Спорттық-сауықтыру туризмі ұғымы және оның мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Августа 2012 в 09:55, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі заман ағысына ілесу уақыт талабы. Сол орайда еліміздің әр саласын жетілдіріп, дамытуда түрлі шаралар қолға алынып жатыр. Спорттық-сауықтыру туризмі – көптеген демалу түрінің бір түрі болып есептеледі. Спорттық-сауықтыру туризмі түрлері жай туристер ортасында үлкен танымалдылықта болып жүр. Шаршағанды басуға көмектесетін тек қана жағажайдағы демалу емес, сонымен қатар созылған жүйке-жүйе мен физикалық төзімділікте көмектеседі.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 СПОРТТЫҚ-САУЫҚТЫРУ ТУРИЗМІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...................................................................................................................6
1.1 Спорттық-сауықтыру туризмі ұғымы және оның мәні......................................6
1.2 Спорттық-сауықтыру туризмінің түрлері және ерекшеліктері.......................11
1.2 Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы.............................22
2 ТУРИСТІК-СПОРТТЫҚ ЖОРЫҚТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ......................................................................................................38
2.1 Туризмнің белсенді түрлеріндегі тактикалық әзірлену әдістері.....................38
2.2 Белсенді туристік іс-әрекетке физикалық дайындау және туристерді жорыққа дайындау циклдарының құрылымы........................................................45
2.3 «ЕРМА-ТУР» ЖШС-ның сипаттамасы және оның туризм түрлерін дамытудағы ролі........................................................................................................55
3 ҚР СПОРТТЫҚ-САУЫҚТЫРУ ТУРИЗМІНІҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ БОЛАШАҒЫ .............................................................................................................65
3.1 Қазақстанның спорт саласын мемлекеттік қолдау және оның спорттық туризмді дамытудағы әлеуетті мүмкіндіктері........................................................65
3.2 Туризм және спорт салаларының қазіргі жағдайы мен даму үрдісін талдау..........................................................................................................................75
3.3 Талдықорған өңірінің туристік-рекреациялық әлеуетінің спорттық туризмді дамытудағы ролі және перспективалары................................................................83
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................94
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................97

Прикрепленные файлы: 1 файл

ҚР спорттық-сауықтыру туризмі және оның даму ерекшеліктері.doc

— 832.00 Кб (Скачать документ)

Туристік бағыт желісін  рәсімдеу

Туристік бағытпен жүруге рұхсатын алу үшін алдын ала арнайы құжаттарды бір ай бұрын беру керек:

Саяхат жоспары. Жорық мақсаты, жолдағы жұмыстар, экскурсиялық нысандар, т.б.

Қатысушылар тізімі. Жас мөлшері, қызмет орны, құжат туралы мәліметтер, үй мен жұмыс мекенжайы, туристік тәжірибе, дәреже, өтілген маршруттар мен олардың ауданы, күрделілік дәрежесі, кім ретінде өтті, т.б. Жетекші, сонымен қатар, нақты қандай жорықтарын басқарғанын белгілейді.

Қозғалыс графигі. Аталған топтың ықтимал жылдамдығын, жолдағы кедергілерін, нысандарын, жүк салмағын, физикалық хал-күйін ескере тұра, картада қозғалыс графигін белгілейді.

Шаңғы, жаяу 1 дәрежелі жорық графигі шамамен мынадай болуы мүмкін: 1-ші күн – 15км, 2 – 20км, 3 – 20км, 4 – 20км, дневка, 20, 25, 25, 20, 15км.

              2 дәреже – 1-2 демалыс жоспарланады: 15, 15, 20, 20км, дневка, 20, 20, 20, 25км, дневка, 25, 25, 25, 20км.

              3 дәреже, әсіресе шаңғы жорығы: 10, 15, 20км, дневка, 20, 20, 20, 20, 20, 20км, дневка, 25, 25, 25, 25, 25, 15км.

              Жалпы ереже: жүктің ауыр болғандығынан және қатысушылардың бейімделмегендігінен бірінші күндері жол онша алыс емес. Бірінші демалыс үш күннен кейін болады, себебі – құрал-жабдықтарды жөндеу және өзіне дәлдеу керек болады. Екінші жартысында жүктемесі үлкен. Соңында километраж төмендейді – уақыт резерві болуы керек.

