Спорттық-сауықтыру туризмі ұғымы және оның мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Августа 2012 в 09:55, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі заман ағысына ілесу уақыт талабы. Сол орайда еліміздің әр саласын жетілдіріп, дамытуда түрлі шаралар қолға алынып жатыр. Спорттық-сауықтыру туризмі – көптеген демалу түрінің бір түрі болып есептеледі. Спорттық-сауықтыру туризмі түрлері жай туристер ортасында үлкен танымалдылықта болып жүр. Шаршағанды басуға көмектесетін тек қана жағажайдағы демалу емес, сонымен қатар созылған жүйке-жүйе мен физикалық төзімділікте көмектеседі.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 СПОРТТЫҚ-САУЫҚТЫРУ ТУРИЗМІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...................................................................................................................6
1.1 Спорттық-сауықтыру туризмі ұғымы және оның мәні......................................6
1.2 Спорттық-сауықтыру туризмінің түрлері және ерекшеліктері.......................11
1.2 Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы.............................22
2 ТУРИСТІК-СПОРТТЫҚ ЖОРЫҚТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ......................................................................................................38
2.1 Туризмнің белсенді түрлеріндегі тактикалық әзірлену әдістері.....................38
2.2 Белсенді туристік іс-әрекетке физикалық дайындау және туристерді жорыққа дайындау циклдарының құрылымы........................................................45
2.3 «ЕРМА-ТУР» ЖШС-ның сипаттамасы және оның туризм түрлерін дамытудағы ролі........................................................................................................55
3 ҚР СПОРТТЫҚ-САУЫҚТЫРУ ТУРИЗМІНІҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ БОЛАШАҒЫ .............................................................................................................65
3.1 Қазақстанның спорт саласын мемлекеттік қолдау және оның спорттық туризмді дамытудағы әлеуетті мүмкіндіктері........................................................65
3.2 Туризм және спорт салаларының қазіргі жағдайы мен даму үрдісін талдау..........................................................................................................................75
3.3 Талдықорған өңірінің туристік-рекреациялық әлеуетінің спорттық туризмді дамытудағы ролі және перспективалары................................................................83
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................94
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................97

Прикрепленные файлы: 1 файл

ҚР спорттық-сауықтыру туризмі және оның даму ерекшеліктері.doc

— 832.00 Кб (Скачать документ)

Туризмнің белсенді түрлерімен айналысу барысында үш мәселеге баса назар аудару қажет. Біріншіден, туризмнің белсенді түрлерімен айналысу туристердің физикалық дайындығын қамтамасыз етеді. Екіншіден, туристік техникадан өтетін жарыстарға қажетті арнайы шеберліктері мен іскерлік-дағдыларын қалыптастырады. Үшіншіден, туристік жорық жетекшілері мен қатысушылардың спорттық біліктіліктері мен жаяу туризммен айналысу барысында ағзаға түсірілетін ең жоғарғы салмақты реттеуге мүмкіндік береді.

Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасының жеке міндеттері қандайда бір жаяу, су немесе басқа да белсенді туристік жорықтарды ұйымдастыруға қатысты туристердің арнайы дайындығын қамтамасыз етумен тығыз байланысты.

Туризмнің белсенді түрлерінің тәрбиелік, білімдік, сауықтыру және спорттық міндеттерін шешуі  рекреанттардың жасына,  арнайы физикалық дайындығына тығыз байланысты болады. Тәрбиелік мақсатымен қатар жорық барысында білімдік мақсаты да шешіледі. Ол өлкетану, топографиялық, табиғаттану бағытында алған теориялық білім жорық барысында іс жүзінде бекумен қатар қозғалу әдіс-тәсілдері қалыптасып бекиді.

Сауықтыру міндеті туристік бағытты бойлай қозғалу мен денеге түсірілетін физикалық салмақты дұрыс ұйымдастыру, белсенді демалыс барысында табиғат факторларының ағза қызметіне оң әсер етуін, жеке және қоғамдық гигиенены сақтау арқылы жүзеге асырылады. Сауықтыру жүгіруімен немесе жүзумен айналысатын адамдарды туристік жорықтарға тарту адамдардың ағзасына түсетін физикалық салмаққа бейімделуінен арылуына мүмкіндік береді. Өйткені бейімделу ағзаға түсетін біртекті физикалық салмақтың тұрақты түрде ұзақ қайталануынан туындайды. [5,20б].

