Туризмология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Июня 2013 в 18:39, реферат

Краткое описание

"Бос уақыт" – рекреациялық үрдістің дамуының керекті шарты. Бос уақыт белгілі бір заманның, кластың, әлеуметтік топтың ерекшеліктеріне байланысты динамикалық категория. Ол көлемі және мазмұны жағынан өзгеріп тұрады. Бос уақытты жұмыстан тыс уақытпен шатастырмау керек. Жұмыстан тыс уақыт өзінің мәні жағынан ерекшеленетін төрт топтан тұрады: 1) үйден жұмыс орнына дейін баруға және қайтуға арналған уақыт; 2) күнделікті қажеттілікті өтеуге арналған уақыт (ұйқы, тамақтану, жеке тазалық); 3) үй шаруашылығына және тұрмыстық қажеттілікті өтеуге арналған уақыт; 4) бос уақыт – демалуға, физикалық және рухани күшін қалпына келтіруге және дамытуға арналған уақыт. Сонымен, жұмыстан тыс уақыт екіге бөлінеді: міндетті түрдегі уақыт және басқа іс-әрекеттерден босатылған уақыт (1-сурет) /1/.

Прикрепленные файлы: 1 файл

1блок.docx

— 978.61 Кб (Скачать документ)

– экотуризмнің басты объектісі болатын ерекше табиғи көрікті, көзтартарлықтай жерлері болуы;

– туризм индустриясының жоспарлы дамуының арқа-сында қолданғанмен, тозбайтындай табиғи және мәдени потенциалды территорияның болуы;

– басқаларға қарағанда төмен капиталды, материалды және энергосыйымдылығының болуы;

– экотуризмнің ең күрделі мақсаттарының бірі – эколо-гиялық білім беру және экологиялық ойды қалыптастыру;

– бүтіндей мемлекетті немесе жеке аудандардың әлеуметтік-экономикасын көтеретіндей дәрежеде болуы.

Қысқа уақыттық табиғатта уик-эндте  демалудан бастап табиғи жаратылыс  тақырыбына ғылыми зерттеулер жүргізуге  дейін экологиялық туризм туристік ағымдарды әр түрлі мақсаттармен қамти береді.

Діни туризм бүгінгі күні  айтарлықтай  ауқымды көлемге жетіп отыр. Мұсылмандардың ең басты қасиетті "хаджа" орталығы – Сауд Аравиясындағы Мекке қаласы. Құдайға табынушы католиктер папа Римскийге  Ватиканға барады. Туристік діни маршруттарды анықтайтын әр елде өзінің ұлттық діни орталықтары бар.

Сонымен, туризм классификациясының ғылыми және практикалық маңызы бар, ол білгеніңді реттеуге және дүниежүзілік туризм қозғалысын терең біліп-түсінуге әсерін тигізеді.

17 Туристік-рекреациялық ресурстар,  олардың рекреация мен туризм  дамуындағы ролі мен маңызы; негізгі  сипаттамалары.

Туристік  рекреациялық ресурстар ұғымын түсіну үшін ең алдымен географиялық, табиғи, антропогендік орта ұғымынын мағынасын  анықтау қажет. Терминологиялық  талқылауға үңілмей ақ айтсақ, табиғи орта жеті элементтердің жиынтығы болып  табылады. Бұл жеті элементтер мынадай: белгілі бір кеңістікке орын тапқан үш биотикалық және төрт абиотикалық  элементтер. Табиғи ортада тұратын  адам, оны өзгертіп антропогендік  ортаны қалыптастырады. Қорыта айтсақ. Гегорафиялық ортаны сегіз элемент құрады: физикалық және биотикалық ортамен бірге адам қалыптастыратын орта, яғни бұл ауылдар, қалалар, фабрикалар, су бөгендері және т.б сиақты антропогендік элементтері кіретін өзгертілген табиғи орта.  Географиялық орнатың осындай барлық элементтері туристік рекреациялық ресурстар бола алады. Бірақ олар туристердің қызығушылығын туғызғанда ғана туристік рекреациялық ресурстарға айналады. Мысалға, гелолгиялық құрылым немесе топырақ туристерді қызықтыра ала ма деген сұрақ қоюға болады. Бұрын ондай болмаған, ал қазір болса, осындай туристік іс әрекет дамып келе жатыр.

