Туризмология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Июня 2013 в 18:39, реферат

Краткое описание

"Бос уақыт" – рекреациялық үрдістің дамуының керекті шарты. Бос уақыт белгілі бір заманның, кластың, әлеуметтік топтың ерекшеліктеріне байланысты динамикалық категория. Ол көлемі және мазмұны жағынан өзгеріп тұрады. Бос уақытты жұмыстан тыс уақытпен шатастырмау керек. Жұмыстан тыс уақыт өзінің мәні жағынан ерекшеленетін төрт топтан тұрады: 1) үйден жұмыс орнына дейін баруға және қайтуға арналған уақыт; 2) күнделікті қажеттілікті өтеуге арналған уақыт (ұйқы, тамақтану, жеке тазалық); 3) үй шаруашылығына және тұрмыстық қажеттілікті өтеуге арналған уақыт; 4) бос уақыт – демалуға, физикалық және рухани күшін қалпына келтіруге және дамытуға арналған уақыт. Сонымен, жұмыстан тыс уақыт екіге бөлінеді: міндетті түрдегі уақыт және басқа іс-әрекеттерден босатылған уақыт (1-сурет) /1/.

Прикрепленные файлы: 1 файл

1блок.docx

— 978.61 Кб (Скачать документ)

     Рекреациялық-танымдық шаралар адамның  рухани дамуына арналған. Бұған  жататындар: мәдени ескерткіштерді  тамашалау, табиғат құбылыстарымен  танысу және т.б.

     Рекреациялық шаралардың бірнеше  турі шынында бірігіп орын  алады. Мысалы, жаңа жерлерде серуендеу  қозғалыс пен таным функцияларын  бірге орындайды.Рекреант өз еркімен  белгілі уақыт ішінде бірнеше  рекреациялық шараларды біріктіру  мүмкін. Осындай үйлестіру саны  өскен сайын рекреациялық әрекет  тиімділігі де артады, себебі  бір уақыт бірлігінде рекреациялық  қажеттіліктің үлкенірек көлемі  қанағаттандырылыды.

1.Қалпына  келтірілген топ:а) Рекреациялық  емдеу шаралары: Қатаң түрде анықтау  әдісі бойынша санаторлық-курорттық  емдеу шарасы: бальнеологиялық (минералды  сумен) емдеу, батпақпен емдеу.  б) Рекреациялық сауықтыру шаралары: Таза ауада жүру және мөлшерлі  физиеалық салмақпен қыдыру, суға  жүзу, әр түрлі ойындар, саңырауқұлақ  және жеміс-жидек теру, күн мен  ауа ваннасы, пассивті тыныңу  және т.б.

2.Даму тобы: в) Рекреациялық спорт шаралары: Адамның  күш-қуатынөсіру шарасы(спорттық  ойындар,моторлы су спорты, шаңғы  спорты, ұзақ уақытқа сапарға  шығу, тау шығдарына шығу және  т.б.) г) Адамды рухани дамыту  шарасы(мәдени және тарихи ескерткіштерді көру, мұражайларға бару, табиғи және қоғамдық құбылыстармен танысу және т.б.)

 

7. Рекреациялық жүйе және ТРЖ түсінігінің ара қатынасы: сала мен кәсіпорын. Рекреациялық сала мен туризм индустриясы.

 Рекреациялық  жүйе объективті және әлеуметтік  құрылым ретінде тұңғыш рет  ұсынған В.С. Преображенский болды.  В.С. Преображенский ұсынысы кеңістік  рекреациялық географияның аяғына  тұру жолында ең алғашқы ірі  қадам болып саналады. В.С. Преображенсктйдің  пікірінше, рекреациялық жүйе  дегеніміз функционалды мәні  бойынша объективті және әлеуметтік  құрылым, басқа материалдық (өнеркәсіп,  ауыл шаруашылығы, көлік) және  материалдық емес(тұрмыстық қызмет  көрсету, қоғамдық тамақтандыру, денсаулық сақтау) салаларымен теңдес  халық шаруашылық жүйесі болып  табылады. Зерттеу практикасында  жиналған мәліметтер геожүйенің  ерекше концепциясын-территориялық  рекреациялық жүйесін (ТРЖ) жасады, ол рекреациялық географияның  жаңа оқу пәні болмақ.

    «Территориялық  рекреациялық жүйе» - бұл әлеуметтік  географиялық жүйе. ТРЖ-де белгіленген  қоғамдық функциялар жиналған, оның  ішінде адамның денсаулығы мен  еңбеек қабілеті, физикалық және  психоэмоциялық күш-қуатын қалпына келтіру ең бастысы болып табылады.