Құрал-жабдықтар тізімі. Топтық, жеке құрал-жабдықтар мен сайман.

Маршрут схемасы. Жоспарға жорық жолыың схемасы келтіріледі. Схемада жолы, түнеу мен дневка демалыстарының орны көрсетеледі. Қосымша маршрут схемасы да көрсетіледі. Масштабтары бірдей болу керек.

Тамақтандыру. Әралуан азық-түлік энергиялық құнын, олардағы ағуыз, көмір-су, май, витамин үлестерін, маршрутта жұмсалатын энергия мөлшерін біле тұра, тамақ рационы жасалады. Мұнда туризм түрі, жыл мезгілі, маршрут күрделілігі, қаржының болуы, қажетті азық-түлік ассортиментінің болуы ескеріледі.

Тамақтандыру құжатында бір адамға және топқа  келетін тамақ салмағы мен бағасы, жорыққа дейін сатып алынған және жолда сатып алуға жоспарланған тамақ тізімі келтіріледі.

Жол шығынының  есеб (сметаі). Барлық шығындар есептеледі. Қосымша тағы 10-15 % ақша қоры болу керек.Байланыс тәртібін алдын ала ойластыру керек, Бақылау нүктелері мен мерзімдері көрсетіледі.

Жорыққа 1-2 апта қалғанда топ рұхсат алу керек. Рұхсаты бағыттық кітапша немесе парақ ретінде беріледі. [13,20б].

Саяхат қорытындысын жасау

              Жорықтан кейін есеп беріледі.

Есеп тараулары мынадай болуы мүмкін.

«Жорық ауданының жалпы сипаттамасы». Тарауға географиялық ерекшеліктері, жер бедері, климат, температура амплитудалары, жауын-шашын мөлшері мен түсу мерзімдері, жел күші мен негізгі бағыттары, қар шекарасы, орман шекарасы, гидрография, өзен ағысы, тереңдігі, қайраңдары, табалдырықтары, сарқырамалары, көлбеуі, топырақ, өсімдік, жануарлар әлемі жеуге келетін және шипалы өсімдіктер, аң мен балық аулау мүмкіншіліктері, пайдалы қазбалар, жолдар, елді мекендер туралы мәліметтер кіреді.

              Тарау соңында әдебиет тізімі мен кеңес берушілер аттары келтіріледі.

«Жорыққа дайындық» тарауында қатысушылар тізімі, тәжірибесі, олар өткен жорықтары, жорықтағы міндеттері, аудан таңдау себебі, маршрут әзірлеу тәртібі, мақсаттар мен міндеттер.

              Тамақ рационы, азық-түлік қоры, сатып алған жері, дәрілер тізімі.

              Жоспарланған және шын мәнінде жұмсалған қаржы шығыны салыстырылады.

              Құрал-жабдықтар тізімі.

              Топ жүгі мен топ мүшелеріне бөлінуі.

              Бақылау нүктелері мен уақыт.

«Жорық күнделігі» тарауында күн тәртібі, оқиғалар, туристердің хал-күйі, ауа райы, ауа температурасы, жел күші мен бағыты, жауын-шашын, қар қалыңдығы, қозғалыс туралы мәліметтер, бивктар, өткен жолы, километраж, уақыт, тұрмыс, экскурсиялар, т.б.

Маршруттың техникалық сипаттамасы»(сүреттемесі) тарауында қозғалыс тәртібі, бағдарлар, асулар, өткелдер, қаүіпті жерлер және олардан өту әдістері, қаүіпсіздік шаралары туралы мәліметтер болады. Сонымен қатар, отын, ауыз су, бивактарға қолайлы орындарының бар-жоғы туралы мәліметер кіреді.

«Жорық қорытындылары» тарауында өткен жорық қиындықтары, оның танымдық маңызы, құрал-жабдықтардың сипаттамалары, басқа топтарға берілетін кеңестер беріледі.

              Есепке қосымша масштабы 1: 1000000-дан ірі масштабтағы маршрут схемасы болады. Ерекше қиын жерлерді ірі масштабтағы схемалар, фотографиялар, сызбалар арқылы көрсеткен жөн. Схемада түнеу мен демалыс орындарын, баспана мен отынның бар-жоғын көрсету керек.

