Спорттық-сауықтыру туризмі ұғымы және оның мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Августа 2012 в 09:55, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі заман ағысына ілесу уақыт талабы. Сол орайда еліміздің әр саласын жетілдіріп, дамытуда түрлі шаралар қолға алынып жатыр. Спорттық-сауықтыру туризмі – көптеген демалу түрінің бір түрі болып есептеледі. Спорттық-сауықтыру туризмі түрлері жай туристер ортасында үлкен танымалдылықта болып жүр. Шаршағанды басуға көмектесетін тек қана жағажайдағы демалу емес, сонымен қатар созылған жүйке-жүйе мен физикалық төзімділікте көмектеседі.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 СПОРТТЫҚ-САУЫҚТЫРУ ТУРИЗМІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...................................................................................................................6
1.1 Спорттық-сауықтыру туризмі ұғымы және оның мәні......................................6
1.2 Спорттық-сауықтыру туризмінің түрлері және ерекшеліктері.......................11
1.2 Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы.............................22
2 ТУРИСТІК-СПОРТТЫҚ ЖОРЫҚТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ......................................................................................................38
2.1 Туризмнің белсенді түрлеріндегі тактикалық әзірлену әдістері.....................38
2.2 Белсенді туристік іс-әрекетке физикалық дайындау және туристерді жорыққа дайындау циклдарының құрылымы........................................................45
2.3 «ЕРМА-ТУР» ЖШС-ның сипаттамасы және оның туризм түрлерін дамытудағы ролі........................................................................................................55
3 ҚР СПОРТТЫҚ-САУЫҚТЫРУ ТУРИЗМІНІҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ БОЛАШАҒЫ .............................................................................................................65
3.1 Қазақстанның спорт саласын мемлекеттік қолдау және оның спорттық туризмді дамытудағы әлеуетті мүмкіндіктері........................................................65
3.2 Туризм және спорт салаларының қазіргі жағдайы мен даму үрдісін талдау..........................................................................................................................75
3.3 Талдықорған өңірінің туристік-рекреациялық әлеуетінің спорттық туризмді дамытудағы ролі және перспективалары................................................................83
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................94
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................97

Прикрепленные файлы: 1 файл

ҚР спорттық-сауықтыру туризмі және оның даму ерекшеліктері.doc

— 832.00 Кб (Скачать документ)

Туристік бағытты тактикалық құру сегіз бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде белсенді туристік бағытты тактикалық құруды жан-жақты ойластырылған қауіпсіз, танымдық қызығушылық тудыратын, жазғы мерзімде ауа райы жақсы тұрақты болатын, бастапқы және соңғы нүкте көліктік қатынасқа жақын әрі қолайлы болатын   бағытты таңдаудан басталады. Аталған белгілерге Текелі қаласы маңындағы Қора шатқалындағы Бұрқанбұлақ сарқырамасы  мен Бүркітті Бүйен өзені бастауындағы тау мұздықтары, Лепсі өзені аңғарындағы Жасылкөл, Іле, Күңгей және теріскей Алатауларындағы таулы туристік бағыттар жатады. Саяхат өтетін ауданды таңдаған кезде жолдарды, жолға қажетті уақытты, саяхат шығындарын, көптеген басқа да факторларды ескеру қажет. Көмекші, кеңес беруші ретінде әртүрлі ақпарат көздері: кітап, БАҚ, карталар, интернет желілері, жерлерді жергілікті жерде таулы аумақтарды көп аралаған тәжірибелі адамдар болуы мүмкінЖас мөлшері, мүдделері, көзқарастары, техникалық, физикалық дайындық дәрежесі жақын болғаны жақсы.

              Екінші бөлімде  бағыттың барлық физикалық-географиялық қосындары, табиғи кедергілері (өзен, көл, асу, өткел, мұздық, батпақ, орман тағыда басқалар) көрсетілген жүретін жолдың желісін құру жұмыстары жүргізіледі. Оған тоқтайтын көретін демалатын негізгі және аралық қосындар көрсетілген тдәрежелі туристік бағыттың ғылыми-техникалық сипаттамасы мысал бола алады. Мысалы Іле және Күңгей Алатауының №2 бағытына төмендегідей сипаттама берілген. Алматы қаласы-Медеу шатқалы-Шыңбұлақ таулы-туристік базасы-Талғар асуы (дәрежесіз) – Солжақ Талғар –Туристер асуы (1а)-Көлдіасу(дәрежесіз) – Шоң-Кемин өзені-Жасық көл-Ақсу өзені-Солтүстік Ақсу асуы (1а), -Григоревка ауылы-Ыстықкөл (8күн 124 км).

