Туризмология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Июня 2013 в 18:39, реферат

Краткое описание

"Бос уақыт" – рекреациялық үрдістің дамуының керекті шарты. Бос уақыт белгілі бір заманның, кластың, әлеуметтік топтың ерекшеліктеріне байланысты динамикалық категория. Ол көлемі және мазмұны жағынан өзгеріп тұрады. Бос уақытты жұмыстан тыс уақытпен шатастырмау керек. Жұмыстан тыс уақыт өзінің мәні жағынан ерекшеленетін төрт топтан тұрады: 1) үйден жұмыс орнына дейін баруға және қайтуға арналған уақыт; 2) күнделікті қажеттілікті өтеуге арналған уақыт (ұйқы, тамақтану, жеке тазалық); 3) үй шаруашылығына және тұрмыстық қажеттілікті өтеуге арналған уақыт; 4) бос уақыт – демалуға, физикалық және рухани күшін қалпына келтіруге және дамытуға арналған уақыт. Сонымен, жұмыстан тыс уақыт екіге бөлінеді: міндетті түрдегі уақыт және басқа іс-әрекеттерден босатылған уақыт (1-сурет) /1/.

Прикрепленные файлы: 1 файл

1блок.docx

— 978.61 Кб (Скачать документ)

Географиялық жағынан туризмнің  даму жолдарын анықтаған кезде табиғи, мәдени тарихи және әлеуметтік экономикалық жағдайына баға беру; туристік мекемелер  мен маршруттардың қалыптасқан  торып талдау; рекреациялық аумақтардың  сыйымдылығын анықтау қажет. Осының нәтижесінде рекреацияның аудандастыруды өткізуге болады.

Ефременконың айтуынаш, кешенді  бағаның құрамына

  1. Табиғаттың мүмкіншіліктері
  2. Аумақты мәдени жағынан игеру дәрежесі
  3. Экзотикалығы
  4. Бос уақытта өткізілетін шаралардың әртүрлілік дәрежесі бойынша туристік мүмкіншілктер;
  5. Тарихи мәдени объектілер
  6. Тұрмыстық қызметтер
  7. Әйгілілік дәрежесі мен салт дәстүрлер бағалары кіреді.

Сөйтіп, туристік мүмкіншілітерді  кешенді түрде анықтау үшін әрбіреуі бәрнеше басқа көрсеткіштерден  тұратын 6-7 көрсеткішті есептеу керек. Факторлардың біреуінің басым болуына  негізделіп, рекреациялық іс әрекеттің  функционалды типтерін анықтауға боалды.

Бонитировка арқылы ең үлкен туристк  ағымдарды анықтаға, туристер құрамы жөнінде жарнама мәліметтерді табуға болады. Әдетте табиғи әулеті жоғары маршруттарға жастар аттанады, ал белгілі мәдени тарихи ескетркіштері орналасқан жерлерге жасы келіп қалған адамадр басрады.

Бонитировка жүйесі туристік аудандарды топтастырудың объективі , шынайы критерийлерін  береді.

 

19. Территорияның рекреациялық  бағалаудың критерийлері мен  әдістемелері, жиынтық туристік-ресурстық  потенциал ұғымы

 Туризмнің ғылыми зерттеулері жаңа әдістемелік тетіктерді қажет етеді. Туризм географиясының қазіргі кезеңі бұл жүйелену, жіктеу, теориялық тұжырымдамалар, қолдағы білімдер синтезінің кезеңі. Туризм жөніндегі әртүрлі көзқарастарды жалпы тұжырымдамаға біріктіретін жалпы әдістемелік негізі жүйелік тәсіл. Оның мақсаты объектілердің (мұнда қарастырылып отырған объект туризм) жүйелер ретіндегі мәнін ашу, олардың ішкі және сыртқы байлансытарын зерттеу, жүйелердің тұрақты құрылымын қалыптастыру, тетіктерін анықтау болады.