              Есепте фотографиялық есеп болу керек. Онда барлық маңызды жерлердің сүреті болу керек, белгілі жерлерде рюкзактарды алдына қойып топ толық құрамында түсу қажет. Фотографиялар ақпарат болуымен бірге маршруттан өту дәлелі, кепілі болады.             

             

              2.2 Белсенді туристік іс-әрекетке физикалық дайындау және туристерді жорыққа дайындау циклдарының құрылымы

              Белсенді туристік саяхаттардың туризмнің басқа бағыттағы түрлерінен басты айырмашылықтарвы теңіз деңгейінен биіктік, ауаның жоғары немесе төмен температуралары, жауын-шашын, күшті жел, су тасқыны  және тағыда табиғаттың басқа да қолайсыз жағдайларының әсерінің басым болуымен ерекшеленеді. Ол өз кезегінде жорыққа қатысушы туристерден    табиғи кедергілерден өту мен денеге түсетін физикалық салмаққа тзуге қажетті іскерлік-дағдыларды қалыптастыруды қажет етеді. Физикалық дайындық жетіспейтін болса, адамның қатты шаршауына, жараларға, ауру-сырқаттарға, тіпті өлімге әкеліп соғуы мүмкін. Туристің физикалық дайындығы бағыттың қиындығы мен күрделілік дәрежесіне сәйкес жүргізілуі тиіс.Жоғарыда аталған факторлардың барлығы жорыққа қатысушыларға тікелей әсер ететін динамикалық болғандықтан белсенді туристік жорыққа қатысушы өзінің физикалық дайындығына мәнберіп толық пайдаплануға міндетті. 

              Туристің физикалық дайындығы дегеніміз тұрақты түрде арнайы жаттығулар жасау нәтижесінде белсенді туризмге қажетті қозғалыстың іскерлік-дағдыларын қалыптастыру  мен дамыту.  Туристің физикалық дайындығы жалпы және арнайы дайындық болып екіге бөлінеді.

              Жалпы дайындықтың мақсаты – туристің физикалық күш-қуаты мен сапалық қасиеттерін жан-жақты дамыту.

              Арнайы дайындықтың мақсаты таңдап алған туризм түріне қажетті физикалық қасиеттер мен іскерлік-дағдыларды қалыптастырып дамыту болып табылады. Адамдардың негізгі физикалық немесе қозғалыс сапасына

күші, төзімділігі,  тепе-теңдікті сақтай білуі, ептілігі, жылдамдық, икемділігі, еркін босаңсуы дағдылары жатады. Белсенді туризммен айналысатын туристерге  ең алдымен жоғарыда аталғандардың бастапқы үшеуі қажет. Туристің біліктілігі артқан сайын арнайы дайындығының үлесі жалпы дайындықтан  артады.

              Бұлшық ет жұмысының есебінен адамның сыртқы кедергіні жеңуін немесе оған қарсыласу қабілетін Күш  дейміз. Мысалы, биікке (тауға) көтерілу барысында аяқ бұлшықеті кедергіден өту режиміне көшіп жирылады. Ал беткейден төмен түсу барысында бұлшық ет бағыну режиміне көшіп созылады Арқақап (рюкзак) тасу, төмен сырғанау кезінде бұшықет статикалық (қозғалыссыз) режимде жұмыс істейді.

              Күштің бірнеше көрсеткіштері бар. 1.Адам үшін ең ауыр зіл темірді (штанганы) көтеру немесе осы рюкзакты тасу кезінде көрініс табатын  абсолюттік күш; 2. Кедергіден секіріп өту, турникте күрднелі жаттығу жасау сыяқты қас-қағым сәтте байқалатын күштің ең жоғарғы деңгейі болып табылатын жылдамдық күш;  3. Отырып тұру, денені еденнен көтеріп түсіру сыяқты бір текті жаттығу жасау барысында кездесетін үздіксіз кедергілерден ұзақ уақыт бойы бірқалыпты өту қабілетін айқындайтын  төзімділік күші.