Рекреациялық  қызмет көрсету өндірістің материалдық  емес сферасына жатады. Рекреациялық қызмет көрсету мен рекреациялық іс-әрекетті ұйымдастыру жұмысының  объекті- адам және оның демалыс өткізетін  жерінің жағдайлары болып табылады. Реккреациялық сала қызметкерлерінің еңбегінің нәтижелері бойынша халық  шаруашылығының кез-келген саласымен  салыстыруға болады. Бұл іс-әрекеттің  тиімді болу шарты- жақсы ұйымдастырылған, жоспарланған және дұрыс басқарылатын  саланың болуы. Дегенмен, О.А. Кибальчич (1973) айтқандай, рекреациялық саланың  « азаматтық құқығы» әзірше шектелген. Біздің елімізде рекреациялық қызмет көрсетудің жеке рекреациялық  салаға айналуына барлық мүмкіндіктер бар. Рекреациялық сала дегеніміз не? Әрбір  салада бірнеше кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар бірігіп, белгілі бір  функция атқарады, яғни салада шаруашылық бірліктер топтасады. Реккреациялық  салаға келетін болсақ, рекреациялық саланың құрылымын анықтау өте  қиын. Не себептен? 1-ші қиындығы:  туризм  мультипликаторлық эффектісі, яғни көп қосымша салалар рекреанттарға  қызмет көрсетуге кіріседі; 2-ші қиындығы: рекреанттар санын дәл анықтау  өте қиын, яғни статистикалық есептің  жоқтығы. Осы себептен рекреациялық саланың шекарасы нақты болмайды. Сондықтан рекреациялық саланы жоспарлау, оның экономикалық рөлін, мысалы, одан тусетін табысын анықтау, саладағы қызметпен қамтылуды есептеу де қиынға туседі.

    Халық  шаруашылық саласын бөліп көрсету  үшін ең алдымен еңбектің қоғамдық  бөлінісіндегі ондағы тек һзіне  тән еңбек түрін анықтап бөлу  қажет. Рекреанттар өндірістің  материалдық та, материалдық емес  те аяларында өндірілген тұтыну  заттарын пайдаланады. Атап айтсақ, бұлар- көлік құралдары мен  орналастыру орындары, тамақтандыру  жүйесінде өндірілген өнім, туристік  жабдықтану заттары, тұрмыс қызметтері  және т.б.

     Материалдық және материалдық  емес игілікті пайдалану белгісі  бойынша рекреантқа қызмет көрсететін  барлық мекемелерді рекреациялық  салаға жатқызуға болады. Кейбір  зерттеушілер бұл жиынтықты «туризм  индустриясы» деп атайды. Бірақ,  «р»екреациялық сала» мен «туризм  индустриясы»  ұғымдарын ажырата  білген жөн. Рекреациялық салада  негізгі технологиялық үрдістер  іске асады, ал туризм индустрисында  сонымен қатар, рекреантқа қызмет  көосетуді ұйымдастыоғанда шаруашылық  байланыстар да пайда болады.  Егер рекреациялық сала мен  «туризм индустриясы» арасындағы  ерекшеліктерді аңғармай, саланы  қалыптастыру критерийі ретінде  тек тұтынуды қарастырсақ, бұл  сала, өндірістері шаруашылықтың  әр түрлі салаларында «шашылып»  жатқан алапес бір салаға айналып  кетеді.  Қазіргі кезде көптеген  елдерде рекреациялық сала рекреациялық  тұтынудын кешендік сипатына орай «туризм индустрисы» тұжырымдамасына негізделген

 

8. Рекреациялық және туристік іс-әрекеттің территориялық ұйымдастырылуының шарттары мен факторлары. Рекреациялық аумақтардың негізгі түрлері.

Рекрециялық саланың территориялық ұйымдастырылуына ең елеулі әсер ететін жағдайларды  фактор деп, басқа жағдайларды- шарртар  деп атайды. Туризмнің дамуы мен  ұйымдастырылуына көптеген факторлар  мен шарттар: әлеуметтік-экономикалық, табиғи-географиялық, демографиялық, ғылыми-техникалық, саяси және т.б. әсерін тигізеді. Рекреациялық қажеттіліктер рекрециялық саланың  территориялық ұйымдастырылуының  басты факторы болып саналады. Ал, рекреациялық қажеттіліктердің қалыптасуы әлеуметтік-экономикалық факторлармен айқындалады.

    Сондықтан  барлық факторлар туризм мен  халық демалысы дамуының әлеуметтік-экономикалық  және саяси шектеуші факторларын  ескере тұра талдануы керек.

     Көрсетілген факторларды жүйелей  отырып, оларды екі топқа бөледі. Осылай бөлуді В.С. Преображенский, В. И. Азар, И. В. Зорин, П.  Мариот сияқты атақты ғалымдар  ұсынылды.

