Туризмология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Июня 2013 в 18:39, реферат

Краткое описание

"Бос уақыт" – рекреациялық үрдістің дамуының керекті шарты. Бос уақыт белгілі бір заманның, кластың, әлеуметтік топтың ерекшеліктеріне байланысты динамикалық категория. Ол көлемі және мазмұны жағынан өзгеріп тұрады. Бос уақытты жұмыстан тыс уақытпен шатастырмау керек. Жұмыстан тыс уақыт өзінің мәні жағынан ерекшеленетін төрт топтан тұрады: 1) үйден жұмыс орнына дейін баруға және қайтуға арналған уақыт; 2) күнделікті қажеттілікті өтеуге арналған уақыт (ұйқы, тамақтану, жеке тазалық); 3) үй шаруашылығына және тұрмыстық қажеттілікті өтеуге арналған уақыт; 4) бос уақыт – демалуға, физикалық және рухани күшін қалпына келтіруге және дамытуға арналған уақыт. Сонымен, жұмыстан тыс уақыт екіге бөлінеді: міндетті түрдегі уақыт және басқа іс-әрекеттерден босатылған уақыт (1-сурет) /1/.

Прикрепленные файлы: 1 файл

1блок.docx

— 978.61 Кб (Скачать документ)

Томас Кук алғашқы болып, 1872 жылы қалағандарға жерді айналып  өтетін саяхат ұсынып, бұл турды  индустриалды негізге қойды. Алғашқы 20 саяхатшы жерді 220 күнде айналып  өтті. Лондонның көрмелері мен  Еуропа қалаларына экскурсия жасаудан бастаған Томас Куктың бюросы бірте-бірте  іс-әрекет сферасын кеңейтті: жаңа туристік нарықтарды игеру арқылы саяхаттар  санын арттырды.

Томас Кук қазіргі заманғы  туризмнің негізін қалаушы, бірінші  менеджер және туризмнің алғашқы  маркетологы болып танылып, саяхатшылардың ұйымдастырылған бұқаралық қозғалыстарының  тиімділігі мен мәнін ең бірінші  болып түсінген адам болып саналады.

Германия, Швейцария, Франция, Италия, Чехияда халықаралық курорттардың дамуына байланысты, бұл елдер  де, Англиямен қатар, Еуропада халықаралық  туризм орталығына айналып отыр. XVІІІ  ғасырдың аяғында, басқа елдерге  барып, әр түрлі мақсаттармен саяхат жасап жүрген адамдарды туристер деп атай бастады.

Әлемде бірінші біріккен әуесқой тау саяхатшылары – Англиялық  альпі клубы – 1857 жылы Лондонда пайда  болды. Артынша, 1862 жылы Туринде Австриялық альпі клубы құрылды да, кейінірек  Италиялық болып аталынды. 1863 жылы Швейцар клубы бекітіленеді.

ХХ ғасырдың бірінші жартысында халықаралық және ұлттық туризм өз шеңберіне басқа да елдерді тартып, онан әрі дами түседі. Туристік сапар желісіне жиі тарихи орындар мен мәдени ескерткіштер енгізілінеді. Халықаралық туристік қозғалыстың басым көпшілігі бұл кезеңде Еуропаға келеді.

ІІ Дүниежүзілік соғыс  халықаралық туризмнің көлемін  қатты қысқартты. Соғысқа дейінгі  туризмнің деңгейіне 40-шы жылдардың  соңында ғана жетті. Соғыстан кейінгі  кезеңде туристік саяхаттар АҚШ  пен Канадада кең тарай бастады. 1948 жылдың шілде айынан бастап шетелдік туристердің Жапонияға баруына  ресми түрде рұқсат етілді.

Егер қазіргі жағдайындағы туризм ХІХ ғасырдың соңында пайда  болып құрылса, ол ХХ ғасырдың екінші жартысында ғана шынайы интенсивті дамуға ие болып, техника, технология, қоғамдық қатынастардың шапшаң дамуымен қатар  келіп ХХ ғасырдың феномені атағына  ие болды.

 

Туризм тарихын  географиялық тұрғыдан оқу

Демалыс үшін сапарлардың  санының артуы урбандалу үрдісінің  өсуі мен ХІХ ғасырда темір  жол көлігінің дамуына байланысты болды. Бұл туристік қасиеттерді, әсіресе  демалыс үшін жайлы территорияларға  деген қасиеттілікті арттырды.

