Спорттық-сауықтыру туризмі ұғымы және оның мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Августа 2012 в 09:55, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі заман ағысына ілесу уақыт талабы. Сол орайда еліміздің әр саласын жетілдіріп, дамытуда түрлі шаралар қолға алынып жатыр. Спорттық-сауықтыру туризмі – көптеген демалу түрінің бір түрі болып есептеледі. Спорттық-сауықтыру туризмі түрлері жай туристер ортасында үлкен танымалдылықта болып жүр. Шаршағанды басуға көмектесетін тек қана жағажайдағы демалу емес, сонымен қатар созылған жүйке-жүйе мен физикалық төзімділікте көмектеседі.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 СПОРТТЫҚ-САУЫҚТЫРУ ТУРИЗМІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...................................................................................................................6
1.1 Спорттық-сауықтыру туризмі ұғымы және оның мәні......................................6
1.2 Спорттық-сауықтыру туризмінің түрлері және ерекшеліктері.......................11
1.2 Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы.............................22
2 ТУРИСТІК-СПОРТТЫҚ ЖОРЫҚТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ......................................................................................................38
2.1 Туризмнің белсенді түрлеріндегі тактикалық әзірлену әдістері.....................38
2.2 Белсенді туристік іс-әрекетке физикалық дайындау және туристерді жорыққа дайындау циклдарының құрылымы........................................................45
2.3 «ЕРМА-ТУР» ЖШС-ның сипаттамасы және оның туризм түрлерін дамытудағы ролі........................................................................................................55
3 ҚР СПОРТТЫҚ-САУЫҚТЫРУ ТУРИЗМІНІҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ БОЛАШАҒЫ .............................................................................................................65
3.1 Қазақстанның спорт саласын мемлекеттік қолдау және оның спорттық туризмді дамытудағы әлеуетті мүмкіндіктері........................................................65
3.2 Туризм және спорт салаларының қазіргі жағдайы мен даму үрдісін талдау..........................................................................................................................75
3.3 Талдықорған өңірінің туристік-рекреациялық әлеуетінің спорттық туризмді дамытудағы ролі және перспективалары................................................................83
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................94
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................97

Прикрепленные файлы: 1 файл

ҚР спорттық-сауықтыру туризмі және оның даму ерекшеліктері.doc

— 832.00 Кб (Скачать документ)

Қайнар көзі: Туризмді дамыту сұрақтары бойынша әдістемелік құрал (спорттық туризм). Талдықорған, 2009. – 140б.

Тау маршрутын жоспарлай отырып,  жорық кезінде жергілікті жерде маршруттың асу нүктелерін айтарлықтай биіктіктерде табу үшін алдын ала азимуттарды есептеп алған пайдалы.

Арнайы қауіпсіздік шараларын әзірлеу қажет: егер топ өз ішінде бөлінетін болса, байланыс және сигнал беру тәсілдерін, барлаушы топтарын бөлу, апатты жағдайлар болған кезде іс-әрекет жоспарын құру керек. [8,51б].

Шаңғы туризмі. Қысқы саяхаттарда адам суықтың ұзақ әрі үздіксіз әсеріне тап болады. Шаңғы жорықтарындағы қиындықтарды табысты жеңіп шығу ең алдымен адамның суыққа қарсы тұруына байланысты, ол адамның жалпы физикалық денсаулығымен емес, нерв жүйесінің дайындылығы, дағдыларымен анықталады. Қысқы саяхаттардағы басты қауіп - бұл адамның өзін-өзі бақылауын жоғалтуымен, жалпы психикалық жабырқаңқылығымен және ақыл-ес апатиясымен бірге жүретін шамадан тыс шаршаушылық. Сондықтан да, басқа саяхат түрлеріне қарағанда, бұндай саяхаттар үшін біртіндеп туристік тәжірибе жинақтау үлкен маңыз алады. Шаңғы жорықтарын ұйымдастыруға, топ құрамына, маршрут әзірлеуге, құрал-жабдықтар мен азық-түлік таңдауға, жорық алдындағы жаттығуларға осы жағынан келу керек.

Шаңғы жорығы ауданын таңдай отырып, ауданның спецификалық ерекшеліктерін білу маңызды: мысалы, тұрақты қар жамылғысының болуы, күн бойындағы жарық мезгілдің ұзақтылығы, жергілікті жердің рельефі, тасқын қауіптілігі, қар сипаты, метеорологиялық жағдай, орманның болуы, қоныстанушылығы, қоныстанған пунктерге тез шығу үшін мүмкін жолдар.