              Шаршаудың  дамуы байқалған жағдайларға қарамастан адамның ұзақ уақыт бойы еңбек өнімділігін төмендетпей жұмыс істеу қабілетін төзімділік дейміз. Төзімділік адам ағзасының барлық мүшелері мен жүйелерінің физиолгиялық күйіне тығыз байланысты болады. Солардың ішінде әсіресе  жүрек-қан тамыр, тыныс алу және орталық жүйке жүйелерінің жұмысының маңызы өте зор болады.

              Туристің денесін кеңістікте тұрақты ұстап тұру қабілетін тепе-теңдік дейіміз.

              Туризм құрылымының менеджері дененің физикалық сапасы туралы жалпы түсініктермен қатар белсенді туристік жорыққа қатысушыларды физизикалық дайындаудың мақсаты,  құралдары мен әдістері туралы жан-жақты түсініктері және меңгерген арнайы іскерлік дағдылары болуы тиіс. Күшті шынықтыру екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа ауыр арқақапты (рюгзакты) көтеру, тік беткейлі тауларда,  қардың немесе құмның үстімен жүру, сыяқты сыртқы кедергілерді жеңуге  бағытталған ұзақ уақыт жүргізілетін жаттығулар жатады.

Екінші топқа тартылған арқан арқылы табиғи кедергілер мен аспалы өткелдерден өту,  жартасқа өрмелеу  сыяқты күшті шынықтыру жаттығуларын үздіксіз қайталау арқылы ептілікпен икемділіктің іскерлік-дағдыларын қалыптастыру жатады.

              Төзімділікті шынықтыру төменде көрсетілген үш түрлі мақсатты көздейді: 1) жұмыс істеп тұрған бұлшық еттерге оттегін жеткізуді жақсартуды көздейтін аэробтық қабілетті жақсарту; жүрек-қан тамыр және тыныс жүйелерін жетілдіру; 2) жұмыс істеп тұрған бұлшық еттерге оттегінің жетіспеуі жағдайында  анаэробтық қабілетті көтеру; 3) ауыр жұмыстан пайда болатын ішкі ортаның өзгеруіне физиологиялық және психологиялық төзімділікті шынықтыру. [14,46б].

Белсенді туристік жорыққа қатысушылардың жалпы төзімділіктерін шынықтыру үшін әрқайсысының ұзақтығы 30 минуттан кем емес  жаттығуларды бір қалыпты орындау керек. Мұндай жаттығуларды 3 сағаттан артық жасауға болмайды. Арнайы төзімділікті дамыту үшін жорық жағдайына жақындатылған төменде көрсетілген кедергілерден өту жаттығуларын орындау керек: салмағы 5-10кг арқақап (рюгзак) арқалап 100-300 метрлік беткейлерге тік өрлеу, ойлы-қырлы жер арқылы 15-25км жорық ұйымдастыру. Жаттығу жорықтары кезінде тау беткейлерімен көтерілу және төмен қарай жүгіріп түсу, өзендер мен жарлардан өту, жолы жоқ жерлермен жүру сыяқты табиғи кедергілерден міндетті түрде өту керек. Төзімділік дайындығы өте жақсы болса туристердің жүру жылдамдығы 4-5км/сағат, орташа болса – 3км/сағат болады.

              Тепе-теңдікті шынықтыру: тіреу көлемін кішірейту, жорықта кездесетін арнайы қимылдары мен орналасулардың ең жоғарғы жиынтығы бар тіреудің өзгеруі. Жаттығулар: 1) гимнастикалық орындық қырының үстімен жүру: алдыға, қырымен, бұрылыспен; 2) жүкпен (рюкзак немесе адамды арқалап) кедергілерден өтіп жүру; 3) бөрене үстімен жүру: алдыға қырымен, бұрылыспен; 4) ағашаяқпен жүру. Ағаш аяқ бұл-балдақ сияқты қолтыққа қысып, аяққа жалғап жүретін екі таяқ, бір аяқта тұрып қолмен, денемен қимыл жасау, көзін жұмып жүру, еңкейген құм беткейіне төмен қарай секіру. Деген мен, ең жақсы жаттығулар – табиғи нәрселерді қолданып сыртта, табиғатта жасау: бөрене үстімен жүру, үстіне мініп жылжу, үстімен жүгіру, томарлар мен төмпешіктердің, тастардың үстімен жүру, тік және тар шатқалды беткейлерге өрлеу мен түсу. Ойдағыдай ауыр жүктемелерден кейін жасаған өте пайдалы болады.