Туризм гегорафиясының әдістемелігі қазір даму жолында. Оған кіретін  әдістер саны өте көп. Жалпы айтқанда әдіс дегеніміз бұл тәсіл, мақсатқа жеті жолы, әрекеттер қалпы. Туризм географиясы әртүрлі жаратылсытану  және қоғамдық ғылымдардың әдістерін  пайдаланады. Дәстүрлі географиялық әдістердің ішіндегі туризм географиясы үшін ең бастылары типологиялық, салыстырмалы географиялық, картографиялық әдістер. Олармен бірге туристер мен туристік индустрия қызметкерлерінің социологиялық  зерттеулер әдісі, физиологиялық және ағымдағы дәрігерлік бақылау әдісі, математикалық, матемкатикалық статистикалық  әдістер қолданылады. Өрістегі және камералдық әдістер жақсы нәтижелері көрсетеді.

Демалыс пен туризм үшін табиғи ортаның  ресурстарына баға беріп, жарамдылығын анықтау туризм географиясының ең басты  мақсаты. Мәдени және тарихи объектілерінің туристік рекреациялық ресурстардағы  маңызды, табиғи жағдайлардың алатын орны да ерекше, себебі рекреация мен  туризмнің дамуының негізгі алғышарты  табиғи орта болып табылады. Сондықтан, КСРО және шетелдік зерттеушілер ертеден  ақ географиялық әдебиетте туристік рекреациялық ресурстардың табиғи жағына ерекше баға берген.

Рекреациялық табиғи шарты ретінде  табиғи аумақтық және аквалды кешендер және олардың компаненттері мен  жеке қасиеттері болып табылады, олардың  ішінде аттарктивтілік, контрасттылық, кедергілерден өту мүмкіндігі, экзотикалық, қайталанбайтын немесе үлгі болатын  сипаты, табиғи нысандарының ауқымы мен  формасы жіне олардың орналасуы.

Алғашқыда табиғи ресурстар мен  аумақтар санаторлық курорттық яғни емдік мақсаттарда бағаланған. Кейін  табиғи кешендердің рекреациялық бағалану қағидаларына, әдістемесіне және критерийлеріне назар аударыла бастады. Ресурстар  мен шарттар демалыс пен утризм ұйымдастырушлыра жағынан да, аяхатшылар жағынан да қарастырылғандықтан  оларға баға беру өте қиын.

Табиғи әлеуеттің демалыс пен  туризм үшін баға беру критерийлерін  көптеген ғылымдар іздестіруде. Осындай  зерттеулердің ішінде Мухинаның  «Принципы и методы технологической оценки природных комплексов» еңбегін атап айту қажет. Мухина рекреациялық баға беру мәселесін әлеуметтік мәселелер қатарына қояды. Бұл жұмыста аумақтың рекреациялық әлеуетін демалушылардың демалыс пен шарттарына деген көзқарастарына негізделген баға беру нұсқаулары берілген. Мұнда табиғи ортаның демалысты ұйымдастыру үшін физиологиялық жайлылығы мен ландшафтардың, табиғи және мәдени тарихи нысандарының әлеуметтік психолоиялық аттрактивтілігін ескеру ұсынысы берілген.

Қазіргі кезде аумақты бағалаудың бірнеше әдістемесі жасалған. Алайда, ғылымынң медициналық биологиялық, әлеуметтік, психологиялық салаларында  демалушылардың табиғи кешендеріне  қоятын талаптары әзірше дұрыстып аяқталмаған.

Демалыс пен туризм үшін табиғи жағдайына  баға беру өте қиын. Емдік ресурстарына баға беруден айырмашылығы, мұнда  пейзаждың тартымдылығ, экзотикалығы, қайталанбайтындылығы бағаланады.

Баға беру субъектісі мен объектінің арасындағы қатынастарды көрсетеді. Сондықтан  баға беру реті төмендегідей міндетті кезеңдерден тұрады:

    1. Баға берудің объектісін  анықтау,яғни табиғи кешендердің компаненттері мен қасиеттерін бағалау.
    2. Субъектіні анықтау, оны позициясы бойнша бағалау. Рекреациялық ресурстардың  баға беру субъектісі ретінде туризм жиі қолданылады.
    3. Зерттеудің мақсатымен және субъектінің қасиеттерімен анықтайтын баға берудің критерийлерін бөлу;
    4. Баға беру шкалалрының көрсеткіштерін құрастыру. Шкалалар субъектісі мен объектінің арасындағы бағалық қатынастарды көрсетеді. Бұл жағдайда шкала сатылардың саны жөнінде сұрақтар туады. Көбінесе 3-4 немесе 5-6 сатылар қолданылады. Әрбір саты объекті мен субъектінің арасындағы байланыстың интесивтілігінің көрсеткіші болып табылады. Рекреация үшін бағалаудың ғ сатылы шкаласы келесі градациядан тұрады: 1 ең қолайлы, 2қолайлы,  3 біршама қолайлы,  4 аө қолайлы,  5 қолайсыз. 

