Туризмология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Июня 2013 в 18:39, реферат

Краткое описание

"Бос уақыт" – рекреациялық үрдістің дамуының керекті шарты. Бос уақыт белгілі бір заманның, кластың, әлеуметтік топтың ерекшеліктеріне байланысты динамикалық категория. Ол көлемі және мазмұны жағынан өзгеріп тұрады. Бос уақытты жұмыстан тыс уақытпен шатастырмау керек. Жұмыстан тыс уақыт өзінің мәні жағынан ерекшеленетін төрт топтан тұрады: 1) үйден жұмыс орнына дейін баруға және қайтуға арналған уақыт; 2) күнделікті қажеттілікті өтеуге арналған уақыт (ұйқы, тамақтану, жеке тазалық); 3) үй шаруашылығына және тұрмыстық қажеттілікті өтеуге арналған уақыт; 4) бос уақыт – демалуға, физикалық және рухани күшін қалпына келтіруге және дамытуға арналған уақыт. Сонымен, жұмыстан тыс уақыт екіге бөлінеді: міндетті түрдегі уақыт және басқа іс-әрекеттерден босатылған уақыт (1-сурет) /1/.

Прикрепленные файлы: 1 файл

1блок.docx

— 978.61 Кб (Скачать документ)

Аумақтың фокустық пункттерімен қанықтығы  көбінесе жер бедеріне байланысты. Ландшафттын осы қасиетін бағалау  үшін, мысалы, орташа максималды салыстырмалы биіктіктердің аумақ бірліген деген  қатынасын қолданады.

Көптеген зерттеушілердің айтуынша, эстетикалық құндылық ландшафтың морфологиялық  құрылымына, табиғи пейзаждың әртүрлілігіне  тәуелді. Осыдан \табиғи пейзаждың іртүрлілігі\ деген түсінік енгізілді. Бұл  түсінік 1) табиғи кешеннің ішкі құрылымынан; 2) басқа табиғи кешендермен сыртқы байланыстан тұрады.

Табиғи пейзаждың ішкі әртүрлілігі  ландшафтың ішкі морфологиялық құрылымы арқылы анықталады. Табиғи пейзаждың  ішкі әртүрлілігінің мынадай көрсеткіштері  болады: ландшафттың сорфологиялық  бөліктерінің контурларының ландшафтық аудан көлеміне деген қатынасы; морфологиялық бөліктері түрлерінің ландшафт ауданына қатынасы; фондық доминанталар мен құрылымдық доминанттардың маршруттағы жиілігі.

Табиғи кешендердің эстетикалық  ішкі қасиеттері мынадй көрсеткіштермен  де сипатталады: орманның тығыздық дәрежесі, ағаштардың толықтығы, орманның жік  қабаты, балауса орман ағаштарының  молдығы және т.б. Тегістіктегі орманды  аудандар ішкі басым белгі – кеңістіктің  орман тығызыдығының дәрежесі. Орман  тығыздығының пайызына байланысты кеңістік ашық, жартылай ашық және жабық болып  бөлінеді.

Жер бедері мен өсімдіктің үйлесуі  де маңызды болады. Төбелі жер бедерінің  биік жерлерінде орналасқан орташа биік орманмен үйлесуі ландшафттың тілімделуін  күшейтіп көрсетеді, ал ойпаттарда орман  орналасса ландшафт жазық болып  көрінеді.

Сыртқы пейзаж әртүрлілігі көршілес табиғи кешндердің көрініп тұратын  пейзаждың әралуандығымен сипатталады. Жазық жерлерде таулы аудандарға қарағанда табиғи кешеннің сыртқы айналасының  эстетикалық орман аумақтары  маңызды орын алады.

Сыртқы пейзаж әртүрлілігінің көрсеткіштері  мынадй: бірден көрінетін көрші табиғи кешендердің саны, сыртқы табиғи пейзаждарды қабылдау бұрышының тікелей және көлденең мөлшері, көкжиек сызықтарын кесілуі, сонымен қатар сыртқы пейзаждарды жақсы көру үшін көп орындардан пайда болуы. Мысалы, таулы аудандарда ең жоғары бағаны тау шыңдары алуы керек, себебі солар арқылы барлық табиғи кешендер жақсы қабылданады, ең төменгі бағаны – тау шатқалы алып ұрады. Сыртқы пейзаждарды көрі бұрышы үлкен болса, көршілес кешендердің көрінісі кең болады, пейзаждардың әртүрлілігі жоғары.