ХІХ ғасырда медицинаның  дамуы климаттың емдік қасиеттері мен теңіз суының жоғары дәрежеде бағалануына (таулы және теңіз маңы) әкеліп соқты. Темір жолдардың салынуы  мұндай қасиеттері бар аудандарды туристік сұраныс территорияларына «жақындатты». Ал техниканың дамуы үлкен масштабты туристік инвестицияларға мүмкіндік берді. Бұл кішігірім және белгісіз қоныстардың үлкен теңіз жағалауларындағы демалыс орталықтарына (мысалы, Сопот, Канны, Монте-Карло, Ницца) немесе таулы демалыс орталықтарына (мысалы, Шамони, Давос, Закопане) айналуына себепкер болды.

Демалыс пен туризмді географиялық тұрғыдан зерттеу ХІХ жүз жылдықтың  екінші жартысына жатады (И.Г. Коль). ХІХ және ХХ ғасырларда үлкен қарқынға ие болған қалалардың дамуы географтарды урбандалу мен туристік, курорттық  қоныстардың пайда болып, кеңею  үрдісінің арасындағы тәуелділікті анықтау мәселесін қарастыруға  итермеледі. Сонымен, мысалы, неміс  географы А. Геттнер (1859-1941 жж.) мұндай қоныстардың дамуын ең алдымен қалада халықтың шектен тыс шоғырлануымен, сондықтан да олардың рекреациялық қажеттіліктерінің артуымен байланыстырды.

«Туризм географиясы» деген  терминді ең алғаш 1905 жылы Д. Страднер қолданды. Оның ойынша, бұл ғылым  туристік қозғалыс пен оның шаруашылық іс-әрекетін зерттеумен айналысуы керек. Сонымен қатар, туристік қолайлық пен  сол жердің аттрактивті қасиетін анықтау керек. Туристік құбылыстардың  экономикалық аспектісіне географтар ХІХ ғасырдың өзінде-ақ көңіл бөлген, алайда бұл мәселенің нақты талдауын тек К. Шпютцтың еңбегінде табуға болады.

Отызыншы жылдары туризм географиясының әлем бойынша қатты  дамуына мүмкіншіліктер туады, әсіресе  Германияда (Р. Глюксман, А. Борман, Х. Позер), Францияда (Д. Мидж), Швейцарияда (В. Унцикер), Жапонияда (М. Сато, К. Мисава, Танака, Осаки), сондай-ақ АҚШ-та (Р. Браун, К. Мак-Мерри).

Осындай зерттеулерге байланысты Берлинде 1929-1934 жылдары туризмді зерттеу  Институты ашылды.

Дәл сонда С. Лещицкийдің  туризм географиясы деген түсінікті  ғылыми түрде дәлелдейтін теориялық  жұмыстары жарық көрді, ол географиялық әдебиеттердің өміріне туризм ұғымын енгізді. Сол кезде туризм географиясының дамуында туризм ұғымы үлкен роль атқарды. Ол теориялық, шаруашылық, географиялық, статистикалық, құқықтық, мәдени және қоғамдық мәселелердің жинағы ретінде туристік қозғалыспен байланысты.

ІІ Дүниежүзілік соғыс  туризм географиясы саласындағы  ғылыми зерттеулерді тежейді. Алайда, мұндай зерттеулер соғыс бітісімен-ақ қайта басталады, себебі сол кездері  туристік қозғалыс үлкен қарқынмен  дами бастайды.

ІІ Дүниежүзілік соғыстан кейін туризм географиясының даму орталығы Франция және АҚШ болды, 1970-ші жылдардан  бастап, сондай-ақ, КСРО, Канада, Австрия, Ұлыбритания, Австралия, Жапония, Чехославакия, Югославия, Болгария, Германия, Польша солардың қатарына енді.

1945-1960 жылдардың арасында  жаңа ұғым – демалыс географиясы  пайда болып, ол туризм географиясы  және рекреация географиясымен  қатар қолданыла басталды.

1950 жылдардың аяғында  Америка әдебиеттерінде жаңа  ұғым – «таза ауадағы рекреация»  пайда болды. Бұл ұғымды М.  Клаусон енгізді. Бұндай демалыс  деп қала сыртындағы ашық аспан  астында демалуды атайды екен.

Қазақстандағы демалыс пен  туризм географиясы облысындағы  зерттеулер ХХ ғасырдың 70-ші жылдарында басталды деп те айтсақ болады. Ғылыми-зерттеу  және жобалық жұмыстар жүргізуді  алғашқы болып Мемлекеттік жобалау  институты –«Казгипроград» бастады. Ол кездері онда маманданған сәулетшілер, географтар, экономистер, инженерлер мен  басқа маман өкілдерінің ұжымы  қалыптасып үлгерген еді.

Барлық елдерде туризмнің  қарқынды дамуы бұл құбылыста  географиялық талдау қажеттілігінің артуына  себеп болды.

