Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Июня 2013 в 18:39, реферат
"Бос уақыт" – рекреациялық үрдістің дамуының керекті шарты. Бос уақыт белгілі бір заманның, кластың, әлеуметтік топтың ерекшеліктеріне байланысты динамикалық категория. Ол көлемі және мазмұны жағынан өзгеріп тұрады. Бос уақытты жұмыстан тыс уақытпен шатастырмау керек. Жұмыстан тыс уақыт өзінің мәні жағынан ерекшеленетін төрт топтан тұрады: 1) үйден жұмыс орнына дейін баруға және қайтуға арналған уақыт; 2) күнделікті қажеттілікті өтеуге арналған уақыт (ұйқы, тамақтану, жеке тазалық); 3) үй шаруашылығына және тұрмыстық қажеттілікті өтеуге арналған уақыт; 4) бос уақыт – демалуға, физикалық және рухани күшін қалпына келтіруге және дамытуға арналған уақыт. Сонымен, жұмыстан тыс уақыт екіге бөлінеді: міндетті түрдегі уақыт және басқа іс-әрекеттерден босатылған уақыт (1-сурет) /1/.
Рекреациялық география ТРЖ-ні бүтін бір жүйе түрінде зерттеп, оның қалыптасуын, динамикалық дамуын, әртүрлілігін, ТРЖ-нің басқа да географиялық жүйелерімен өзара әсерлерін және өзара байланысының заңдылықтарын анықтайды.
Демек, рекреациялық география – бұл халықтың рекреациялық іс-әрекетін ұйымдастыруын оқып түсіндіретін интегралдық-синтетикалық ғылым. Мұндай жағдайда территориялық қоғамдық жүйенің рекреациялық шағын жүйесі (ТҚЖ немесе ойкумена) зерттеу объектісі болып қарастырылады, ал оқу пәні ретінде территориялық рекреациялық жүйе алынады. "Рекреациялық іс-әрекетті территориялық ұйымдастыру" термині қоғамдық географиядағы "қоғамның территориялық ұйымдастырылуы" ұғымына сәйкес келеді.
Жалпы айтқанда, қоғамды
территориялық ұйымдастыру
Рекреациялық география тарихи, салыстырмалы, картографиялық, аналитикалық, статистикалық, математикалық моделдеу, баланс әдістерін, социологиялық зерттеулерді кең түрде қолданады.
ТРЖ-ні зерттеу барысында осы әдістерді кешенді түрде пайдалану қажет, яғни басқаша айтсақ рекреациялық география жүйелі талдау әдістерін қолданады. Зерттеу тақырыбының әлеуметтік сипатына орай, рекреациялық география басқа қоғамдық ғылымдарда (баланстық, әлеуметтік зерттеулер және т.б әдістер), медицианлық-биологиялық және басқа да ғылымдарда қалыптасқан әдістерді қолданады.
ТРж мен рекреациялық аудандардың жүйелі зерттеулерінің компоненттік аспектісі екі өзара байланысты мәселелерден тұрады: 1) қалалық, қала маңы м ен сыртындағы демалыстың ТРЖ-сі қандай элементтерден (шағын жүйелерден) тұратынын анықтау (құрылымдық талдау); 2) осы элементтердің (шағын жүйелердің) бір-бірімен қандай байланыста тұрғанын анықтау (құрылымдық талдау). Осындай талдау арқылы жүйенін біртұтас болуын ескере отырып, күрделілігін анықтауға, элементтерінің өзара әрекеттесуінің заңдылықтарын білуге, осы жүйені басқа жүйелермен салыстыруға болады.
Жүйелі зерттеулердің тарихи әдісі екі бағытта жүргізіледі:
генетикалық талдау – ТРЖ-нің пайда болуын, оның қалыптасу мен даму кезеңдерін қарастырады;
болжам әдісі – болашақта болатын рекреациялық қызмет көрсету мен оның территориялық ұйымдастыру түрлерін анықтайды.
Экспедициялық зерттеулер әдісі әдеттегі географиялық әдіс бола тұра, рекреациялық географияда рекреациялық шаруашылықтың қалыптасуы, дамуы мен аумақтық ұйымдастырылуы жөніндегі мәліметтерді жинақтау үшін кең қолданылады. Кейбір жағдайларда (өзіндік, ұйымдастырылмаған демалысты, қала маңындағы рекреациялық ағымдарды, табиғи кешендердің тұрақтылығын зерттеуде) экспедициялық зерттеулер әдісі шынайы ақпаратты жинаудың, талдаудың басқа әдістері (картографиялық, математикалық, баланстаық) үшін мәліметтер банкін қалыптастырудың жалғыз әдәсә болып табылады.