Сулардың , жер бедерінің , климаттың, өсімдік пен жануарлар әлемінің туризмге әсер ететіндігіі сөзсіз. Туристерді білгілі бір жерге  туристік рекреациялық ресурстардың жиынтығы тартады.

Варшиньска мен яцковски айтуынша туристік рекреациялық ресурстар дегеніміз  туристерді қызықтыратын табиғи немесе антропогендік элементтердің жиынтығы.

Экономикалық әдебиетте туристік рекреациялық ресурстар табиғи және антропогендік шығу тегі бойынша  жіктелетін игілік ретінде анықталады. Алайда, туристік рекреациялық ресурстарды  жіктеу үшін әдетте шығу тегі критерийінің орнына олардың функциялары қолданылады, мысалға, ресурстарды демалысқа, тануға арналған және мамандандырылыған ресурстар деп бөледі. Сонымен бірге бұл функциялар туристің ең басты үш түрткісі болып табылады.

Туризмді дамыту мақсатында аумақтардың  құндылығын анықтау үшін туристік рекреациялық ресурстарды зерттеу қажет.

Туристік рекреациялық ресурстар  дегеніміз туристік экскурсиялық қызметте пайдаланатын қоғамдық қажеттіліктеріне сәйкес  технологиялық дәрежеге жетілдірілген белгілі бір мөлшерде өзгертілген табиғи және антропогендік  ланшафтының жиынтығы. Барлық туристік рекреациялық ресурстардың жинаған  үлкен екі топқа: табиғи және әлеуметтік экономикалық ресурстарға бөлуге болады.

 

Туристік рекреациялық ресурстар

Ресурстарды жіктеу  критерийлері

Ресурстардың жітелуі

1

Рекреациялық(демалу үшін)

Демалу физиологиялық көрсеткіштері

  1. Табиғи ресурстар
  2. Пайдаланатын ресурстар
 

танымдық

Табиғи ортамен генетикалық байланысы

1 табиғи ресурстар

А. Адам ешқандай қатыспай қалыптаспай

     
  • Флорам мен фауна ерекшеліктері
  • Жартастар
  • Шатқалдар, өзен аңғарлары
  • Сарқарамалар, бұлақтар
  • Үңгірлер
  • Басқа геологиялық люқ объектілер

В. Адам жасаған 

  • Ескерткіштер
  • Мұражайлар мен табиғи коллекциялар
  • Ботаникалық бақтар
  • Зоосаябақтар

С. Заңды түрде қорғалатын объектлер

  • Көрініс пункттері
  • Халық саябақтары
  • Көрініс саябақтары
   

Адам өмірі мен, жұмысымен және іс әрекетімен байланысы

  1. Антрпогендің ресурстар – мұражайлар және археологиялық резерваттар
  • Этнографиялық мұражайлар мен шығармашылық орталықтары
  • сәулет өнері мен құрылыс ескерткіштері
  • Өнер мұражайлары мен көркем өнер коллекциялары
  • Биографиялық мұражайлары
  • Мамандандырылған мұражайлар мен қайталанбайтын объектілер
  • Әскери тарихи объектілер
  • Естелік орындар мен мұражайлар
  • Шаруашылық іс әрекет пен техниканың ескерткіштері
  • Қазіргі мәдениет жетістіктері
  • Діни табыну орындары
 

мамандандырылған

Табиғи ортаның туризмнің мамандандырылған түрлері үшін жарамдылығы

  1. Қайықтар мен желкенді кемелердегі саяхаттар
  2. Балық аулау
  3. Аң аулау
  4. Атты туризм
  5. Альпинизм
  6. Спелеология
  7. Сүңгу(дайыинг)

 

Багрова, Багров, Преображенский 1977 ж анықтамасы бойынша, «табиғи рекреациялық ресурстар» бұл белгілі уақыт ішінде адамдардың демалысын ұйымдастыруға арналған, рекреациялық іс әрекет үшін комфортты  қасиеттері бар табиғи және табиғи техникалық геожүйелер мен мен табиғи құбылыстар.