 

13. Туризм географиясының негізгі ұғымдары мен атау сөздері.

«Туризм»  мен «турист» түсініктері әдебиет  бетінде XVІІІ ғасырдың соңында пайда  болып, XІX ғасырда, әсіресе XX ғасырда  кең қолданыла бастады. «Туризм» және «турист» түсініктері француз  тілінен келген (tour – саяхат деген  мағынаны білдіреді). Олай болса да, алғашқы рет бұл түсініктер XVІІІ ғасырда Британ аралығында континентке баратын ағылшын жастарының саяхатын анықтау үшін қолданылды. Ағылшын оқушылары өз білімін толықтыру үшін француз, итальян, неміс мектептеріне жіберіліп тұрды. Бұндай саяхаттарды «grand tour» деп, саяхатшыларды туристер деп атай бастады.

1811 жылы  «Sporting Magazine» журналында туризм  түсінігіне көрікті орындарға  танымдық, көңіл көтеру немесе  ғылыми мақсатымен жасалынатын  саяхаттарды жатқызды. Соңғы басылымдарда  әр адамды көңіл көтеру мақсатымен  саяхаттайтын немесе жай, уақытты  кетіріп жүретінді турист деп  атады.

Ресми түрде  ғылыми әдебиетте «туризм» түсінігі XX ғасырдың 30-шы жылдары туризмнің  зерттеу жұмыстарымен айналысатын  Берлин институтының журналында «Archіv fur Fremdenverkehr» (1930-1931) мақаласының алғы сөзінде шыққан.

Туризм  өте кең түсінік, әдебиет бетінде  туризмнің әр түрлі анықтамаларын  кездестіруге болады. В. Унцикер туризм деп табыс табуға арналмаған тұрақты жерден тыс жердегі барлық саяхат пен қысқа мерзімді сапардағы құбылыс пен қатынастың жиынтығын атады. Кейбір авторлар «әр түрлі мақсаттағы спорттық жарыстарды» туризмге жатқызды. КСРО-да 1952-ші жылы тұңғыш рет В.В. Добкович туризмге қазіргі уақытқа лайық анықтама берді: «Туристік саяхат деп каникул және ұзақ уақытты демалыс кезінде біздің еліміздің әр түрлі аудандарында болып, сол елдің халықтарының өмірімен және мәдениетімен танысу, социалистік құрылысымен, табиғи байлықтарымен, тарихи, әскери және революциялық ескерткіштерімен танысуды айтамыз» – деді.

Туризмге  қысқа да, сәтті анықтаманы ҮКЭ (Үлкен  Кеңес Энциклопедиясы) берді: «туризм  – бос уақыттағы адамның белсенді саяхаты, сапары, жорық жасап демалуы».

ХХ ғасырдың 30-шы жылдары поляк географы С. Лещицкий туризм туралы түсінікті толықтап, «туристік-сауықтыру қозғалысына байланысты теориялық, шаруашылық, географиялық, статистикалық, құқықтық, мәдени және әлеуметтік сұрақтардың жиындысы» – деп анықтама берді.

Туризм  географиясы облысына еңбегі сіңіп, атағы шыққан В.С. Преображенскийдің  айтуынша, «туризм» ұғымы арқылы мынадай  негізгі түсініктер беріледі:

а) демография мен халық географиясы және заң ғылымы оқитын халық қозғалысының ерекше түрі;

б) экономика саласы, экономика мен экономикалық географиямен айналысатын халықтың әлеуметтік-мәдени қажеттін өтейтін салалардың біреуі;

в) социология мен рекреациялық география айналысатын тұрақты жерінен тыс жерде бос уақытты өткізу түрі.

Қазір туризм анықтамасы екі топқа біріктірілуі мүмкін – жұмыстық және концептуалдық. Біріншісінің экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және басқа да туризмнің аспектілеріне ғана қатысы бар. Екіншісі, концептуалды немесе мәнін көрсететін анықтама, пәнді бүтіндей қамтиды, туризмнің ішкі сырын ашады.

Тарихи  даму үрдісінде «туризм» мен «турист» деген түсініктерге біраз өзгерістер енгізілді. Тәжірибеде туризмнен гөрі турист деген түсінік анықтамасы жағынан анығырақ болғанын қажет  етеді. Ең алғашқы «турист» деген  анықтаманы Ұлттар Лигасының статистика жөніндегі сараптау Комитеті берді (1937). Ол халықаралық түсініске ие болып, біршама түзетулермен біздерге де жетті. Соңғы жылдары «турист» ұғымының анықтамалары ресми халықаралық  туристік ұйымдар одағының жиындарында (Дублин, 1950; Лондон, 1957), БҰҰ-ның халықаралық  туризм және саяхаттар туралы конференциясында (Рим, 1963), туризм туралы парламентаралық  конференцияның конгресінде (Гаага, 1989) талқыланды. Бұл деген туризмнің теория және тәжірибе жағынан маңызының зор екендігін және оған берілетін анықтаманың толық та дәлірек болу керектігін көрсетті.