  1. Туризмдегі қоғамдық қажеттіліктерді туғызатын факторлар, Олар демалыстардың турлі формаларына сұраныс туғызады. Сонымен қатар, олар  рекреациялық шаруашылықтың құрылымын анықтайды.
  2. Рекреациялық қажеттіліктерді іске асырушы факторлар. Олар жұртты туризмнің турлі факторларымен айналысуға тартады. Бұл факторлар туризмнің табиғи, ьәдени-тарихи ресурстарымен, халықтың әлеуметтік-экономикалық өмір жағдайымен(табыс деңгейі, бос уақыттың болуы) байланысты.

      Бұл екі фактор территория  жағынан шоғырланған және шоғырланбаған  болып бөлінеді.

      Шоғырланбаған факторлар болып-  рекреациялық шаруашылыққа халық  шаруашылық деңгейінде әсер ететін, бүкіл халық шаруашылық кешенінің  қоғамдық-экономикалық үрдісімен  байланысты туғызушы және іске  асырушы факторлар. Туристік-рекреациялық  жүйеге талдау жасағанда бұл  факторлар ескеріледі.

      Шоғырланған факторлар- туризмдегі  еңбектің аумақтық бөлінуін анықтайтын, рекреациялфқ функцияларды белгілі  бір жерге бекітетін, кеңістікке  нақты жіктелген туғызушы және  іске асырушы факторлар. Мұндай  факторларға тау, орман, жылы  теңіз бен өзендер, минералды  сулар, мәдени ескерткіштер жатады. Себебі, олар туризм индустриясы  мекемелерінің орналасуын анықтайды.

    Авторлардың көбісі іске асырушы  фактордың маңызы демалыс пен  туризмді шағын көлемді аумақтарда  ұйымдастырғанда өте жоғары, ал  ауқымды территорияларда туғызушы  факторлардың маңызы оданда жоғары  деп есептейді.

    Іске асырушы факторлардың аумақтық  рекреациялық ұйымдастырылуына  жасайтын әсері санаторлық –курорттық  және туристік –экскурсиялық  қызмет көрсету кәсіпорындары  торының аумақтық таралуы мен  дамуында орын алады

9. Рекреациялық география - қоғамдық-географиялық  ғылымының саласы: пәнаралық сипаты, зерттеу нысаны мен пәні, зерттеу  әдістері, өзге ғылымдар арасындағы  орны.

 

Қазіргі шақта рекреациялық іс-әрекет әлеуметтік-экономикалық факторлардың маңызды біреуіне айналып отыр. Рекреациялық іс-әрекетті ұйымдастыру кешенді  түрде жүргізілуі қажет, өйткені  рекреациялық жүйе қандай түрде болмасын, өзара әсерде болады: демалушылар  тобы, табиғи кешендер, техникалық инфрақұрылым, қызмет көрсету сферасы, өндіріс  сферасы, еңбек ресурстары, орналастыру  жүйелері және басқалары. Жердің географиялық ортасының сипаттарына байланысты ғылыми зерттеулерді дамыту кезінде, рекреацияның мәселелері және оның «географиялығы»  пайда болады. Рекреациялық мәселелерді  қазіргі өмір талабында зерттеу, ғылыми жетістіктердің сөз жүзінен іске асырылуы – міне, осылардың барлығының жинағы қоғамдық географияның жаңа саласы болатын рекреациялық географияны туғызды. Бұрынғы КСРО-да география саласында рекреациялық мәселелерін зерттеу жұмыстарымен География Институті айналысатын. Бұндай жұмыстармен негізінен В.С. Преображенский басқарған физикалық географияның бөлімі және А.А. Минц басқарған экономикалық географияның бөлімі айналысқан.

Рекреациялық жүйені объективті және әлеуметтік құрылым ретінде  тұңғыш рет ұсынған В.С.Преображенский болды. В.С. Преображенскийдің ұсынысы  кеңестік рекреациялық географияның аяғына тұру жолында ең алғашқы ірі қадам  болып саналады. В. С. Преображинский пікірінше, рекреациялық жүйе дегеніміз  функционалдық мәні бойынша объективті және әлеуметтік құрылым, басқа материалдық (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік) және материалдық емес (тұрмыста қызмет көрсету, қоғамдық тамақтандыру, денсаулық  сақтау) салалрымен теңдес халық шаруашылық жүйесі (саласы) болып табылады. Рекреациялық қызметтерді өндіруге және халықтың рекреациялық қажеттіліктерін қанағаттандыруға мамандандырылған аумақтық-шаруашылық құрылымның географиялығы пайда  болды. Зерттеу практикасында жиналған мәліметтер геожүйенің ерекше концепциясын – территориялық рекреациялық жүйесін  (ТРЖ) жасады, ол рекреациялық географияның жаңа оқу пәні болмақ.