Оқу-жаттығу жорықтары сәйкес келетін  туризмнің техникасы мен тактикасын меңгертетін теориялық білімді, қонатын орынды, өтетін өткелдер мен қажетті құрал-жабдықтарды пайдалану дағдыларын меңгертуді қажет етеді. Күрделі дәрежелі жорықтар ұйымдастыру туристік құрал-жабдықтарды пайдалану әдістерін меңгеріп, мұздықтарды, қолжетімділігі қиын аудандардың өсімдіктері мен жануарлар дүниесін оқып-үйренуді қажет етеді.

Туризмнің белсенді түрлерінің ғылыми-жаратылыстану негізі онымен айналысу барысында сауықтыру нәтижелерінің болуын қамтамасыз етеді. Туризммен айналысу барысында адам ағзасының физиологиясы мен қызметіндегі  өзгерістерді оқып-үйрену туризммен айналысушыларды жас ерекшеліктеріне қарай жіктеуге, тиімді тамақтануды, жеке және қоғамдық гигиенаны сақтауды, жорық барысында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Туризмнің белсенді түрлерінің ғылыми-әдістемелік негіздеріне  басқарылатын педагогикалық үрдіс ретінде  туристік топтар мен секцияларда   ғылыми негізделген сабақтар мен жаттығулар жүргізу жатады.

Туризмде іс-әрекет сипаты мен бағытына қарай мынадай түрлерін серуендеулер, экскурсиялар, жорықтар, экспедициялар деп бөліп қарастырады. Серуендеулер мен экскурсиялар туризмнің элементарлы түрлері болып табылады.  Олар жеке де өткізілуі және туристік жорықтың құрамдас бөлігі де болуы мүмкін.

Серуендеулер – бұл сауықтыру, ағзаны шынықтыру мақсатында болатын көпшілік халықтың қолы жетерлік, қарапайым қысқа мерзімді туризмнің формасы (жаяу, шаңғымен, велосипедпен, қайықпен қозғалу).

Экскурсиялар – бұл қандай да бір объектіні көруге ұжымның ғылыми немесе оқу мақсатында, жалпы мәдени даму үшін баруы.

Жорықтар – бұл қозғалыстың белсенді түрлерін қолдану арқылы болатын физикалық жетілдіру, өлкені тану, қоғамдық пайдалы іс-әрекет мақсатында ұйымдасқан топтық қозғалыс.

Тәжірибе жүзінде туристік жорықтардың көп түрлері қалыптасқан. Физикалық тәрбие жағынан олардың негізгілері дайындық, туристік және үгіттеу-жаппай жорықтары болып саналады.

Дайындық жорықтары алда тұрған туристік жорықтарда негізінен жорық қозғалыстары мен біртіндеп ағзаны үлкен және ұзақ қозғалыс күшіне үйретуге қызмет етеді. Дайындық жорықтарына серуендеулер мен экскурсиялар элементтерін енгізу пайдалы. Дайындық жорықтарының негізгі мазмұны туристік экипировкадан, жорықтық өмір тәртібінен игеру; қозғалыс тәсілдерін жетілдіру; аялдама орындарын таңдау мен дайындауға, түнеу жабдықтарына, от жағуға байланысты арнайы іс-әрекеттерге үйрену; күрделі және ұзақ уақытты жорықтарға қатысу үшін қажетті мысалы, ұстамдылық, күштілік, жылдамдылық т.б. қасиеттерге тәрбиелеу болып табылады.

Туристік жорықтар туризмнің ең типті түрі болып табылады. Олар айтарлықтай ұзақтылығымен (бірнеше күннен бір-екі айға дейін), бағыттарының әртүрлілігімен және қозғалыс тәсілдерімен ерекшеленеді. Оларды денешынықтыру және спорт комитеттерінде немесе аранйы туристік мекемелерде тіркеу қажет, ал күрделі жорықтардың өткізілуіне арнайы рұқсат болуы керек. Бұл жорықтарды жетекші-нұсқаушы, топтың құрамындағы ең білікті әрі тәжірибелі турист басқарады. [6,12б].

Туристік жорықтарды мақсаттық белгісі бойынша төмендегідей етіп бөлуге болады:

-   сауықтыру;

-   спорттық;

-   оқу-жаттығу;

-   ғылыми-танымдық;

-   қызық оқиғалы (экзотикалық).