Шаңғы жорықтары ұйымдастыру бойынша айтарлықтай күрделі,арнайы жабдықтарды, әртүрлі жағдайларда шаңғыда қозғалу техникасын игеруді талап етеді. Рюкзактардың үлкен салмағы, төмен температура, аязды күндердегі жел қатысушылардың өте жоғары физикалық дайындылығын, шынығуын талап етеді. Жаяу және таулы-жаяу жорықтардың басты ережелері шаңғы туризміне де таралады, бірақ оның өзінің ерекшеліктері бар.

Шаңғы жорықтары кезінде қатысушылардың физикалық дайындылығы мен жасына байланысты түсетін күштің сәйкес келу қажеттілігін есте сақтау қажет.

              Ересек туристер үшін күндізгі жүру күніне 25-30 км құрайды. Бұндай жүруді жаттыққан топ аса күш жұмсаусыз, үнемі жаттығусыз орындайды, әсіресе, көпкүнді жорықтарда, бұндай жолды жүру қиын.

              Мектеп оқушыларымен жорықтарды ұйымдастыру кезінде дала жағдайында түнеуді жоспарлауға рұқсат етілмейді. Жаңадан үйреніп жүрген ересек адамдар үшін де бұндай түнеуді ұйымдастырмаған дұрыс болады.

Көпкүнді жорықтарға бірнеше сынақ біркүнді, екікүнді жорықтардан кейін ғана рұқсат етіледі. Жаттығу сынақ жорықтарында қозғалу техникасын басында жүксіз, содан кейін жорықта алатын жүкпен шығып игереді. Соңғы жаттығу жорықтарының жоспарына көпкүнді жорықтардың жоспары бойынша күндізгі жүрістің ең үлкен бөлігіне тең күндізгі жүрістер енгізілуі тиіс.

Топтың құрамына 10-12 адам кірген ең тиімді болады. Қозғалыс кезінде ол аз созылады және бір-бірін көру қашықтығында болады. Осындай топ үшін түнеу үшін қолайлы орын табу оңайырақ. Туризмнің кез келген түрі бойынша жорыққа топты іріктеу кезінде қатысушылардың бірдей физикалық және техникалық дайындықта болғандары ескерілуі қажет. Бұл шаңғы жорықтары үшін әсіресе қажет. Бұған кері жағдайда  артта қалған туристерді тосамыз деп, күшті туристердің өздері аяздан зардап шегулері мүмкін. Ересек шаңғышылар-туристер тобының жетекшісі шаңғы туризмі бойынша инструктор болуы тиіс.

Шаңғы саяхаттарына арналған құрал-жабдықтар

 Біркүнді жорық үшін турист шаңғышының әдеттегі киімін кисе болғаны, ал рюкзакқа күрдеше, свитер, қолғап және носки салып алу керек.

Көпкүнді жорықта 1-2 жүн свитер, көйлек, қалың материалдан тігілген киім,трикотаж трусилар, тығыз материалдан тігілген шалбар, боранға қарсы киетін костюм қажет. Қозғалыста адам басына жүн шлем немесе шаңғыға арналған шапка, жел кезінде боранға қарсы киетін костюмнің коапюшонын киеді. Аяққа мақтадан жасалған носки, оның сыртынан температураға байланысты бір немесе екі жүн носки киеді. Шаңғы ботинкаларының аяқта ұстап тұратын шнурлары, үсті жұмсақ тері болады. Оларды толық комплект носкилерді және киіз ұлтарақ салып кигенде табанды бүккен кезде қысылмайтындай, аяқ саусақтары қозғала алатындай болуы керек. Ботинкаларға қар кіруден қорғау және аяқты жылыту үшін бахилдарды (ботинка сыртына киіледі) қолданады. Рюкзакта запаста мех немесе мақта куртка, құлағы түсірілетін шапка, ішкі киім, мақта немесе жүн носки, фильтр-көзілдірк болуы тиіс.

Шаңғыларға негізгі талап - бұл мықтылық, жеңілділік.  Жорықтарға араналған шаңғыларды үш типке бөлуге болады: спорттық-жүгіріс, туристік, слаломды. Спорттық-жүгіріс шаңғылары жаттығулар, жарыстар және демалыс күнгі жорықтар үшін қолданылады. Егер маршрут жазық немесе нашар қиылысқан жерлер, қалың тығыз қарлы жерлермен болса, бұндай шаңғылар көпкүнді жорықтар үшін де келеді. Спорттық-жүгіріс шаңғыларының ені 6 см, ұзындығы туристің бойына қарай таңдалынады. Шаңғы таңдаудың жалпы қабылданағн ережесі - вертикаль қойылған шаңғының басына жоғары көтеріліп тартылған қолдың білезік сүйектері жетуі тиіс.