Картографиялық әдіс. Картада рекреациялық ресурстардың орналасуын, туристік ағымдардың қозғалуын, туристік инфрақұрылымды көрсетуге болады. Сонымен қатар картадан жаңа мәліметтер алу үшін және олардың функционалдық заңдылығын анықтау үшін қолданады.
Математикалық талдау мен моделдеу әдісін жиналған мәліметтерді тез өндеу үшін пайдаланады. Рекреациялық географияда рекреациялық таңдау, корреляциялық және регрессиялық талдау жасау үшін статистикалық сұрыптау әдістері кең қолданылады.
Сонымен қатар, рекреациялық таңдаудың жасырын құрылымын талдау үшін, рекреациялық ортаны бағалау, қызмет көрсету сапасын анықтау үшін, ТРЖ динамикасын, бүтіндігін, жайлылығын білу үшін латенттік-құрылымдық және факторлық талдау әдістері қолданылады.
Социологиялық зерттеулерде негізгі қолданатын әдістер – анкеталық, интервью алу, құжаттарды оқып-зерттеу (мысалға туристік жолдамаға тапсырыс журналдары, ұсыныстар кітабы).
Баланс әдісі рекреациялық қажеттіліктерді, рекреациялық ресурстарды, материалдық-техникалық базаның сыйымдылығын ескеріп, ТРЖ-нің дамуын жоспарлау мен болжамдау және талдау жасау үшін қолданатын есептеу әдістерінің жинағы. Бұл әдіс жұрттың табысы мен демалысқа жұмсалатын шығыны жоспарлау үшін, еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету үшін қажеттіліктер көлемін ескере тұра, қажетті рекреациялық аумақтар аумақтар көлемін анықтау үшін, ауданаралық туристік ағымдарды (сұраныс көлемі мен қолдағы ресурстарды ескере тұра) реттеу үшін қолданылады.
Жоғарыда айтылған әдістермен қатар рекреациялық географияда экономикалық, медициналық-биологиялық әдістер және рекреациялық қызмет көрсетудің экономикалық әсерлігін анықтау үшін, туристік сұраныс пен ұсыныстарды болжамдау үшін сараптау әдісі қолданады.
Рекреациялық жүйелерді оқуда ғылымдардың өзара әсері
Рекреациялық география өзге де ғылымдарымен кең түрде байланыста болады, әсіресе географиямен, оның ішінде экономикалық және әлеуметтік географиямен, халық географиясымен, физикалық және медицина география-сымен (сурет 2).
І – жалпы рекреайциялық география (теориялық негіздері мен әдістердің қалыптасу аясы)
ІІ – аумақтық рекреацилық география
ІІІ – ТРЖ-нің функционалдық
модельдерін зерттеудегі
1 – экономикалық география, 2 – әлеуметтік география, 3 – физикалық география, 4 – инженерлік география, 5 – медицианыл қгеография, 6 – басқару география және аумқтық АБЖ.
А – қоғамдық ғылымдар, В – әлеуметтік ғылымдар, с – жаратылыс ғылымдары, D – инженерлік-техникалық ғылымдар, E – медициналық ғылымдар, F – басқару ғылымдары (кибернетика, эргономика).
Сурет 2. Рекреациялық жүйелерді зерттеудегі ғылымдардың өзара әрекеттесуі (И. И. Пирожник, 1985)
Экономикалық және әлеуметтік
география рекреациялық қызмет көрсетуді
территориялық әлеуметтік-
Халық географиясы рекреациялық қызмет көрсетудің орналастыру жүйесіне тигізетін әсеріне талдау жасап, курортты қалалар мен ірі курорттық агломерацияның қалыптасып, дамуын қарастырады. Халық географияның әдістерін рекреациялық қажеттіліктер мен туристік ағымдардың географиясына болжам жасау үшін және рекреациялық жүйелерді жұмысшылармен қамтамасыз ету үшін қолданады.
Физикалық география табиғи кешендердің құрылымы, тұрақтылығы және өзгеріп тұру туралы ақпарат береді. Сонымен қатар ландшафтарды технологиялық, физиологиялық және эстетикалық жағынан бағалап, табиғи кешендердің рекреациялық салмаққа тұрақтылығы мен сыйымдылығын анықтап тұрады. Физикалық географияның әдістерін ландшафттарға тиетін рекреациялық салмақтың нормаларын анықтау үшін, табиғатты қорғау шараларын ұйымдастыру үшін және ландшафттарды рекреациялық құлдыраудан сақтау үшін қолданады.
