Туризмология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Июня 2013 в 18:39, реферат

Краткое описание

"Бос уақыт" – рекреациялық үрдістің дамуының керекті шарты. Бос уақыт белгілі бір заманның, кластың, әлеуметтік топтың ерекшеліктеріне байланысты динамикалық категория. Ол көлемі және мазмұны жағынан өзгеріп тұрады. Бос уақытты жұмыстан тыс уақытпен шатастырмау керек. Жұмыстан тыс уақыт өзінің мәні жағынан ерекшеленетін төрт топтан тұрады: 1) үйден жұмыс орнына дейін баруға және қайтуға арналған уақыт; 2) күнделікті қажеттілікті өтеуге арналған уақыт (ұйқы, тамақтану, жеке тазалық); 3) үй шаруашылығына және тұрмыстық қажеттілікті өтеуге арналған уақыт; 4) бос уақыт – демалуға, физикалық және рухани күшін қалпына келтіруге және дамытуға арналған уақыт. Сонымен, жұмыстан тыс уақыт екіге бөлінеді: міндетті түрдегі уақыт және басқа іс-әрекеттерден босатылған уақыт (1-сурет) /1/.

Прикрепленные файлы: 1 файл

1блок.docx

— 978.61 Кб (Скачать документ)

Демек, туризм географиясының зерттеу мақсаты  – туристік қозғалыстың табиғи, экономикалық, әлеуметтік және басқа  да аспектілерін ескере отырып, оны  басқарудың теориялық негіздерін құрастыру.

Сонымен, туризм географиясы келесі мәселелерді  қамтиды: туризмнің түрі мен мезгілдігін  ескере отырып, туризмді дамытуға аумақтың жарамдылығын; аумаққа және оның шаруашылық кешенінің қалыптасуына туризмнің  әсерін; туризмнің дамуынан туындайтын және қоғамның шаруашылық іс-әрекетіне әсер етін аумақта болатын құбылыстар мен үрдістерді. Міне, осыған байланысты, туризм географиясының алдында біртұтас маңызды міндеттері пайда болады. Солардың ішінен ең маңыздысын, біздің қөзқарасымызша, 1971 ж. Б.Б. Родоман дәл тауып айтқан: "Географтардың мақсаты – басқа мамандармен қатар рекреациялық ресурстарды анықтау, бағалау және картаға түсіру бойынша әдістемелерді жасау, аумақты үнемді пайдалану, табиғатты қорғау және ландшафтардың рекреация үшін сұлулығын сақтау жөнінде ұсыныстар беру, сонымен қатар демалыс аудандардың типтік модельдерін салу, негізгі түсініктер мен ережелерді құрастыру, рекреациялық география зонасын табу".

Рекреациялық  баға тек қана табиғи ресурстарға  емес, сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық ресурстарға да (тарихи-мәдени объектілер мен құбылыстар, қаражат, материалдық, еңбек және т.б.) беріледі.

Жоспарлап реттеудің тәжірибесі жағынан туризм географиясының маңызды мәселелерінің  біреуіне оның болжам функциясы жатады. Туризмді дамыту облысында түрлі  моделдерді қолданып туристік қозғалысқа болжам жасау қажет. Халықтың табыс  деңгейінің өсуі, көліктің дамуы, урбандалу  үрдісі, бос уақыттың көбеюі туристік қозғалыстың құрылымына қатты әсерін тигізеді. Егер де туризм географиясының зерттеу әдістерін одан әрі дамытпаса, практикалық мәселелерді шешу мүмкін емес. Теорияның даму міндеттерін екі басты бағытта жүргізуге болады /1/:

а) туристік қызмет көрсетуді аумақтық ұйымдастыру зандылығын халық шаруашылығының саласы ретінде территориялық-жүйелік құрылымдардың таксономиялық деңгейінде анықтау;

б) аудан құрудың қағидалары мен заңдылығының факторларын зерттеу ретінде туристік-рекреациялық аудандастыруды одан әрі жетілдіру, туристік-рекреациялық құрылымның таксономиялық жүйелерін дәлелдеу, туристік аудандардың типологиясына сипаттама беру.

Туризм  географиясы жас ғылым болғандықтан, оның теориялық зерттеулерінде атау сөздер мен негізгі түсініктеріне  көп орын бөлінген.

 

 

16. Қазіргі туризмнің классификациясы,  оның күрделілігі, маңызы. Туризмнің формалары, кластары, типтері, түрлері.

