Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Августа 2012 в 09:55, дипломная работа
Қазіргі заман ағысына ілесу уақыт талабы. Сол орайда еліміздің әр саласын жетілдіріп, дамытуда түрлі шаралар қолға алынып жатыр. Спорттық-сауықтыру туризмі – көптеген демалу түрінің бір түрі болып есептеледі. Спорттық-сауықтыру туризмі түрлері жай туристер ортасында үлкен танымалдылықта болып жүр. Шаршағанды басуға көмектесетін тек қана жағажайдағы демалу емес, сонымен қатар созылған жүйке-жүйе мен физикалық төзімділікте көмектеседі.
КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 СПОРТТЫҚ-САУЫҚТЫРУ ТУРИЗМІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...................................................................................................................6
1.1 Спорттық-сауықтыру туризмі ұғымы және оның мәні......................................6
1.2 Спорттық-сауықтыру туризмінің түрлері және ерекшеліктері.......................11
1.2 Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы.............................22
2 ТУРИСТІК-СПОРТТЫҚ ЖОРЫҚТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ......................................................................................................38
2.1 Туризмнің белсенді түрлеріндегі тактикалық әзірлену әдістері.....................38
2.2 Белсенді туристік іс-әрекетке физикалық дайындау және туристерді жорыққа дайындау циклдарының құрылымы........................................................45
2.3 «ЕРМА-ТУР» ЖШС-ның сипаттамасы және оның туризм түрлерін дамытудағы ролі........................................................................................................55
3 ҚР СПОРТТЫҚ-САУЫҚТЫРУ ТУРИЗМІНІҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ БОЛАШАҒЫ .............................................................................................................65
3.1 Қазақстанның спорт саласын мемлекеттік қолдау және оның спорттық туризмді дамытудағы әлеуетті мүмкіндіктері........................................................65
3.2 Туризм және спорт салаларының қазіргі жағдайы мен даму үрдісін талдау..........................................................................................................................75
3.3 Талдықорған өңірінің туристік-рекреациялық әлеуетінің спорттық туризмді дамытудағы ролі және перспективалары................................................................83
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................94
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................97
4) топтың бір өзеннен басқаға қайықтары мен жүктерімен "ауысып" жүруі.
5) аралас типті маршрут. Маршрутты бастайтын немесе аяқтайтын су плоттарымен бірге болатын жаяу-су саяхаттары ең әйгілі.
6) цептік маршрут - бірнеше кезеңге бөлінген қандай да бір су жолы бойынша өтеді. Маршруттарын аяқтай отырып, топ қайықтарын сақтауға қалдырады, өздерінің саяхаттарын келесі каникулдық мерзімде жалғастырады.
7) цептік маршрутта бірнеше топтың арасында қайықтарды қолдануды бөле және кезеңдерді өту кезектілігін бекіте отырып, оны эстафеттіге айналдыруға болады.
Құрал-жабдықтар және кейбір қайықтардың түрлері
Кез келген туризмнің түрінде құрал-жабдықтар маңызды роль ойнайды. Жаяу да және су туризмінде де олар жеке және қоғамдық болып бөлінеді.
Су туризмінде жеке жабдықтарға рюкзак, гидроқап, спальник, төсеніш, гигиеналық жабдықтар, жеке тасу заттары, құтқару жилеті, каска, т.б. жатады.
Егер туристік немесе спорттық жорықтар каякта өтетін болса, кая жеке жабдық болып табылады. Өз кезегінде мынадай қайықтар, рафттар, катамарандар, плоттар немесе бубельдер қоғамдық жабдықтарға жатады.
Егер осы қайықтарды "қауіп" топтамасы бойынша бөлетін болса, онда каяк бірінші класты алады. Бұл Солтүстік халықтарынң алғаш қолданған бір орынды қайығы. Ол 360 градусқа айналым жасауға ("эскимостық айналым" деп аталады) мүмкіндік береді. Каяктардың әр түрлері болады: сорттық, ағытпалы, родейлі. Су туризмінде қайықтың бұндай түрі үлкен орын алады. Каяктар тау өзендерін өту, экстрим-ағыстар үшін және кедергілерді өту үшін қызмет етеді.