«Әлеуметтік экономиакалық рекреациялық ресурстарға» тарихи мәдени объектілер және құбылыстар жатады. Бұл ресурстар  бір жағынан материалдық және рухани болып жіктелсе, екінші жа,ынан жылжымайтын және қозғалатын ресурстар  болып топтастырылады.

Материалдық ресурстар өндіріс  құралдыр мен қоғамның басқа да материалдық  құндылықтардың жинағын біріктірсе, рухани ресурстар қоғамның жетісіктерін білім, ғылым, өнер, әдебиет жағынан  қамтиды.

Қозғалмайтын ресурстар тобын  тарихи ескерткіштер, сәулет өнерінен объектілері, археологиялық және монументтік  құрыдыстар құрайды.

Жылжымалы ресурстар тобына өнер ескерткіштері, археологиялық заттар, мнерологиялық, ботаникалық және зоологиялық коллекциялар, деректі ескерткіштер және оңай қозғауға болатын заттар жатады. Мұндай ресурстар тобф әдетте мұражайларда, кітапханаларда мұрағаттарда шоғарланады.

Тарихи және мәдени ескерткіштер негізгі  белгілері бойынша бес түрге: тарихи, археологиялық, сәцлет өнері  және қала құрылыстық, өнер ескерткіштеріне, дерекнама ескерткіштеріне бөләнеді.

ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕРІНЕ үйлер, құрылыстар, қоғам мен мемлекеттің  дамуына байланысты ескерткіш орындары мен заттар жатады.

Археология ескерткәштеріне қалашықтар қалдықтары, обалар, ескі үйлердің орындары, бекіністер, өндіріс және су құбырлары, тасты мүсіндер, тастағы бейнелер жатады.

Сәлет өнері мен қала құрылыстық ескерткіштеріне сәлет ансамбльдері мен кешендері, тарихи орталықтар, алаңдар, кварталдар, көшелер, ежелгі қалалардың қалдықтары; азаматтық өнеркәсіптік әскери, діни сәулет өнерінің ескерткіштері, халық сәулет өнерінің ескерткіштері  және осылармен байланысты монументалдық, бейне , декоротивтік қолданбалы, бак  парк өнерінің ескерткіштері жатады.

Өнер ескерткіштеріне бейнелеу өнері, декоротивті қолданбалы шығармалар мен басқа да өнер түрлерін жатқызуға  боалды.

Дерекнеме ескерткіштер бұл мемелекет  билігінің актілері, бейне, фотоқұжаттар және таспа жазулар, сондай ақ көне және басқа қолжазбалар мен архивтер, фольклор мен музыка жазбалары, сирек кездесетін баспалар.

Әлеуметтік экномикалық рекреациялы  ресурстарға тарихпен, мәдениетпен  және қазіргі адамдардың іс әрекетімен байланысты басқа да объектілерді жатқызуға  болады. Мысалы, тамаша салынған спорт  кешені, хайуанат паркі, ботаникалық  бақтар, ғылыми мекмелер, жоғары оқу  орындары, өндірістік мекемелер, театрлар, этнографиялық және фольклорлық  көз тартарлық көрнекті орындар, халық дәстүрлері және т.б.

Туризмді дамыту үшін табиғи және әлеуметтік экономикалық қолайлы жағдайы  бар аумақтар өзінен өзі туристік ресурс бола алмайды. Егер оған сұраныс  болса және оны игеруге туристік шаруашылық мүмкіндіктер табылса, онда олар туристік ресурстарға айналады.

