялық іс-әрекеттің қоғамдық негізгі функциялары: 1)медико–биологиялық; 2)әлеуметтік-мәдени; 3) экономикалық; 4) саяси; 5) экологиялық.
1)Медико-биологиялық функциясы санаторлық-куроттық ем мен сауықтырудан тұрады. Туризм арқылы сауықтыру - адамның өндірістегі немесе өндірістен тыс уақыттағы психологиялық шаршауын басудың бірден -бір жолы болып табылады.Әрине, бұл жалғыз әдіс емес. Мысалы, ғалымдар адамының қала жағдайларында адам мен қоршаған ортасы арасындағы өзара әрекеттесуін реттейтін болашақтағы қалалардың ұтымды аумақтық жоспарлануын ойластыруда.
2)Мәдени- әлеуметтік функциясы- бұл рекреацияның ең басты жетекші функциясы. Мәдени талғам- бұл қоршаған ортаны, дүниені біліп түсіну. Туризм еліміздегі ғана емес, бүкіл әлемдегі табиғаттың тарихи-мәдени және әлеуметтік байлықтарымен адамның рухани түрде танысуына үлкен мүмкіндіктер туғызады.
3)Рекреацияның экономикалық функциясының ішіндегі бастысы–жұмысшы күшін қалпына келтіру. Рекреация қоғамға қажетті уақытты сақтап қалып үнемдейді. Саяси экономия бойынша демалыс пен туризм аясындағы еңбек әуелі жинақталады да, одан кейін материалдық өндіріс қызметкерлері арқылы затқа айналады. Рекреацияның арқасында адамның еңбекке деген құштарлығы және ұзақ жұмыс істеу қабілеті артады. Бұл жағынан рекреациялық эффект арқылы, мысалы, аурулар санының төмендеуі арқылы үнемделген адам-сағат санының үнемделуі жөніндегі есептер қызық болуы мүмкін.
Тауар
ақша қатынасында рекреация
4)Саяси функциясы–елдің белгілі бір бөлігінің шаруашылық құрылымын жедел дамыту; еңбек сферасын ұлғайту; халықтың ақша кірісі мен шығын балансы.
5)Экологиялық функциясы–
Қоғам сұранысының өсуі мен оның құрылымының өзгеруі нәтижесінде қорғалатын аумақтардың жаңа түрі- ұлттық саябақтар ұйымдастырылады. Мемлекеттік табиғи ұлттық саябақтар құнды табиғи және мәдени ландшафтарды қорғау мен демалысты ұйымдастыру мақсатында ұйымдастырылады.
6.Рекреациялық шаралар және
олардың циклдері туралы
Рекрациялық
іс-әрекет белгілі бір
Рекреациялық-емдеу шаралары- бұл
арнайы шаралар жүйесі, санаторлық-курорттық
емдеу әдістерімен қатаң
Рекреациялық- спорттық шаралары, негізінен,
адамның күш-қуатын дамытуға