2-ші класқа катамаранды (тамильдіктерден каттумаран сөзі - біріккен бөрене) жатқызуға болады. Су туризмінде ол екі үрленген "банан - гондол" түрінде болады. Бұндай қайықтар VI дәрежелі күрделіліктегі құйынды ағысты өзендердегі жорықтарға арналған ағытпалы катамарандар болып бөлінеді. Спорттық ағытпалы катамарандардан көлемі (ағытпалыдан қарағанда кіші) және ұзындығы (спорттық ұзын) бойынша айрықшаланады. Ккатамарандар екіорынды және төрторынды болады. Бірақ осы туризм түрінде төрторынды катамарандар бұрынғы кезде қалды. Себебі, су туризмі өзіне экстримді енгізген, туристер асау өзен ағысынан қорқынышты жеңуге тырысады.
Үшінші класқа рафттар жатады. Бұл қайық үлкен үрделген қайық түрінде келеді. Ол төрторынды, алты және сегіз орынды болады. Су туризмінде рафттар айтарлықтай орын алады.
Келесі қайықтың түрі - бубель, 4-ші класқа жатады.
Бұл қайық - әрбір дөңгелегінің ішкі диаметрі шамамен үш метр болатын екі үлкен үрленген дөңгелек. Екі дөңгелек өзара бір-бірімен титан ставымен біріккен. Бұл қайықта есуші дөңгелектің ішінде, яғни гондол қарама-қарсы жағында болады. Бубель жағалаудан бастап жүреді. Жағалауда тұрған команда экипажға арқанды лақтырады. Қайық экипажы арқанды қағып алады, оны байлайды, содан соң қайықты жағаға қарай тартады.
Бубель де рафт сияқты команданы жақындастырады, оны бірлескен етеді.
Су туризмімен және басқа да туризмнің түрімен айналысатын кез келген адам әрқашан жанындағы адамға көмек көрсетуге қолын созады, сәтсіздіктерді жоюға көмектеседі және бәрімен бірге жалпы жеңіске қуанады. [10, 144-148бб].
Велосипед туризмін ұйымдастыру мен өткізудің ерекшеліктері
Велосипед туризмі, өзіндік туризмнің түрі - велосипедпен болатын саяхаттар және спорттық жорықтар. Велосипедпен кез келген жолды өтуге болады, соқпақ жолдарды және қарапайым тегіс жерлерді өтеді, онымен терең орлар арқылы да, құмды жерлерді де, тасты тау жолдарын да, өзенді де кесіп өтуге болады. Күніне қозғалыс қарқынына, ауа райына, жол жағдайы мен оны жеңіп өтуіне байланысты велотуристер 40-тан 120 км дейін (арттан соққан жел кезінде 45-тен 140 км дейін) жолды жүріп өтеді. Саяхатта велотурист жүкті өзі алып жүрмейді, ол барлық жүкті веломипедке тиейді. Экологиялық жағынан велосипед ең таза көлік түрі.
Велосипед туризмінің өзінің артықшылықтары болады. Жаяу адам жүре алатын жерлерден велосипедші өте алады. Велосипедші айтарлықтай аз шаршайды, ал қозғалыс жылдамдығы бірнеше рет артық болады.Сондықтан да велотуристердің маршрут таңдауда кең мүмкіндіктері бар. Туристің жасы мен физикалық жағдайын есепке алып отырса, велосипед жорықтары әртүрлі жастағы және мамандықтағы адамдарға қол жетерлік және пайдалы.
Велотуристер тобындағы адамдардың ең қолайлы саны 4-8 адам. Велосаяхатқа қатысушылардың барлығы велосипедті қарапайым жөндеу, реттеу жәнежинау бойынша білімдері болуы тиіс және өздері велосипедте жүру техникасын жақсы игеруі тиіс.
Жаңадан бастаған туристер қоныстанған және жол желістері дамыған маршруттарды таңдағандары дұрыс; ал жеткілікті тәжірибелері бар топ күрделі маршруттарға да шыға алады.