Белсенді туристік жорықтарға қатысушылардың физикалық дайындығына қойылатын негізгі талаптары мен қағидалары 

              Физикалық дайындық жанжақтылық, жүйелілік, белсенділік, ббіртіндеп жүзеге асыру, кезекшілік, саналық, үнемілік, үздіксіз қайталау, ырғақтылдық спорттық және мамандық ерекшеліктерімен байланыс қағидаларына егізделіп құрылуы тиіс. Жоғарыда аталған қағидаларды сақтау туристтерге ұзақ жылдар бойы жоғары дайындық деңгейін сақтауға мүмкіндік береді. 

              Құтқарушылар, жүк тасушылар, жолбасшылар сыяқты белсенді жорыққа қатысатын туристерге қызмет көрсететін адамдардың дайындығы жүретін бағыттың қиындығы мен күрделілік дәрежесіне сәйкес болу қажет. Атап айтсақ, жүк тасушылар дайындығы қатысушылардан әлдеқайда жоғары болуы тиіс. Мысалы, 1 дәрежедегі жорық үшін жүк тасушылардың дайындығы жорықтың 3-4 дәрежесінің деңгейлеріне сәйкес келуі тиіс.

              Туроператорлар турагенттерге немесе белсенді туристік жорыққа қатысушыларға ұсынатын турға қойылатын дайындық деңгейі жөнінде толық ақпарат беруге міндетті. Ондай ақпарат болмаған жағдайда туристер ұсынылған жорық бағытымен қозғалудан бастарту, немесе қатысушыларға қызымет көрсетушілердің күтпеген қолайсыз жағдайда қосымша көмек беруіне немесе турды ұсынған фирманың қатысушылар талабына сәйкес айыппұл төлеуіне тура келеді.

  Жорық алдындағы дайындық алдын ала және негізгі кезеңге бөлінеді. Алдын ала дайындықтың мақсаты – ағзаны біртіндеп жоғары жүктемелерге үйрету, ал  негізгі кезеңнің мақсаты – жорық барысында түсетін салмаққа тағы жүктемеге ағзаны толық даярлау. Жорық алдындағы дайындық жарты жылға созылуы тиіс. Жорық басталар алдындағы абір ай ішінде туристер жорықтың энергия шығынын жаттығу барысында толық орындауы керек.

              Ағзаның қызыметтік күйін жүректің жұмыс істеу қабілеті бойынша бағалайды. Жорық дәрежесіне сәйкес алдын-ала жаттығу жүргізілу барысында ағзаға түсірілетін салмақ аяқталған соң жүрек соғысының ырғағы 7-10 минут ішінде қалпына келсе, дайындық қанағаттанарлық деп саналады.

              Адам ағзасы әрқашан үнемді қызымет етуге ұмтылады. Ұзақ уақыт бойы денеге түсірілетін физикалық салматың деңгейі шамалы болса ағзаның қан айналу, тынасалу жүйесінің түсірілетін артық салмаққа бірден жауап бере алмайтындай қалыптасқан жағдайға қызыметтік бейімделу жүреді. Сондықтан туризм менеджері белсенді туристік жорыққа қатысуға қажетті ағзаның негізгі физикалық сапасын қалыптастыруды білуі тиіс. Ол үшін  туристің физикалық қасиеттерін қалыптастыратын 1) ұзақ қашықтыққа  жүгіру; 2) ойлы-қырлы жерде жаттығу жорықтарын ұйымдастыру; 3) жалпы ұзындығы 15-20км болатын  бағыт бойыншн бір күндік туристік жорықтар өткізу; 4) баскедбол, валебол сыяқты белсенді спорттық ойындар өткізу; 5) туризм техникасы бойынша жарыстарға қатысу; 6) жер бедері күрделі аумақта топпен жаттығу жасау қажет.

Информация о работе Спорттық-сауықтыру туризмі ұғымы және оның мәні