көрсеткіш

сипаттама

Баға балл

1

Таяз су зонасының ені, м

5-10

10-20

20-40

40-100

>100

4

3

2

1

0

2

Таяз су зонасының түбіндегі топырақ титологиясы

Құм

Ұсақ қиыршық тас

Дөңбек тас

Саз

тұнба

4

3

2

1

0

3

Судың орташа тәулі температурасы 18-22 градус болатын жазғы күндерінің саны

80

60-80

50-60

30-50

<30

4

3

2

1

0

4

Ағыс жылдамдығы, м/с

0

0-1

1-2

2-3

3

4

3

2

1

0

5

Жағалу маңындағы су өсімдігінің  аумағы, су периметрінің 100 метріне  кетелтін процент.

0

0-10

10-50

50-80

>80

4

3

2

1

0

       

 

Сатылар арасындағы интервал сұрағы да әзірше шешілмеген. Оған жауап беру үшін объекті  мен субъекті арасындағы байланыстар  тікелей немесе тікелей емес екендігін  анықтау қажет.

Туристік рекреациялық ресурстарға  баға бергенде бағаланатын объектінің және субъектінің ерекшеліктерін ескеру қажет.

Туристік ресурстарға баға берудің  негізгі үш түрі бар:

    1. Медециналық биолгиялық (физиологиялық) баға беру демалысты ұйымдастыру үшін табиғаттың комфорттық дәрежесін табу.
    2. Психологиялық эстетикалық баға беру демалушыларға тиетін табиғат ерекшеліктерін эмоциялық әсерлеріне талдау жасау;
    3. Технологиялық баға беру мамандандырылған және кешенді ТРЖ қалыптасуының мүмкіндіктерін және туризмнің әралуан түрлерін ұйымдастыру үшін ресурстардың жарамдылығын анықтау.

Ресурстардың құндылығын анықтау  және олардың түрлерін тиімді пайдалану  үшін, рекреациялық ресурстардың кешенді  сипаты баға берудің үш түрін үйлесімді  болуын қажет етеді.

Баға берудің медециналық  биологиялық түрі табиғи факторлардың адам ағзасына тигізетін әсерін көрсетеді. Бұл жағдайда рекреанттардың организм үшін комфорттылығы да бағаланады. Медициналық биологиялық баға бергенде климат басты рөл атқарады. Климотологтар мен курортологтар демалыс пен туризм үшін климаттық ресурстарға баға беру әдістері жүйесін ұсынған. Климат дегеніміз белгілі бір аудандарға лайықты ауа райының көп жылдық режимі. Оның адамға әсері нақтылы ауа райы арқылы беріледі.

Ұзақ уақыт бойы ауа райының  адам ағзасына әсер ететін элементтері  мен құбылыстарын өлшеу әдістері іздестірілген. Бірақ адам ағзасына бір мезгілде көптеген метеорологиялық  элементтер әсер етеді, сондықтан мұндай іздестірулер нәтижесіз болады. Әдістерді  таңдау барысында шартты (эффективті) температураның жүйесі құрастырылған. Осындай шартты температуралар метеорологиялық  көрсеткіштерін кешенді әсерін сипаттайды.

Температура мен ылғалдылықтың  әсерін сипаттайтын кешенді көрсеткіш эффективті температура  ЭТ деп аталады. Температура, ылғалдылық және жел жылдамдығын сипататйтын кешенді көрсеткіш эффективті эквивалентті температура (ЭЭТ). Температура, ылғалдылық, жел күші және күн радияциясын сипаттайтын кешенді көрсеткіш радияциялық эквивалентті температура (РЭТ) деп аталады. РЭТ есептері күн сәулесінің адам денесін қыздыратынын көрсетеді. 1 минутта адам денесінің 1 шаршы сантиметріне күн энергиясының 0,7 кіші калориясы келіп тұрса, адам оны температураның 3 градусы к-тер3лгендей болып сезінеді. Кесте мәлімететріне сүйенсек, жоғары температураны ауа құрғақ болған кезде оңай шыдауға болатыны анық.