Үшінші бөлімде бағыттың қозғалу кестесі сипатталады. Бағыттың бойымен жүру кезеңдерін уақытқа бөліп әр күнінде жүріп өтетін жол мен қонатын аялдайтын орындарды сандық  немесе сызықтық кесте түрінде көрсетуді қозғалу кестесі деп атайды.  Жоспарланатын жорықтың бағытының кестесін құру туристік жорыққа баруға дайындық кезінде құрылып туристік жорық кітапшасына қысқартылған түрде жазылады. Ал орындалу кестесі бағыт бойымен тікелей қозғалу барысында толықтырылып, жорық есебіне тіркеледі. Қозғалу кестесінде бағыт бойындағы бадарлармен уақытпен байланыстырылған бастапқы және соңғы нүктелер, қозғалыстың сипаты, сонымен қатар, сағаты мен минуты көрсетілген кезеңді жүріп өту уақыты,  асулар мен олардың биіктік белгілері, қозғалу техникасы, сақтандыру шаралары,  бадарлармен уақытпен байланыстырылған қауіпті жерлері танымдық маңызы бар көрікті орындары тіркеледі.

 

Кесте 8

Жорықтық бағыттың Іле Алатауының №2 бағытының кестесі

р/с

Туристік бағыттың бөліктері

Қозғалу құралы

Қашықтығы км.

1

Алматы қаласы-Үлкен Алматы шатқалы- Үлкен Алматы шатқалы-Үлкен Алматы көлі

Автомобил- мен, жаяу

14,4

12

2

Үлкен Алматы көлі-Көлді және Қызылсай өзендерінің бір-біріне құяр сағасы- Үлкен-Алматы көлі-Үлкен Алматы шатқалы—Алматы қаласы-Медеу шатқалы-Эделвейс туристік лагері

Жаяу, Автомобил мен

7

 

6

3

Эделвейс туристік лагері-Талғар асуы-Солжақ Талғар мен Туристер өзендерінің құяр сағасы

Автомобил- мен, жаяу

19

4

Туристер өзені –Туристерасуы-Көлді өзені-Көлді асуы-

 

19

5

Көлді асуы- жарты күн

Жаяу

17

6

Жарты күн-Жасыл көл көлі- Шығыс Ақсу  мұздығы

Жаяу

6

7

Шығыс Ақсу  мұздығы-Солтүстік Ақсу асуы- Шоң Ақсу өзені-шыршалы орманның шекарасы-

Жаяу

26

8

Шоң Ақсу өзені –Геогргиевка ауылы-Ыстықкөл көлі

Жаяу

12

 

БАРЛЫҒЫ

Жаяу

124

Қайнар көзі: Е.А.Тоқпанов, З.С. Сламбеков, О.Б. Мазбаев.Талдықорған  өңірінің туристік-саяхаттық бағыттары: оқу құралы. Талдықорған: ЖМУ. 2010.-197 б.

 

Бағытты тактикалық құрудың төртінші бөлімінде  туристік бағыттың бойымен қозғалу, кедергілерден өту техникасы көрсетіліп  әр күні, сағаты бойынша толық жазылады. Сөзбен жазылған сипаттамаға бағыт бойындағы қауіпті кедергілері бар телімдердің көз мөлшерімен кескінделген немесе топографиялық карталардыпайдаланып құрылған , сызба-нұсқасы мен көлденең қима-сызбасын қоса беру қажет.  Сызба-нұсқаны өтуі қиын асулар, өзеннен өтетін өткелдер сыяқты ерекше қызығушылық танытатын орындары бар бағыттың бойындағы телімдерді анықтау үшін құрылады. Оның масштабы 1:100 000, 1:25 000 және оданда ірі болады. Оған жергілікті бағдарлар, табиғи кедергілермен олардан өту мүмкіндігі, магниттік меридианның бағыты, кескіндеу жұмысы жүргізілген мерзім көрсетіледі. Асулардың сызба-нұсқаларында перспективті кескінде шартты белгілермен бағыттың бойындағы жарықтар, қар көшкіні мен тас құлау қаупі бар телімдер, қонуға қолайлы орындар, көтерілетін және түсетін орындар  биіктік белгілері, көлбеуліктері, асудан өту уақыты көрсетіліеді. Өзендердегі су бағыттары үшін  жағалаудағы бағдарлар, су бетіне шығып жатқан және су астындағы тастар, ағыстың бағыты, қысылатын тар жерлері тағыда басқа табиғи кедергілер арнайы шартты белгімен кескінделеді. Табиғи кедергілердің көлденең қимасының суреті немесе жергілікті жердің перспективті суреті шын мәнінде салу немесе фото суретке түсіру арқылы жүзеге асырылады. Сызба-нұсқадағы біршама күрделі табиғи кедергілер жорық өтетін ауданның жалпы топографиялық сызбасымен немесе бағыттың желісімен байланыстырылуы тиіс.  Төртінші бөлімде қонатын орындарда анықталып оған сипаттама беріледі. Қонатын орындарды кескіндеуге Алматы қаласындағы картофабрика мен Есемберлин көшесі 36 үйдегі Қазақстанның Аэрофотогеодезия кәсіпорыны шығарған 1:50000, 1:100 000 масштабты топографиялық карталар қолайлы.