Брақ маршрутты таңдау кезінде жер-топырақ қабаты артық қиындықтар тудырмайтын, саяхат үшін климаты мен жолдары қолайлы жерлерді таңдаған жөн, ал жолсыз, күрделі қиылысқан рельефті жерлер маршруттың жалпы ұзындығының 10-15%-нен аспауы керек.
Велосипед қозғалыс құралы ретінде кез келген рельефті және кез келген жолды маршрутты таңдауға мүмкіндік береді. Жергілікті жердің рельефі, ауа райы және жолдарының сапасына байланысты орта күштегі топ демалыс кезінде 400-ден 1000 км дейін жол жүре алады.
Велосипедті көліктің барлық түрінде алып жүруге жеңіл. Бұл туристердің тұратын жерлерінен алыс жерлерге саяхаттауына және маршруттың кейбір бөліктерінде теміржол, автомобиль, өзен немесе теңіз көлігін қолдануға мүмкіндік береді. Жақсы жетілдірілген жолдар бойынша өтетін маршруттарда 1,25 л күштіліктегі Д-5 типті велосипед двигателін қолдануға болады. Ол жинақы, қарапайым, 35-45 км/сағ жылдамдықта жүре алады; оның жол жылдамдығы 15-25 км. Жанармайға арналған багы 2, 3 л, бір толтырғанда 150-160 км жолға жетеді (20 км/сағ жылдамдықтағы әрі жол сапасына байланысты).
Двигательсіз велосипедпен жүргенге қарағанда, двигателі істемейтін велосипедте жүру қиынырақ. Сондықтан двигательсіз велосипедтер тобына двигательді велосипедті қосу тиімсіз. Арнайы веломоторлы топты жинақтаған жақсы болады. Сондай климат және жолбжағдайында бұндай топ демалыс кезінде 1500-2000 км жеңіл өте алады.
Велосипед туризмі, өзіндік туризмнің түрі - велосипедпен болатын саяхаттар және спорттық жорықтар. Велосипедпен кез келген жолды өтуге болады, соқпақ жолдарды және қарапайым тегіс жерлерді өтеді, онымен терең орлар арқылы да, құмды жерлерді де, тасты тау жолдарын да, өзенді де кесіп өтуге болады. Күніне қозғалыс қарқынына, ауа райына, жол жағдайы мен оны жеңіп өтуіне байланысты велотуристер 40-тан 120 км дейін (арттан соққан жел кезінде 45-тен 140 км дейін) жолды жүріп өтеді. Саяхатта велотурист жүкті өзі алып жүрмейді, ол барлық жүкті веломипедке тиейді. Экологиялық жағынан велосипед ең таза көлік түрі.
Велосаяхатқа қажетті құрал-жабдықтар.
Велотурлардың жабдықтарына кез келген жорықта қажетті қарапайым заттардан (палатка, ыдыс-аяқ) басқа міндетті түрде жөндеу үшін кілттер комплектісі, велоаптечка және запас детальдер (спицалар, тормозные колодки, чайки, шайбы, шарикоподшипники), запас дөңгелек немесе камера, иілгіш болат трос және велосипедте жүру үшін ыңғайлы киімдер, қатты табанды кроссовки кіреді.
Велотурист өзіне киген киімінен басқа 2 пар іш киім, майка, 3-4 пар носки, жеңіл сыртқа киетін костюм және жеңіл аяқ-киім (тапочка, кеды) алып шығуы қажет.
Бас киім - мақта материалынан жасалған берет немесе панама, пластикалы козырегы бар "курорттық" ақ немесе түсті шапка.
Жейде - жабылатын екі кеуде қалталы жеңіл материалдан жасалған (ковбойка), тығыз тегіс мақта материалдан қысқа шорты, маса-шіркейлері көп аудандар үшін - аяқ жағы резинамен жиналған, ұзын сатин немесе трикотаж шалбар.Саяхат ауданына байланысты таңғы және кешкі суықтан қорғану үшін жүн свитер және жүн носки қажет.