Адам организмі үшін қолайлы  температура мен ылғалдылықтың  үйлесімді көрсеткіштері 6 кестеде  корсетлген.

 

Адам ағзасына қолайлы температура  мен салыстырмалы ылғалдылық үйлесімі

температура

Салыстырмалы ылғалдылық, пайызбен

20

85

25

60

30

44

35

33


 Шартты температура жүйесімен  «комфортты зонасы» байланысады,  көптеген адамдар үшін оның  температурасы 17 градуспен 23 градус  аралығы болады. Белсенді рекреанттар  үшін комфортты зона 12 градуспен 16градус арасында эффективті эквивалентті температурада бола алады. Комфортты зонасынан тыс эффективті эквивалентті температура адам ағзасына қоалйсыз. Комфорт зонасы адамның денсаулығына және жыл мезгіліне қарай өзгеріп отырады.

Медициналық биологиялық баға берудің  клесі әдісі кешенді климотлогиялық әдіс.   Бұл әдіс адам организміне  тигізетін метеорологиялық элементтер кешешнінің әсерін ескереді. Бұл әдіс арқылы «тәуләк ауа райы» түсінігін  қолдану себебі адам ағзасының көптеген функцияларының ауа райының тәуліктегі өзгерістеріне байланысты болуы. Алдында өткен түн мен келесі күннің метеоролгиялық жағдайлары бір бірімен байлансты , бұл жағдай адамның тәуліктік ритмикасын анықтау үшін өте маңызды.

“тәулік ауа райы» ұғымы курорттық  аудандар климаттарын зерттеп салыстырған  кезде өте пайдалы болды. Ауа  райы оның морфологиялық негізінде  құрастырылған классификациясы  арқылы сипатталады. Бұл жіктелуде  ауа райының 16 класы кіреді, оның ішінде оясыз ауа райы тобы /8 класс/, ауа температурасы 0 градустан өтетін ауа райы /ә класс/ және аязды ауа  арйы.

Соңғы жылдары ауа райының күрт өзгерісі көрсеткішін бағалау қолдануда. Ауа райының күрт өзгерістерге ұшырауы  ағзаның физиологиялық функцияларын ойдағыдай өзгерістеріне әкеліп соғады. Мұндай өзгерістер атмосфералық фронттар өткен кезде және жергілікті циркуляция жағдайында да байқалады. Өзгеріс  көрсеткішінің мөлшеріне қарай  ауа райының мынадай режимдері: өте тұрақты, тұрақты, құбылмалы  және өте құбылмалы режим болады. Ауа райының өзгеріс көрсеткіші жоғары болса, ауа райын болжау қиынға түседі.

Климаттық зерттеулермен бірге  климаттық факторлар әсеріне  ұшыраған ағзаның күйін сіреттейтін  көрсеткіштер іздестірілуде. Климат ерекшеліктері  мен ағза күйі арасындағы байланыстарды  табудың жиі қолданылатын әдістерінің бірі – сұрапталған топ ішінде олардың субъектівті пікірлері жөніндегі сауалнама жасау. Объективті бағалау критерийі ағзаның терморегуляторлық тетіктерінің кернеуі болып табылады. Ол адам денесінің орташа температурасының немесе терлеу көлемінің өзгеруі бойынша анықталады.

Адам терісінің орташа температурасына  байланысты жылу сезімін ескерумен  ауа райы түрлері тоғыз категорияларға – өте суықтатн өте ыстыққа  дейін бөлінеді. Ыстық болған кезде  адам терісінің температурасы көп  өзгермейтіндіктен ыстық ауа  райының әсреін бағалау үшін терлеу уөрсеткішін қолданған жөн.

Комфорттық жағдай – дене терісінің  орташа температурасы 31-33 градус болған кезде байқалады, бұл жағдайда дам  ыстықтамайды да, тоңбайды да. Температураның белігілі бір мөлшерде салқындауына әсер етеді. Көрсетілген әдістерді  қолданып, бірқатар қолданбалы мақсаттарды  шешуге болады: демалыс, туризм, емдеу  үшін климаттың қолайлылығы бойынша  гегорафиялық аудандастыруды жүргізуге  болады. Адам организмі үшін қолайлы  ортаның ұзақтығы – климатқа медециналық  биологиялық баға беру жұмысының  негізгі көрсеткіші болып табылады.

Информация о работе Туризмология