Қазіргі туризм классификациясы туристік шаруашылықты, туристік қозғалысты, жалпы туризмді аумақтық ұйымдастыру мен дамуын жоспарлау үшін қажет. Бұл классификацияның мәні – туризмнің жеке түрлерін бөліп көрсету.

Қазіргі уақытқа дейін туризмге нақты  классификация жасалынбаған, себебі, қазіргі туризмнің таза бір түрін, формасын бөліп көрсетуге мүмкін емес. Бірақ, классификация туризм мен оның инфрақұрылымның дамуын зерттеу үшін, белгілі бір туристік қызметтерге сұранысын анықтау үшін, сонымен қатар туризмнің материалдық-техникалық базасының дамуын жоспарлау үшін қажет.

Туризмді  әр түрлі белгілеріне қарай классификациялауға болады: мақсатына қарай, саяхаттың  мерзімі мен ұзақтығына қарай, қозғалу  түріне, орналасу орнына, саяхатқа қатысушылардың құрамының сапасына және т. б. Бірақ, саяхаттың мақсаты – негізгі белгі болып табылады.

Туризм формасының кластардан айырмашылығы оның түрлері әр алуан болып табылады. Олар бірқатар факторларға байланысты:

- бос  уақыттың пайда болуына және  ұзақтығына;

- туристердің  жасы мен жынысына, денсаулығы  мен рухани дамуының деңгейіне,  адамның жеке талғамы мен материалдық  молшылығына;

- табиғи  жағдай мен мезгілдің әртүрлілігіне;

- қозғалу  тәсілдерінің пайда болуына және  т.б. 

Сапардың мақсаты, шарты, бағыты мен  масштабы бойынша туризмді  кластарға және түрлерге бөлуге болады.

Қоғамдық функциясы мен өндірістік технологиясы бойынша туризмнің  үш негізгі түрі бар: емдік, спорттық-сауықтыру  және танымдық.

Демалысты дұрыс ұйымдастыру, оны  өзіне тиімді пайдалану адам организмін жақсы шынықтырады. Өсіп келе жатқан жастар үшін спорттық және сауықтыру түрлерінің маңызы зор, онсыз жұмыс істейтін адамдардың қоғамдық және еңбек іскерлігін көтеру де мүмкін емес.

Жоғарыда айтылған түрлері арқылы туризмнің классификациясы құрастырылып жіктеледі.

Туристік ағымның бағыты бойынша, сонымен қатар құқық статусы  бойынша туризм екі үлкен классқа  бөлінеді: ішкі (ұлттық) және халықаралық (шетелдік). Ішкі туризм – бұл азаматтардың өз елінің ішіндегі саяхаты. Халықаралық  туризм – бұл азаматтардың өз елінен тыс жердегі саяхаты, туристердің  бір елден екінші елге немесе бірнеше  елдерге сапарлары. Шетелдік туризм – бұл шетелдік азаматтардың туристік мақсаттармен басқа елге келуі.

Бұлай бөліну халықаралық туризмнің  екі басқа түрімен тығыз байланысты – кіру және шығу, бұлар туристік ағымның бағыты арқылы айырмашылықта  болады. Туристің саяхат жасау мақсаты  оның шыққан елін немесе баратын елін анықтайды. Егер турист өз елінен туристік мақсатпен шықса – бұндай туризмді шығу туризмі дейді, ал баратын елі  кіру туризмі деп аталынады.

1993 жылы ДТҰ-ның Оттавада өткен  конференциясында туризмнің кейбір  ұғымдары анықталды, жеке айтсақ  жаңа ұғымдар қабылданды: ұлттық  туризм және ел ішіндегі туризм. Ұлттық туризм ішкі және шығу  туристік ағымдардан құрылады. Ел  ішіндегі туризм – ішкі және кіру туристік ағымдарды қамтиды.

Ішкі туризм дегеніміз демалыс, спорттық, танымдық және басқа да мақсаттармен адамдардың өз елінің ішіндегі қозғалысы. Бұндай саяхаттарда туристер елдің  шекарасынан өтпейді, туристік құжаттарды толтырмайды.

Халықаралық туризмде турист өзінің елінен шығып басқа бір шетелдік елге барады. Кеденнен өту үшін туристік құжаттарды (паспорт, виза жасау) толтырып, валюта және медициналық бақылаудан өтеді. Бұл халықаралық туризмнің  ерекшелігі және ішкі туризмнен ең басты айырмашылығы болып саналады.