Түкті материалдан жасалған киім алмаған дұрыс, себебі түкті матаға жолдағы шаң-тозаң жеңіл тұрып қалады, егер бұндай киім су болып қалса, оны кептіру үшін айтарлықтай уақыт қажет етіледі.
Аяқ-киім жеңіл, мықты, жаяу қозғалыс үшін ыңғайлы, аласа өкшелі және велосипед педаліне турист табанын майыстырып алмас үшін жетерліктей қатты табанды аяқ-киім болуы тиіс.
Бұлтты ауа райы үшін су өткізбейтін куртка, плащ немесе плащ-жамылғы (тіпті болмаған жағдайда, тоқтаған кезде қолданатын скатерть ретінде пластикалық пленка) болуы керек.
Басқа жабдықтар
Велосипедпен саяхатқа шығатын әйел адамға арналған костюм, ер адамға арналған киімнен айрықшаланбайды.
Жарық күн сәулесінен күнді қорғау үшін жасыл немесе мұнарлы түсті мөлдір пластикалық козырек немесе күннен қорғайтын көзілдірік болғаны жөн.
Мотовелотуристің киімі жылы болуы тиіс. Оған мақта-матадан жасалған шаңғы костюмі, қара тығыз материалдан жасалған жартылай комбинезон, жел өткізбейтін куртка, боранға қарсы костюм келеді.
Велосипедтер біртипті болған кезде топтың запас бөліктерінің жиынын келесі заттармен шектеуге болады: цепь, алдыңғы және артқы дөңгелек үшін 3 ось бойынша, 4 педаль осі, алдыңғы вилкалар үшін чашкалар жиыны, 50 спица, цепь үшін 3-4 замочка, 2-3 камера және покрышка.
Жалпы инструменттер сөмкесінде мыналар болуы керек: кіші балға, тесетін зат, үлкен бұрағыш, гайка кілттерінің жиыны, екі майлағыш, мотоцикл насосы, 3, 4, 5 және 6 мм подшипник үшін шариктер.
Камера мен покрышкаларды жөндеу үшін резина клейін, жамау үшін резина, вентильді резина, прорезиненный холст, нитки, 2-3 штопальді ине, біз, жіңішке және мықты шпагат, рамалар мен вилкалардың сынған кезінде - жұмсақ сым, сыромятные ремни, жіңішке, мықты арқан.
Шариктерді майлау үшін қою (тавот, техникалық вазелин) және сұйық (машина майы) майлар, ал қол тежегіші үшін - запасные фибровые или резиновые колодочки. Топқа камераның тесілгенін тексеру үшін қажетті брезент немесе резина тазик алғаны дұрыс.
Егер дала жағдайында түнеу болатын болса, "памирка" типті палатка алып алу керек, жиналатын плащ-палатка алса одан жақсы болғаны. Бұндай плащ-палаткалар барлық қатысушылар тасымалдау үшін бөлінеді, ол бұлтты күні әрбір турист үшін плащ болса, ал тұрақтаған кезде түнеу үшін 4 немесе 6 плащтан палатка тұрғызылады.
Топтың 2-3 кино- немесе фотоаппараты, кассеталарды зарядтау үшін мешок, балта, брезент жиналатын шелек, ысқырыуық, компас, сағат, мықты түптелген 2 дәптер (топтың күнделік және жол журналын жазу үшін), қарандаштары болуы керек.
Төгілетін азық-түліктерді тасу үшін байлайтын баулары бар тығыз, мықты мешоктар, ал майлар үшін - сынбайтын ыдыс болуы керек.
Әрбір қатысушының багажында жеңіл одеяло, 2 орамал, туалет жабдықтары, бинт, мақта, жеке пакет, бәкі, 2-3 ине, кішірек қайшы, түйреуіш, эмалдандырылған кружка,жеңіл алюминий меске және қасық, ал инструменттер сөмкесінде - гайка және конус кілттер жиыны, майлағыштар, шариктары бар қорап, болттар, гайкалар, велосипедті сүртетін шүберек болуы керек.