Қазіргі шақта 1963-ші жылы Рим конференциясында енгізілген, Дүниежүзілік туристік ұйым (ДТҰ) қабылдаған халықаралық тәжірибеде кең қолданылып жүрген анықтама келесі: «Туристер – әр түрлі мақсатта тұрақты жерінен тыс жерге  саяхат жасайтын, ақша табу әрекетпен  айналыспайтын, адамдар». Бұл анықтама мыналарды қамтиды:

– туристер немесе келушілер деп, осы елде кемінде 24 сағат болатын адамдарды айтады және олардың саяхат жасау мақсаттарын  келесі топтарға біріктіреді: а) бос уақытын көңіл көтеруге, каникулға, емделуге, оқуға немесе спортпен айналасуға жіберетін адамдар;  б) жұмыс бабымен, отбасы ісімен айналысуға немесе съезд, симпозиум конференцияларға қатысатын адамдар;

– экскурсанттар, немесе уақытша келушілер, елде 24 сағаттан аз уақыт болатын адамдар (теңіз рейсіне қатысушыларды қосқанда).

Сапар мақсатына  байланысты саяхатшылар үлкен екі  топқа бөлінеді. Бірінші топқа  туристік мақсатпен сапар шекпейтін  адамдарды жатқызады. Бұлар шет  елдерге ақша табу мақсатында кәсіби әрекетпен айналысып жүретін  адамдар, яғни шет елдерге барып  жұмыс іздеп немесе сонда жұмыс  істеп жүрген адамдар; көрші территорияда жұмыс істейтін көрші шекара ауданның тұрғындары; тұрақты мекенге қалушылар. Екінші топқа жататындар – уақытша  келушілер, яғни туристік мақсатпен  саяхат жасаушылар. ДТҰ–ның кепілдемесімен статистикалық есепке жеңілдік жасау үшін туристік мақсаттар үш блоққа топтастырылған: көңіл көтеру мақсатымен саяхаттау, кәсіптік ынтасын қанағаттандыру үшін саяхаттау және басқа да туристік мақсаттар блогі (оқу, емделу, транзит және т.б.)

Саяхаттың ұзақтығына қарай уақытша келушілер  «таза» туристер және экскурсанттар  болып бөлінеді. Турист – бұл  бір тәуліктен артық және бір  жылдан аз уақытта, өзінің тұрғылықты жерінен тыс жерде саяхаттап жүрген адам.

Экскурсант  – түнеуге қалмай белгілі бір  жерге, ауданға немесе елге саяхаттайтын адам.

Айтып кететін  жағдай, туристік атау сөздер толығымен  өңделіп бітпеген.

Демалыс пен туризм дамуының басты  шарты – «рекреациялық потенциалдың»  болуы. Рекреациялық потенциал дегеніміз  белгіленген территорияда рекреациялық іс-әрекетті ұйымдастыруға және дамытуға   арналған табиғи, тарихи-мәдени, әлеуметтік-экономикалық және басқа да жағдайлардың жиынтығы. "Рекреациялық потенциал" түсінігі "рекреациялық іс-әрекет дамуының факторлары мен шарттары" түсінігіне сәйкес келеді.

"Туристік-рекреациялық  ресурстар" рекреациялық потенциалдың  құрамының маңызды бөлігі. Туристік-рекреациялық  ресурстар – демалыс пен туризмді дамытуға арналған эстетикалық жағынан тартымды, емдік-сауықтыру қасиеті бар табиғи ортаның компоненттері мен антропогендік іс-әрекеттің объектілері.

Халықтың  рекреациялық қозғалысының қалыптасуы белгілі бір жердің туристік құндылығына  байланысты. Туристік құндылықтар – табиғи және табиғи емес ортаның элементтерінің жиынтығы. Туризмді дамытуға арналған табиғи және әлеуметтік-экономикалық шарттары бар қолайлы аумақтар өз бетімен туристік-рекреациялық ресурс бола алмайды. Туристік-рекреациялық ресурс болу үшін оларды технологиялық дәрежеге жеткізу қажет.

Туристік  құндылықтар келесі түрлерге бөлінеді:

1. Табиғи ортаның жағдайына тікелей байланысты демалуға арналған түрлері.

Информация о работе Туризмология