Спорттық жорықтар спорт саласына жатқызылады: олар үшін маршруттардың белгілі бір күрделілігі, жолдың ұзақтылығы, бөгет-кедергілердің күрделілігі, қоныстанылмаған жерлерде болудың жағдайлары, әртүрлі қиындықтағы сынақ жорықтарының саны бекітіледі. Спорттық жорықтар дәл физикалық тәрбие мақсатында ең мамандандырылған түрі болып табылады.

Үгіттеу-бұқаралық жорықтары қандай да бір ірі қоғамдық-саяси немесе спорттық оқиғалар құрметіне өткізіледі, халықты туризмге тарту және туристік жұмыстар тәжірибесімен алмасу мақсатында жүргізіледі.

Экспедициялар – қандай да бір объектіні (географиялық, геологиялық, өлкетану, тарихи және т.б.) зерттеу мақсатында іздестіру мақсатында болатын туристік саяхаттар. Экспедицияларда қозғалыс түрі белсенді (жаяу, шаңғы т.б.) және белсенді емес (көлік) түрде болуы мүмкін.Экспедицияларда физикалық тәрбие құралы ретінде тек белсенді қозғалыс іс-қимыл көмегімен болатын туристік шаралар ғана қарастырылады.

Территориялық белгі бойынша жорықтар жергілікті және ұзақ, ұйымдастыру сипаты бойынша – жоспарланған (жолдамалар бойынша) және өзіндік болып бөлінеді. Жолдамалар бойынша саяхаттар белгілі бір, алдын ала әзірленген, сипатталған, ал кейде белгіленген маршруттар бойынша өткізіледі.Туристер жол бойында түнеу орындарымен, тамақтанумен, жергілікті көлікпен, экскурсия жүргізушінің қызметімен қамтамасыз етіледі.

Өздік саяхаттарын денешынықтыру ұжымдарының кеңестері, туристердің клубтары, туристік лагерьлер мен базалар, балалар экскурсиялық-туристік станциялары, мектептер, жеке туристік топтар ұйымдастырады. Бұл жерде туристер өздері маршрутты таңдайды және оны әзірлейді, жолда туристер өздері-өздеріне қызмет көрсетеді. Бұндай саяхаттар ақылы саяхаттардан арзан болады және топтың қанша уақыты болса, соншаға есептеліп өткізіледі.  Туристер өздеріне қолайлы әрі қызықты, жастарына, физикалық дайындылықтарына сәйкес келетін қозғалыстың тәсілдерін қолданады. Бұндай саяхаттар денешынықтыру қозғалыстарының міндеттеріне толығымен жауап береді.

Қозғалу тәсілі бойынша саяхаттар жаяу, тау, су, шаңғы, велосипед, аралас, автомобильді және мотоцикльді болып бөлінеді.

Күрделілігінің өсуіне байланысты өздік саяхаттар 1, 2, 3, 4 және 5-ші дәрежелі күрделіліктегі демалыс күнгі жорықтар және көпкүнді саяхаттар болып жіктеледі. Жорықтардың күрделіліктері оның ұзақтылығымен, санымен, бөгет-кедергілерінің сипатымен және сол туризм түріне тән басқа да факторлармен анықталады. Жорықтардың қарапайым түрлерінен ең күрделі түрлеріне ауысу жорық жетекшілері мен оның қатысушыларының біртіндеп, жүйелі түрде жинақтаған тәжірибелері жағдайында мүмкін болады.

Демалыс күнгі жорықтарының мақсаты белсенді түрдегі демалыс, барған жердің табиғатымен, өмірімен танысу болып келеді. Олар бүкіл халықты туризмге шақыруға бейім болып саналады. Демалыс күнгі жорықтар көпкүнді саяхаттарға және туристік жарыстарға жаттығу үшін де ұйымдастырылады.    

Кез келген ұзақтылықтағы және күрделіліктегі саяхаттар белсенді және танымдық демалыс мақсатында болады. [7,45б].

 

1.2 Спорттық-сауықтыру туризмінің түрлері және ерекшеліктері

Спорттық-сауықтыру туризмі нысаналы мақсатты функцияға ие – ол табиғи кедергілерді өтудегі спорттық жетілдіру. Бұл адамның кесіп өткен жері бойынша қауіпсіз қозғалысы үшін қажетті біліктер мен дағдыларды, білімдердің барлық кешенін жетілдіру және күрделі табиғи кедергілерді өту үшін физикалық дайындықты барынша жетілдіру болып табылады.