Бағыт бойындағы  ұйқтайтын және демалатын орынды түнейтін орын дейміз. Туристердің жүктерінің белгілі бір бөлігін бағыттың қандайда бір теліміне жеткізуді жүкті жіберу дейміз. Жүкті алдын-ала жіберу туристердің ағзасы мен арқақапқа (рюгзакқа) түсірілетін салмақты азайтады. Бағыттың белгілі бір теліміне алдын-ала жеткізілген жүк жақсылап жабылып жабайы жануарлардың жеуінен мықтап тығылуы тиіс.

Туристік жорыққа қатысушыларды іріктеу және оларды техникалық дайындау

Бесінші бөлімде туристік бағыттың қосымша және апаттық нұсқалавры қарастырылады. Туристік бағыттың қосымша нұсқасы негізгі бағыттан қысқа әрі тез жетуді көздейді. Оны жол бойымен қозғалу барысында ауа райы тез бұзылған, сонымен қатар қатысушылардың физикалық дайындығында күрделі жағдай туындағанда немесе негізгі бағыт өте ұзын болған жағдайда пайдаланады. Туристік бағыттың Апаттық нұсқасын құру барысында  төтенше жағдайлар бағыттың кез-келген әсіресе күрделі телімінде болу мүмкіндігін ескеру қажет. Сондықтан бірнеше апаттық нұсқа құрылып жорық өтетін ауданның кез-келген нүктесінен туристік топ қалай жылдам шыға алады деген мәселені шешуі тиіс.  Апаттық нұсқаны құру бағыттың жүріп өткен телімдерінен топ мүшелерін бастапқы нүктеге жеткізуге (эвокуациялауға)  оңтайлы жолды анықтау қолайлы қайту нүктесін алдын-ала анықтаудан басталады. Қалған нақты нұсқалары ең жақын елдімекенге дейінгі жолдың қарапайымдығы мен  қысқа болу белгілері арқылы анықталады. Туристік бағыттың апаттық  нұсқасын құру барысында бағыттың жетекшісі де қыйын жағдайға душар болып, оның құтқару, тасмалдау іздестіру мүмкіндігі болмай қалу жағдайында ескеру қажет. Сондықтан туристерді алыпжүруші  тәжірибелі топ мүшелерінің бірінен орынбаср тағайындау қажет. Сонымен қатар, апатқа ұшырағандарды тасмалдаушы, бастапқы нүктеген жеткізуші, жолбасшы нұсқаушыларды алдын-ала іріктеу қажет.

Туристік бағытты құрудың жетінші бөлімі топ мүшелерін іріктеге арналған Онда жасы, жынысы, топқа жолбасшы болатын, құтқарушы топпен қоса алғанда жорыққа қатысатын барлық адамдар саны көрсетіледі. Егер аз ғана көлікпен жаяу жорық басталатын орынға жетет ін болса іріктелген топ оңтайлы деп есептелінеді. Ол жол шығынын азайту үшін қажет. Тур бағасының төмен болуы халықаралық   туристік нарықта фирманың бекуіне мүмкіндік беруімен маңызды. Бағыттың бойымен қозғалу шиеленісті жағдай туындамас үшін жорыққа қатысушыларды физикалық-техникалық  дайындығына баса назар аудару қажет. Белсенді туристік жорықты техникалық құру жұмыстарын жүргізген маман оның күрделілік және қиындық дәрежесін бағалай білуі тиіс. Турды жарнамалау әсіресе сату кезінде дайындықтың физикалық және техникалық өлшемдеріне баса назар аудару қерек. 

Туристік бағытты құрудың жетінші бөлімі таңдалған бағыттың жолбасшы және құтқарушы топтың құрамына қызыметтік міндеттері, жорыққа қажетті құрал-жабдықтар, киім-кешек, аяқ-киім азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселелеріне арналған. Топтың жолбасшы-құтқарушы тобы мүшелерінің сандық және сапалық құрамы туризмнің түрлеріне, жорықтың күрделілік дәрежесіне, жорық өтетін өңірдің ерекшеліктеріне, туристердің жасы мен жынысына, туристік фирмамен байланысушы шетелдік және отандық  әріптестерге қамтамасыз ететін қауіпсіздік пен қолайлы жағдай әсер етеді. Отандық таулы-туристік бағыттарға қызмет көрсететін топ жолбасшылар мен құтқарушы топтан, таныстырушы-жолбасшыдан, тасмалдаушылардан, аудармашыдан, екі аспазшыдан, санитарлық нұсқаушыдан, бір дәрігерден тұрады. Барлық құтқарушы-жолбасшылар тобының кез-келгенінің дәрігерлік дайындығы болуы тиіс. Күрделілігі  1-2 дәрежелі туристік бағыттарда жорыққа қатысушылардың санына сай тасмалдаушы топ құрамы 13-14 болады. Мысалы, құрамы 11 адамнан тұратын топ үшін 13-14 тасмалдаушыдан тұратын топ қажет.