Халықаралық туризмнің тағы да бір  ерекшелігі – елдің төлем балансына  тигізетін әсері. Шетелдік туристер қабылдаушы елдің бюджетіне валюта түсіреді. Сондықтан шетелдік туристердің  келуін "белсенді" туризм деп атайды. Оған қарсы, туристердің шет елге кетуі ұлттық ақша мөлшерінің азаюуына әсерін тигізеді. Бұндай туризмді "белсенді емес" немесе пассивті дейді. Осындай  едәуір айырмашылығына қарамастан, ішкі және халықаралық туризм бір-бірімен  үнемі тығыз байланыста болады. Олар бүтін туризмнің екі бөлігі. Ішкі туризм халықаралық туризм дамуының негізін құрайды, ішкі туризмсіз  халықаралық туризм дамымайды. Ішкі туризм халықаралық туризмнің катализаторы болып саналады. Ол жаңа рекреациялық ресурстар мен аудандарды игеруге, туристік инфрақұрылымның  базасын  құруға  әсерін  тигізеді, сондай-ақ бірте-бірте халықаралық туристік қозғалысқа, халықаралық туризм индустриясына енуге мүмкіндіктер туғызады.

Туризм классификациясының, оның саяхатқа шығу мақсаты бойынша бөлінуі  осы уақытқа дейін көптеген пікірталастар  тудыруда. Профессор Бернекер австриялық туризмологтың айтуынша «Қанша авторлар бар, сонша анықтамалар ды пайда  болады». Көп авторлар оның басты  мәселесін бір ауыздан мақұлдайды және саяхатты мақсаты жағынан демалыс  пен көңіл көтеру десе, басқа жағынан  іскерлік туризм деп бөледі. Демалыс  мен көңіл көтеру мақсатымен саяхаттар (рекреациялық туризм) туризм дамуының негізгі бағыты болып саналады. Оның үлесіне дүниежүзілік туризмнің 70%-ы  келеді. Олар сауықтыру, спорттық, танымдық сапарларын біріктіреді.

Көптеген зерттеушілер туристік қозғалыстың  дамуында басты ролді танымдық туризмге береді.

Соңғы уақыттарда этникалық туризм де дамуда, яғни туысқандарына, таныстарына  немесе ата-бабаларының туған жеріне қыдыруы; этникалық мақсатпен туристік сапарлар дүниежүзілік туристік ағымның 10% құрайды.

Іскерлік туризм – бұл жұмыс  мақсатымен сапарға шығу, яғни съезге, ғылыми конгреске, конференцияға, симпозиумға, өндірістік семинарға және көрмелерге қатысу. Іскерлік туризм – бұл туризмнің  ең перспективті саласы.

Туризмнің түрлері әр алуан белгілері  бойынша классификацияланған. Ұйымдастыру  жағына қарай туризм: а) ұйымдастырылған (жоспарлы); б) әуесқой (өз жоспары бойынша); в) ұйымдастырылмаған (жабайы) болып бөлінеді. Турфирмалар ұсынатын сапарларды ұйымдастырылған туризм деп атайды, себебі ұйымдастырылған туристер алдын ала белгіленген мезгіл мен маршрут бойынша турларды сатып алады.

 

 Ұйымдастырылмағаннан айырмашылығы  – әуесқой және жабайы туристер  өздерінің саяхатын өзінше ұйымдастырады.  Әуесқой туристердің жабайы туристерден  айырмашылықтары болады. Әуесқой  туристер туристік ұйымдармен  байланысты жұмыс істейді. Жабайы  туристер турфирмасыз, туристік  ұйымдарсыз саяхаттайды.

Туризм жеке және топтық болып бөлінеді. Жеке бір адамның немесе бір жанұяның (бес адамға дейін) өздерінің жеке жоспары бойынша саяхатын жеке туризм дейді, бір топ адамның саяхатын (6-7 адамнан бастап) топтық туризм деп  атайды. Топтық туризм, әдетте, қатысушылардың тілек-талаптарына сәйкес ұйымдастырылады. Бұл турлар архео-логиялық, мәдени-өнер және тарихи болуы мүмкін.

Жылжымалылық белгісіне қарай  туризм стационарлық және көшпелі болып  бөлінеді. Туризмнің стационарлық түріне емдеу туризмі және спорттық-сауықтыру  туризмінің кейбір түрлері жатады. Көшпелі туризм үнемі қозғалыста болып, өзінің орнын жиі ауыстырып  тұрады. Қазіргі шақта техникалық мүмкіндіктердің өсуіне қарай көшпелі туризм күшейетін сияқты.