Медициналық география адам организміне табиғи жағдайдың тигізетін әсерін, жаңадан игерілген рекреациялық аудандарда организмің бейімделуін оқып түсіндіреді. Сонымен қатар медициналық география санаторлы-курорттық ем алуға адамдардың қажеттілігін, рекреациялық ортаның психофизиологиялық комфорттылығын анықтайды. Медициналық географияның әдістерін рекреациялық қызмет көрсетудің әсерлігін анықтау үшін және әр түрлі аурулардан сақтау үшін (профилактикалық шаралады ұйымдастыру) қолданады.
Рекреациялық география географиялық емес ғылымдарының әдістері мен мәліметерін қолданады. Осы ғылымдар шеңберінде рекреациялық жүйелер мен белсенді демалысты ұйымдастыру мәселелерін зерттейтін пәндер қалыптасуда. Қоғам ғылымдарында осындай пәнге туризм экономикасы жатады; медициналық ғылымдар жүйесінде ТРЖ емдік түрлерін ұйымдастырғанда қолданылатын курортология мен физиотерапия бағыттары қалыптасуда; инженердік-техникалық ғылымдар тобында рекреациялық сәулет өнері, ал әлеуметтік ғылымдар жүйесінде рекреацилық әлеуметтану қалыптасып келеді.
Жоғарыда айтылған пәндер рекреациялық аудандарды аумақтық бірлік, яғни объекті ретінде қарастырмайды. Сондықтан жалпы рекреациялық географиямен қатар аймақтық рекреациялық географияны дамыту қажет.
Аймақтық рекреациялық география рекреациялық географияның бір бөлігі болып, бір жағынан оның теориясы мен әдістеріне сүйенеді, ал екінші жағынан рекреациялық аудандардың қалыптасуының заңдылығын анықтау үшін салалық географиялық ғылымдардың ақпараттарын пайдаланады.
Аймақтық рекреациялық география әрбір рекреациялық аудандардың заңдылығын және табиғат пен экономика жағдайына сәйкес олардың қалыптасуын анықтайды. Аймақтық рекреациялық географияның негізгі міндеті – аудандарға бөлу, аумақтың рекреациялық мақсатын анықтау, халық шаруашылық саласының дамуын келістіру, қоршаған ортаны қорғау және рекреациялық ресурстарды тиімді пайдалану.
Рекреациялық география бірнеше маңызды мәселелерді шешуге бағытталған. Ең алдымен рекреациялық қажеттіліктерді терең зерттеу, ТРЖ-нің әсерлігін көтеру.
Рекреациялық географияның
әдістерін жетілдіру мен
«Аудан аумағының оңтайлы
ұйымдастырылуының
Рекреациялық географияның әдістерін жетілдіру мақсатында статистикалық талдауды, математикалық және картографиялық моделдеуді одан әрі кеңейте отырып, географиялық және басқа да ғылымдардың әдістеріне сүйеніп, рекреациялық заңдылықтарды белгіленген нормаға, стандартқа келтіру үшін арнайы әдістерді табу қажет. Сонымен қатар рекреациялық географияның маңызды міндеттерінің бірі – халыққа рекреациялық іс-әрекеттің түрлері туралы толық ақпарат беріп тұру.
10.Территориялық
рекреациялық жүйе (ТРЖ), оның шағын
жүйелері, олардың өзара байланыстары.
В.М. Кривошеев пен И.В.
ТРЖ-нің негізгі қасиеттері
оның жеке элементтерінің қасиеттерімен
ғана емес, сонымен қатар оның құрылымының
қасиеттерімен және элементтер арасындағы
байланыспен де айқындалады. ТРЖ
элементтерінің өзара байланыстары
туралы мәліметті жинақтау матрица
байланысы түрінде болуы
Шағын жүйелердің талаптары |
Шағын Демалушы тобы |
жүйелердің Табиғи кешен |
Жағдайы Тех.құрылыс |
Қызмет көрсетушілер |
Басқару органы |
Демалушы Тобы |
Сиымдылық,комфорттылық |
Сиымдылық, комфорт |
Кәсіптілік |
Ақпараттылық | |
Табиғи кешен |
Ырғақтылық,тандаушылық |
Экологиялық |
Реттеушілік,қайта өңдеушілік |
Нормативті қамт.ету | |
Тех.құрылыс |
гомогенді |
Ресурспен қамтамасыз етілгендік |
Еңбекпен қамт.етіл, бос уақытсызд |
Қормен қамт.етілгендік | |
Қызмет көрсету-р |
технологиялық |
Комфорттылық |
Кешенділік |
профилактикалық | |
Басқару органы |
бірқалыптылық |
Гигиеналық |
Технологиялық дайындық |
біліктілік |