Туристік шаңғылар өте күшті қиылысқан, бұдырлы қарлы және  жолсыз жерлермен болатын жорықтарда ұсынылады. Олар спорттық шаңғылардан  2 см ендірек, оларға қарағанда қаттырақ және мықтырақ. Күрделі тау жорықтары үшін ені бүкіл ұзындығы бойынша кеңірек емес, бас жағы кеңірек шаңғылар жақсы келеді. Орманды, терең әрі бұдырлы қарлы жерлермен қозғалыс үшін шаңғылардың басының иілуі 12 см аз болмауы, ұзындығы шамамен 30 см болуы тиіс. Ұзындығы бойынша таңдау, спорттық-жүгіріс шаңғыларын таңдау сияқты таңдалады.

Слаломды шаңғылар ені бойынша туристік сияқты, бірақ, 15-20 см қысқарақ, айтарлықтай мықтырақ әрі ауырырақ. Оларды туристік  жорықтарда күрделі асу маршруттарында тәжірибелі әрі күшті туристік топтар қолданады.  Жазық асу көтерілімдері мен түсулері бар қарапайым тау маршруттарында ені 6-7 мм және қалыңдығы 1-1,5 мм болатын болаттан жасалған көмкермесі бар шаңғылар жарайды.

Шаңғы қыстырмалары жорық пен шаңғы жағдайларына байланысты таңдалынады. Спорттық-жүгіріс шаңғыларына қатты ранттық қыстырмалар салған жақсы болады. Олар жеңіл, ыңғайлы және сенімді. Осы қыстырмалардың алдыңғы бөлігінде шамамен биіктігі 6-7 мм болатын төрт шиптар болады. Шаңғы ботинкасының табанында олар үшін тесік бұрғыланады. Ботинкалар шиптардан шығып кетпес үшін оны металл дужкамен басады. Қатты қыстырмалардың екі түрін шығарады: 36-40 және 41-45 размерлі аяқ киімге арналған.

Көпкүнді күрделі жорықтар үшін раттық қатты қыстырмалар келмейді. Бұндай маршруттарда жартылай қатты қыстырмаларды қолданған дұрыс. Бұндай ботинкаларда ботинканың ранты реттеледі.

Дужкалардың орнына ремень қолданылады. Екінші ремень ботинканы өкшесі арқылы басып тұрады, оның артқа жылжып кетпеуіне және алға шығып кетпеуіне әсер береді. Ремень тартпалары үшін аранйы құлып салынады.Бұндай қыстырмаларды универсалды деп атайды, себебі оларды шаңғы ботинкаларын қыстыру үшін ғана емес, басқа да  аяқ киімдерді қыстыруға арналады. Топтың барлық қатысушыларында бірдей қыстырмалар болғаны дұрыс. Бұл жөндеу қорпашасының салмағын азайтуға және уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.

Ботинка өкшесіне қар жабысып қалмас үшінжүк площадкасына резина орнатпа салады. Ол 2-3 мм қалыңдықтағы микротесікті резинадан жасалғаны жақсы.

Шаңғы таяқтары дюроалюминий трубкалары, пластмассалар, ағаштардан жасалады. Ересектер үшін 4 размер: 1,25; 1,35; 1,45; 1,50 м шығарылады. Таяқтың ұзындығын таңдау кезінде  мына ереже бар: таяқ шаңғышының қолтығынан биік болмауы керек. Жорықтарда тері ременьімен байланған ағаш немесе металл дөңгелектері бар таяқ қолданылады. Қолға киілетін ілгектер кең болады, таяққа қатты бекітілген болады.

Жорықтар кезінде шаңғы, қыстырма, таяқтарды жөндеу үшін инструменттер келесі жөндеу жиыны және материалдар, қосымша бөліктер қажет: бұрағыштар, қысқыштар, напильник, шило, балға, қайшылар, жеңіл қыстыртпалар, қыстыртпалар құлыптары, дөңгелектер, 5 адамға бір запас шаңғы, фанер, алюминийқаңылтыр пластинкалар, жез және темір сымдар, шпагат, ұсақ және ірі шегелер, әртүрлі размерлі шуруптар, арқан, жіптер.

Жөндеу үшін жалпы инстументтер мен материалдар үшін жолда әрбір турист рюкзагында пышақ, сым, шпагат болуы керек.

Бахилалар - ботинканы қардан қорғауға арналған қарға қарсы брезент чулкилар. Олар көпкүнді жорықтарда терең бұдырлы қарлы жерлермен жүрген кездерде қажет. Бахилалардың тиімді формасы тік төртбұрышты мешоктар түрінде болады. Оның ені ботинка периметрінің жартысынан артық, биіктігі тізеге дейін немесе одан жоғары. Оның жоғары бөлігіне жәнетабанына резинка тігіледі. Ботинка биіктігінен төмен мықтылық үшін қосымша брезент қабаты тігіледі.