Психологиялық эстетикалық бағлаудан  жаңа түрлері табиғи кешеннің экзотикалық  және қайталанбау сипаттары. Эзотикалық сипаты дегеніміз демалы орынынң  турист тұратын жеріне ұқсамау мөлшері. Қайталанбау сипаты – нысандар мен  құбылыстардың кездесу немесе кездеспеу  жиілігі.

Технологиялық баға беру: адам мен табиғи ортаның өзара байланысы рекреациялық іс әрекеттің \технологиялық\ мен техникасы арқылы ерекшеленеді. Бағаның бұл түрі екі аспектіні қамтиды. Бір жағынан, технологиялық баға беру бүкіл рекреациялық жүйедегі жұмыстарының мүмкіндіктерін бағаласа, екінші жағынан аумақты игеру үшін инеженерлік құрылыс мүмкіндкітерін бағалайды. Мұнда рекреант көзқарасынан бағалау субъекті рекреациялық сала болады. Рекреациялық салада пайдалануы үшін табиғи кешен біршама халықтың демалысы мен санаторлық емдеуін ұйымдастыруға жарайтын қасиеттеріне, қоры мен көлеміне ұзақ уақыт пайдалану мүмкіншілігне ие болуы қажет.

Туристік рекреациялық ресурстарды  бағалау үшін ең қолайлы тәсіл  – ланшдафтық картаны пайдалану, себебі мұндай жағдайда бағалау объекті  ретінде синтертикалық бірліктер  – табиғи аумақтыө кешендер болады. Бірлік дәрежесі зерттек және оған сәйкес карталардың масштабымен  анықталады: орта масштабта – аудандар, ландшафтар немесе олардың ірі бөліктері, ірі масштабта – урочище мен  фациялар.

Ең алдымен рекреацияның шектеулер  сұлбасы құрастыралады, ол үшін табиғи және шаруашылық шектеуші факторлар  ескеріледі. Тек осыдан кейін баға беру жұмысына кіріскге боалды. Шектеуші факторлар мынадай болуы мүмкін: климатты қолайсыздығы, жыртқыш жануарлардан кездесіп қалу мүмкіндігі, санаторлық – курорттық емдеу үшін қолайсыз микроклиматтық жағдай; жағажай, су, құрылыс  жерінің жетіспеуі және т.б. алдын  ала табиғи аумақтық кешендердің  қазіргі пайдалану сұлбасы құрастырылады  және халық шаруашылық жоспарлары ескеріледі. Қалалар мен өнеркәсіп нысандарының әсер ету зоналары, пайдалы қазбаларды өндіру орындары, ауыл шаруашлылқ жерлері  және т.с.с бағаланатын аумақтарға кірмейді.

Технологиялық баға беру критерийлерін  талдау – кәдімгі үлкен зертету  жұмысы, ол әлі де толығымен аяқталған жоқ. Критерийдер біздің субъект объект қатынастары жөніндегі білімімзді көрсетеді. Ал біздің қарастырып отырғанымыз жеке тұлғалар мен әлеуметтік топтардың талаптары емес, бүкіл сала болғандықтан, баға беру субъектісі жалпылану керек, тіпті кейбір субъективтік талаптар қарастырлмау керек. Сала бға беру субъектісі  ретінде рекреациялық шаралар түрі, олардың кешені, демалыс пен  туризм формалары мен түрлері және т.б. қарастырылуы мүмкін.

Баға беру жұмысыынң соңғы кезеңі – бағаның түрін анықтау. Қазіргі  шақта бағаның екі түрі бар: сапалық  және баллдық. Сапалық баға аумақтардың  морфоологиялық құрылымын анализі  бойынша бағалық белгілерді логикалық  түрде дәлелдеуге мүмкіндік береді. Соның негізінде қысқаша, математикалық  әдістерді қолданған кезде сапалық  тетік факторлардың салмақтарын  дәлелдеуге мүмкіндік береді.

Рекреация үшін табиғи  жағдайларға  баға берудің критерийлерін анықтау  жұмыстармен көптеген елдердің ғалымдары  айналысады. Осындай зерттеулердің  арасында 1973 жылы шыққан Мухинаның \методы и принципы технологической оценки природных комплексов\ атты жұмысы маңызды болып табылады. Бұл еңбекте  рекреациялық бағалау үшін әдістемелік  ұсыныстар келтірілген. КСРО ның  табиғи аумақтарына рекреациялық баға беру әдістемелері туралы 1969 жылы шыққан Веденин мен мироненконың жұмысы бар.