Табиғи кешендер туристік рекреациялық ресурстар класына келесі үлгі бойынша  өте алады әлде ондай бола алмайды: 1) туристік сұраныс болмағандықтан табиғи кешендердің ресурстық сипаты жок; 2) туристік сұрансытың пайда болуы  табиғи кешендерді тексеріп бағалауды  қажет етеді; 3) қоғамдық қажеттіліктердің арқасында бағалы табиғи кешендер ресурстарға  айналысады; 4) туристік сұраныстың көбеюі қолайсыз табиғи кешендер өңдеуден өткізіліп, турисік ресурстар класына енгізіле бастайды.

Осындай үлгі бойынша әлеуметтік экономикалық объектілер де экскурсиялық рекреациялық  ресурстар класына өтеді. Туристік сұраныстың арқасында мәдени және этнографиялық  объектілер тесеріліп, экскурсиялық туризмге жарамдылығы жағынан оларға баға беріледі. Сұраныстың кеңеюі мен рекреациялық құндылық критерийлерінің дамуы, халықтың мәдени деңгейінің өсуі арқасында пайдаланатын нысандар ауқымы кеңейеді. Олардың  көптеген саны арнайы реставрациялық жұмыстарынан кейін экскурсиялық көрсетілім қатарына енгізіледі. Бұрын өмір сүрген ұрпақтардың еңбек өнімі бола тұра, әлеуметтік эконмикалық объектілер мұнда танымдық сипаттағы туристік қызметтерді өндіруге арналған еңбек  құралына айналады.  Туристік  рекреациялық ресурстар ғасырлар бойы ресурстар  түрлерінен рөлі мен құрылымы, туристік қажеттіліктер көлемі өзгергендіктен тарихи ұғымдарға жатады.

Туризмнің әрбәр түрінің ресурстарын  өзіне тән ерекше ресурстар болып  табылады. Санаторлық курорттық емдеу  үшін минералды сулар мен балшықтар, ауа райы мен климат; үңгірлер мен  тұз қазбалары қолданылады. Сауықтыру  демалысы үшін жайлы, қолайлы климат, жұмсақ маусым, су, өсімдік, жер бедері және ландшафтың басқа компаненттері  қажет. Спорттық туризм үшін жорық жасау  мүмкіндігі, белгілі қиындық дәрежедегі кедергілер, арақашықтық, жұрттың тығыз  орналасуы және т.б. қажет. Экскурсиялық туризмнің нысандарына келсек, олар мынадай: мәдени тарихи және табиғи нысандаы, қайталанбайтын шаруашылық нысандары, фольклорлық мерекелер мен халық мәдениетінің элементтері.

Туристік рекреациялық ресурстардың маңызды сипаттамалары мынадай:

    1. ТРЖ ның әлеуметтің сыйымдылығын анықтайтын қордың мөлшері (минералды сулар дебиты; қолайлы рекреациялық аумақтардың көлемі, туристік оратлықтардың экскурсиялық әлеуеті); игерілу деңгейі, жүктемелерді реттеу.
    2. Потенциалды рекреациялық жерлерді анықтауға және санитарлық қорғау шеңберлерін орнатуға мүмкінік беретін ресурстардың таралу ауданы (сулы қабаттардың көлемі, жағажайлардың аумағы, территорияның суарылуы, орман аумағы, тұрақты қар жамылғысының шекаралары);
    3. Туризм маусымын, туристік ағымының ырғақтығын анықтайтын эксплуатциялық кезең (климат қолайлы кезеңнің ұзақтығы, суға түсу мезгілі, тұрақты қардың жатуы);
    4. Көптеген ресурс түрлерінің территориялық тұрғыдан қозғалмай жатуы, рекреациялық инфрақұрылым мен ағымдарды өзіне шоғырландырып тартуына себепші.
    5. Ақша капиталының аз жұмсалуы және пайдалануға кететін шығындардың тым жоғары болмауы инфрақұрылымды жылдам құруға және әлеуметтік экономикалық нәтиже алуға, сондай ақ ресурстардың кейбір түрлерін жеке қолдануға мүмкіндік береді.
    6. Табиғатты тиімді пайдалану нормаларын сақтай отырып, культивация және сапасы жоғары жабдықтарды пайдалану арқылы туристік рекреауиялық ресурстарды көп рет пайдалануға мүмкіншілік береді.