Жел мен бораннан қорғану үшін размері 2*20 см болатын фланелден жасалған, көз бен ауызға арналған тесігі бар  маска қолданылады. [9,73б].

Су туризмін ұйымдастыру мен өткізу ерекшеліктері 

Cу туристік тобындағы қатысушылар саны оларды бір адамның қиындықсыз жетекшілік ете алатындай құрамда, барлық мүшелер үшін шаруашылық міндеттерді орындауда кедергі болмайтындай болуы тиіс.  Ал қайықтар саны апат болған жағдайда өзара көмек көрсете алатындай болғаны дұрыс. Бұл талаптарды адамдар мен қайықтардың келесі минимальді әрі оптимальді санын қабылдай отырып қанағаттандыра аламыз:

 

 Кесте 3

Су туризмі талаптары

Қайық түрі

Минимальді саны

Оптимальді саны

қайық

адам

қайық

адам

Ял-4

2

10

3

15

Фофан

2

6-8

3

12

2-орынды байдарка

2

4

4

8

3-орынды байдарка

2

6

3

9

Қайнар көзі: Туризмді дамыту сұрақтары бойынша әдістемелік құрал (спорттық туризм). Талдықорған, 2009. – 140б.

 

Сонымен қайықтар екеуден кем болмауы тиіс. топ мүшелерінің саны 8-ден асып кетсе, кездейсоқ адамдар кірсе қайықты суда басқару қиынға соғатыны тәжірибе көрсетті. Бұл аз мөлшерде жетекшілігі әскери сипат алатын ялдардағы жорықтарда көрінеді.

              Су саяхатында міндеттерді бөлу ерекшелінеді: су саяхатында қайық командирі (штурман) болады. Қайық командирлері қозғалыс үстінде және тұрақтаған кездерде басқарып отырады, олардың дұрыс жұмыс істеуіне және топтың жүтерінің сақталуын қарап реттейді, қатысушылармен қатар кезекпен ескекте және рульде отырады. Байдаркада командир соңғы орында отырады. Штурман жол есептеуін, жорық күнделігін жүргізеді, карталарды сақтайды, ауа райын беріп отырады.

              Маршрутты таңдай кезінде тек су туризміне тән бірнеше ерекшеліктерін ескерген жөн. Суда турист тек өзен мен жағалауды ғана көреді. Сондықтан саяхаттар үшін көркем әрі түрлі ландшафты жағалауы бар өзендер болғаны жақсы. Жорықты өзеннің қызықты бастауынан бастаған жақсы.

              Жорық үшін кіші, қайықтар аз жүретін табиғатта демалыс үшін үлкен мүмкінділігі бар өзенді таңдау қажет. ірі, қайықтар жүретін өзенде турист өзі білмейтін қалалармен танысады, бірақ олардың арасындағы жолды ескекті де, тіпті моторлы да қайықпен емес, теплоходпен жүрген ыңғайлы болады.

              Су саяхаттарының туризмнің басқа түрлері алдында артықшылықтары бар. Су туристі палатканың көлемімен де, салмағымен де қысылмайды, ол өзімен бірге  киім, балық аулау құралдарын, итін, көбірек азық-түлік алады.

              Су саяхаттарының маршруттары жолдың күрделілігіне, ондағы бөгет-кедергілердің сипатына және ондағы қиыншылықты  жеңіп өтуіне байланысты бес дәрежеге бөлінеді. 1-ші дәрежеліге туристтердің жеңіл өтуіне болатын кедергілері ғана бар ақырын ағыстағы жазықты өзендер жатады. 2-ші дәрежелі күрделілікке ағысы тез ағатын таулы, орманды өзендер тән. 3-ші дәрежелі саяхаттарға күрделірек бөгеттері бар өзендер мен көлдер бойынша маршруттар енгізіледі. 4-ші және 5-ші дәрежелі маршруттағы саяхаттар анық көрінетін спорттық сипатта келеді,бұндай саяхат әдістемесі арнайы жетекшілікпен болады.

              Құрылуы бойынша су саяхаттарының маршруттары мынадай болады:

              1) бір немесе бірнеше өзендер ағысы бойынша төмен қарай жүзу;

2) көл немесе су қоймаларын басып өтетін өзендердің ағысы бойынша төмен қарай жүзу;

3) жарты дөңгелекті маршрут - бұнда маршруттың бастапқы немесе дөңгелекті келетін  бөлігін ағысқа қарсы жеңіп өтеді. Егер жарты дөңгелектің басы және соңы құрғақ жолмен біріксе, бұндай маршрут айналмалы (кругосветка) деп аталады.

Информация о работе Спорттық-сауықтыру туризмі ұғымы және оның мәні