Бұл тақырыптағы жұмыстар әсіресе 60шы жылдардың соңынан бестап белсене  жүргізілуде. Жалпы туристңк қасиеттер  жүйеленетін, терминология анықталатын  теориялық жұмыстармен бірге  туристік қасиеттердің аттрактивтілігін анықтауға арналған жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мұнда қолданатын ең сүйікті  әдіс – бонигировка әдісі. Бұл  әдіс кең қолданылады және мұнда  субъективтік элементтерден құтылу әрекеттері жүргізіледі,себебі субъективті  фактор баға бергенде дұрыс қорытынды  жасауға кедергі болады. Кейінгі  кезде \тартымдық коеффициенті\ деген  синтетикалық көрсеткіш қолданылады. Ол 0 ден 1 ге  дейін өзгереді және 1 дегеніміз тартымдылықтың максималды деңгейі болып табылады.

Демалушылар мен  туристердің табиғи рекреациялық айналасына деген таңдау сипаты бәріне мәлім. Рекреациялық зонасының  табиғатты әртүрлі болған сайын, оның табиғи элементтерінің саны да көп  болды, және рекреациялық іс әрекеттің  көптеген түрлеріне қолайлы болады. Рекреациялық жергілікті жержі функциялары  бойынша бағалау көптеген элементтерге тәуелді. Мұнда рекреациялық жергілікті жер деп рекреациялық мақсатта қолдану  алышарттарына ие болатын табиғи кешенді айтамыз. Жергілікті жер  функциялары дегеніміз табиғи кешеннің рекреациялық іс әрекет түрлеі үшін пайдалаун мүмкіншілігі. Рекреациялық іс әрекет түрлері, яғни функциялар саны сандық көрсеткіш арқылы сипатталады, әрбір функция түріне теңдес.

Рекреациялық жергілікті жердің қабілеті жететін функциялар сумасын білсек, оның тартымдылық коэффициентін  табуға болады. Ал осы коэффициент  арқылы қандай да болсын аймақтын рекреациялық жергілікті жерлердің бағалануы  өткізіледі.

Тартымдылық коэффициенті бойынша  рекреациялық жергілкті жергілікті жерлердің бағалану бағдарламасы мынадай  кезеңдерден тұрады:

    1. Аталған аймақта мүмкін болатын рекреациялық іс әрекет түрлерін болжап, зертеу және олардың санын анықтау
    2. Рекреациялық жергілікті жер мен айналасын сипататйтын материалдарды таладу, мұнда табиғи компаненттер бөлек түрде және бірітіріліп зерттеледі;
    3. Әртүрлі рекерациялық әс әрекет жүргізу мүмкіншілктерін анықтау;
    4. Рекреациялық жергілікті жер функцияларының суммасын есептеу

Сонымен қатар туристік рекреациялық ресурстарды дифференциалдық рентаның қалыптасуын ескерумен, бір тектес ресурстарды игеру құндарын салыстыру  арқылы, рекреациялық ресурстарды пайдаланудан түсетін табысты анықтау арқылы бағалау әдістері жасақтауда.

Табиғи ресурстарды демалыс  пен туризм мақсатында антропогендік  жүктеме нормаларына сәйкес пайдалану  қажет. Осындай нормаларды анықтау  үшін биологиялық және психологиялық  әдістер қолданылады. Биологиялық  әдіс бойынша туристік ауыртпалық табиғи кешен өз биологиялық қасиеттерінен  айырылмай шыдай алатындай «  гектарға келетін адамдар санымен  анықталады. Бұл көрсеткіштер әртүрлі  табиғи кешендер үшін бірдей емес және олрадың антропогендік әсеріне  деген шыдамдылығына, мысалы, тапталуға, топырақтың нығыздалуына, тамырлардың  бұзылуына тәуелді. Орман мен  жайылым биоценоздарына түсетін  рекреациялық ауыртпалықтардың рұқсатты нормалары үші кестеде көрсетілген.

Рұқсат берілген рекреациялық жүктеме нормалары

Табиғи кешен

Норма, адамға\га

1

Өте құрғақ топырақтағы қарағай  орман

0,5-1

2

Құрғақ топырақтағы қылқанды орман

1-2

3

Аралас және жапырақты құрғақ орман

2-3

4

Құнарлы топырақтағы жалпақ жапырақты  орман

3-5

5

Құрғақ аңғардағы, жайылымдағы, ойпаттағы  және басқа да орташа ылғалды жерлердегі жайылымдар

5-10

10-20

     

 

Туризм мен демалыс ресурстарына табиғи ресурстармен бәрге антропогендік  ландшафтар ресурстары да жатады. Мәдени  тарихи әлеует дегеніміз бұл тарихи ескерткіштер, естелік орындары, қолөнер, мұражайлар мен материалдық және рухани мәдениеттің басқа да нысандары. Мәдени тарихи реурстар туристік қызметте қолданылады. Олардың ішінде ең көп  тараған түрлері – мұражайлар мен экскурсиялық туристік қызмет көрсеті.