Су туризмінің серуендеу және спорттық түрлері дами түсті. Туризмнің бұл  түріне кіретіндер: су-моторлы спорт, су-шаңғысы спорты, каноэда еспе, желкенді кеме спорты және т. б. Туризмнің  бұл түрі суға түсу, жағажай туризмімен ұштасады және теңіз, көл, өзен жағасына орналасқан туристік кешен-дерде кең  тараған.

Су астындағы аңдарды суретке  түсіру, олардың өмірімен танысу мақсатын көздейтін су асты спорттық туризмі  әйгілі болып келеді. Балық және аң аулау туризмі де барлығымызға таныс. Туризмнің сурет, кино, аң аулау  түрлері оның таны-малдық түріне жатады. Шетел туризмінің ішіндегі ең қымбат түрі – аң аулау туризмі.

Соңғы жылдары тау шаңғысы туризмі  жылдам дамуда. Арнайы тау шаңғысы курорттары салынуда. Альпинизм де туризмнің көпшілік түріне айналуда.

Сапардың ұзақтығына қарай туризм қысқа және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Адамдардың үш тәулікке дейін саяхатқа келуін қысқа мерзімді туризм дейді. Қысқа мерзімді сапар – туризмнің  бұқаралық түрі болып саналады. Ұзақ мерзімді туризм (үш тәуліктен артық) каникул немесе ұзақ мерзімді демалыспен байланысты.

Саяхаттың ара қашықтығына қарай  туризм жақын және алыс болып бөлінеді. Жақын саяхат өз елімізге, алыс саяхат шетелдерге бару деген сөз.

Туристік ағындардың ритмі бойынша  туризм жылдық және мезгілдік болып  бөлінеді. Жылдық дегеніміз жыл бойы туристік аудандарға саяхатқа, демалуға адамдардың барып тұруын айтады. Мезгілдік – ондай туристік жерге жылдың бір кезеңінде ғана баруы.

Туристік саяхатқа қатысушылардың жасына қарай туризм былай бөлінеді: а) балалар мен жасөспірімдер туризмі; б) жастар туризмі; в) ересектер туризмі.

Туристердің сапар желісінде орналасуы  бойынша туризмді төмендегідей бөлуге болады: а) қонақ үй типті және б) қонақ үй типті емес.

Туристік саяхаттың көрсетілген  мақсатына қарай туризм келесідей  бөлінеді: а) рекреациялық, б) экскурсиялық және в) арнайы туризм. Рекреациялық туризмге – емделу және сауықтыру үшін саяхат кіреді. Экскурсиялық туризм – табиғаты мен әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қызықты орындармен танысу мақсатымен саяхат, бұл бөтен аудандарға немесе елдерге саяхат жасау. Арнайы туризм – арнайы бағдарлама және маршрут  бойынша саяхат.

Көлік қызметінің түріне қарай туризм автомобильмен, автобуспен, темір жолмен, теплоходпен саяхаттау болып  бөлінеді. Дүниежүзіндегі жолаушыларды тасудың басым бөлігі автомобиль көлігінің үлесіне тиеді. Батыс  Еуропада туристердің 70%-ы өз көліктерімен саяхаттайды, АҚШ-та бұл көрсеткіш 90% құрайды.

Соңғы 20 жылда круизді туризм шапшаң дамуда. Круиз – бұл теңіз саяхаты, жабық бір шеңбермен, белгілі  бір маршрутпен көрікті, көңіл толарлық жерлерге тоқтап саяхат жасау. Круиздік саяхатта бірінші орында – Нью-Йорк порты. Круиздік туризммен айналысатын елдер – Англия, Норвегия, Греция, Италия, Франция, АҚШ.

Алғашында барлық туристік іс-әрекет коммерциялық түрде болса, онан түсетін  кіріс туристік мекемелердің жұмысының  басты нәтижесі болды. Бірте-бірте  коммер-циялық туризмге қарсы әлеуметтік туризм деген түсінік пайда болды. Әлеуметтік туризм жүйесі тұтынушыларға  ғана емес, туристік мекемелерге де өте тиімді.  Сонымен, әлеуметтік туризм – бұл ақшалары аз адамдардың пайдаланатын туризмі, оларды мемлекет және мемлекетке жатпайтын құрылымдар қолдайды.

Экологиялық туризм (экотуризм) - жақында  ғана "жасыл" қозғалыс толқынында пайда болды және елдің тұрақты  даму концепциясына байланысты ол батыста  кең дами бастады. Экотуризмді көпшілік туризмнің баламасы ретінде қарайды, соңдықтан да оның қалыптасқан туризмнен  айырмашылық-тары бар. Олар төмендегідей негізгі белгілер /4/:

Информация о работе Туризмология