Туристік жорыққа қатысушы коммерциялық топқа қызмет көрсететін топтың міндеттері

Қаржы-экономикалық есептеу үшін саяхатқа қатысушы туристердің жолбасшы-құтқарушы топ мүшелерінің арасында міндеттерді бөлісуі тиіс. 

Топ жетекшісі бұрын осы күрделілік дәрежедегі саяхатқа қатысып, одан бір дәреже төмен жорықты бұрын басқарған болуы тиіс. Жорыққа қатысушылардың тәжірибесі жорық күрделілігіне сәйкес болуы крек.

Топ ішіндегі міндеттер. Алдымен міндеттерді бөлу қажет. Топ жетекшісі дайындықты, шынығуды басқарады, маршрут әзірлеу мен оның құжаттары үшін жауап береді, саяхатқа ресми рұхсат алады. Жорықта ол басшы, бұйрықтары екі қайталанбай орындалуы міндет.

Жетекшінің орынбасары тәжірибесі бар туристердің арасынан таңдалады. Жетекші шешімдеріне сәйес әрекет орындағандықтан, оның да бұйрықтары орындалу қажет.

Топ жетекшісі Шаруашылықты меңгеруші(завхоз) тамақ пен жабдықталуға жауап береді, олардың есебін жүргізеді, жүктерді(тамақ пен құралдарды) рюкзактар бойынша таратады, ас мәзірін(меню) жасайды, жолда ас қорын толтыру мәселесін шешеді.

Қазынашы жорық алдында ақша жинайды, оны өзі сақтайды немесе сақтау үшін туристердің арасында таратады. Барлық қаржы есебін жасайды.

Топ жетекшісі Шаруашылықты меңгеруші Санинструктор(фельдшер) дәрі қорапшасын қалыптастырады, оны алып жүреді. Санитарлық-гигиеналық ережелер орындалуын қадағалайды, қажет болса, ағашқы медициналық жәрдем береді.

Күнделік жүргізуші барлық оқиғаларды, жолдағы мәліметтердің барлығын жазып отырады. Топ күнделігіне топтың басқа мүшелері де өздерінің жазуларын қосады.

Фотоға түсіретін сүретші жорықты толығымен фото немесе сүретпен көрсетеді.

Жөндеуші сайман мен материалдар үшін жауап береді, құрал-жабдықтарды жөндейді.

Жорықта бивак жұмыстарын, отын жинау, тамақ пісіру, басқа жұмыстарын кезекшілер орындайды.Қажет болса, түнгі кезек болады.

              Жорыққа дайындалған кезде де туристер әртүрлі міндеттер орындайды. Апта сайын олар кездесіп, жасалған жұмыс, мәселелер туралы ақпаратпен алмасу керек.

              Туристік бағытқа әзірлеу

              Машрутты әзірлеу туризм түріне, мақсатына, жыл мезгіліне, туристер тәжірибесіне, т.б. факторларға байланысты.

              Маршруттың тактикалық схемалары мынадай болады:

- сызықтық(линейная);

- айналмалы(кольцевая);

- радиалды және оның варианттары;

- түйдектелген(комбинированная).

              Маршрут күрделілігі біртіндеп қиындау керек, мысалы, 1 дәрежелі жорықта қатысқандар 2 дәрежеден өтуді көздеуі мүмкін және т.с.с.

              Туристік бағт өтетін  ауданын зерттеу

              Туристер алдын ала саяхат ауданының географиялық, тарихи, әкономикалық және т.б. ерекшкліктерін зерттеу қажет. Ол үшін көркем және ғылыми әдебиеткөздерін, географиялық сүреттемелер мен анықтамаларды, метеорологиялық байқауларды, бұл ауданда болған туристік топтардың есептерін оқып, қарап шығу қажет.

              Туристер ауданның жер бедерін, ауа райы көрсеткіштерін, өзен мен көлдердің лоцияларын, ауа райы болжамын, экскурсиялық нысандардың орналасуын, көрінісі әдемі нүктелерін алдын ала біліп алуы керек.

              Осымен қатар, барлық қажетті құжаттар мен рұхсаттарды дайындап қою керек.

              Ауданды зерттеу қаүіпсіздікті қамтамасыз ету үшін де керек.

Информация о работе Спорттық-сауықтыру туризмі ұғымы және оның мәні