Мәдени тарихи ресурстарға баға беру әдістері мынадай:

  1. Экскурсиялық нысандардың аудан бірліігіне келетін тығыздығын, олардың санын және аумақ бірліктері мен туристік орталықтары бойынша құрылымын анықтау.
  2. Экскурсиялық нысандарының демалыс пен туризм ұйымдастырушылар көзқарасы жағынан негізгі көрсеткіштер бойынша баллдық баға беру
  3. Нысанның экскурсиялық әлеуетін оны қарап шығу үшін қажетті және жеткілікті уақытын анықтау арқылы есептеу. Нысандардың белгілі түрлерін қарап шығу үшін орташа уақыты көрсетілген типологиялық кестені құрастыру.
  4. Экскурсиялық трассалар  мен маршруттардың аттрактивтілігін трасса да, маңындағы зоналарда да орналасқан мәдени тарихи нысандарды ескеріп бағалау.

Әлеуметтік экономикалық рекреациялық ресурстарды құрастыратын неше түрлі  объектілерді талдауға оларды санақтау, сипаттау және топтастыру кіреді. Мәдени тарихи нысандарын тіркегенде және оларғасипаттама  бергенде оның атауын, орналасуын, маркировкасын, иесін, нысан бойынша әдеби және басқа көзнамаларды, орналасу сұлбасын атап көрсетіп, оның қысқаша суреттемесін жасау керек.

Мәдени тарихи нысандарға баға берудің  келесі, бұдан маңызды кезеңі –  олардың рекреациялық маңызы бойынша  типологиясы. Типологияның негізінде  мәдени тарихи нысандардың ақпараттық мәні жатыр: қайталанбауы, аталған түрге  жататын нысандар арасында үлгілі болуы, танымдық және тәрбиелік маңызы, көркемділігі.

Әлеуметтік экономикалық нысандардың  рекреациялық мақсаттағы ақпараттылығы  оларды тамашалау үшін қажетті және жеткілікті уақыт мөлшерімен өлшеуге  болады. Осындай уақыт мөлшерін анықтау  үшін нысандардың мынадай көрсеткіштер бойынша жітелуін жасау керек:

  1. Нысанның көрсетуге арналған ұйымдастырлу деңгейі
  2. Экскурсанттардың нысанды қарап тұратын кездегі орналасуы

Ұйымдастырылу деңгейі бойнша нысандар аранайы ұйымдастырылған, мысалы, мұражайлар, монументтер т.б.  және көрсетуге  ұйымдастырылмаған нысандар, мысалы, қаланың көріністері, көшенің перспективасы  және т.с.с болады. Қарап көру мақсаты  мен экскурсияның негізі болғандықтан, ұйымдастырылмаған нысандарға қарағанда  ұзақ уақыт керек.к ұйымластырылмаған  нысандар экскурсия бағдарламасындағы  ұсақ түйектерге үңіліп қарайтындай  емес жалпы уөрініс болып табылады.

Экскурсанттардың нысанды қарап  тұратын кездегі орналасуы бойынша  нысандар интерьерлік және экстерьерлік нысандарға бөлінеді. Экстерьерлік нысандарды көріп шығудың жалпы уақыты интерьерлік  объектілеріне қарағанда ұзақ болады.

Экскурсия тақырыбына орай онда мақсаттық, қосымша және қосалқы нысандар болады. Мақсаттық нысандарды көріп шығу үшін экскурсия уақытының 50%, қосымшаларына  30%, шамалы, қосалқы нысандарға  20% шамасында жұмсауға келісіп алуға  болады.

Мәдени тарихи нысандарына экономикалық баға берген кезде осы ескерткіштер орналасқан аумақтарға дифференциалдық  репта қолданылмайдыыы, есептерге  кіргізілмейді. Экономикалық баға көрсеткіші ретінде ескерткіштерді пайдаланудың тікелей эффекті және танымдық тәрбиелік  ақпаратынан болатын жасырын  экономикалық эффекті қабылданады.

Қазіргі ғылыми әдебиетте туризм мәселелерін  кешенді түрде зертеу қажеттілігі  талқылануда. Сондықтан туристік ресурстар  ұғымына тұрмыс жағдайы мен қызмет көрсету жүйесін, яғни инфрақұрылымды кіргізу керек. Кейбір авторлар мұнда  сонымен қатар нақты туристік аудандардың салт дәстүрлері мен  көпшілік үшін сүйікті болуын қосады.

Информация о работе Туризмология