Спорттық-сауықтыру туризмінің немесе белсенді туризмнің түрлері келесідей:

- жаяу (жазық жермен саяхаттау, көбінесе жаяулатып);

- шаңғы (қыс мезгілінде шаңғымен саяхаттау);

- тау (арнайы техникалық құралдарды қолдану арқылы таулы жерлерде саяхат жасау);

- су (қайық-құралдардың көмегімен су бетінде саяхаттау);

- велосипед (велосипедті пайдалану арқылы саяхаттау);

- авто-мото (моторлы қозғалыс құралдарын пайдалану);

- спелео (жердің табиғи қуыс, үңгірлеріне саяхаттау);

- салт атты (демалыс үшін қозғалыс құралы ретінде жылқылар пайдаланылады);

- комбинирленген (қозғалыстың әр түрлі тәсілдері пайдаланылғанда және маршрут әр түрлі туризм түрлерінен құралғанда).

Жаяу және тау саяхаттарын ұйымдастыру ерекшеліктері. 

Қарапайым жаяу жорықтар кез келген ауданда (туған өлкеде) отпуск  және демалыс күндері кездерінде өткізілуі мүмкін.

 

Кесте 1

Жаяу туризм талаптары

Жорық түрі

Жүк, километраж

Жас

11-12

13-14

15-16

17

Біркүндік

кг

км

3

12

4-5

15

5/6

20

6/8

24

Екікүндік

кг

км

3

20

6

24

6/10

30-35

8/12

40

Үшкүндік

кг

км

-

6

30

8-12

45-50

10/14-16

50-60

Көпкүндік

кг

км

-

6

12-15

8/14

17-18

8-10/14-16

20 дейін

Жорықтың ұзақтылығы (күнмен)

 

-

4-7

10-12

12-14

 Ескерту: мысалы, 5/6 деген көрсеткіште бөлінгіші 5 - қыздар үшін, ал бөлгіші 6 - ұлдар үшін

Қайнар көзі: Туризмді дамыту сұрақтары бойынша әдістемелік құрал (спорттық туризм). Талдықорған, 2009. – 140б.

 

Маршрутты ең алдымен топтағы әрбір қатысушының күші мен нақты тәжірибесіне, жорыққа сай келетін жабдықтардың болуы және жорық алдында жаттығулар өткізу мүмкіндігіне негізделіп таңдалуы қажет.  Бұл жерде шектен тыс күш жұмсауға есептемеу қажет. Әсіресе маршруттың қиын әрі күрделі бөліктерін (асулар, тасты- және тасқын қаупі бар, өзендер арқылы асулар, үлкен биіктіктегі орындар, азимутты, қоныстанылмаған, қиын бағыт алынатын) бөліп көрсету және оларды жеңіп өтудің толық жоспарын құру керек.

Күндізгі жүру километражын есептеу орташа бүкіл маршрутқа есептеліп жүргізіледі, ол маршруттың жеке бөліктерінің техникалық күрделіліктерін, азық-түліктерді жұмсауға байланысты жеке кезеңдерде рюкзактардың салмағын есепке алына жүргізіледі.

Жаяу саяхатта магниттік жіктеуді есепке ала отырып алдын ала барлық азимуттарды есептеу қажет. Азимуттар карта нақты көрсетілген және жергілікті жерде оңай табылатын орындардан басталуы және жергілікті жер линиясына (өзен арансы, көл, теңіз жағалауы, теміржол жолы, тау массиві) негізделген болуы тиіс. Жергілікті жердің нүктесіне азимут бойынша шығуды жоспарлау ұсынылмайды, себебі кішігірім қателіктің өзі  апатты жғдайға әкелуі мүмкін.

Азимут бойынша қозғалыс бірден қиысқан жерлерде әсіресе, таулы жерде болмайды.

 

Кесте 2

Тау туризмі ережелері

Жорық түрі

Жүк, километраж

Жас

11-12

13-14

15-16

17

Біркүндік

кг

км/күн

км/сағ

5

10

3

6/7

12

4

7/8

15

5

8/10

18

6

Екікүндік

кг

екі күнге км

6

15

7

18

7/9

21-24

8/10

30

Үшкүндік

кг

км/күн

үш күнге км

-

-

-

8

9

27

8/10

12

36

10/12

15

45

Көпкүндік категориялы емес ұзақтылық (жүріс күні)

кг

 

-

8/10

 

4-6

10/12

 

8-12

12/16

 

15 дейін

Көпкүндік категориялы ұзақтылық (жүріс күні)

кг

 

-

-

-

-

-

-

12/16

6-8

16/25

 

10

Информация о работе Спорттық-сауықтыру туризмі ұғымы және оның мәні