Демалыс пен туризм үшін пайдаланатын ресурстарды тікелей және жанама түрлеріне бөлуге болады. Біріншісіне  туристердің өздері қолданаатын  ресурстар, яғни ландшафттың көз  тартарлық ерекше сұлулығы және экзотикалығы, жергілікті жердің емдеу сауықтыру  қасиеті, тарихи мәдени ескерткіштері  және басқа да танымдық объектілері  жатады. Тікелей туристік ресурстарды  игері үшін жанама ресурстарын, яғни шикізат, энергетикалық жанармай , метриалдық, қаражат, еңбек ресурстарын тарту  қажет.

Туристік рекреациялық ресурстар  туризмінң аумақтық ұйымдастырылуына, туристік аудандар мен орталықтардың  қалыптасуына әсерін тигізеді. Бірақ  олар тікелей түрде әсер етпейді. Олар көптеген әлеуметтік экономикалық факторлардың, ең алдымен туристік қажеттілктердің көлемі мен құрылымының  әсерімен іске асырылады. Туристік рекреациялық іс әрекеттің аумақтық ұйымдастырлуының ұзақ мерзімді болжамы барлық рекреациялық ресурстарды анықтауды есептеуді және бонитировка жасауды қажет етеді.

 

 

18. Территорияның жарамдылығын  анықтау және туризм мен демалыс  үшін туристік-рекреациялық ресурстарды  бағалау - туризм географиясының  басты міндеті.

Туризмнің ғылыми зерттеулері жаңа әдістемелік  тетіктерді қажет етеді. Туризм географиясының қазіргі кезеңі бұл жүйелену, жіктеу, теориялық тұжырымдамалар, қолдағы  білімдер синтезінің кезеңі. Туризм жөніндегі  әртүрлі көзқарастарды жалпы  тұжырымдамаға біріктіретін жалпы  әдістемелік негізі жүйелік тәсіл. Оның мақсаты объектілердің (мұнда  қарастырылып отырған объект туризм) жүйелер ретіндегі мәнін ашу, олардың ішкі және сыртқы байлансытарын  зерттеу, жүйелердің тұрақты құрылымын  қалыптастыру, тетіктерін анықтау болады.

Туризм гегорафиясының әдістемелігі қазір даму жолында. Оған кіретін  әдістер саны өте көп. Жалпы айтқанда әдіс дегеніміз бұл тәсіл, мақсатқа жеті жолы, әрекеттер қалпы. Туризм географиясы әртүрлі жаратылсытану  және қоғамдық ғылымдардың әдістерін  пайдаланады. Дәстүрлі географиялық әдістердің ішіндегі туризм географиясы үшін ең бастылары типологиялық, салыстырмалы географиялық, картографиялық әдістер. Олармен бірге туристер мен туристік индустрия қызметкерлерінің социологиялық зерттеулер әдісі, физиологиялық және ағымдағы дәрігерлік бақылау әдісі, математикалық, матемкатикалық статистикалық әдістер қолданылады. Өрістегі және камералдық әдістер жақсы нәтижелері көрсетеді.

Демалыс пен туризм үшін табиғи ортаның  ресурстарына баға беріп, жарамдылығын анықтау туризм географиясының ең басты  мақсаты. Мәдени және тарихи объектілерінің туристік рекреациялық ресурстардағы  маңызды, табиғи жағдайлардың алатын орны да ерекше, себебі рекреация мен  туризмнің дамуының негізгі алғышарты  табиғи орта болып табылады. Сондықтан, КСРО және шетелдік зерттеушілер ертеден  ақ географиялық әдебиетте туристік рекреациялық ресурстардың табиғи жағына ерекше баға берген.

Информация о работе Туризмология