Велотурист үшін 19 см диаметрлі котелокқа жиналатын 7 заттан тұратын жорық ыдыс-аяқтар наборы ыңғайлы. 2 котелок қақпақтарымен: біреуі - 4 л көлемді және басқасы - 2,5 л, бұлар көлемі жағынан 6 адамға ас дайындауға жетерлік. Оны тасу үшін тығыз матадан сырты чехол тігіп алу керек. [11,14б].
Ат туризмі. Ат туризмі – атқа мініп, немесе ат туризмі экипажында (әсіресе атқа міну) саяхаттау атқа мінушінің барлық бұлшықетін қозғалысқа түсіріп денсаулыққа жақсы әсер береді.
Атпен саяхаттау тек қана атқа мініп қана қоймай, жайау(пешком) жүруге де мүмкіндік береді, ал ол нагрузканы кең көлемде ұлғайтуға жағдай жасайды. Ат туризмінің ерекшелігі сол, серуендеу кезінде барлық құралдар (жеке және топтық) және жүктер аттың ер-тоқымына бекітілген аспалы дорбаларда, немесе арбаларда, шаналарда, иә болмаса шегілген аттармен тасылады.
Ат туризмінің тарихы. КСРО-дағы ең бірінші атпен жүру маршрутын [«Катунь» туристік базасы – Қаракөл көлі(Алтай)] 1971 жылы Алтай өлкелік СТЭ-сі ұйымдастырды. 1975 жылдан бастап ат маршруттары Башкирияда («Арский Камень» туристік базасы), Качерово-Черкеште («Теберда» туристік комплексі), Оңтүстік Оралда («Курган» туристік қонақ үйі), Чувашияда («Сурские зари» туристік базасы), Шығыс Қазақстанда (Өскемендегі «Турист» қонақ үйі, Кемеров облысында «Юность» туристік базасы ), Грузияда («Ваке» туристік қонақ үйі және «Кутанский» кемпингі), Краснодар өлкесінде (Шуменскідігі «Турист» туристік қонақ үйі) және т.б. ұйымдастырылды.
Ат маршруттары мен жорықтары
Жыл сайын атпен туристік саяхаттауға 40 мыңнан астам адам қатысады. Ат маршруттары бар туристік базаларда туристтерді атты ұстауды жіне атқа мінуді немесе ашық манежде ( ауданы 40х60 метр жұмсақ жерді қоршалған алаң), немесе ашық алаңда (қоршалмаған алаң). Көп күндік саяхаттарға дайындық дала жағдайында өткізіледі; дайындық бағдарламасына жаттығу серуендері міндетті түрде кіреді. Маршруттың негізгі бөліміне туристер сынақты сәтті тапсырған соң ғана қатысады. Атқа мініп серуендеу маршруттары кез келген жолдарда жүргізіледі, орман іші жолдары, тау жолдары, сонымен бірге жолсыз аумақтарда да жүргізіледі, жазық далада, көкшалғында, ор-жыралар аумақтарда , өзен, көл жағалауларында.
Дөңгелекті экипажбен шанамен саяхаттау арнайы дайындықты қажает етпейді десе де болады, туристік базаларда туристерді атты шегуді, оларды басқаруды, және аттардың күтімін үйретеді. Ұзақ мерзімді саяхат үшін жалғыз атты рессорлы арбалар, жартылай рессорлы казактік тарантас және тоқылған кузовты жеңіл жолдар болып табылады. Бұл сияқты экипаждарға 2-3 турист және олардың барлық жүктері, саяхат барысында аттарға қажет ат заықтары емін-еркін сияды.
Жалғыз атты шаналар пайдаланылады. Олар жүрісте арбалармен салыстырғанда 1,5-2 есеге жеңіл. Көп күндік серуендерге ең ыңғайлысы 2 орынды тоқылған кузовты шаналар. Экипаждың саяхат маршруты негізінен елді мекендер арқылы өтеді, қысқы маршрут жолдары міндетті түрде қабылдаушы бөлімнен келесі қабылдау бөліміне дейін жалғасады.
Информация о работе Спорттық-сауықтыру туризмі ұғымы және оның мәні