"Территориялық рекреациялық  жүйе" – бұл әлеуметтік географиялық  жүйе. ТРЖ-де белгіленген қоғамдық  функциялар жиналған, оның ішінде  адамның (рекреанттың) денсаулығы  мен еңбек қабілеті, физикалық  және психоэмоциялық күш-қуатын  қалпына келтіру ең бастысы  болып табылады. Құрылымы жағынан  ТРЖ бір-бірімен байланысты элементтерден  тұрады (шағын жүйелерден): табиғи  және мәдени кешендер (ТК), техникалық  құрылыс (ТҚ), қызмет көрсету (ҚК), басқару органы (БО) және демалушылар  тобы (ДТ)-рекреанттар (сурет 7).

 

Сурет – 7. Рекреациялық жүйесінің  сұлбасы (В. С. Преображенский, 1975)

 

ДТ – демалушылар тобы; ТК – табиғи және мәдени кешен; ТҚ –  техникалық құрылыс; ҚК – қызмет көрсетушілер тобы; БО – басқару органы; 1 –  жүйенің сыртқы байланыстары; 2 –  шағын жүйелер арасындағы байланыстар; 3 -  басқару командалары;4 – шағын  жүйелер туралы мәліметтер; І –  демалушылардың қанағаттандырылуы  туралы; ІІ – демалушылардың сұранысы бойынша табиғи кешендердің сақталу  дәрежесі; ІІІ – техникалық жүйелердің мүмкіндіктері мен пайдалы қасиеттерінің  сақталу дәрежесі; ІV – қызмет көрсетушілердің  жағдайы туралы.

 

Шағын жүйе "демалушылар  тобы" – ең негізгісі, ол туристердің  әлеуметтік-демографиялық, жергілікті және ұлттық ерекшеліктеріне байланысты, ТРЖ-нің басқа да элементтеріне  қойылатын талаптарды анықтайды. Бұл  жүйе рекреациялық қажеттіліктің құрылымы мен мөлшерін, туристік сұраныстың географиясы мен таңдауын, туристік ағымдардың әртүрлілігі мен мезгілдігін  анықтап отырады.

"Табиғи және тарихи-мәдени  кешендер" шағын жүйесі ресурс  ретінде қарастырылып, ТРЖ құрылуының  жергілікті базисы болып табылады. Табиғи және тарихи-мәдени кешендердің  белгілі бір сыйымдылығы, сенімділігі,  комфорттылығы, тұрақтылығы және  аттрактивтілігі (тартымдылығы) болады. Олар пайдалану қорының көлемі, тарау мөлшері, пайдалану кезеңдері  арқылы сипатталынады және демалушыларға қызмет көрсету процесінде бірнеше рет қолданылады.

Шағын жүйе "техникалық құрылыстар" – демалушылар мен қызмет көрсетушілердің  тіршілік әрекеттерін (орналастыру, тамақтандыру, көлік қызметтері), сонымен қатар  арнайы рекреациялық қажеттіліктерін  де (емдеу, сауықтыру қызметі; экскурсиялық, мәдени және тұрмыс қызметтері) қамтамасыз етеді. Рекреациялық және қызмет көрсету  кәсіпорындарының кешені рекреациялық инфрақұрылымды құрайды. Олар сыйымдылық, әртүрлілік, комфорттылық, экологиялық, технологиялық (пайдалануға дайындық) көрсеткіштерімен сипатталады.

Шағын жүйе "қызмет көрсетушілер" демалушыларға рекреациялық қызмет көрсету функциясын атқарады және рекреациялық мекемелердің өндірістік-технологиясын  қамтамасыз етеді. Бұл шағын жүйе мамандандырылған мекемелерде рекреациялық қызмет көрсетушілердің санымен, туристік мамандардың кәсіптік және білім  деңгейімен сипатталады.

"Басқару органы" ТРЖ  элементтерінің өзара әсерін  реттеп отырады және барлық  жүйелерінің бүтіндей әсерлі  жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.  Қазіргі уақытқа және болашаққа  жоспарлау мен басқару жүйесі  арқылы ТРЖ желілерінің әр  түрлі салалары мен деңгейлерінің  кешенді түрде дамуын жүзеге асырады, рекреациялық қажеттіліктерді болжамдайды, рекреациялық ресурстарға баланс жасайды, рекреациялық іс-әрекеттердің ақпараттық, нормативті-заңдылық және материалды-техникалық жағынан қамтамасыз етілуін жүзеге асырады.

Информация о работе Туризмология